Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)



Кіріспе

І Эпостағы қазақтану мәселесінің негізгі сипаты ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Эпос жанрының зерттелуі, қалыптасу үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Эпос жанрының көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. «Қобыланды батыр» жырының көркемдік сипаты ... ... ... ... ..
2.1. «Қобыланды батыр» жырындағы қазақтану мәселесі ... ... ... ... ..
2.2. Қазақ халқының салт.дәстүрінің «Қобыланды батыр» жырындағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің қалыптасуындағы қазақтанудың рөлі мен алатын орны қарастырылады. Осы тұрғыда ұлттық мәдениеттің тұтас көрінісі, ұлттық тарих пен философияның ортақ объектісі ретінде қарастырылып отырған қазақтану мәселесінің мәнділігі, оның эпос жанрындағы көрінісі сипатталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің халықтық философиядан қазақтың кім екендігін, оның болмыс-бітімін талай терең ойлы толғамдарды табуға болады.
Мысалы:
Қобыланды қазақпын – батыр елмін,
Қозы-Баян қазақпын – тату елмін,
Қожанасыр қазақпын – аңқау елмін
Абай туған қазақпын – ақын елмін.
Иә, қазақтың шынайы табиғаты осы шумақтарда тұрғандай. Елін, халқын сүю – адам бойындағы ең жоғарғы қасиет. Оны қазақтану мәселесімен байланыстыра қараған орынды.
Ұлттық мәдениеттің тұтас та, жалпы көрінісіне, ұлттық тарих пен философияның ортақ объектісіне – қазақтану жатады. Қазақтану дегенде – қазақтың елдік, мемелекеттік, ұлттық және азаматтық ерекшеліктерін қалыптастыратын тарихи жағдай мен мәдени бағдарды бейнелейтін жүйені, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен өзіндік татулығын атаймыз. Дүниетанымдық-философиялық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми көзқарастың қортындысын ескереміз. Сонымен бірге, адам болу, азаматтық ену, перзенттік парызды өтеудің өрнектерімен тәжірибесін дәріптей отырып, әр азаматтың зердесіне, парызына, естілігі мен ерлігіне демеулік жасау.
Жалпы, қазақтанудың маңызы – табиғаттағы атамекенге деген тәнтілік пен кеңістік ұғымында, ел-жұрттағы адамға деген жарқындық пен жарастық үлгісінде, дәстүрге адал, ұрпаққа деген ұлағаттық пен ұластық үлгісінде. Ол кең де, көлемді мәселелерді талқылауға, ұлттық мәдениеттің жасампаздық қуатын іріктеп, ілгерілетуге көңіл аударады.
Қай халықтың болса да өз тарихының кінәратсыз, ақиқат баяндалуын көксейді. Оған, әрине, мықты дәйектемелер қажет. Қазақ үшін ол өз тарихын әдемілеп, көркемдеп баяндаған бай ауыз әдебиеті болып табылады. Біз одан қазақтың бар болмыс-бітімін, көркем әдептелген тәрбие тәжірибесін, терең баяндалған философиясын табамыз. Қазақ халқының әдебиетін, тілін танытатын, дәстүрін көрсететін тарихы мен мәдениетінің негізі сонда жатыр.
1. Біләл Қ. Әуелі қазақты танып ал: Қазақ әдебиеті. -2001. 16 қараша (№46) -14 б.
2. Молдабеков Ж. Қазақтанудың бүгіні мен ертеңі // Ақиқат. 2002, №4, 18-25 бб.
3. Төрт батыр. Алматы: Жалын, 1990, -215 б.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, Санат, 1996, -367 б.
5. Молдабеков Ж. Философия және қазақтану // Егемен Қазақстан. 1993, 20 ақпан
6. Әуезов М. Шығармалар жинағы. 15 том. Алматы, 1984, 45-53 бб.
7. Қондыбай С. Қобыланды батырдың үш ғұмыры // Алтын Орда. 2002, 22-28 бб.
8. Қоңыратбаев Т. «Алпамыс» қай халықтың мұрасы // Ақиқат. 2001, №9
9. Бердібай Р. Ұлыстың ұлы эпосы. // Арқа ажары. 2000, 10 ақпан
10. Садырбаев С. Қазақ эпосының тұтастану мәселелері. Алматы, 1965, -310б.
11. Нұрмағамбетов О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». Алматы, Санат, 2003, -245б.
12. Бердібаев Р. Қазақ эосы. Алматы, Рауан, 1982, -315 б.
13. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Жазушы, 1960, -395 б.
14. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. Алматы, Жазушы, 1987. -385 б.
15. Молдабеков Ж. Қазақтану Алматы, Қазақ Университеті, 2003, -456б.
16. Садырбаев С. Фольклор және эстетика. Алматы, Рауан, 1976, -265 б.
17. Қазақ эпосы. Алматы, Жазушы, 1958, -310 б.
18. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, Жазушы, 1958, -387 б.
19. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. Алматы: Ғылым, 1972, -345 б.
20. Қоңыртабев Ә. Эпос және оны айтушылар. Алматы: Жазушы, 1975, -217 б.
21. Бердібаев Р. Қазақ эпосы жанрлық мәселелері. // Қазақстан мектебі. 1993, №12
22. Жәкітайұлы Т. «Алпамыс батыр» //Астана ақшамы, 1994, 14 желтоқсан.
23. Сейфуллин С. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1964, -396 б.
25. Қобыланды батыр. Алматы: Жазушы, 1975, -328 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультетінің магистратурасы

Философия тарихы және мәдениеттану кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ЭПОСТАҒЫ ҚАЗАҚТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЭПОСЫНДАҒЫ)

Орындаушы ___________________________________ Молдахмет Э.Н.
___ ___________2007 ж.
Ғылыми жетекші __________ филос. ғ.д., профессор Молдабеков Ж.Ж.
___ ___________2007 ж.
Рецензент ________________________филос. ғ.д., профессор Сәбит М.
___ ___________2007 ж.

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі __________ филос. ғ.д., профессор Нұржанов Б.Ғ.
___ ___________2007 ж.

Алматы 2007 ж.
РЕФЕРАТ

Магистрлік зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу
жұмысында қазақ мәдениетінің қалыптасуындағы қазақтанудың рөлі мен алатын
орны қарастырылады.
Магистрлік зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтану жас ұрпақтың өзін
тануына, ұлтының болмыс-бітімін, дүниетанымын, ұлттық сана-сезімін тануға
септігін тигізеді.
Магистрлік тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған
магистрлік жұмыс рухани мәдениеттің қалыптасуында қазақтанудың күрделі және
құнды мәселе ретінде біршама ғылыми пәндердің объектісі болып табылады.
Магистрлік зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ эпосындағы, соның
ішінде Қобыланды батыр эпосындағы ұлттық бояуды ашып көрсету; эпос
жанрының көркемдік сипатын, эпостағы қазақтану мәселесін, Қобыланды батыр
эпосындағы қазақтың салт-дәстүрінің көріністерін нақтылап, философиялық-
дүниетанымдық негізде қазақтану ғылымына негіздеу.
Магистрлік зерттеудің жаңалығы. Эпостағы қазақтану мәселесінің
сипатын ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатымен философиялық мәнін
ашу.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттері тізімінен тұрады. Магистрлік
диссертацияның жалпы көлемі –

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І Эпостағы қазақтану мәселесінің негізгі
сипаты ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Эпос жанрының зерттелуі, қалыптасу
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.2. Эпос жанрының көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

ІІ. Қобыланды батыр жырының көркемдік сипаты ... ... ... ... ..
2.1. Қобыланды батыр жырындағы қазақтану мәселесі ... ... ... ... ..
