Сөнбеген жанартаулар



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:


2.1. Жанартаудың пайда болуы мен құрылысы

2.2. Магманың қозғалысы

2.3. Жанартаудың жер бетінде таралуы

2.4. Сөнбеген жанартаулар

a)Везувий

ә)Ключевск шоқысы

б)Стромболи

2.5. Жанартауларды бақылау

2.6. Жанартаудың қаупі мен географиялық маңызы


III.Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жалпы түсінік бойынша, жанартау деп атқылайтын (туфтар) және лақылдап төгілетін (лавалар) өнімдерден тұратын, төбесінде көзелігі бар конус формалы тау төбелерді айтамыз. Жанартау деген сөздің өзі Италияға жақын жердегі Тиррен теңізінің Вулкано деген аралының атынан шыққан сөз, гректер мен римдіктер оны «тозаққа кіретін жер» және «от демді тау» деп түсінген. Бертін келе жұрттың бұл аңқау түсініктерінің орнына нағыз білім пайда болды. Ғалымдар жанартауды зерттеп сипаттама бере бастады. Жанартаулы жерлерді зерттеу, жанартаудың өзін зерттеу және оның әрекеттерін үнемі бақылау ісі өз алдына дербес ғылым вулканология ғылымы болып бөлініп шықты. Қазіргі уақытта сөнбеген жанартаулардың маңынан дербес жанартау станциялары (обсерватория) салынды, ғалымдар ол жерлерде жанартаудың әрекетіне үнемі бақылау жүргізіп отырады. Халықтың ұғымы бойынша жанартау дегенде мезгіл – мезгіл сұйық немесе мейлінше тұтқыр лава ағатын, қопарылыс кезінде қатқан лавалардың ұсақ және ірі –ірі кесектерін атқылап отыратын әртүрлі булар мен газдарды бөліп шығаруға бейім тұратын конус формалы биік таулар көз алдына елестейді.
Жанартаулар атқылауы табиғаттың ең қауіп – қатерлі құбылыстарының бірі. Жанартаулар жиі атқылап тұратын жерлердегі халықтың ертеде оған сыйынып, табынуға дейін баруыда сондықтан. Мысалы, Фудзияма (ешқашан өшпейтін тау деген мағынаны білдіреді) жанартауы жапон халқы үшін бағзы заманнан бері әдемілікпен ғаламат күштің символы болып келеді. Ал жанартаулар елі саналатын Индонезия архипелагының тұрғындары жанартауларға күні бүгінге дейін табынады, сондықтан олар ұдайы құрбандық шалып, тасаттық береді.
1.″Вулканы″ Дэвид Ротери
Москва 2004

2.″Жанартаулар″ Е.П.Заварицкая
Алматы 1950 ж.

3.″Жалпы жертану негіздері″ С.В.Колесник
Алматы 1950 ж.

4.″Вулканы ″ Набоко,София Ивановна
Москва 1985 г.

5.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы 4 том
Алматы 2004

6."Жанартаулар жаңғырығы" Ә.Қайыпов,Н.Сейітов
Алматы 1985




7.″Жалпы геоморфология ″ С.А.Құсайынов
Алматы 2006.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

2.1. Жанартаудың пайда болуы мен құрылысы

2.2. Магманың қозғалысы

2.3. Жанартаудың жер бетінде таралуы

2.4. Сөнбеген жанартаулар

a)Везувий

ә)Ключевск шоқысы

б)Стромболи

2.5. Жанартауларды бақылау

2.6. Жанартаудың қаупі мен географиялық маңызы

III.Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қолданылған әдебиеттер:

1.″Вулканы″
Дэвид Ротери

Москва 2004

2.″Жанартаулар″
Е.П.Заварицкая

Алматы 1950 ж.

3.″Жалпы жертану негіздері″
С.В.Колесник

Алматы 1950 ж.

4.″Вулканы ″
Набоко,София Ивановна

Москва 1985 г.

5.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы 4 том

Алматы 2004

6."Жанартаулар жаңғырығы"
Ә.Қайыпов,Н.Сейітов

Алматы 1985

7.Интернет сайт
www.google.ru

8.″Жалпы геоморфология ″
С.А.Құсайынов

Алматы 2006.

