Диалог түрінде сөйлеуге үйрету



КІРІСПЕ ... ...1
1 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің теориялық негіздері ... ... ... ... ...5
1.1 Ағылшын тілі сабағында диалог түрінде сөйлеуге үйрету әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 диалог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі. мәтін ... ... ... ... ..
1 . Бөлім бойынша тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
2.1 Диалогты ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары
2.2 Тәжірибе жұмысының қортындысы
3.ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .125
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін
1 Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативті акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. Фил.ғыл.канд....автореф. – Алматы, 2006. – 24 б.
2 Хасанұлы Б. Жизнь языка и язык жизни. Сборник статей // сост. Шаймерденова Н.Ж., Сабитова З.К., Алтынбекова О.Б., Акберди А.К. Под общ. ред. Н.Ж.Шаймерденовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 289 с.
3 Иманғалиева Г. Типология диалогов. Фил.ғыл.канд....дисс. – Алматы, 1999. – 128 б.
4 Брыдина Г.В. Динамическая структура русской диалогической речи. Тверь, 1992, – С. 58-81.
5 Михайлов М.М. Принципы коммуникативно-прагматического конституривания диалогической речи. // Диалог глазами лингвиста. – Краснодар, 1994. – С. 29-34.
6 Арутюнова Н.Д. От образа к знаку // Мышление. Когнитивные науки. Искусственный интеллект. – М., 1988. – С. 147-162.
7 Рождественский Ю.В. Теория риторики. Изд. 2-е, М., Добросвет, 1999, – 482 с.
8 Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006. – 86 б.
9 Ястрежемский В.Р. Методологические аспекты лингвистического анализа диалога // Диалог: теоретические проблемы и методы исследования. – М., 1991. – С. 82-108.
10 Богушевич Д.Г. Опыт классификации эпизодов вербального общения // Языковое общение: процессы и единицы. –Калинин, 1988. – С. 13-21.
11 Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1974. 360 с.
12 Ерназарова 3. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. Фил.ғыл.докт....дисс. автореф. – Алматы, 2001.- 50 б.
13 Демьянков В.В. Конвенция, правила и стратегии общения (интерпетирующий подход к аргументации) // изв. АН СССР. Серия литературы и языка. 1982. № 4, – С. 327-336.
14 Эрвин-Трип С.М. Язык. Тема. Слушатель. Анализ взаимодействия // Новое в лингвистике. -М.: Прогресс. 1975. – С. 336-363.
15 Баранов А.Н., Крейдлинг Г.Е. Иллокутивное вынуждение в структуре диалога / Вопросы языкознания. 1992, №3. – С. 84-93.
16 Чахонян Л.П., Поронян Ш.Л. Взаимодействие интенции как фактор определяющий межличностного общения // Личностные аспекты языкового общения. – Калинин, 1989. – С. 67 -79.
17 Сухих С.А. Языковая личность в диалоге // Личностные аспекты языкового общения. – Калинин, 1989. – С. 28-36.
18 Уәлиев Н. Сөз талғамы. Көркем тіл кепілі. // Қазақ әдебиеті, 1981, декабрь.
19 Винокур Г.О. О языке художественной литературы. – М.: Высшая школа, 1991.
20 Абдыкаримова Д. Типология реплик казахского и русского диалогов. Фил.ғыл.канд.... дисс. – Алматы, 1999. – 138 б.
21 Куницина В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.Н. Межличностное общение. Учебник для вузов. СПб, 2001. – С. 493.
22 Красных В.В. Основы психолингвистики и теории коммуникации: Курс лекций. -М., ИТДГК «Гнозис», 2001. – С. 270.
23 Дурст-Андерсон, Ментальная П.В. Грамматика и лингвистические супертипы // Вопросы языкознания. 1996, №5. – 31 с.
24 Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1984. – 271 б.
25 Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, 2001. № 4. 39 - 44 б.
26 Леонтьев А.А. Основы речевой деятельности. – М.: Наука. 1974. – 368 с.
27 Зернецкий П.В. Динамические аспекты семантики и прагматика дискура // Личностные аспекты языкового общения. Сборник. -Калинин, 1989. – С. 75-81.
28 Ахманова О.С. О стилистической дифференциации слов // Сборник статей по языкознанию. –М., 1958, 31-34 с.
29 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Оқулық. – Алматы, 2003. – 242 б.
30 Розенталь Д.Э. Справочник по русскому языку. Практическая стилистика. – М.: ООО «Издательство Оникс»: ООО «Издательство « Мир и Образование», 2006. – 384 с.
31 Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы, 1995. – 130 б.
32 Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды және мақсат-мәнді жай сөйлем типтері. Алматы. Мектеп, 1968 - 178-6.
33 Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. Синонимические средства языка. – М.: Наука, 1974. – 367 с.
34 Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. – Алматы: ҚазҰУ, 2003. – І б. – 101 б.