2.2. Қазақ халқының салт-дәстүрінің Қобыланды батыр жырындағы
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік зерттеу жұмысында
қазақ ұлттық мәдениетінің қалыптасуындағы қазақтанудың рөлі мен алатын орны
қарастырылады. Осы тұрғыда ұлттық мәдениеттің тұтас көрінісі, ұлттық тарих
пен философияның ортақ объектісі ретінде қарастырылып отырған қазақтану
мәселесінің мәнділігі, оның эпос жанрындағы көрінісі сипатталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің халықтық философиядан қазақтың
кім екендігін, оның болмыс-бітімін талай терең ойлы толғамдарды табуға
болады.
Мысалы:
Қобыланды қазақпын – батыр елмін,
Қозы-Баян қазақпын – тату елмін,
Қожанасыр қазақпын – аңқау елмін
Абай туған қазақпын – ақын елмін.
Иә, қазақтың шынайы табиғаты осы шумақтарда тұрғандай. Елін, халқын
сүю – адам бойындағы ең жоғарғы қасиет. Оны қазақтану мәселесімен
байланыстыра қараған орынды.
Ұлттық мәдениеттің тұтас та, жалпы көрінісіне, ұлттық тарих пен
философияның ортақ объектісіне – қазақтану жатады. Қазақтану дегенде –
қазақтың елдік, мемелекеттік, ұлттық және азаматтық ерекшеліктерін
қалыптастыратын тарихи жағдай мен мәдени бағдарды бейнелейтін жүйені, оның
әлеуметтік тұрақтылығы мен өзіндік татулығын атаймыз. Дүниетанымдық-
философиялық, әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми
көзқарастың қортындысын ескереміз. Сонымен бірге, адам болу, азаматтық ену,
перзенттік парызды өтеудің өрнектерімен тәжірибесін дәріптей отырып, әр
азаматтың зердесіне, парызына, естілігі мен ерлігіне демеулік жасау.
Жалпы, қазақтанудың маңызы – табиғаттағы атамекенге деген тәнтілік пен
кеңістік ұғымында, ел-жұрттағы адамға деген жарқындық пен жарастық
үлгісінде, дәстүрге адал, ұрпаққа деген ұлағаттық пен ұластық үлгісінде. Ол
кең де, көлемді мәселелерді талқылауға, ұлттық мәдениеттің жасампаздық
қуатын іріктеп, ілгерілетуге көңіл аударады.
Қай халықтың болса да өз тарихының кінәратсыз, ақиқат баяндалуын
көксейді. Оған, әрине, мықты дәйектемелер қажет. Қазақ үшін ол өз тарихын
әдемілеп, көркемдеп баяндаған бай ауыз әдебиеті болып табылады. Біз одан
қазақтың бар болмыс-бітімін, көркем әдептелген тәрбие тәжірибесін, терең
баяндалған философиясын табамыз. Қазақ халқының әдебиетін, тілін танытатын,
дәстүрін көрсететін тарихы мен мәдениетінің негізі сонда жатыр.
Ақын-жыраулар әр заманда өз ерлерін марапаттап, көпшілік алдында паш
етті, ерлікті елдің туы етті. Ерлерсіз елдің, батырларсыз хандықтың
болмайтынын құлаққа құйды, көңілге үйірді.
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына
байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында айтуға болады. Батырлар
жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда туа бастаған.
Қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі –
батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан
ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың
шабуылдарына қарсы аттанған, адам ел-жұртын қорғап қалған батырларды,
олардың ерлік істерін ардақтап халық ауыз әдебиетінің әңгіме- жырына
қосқан.
Қазақта батырлар жырының тууына зор әсер еткен екінші бір жағдай
болды. Ол қазақтар мен қалмақтардың арасындағы қарым-қатынастар, көп
заманға созылған күрестер еді.
Қалмақ басқыншыларына қарсы қазақ халқының жүргізген ерлік күресі ауыз
әдебиетінен ерекше орын алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінен ерекше орын
алды. Халық өзінің ауыз әдебиетінен Ақтабан шұбырынды жылдарын ғана
елестетіп қойған жоқ, ол басқыншыларға қарсы қазақ халқының ерлік күресін
батырлық күшін, жеңісін суреттеп, жырына қосты. Осы негізде қазақ халқының
батырлық тұлғасын, ерлік күресін өзіндік ерекшелігін сипаттайтын жырлар
туды.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле алатын адал
қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында
шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан орны үлкен. Мұны көп ғасыр
бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының
өзі-ақ дәлелдей түседі.
Батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған
емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін,
сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар
жырының басты мәні де – осында.
Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары
бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгісі деп таниды.
Ендеше, батырлар жыры қазақтанудың бірден-бір дерегі. Айнымас болмыс-бітімі
мен мінез-құлық нормаларының көрсеткіші.
Қазақтану – бір бағыт пен бір деңгейдің емес, бірнеше алдағы талдаудың
жиынтығы. Оның үстіне қазақтану туралы тұтас философиялық түсінік те
қалыптаса қойған жоқ. Қазақтанудың түп негізі мен бағдарын қатар анықтап,
ауқымдамай, оның тарихи түбірі, мәдени өрісі, шығармашылық желісі туралы әр
түрлі пікірлер айтылуда.
Қазақтану:
- қазақ этносының тағдыры мен ұлттық менталитетінің арқауы туралы
философиялық дүниетанымының, көркемдік бейнелеудің, тарихи көзқарастың
этнопсихологиялық талдаудың жиынтығы.
Халықтың бір ел, бір мемлекет ретінде тілі мен дінінің үйлесімді
қалыптасуын тарихи-әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан талдау.
Халықтың болмыстық тұрақтылығын, тұтастығын, дербестігін тұлғалық
деңгейін өзара салыстыра, бір-бірімен ұштастыра қарау және бағалау деңгейі.

Этникалық топтардың қалыптасуының негізі мен бағытын іздеу,
көшпенділердің тәжірибесі мен тәсіліне ақыл-парасаттық сипат беріп, оның
бағыт-бағдарын талдау мен таңдаудың сипаты.
Қазақтанудың объектісі мен субъектісін тарихи және дүниетанымдық
өлшемде қалыптастыратын кең әдістемелік және мәдени негіздегі
ізденістеріндегі нысананы ұстау. Түркі заманы мен рухына жетекші күштердің
іс-әрекеті мен құндылығын әлеуметтік-этникалық және мәдени жағдайда
саралап, олардың дүниетанымдық үйлесімділігімен сабақтастығына көңіл бөлу.
Белгілі ғалым зерттеуші қазақтану ғылымының негізін салушы ғалым
Ж.Молдабеков Қазақтану дегенде – ұлттық идея мен ұлттық ойлау жүйесін
түйістірудің, тоғыстырудың түйінін, халықтың идеялық рухы мен елдіктің күре
тамырын ұштастырудың тәсілдері мен міндеттерін ескереміз. Ол – заманды
таныстырудың түрі. Сондықтан да қазақтануды тарихи зерденің бір арнасына
жатқызамыз. Осы тарихи-әлеуметтік зердені таңдау мен талдау барысында,
халықтық мұра мен ұлттық тәжірибені, адамдық қасиетпен, адамзаттық
өркениетті белгілі бір әлеуметтік әлемде қарастырады, – деп атап
көрсетеді.
Қазақтанудың тарихи зерде ретіндегі мақсаты – адам болмысының түп
тамырына бойлап, тарихпен тілдесу арқылы әдіснамалық бағдарды жалғастыру,
әлем кеңістігінің заңдылықтарын ескеріп, онымен беттесу.
Қазақтану – адамтанудың ұлттық өрнегі мен өрісі. Ол дегеніміз –
адамдарға тура жол көрсету, тұтастыққа лайық тұлғаның өнері мен өнегесін
сабақтау. Қазақтану ұлттық мұраның, ұлттық мәдениеттің, ұлттық тарихтың
идеялық және методлогиялық дәнекері, ұлттық рух пен ұлттық болмыстың
арқауы, ұлттық идея мен ұлттық тәжірибенің топтастырылған этномәдени
жүйесі.