Кіріспе

Жалпы түсінік бойынша, жанартау деп атқылайтын (туфтар) және лақылдап
төгілетін (лавалар) өнімдерден тұратын, төбесінде көзелігі бар конус
формалы тау төбелерді айтамыз. Жанартау деген сөздің өзі Италияға жақын
жердегі Тиррен теңізінің Вулкано деген аралының атынан шыққан сөз, гректер
мен римдіктер оны тозаққа кіретін жер және от демді тау деп түсінген.
Бертін келе жұрттың бұл аңқау түсініктерінің орнына нағыз білім пайда
болды. Ғалымдар жанартауды зерттеп сипаттама бере бастады. Жанартаулы
жерлерді зерттеу, жанартаудың өзін зерттеу және оның әрекеттерін үнемі
бақылау ісі өз алдына дербес ғылым вулканология ғылымы болып бөлініп шықты.
Қазіргі уақытта сөнбеген жанартаулардың маңынан дербес жанартау станциялары
(обсерватория) салынды, ғалымдар ол жерлерде жанартаудың әрекетіне үнемі
бақылау жүргізіп отырады. Халықтың ұғымы бойынша жанартау дегенде мезгіл –
мезгіл сұйық немесе мейлінше тұтқыр лава ағатын, қопарылыс кезінде қатқан
лавалардың ұсақ және ірі –ірі кесектерін атқылап отыратын әртүрлі булар мен
газдарды бөліп шығаруға бейім тұратын конус формалы биік таулар көз алдына
елестейді.
Жанартаулар атқылауы табиғаттың ең қауіп – қатерлі құбылыстарының бірі.
Жанартаулар жиі атқылап тұратын жерлердегі халықтың ертеде оған сыйынып,
табынуға дейін баруыда сондықтан. Мысалы, Фудзияма (ешқашан өшпейтін тау
деген мағынаны білдіреді) жанартауы жапон халқы үшін бағзы заманнан бері
әдемілікпен ғаламат күштің символы болып келеді. Ал жанартаулар елі
саналатын Индонезия архипелагының тұрғындары жанартауларға күні бүгінге
дейін табынады, сондықтан олар ұдайы құрбандық шалып, тасаттық береді.