35 Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект: фил.ғыл.докт....дис. – Алматы, 1999. – 284 б.
36 Әмір Р. Қазақ лингвистикасы және лингводидактика мәселелері. – Алматы, 2006. – 287 б.
37 Дуанбекова М.А. Ауызша іскери қатынас тілінің мәдениеті. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы, 2006. -26 б.
38 Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы., 1974. – 191 б.
39 Әміров Р. Сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. Алматы, 1977. – 92бет.
40 Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 112 б.
41 Остин Дж.Л. Слово как действие // Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 17: Теория речевых актов. – М, 1986. – С. 22-129.
42 Богданов. В.В. Классификация речевых актов // Личностные аспекты языкого общения. – Калинин, 1989. – С. 25-36.
43 Оразбаева Ф. Тілдік коммуникацияның негіздері. – Алматы, 1995. – 220 б.
44 Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. – М.: Высшая школа, 1981. – 320 с.
45 Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1995. – 308 6.
46 Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. – М, 1957.
47 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 6.
48 Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам. – Алматы: ҚазҮУ, 2005. – 140 б.
49 Голуб И.Б. Грамматическая стилистика современного русского языка. – М.: Высшая школа, 1989. -202с.
50 Жақыпов Ж.А. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. – Қарағанды, 1998. – 51 б.
51 Әзімжанова Г. Көркем проза тіліндегі етістіктің стилистикасы. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы, 2000. – 23 б.
52 Кожевникова Н.А. Типы повествования в русской литературе ХІХ-ХХвв. М, 1994.
53 Еңсебаева К. Қазіргі көркем әдебиеттегі кейіпкер тілінің стильдік қызметі. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы, 2000.
54 Смаилов И.Ж. Аймауытовтың «Ақ көбелек» романындағы диалогтің кейіпкермен орайластығы // Тілтанудағы тұлға: профессор Т.Р.Қордабаевтың 90-жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Қарағанды: КарМУ баспасы, 2005. – 323-326 б.
55 Лаптева О.А. Русский разговорный синтаксис. М., Наука, 1976. – С. 12-397.
56 Земская Е.А., Китайгородская М.В., Ширяев Е.Н. Русская разговорная речь. Общие вопросы. Словообразование. Синтаксис. – М.: Наука, 1981. – 276 с.
57 Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы: фил.ғыл.док.... дис.автореф. – Алматы, 2004. – 50 б.
58 Шведова Н.Ю. Очерки по синтаксису русской разговорной речи. – М.: Изд-во АН СССР, 1960. – 347 с.
59 Белошапкова В.А. Современный русский язык. Синтаксис. – М.: Высшая школа, 1977. – 248 с.
60 Ревзина О.Г. Методы анализа художественного текста// Структура и семантика художественного текста: Доклады УІІ Международной конференции. – М., 1999.
61 Шалабай Б. Көркем проза тілі. – Алматы, 1994. – 128 б.
62 Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту.–Алматы, 1994. – 224 б.
63 Әуезов М. Шығармалар жинағы. 18-том. 1985, – 320 б.
64 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі (Октябрь алды және 20-30 жылдар). – Алматы: Ғылым, 1968. – 268 б.
65 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы, 1980, – 285 б.
66 Томанов М., Исаев С, Ибатов Ә. Орта түркі дәуіріндегі жазба мұралар тілі.
67 Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. – Алматы,1978, -185 б.
68 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы, 1968, – 256 б.
69 Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Фил.ғыл.док. дисс.автореф. – Алматы, 1997. – 44 бет.
70 Формановская Н.И. Речевое общение: коммуникативно-прагматический подход. – М.: Русский язык, 2002.
71 Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік ненгіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы: Ғылым, 1998. - 1406.
72 Сәрсеке Г., Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерді мінездеуші тілдік-стильдік қызметі. Фил.ғыл.канд...дис.автореф., Алматы, 1998 – 27 б.
73 Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілінің совет дәуірінде дамуы және оның келелі мәселелері // Жинақ: Қазақ тілінің проблемалары. Таңдамалы еңбектер жинағы. – Алматы: ҚазССР ҒА, 1982. – 382 б.
74 Гвоздев А.Н., Артемов В.А. Очерки по стилистике русского языка. –М.: 1965, – С. 20.
75 Винокуров Е. Поэзия и мысль //Литературная газета. 14 октября 1963.
76 Лаптева О.А. Общелитературные и специфические элементы при определении статуса устной публичной литературной речи. Пермь: Изд. – Перм.ун-та, 1983. – С. 33-40.
77 Лекант П.А. Синтаксис простого предложения в современном русском языке. – М., Высшая школа. 1986. –176 с.
78 Сиротинина О.Б. Лексика разговорной речи // Теория слова и функционирования словарных единиц. Саратов: Изд. Саратов. пед.инс, 1981. – С. 95-102.
79 Х.О.Штайн. О диалоге в художественной прозе//Диалогическая речь – основы и процессы. – Тбилиси: изд. Тбилиси университет. 198. – С. 198-204).