Ұлттық рух дегеніміз – өткенмен есептесу, өткенді ескерту, қайта
қабылдау, бүгінді сақтап, сабақтастыру. Ұлттық рухтың маңызы, құндылығы –
адам болмысының әлеуметтік белсенділігін үйлестіру, оны дұрыс ойлауға,
дұрыс сөйлеуге және дұрыс әрекеттенуге баулу. Әлеуметтік-мәдени мәселелерді
шешу жолдарын жинақтау, қазақтың потратизмге көзайым болу, тәрбиелей өмірге
енгізу, туа біткен рухтың мөлшерін, оянған рухтың межесін анықтау, олардың
қаһармандық ықпалын марапаттау. Белгілі бір әлеуметтік-мәдени кеңістікпен
уақыттағы адам мен этникалық топтар туралы, олардың өмір салттары туралы
көзқарастар өз жинағы мен өрнегін табуына қазақтану өз септігін тигізеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған магистрлік жұмыс
ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуында қазақтанудың күрделі және құнды мәселе
ретінде біршама ғылыми пәндердің объектісі болып табылады.
Қазақтану мәселесінің шешімін таппаған, қазіргі тәуелсіз мемлекет
жағдайындағы тілге тиек етер, ұлттық ғылым мен ұлттық тәлім-тәрбиеге үлесін
қосар объективті зерттеу қажеттігін талап ететін жағдай – бұл ұлттық рухани-
мәдени құндылықтарымыздың болмыс, тарихи-әлеуметтік мәдени қалыбын ашып
көрсету. Осы тұрғыда халықтың ауыз әдебиеті мұрасы соның ішіндегі қазақ
эпосының қазақи, халықтық, ұлттық сипатын ашып көрсету өте маңызды.
Соған орай біз Эпостағы қазақтану мәселелері деген тақырыпты алып
оның философиялық, көркемдік бейнелеу, қазақи болмысын ғылыми түрде
зерделеуді мақсат еттік.
Зерттеудің мақсаты – Қазақ эпосындағы, соның ішінде Қобыланды батыр
эпосындағы ұлттық бояуды ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатын,
эпостағы қазақтану мәселесін, Қобыланды батыр эпосындағы қазақтың салт-
дәстүрінің көріністерін нақтылап, философиялық-дүниетанымдық негізде
қазақтану ғылымына негіздеу.
Зерттеудің объектісі – Қазақтың эпостық жырлары. Қобыланды батыр
эпосы.
Зерттеудің ғылыми болжамы – Егер біз эпос жанрындағы ұлттық болмыс,
халықтық дүниетанымды, адами қасиет-тілектерді ғылыми түрде саралай отырып,
ондағы қазақтану мәселелерінің негіздерін аша алсақ, қазақтану ғылымына
қосқан үлесіміз мол болмақ. Сонымен қатар, бұл мәселе жас ұрпақтың өзін
тануына, ұлтының болмыс-бітімін, дүниетанымын, ұлттық сана-сезімін тануға
септігін тигізер еді.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері – Эпостағы қазақтану
мәселелерін негізгі сипатының мәнін ашуда философиялық, мәдени,
психологиялық ой-пікірлер, қазақ эпосы Қобыланды батыр еңбектері,
қазақтанудың әдіснамалық-теориялық қағидалары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні – Эпостағы қазақтану
мәселесінің сипатын ашып көрсету; эпос жанрының көркемдік сипатымен
философиялық мәнін ашу. Қазақтану теориясын мәдениеттанулық деңгейде
қарастырудың өзі жаңашыл талпыныс. Ұлттық бірегейлікті, ұлттық өзгешелікті,
қлттың тұтастығын қалыптастыратын мәдениеттің бір формасы.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Магистрлік
диссертацияның жалпы көлемі –
І. ЭПОСТАҒЫ ҚАЗАҚТАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ.

Еліміздің есею жолдары, халқымыздың өткен тарихи қазіргі таңдағы
ұрпақтың зердесін ашып, болмыс-бітімін тұлғалық дәрежеге жеткізіп,
дүниетанымын қалыптастыруға өз септігін тигізетіні хақ. Осы орайда,
қазақтану мәселесін қарастыру және де сол қазақтанудың компаненттерін
ұлттық мәдени рухани құндылықтарынан қарастыру өте тиімді, және де
объективті қажеттілік деуге болады.
Қазақтың тұлғалық, ұрпақтық және ұлттық сипаттарын бірдей
қалыптастыру, қарастыру мәселелері теориямен практикада дұрыс шешімін
таппай келе жатқаны мәлім. Ғалымдарды ғана емес, еліміздің жалпы
азаматтарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен талаптар аз емес. Сол
өткір де өзекті мәселелердің санатына жататындардың бірі – қазақтанудың осы
түрлі субъектілерінің ана тілді, ұлттық ділді, рухани байлықты
жетілдірудегі орны мен мүмкіндігі, сол қауымдастықтың әулеттік бақылайтын
және бақылаушы жүйе ретінде қамту, қалыптасқан жүйелерді жөнімен дұрыс
пайдалану жолдарын қарастыру.
Осы міндеттер: біріншіден, осы күрделі де құрылымды объектілер
табиғатына жүйелі түсінікті, дүниетанымдық бағдарды, мәдени құндылықтарды
және олардың өлшемдерін қалыптастыру; екіншіден, қазақ болмысы мен санасына
тән әлеуметтік гуманитарлық білімдер саласында тұтас гнесологиялық және
методологиялық ұстанымдарды енгізу; үшіншіден, адам және қоғам болмысының
ұрпақтық құндылықтарын жинақтау, оларды тұлғалық өмірдің тұтқасы болуына
демеулік ету.
Ақыры қазақтану объектісінің, көрінісінің, қызметтерінің айқындылығы
әрқалай болғандығына қарамастан оның тұтас бағдарламалық көзқарасы мен
мемлекеттік саясатын қалыптастыруға белсенді араласу. Сонымен гносологиялық
тұрғыдан алсақ, қазақтанудың міндеті – қазақтың санасын жеке нәрседен тұтас
қоғамдық деңгейге көтеру, қоғамдық болмыстағы жалпы қозғалыстан оның
құрамдас бөлшектерінің тәуелділігі мен тәуелсіздігін, яғни олардың орны мен
әулеттік анықтау; ал мәдени тұрғысынан алсақ – адамның, ұрпақтың, ұлттың
әлеуметтік мәдени мәселелерінен әлеуметтік деңгейге көтерілу, әлеуметтік,
әлемдік өзгерістердің тұлғалық өлшемдерін анықтау, жинақтау. Сондай-ақ
ұлттық қоғамдық деңгейде ортақ бағдарламалар серіктесті, рухани
сабақтастықты жетілдіру. Танымдық тұрғыдан алғанда, қазақ тарихы, қазақ
тілі мен әдебиеті, салалық білімдерді алғанда олардың ұстанымдары мен
қозғаушы күштері жеке адамның, ұрпақтың, халықтың, ұлттың ортақ мақсат-
мұраттарын бетке ұстаймыз ба, әлде, олардың нақты мүдделерін басшылыққа
аламыз ба?
Қазақтану – ұлттық мұраның, ұлттық мәдениеттің, ұлттық тарихтың
идеялық және методологиялық дәнекері, ұлттық рух пен ұлттық болмыстың
арқауы, ұлттық идея мен ұлттық тәжірибенің топтастырылған этномәдени
жүйесі. Мұны рух бастауы дейміз. Ұлттық рух – бұл қазақтанудың алғышарты
деуге болады. Ол тұрғыдан ұлттық рух дегеніміз – өткенмен есептесу, өткенді
ескеру, қайта қабылдау; бүгінді сақтау, сабақтастыру; болашақпен үндесу
және үйлесу. Ұлттық рух төрт бірдей қасиет-қабілеттің, сезімталдықтың,
пайымдаушылықтың, мойымаушылықтың, сезімділіктің жоғары бірлігі; үш бірдей
бастаудың – ар-ұяттың, жігер-намыстың, даналықтың күш-қуатын қамтиды; үш
қырлы белсенділікке жан-тәннің, күштіліктің, шыдамдылықтың тұтас көрінісіне
қызмет етеді [15; 17б.].
