ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ТМД.ның құқықтық мәртебесін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.1 ТМД . халықаралық аймақтық ұйым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 ТМД . конфедерация ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. ТМД . ның қалыптасуы мен даму проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.1 Евразиялық Одақ . ТМД жалғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 ТМД . ғы өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3.ТМД . ның экономикалық интеграция болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... .30

3.1 ТМД . ғы экономикалық интеграцияның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... 30
3.2 ТМД . ғы экономикалық интеграцияның құқықтық негіздері ... ... ... ...40
3.3 ТМД . ғы экономикалық интеграцияның дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Библиография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіздігін алысымен пайда болған негізгі мәселе елді саяси және экономикалық дамытудың анағұрлым тиімді жолдарын таңдау,ТМД-ның халықаралық құқықтағы мәртебесі және оның ролін анықтау мәселесін шешу тұрды.
Бұл жұмыс КСРО-ның таралуы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ролі мен құқықтық мәртебесін және экономикалық интеграциядағы халықаралық құқықтың жүзеге асырылуының кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырады.Әсіресе бұл дамушы зиялы мемлекеттің экономикалық негізін құрушы және қазіргі халықаралық қанынастарға барған сайын қарқынды тартылып отырған Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды.Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы,аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толықхұқықты мүшесі ретінде қатысуының өзінде саяси және экономикалық негізі бар.
Қазақстан Республикасы халықаралық хұқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап бұрынғы одақтық республикалар арасындағы жаңа экономикалық байланыстарды құру мен іздестіруге белсенді түрде араласты.
Қазақстан Республикасы КСРО мұрагер мемлекеті ретінде қарусыздану, қару-жараққа бақылау орнату және басқа да сенімді нығайту шаралары салаларындағы маңызды келісімшарттардың қатысушысы болды.Бұл Қазақстанның халықаралық құқықтық қағидаларын жүзеге асыру міндеттілігінің орындауын көрсетеді.Сонымен қатар,осы халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция,ынтымақтаса отыра әрекет етуі қарастырылады.
Проблеманың зерттелу деңгейі: ТМД елдерінің экономикалық интеграциялық процесі тарих ғылымында әлі толық зерттелмеген мәселелердің бірі.
Халықаралық құқықтық тарихнамада мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөздер мен көпжақты конференцияларды талдау арқылы жүзеге асырылады.
ТМД мемлекеттері де халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция саласындағы өзара ынтымақтасу арқылы нақты осы жүйеде халықаралық құқықтың, жоғарыда аталған құжаттардың тәжірибе мен теорияда қолданылу мәселесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:Жүйелі түрде,посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық құқықтағы проблемаларын жан-жақты ашып,талдау.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіздігін алысымен пайда болған негізгі мәселе елді саяси және экономикалық дамытудың анағұрлым тиімді жолдарын таңдау,ТМД-ның халықаралық құқықтағы мәртебесі және оның ролін анықтау мәселесін шешу тұрды.
Бұл жұмыс КСРО-ның таралуы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ролі мен құқықтық мәртебесін және экономикалық интеграциядағы халықаралық құқықтың жүзеге асырылуының кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырады.Әсіресе бұл дамушы зиялы мемлекеттің экономикалық негізін құрушы және қазіргі халықаралық қанынастарға барған сайын қарқынды тартылып отырған Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды.Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы,аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның ТМД-да ынтымақтастықтың толықхұқықты мүшесі ретінде қатысуының өзінде саяси және экономикалық негізі бар.
Қазақстан Республикасы халықаралық хұқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап бұрынғы одақтық республикалар арасындағы жаңа экономикалық байланыстарды құру мен іздестіруге белсенді түрде араласты.
Қазақстан Республикасы КСРО мұрагер мемлекеті ретінде қарусыздану, қару-жараққа бақылау орнату және басқа да сенімді нығайту шаралары салаларындағы маңызды келісімшарттардың қатысушысы болды.Бұл Қазақстанның халықаралық құқықтық қағидаларын жүзеге асыру міндеттілігінің орындауын көрсетеді.Сонымен қатар,осы халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция,ынтымақтаса отыра әрекет етуі қарастырылады.
Проблеманың зерттелу деңгейі: ТМД елдерінің экономикалық интеграциялық процесі тарих ғылымында әлі толық зерттелмеген мәселелердің бірі.
Халықаралық құқықтық тарихнамада мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөздер мен көпжақты конференцияларды талдау арқылы жүзеге асырылады.
ТМД мемлекеттері де халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция саласындағы өзара ынтымақтасу арқылы нақты осы жүйеде халықаралық құқықтың, жоғарыда аталған құжаттардың тәжірибе мен теорияда қолданылу мәселесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:Жүйелі түрде,посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграциялық процестерді зерттеу және олардың халықаралық құқықтағы проблемаларын жан-жақты ашып,талдау.
Диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын бірқатар міндеттер:
- ТМД экономикалық интеграциясының идеялық негізін зерттеу;
-Экономикалық интеграция процестерін зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру;
-Экономикалық интеграция дамуының Еуропалық Одақтағы тәжірибесініңмаңызын зерттеу;
-ТМД-ның қалыптасуын қарастыру;
-ТМД экономика интеграциясының құқықтық негізінің жасалу процесін саралау;
-ТМД-ғы интеграцияның факторлары,өзекті проблемалары;
-ТМД экономикалық интеграция болашағының дамуын қарастыру.
Зерттеудің объектісі мен пәні: ТМД-ның құрылу тарихы, оның идеялық негізі, құқықтық жағдайы, саяси-құқықтық базасы. Жұмыста, ТМД-ғы экономикалық интеграциялық даму процестерінің тәжірибесін зерттеуге де көңіл бөлінді. Демек, ТМД-ның экономикалық интеграциялық процесті ғылыми және объективті негізде қарастыру зерттеудің объектісі болып келеді.
Зерттеудің әдістері : ТМД-ның қалыптасуы мен дамуын, құқықтық мәртебесін анықтап, экономика интеграциялық процесті ғылыми және объективті түрде қарастыру мақсатында жүйелілік, талдаудың тарихи-анықтамалық әдісі, функционалдық-құрылымдық талдау, құқықтық реттеу, оған байланысты заңдар кешенін зерттеу, талдау.
Сонымен қатар, салыстырмалы құқықтық, жүйелі, тарихи және ғылыми әдістерді қолдану болып табылады.