2.1. Жанартаудың пайда болуы мен құрылысы

Көптеген жанартаулар плиталардлың қиылысқан шекараларында сызықтық
немесе доғалық белдеу құрайды.Тектоникалық плиталардың шекараларында
мынадай құбылыстар байқалады.1-шіден, мұхит литосфералық плитасының майысып
келесі бір мұхит плитасының астына енуі.Бұл кезде жоғары қалың плита арқылы
көтерілген магма жанартаудың пайда болуына әкеледі.Осындай әрекеттер Тынық
мұхит солтүстігі мен батысында,Үнді мұхитының шығысында, Кіші Антиль
аралында (Атлант мұхитының Кариб плитасына енуі) және Атлантиканың оңтүстік
батысындағы аралдарда жанартаулық доғаларды түзеді.Екіншіден,материктегі
субдикацияның туындауы ,мысалы,Наска плитасының (Тынық мұхиттың оңтүстік-
шығыс бөлігі) оңтүстік Америкаға енуінде континентте жанартау тау
жоталарының түзілуіне әкеледі.Осындай ұқсастықтар Орталық Америкада және
Каскад тауларында (Солтүстік Калифорния,Орегон,Вашингтон,АҚШ-тың солтүстік
батысы) кездеседі.
Тектоникалық плиталардың шекараларында сөнбеген жанартаулар байқалады,бірақ
олардың түгелдей дерлігі теңіз деңгейінен төмен жатыр.Бұл топтағы
жанартаулар орта Атлант жоталары өтетін Исландия мен Солтүстік Атлантикада
құралған.Исландия теңіз деңгейінен биік жатыр,себебі ол мантия плюмы деп
аталатын мантия тереңдігінен тасқын шығатын цилиндрлік зонада
орналасқан.Қабатталған плюмнің беткі бөлігінің балқуы базальт құрамды
магманың туындауына әкеледі де ол Исландияда кәдімгі магмаға
қосылады.Мұндай құбылыстан кейін мұхит қыртысында екі есе үлкен базальтты
қыртыс түзіледі.
Жанартау (лат. Vulkanus-от,жалын,ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от
құдайы)-жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан жер бетіне
шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық
құрамалары.Жанартау жылына жер бетіне 5-6 км³ жанартаулық материалдар
шығарады,оның 80%-і су асты жанартауларына,20%-і құрлықтағы жанартауларға
келеді.Су асты жанартаулары 3-4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш
күйде шығып жатады.Оларды тікелей бақылау мүмкін емес.Жер үстіндегі
жанартаулар өздерінің формаларына әрекет ету сипаттарына және атып шығарып
жататын материалдардың құрамына қарағанда едәуір әртүрлі болып
келеді.Алайда,жанартауды зерттеу және оларды салыстыру,олардың дамуында
белгілі заңдылық барын анықтады,жанартаулық құбылыстар уақыт жөнінен
белгілі бір ізділікпен ауысып келіп отырады және бұл бір ізгілікте белгілі
аяқталған циклдық сипат болады.Жанартауларды,олардағы процестер мен
әрекеттерді,олардың пайда болу себептерін, дамуын, құрылысын,атқылайтын
жыныстарын (лавалар,
газдар, т.б.), олардың орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым-вулканология
деп аталады.
Құрылысы.Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған жарықша
сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап,жер бетіне төгілуі
мүмкін.Магманың жоғары көтерілетін өзегі жанартаудың көмейі деп
аталады.Көмей жанартау көзелігімен аяқталады.Көзелік-жанартау әрекетінің
нәтижесінде оның төбесінде пайда болатын шұңқыр.Газдар мен су буы,жанартау
тозаңдары,орасан зор күл және тас бұлттары,магма сол көзелік арқылы жер
бетіне шығады.Ірі жанартауларда бірнеше көзеліктер пайда болуы мүмкін,олар
көбінесе жанартау беткейлерінде дамыған.Бұларды қосарлас (паразитті)
жанартаулар деп атайды.Көзеліктердің түбі лава және көзелік қабырғаларынан
құлаған тау жыныстарымен толады.Өте ауқымды көзеліктер гаваитекті
жанартауларда кездеседі.Мысалы,Мауна-Лоа көзелігінің диаметрі 2400
метр.Сөнген немесе уақытша сөнген жанартаудың көзеліктері суға толып көлге
айналады.Жанартау көзелігінің атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы
опырылып кетіп,кеңейіп үлкен қазаншұңқырлар пайда болады да,оны кальдера
деп атайды.Кальдера диаметрі 30 километрге жетеді
Жанартау әрекеті кезінде оның көмейінен лақылдап ағатын сұйық немесе тұтқыр
балқымалы магма лава деп аталады.Жанартаудың сұйық заттары кремнезем
мөлшеріне қарай қышқыл,орта және негізгі құрамды лавалардан
тұрады.Жанартаудың кесек жыныстары мен сұйық лавадан конус құралады.Баяу
ағатын тұтқыр лава күмбез пішінді жанартау,тез ағатын сұйық,базальттық лава
қалқан пішіндес жанартаулар,осы екі түрлі лава бір-бірімен кезектескенде
жанартаулық массивтер құрылады.Өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан
маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс пайда болады.