Ұлттық рухтың төрт бірдей деңгейі мен астары бар. Олар – танымдық,
идеялық, құндылық және әлеуметтік түрлері.
Ұлттық рухтың танымдық арқауы дегеніміз заман талабын саралау,
өтпеліліктің қисынын көре білу;
Ұлттық рухтың идеялық арқауы – ұрпақ санасын, ұлттық сезімді ояту,
саналылықпен санасу;
Білімсіздіктен, тәуелділіктен арылу жолдарын саралау, мақсатқа жету
жолдарын айқындау, адамның өмірлік қабілетін көбейту.
Ұлттық рухтың құндылықтары: ел мен халықтың тәуелсіздігін ұштау;
адамның мәдени, ал мәдениеттің тұлғалық бейнесін қалыптастыру,
ұлағаттылықтың, сүйіспеншіліктің, ынтымақтықтың, өзін ұстай білудің
қоғамдық ықпалын арттыру [15; 17б.].
Осы тұрғыда қазақтанудың түрлі объективті жағын қарастыра отырып
жоғарыда атап өткен ұлттық рух мәселесін дәріптеуде оны қалыптастырудың
көзі мәдени-рухани құндылықтарымыздың бірі халық ауыз әдебиетінің бір
саласы қазақ эпосын негізгі фактор ретінде алып қарастыру өте тиімді.
Жалпы, эпос жанрындағы дүниетанымдық ой өте айқын, танымдық-тәлімдік
үлгілері мол, отансүйгіштік, адалдық, мейірімділік, шыдамдылық,
сүйіспеншілік т.б. сияқты қасиеттердің қайнар бұлағы іспеттес.
Эпостағы образдар әр қайсысы өзінше жеке бір қасиеттің, тұлғалықтың,
адами қасиет, болмыс-бітімнің, көзқарастың көрінісі. Ал, басты қаһарман
батыр арқылы берілетін көркемдік ерекшелік тұлғалық болмыстың жоғары
сапасын, елін, жерін, ұлтын сүюшіліктің әсем сипатын, әділетсіздікпен,
шындықтың, жақсылық пен надандықтың нақты дәлелі болып табылады. Сондықтан
да қазақтану мәселесінде қазақ эпосының алатын орны ерекше деуге болады.
Эпостың мазмұнынан қазақтану мәселесін қарастыруда ең алдымен бас
қаһарман батырдың болмысына үңілеміз. Батырлық болмыстан қазақы қасиеттер
мен әдет-ғұрып, мінез-құлық нормаларын, қазақы тәрбиені, дүниетанымды
көруге тырысамыз.
Осы орайда, жалпы, батырлық тұлғаға тоқтала кету маңызды.
Батыр туралы сөз бастаудың, ой тастаудың өзінің басты шарты –
қазақтану және қазақты таныту, сол түйінді екі міндеттің басты жолы мен
өтімді тәсілдерін өзара үйлестіру, – деп атап көрсетеді ғалым, қазақтанушы
Ж.Молдабеков [15; 319б.].
Халқымыздың басынан өткен сан ғасырлар бойындағы тартыстар мен
соғыстарда халықтың мерейін көтеріп жеңіске жеткізген, елін, жерін жаудан
сақтаған, қызғыштай қорып, оны қорғау мен қорған болуды өзінің парызы
санап, сол жолда жан қиған батырлар қазақтың қазақтығын сақтауды, осы күнге
жеткізді. Халқымыздың тарихында осындай ірі тұлғалардың болғанын білу,
басқаларға білгізу – тарихи шындықты орнықтыру, жас ұрпақтың бойында ұлттық
мақтаныш сезімін ояту. Расында, ыстық жүректі, өткір ойлы, батыр тұлғалы
елдің туыстығын, қауымдастық, қоғамдық қатынастарда адамдық қасиеттерді
қалыптастырды. Тұлғалық келбет, ерлер елдіктің өлшеміне ұлаты.
Тарихи қажеттілік батырлар мен ыстық жүректілерді өмірге келтірді,
жайбарақат емес, сомдап қалыптастырды. Қарумен, күш қабілетімен
келбеттенген тұлғаларға тәнтілік артты, көзқарас жинақталып, олардың
тәуекелге бейім, сөзге берік, шешімінен қайтпайтын мінез-құлқы мен қимыл-
әрекетін құптаушылық әлеуметтік ағымға айналды.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет
еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған
жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны ерекше. Мұны көп ғасыр
бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының
өзі-ақ дәлелдей түседі.
Батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған
емес. Ол жеке образдар арқылы бүкіл халықтың батырлық тұлға, ерлік ісін,
сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар
жырының басты мәні де осында. Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын
халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы
үлгілері деп таниды. Енді сол шығармалардың өзіне тоқталып ондағы қазақтану
мәселелерін қарастырсақ.
Қазақ эпосының бірнеше түрлері бар. Зерттеуші ғалымдарымыз осы эпосты
жанрлық мәселесіне байланысты түрлерге бөліп қарастырады. Соның бірі болып
біз қарастырғалы отырған эпос түрі: қаһармандық, ұлыстық эпос болып
табылады. Оған Қобыланды батыр, Алпамыс батыр т.б. жатады. Дегенмен сол
эпостардың ішінде аталып отырған екі эпос өте көркем, тарихи, этикалық,
философиялық, дүниетанымдық жағынан өте толық, түрлі варианттары бар, ел
арасына көп тараған белгілі эпос болып табылады. Мәселен Алпамыс батыр
жырын алып қаралық: Жыр Алпамысты әрі батыр, әрі ақыл-айлалы, өнерлі, әрі
түрлі әдісі бар адам бейнесінде суреттейді. Оның батырлық образын толықтыра
түсу үшін халық ұғымындағы батырға тән кейбір қасиеттер де жырға қосылады.
Сондай қасиеттің бірі ретінде Алпамыстың ақылдылығы, достықты жоғары
бағалайтындығы алынады. Әлі сыр алыспаған, достығына толық көзі жеткен
Қаражанға Байшұбарды беріп жіберуі, тұлпарының неліктен аңсап келгенін
білмей жатып Қаражанды кінәлауы, оны өлтірмек болуы немесе мыстан кемпірдің
тіліне еріп Байшұбарды шауып тастай жаздауы – Алпамыстың аңқаулығы деп, оны
батырға тән қасиет деп сипаттайды.
Жырда Алпамыс өз кезінің үлгі еткен сүйкімді батыры, елдің ері болып
суреттелген. Алпамыс образы арқылы ел бірлігін көздеген халықтың батыр
жайындағы көзқарасы, арман еткен қиялы жинақталып берілген деуге болады, –
дейді ғалым С.Садырбаев [10; 153б.].
Алпамыс батыр жырының кейіпкерінің бірі – Гүлбаршын. Жырдың
композициялық жағын алғанда, көптеген әңгіме Гүлбаршынға байланысты дамып
отырады. Байбөрі мен Байсарының құда болысуы, Тайша мен Қаражанның таласы
сияқты күрделі оқиғалардың негізгі түйіні – Гүлбаршын. Жырдағы сюжет
құрылысына осындай айрықша орын алған Гүлбаршынның образ жасауға жыршылар
үлкен мән берген. Гүлбаршын асқан сұлулықтың, көркемдіктің бейнесі ғана
емес, ең алдымен ол ел сүйген батырға жар-жолдас, кіршіксіз таза, айнымас
доя тұлғасында жырға қосылады. Жырда Гүлбаршын асқан ақылды, әдіс-айласы
мол, досына сенімді серік, адал ару бейнесінде көре түседі. Қысылшаң кезде
ақылмен жол тауып, төніп келген қауіптен құтылып отырады.
Гүлбаршын басқа жырлардағы батырлардың әйел жолдастары секілді
Алпамысқа қамқоршы дос, жәрдемші жар болып суреттеледі. Халық оны өз
кезеңінің үлгілі қызы деп жырлайды.