Қорғауға шығарылған ережелер: 1. ТМД экономикалық интеграция ынтымақтастығының мәселелері экономикалық дамуының аспектілері қарастыра келе қайта реформалауға әкелген көкейкесті жағдайлардың макро және микро экономикадан туындайтын, еркін сауда аймағындағы саудадағы тариф пен шектеулерді алып тастау, Кеден Одағының халықаралық – құқықтық субъектілігі туралы және Ортақ Кеден территориясын құруын ұсынуға болады.
2. Өркениетті стандарттарға сай келтіру мақсатында бюджет пен банк жүйелерінде реформалар жүргізу. Бұл валюта мен несиелік капитал нарықтарында тез құрылу, еңбек және басқа нарықтарында өз көлеміндерін ұлғайтуда.
3. ТМД елдер арасындағы экономикалық бағыттағы сұрақтардың шешімін табу тиісті деңгейдегі өкілеттікке ие саяси институттарды құру қажеттелігі мәселесін қарастыру.
4. ТМД кеңістігіндегі экономикалық интеграциялық процесстерінің халықаралық-құқықтық мәселелердің ықтимал жолдарын табу. Жетілген, мықты экономикалық интеграция механизмін өндеу.

Демек, аймақтағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті проблемаларын, келтірілген фактілердің экономикалық дамытудың аспектілерін қайта реформалауға итермелейді.
Елдің әл-ауқатының жақсаруы - экономиканың өркендеуімен тығыз байланысты. ЕО -тың нақты осы экономикалық бірлесуінен келе, интеграциялық дамуы өрбіді.
ТМД аймағында да, экономикалық кеңістікке, лайықты құқықтарының жүзеге асуы, бұлжытпай орындалуы мен тиісті түрде тәжірибеде қолданылуын қадағалау.
Теориялық және тәжірибелік маңызы: ТМД жүйесіндегі ынтымақтастығының даму болашағы мен экономикалық қиыншылықтарын зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор екендігі анық. Ең алдымен, экономикалық жақындасу аспектілері көзделген болатын, одан әрі осының негізінде экономикалық интеграцияның мәні мен мақсаттарын жете дайындау болды.
ТМД мемлекеттері халықаралық құқыққа сай экономикалық интеграция саласындағы өзара ынтымақтасу арқылы нақты осы жүйеде халықаралық құқықтың, құқықтық құжаттардың тәжірибе мен теорияда қолданылу маңыздылығы.
ТМД негізіндегі интеграция бұрынғы Одақты қайта құру дегенді білдірмеуге тиісті. Экономикалық дағдарыстардан бәріміз " бірге және тең дәрежеде ", болашақты ойлай отырып, өзара тиімді интеграцияны тереңдету жолын ұстана отырып, соның ішінде ең әуелі экономикалық интеграцияны бірінші орынға қойып, Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру және әлемдік аренаға шығу керектігі барлығымызға белгілі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Осы жұмыс кіріспеден, үш тараудан, жеті бөлімнен, қорытындыдан, библиография тізімінен тұрады. Көлемі 60 бет.
ЕО-тың тарихи мәліметтері және даму сатылары. Экономикалық дамудың - экономикалық интеграция жолымен келуі.

1. ТМД – ң құқықтық мәртебесін анықтау

1.1 ТМД- халықаралық аймақтық ұйым.

Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі туралы әртүрлі ойлардың айтылатынын білеміз. Халықаралық саясатты ТМД мүшелері бір жинақтағы мемлекеттер ретінде қарастырылады. ТМД - ң құқықтық мәртебесіне байланысты әртүрлі көзқарастар мен ойлар бар. Мысалы, В.А. Ржевский, С. Шахрай ТМД – ны – конфедерация, Л.В. Гречко, Г.Г. Шинкарецкая Достастықты – конфедерация және халықаралық ұйым деп есептейді. Біздің ойымызша, ТМД – аймақтық халықаралық ұйым болып табылады. Бұлай деуімізге бірнеше негіз бар. Біріншіден, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет аралық (яғни, халықаралық) келісімдер негізінде дүниеге келді. 1986 жылы қабылданған Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 3 бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады.
Алма -Атинская Декларация от 21.12.1991г Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ны халықаралық құқық субъектісі деп есептеуге болады. ТМД-ның құрылтай құжаттары да мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде қабылданды. Бұлар: 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы Келісім, 21 желтоқсандағы бұл Келісімге деген Хаттама және осы күні қабылданған Алматы Декларациясы. Бұлардың қатарына ТМД Жарғысын да қосуға болады. Бұл құжаттардың барлығы да халықаралық сипаттағы және мемлекет аралық қатынастарды реттеуге бағытталған актілер. Екіншіден, ТМД құжаттарында көп жағдайда, аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылған. Іс жүзінде де (мысалы, Тәжікстан шекарасындағы жағдайда, Қырғызстандағы халықаралық терроршылдық топқа қарсы) аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ның бейбітшілік мақсаттағы біріккен күштері жұмыс істеуде. ТМД елдерінің бұл ұстанған бағыты БҰҰ Жарғысының 52 бабына да сәйкес келеді. Үшіншіден, 1993 жылғы қаңтар айында жарық көрген Ресей Федерациясының сыртқы саясат концепциясында да ТМД-ның аймақтық халықаралық ұйым болуы үшін, оның шарттық-құқықтық негізін жетілдіруге және кеңейтуге ұмтылу қажет делінгенді. Ресей Федерациясы – ТМД-ға мүше-мемлекеттердің ядросы ретінде қарастырылатыны түсінікті. Төртіншіден, ТМД халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалуда, яғни ТМД аймақтық халықаралық ұйым ретінде БҰҰ бас ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие. Бесіншіден, ТМД аймақтық халықаралық ұйым ретінде достастық шеңберінде де, оның тысында да әртүрлі құрылымдар (Кеден одағы, Орталық Азия мемлекеттерінің бірлестігі, Шанхай бестігі) құруда. Және бұл құрылымдардың мақсаттары мен мүдделері ТМД құрылтай құжаттарының мазмұнына қайшы келмейді, қайта, оны толықтыра түседі. Бұл айтып өткен негіздердің барлығы да ТМД – ның аморфты құрылым (бірлестік) емес, керісінше, эволюциялық жолмен дамып келе жатқан аймақтық халықаралық ұйым екенін көрсетеді. Тіпті, қазіргі Европалық Одақтың өзі ХХ ғасырдың елуінші жылдардың басында құрылып, яғни жарты ғасыр тарихымен қазіргі атау мен мазмұн, сипатқа ие болып отыр.
