Психикалық даму



Жоспар

Кіріспе.

1.Нәресте шақтын психикалық дамуы.
2.Мектепке дейінгі баланың дамуының ерекшелігі.

Қорытынды.
Кіріспе.
(Нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескетідігі, сас-қалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, 3. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл кақтығыстың психикалык өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.
. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттілік-терін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, т.с тәріздес; толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос киял деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейіні басқа да совет психологтары тарапынаң сынға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психика-лық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін колға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу әсерлері де үлкеңдер тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап етті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттык дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды кимылдар жасай бастайды да. ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен кетермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-катынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашкы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сездерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат түрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен карым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі — эмоциялық жұтаңдықтың маңызды мәні бар), екінші
Әдебиеттер.

1.Жас өсперемдер психологиясы.-Ұлағат,1997.
2.Мектепке дейінгі бала анотомиясы.-Алматы,2001.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
1.Нәресте шақтын психикалық дамуы.
2.Мектепке дейінгі баланың дамуының ерекшелігі.
Қорытынды.

Кіріспе.
(Нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар
буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің
тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі.
Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау
болмыспен бетпе-бет кездескетідігі, сас-қалақтап, абыржып қалуы деп
бағалайды. Мәселен, 3. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын
оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді.
Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен
қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл
кақтығыстың психикалык өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын
пессимистік тұрғыда суреттейді.
. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем
аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттілік-терін ақиқат дүниеде емес,
өздерінің қиялдарында, т.с тәріздес; толғаныстарында қанағаттандырудың тума
қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер
етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың
прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу
немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ
бос киял деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі
Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейіні басқа да совет
психологтары тарапынаң сынға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел
авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі
тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың
органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады,
аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психика-лық өмірде де қажетін
қанағаттандырады: нәресте өзін колға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен
адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге,
олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі
оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу
әсерлері де үлкеңдер тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан
әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап етті. Ол нәрестені осы мағынада
толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез
келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып
отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттык дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші
болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен
қарқынды кимылдар жасай бастайды да. ал жанында үлкен адам болмаса, затқа
қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен
кетермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке
шақырғанда баланың үлкенмен қарым-катынасының негізгі формасы бірлескен іс-
әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына
дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға
әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-
ақ былдырлаудың алғашкы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан
ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте
кейбір сездерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат түрған бала
басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы
кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен
карым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда
болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі —
эмоциялық жұтаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды
қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп
жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық
психикалык қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге,
заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте
сақтауғя үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету
көбінесе алдын дла ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады.
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініл калған нәресте өзінің
дамуында адамдьщ мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта
мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен
ойлауға қабілетті жеке адам. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас
алғанда адамзат қалыптасады коғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар
арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлүматтар ала отырып, бала
танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері
білім құмарлыққа дейін өседі. Баланың кызығуы бүкіл айналасындағыларға
бағытталады. Бұл тектес білімқұмарлықты И. П. Павлов сиясықты деп атады,
өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей канағаттандырумен
байланысты емес еді.
Нәрестенің психикалық дамуы. Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының
дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан
үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді,
ақырында, тік түруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық
кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық
затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бүл
қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай
қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне
және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің
орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл
дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу
бұл қасиеттердің көзбе көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді.
Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар
арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайхын болса, кейін осы
бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,
лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-
әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан
қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде
турақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау
заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланьщ психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді.
Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы керіне бастайды. Балада кездейсоқ
қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі калыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан
бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты
қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте
қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңыңа қарай балалар үлкеңдердің көптеген іс-
әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын
дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп,
бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне
еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен
ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау
үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау
жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар
үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады.
Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды
әрекет үстінде үйренеді.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің
қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумеи қатар ткандар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады.. Скелеттің
сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің
дамуының үлкең маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін
өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оңьці ми қабығы
астындағы орталықтарды бақылауы арта тсуінеде. Шартты рефлекстердің пайда
болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту
процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын йгеруі үшін қолайлы
жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда
болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар
арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Балалар психикасының даму сатылары
Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Пәндер