Жауыздық іс-әрекеті көп, халыққа зорлықшыл бейнеде алынған Ұлтан –
жырдағы ең жағымсыз кейіпкер. Оның ұнамсыз бейнеде алынуы, Ұлтанның құл
болғандығында емес, ісінде. Ол Алпамыстың елде жоқтығын пайдаланып, өзін-
өзі хан көтереді. Алпамыстың ағайын-туыстарын азапқа салады, ел-жұртты быт-
шыт қылып бүлдіреді. Өзін-өзі хан көтерген Ұлтан ел басына еңіреген күн
тудырады. Ұлтанның елге істеген жауыздық істерінің аса бір жан түршігерлік
жері көкпарға жеті жасар Жәдігерді тартуымен көрінеді. Халықтың арғы-бергі
тарихында адам баласын көкпарға тарту болған емес. Бірақ мұны Ұлтан ғана
жасайды.
Халық жыры Ұлтан образын аса жиіркенішті етіп жасай отырып, ол арқылы
қиянатшыл, зорлық жасаған жауыз адамның бейнесін елестетеді. Ұлтанға деген
өшпенділікті күшейте түседі, оның халыққа қызмет етуді мақсат етпеген адам
екендігін, қайта көпшілікке көр қазушы болғандығын айқындайды. Ұлтан
халыққа қастық істер жасағаны үшін жазаға бұйырылады. Халық даналығындағы
көп асқанға бір тосқанның болатындығын осы сюжет дәлелдейді. Адам баласын
өмір жолында жамандық атаулының тек жиіркенішті, ғұмыры қысқа болатынын
сипаттайды. Осындай жиренішті образ арқылы халық жыры ел мүддесін қорғаған
Алпамыс секілді батырды ардақтайды. Яғни жамандықты дәріптеу арқылы алған
жақсылықтың компаненттерін қарсы қойып, мерейін арттырады.
Жырдағы Қаражан атты кейіпкер ел-жұртын сүйген, адамагершілік жағынан
ешкімнен де кем түспейтін батыр.
Қазақтағы батырлар жырының көпшілігінде қалмақ батырлары жағымсыз
кейіпкер болып суреттелген. Олар көрші елдерге ойран салушы, соғыс ашып,
жорық жасаушы, қанқұмар басқыншылар болып келеді. Ал Алпамыстағы Қаражан
ондай адам емес. Қаражан қалмақ батыры бола тұрса да, ұнамды бейнеде
суреттеледі. Өйткені Қаражан – ел қамын ойлаған, жаттан жау тілемеген және
жорық жасауды мақсат етпеген батыр. Ел-жұрттың тыныштығын ойлаған Қаражан
Алпамысқа берген достық сертін бұлжытпай орындап отырады. Ол бұл ретте,
қанша ауыр болса да жалғыз баласы Досмахамбетті өлтіруге дейін барады. Бір
жағынан жұрт алдында Алпамыстай досының абыройлы болуын көздесе, екінші
жағынан, өзінің де батырлық сертке берік екендігін білдіреді. Міне, осы
сияқты әңгімелер арқылы жыр адалдық, әділеттілік, шыншылдық, сертке
беріктілік сияқты адами болмыстың құндылықтарын паш етеді. Өмір шындығын
қалмақ батыры Қаражан арқылы бейнеленеді. Әр адамның достық қарым-
қатынасының өлшемі оның ұлтында, жасында, жынысында емес, адами болмысында,
дүниетанымында, адамгершілік қасиетінде екенін ұғындырады.
Осы секілді әңгімелерді айта отырып, жыр Қаражанды ел қамын ойлаған,
қара бастың мүддесінен де көпшілік мүддесін жоғары ұстаған батыр етіп
суреттейді.
Алпамыс қазақтағы батырлар жырының ең ескісі, оған кейбір
әңгімелерінің ертегі түрінде айтылуы дәлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір
образынан да көруге болады. Жырдағы мыстан мол жауыздықтың, зор қастықтың
иесі болып келеді. Оны жыр: қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан...
тізесіне шекпені жеткен, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар [22],
– деп сипаттайды. Ол өзінің қастыққа толы іс-әрекеттерін асқан айла-амалмен
іске асырып отырады.
Бірақ мыстан кемпір қаншама айлалы болса да, халық жазасынан
құтылмайды. Сол қаскүнемдік істері үшін ол қорлық өлімге душар болады.
Халыққа және оның ардақты ұл-қыздарына жасаған жауыздықтары, ақырында
мыстанның өз ажал оғы болып тиеді. Мыстанды халық жыры жауыздықтың, қастық
пен қиянаттың бейнесінде ала отырып, оны халықтың және көпшілік үшін
күресушілердің жеңетінін аңғартады.
Жырдың композициялық құрылысында, жырдағы тартыстарды шиеленістіруде
мыстан образының айтарлықтай орны бар. Әсіресе жырдың екінші бөліміндегі
оқиға, тартыстардың бір-біріне ұштасуы және дамуы мысатанға байланысып
жатады. Егер мыстан кемпір болмаса Алпамыс Тайшық ханға тура барып, оны
жеңіп қайтар еді, жеті жыл бойына зынданда жатпас еді. Сондықтан да жырдың
бұл бөлімінде мыстан образы көптеген оқиғаларды бірінен-бірін тудыра,
шиеленістіріп баяндау үшін енгізілген сияқты. Мұны ертедегі батырлар
жырының сюжет құрудағы ерекше бір әдісі деп қарау керек.
Басқа жырлармен салыстырғанда Алпамыс жырының өзіне тән бір
ерекшелігі – оқиғаны шиелінспен қатар, диалог арқылы баяндауында.
Алпамыс жырында бір оқиғаны әңгімелеп келе жатады да оны бітірместен
екіншісіне көшеді. Осы реттен жырдың көптеген әңгімелері баяндалады. Кейде
оқиғаның неден туғандығын, қандай себептер барлығы бірден айтылмайды, оған
соңынан оралады. Гүлбарпшынға таласқан хан мен Қаражан әңгімесін немесе
Алпамыстың жеті жылдан кейін еліне оралған жайын алайық. Бұл оқиғалардың
бәрі шегініс арқылы әңгімеленген, жырдың жалпы желісін бұзбай, оқиғаны
шегініс арқылы баяндаудың композициялық мәні өте зор. Жыршы-ақын тыңдаушы
көпшілікті өзіне тартып, жыр оқиғасына қызықтырып отыру үшін шегініс әдісін
әдейі жиі қолданған секілді. Белгілі бір оқиғаны шарықтау шегіне жете
бергенде үзіп тастап, екінші әңгімеге көшу арқылы тыңдаушыны ынтықтыра
түседі, алғашқы оқиғаның немен аяқталарына құмарлықты күшейтеді.
Алпамыс – тілі, өлең құрылысы жағынан да бірсыпыра өзгешеліктері бар
жыр. Ең алдымен жырдың сөздігіне қазіргі күнде мағынасы ескірген немесе
қолданудан шығып бара жатқан сөздер көп кездеседі.
Алпамыс жыры өлең құрылысы жағынан біркелкі емес. Мұнда оқиғаны
біресе өлең түрінде, біресе қара сөзбен жырлау мол орын алады. Басқа
жырларда батырлық, ерлік істер көбінесе өлеңнің жыр түрі арқылы суреттелсе,
Алпамыста оны қара сөзбен, не он-он бір буынды, кейде жеті-сегіз буынды
өлеңмен баяндайды. Мұның мәнісі – Алпамыстың қазақ өлең құрылысынан жыр
түрінің енуінен бұрын туындағанында болуы керек.
Отан сүйгіштікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары
бағалайды. Ол жеке батырлар арқылы халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін,
сарқылмас күш-қуатын елестетеді.
Қазақ эпосындағы батырдың образы қашанда зұлымдыққа, жауыздыққа,
қараниеттілікке қасқая қарсы шыққан, шындық пен әділеттік үшін тізе
бүкпеген қайратты да, қайсар жан болып сипатталады. Туған ел-жұрты үшін
табан тірестің белтірегіне және тұлғасына жараған. Ел-жұртының мұңы мен
мүддесіне ғана қажет шешімге тоқтаған. Адалдығымен батыл сөйлеген,
әдепсіздікке ермеген. Жан мен тәннің, сезім мен сенімнің бейнесі.