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының жарғысы және басқа да құрылтай құжаттарымен таныса, зерттей келе ТМД-ның халықаралық аймақтық ұйым екеніне көз жеткізуге болады. Халықаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер негізінде дүниеге келетіні де жасырын емес. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 500-ден асып жығылады. Және 1986 жылы қабылданған Мемлекеттер халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 3 бабында олардың бәрі де халықаралық құқық субъектісі ретінде қарастырылатыны айтылған. Бұл ойды дамыта отырып, ТМД-ның халықаралық аймақтық ұйым екенін көруімізге болады. Себебі, ТМД-ның құрылтай құжаттары да мемлекет аралық келісімдер негізінде қабылданды және халықаралық мәртебеге ие. 1993 жылдың қаңтар айында жарияланған Ресей Федерациясы сыртқы саясатының концепциясында да Достастықтың аймақтық халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы үшін құқықтық негізін қалау және дамыту керек... делінген. 1993 жылдың желтоқсан айында Ашхабатта өткен ТМД кездесуінің шешіміне сай, біріккен ұлттар Ұйымына Достастыққа халықаралық аймақтық ұйым ретінде бақылаушы мәртебесін беру туралы Ресей ұсыныс жасаған болатын. Украина ТМД-ға халықаралық аймақтық ұйым ретінде бақылаушы мәртебесін беруге қарсылығын білдіре отырып, мұнай Достастық бейбітшілік мақсатта операциялар жүргізетініне келіспейтінін анық байқатса да, ТМД Біріккен Ұлттар Ұйымынан бақылаушы мәртебесін алды. Бұл арада айтып өтетін тағы бір нәрсе, мұнай бақылаушы мәртебесіне үш халықаралық аймақтық ұйым ие: Европалық одақ, Араб мемлекеттерінің лигасы және Африкалық бірлесі одағы. Бұдан басқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 52 бабына сай, аймақтық халықаралық ұйымдар, сол кеңістіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылады. ТМД – ның құрылтай құжаттарының қайсысына көз салмасақ та, Достастық кеңістігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері алдыңғы қатарда тұрғанын байқаймыз. Тіпті іс жүзінде ТМД елдерінің бейбітшілік мақсаттағы біріккен күштері Достастық кеңістігін (мысалы, Тәжікстан шекарасын қорғау, Қырғызстандағы халықаралық терроршыл топқа қарсы ұйымдасқан әрекет) бейбіт және қауіпсіздік мақсатында қорғауда. ТМД эволоюциялық жолмен дамып келе жатқан аймақтық халықаралық ұйым ретінде Достастық мақсаты мен мүдделеріне қайшы келмейтін құрылымдар (Кеден одағы, Ортақ экономикалық кеңістік, Орталық Азия мемлекеттерінің одағы т.б.) құруда.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құқықтық негізін қалайтын құрылтай құжаттары құралына: ТМД құру туралы Келісім, осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын Хаттама және Алматы Декларациясы жатады. Сонымен бірге, кез – келген құрылымның (халықаралық ұйымдардың, заңды тұлғалардың) алғашқы және негізгі құрылтай құжаты ретінде оның жарғысы табылатындықтан, ТМД – ның да Жарғысы да, құрылтай құжаттары қатарына кіреді.
Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина басшылары 1991 жылдың 8 желтоқсан жұлдызында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімге қолдарын қойды. ТМД құру туралы Келісімнің кіріспесінде, 1922 жылғы Одақ шартына қол қойған КСРО – ның құрылтайшы – мемлекеттері Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина (ілгеріде – жоғары келісуші тараптар) – КСРО – ның халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық ретінде өз тіршілігін тоқтататынын
Казахстан- международные договоры с государствами – участниками СНГ.(с декабря 1991 года- по декабря 1996) мәлімдеді. Бұл келісім 14 баптан тұратын құжат болып табылады. Келісімнің 1 бабында, жоғарғы келісуші тараптар ТМД – ны құрғандарынан хабардар етсе, келесі бапта, осы мемлекеттер азаматтарына тең құқықтар мен бостандықтарды, басқа тараптар (мемлекеттер) азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ұлттарына немесе басқа да айырмашылықтарына қарамастан, азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтарды адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей танымал халықаралық нормаларға сай кепіл беретінін мәлімдейді. Дегенмен, бұл бапта, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың қандай саяси құқықтары мен бостандықтарына кепіл беретіндері жайында айтылмаған. Бұл құжаттың 3 бабына келетін болсақ, тараптар, өз территоряларында тұрып жатқан ұлттық азшылықтардың этникалық, мәдени, тіл және діни әдет – ғұрыптарының сақталуы мен дамуы үшін өз қорғауына алатындарын білдіреді. Келісімге алғашқы қол қойған мемлекеттер, өз территорияларында орналасқан халықтардың саяси, экономика, мәдениет, білім, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, сауда, гуманитарлық және басқа да салалар бойынша тең құқықтық және өзара пайдалы ынтымақтстықты дамытуға күш салатындарын, сонымен қатар, өз араларында қабылданатын міндеттемедерді адал да мүлтіксіз орындайтындарын, Келісімнің 4-ші бабына бекіткен.
1991 жылдың аяғында Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы туралы Келісімге қол қойған мемлекет 11 болса, кейіннен бұл тізімге Грузия қосылып, барлығы 12 мемлекет болды. Қазіргі кезде ТМД – ға мүше болып табылатын мемлекеттер мыналар: Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина және Грузия.
Назарбаев Н.А. Казахско- русские отношения. Сборник выступлений и речей-Москва; русский Раритет 1998г
1993 жылдың 22 қаңтарында Минск қаласында ТМД жарғысына қол қойылды. Бұл жарғы Достастыққа мүше – мемлекеттер тарапынан бекітіліп, оған заңды күш берілді. Жарғыны Қазақстан Ресупуликасы 1993 жылдың 31 наурызында бекіткенді. Достастық жарғысы 45 бапты қамтитын 9 тауардан тұрады. Алғашқы тарау ТМД мақсаттары мен қағидаларына арналған. Біріншісі, баптың өзінен-ақ байқайтынымыз, Достастық елдерінің дербес, тәуелсіз және тең болып табылатындығы.
ТМД құру туралы Келісім 08.12.1991ж.
Кеңес Одағы ыдыраған соң ұлттық бөліну, территориялық бөліну сұрақтарының шиеленісуі қарастырылды. Мұндай аймақтық қақтығыстар мен дауларды шешуде де ТМД халықаралық аймақтық ұйым ретінде өзінің жағымды лебін қосады деп сенгіміз келеді.