2.2. Магмалардың қозғалысы

Магма дегеніміз ерітінді және газ тектес заттармен байыған,толық немесе
жартылай балқыған,көбінесе силикатты заттардан тұратын масса.
Динамикалық тұрғыдан алып қарағанда магмалар мейлінше тұрақсыз,олар ұдайы
қысымның аз жағына қарай,яғни жер қыртысының жоғары қабаттарына қарай
жылжуға әзір тұрады.Магмалардың бірден-бір жылжитын жолы жер қыртысында көп
кездесетін аймақтық жарықтар.Сондықтан мұндай жарықтарды кейде магма
каналдары деп те атайды.Магмалар осындай каналдардың белгілі бір деңгейіне
шоғырлана отырып,бірте-бірте магма ошақтарын түзеді.Магма ошақтары өзінің
көлемі мен формасы жағынан әр түрлі болуы мүмкін,олардың аумағы магманың
құрамы мен қасиеттеріне тікелей байланысты.
Магманың әрекеті магма ошағының пайда болуымен шектеліп қана
қоймайды.Ондағы сұйық магма жер қыртысының жоғары қабаттарына қарай
көтеріледі және осы жылжу барысында олардың құрамы мен температурасы
барынша өзгеруі мүмкін.Кей жағдайда магмалар жердің бетіне жетіп үлгермей
жатып-ақ суынады да қайтадан кристалдана бастайды.Жердің терең қабаттарында
қалыптасқан магма ошақтарын-түпкі,ал жер бетіне жақын қабаттарда пайда
болған ошақтарды-қайта қалыптасқан немесе аралық магма ошақтары деп
атайды.Ғалымдардың топшылауынша,түпкі магмалық ошақтар мантияда және жер
қыртысының өте терең қабаттарында қалыптасатын болса,қайта қалыптасқан
немесе аралық магма ошақтары (саяз ошақтар) тек қана жоғары қабаттарда
пайда болуы мүмкін және олардың қалыптасуы түпкі ошақтардың есебінен
болмақшы.Түпкі магма ошақтары әдетте жарықтар арқылы төгілетін
жанартауларды түзеді.Қайта қалыптасқан магма ошақтары есебінен орталық
жанартаулар пайда болады.Ғалымдар базальт лаваларын (негізді лавалар)
атқылайтын жанартаулардың түп тамыры көбінесе жоғары мантияға дейін жетеді
деп есептейді,яғни бұл жанартаулар түпкі магма ошақтары есебінен пайда
болады.Керісінше,қышқыл (липариттер) және орташа қышқыл (андезиттер)
лавалардың магма ошақтары жер қыртысының біршама жоғары қабаттары
деңгейінде пайда болатын көрінеді.
Магма ошақтарының үстінде магма каналдарының пайда болу себептері біріне-
бірі ұласқан әртүрлі геологиялық процестердің әсерінен болуы мүмкін.Бұл
процестердің ең бастысы –магмадан бөлініп шыққан ыстық газдардың өз жолын
бірте-бірте балқыта отырып,жоғары қарай лықси жылжу мүмкіндігі.Магманың өз
жылуы мен қоса, оның құрамында болып жататын әртүрлі химиялық реакциялар
кезінде бөлініп шығатын жылу ьұл газдардың өз жолындағы тау жыныстарын
балқыту мүмкіндігін барынша жеңілдетеді.Жанартаудың атқылау кезінде магма
үш түрлі күйде –газ,сұйық және қатты зат түрінде (магманың кристалданған
бөлігі) болады.Магманың атқылау күші оның тұтқырлығына,құрамының жіктелу
дәрежесіне,ең бастысы,магмадағы газдардың мөлшері мен қысым күшіне
байланысты келеді.
Магма өзінің жер қойнауынан шығуы ,суып қатаюы жағдайларына қарай
интрузиялық және эффузиялық тау жыныстарына бөлінеді.Интрузиялық тау
жыныстары (лат.intrusio-итеру )-магманың жер бетіне шығып үлгермеген жер
қыртысы қабаттарына еніп, кристалданған магма есебінен қалыптасқан тау
жыныстары.Жердің ішкі қабатында қатқан магма баяу суиды да,оның толық
кристалдануына жағдай туады.Бұған гранит,сиенит,диорит,габбро,дунит т.б.
жатады.Бұлар жер қыртысында түрлі пішінді интрузиялық шоғырларды
(батолиттер,лакколиттер т.б.) құрайды.Батолиттер негізінен гранитоидтерден
тұратын,қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жиі ұшырасатын, ауқымы