Батырдың тұлғасын екі жақты кейіпкер арқылы бірін-бірі айқындай
түсетін жамандық пен жақсылықты қарсы қойып өмірлік шындық, адами болмыстың
қағидаларын, адамгершілік пен ұлттық мінез-құлықтың сипатын дәл көрсетеді.
Мәселен: Ер Қамбар эпосын алып қаралық: Назым қызға таласқан Қараман мен
Қамбардың жекпе-жектегі бейнелері бір-біріне қайшы бола тұрып, бірін-бірі
айқындайды. Дегенмен батыр атаулының керемет алып күштің иесі екені екі
образда да бірдей болғанымен мінез-құлық, батырлық тұлғалық, болмыс-бітім
өзгеше етіп, яғни жағымды және жағымсыз етіп көрсетеді. Айырмашылықтың өзі
осында, адами болмыс пен іс-әрекеттің батыр тұлғасынан көрініс табуы
халықтың ұлттық болмысы мен ұлттық дүниетанымының, далалық көшпенді
мәдениеттің қарасын танытады. Сонымен қатар Қамбар батыр жырындағы
Назымның бейнесі қазақы әйел бейнесін сомдайды. Ер адамды пір тұту, оған
өзінің салиқалы ақылымен, хас сұлулығымен дем беріп, жол көрсетіп, айнымас
жолдастық қалыпты сипаттайды. Әйелге тән ибалық пен байсалдылық, дүниетаным
мен әйелдік болмыстың асыл қасиеттері Назым бойында аса бір сұлулық пен
үйлесім тапқан.
Эпостағы әйел образының сипаты қандай жанрда болсын өте көркем
суреттеледі. Адамгершілік сипат пен адами болмыс-бітімнің биіктігін
өлшейтін жарға адалдық, жұртқа үлгі, бір ұлыстың мақтанышы болар жоғары
ізгі, парасат иесі ретінде көрсетіледі.
Осындай құндылықтар мен философиялық мәнді ойлар Қобыланды батыр
жырында да кең өріс алған. Асқан ақылды, хас сұлу Құртқаның бейнесі, іс-
әрекеті Алпамыстағы Гүлбаршынмен, Ер Қамбардағы Назыммен, Ер
Тарғындағы Ақжүніспен сабақтас. Бұл бүкіл қазақ даласындағы, дала
өміріндегі көшпенді халықтың әйел болмысынң көрінісі. Ұлттық тәрбие мен
ұлттық дүниетанымның сипаты. Айнымас үлгісі. Құртқаның Қобыланды батырдың
оң қанаты болуы, ақылымен, парасатымен жабыққанда батырға сүйеу болып, дем
беріп, ақыл айтуы, сөйте тұра оны жар-жолдасы ретінде пір тұтып, сыйлауы
Қобыландының жырдағы тұлғасын тіпті асқақтатып жібереді. Бұл қазақ эпосының
болмысының қуаттылығы.
Ер Тарғын жырындағы Тарғын мен Ақжүністің айдалада қалып, аштықтан
өлер болғанда бір-бірімен бақұлдасқан толғауларындағы философиялық ойлар
асқақ сезім мен адалдықтың, жұбайлық қарым-қатынастың шынайылығын, батырдың
әйел заты алдындағы ілтипатымен Ақжүністің Тарғын алдындағы құрметі
қалтықсыз қазақы менталитеттің көрінісі іспеттес. Бақұлдасып толғанған
Тарғын айдалада еш шарасыздығын еске алып жаси түседі, осыған налыған
Ақжүніс ерінің осал тұсын байқап қалып, биік ағаштан құлап мерт болдың,
өлеріңде қара жер болдың деп ашуға мініп Тарғынды діттейді, анығын айтқанда
қайратын оятып, жігерін жаниды. Міне, Ақжүністің бұл ойы Тарғынның ары
қарай өмір сүріп, қиындықтан жол табуына себепші болады. Ызаланып бүйтіп
жатқанша бір жола өлейін деп белін қолымен басып қалғанда Тарғынның бел
омыртқасы орнына түседі. Ақжүністің парасаты мен әдептілігі, ақылы мен
айласы тарғын жолындағы болашаққа бастар шам-шырақ сияқты болды.
Мұндағы айтпағымыз қазақ эпосындағы әйел бейнесінің ұлттық болмыстың,
ұлттық дүниетанымның, қайырымдылықпен, ізгіліктің әйел жүрегімен айналасына
шуағын шашатынын сипатталады.
Қазақ эпосындағы халықтың бас бостандығы үшін басқыншы жауға қарсы
күресі, әлеуметтік теңсіздікке наразылық тақырыптары ру, үй іші тақырыбымен
қосылып күрделі сюжетке айналады.
Басқа халықтардың эпосына қарағанда қазақ эпосында үй іші тұрмысына
қатысты тақырып жырда бірінші орынға қойылады. Және де басты кейіпкердің
айналасындағы образдардың көпшілігі батырдың туысқандары болып келеді.
Батырдың қолдаушылары оның жақын туысқандары, өз руының адамдары. Мысалы:
Қамбарда – ноғайлылар, Алпамыста – қоңыраттар, Қобыландыда – қыпшақтар
болады.
Батырға жаны ашитын да, оның ерлік ісіне сүйсінетін де оның ата-анасы.
Батырлар жорыққа шығарда аталастары бата беріп шығарып салады. Ал батырдың
өзі тек ата-анасына ғана емес, бүкіл туған-туысына, ел-жұртына, ауылының
түйеші, жылқышы, сиыршы шалдарына дейін үлкендігін құрмет тұтып,
мейірімділік көрсетеді, сапарға шығатынын айтып бата сұрайды.
Көп жырларда жоғарыда баян еткеніміздей әйелі немесе қалыңдығы серік
болады, оны қолдап отырады. Мысалы Ер Тарғын қайда барса да, Ақжүніс онымен
бірге жүреді, тіпті соғысқанда да бірге болады. Қамбар батыр соғыс
майданында жүргенде Назым қыз ентіге басып жүгіріп келіп, батырдың ерлігіне
сүйсінгендігін айтып, оның рухын көтереді.
Қобыланды батырдың жан серік аты Тайбурылды батырдың әйелі Құртқа
баптайды. Қазақ әйелдері ежелден-ақ үйдің сәнін келтірушілер деп саналады.
Киіз үйдің киізін басатын да, бау-басқұрын тоқитын да, көшіп-қонғанда киіз
үйді тігуші де, жығушы да, қой, сиырды, биені сауушы да, тамақ пісіріп,
киім тігуші де әйелдер болғанын жырда асқан көркемдікпен суреттейді. Баланы
тәрбиелеуші, оларға небір әдемі ертегі, жырды айтып, бойына мейірімділік
пен парасаттық, ұлттық рухтың дәнін себуші де сол әйелдер.
Патриархалдық-феодалдық әдет-ғұрып қазақ әйелдерін қаншалықты
кеміткенмен де олардың өмірден алған еңбектегі тәжірибесін жырда өте жоғары
сипаттайды. Қобыланды жоқта оның туысқандарын Алшағыр жаулап алып кетеді.
Туысқандарын жаудан босатудың жолын Қобыландыға Құртқа көрсетеді. Ал Ер
Тарғын эпосындағы Ақжүніс ақылдылығымен, тапқырлығымен Ер Тарғынды
өлтірмекші болған Қарт Қожақты тоқтатады. Эпоста қалың бұқарамен батыр және
оның төңірегіндегілер батырдың асқақ абыройымен батырлығына бірі сүйсінсе,
бірі күйінеді.