Достастықтың мақсаттарына жету үшін оған мүше – мемлекеттер өз қатынастарын халықаралық құқық нормалары мен Хальсинск қорытынды актісіне сай қағидаларды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Достастықтың құрылтай құжаттарын зерттей келе ТМД – ны конфедерацияға жатқызуға негіз жоқ екені байқалынды. Және ТМД-ға мүше елдердің халықаралық қызметі де соны аңғартады. Тіпті, тарихта белгілі болған конференцияларға (Швецария конференциясы 1929 – 1948 ж.ж.; АҚШ 1781 – 1787 ж.ж.; Германия одағы 1815-1866 ж.ж. т.б.)
Якобайт.К Теория региональной интеграции. – Берлин,1995г ортақ сыртқы саясат тән болғанды. Ал, ТМД-ға мүше -мемлекеттерінің ортақ сыртқы саясаты бар деп ешкім де айта алмас.
Кеңес Одағы ыдырағаннан соң дүниежүзі саяси аренасына шыққан тәуелсіз мемлекеттер саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелермен жалғыздан жалғыз бетпе – бет қалды. Бұл кезеңде бұрынғы Кеңес Одағы Республикасының қайсысы болмасын жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас дегенді сезген дейдің. 1991 жылдың 8 желтоқсанында үш славян республикасы (Беларусь, Ресей, Украина) басшыларының ТМД құру туралы Беловеж келісіміне қолдарын қойғанда, кейіннен он үш күн өткен соң бұл ұйымға мүше мемлекет ретінде кірген басқа да 8 республика қуаныштан, тойғандықтан емес, керісінше, сол кезеңнің өзінде – ақ жинақталып қалған мәселелерді одақтасып шешу жабылып көтерген жүк жеңіл деп қимылдау үшін біріккен еді. Қазіргі ТМД-ға мүше-мемлекеттер сол кезде де Төле би айтқандай бірліксіз бірде-бір істің мәні болмайды немесе бірліксіз тірлік болмайды деген халық мәтелінің маңыздылығын ұққандайды. Егер, қазіргі ТМД мемлекеттері Достастығы сияқты ұйымға мүше болмаған болса не болар еді? Біздің түсінігімізше, республикадаға саяси экономикалық ахуал қуанатын деңгейде көрінбесті. Және бұл кеңістікте орналасқан республикалар ерте ме, кеш пе бір одаққа бірігер еді. Себебі, дүниежүзі көлеміндегі болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар, тіпті олардың экономикалық жағдайының өзі – ақ мұндай бір жақындасудың керектігін алдарына әкелері сөзсізді. ТМД мемлекеттерінің бірігіп қазіргі аймақтық ұйымға мүше болулары объективті де заңды құбылыс. Біріншіден, Достастыққа мүше–мемлекеттердің территориялары шекаралас орналасқан болса, екіншіден, 70 жылдың үстінде жинақталып, қалыптасқан ортақ шаруашылық байланыстар жүйесі бар. Үшіншіден, осы уақыт ішінде республикаларда тұратын халықтардың ортақ дүниетанымы, түсініктері, көзқарастары қалыптасты. Экономикалық және саяси жағдай да барлық республикаларда жобамен алғанда бір деңгейде болатын. Ортақ білім беру, құқық жүйесімен әлеуметтік ортада ұқсас болатын. Басқа тұрғыдан келгенде, КСРО заманында көптеген республикаларда білім, ғылым ордалары ашылып халық білім нәрінен ақысыз сусынданғанды. Яғни, сол заманның өзінде–ақ қол жеткізген баршылық тұрған. Бұл ортақ жайлардың бәрін бір мезетте сызып тастау да мүмкін емес. Және осындай ортақ тарихы бар және бір аймақтық кеңістікте орналасқан республикалар, бірігіп ортақ аймақтық ұйымға мүше болғаны, біздің ойымызша, құба – құп қуаттайтын жағдай.

1.2 ТМД-конфедерация ретінде

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – егемен мемлекеттердің бірлестігі екені айдан анық және құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттарға жету үшін құрылған бірлестік. Бұл бірлестіктің құқықтық табиғаты қандай деген сұраққа зерттеушілер ойлары саналған болып шықты. Мысалға, Ржевский В.А. ойынша ТМД – ның құқықтық нысаны ретінде тек қана конфедерация болуы мүмкін болса, Пустогаров В.В. ТМД – ны халықаралық, мемлекет аралық ұйым деп қарастырады. ТМД – ны конфедерация және халықаралық ұйым деп санайтындар да бар. ТМД – ны конфедерацияда емес, ол бір аморфты құрылым ғана деушілер де табылды.
Конфедерация дегеніміз – белгілі мақсаттарға жету үшін мемлекеттердің уақытша бірігетін одағы. Дегенмен, кофедеративтік нысанда біріккен мемлекеттердің, тарих тұрғысынан алғанда, тең және бір – біріне лайықты одақ болып қалған оқиғалары жоққа тән. Себебі, мұндай одақ бір ғана мемлекет арасында және бұл мемлекет одақ өзегі, ядросы болады.
Ballassa B. the theory of integration.-London.1962 Уақыт өте бұл мемлекет басқаларына өз еркімен шарттарын жүргізе бастайды. Одан әрі мұндай конфедеративтік одақ федеративтік одаққа (өтеді) ауысады. Мысал іздеп алысқа барудың қажеті жоқ. КСРО құрылуы осындайдан басталып еді.