жүздеген км ²-ге жететін интрузиялық шоғырлар.Лакколиттер-саңырауқұлақ
пішінді, үсті күмбез тәріздес,асты тегіс магма шоғырлары.
Интрузиялық магматизмнен басқа эффузиялық магматизм немесе вулканизм жер
бетінде жиі кездеседі және ерекше көрініс береді.Эффузиялық тау жыныстары
(лат. Iffusio төгілу,жайылу)-жанартау өңешіне немесе жер қыртысындағы
тектоникалық жарылымдары бойлап жер бетіне шығып төгілген магманың суып
қатаюы есебінен пайда болған тау жыныстары.
Эффузиялық магматизм (вулканизм)-арнайы жанартаутану (вулканология) деген
геология ғылымының зерттеу нысаны.Бірақ бірқатар жанартаулар құбылыстарының
геоморфологияға тікелей қатынасы бар.Жанартау каналдарының жер бетінде шығу
мұржасына орай олар кеңістікті,жарықшақты және орталықты деп үш түрге
бөлінеді.
Жанартау өнімдерінің жер бетінде көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау
төрт морфогенетикалық түрлерге бөлінеді.Олар:экструзиялық,эксплози ялық,
эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық түрлер.
Экструзиялық (латынша extrusion-сығу,итеру) жанартаулар-қышқыл липариттік
лавалардың сығымдала көтерілуі нәтижесінде қалыптасқан күмбезді
пішіндер.Мұндай лавалардың тез сууы салдарынан және өте тұтқыр
болғандықтан,ағуы күрт бәсеңдейді де,жалпы лавалық ағымдары болмайды.Олар
тікелей жанартау көмейінде шоғырланады және сол жанартау ернеулері
өңіріндегі күмбездерді құрайды.Осындай күмбездердің ауқымы көлденеңінен
бірнеше шақырым,биіктігі 500 м-ден аспайды.Мұндай экструзиялық күмбездер
Франциядағы Орталық массивте,Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.
Жанартаудың эксплозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың кеңінен
етек алуымен,сөйтіп ірілі-ұсақты кесектер мен күлдердің және жанартау
газдарының аспанға атқылауымен ерекшеленеді.Бұған мысал-Маар жанартауы.Маар
жанартауы,конус пішіндес құрылымымен айшықталмаған атқымалар есебінен
қалыптасқан онша биік емес белестермен шектелген жайпақ түпті қопарылыс
көзелігі (кратері).
Жанартаудың эффузиялық түрі оның көмейінен көтерілген сұйық лава
тасқындарының лақылдай төгілуімен сипатталады.Бұған қалқанды жанартаулар
жатады.
Эффузиялық-эксплозиялық жанартаулардың қалыптасқан кезінде лавалардың
жайбарақат төгілуі және ірілі-ұсақты материалдарының атқылауы бір-бірімен
алмасып отырған жағдайларда,лава тасқындары мен пирокластикалық
материалдардың бір-бірімен қабаттала жатуы нәтижесінде қабатты жанартаулар
(стратовулкан) пайда болады.Мұнда лава және пирокластикалық материал
(жанартау атпалары,шемек тастар,жанартау күйінділері,құмдар,пемза т.с.с)
есебінен жанартау көмейінің төңірегінде конус пішінді құрылымдар
құрылады.Қабатты жанартаулар жанартау құрылымдарының ішінде ең ірілерінің
бірі болып саналады.Бұлардың ішіндегі биіктігі 3-4 км-ге жеткен тауларда
бар.Кейбіреулері тіпті 6 км-ге дейін жетеді.Оларға Жапониядағы
Фудзияма,Камчаткадағы Ключевск,Корякс,Авача және Козельск,Мексикадағы
Попокатепетль жанартаулары және т.б. жатады.
Эффузиялық жанартау әрекеті дамыған аймақтарда жер бетінде денудациялық
және қашаланған бедер пішіндері жиі тарайды.Мысалы,қалың базальтты
тасқындар мен жамылғылар салқындағаннан кейін атмосфералық агенттер
әсерінен үгіліп,жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады.Осындай тік
бағыттағы,кейде көп қырлы бағаналар өзен немесе теңіз жағаларында толқын су
әрекетінен тілімденіп керемет көріністерді елестетеді.Кейбір лавалық
жамылғылардың үсті көпбұрышты бөлшектерге жарылып,көптеген полигоналды
микропішіндер құрайды.