Эпоста жағымды кейіпкерлердің өз жеріне, руына, туысқандарына деген
махаббаты қалмақ ханының шабуылы немесе өздерінің байлары мен билерінің
қысымы кезінде ерекше айқындала түседі. Осындай негізде олардың өзара
бірлігі күшейеді. Алпамыстың Ұлтанға, Тайшық ханға қарсы күресін бүкіл
Қоңырат руы, бтырдың үй іші болып қуаттайды. Қалмақ ханы Мақтымға қарсы
Қамбардың күресін барлық тобырлар мен бүкіл ноғайлылар жақтайды. Басып
алушыларға қарсы Алпамыста – Қаракөз, Кейқуат, Қобыландыда – Қарлыға
күреседі. Осының салдарынан зорлықшыл хан елінен өзін қуаттайтын күш таба
алмайды. Батырлар жырындағы қалмақтың зорлықшыл ханымен жәбірлік көрсетуші
көпшіліктің арасындағы талас-тартыс бұқара халықтың пайдасына шешіледі де
олардың жеңісімен аяқталды.
Эпоста халықтың сана-сезіміндегі әр түрлі қайшылықтар, алдыңғы
пікірлер мен керітартпа ойлар, оның күшті және әлсіз жақтары өмір шындығына
байланысты дұрыс көрсетіледі, сол арқылы қоғамдық топтардың күшін байқатады
және әр дәуірде өмір сүрген халықтың арман-тілегінің ізі жатады.
ХХ ғасырдың басында қайта айтылған эпоста да өткен дәуірдегі ескі
ұғымдар жоғалып кете қоймайды, – деп атап көрсетеді зерттеуші Р.Бердібаев.
Эпос сюжетінде алланың не әулиенің, батырлардың қорғаушысы Ғайып-
ерендердің образдары аяқталады. Батырдың оларға деген сенімі, оның
туысқандарының аспаннан жәрдем кұтіп, тілек тілеуі сияқты ислам дінінің
қосқан таңғажайып оқиғалардың қалуы да сондықтан.
Эпосты алғашқы шығармаларда, оны айтушыларда, оның кейінгі
варианттарын айтушыларда да діннің әсері бар. О дүниеде өмір бар, онда
мықты күш бар деген ұғымға иланушылықты олар өздеріне кінә деп санамайды.
Сондықтан да эпостағы діни нанымдар кемістік деп саналмайды. Ғасырлар бойы
ислам дінінің осындай үгітінің нәтижесінде бұл түсініктер эпоста да,
бұқараның санасында да мықты бекиді.
Қазақ эпосында сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық мәселенің де
суреттелуі қазақ қоғамының түрлі оқиғаларынан мағлұмат береді.
Қамбар эпосында кедейлер аталас байлардан ешқандай жәрдем күтпейді.
Қазақ елінде ертеден таралған жақынның жәрдемі деп аталатын туысқандық
көмек бұл эпоста жоқ. Себебі жағымсыз кейіпкерлердің қаталдық,
қайырымсыздық деген жиіркенішті қылықтары адамдарды әлеуметтік теңсіздікке
жетелейді.
Әрбір ғасырдағы қоғамның даму процесі эпостың сюжетінде ерекше көрініс
тапқан. Халықтың әр жақты арман-тілегі эпоста жырланатын батырдың бүкіл
тұлғалық болмысында шоғырланған. Ол күресте де, әлеуметтік-әділеттілікті
жақтауда да, махаббатта да, ерлігімен де жан-жақты ең жақсы сұрыпталған
қасиеттердің иесі болып суреттеледі.
Батырлар жырындағы қазақы болмысты танытатын тағы бір өрнек, ол –
болашақ батырлардың ата-анасы қартайған, баласы жоқтықтан көрінгенге күлкі
және жеккөрінішті болған бай адамдар болады. Қариялардың өмірі ешбір
қуанышсыз өтеді, өмірден үмітін өздерінің бай ауылын, сан жетпеген қоралы
қойын, тоғай толы жылқысын қалдырып, жер-жердегі әулие-әмбиелерге түнеп,
жан баспаған, адам жүрмеген иен жерлерге барып мұрагер болатын ұл бала бер
деп тағдырдан тілейді. Бұл жыр арқылы беріліп отырған халықтың тілегі,
арман мүддесі.
Осыдан кейін қыдыр әулиелердің көмегімен қартайған жұбайлардың зарығып
күткен мұрагерлері дүниеге келеді. Өмір бойы бала күтіп зарыққан ата-
аналардың баласы ғажайып батыр болып туады.
Батырлардың халықтың арман-тілегі арқылы ғажайып түрде дүниеге келіп,
жұртының тілегеніндей батыр да, күшті, ақылды, парасатты болып ер жетуі.
Халқын, жұртын қорғап ерен батырлық істер жасауы қазақ болмыстың зор
табиғатын суреттейтін табылмас дерек, баға жетпес құндылық.
Кісілік пен кішілік, сөзге тоқтау, үлкенді сыйлап, алдын кесіп өтпеу,
аналарының ақ жаулығын пір тұтуы т.б. қазақтың ұлттық болмыс-бітімінің
нақты сипаты. Біріншіден, эпоста халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпы,
наным-сенімі, дүниетанымы жатса, екіншіден, әр ғасырдағы қоғамның даму
деңгейі, әлеуметтік қайшылықтар, ұлттар мен ұлыстарсдың талап-тілектері
тоғысқан.

1.1. Эпос жанрының зерттелуі мен қалыптасуының тарихи үрдісі
Қазақ халқы ғасырлар бойында адамзаттың рухани қазынасын байытарлық
аса қымбат фольклорлық мұра жаратты. Сол мұраның бір ғана саласы – эпостың
өзі сыры терең, көркемдігі кемел, мақтан тұтарлық, мәні мен сәнін тауысып
айтып болмастай, философиялық тұрғыдағы ерекше рухани байлық.
Эпос сахараның сансыз ақыны мен жырауы, жыршысы салып кеткен өрнегі
өшпес, бояуы солғын тартпас, сыны кетпес ескерткішіміз. Эпикалық жырлардан
тарихтың ұзақ жолының елесі, халықтың әлеуметтік-гуманитарлық ой-өрісіне,
өмірлік күрес тәжірибесіне берген бағасы жақсылық пен жамандық, биіктік пен
пәстік, қымбат пен арзан, пәктік, мәрттік, адалдық, зұлымдық туралы
тұжырымы танылады. Эпос өмірдің ұсақ-түйегін тәптіштейтін қандай құбылыстың
да қасиетін ірі, таза, табиғи өлшеммен таразыға салатын талғампаз да асқақ
өнер.
Түрлі мәдени даму ерекшеліктеріне байланысты көп елдерде эпос
сақталмаған.
Жалпы, эпостың қалыптасуы мифтен ертегіге, ертегіден эпосқа дамып
жетіліп отырған. Әуелден эпостың қалыптасуы халықтың діни-наным сеніміне,
мифологиясына байланысты. Халық өзінің арманын, ой-толғамын, дүние-танымы,
философиялық көзқарасы осы эпос арқылы жеткізе берген.
Эпосты алғашқы шығарушыларда, оның кейінгі варинаттарын айтушыларда
діннің әсері бар. О дүниеде өмір бар, онда мықты күш бар деген ұғымға
иланушылықты олар өздеріне кінә деп санамайды. Олардың ойынша о дүниедегі
өмірдің күшіне сенушілік батырдың күшін жоғарылата түседі деп қарайды.
Сондықтан да эпостағы діни нанымдар эпостың шығу тегін өте көне замандармен
байланыстырады.
Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлықты аңыз деп жариялайды. Оны
әдетте жыраулар қобызға, домбыраға қосып белгілі бір әнмен немесе күй
сарынымен орындайды. Эпикалық жырларды бірнеше ерлік ісімен көзге түскен
немесе жауын жеңіп шыққан батырлар жайлы әңгімеленеді. Бұл жеңістер арқылы
батыр өз рухын және көршілес рулар мен тайпаларды шетел басқыншыларының
зорлығынан босатып, халықты ауыр халден құтқарады. Эпоста халықтағы ең
қамқоршы және қорғаны болған батырдың жақсы қасиеттері жырлана отырып ең
биік, нақты тұлға образ жасалынады.