Біздің ойымызша, конфедеративтік құрылым нысанын федеративтік құрылымнан (кейбір ғылымдардың еңбектеріне қарай) мынандай ерекшеліктер негізінде айыруға болатын сияқты:
Конфедерацияда оған мүше мемлекеттер егемендіктеріне ие болып қала береді. Федерацияда болса, оның мүше – мемлекеттері егемендіктерінен айырылады;
Конфедерацияда адамдар тек қана мүше – мемлекеттердің азаматтары ғана болады. Федерацияда адамдар федеративтік мемлектттің де, сол сияқты федерация субъектісінің де азаматтары болып табылады. Яғни, федерация құрамындағы екі азаматтық көзге көрінеді;
Конфедерацияда, конфедеративтік органдар өз өкілеттерін мүше мемлекеттерден алады. Федеративтік мемлекетте федеративтік органдар мен субъектілердің органдары өкілеттіктерін бір – бірінен алмайды. Олардың өкілеттіктерінің қайнар көзі болып ата заң табылады;
Конфедерацияда ата заңды өзгерту мүше – мемлекеттердің дауыс беруімен жүзеге асады. Федеративтік мемлекетте болса, көпшілік дауыс жеткілікті;
Конфедерацияда, әскери күштердің бақылауы мүше – мемлекеттердің қолында. Федерацияда болса, бұл сұрақтар федеративтік мемлекетте бұл сала федеративтік және оның субъектісі тарапынан жүзеге асады;
Конфедерацияда, мүше – мемлекттердің одан шығу (айрылу) құқығы бар. Федеративтік мемлекетте болса, бұл құқық танылмаған. Әрине, Кеңес Одағы ата заңдарында федеративтік мемлекет құрылымынан оған мүше – мемлекеттер (республикалар) шығуға ерікті деп жазылған болса да, іс жүзінде олай болмағанын бәріміз де білеміз;
Конфедерацияда, салық саласы толықтай мүше – мемлекеттердің құзіретінде болса, федеративтік мемлекетте бұл сала федеративтік және оның субъектісі тарапынан жүзеге асады;
Федеративтік мемлекетте, оның субъектілері арасында болып қалуы мүмкін келіспеушіліктерді (араздықтарды) шешу (жөнге келтіру) мақсатында бір орган құрылады. Конфедерацияда болса, мұндай орган құрудың қажеті жоқ. Бұл өзгешеліктер, конфедерацияны федерациядан толық айырып тұрған өлшем деп айтуға болмас. Мысалы, конфедерациядағы сыртқы саясат мәселесі қамтылмаған. Дегенмен бұл сегіз белгі әңгіме желісі болған екі жүйе арасындағы көрініп тұрған ерекшеліктер.
Егерде ТМД – ны халықаралық ұйым болып табылатын Европалық одақпен салыстыратын болсақ, ТМД – ға он екі мемлекет мүше болса, ЕО – ға он бес мемлекет мүше. ТМД Европа мен Азияда орналасса, ЕО тек қана Европада орныққан. Әрине, Европалық Одақ өз атынан халықаралық шарттар жасауда. Ал ТМД – да әзірше мұның бірі де жоқ. Дегенмен, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ойы бойынша, ТМД елдері арасында интеграциялық қатынастар қажет – ақ және неғұрлым тезірек, жинақырақ болса, соғұрлық нәтижелі болмақ. Және Европалық Одақтың құрылу тарихында ұзақ жылдар жатқан болса, ТМД – ның құрылғанына ондай көп уақыт өткен жоқ. Жалпы алғанда, халықаралық құқық саласында Европалық Одақ және ТМД – ның құқықтық нысанына қатысты тартыстар аз емес. Көптеген авторлар ЕО – ны халықаралық ұйым ретінде қарастыратын болса, Ушаков Н.А. ЕО – ны конфедерация ретінде және ұлт үсті ұйымда да дейді. Пустогаров В.В. ойы бойынша Европалық Одақ мемлекет аралық ұйым ретінде құрылса да, АҚШ сияқты конфедерация арқылы федеративтік мемлекетке ұласуды мақсат тұтқан.
Қазіргі Европалық Одақ 1951 жылы алты мемлекет құрған Европалық Көмір мен Құрыш Бірлестігінен (ЕКҚБ) бастау алады. Бұл бірлестік мемлекттік келісім шарт негізінде традициялық түрде құрылды. Европалық құқықта континенталдық және жалпы құқық идеялары мен нормалары, егемендік пен ұлт үсті қағидалары, сонымен қатар, халықаралық және ұлттық құқықпен өзара келісімділік бар
Борко Ю. Этапы развития Европейской интеграциЕС.-М.,1998г. 50 жылдардың басында Батыс Европа бірлесудің екі баламалы түрі жайында пікір талас көп болатын. Бірінші пікірді ұстанғандар көп болатын және олар бірқатар Европа елдерінің тәжірибесіне де сүйенетін. Дегенмен бұл бірлестік федерация да конфедерация да болмады. Б.Н. Топорнин ойы бойынша, ұйымдастыру және құқықтық тұрғыдан алғанда гибрид дүниеге келді. Европа елдерінің жақындасу процесі айтып өткеніміздей елуінші жылдардың басында негіз алғанды. Европа көмір және құрыш бірлестігінің органы ретінде Жоғарғы басшы органы қарастырылғанды. Бұл орган қабылдаған шешімдер басқа мүше елдер үшін міндетті болып табылады. ЕКҚБ Соты құрылтай шартын талқылауға және Бірлестіктің кез – келген институты, сонымен қатар Жоғарғы басқару органы қабылдаған шешімдер мен басқа да актілердің күші жоқ деп жариялай алатын. Екі институттың да әсер ететін аясы көмір және құрыш салаларымен шектеулі еді. Жоғарғы басқару органымен қатар, мүше мемлекеттердің ресми өкілдерінен тұратын және ұлттық мүдделер мен егемендікті қорғауға негізделген Министрлердің кеңесі құрылғанды. ЕКҚБ Батыс Европадағы интеграциялық процестің негізін қалап, құқықтың жаңа саласын қалыптастыруға жол ашты.
Кейінгі даму сатылары тез арада жүзеге аса қоймады. 1957 жылғы ЕЭК – ті құрған Рим шарты ұлт үстілігіне жетуге үлес қоса қоймаса да, Монне – Шуман стратегиясына, экономикалық интеграцияға бағыт берді. Рим шартынан бастау алатын болсақ, Европалық қауымдастықтың ұлт үстілігіне жету үшін отыз жылдай уақыт қажет болды. 1987 жылы Біртұтас Европалық Акт, 1992 жылы Европалық одақ құру туралы шарт (Маастрихт шарты) күштеріне енді.
Шишков Ю.В. Теории региональной капиталистической интеграции.- Москва: Мысль,1978.Біртұтас Европалық Акт бірқалыпты ішкі нарық құрылысын заңи тұрғыдан аяқтауға күш салған болса, Маастрихт шарты экономикалық және валюта одағына, ортақ сыртқы және қауіпсіздік саясатына, жүйелі ынтымақтастыққа қол жеткізді. Енгізілген толықтырулар Европалық Одақ институттарының өкілеттілігін кеңейтіп, олардың бұрынғы кезде ұсыныс ретінде шектелетін құзіретінен асып, тікелей әсер ететін органдарға айналуына жол ашты. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру процедурасы мен механизмінде де өзгерістер болды. Сол сияқты Европалық Парламенттің құзіреті күшейтіліп, бір ауыздан шешім қабылдаудың орнына, басым көпшілік немесе көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау жүзеге асты.