2.3. Жанартаудың жер бетінде таралуы

Жанартаулар жер бетінде кең таралған.Оның пішіндері құрлық пен мұхит
түбінде кездеседі.Жер үстінде жанартау біркелкі тарамай,белгілі бір
зоналарға жинақталған.Осы белдеудің біреуі негізінен бойлық,меридиандық
бағытта Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларында орын
алған.Тынық мұхиттағы жанартаулар тізбегі Американың ьатыс жағалауын бойлай
Солтүстікке Аляска арқылы батысымен жалғасып Жапония арқылы Жаңа Зеландияға
дейін созылған.Бұл жанартау тізбегі Тынық мұхиттың отты сақинасы деп
аталады.Жерорта теңіз бассейніндегі жанартаулар күрделі тектоникалық
әрекеттер нәтижесінде туындаған.мұхит түбінде морфологиялық жағынан құрлық
бетіндегі жанартаулық жарылымдарға ұқсаған суасты жанартаулары, жанартау
қыраттары және басқа да жанартаулы ірі құрылымдар жиі тараған.Тынық мұхит
түбіндегі оңашаланған су асты жанартауларын "гайота" деп атайды.Олар 250-
2500 м тереңдіктегі өңірде байқалады.Кейбір ғалымдар гайоталарды кезінде
су бетіне шығып тұрған жанартаулы аралдар қалдығы деп еептейді.Жерорта
теңізінен Индонезияға дейін созылған ендік бағытта жанартау белдеуі
созылған.Бұл кайнозой эрасының соңында жойқын Альпі қатпарлану әрекетінен
пайда болған.Қазіргі кезде тау қатпарлану процестері бәсеңдеген.Белдеудің
орташа шегіндегі Карпат,Кавказ,Қарақорым тауларында жанартаулар
сөнгенімен,оның батыс (Везувий,Этна) және шығыс жағында (Кракатау,Тамбора
т.б.) жанартаулар қазіргі заманға дейін атқылап тұрады.Шығыс Африка
жанартау белдеуі құрлықтық рифтер жүйесінің терең тектоникалық
жарылымдарымен байланысты.Бұл белдеудің жанартаулары қазіргі заманда
сөнген.Атлантикалық суастылық жотаның үстінде сөнген жанартаулар
жатады.Азор аралдарының тобы,Әулие Павлдың (экваторға
жақын),Вознесения,Әулие Елена аралы,Тритан-Дакун аралдары,Диего-
Альварес,Буве аралы.Атлантика жотасының шығысында да жанартаулар көп.Канар
аралдары Атлас тау жүйесінің сынығы деп есептелінеді,мұнда барлығы 13
жанартаулық аралдар бар.Атлантика мұхитының батыс жағында жанартаулар
Америка Жерорта теңізін қамтып жататын қақ айрылулардың зонасында
кездееді,атап айтқанда –Кіші Антиль аралдарына қарай (Гваделупа аралында
Гран-Суфриер жанартауы,Мартиника аралындағы Мон-Пеле,Сент-Винсент
аралдарында Суфриер жанартауы т.б.).Еуропада әрекет етіп тұратын
жанартаулар тек айырылу белдеуінде ғана (Жерорта теңіз ауданы),негізінен
алғанда Италия мен Грецида таралған. Азия материгінде бірқатар сөнген
жанартаулар Кіші Азияда және Арабия түбегінде кездеседі.Армян тауларында
(Арарат және басқалары) және Кавказдың Бас жотасында да
(Эльбрус,Казбек,Цители,Каварджин,Хо рисар т.б.) жанартаулар көп.Күшті әрекет
етіп тұратын Азидағы жанартаулардың облысы,Автралия –Азия Жерорта теңізін
қамтып жататын айырылудың зонасында және Тынық мұхиттың өте терең
шұңғымаларымен көмкеріліп жататын,Шығыс Азияның аралдар тізбегіне
байланысты болып келеді.мұнда атақты Тынық мұхит от сақинасының батыс
бұтағы жатады.бұл солтүтікте Камчаткадан басталады,мұнда 130-дай жанартау
бар,бұлардың ішінен 19-ы әрекет етіп тұрады.Олардың ішінде ең
тамашасы:Шивелуч (3300),Кличи шоқысы(4860 ),Кроноцкая шоқысы(3730) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанартау атқылауы
Табиғи төтенше жағдайлар
Жер сiлкiнiсiнiң қаупi кезiнде
АНД ТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Жапония елі
Жанартау туралы түсінік
Жер қабығы. Литосфера
Аляска түбегі
Анд тау жүйесі
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
Пәндер