Эпоста халықтың өмірдегі арманы, күткен мақсаты өте көтеріңкі
жырланады; ондағы суреттелетін батыр өз рухының мүддесін жүзеге асыру
жолында қандай бөгеттерді болса да жеңіп шығады. Шетел басқыншыларынан өз
жерін қорғау, халыққа зорлық көрсетушілерді жазалау, бейбітшілік орнату –
эпикалық жырлардағы батырдың ең басты міндеті болып келеді. Халық
өміріндегі батырлықты көрсету – эпикалық жырлардың ерекшелігі. Онда халық
тарихы еске алынып жырланады. Бірақ тарих эпостағы әр дәуірден құралған
кезең деп аталатын шеңберде ғана суреттеледі. Сонымен бірге эпикалық
жырларға қазақ халқының әр ғасырда басынан өткерген оқиғаларының
философиялық мағынасы көрініс табады.
Ертедегі қазақ рулары мен тайпаларына қарайтын елдерге зорлық
көрсетушілерге қарсы тұрғанда, өзара таласып елді қылышпен билемек болған
хандарға қарсылық көрсеткендер және қалмақ басқыншыларымен күресіп тамаша
ерлік көрсеткендердің батырлық істерінен жиналып біртұтас образ жасалынады.
Сөйтіп эпоста әр дәуірден құралмған кезеңнен алынған батыр образы туады.
Сөйтіп, халықтың ұзақ жылдар бойы істеген еңбегінің жемісінен оның шындық
өмірін көркемдеп жырлайтын дүниетанымдық, философиялық мағынадағы қазақтың
эпос жанры туады.
Қазақ эпосын жинау ертеде басталды. ХІХ ғасырда олардың бірнешеуі
қағазға түсірілді. Сол кезден бастап халық арасында көп тараған батырлар
жыры жазылып алынуда. Олардың көпшілігінің ел аузынан жазылып
алынғандығынан бірнеше варианттары да бар. Қазақтың батырлар жырын бірнеше
рет жазып алған Ш.Уалиханов пен Н.И.Ильминский болды.
Н.И. Ильминский өзі жазып алған Ер Тарғын эпосын 1862ж. Қазанда
жариялайды. Бұдан біраз кейінірек В.Радлов Ер Тарғын, Ер Сайын жырларын
халық арасынан өзі қайта тыңдап, эпостың тілін біраз жөндеп Түркі тілдес
халықтардың әдебиетінің нұсқалары деген кітабында жазады. Бұлармен қатар
қазақ эпосын орыс ғалымы И.Н.Березин де жинайды. Оның архивінен өткен
ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған Қамбар батыр туралы аңыздың бір
қолжазбасы табылды. Сол жылдары Ы.Алтынсарин де қазақ эпосын жинай
бастайды. Ол Қобыланды батыр жырынан Тайбурылдың шабысы деген үзіндіні
1879ж. шыққан Қырғыз христоматиясына енгізеді (13; 98 б.(.
Дегенмен, жазып алынған деректерде эпостың тілінде кездесетін әртүрлі
тұрмыс-салтқа байланысты сөздерге дұрыс философиялық түсініктер
берілгенімен, эпос кімнің атынан шыққан, жыраулардың творчествосы жөнінде
де мәлімет өте аз.
Сол кезде жоғарыда келтірген ғалымдардан басқа да эпос жинаушылар
болған. ХІХ ғасырдың орта кезінде қазақ эпосы Қисса деген атпен жариялана
бастайды. Қиссаларда жырдың мазмұны біраз бұрмаланып, тілі татар
тілдерімен шұбарланатын, ал эпостың өзі туралы еш мәлімет берілмейтін.
Қазандағы сауда үйі бұхара халықтың білімге деген ынтасын, кітапқа
мұқтаждығын пайдаланып, қисса шығаруды оңай байудың бір жолы деп қарады,
оның тарихи, әлеуметтік-философиялық мән-маңызына мән бермеді, – деп
көрсетеді Қазақ әдебиетінің тарихында (13; 286 б.(.
Батырлар жырын жинау ХХ ғасырдың басында жандана түседі. 1901 жылы
Торғай газетінде Қобыланды мен Ер Сайын жырлары басылады.
И.А.Кастаньенің Ертедегі қырғыз даласы және Орынбор өлкесі деген
кітабында Қобыландының басқа бір варианты мен Бозмұнай, Ер Сайын
жырлары жарияланады. Н.Я.Саркин де Ер Тарғынның бір вариантын жазып
алады. Ә.Диваев та Алпамыс жаңа түрлерін іздеумен қатар, ол жырдың екі
вариантын жариялайды. 1906 жылы Орынбор архивінің ғылыми комиссиясы
ақындардан Қобыланды мен Бозмұнай жырларын жергілікті мұғалімдерден
жазып алған (13; 287 б.(.
Халық творчествосын ХХ ғасырдың бас кезінде жинағандар эпостың
таралған ортасы мен оның айтушыларына көбірек көңіл бөледі. Ақын-жыраулар
жөнінде олардың айтатын жырлары туралы мәліметтерді баспа бетіне жариялай
бастайды (13; 287 б.(.
ХХ ғасырдың басында қиссалар көбірек басылады. 1909-1919 жылдары Ер
Тарғын, 1903 жылы Қамбар (Тоқсан үйлі тобыр деген атпен), 1914 жылы
Қобыланды, 1901-1914 жылдары Алпамыс жырлары жарыққа шығады.
Жарияланған бұл нұсқалардың бір қатарында жыршының орындау мәнері, жырдың
негізгі тексті бұзылмай дәл берілген. Ал кейбір жырлар жөнделінген деген де
жорамал бар.
Сөйтіп, қазақстың батырлар жырының Октябрь революциясына дейін баспа
жүзінде шығуы біркелкі емес. Жыршының жырды ауызша орындауын дәл жазып
алатындар да, өзінше өңдейтіндер де болды (12; 11 б.(.
Эпос жинаудың жаңа кезеңі Октябрь революциясынан кейін басталды. Бұл
кезде экспедиция арқылы қазақ эпосының көбірек тараған аудандарын толық
қамту, жырауларға ерекше көңіл бөлу, бір жырдың бірнеше вариантын жазып
алу, сонымен қатар жырдың философиялық, дүниетанымдық, мәнін ашу сияқты
жұмыстар жүргізілді (12; 21 б.(.
Батырлар жырын жинау әсіресе біздің ғасырдың 40-50 жылдарында нәтижелі
болды. Осы кездерде жүздеген эпос және олардың варианттары жазылып алынды.
Алдымен эпостың көп тараған аудандарын анықтап алып, содан кейін
экспедициялар жіберілді. Айса Байжанов, Мұрын Сеңгірбаев сияқты жыраулардың
білетін жырлары жазыла бастады. Өткен ғасырда және біздің ғасырдың басында
халық ауыз әдебиетін жинаған А.В.Васильев, И.Н.Березин, Р.И.Игнатьев,
М.Көпеев материалдары әр жердегі архивтерден алынып, бір жерге жиналды (12;
21 б.(.
Батырлар жырын жинау жұмысына жазушылар, мұғалімдер, студенттер
қатысты. Жаңадан жиналған материалдар Қазақ СССР ғылым академиясы Ғылыми
кітапханасының қолжазба фонды мен Қазақ СССР Ғылым академиясы Тіл және
әдебиет институтының Халық творчествасы бөлімінің қолжазба фондына сақтады
(12; 25 б.(.
Олар бірқатар әртүрлі жинақтарда, қазақ әдебиетінің христоматиясында
және жеке эпос түрінде де жарияланды. Тек соңғы жылдарда жеке эпостың
ғылыми баспасы жарыққа шығып, оның философиялық мәні қарала бастады.
Эпостың бұл ғылыми баспасы көп жылдардан бері қазақтың батырлар жырын жинау
жұмысының қорытындысы болды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қобыланды батыр
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
«Қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р.Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу
Эпостағы тұлпар образы
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
Пәндер