1992 жылғы қол қойылған Европалық Одақ жайындағы шарт Батыс Европа елдерінде интеграциялық процестің жаңа сатысының жүзеге асуына жасалған бірден бір қадам болатын. Осы шартқа сай, Европалық қауымдастық – Европалық одақ деген атқа ие болды. Бұл жерде атаудың ауысуы жәй емес тұғынды. Қауымдастықтың Одаққа ауысуы қоғамдық өмірдің көптеген салалары бойынша мүше мемлекеттер әрекеттерін үйлестіруден асып ортақ саясатқа көшеді дегенді білдіреді. Негізінен алғанда, әңгіме желісі ортақ экономикалық және валюта одағын қалыптастыру жайында болып отыр. Қорыта келгенде, Маастрихт шарты интеграциялық процестерді кеңейтіп, іс жүзінде өміршең болуы үшін Европалық одақ институттарының ролін күшейту қажеттігін көрсетті. Мұның өзі, Европалық Одақтың құқықтық табиғаты, оның институттарының өкілеттігі қандай және ЕО ұлт үсті ұйым болып табылады ма? деген сұрақтарды күн тәртібіне әкеліп отыр. Ұлт үстілік ұғымы құқықтық категория ретінде тартыс туғызуда.
Энциклопедический словарь-под.ред .Г.В. Осипов –М.,1995 Және бұл ұғымның жалпыға бірдей танылған біркелкі түсінігі де жоқ. Ұлт үстілік ұғымы ЕКҚБ құрылған соң ғалымдар арасында әртүрлі пікір даулауға айналды.
Халықаралық ұйымда ұлт үстілік қағидасы болуы қажет. Себебі, ТМД елдерінде көріп отырғанымыздай оның институттарында, жалпы Достастық құрылымында ұлт үстіліктің болмауынан осы ұйым шеңберінде қабылданған жүздеген шешімдер мен келісімдердің жүзеге аспауын байқаудамыз. Ұлт үстілік қағидасына қатысты мұншама әртүрлі ойлар мен пікірлердің болуы, оның пайда болу ерекшеліктерімен де тығыз байланысты. Алғашқы рет ұлт үстілік ұғымы жайында 1948 жылғы Европалық конгресстің революциясында айтылған. Оның ішінде жоғарғы Еуропалық Сотты құру жөніндегі сұрақтарға қатысты бөлімінде: Адам құқықтарына кепілдік беру үшін сот құзіретін жүзеге асыратын ұлт үсті орган қажет делінгеді. Бұл құжатта, Еуропалық Федерация қалыптастырудың өзі мемлекеттердің үстінен қарайтын және оған заңды, жеке тұлғалар талап қоя алатын инстанция (саты) Р. Шуманның 1950 жылдың 9 мамырындағы декларациясында айтылды. Тоғыз жыл өткен соң Францияның Ұлттық жиналысында бұл терминге түсініктесе де берілгенді: Біздің ұсынысымыздағы негізгісі – мемлекеттердің үстінен қарайтын ұлт үсті билікті құру, яғни бұл билік барлық мүше мемлекеттер үшін ортақ және олардың ынтымақтастығын білдіреді. Бұл билікке ұлттық егенмендіктің бір бөлігі қосылып кетеді. Ұлт үсті билік шешімдер қабылдауда мемлекеттерге де, сол сияқты жеке мүдделерге де тәуелді емес болады. Бұл декларацияның қорытындысы ретінде ЕКҚБ құру туралы Париж шартының 9 бабында ұлт үсті терминін пайдалану болды. Бұл бапта ЕКҚБ – ның жоғарғы органы шенеуніктер функцияларының ұлт үсті сипаты жайында сөз болғанды. Кейіннен, ұлт үстілік жайында 27 мамыр 1952 жылғы Европалық қорғаныс қауымдастығын (КҚҚ) құру шартында айтылады. Осы құжаттың кіріспесінде: Осы шартқа сай Жоғарғы келісуші тараптар ортақ институттар, қарулы күштер мен бюджетке ие ұлт үсті сипаттағы ЕҚҚ құрады делінгенді. Сол сияқты, ұлт үстілік термині Европалық саяси қауымдастық (ЕСҚ) құру жөніндегі Шартта да кездеседі. Оның ішінде: Осы шартпен ұлт үсті сипатқа ие Европалық қауымдастық құрылады.Қауымдастық Европа халықтарының одағына, олардың даралығын құрметтеуге, құқықтары мен міндеттерінің теңдігіне негізделген. Қауымдастықтың таратылуы мүмкін емес
Борко Ю. Этапы развития Европейской интеграциЕС.-М.,1998г
деп жазылған. Осы үш шарттың мәтіндерін салыстырған кезде ұлт үстілік терминін әртүрлі қолдану байқалады. 1951 жылғы ЕКҚБ Париж шартында осы Бірлестік жоғары органы шенеуніктері функцияларының ұлт үстілігі сипаты жайында айтылса, қалған екі құжатта ұйымдардың ұлт үстілігі жайында айтылған. Бұдан туындайтын түйін мынау: Біртұтас Европа құрылтайшыларының ұлт үстілік нақты біркелкі концепциясының болмағанын көрсетеді. ЕҚҚ мен ЕСҚ шарттары күшіне енбеді, ал ЕКҚБ – ның 9 бабы 1956 жылы күшін жойған болатын. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде ұлт үстілік жайында бірде бір акті жоқ. Дегенмен, 1951 жылғы Париж шартының 9 бабын 1957 жылғы Рим шарттарының тиісті баптарымен салыстыратын болсақ, ортақ болып саналатын көптеген сәттерді анықтаймыз. Яғни, шарттардағы ұлт үстілік терминінің болмауы Қауымдастықтың қызметіне ұлт үстіліктің негізі жоқ деуді білдірмейді. Яғни, ұлт үстілік қағидасының мазмұнын екі жолмен анықтауға болады: Біріншісі – теориялық, яғни этимологиялық мағынасынан анықтау. Екіншісі – эмпириялық яғни Европалық Одақты басқа халықаралық ұйымдардан айыратын тағы бір ерекшелігі оның құқығы. Яғни, ЕО құрылтайшылары халықаралық шарттарға негізделген және халықаралық құқыққа тән заңды тезниканы пайдаланып отырып, ішкі құқық сипатына ие құқық тәртібін құруға талпынған.
Кейбір ғалымдар ТМД – ның құқықтық нысаны ретінде тек қана конфедерация бола алады дейді. ТМД – ның конфедеративтік нысанымен келісу қиын. Себебі, Достастықтың құрылтай және басқа да құжаттарында білдірілген құқықтық негіз конфедерация жетелемейді. Екіншіден, ТМД мүше – мемлекеттерінің шынайы халықаралық қызметі де осыны айғақтайды. Тарихта белгілі конфедерациялардың бәрі де Швейцария конфедерациясы (1291 жылдан 1948 жылғы конституцияға дейін), АҚШ конфедерациясы (1781 – 1787 жылдар), Германия одағы (1815 – 1886 жылдар) ортақ сыртқы саясатымен сипатталғанды. Ал, ТМД – ға мүше – мемлекеттердің ортақ сыртқы саясаты жоқтығы бәрімізге мәлім. Уәждеріміздің бәрі де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының конфедерация еместігіне, бір жағынан дәлел болса, басқа тұрғыдан қарағанда, аморфты құрылымда еместігін, керісінше, эволюциялық жолмен дамып келе жатқан аймақтық халықаралық ұйым екенін көрсетеді.
Алматы Декларациясы қабылданып, оған да барлығы 11 мемлекет (бұрынғы КСРО республикалары) басшылары өз қолдарын қойды. ТМД құру туралы Келісімге кейіннен қосылған сегіз мемлекет, Келісімнің мақсаты мен міндеттерін бөлісетіндерін және оларды жүзеге асыруға күш салатындарын білдеріді. Бірақ, Алматы Декларациясында ТМД құрылғаннан кейін де, Достастықтың ондай бір құрылымға келмейтінін (федеративтік немесе конфедеративтік құрылымды) және мұндай құрылымды қабылдамайтындары жайындағы өз ойларын ашық білдірген болатын және кейбір ғалымдар Кеңес Одағының дүние жүзіндегі жалғыз тоталитарлық құрылымы бар мемлекет екенін де ашық айтты.

2.ТМД-ның қалыптасуы мен даму проблемалары

2.1 Евразиялық одақ – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жалғасы

ТМД елдерінен Евразиялық одақты құру идеясын Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 1994 жылдың 29 наурыз жұлдызында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студентерімен кездесуінде ұсынған болатын. Ал 1994 жылдың маусым айында Қазақстан баспасөз беттерінде Н.Ә. Назарбаев қол қойған Евразиялық Одақтың (ЕАО) жобасы жарияланды.
Касенов У.Т. Основные итоги внешнеполитической деятельности РК и ее приоритетные задачи Казахстана.Алматы,1994г.
1994 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Евразиялық кеңістік: интеграциялық потенциал (жиынтық) және оны жүзеге асыру атты ғылыми – практикалық конференция өтеді. Неліктен ТМД – ның мемлекет аралық бірлестік ретінде оған мүше болып саналатын елдер үшін мемлекет аралық қатынастарды құқықтық рәсімдеуде атқаратын ролі зор. ТМД өз мүмкіндіктерін толықтай жұмсаған да жоқ. Дегенмен, қазіргі кездегі жинақталған интеграциялық потенциалды ТМД органдарының құрылымы толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.
Касенов У.Т. Основные итоги внешнеполитической деятельности РК и ее приоритетные задачи Казахстана.,Алматы,1994г.
Олай дейтініміз, ТМД органдарының қызметін жинақтап бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын орталықтың болмауынан, ол болған күннің өзінде де қабылданған құжаттардың іске асуында қабағалаушы органдардың қызметінің сылбырттығынан деп білеміз. Бұл мәселеге Достастық елдерінің басшылары да назар аударуда. ТМД – ның бұрынғы жылдар тәжірибесі, мүше – мемлекеттердің бірігіп қабылдаған міндеттемелерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін интеграцияның (жақындасудың) жаңа деңгейіне ауысу қажеттігін көрсетеді. Бұл интеграцияның жаңа түрі, деңгейі ретінде Евразиялық одақ жобасы ұсынылғанды. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын ілгері дамытушы құрылым ретінде Евразиялық одақ жобасының ұсынылуы негізінде, біздің ойымызша, мыналар жатыр. Біріншіден; ТМД елдерінің экономикасы бір – біріне өте ұқсас, екіншіден, әлеуметтік – саяси құрылым мен халықтың түсінік, ойлау, т.б. ұғымдары бір – біріне өте жақын, ұқсас, сонымен қатар, ортақ тарихи әдеп – ғұрыптар (әрине, кеңес заманының үрдістері де болуы мүмкін), оның үстіне көптеген республикалар көп ұлтты болып келеді. Мұның бәрі де мемлекет аралық интеграция процесстер негізінде ұлттық – мемлекеттік құрылысты сақтау мен дамытудың қажеттігіне куә болып табылады. Тарих логикасы біздің көзімізді мынаған жеткізді: ондаған жылдар бойы жинақталған Достастық елдерінің интеграциялық потенциалы дүние жүзілік қауымдастыққа итермелейді. Мемлекеттер арасындағы нарықтық экономиканың, саяси тарапынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қызметімен үйлесетін қосымша интеграциялық құрылым – Евразиялық одақ құру идеясын туғызды.
Ондағы негізгі мақсат – экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында мүше – мемлекеттер орындауға міндетті болып табылатын ортақ бағдарламаларды қабылдау, оның іс жүзінде іске асырылатынын қадағалау және ортақ экономикалық саясатты келісу.
Евразиялық Одақ (ЕАО) - әр мүше – мемлекеттің ұлттық – мемлекеттік мүдделерін және жинақталған ортақ интеграциялық потенциалды жүзеге асыруға бағытталған тең құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы
Бисенбаев А. Евразийский Союз и суверенный Казахстан Казахстан и мировое сообщестио,1996. Евразиялық Одақ – бұрынғы кеңес кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті, әлеуметтік – экономикалық жағдайды қазіргі жағдайға сәйкес өзгертіп нығайтуға бағытталған егемен мемлекеттердің интеграциялық нысаны болып табылады.
Евразиялық одақтың қалыптасу механизмі мен бірігу қағидалары болып мыналар табылады:
ЕАО – ға мемлекеттердің кіруі туралы ұлттық референдумдар немесе парламенттер шешімдерін жүргізу;
ЕАО құру туралы шартқа қатысушы – мемлекеттердің, теңдік, бір – бірінің ішкі ісіне араласпау, егемендікті, территория тұтастығы және мемлекеттік шекараларға қол сұқпау қағидаларын сыйлау негізінде қол қою;
Шарт экономикалық, валюта және саяси одақ құру бағытындағы интеграцияны тереңдету мақсатында заңи және ұйымдастыру алғы шарттарын қарастыру қажет;
ЕАО – ға ассоциациялық мүше болуға жол берілмейді;
ЕАО – да шешімдер қабылдау мүше – мелекеттердің жалпы санының 45 мамандандырылған көпшілік дауысы негізінде жүзеге асады. Бұл қағидалар мен Евразиялық одақты құру механизмі басқа мемлекеттер тарапынан қолдау табады деген үмітпен ұсынылғанды. Тәуелсіз мемлекеттер ЕАО – ға мынандай алғы шарттарды орындаған кезде ғана мүше болып кіре алады:
қабылданған мемлекет аралық келісімдерді міндетті түрде орындау;
ЕАО мүше – елдерінің қалыптасқан мемлекеттік – саяси институттарының өзара тану;
Территория тұтастығы мен шекаралар беріктігін тану;
Мемлекет аралық қатынастарда қысым көрсетудің экономикалық, саяси және басқа да формаларынан бас тарту;
өз араларындағы әскери қақтығыстарды тоқтату.
Кириченко В. Экономическая консолидация стран СНГ: проблемы и перспективыЕврС ,1995
Жаңа мемлекеттердің ЕАО кіру дайындығы бар екені жөнінде сараптама қорытындысы шыққан соң, ЕАО – ға мүше мемлекет, мүше – мемлекеттерге шешім қабылданбастан алты ай бұрын хабар бере отырып, Одақтан шыға алады. Бірақ шешімін таппаған бір нәрсе, егер мүшеліктен өз еркімен шыққысы келген мемлекеттің ЕОА немесе басқада мүше мемлекеттер алдында ұзақ мерзімдік міндеттемелері болса, бұл міндеттемелерді кім орындайды және ол қалай жүзеге асуы керек? Евразиялық Одақ туралы жобада бұл сұрақтарға жауап берілмеген. Біз өз тарапымыздан, жұмыстың соңғы бөлімінде жауап беруге талпынамыз.
ЕАО туралы жобада тағы бір көңіл бөлетін нәрсе мынау: ТМД құрылымына қарағанда, Евразиялық Одақ жобасында ұлт үсті органдардың юолуы қарастырылған. Яғни, ТМД шеңберінде қабылданып жүзеге аспай жатқан көптеген келімідер мен шарттардың негізгі себебі, оларды қадағалап жүзеге асыратын органның болмауынан, деушілер ойынша, ұлт үсті органдардың болуы осы сипаттағы мәселелрді шешуге ұмтылдырады. Екінші жағынан қарайтын болсақ, ЕАО шеңберінде ұлт үсті органдардың, яғни, ЕАО – ға мүше мемлекеттердің келісімдерін жүзеге асыруға өкілеттігі бар органдардың болуы, конфедеративтік нысанға әкеп тіреуді меңзейді. Басқаша айтатын болсақ, ТМД – ЕАО елдері мемлекеттік құрылымының конфедеративтік негізгі бағыныштылығын көрсетеді. Әрине, мұндай құрылымның азіргі ТМД – ға мүше мемлекеттер тарапынан қолдау таба қоюы екі талай. Себебі, конфедеративтік нысанға негізделген мемлекеттер одағында, олардың ядросы ретінде белгілі – бір мемлекет болады. Біздің мысалымызда мұндай ядро – мемлекет ретінде Ресей болады.
Мансуров Т.А Интеграция и суверинитет,1999г. Ал, тарих бойынша конфедерацияның уақытша екенін еске алсақ, оның соңы федерацияға әкеп тірейді. Мысал ретінде, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындаконфедеративтік негіз болса да, соңында федеративтік мемлекет құралғанын немесе АҚШ – та алғашқы да конфедеративтік құрылым негізінде басталса да, ақыры федеративтік құрылымға әкеп тірегенін бәріміз білеміз. Сонымен, бұрынғы кеңес одағы қарамағында болып, одан өз тәуелсіздігі мен егемендігіне енді – енді қол жеткізген ТМД мемлекеттері конфедеративтік құрылым нысанына, бара қоймас. Дегенмен, мемлекеттер арасында мұндай ұйымдардың (одақтардың) келешекте қажет болатынын өмірдің өзі көрсетуде. Мысал ретінде, Европадағы 15 мемлекеттің біріге отырып шекараларын ашық ұстауы мен евро ортақ валютасын енгізуін айтуға болады. Бұл елдер арасындағы қарым – қатынас енгізінде конфедеративтік нысандар болғанымен, әр мүше мемлекеттің саяси және экономикалық қауіпсіздігі мен егемендігіне төніп тұрған қауіп байқалмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, қазіргі кезеңде болмаса да, болашақта ТМД – ға мүше – мемлекеттер ортақ мүдде мен мақсат үшін бірігуге нақты түрде күш салады демекпіз.
Енді Евразиялық Одақ жобасы бойынша басқару органдарына келетін болсақ, ЕОА – ның саяси басшылығының ең жоғарғы органы болып ЕАО табылады. Және әр мүше – мемлекет орыс алфавитіне сай алты айдан төрағалық етеді. Бұл органдардың құзіреті мен өкілеттігі, негізінен кеңестерінің құзіреті мен өкілеттігіне сай келеді.
Мүше – мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін үйлестіруді ЕАО – ның сыртқы істер министрлер кеңесі басқарады. Дегенмен, ЕАО жобасында бұл орган қандай функцияларды жүзеге асыратыны көрсетілмеген. Себебі, біздің ойымызша, бірде – бір ЕАО – ға мүше – мемлекет сыртқы саяси қызметін толықтай ұлт үсті органға беріп қоймайды. Сол себептен де, ЕАО сыртқы істер министрлері кеңесінің құзіреті барынша анық та нақты болуы қажет.
ЕАО – ның ұдайы атқару органы ретінде Мемлекет аралық атқару комитеті қарастырылған. Атқару комитетінің басшысы мүше – мемлекеттер өкілдерінен тағайындалады. Атқару комитетінің құралымдары барлық мүше – мемлекеттер өкілерінен құралады. ЕАО атқару комитеті арқасында бірнеше халықаралық ұйымдардан бақылаушы мәртебесін алуы қажет.
ЕАО елдері министрлерінің деңгейінде денсаулық, білім, мәдениет, еңбек пен халықты жұмыспен қамтамасыз ету, экология т.б. салалар бойынша ұдайы консультациялар мен кездесулер өткізіп тұрудың да тиімділігі бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД одағының құрылу мен даму принциптері
Экономикалық Одақ жайлы
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Қазақстан қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасу принциптері
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері
Пәндер