80 Шоқым Г. Көркем проза тілінің стильдік ерекшеліктері. – Алматы, 2001. – 94 б.
81 Жақыпбеков М. Жамбыл поэзиясының тіліндегі фразеологизмдер. Фил.ғыл.канд... дисс. автореф. – Алматы.
82 Қосымова Г. Қазақ эпостарындағы фразеологизмдер. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы. – 26 б.
83 Боранбаева Г. ХҮІ–ХҮІІІғ. қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Фил.ғыл.канд... дисс. авторефераты. – Алматы. – 24 б.
84 Қоңыратбаева Ж.М. XX ғасыр басындағы қазақ проза тіліндегі фразеологизмдер. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. – 26 б.
85 Жұмағұлова А.Ж. Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Фил.ғыл.канд....дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
86 Сражиев М. С.Сейфуллин прозалық шығармаларының тілі. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы. – 25 б.
87 Кәрімов X. Б.Майлин әңгімелерінің тілі. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
88 Әлкебаева Д. М.Жұмабаев поэзиясының тілдік ерекшеліктері. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы. – 24 б.
89 Есқараева А.Д. З.Шүкіровтің поэзиялық шығармаларындағы метафоралық қолданыстар. Фил.ғыл.канд....дисс.автореф. – Алматы.
90 Еспекова Л.А. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер. Фил.ғыл.канд....дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
91 Есеналиева Ж.Ж. Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі. Фил.ғыл.канд....дисс.автореф. –Алматы. –24 б.
92 Досжанова Р.А. Ж.Аймауытов прозасындағы лексика-синтаксистік қайталамалар. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
93 Кәріпжанова Г. Ж.Аймауытов прозасы тілінің көркемдік ерекшелігі. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы. – 24 б.
94 Есенова Қ. М.Әуезов публицистикаларының тілі. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. 2001. – 26 б.
95 Жұманазарова М.Т. М.Әуезов әңгімелерінің тілі.Филол.ғыл.канд. дисс. авторефераты. – Алматы. – 24 б.
96 Ғұбайдуллин. С.Ә.Кекілбаев прозасының тілі. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
97 Қанарбаева А.Қ. Ш.Құдайбердіұлының шығармаларындағы рухани-діни және қоғамдық философиялық лексиканың қолданысы. Фил.ғыл.канд.... дисс.автореф. – Алматы. – 24 б.
98 Османова 3. І.Жансүгіров поэзиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы. – 24 б.
99 Қалиұлы Б. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі туралы // «Қазақ тілінің көкейтесті мәселелері» (Б.Қалиұлының мақалалар жинағы). – Алматы: Дайк-Пресс, 1997. – 150 б.
100 Одинцов В.В. О языке художественной прозы. –М.: Наука, 1973. – 288 с.
101 Виноградов В.В. О языке художественной прозы. М., Наука, 1980. – 360 с.
102 Жанпеисов Е. М. Әуезовтің «Ақ жүніс» эпопеясының тілі. – Алматы, 1976.
103 Риффаттер М. Критерии стилистического анализа // Новое в зарубежной лингвистике. – М.: 1980. Вып. ІХ. – С. 88-89.
104 Арнольд И.В. Стилистика современного английского языка. –Л.: 1981. –С. 62-63.
105 Кизилова З.В. Лингвостилистические особенности собственно-авторского описания внутреннего состояния персонажа // Вопросы стилистики английского языка. – М.: 1980. Вып. 155. – С. 44.
106 Балягина И.А. Драматургическая ремарка как тип текста. – М.: 1993.
107 Мажитаева Ш. ХХ ғ. Қазақ әдеби тілі. – Қарағанды, 2004. – 169 б.
108 Ковалев В.П. Языковые выразительные средства русской художественной прозы. –Киев: 1981. – 171 с.
109 Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. –М.: 1965, – С. 109.
110 Рахманова Л.И. О стилистических пометах просторечных слов в толковых словарях русского языка //сб. «Вопросы стилистики МГУ» - 1966. – С. 100-101.
111 Исаева Ж. Әдеби тілдің нормасынан ауытқыған сөздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі. – Алматы, 2004. – 204 б.
112 Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. –Алматы. 1994. –224 б.
113 Наурызбаев Б. Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі. – Алматы, 1979. – 148 б.
114 Саткенова Ж. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі. Фил.ғыл.канд.... дисс. автореф. – Алматы, 2006. – 24 б.
115 Ким Г.В. Изобразительные свойства некоторых синтаксических конструкций в пьесах А.Чехова «Дядя Ваня», «Три сестры» //Исследования по стилистике художественной речи. Алматы, 1985. 61-70с.
116 Мүсірепов Ғ. Әдебиет тілі жайында //«СҚ», 16 сентябрь, 1962 ж.
117 Балақаев М. Сөз қолдану мәдениеті туралы. –Алматы, 1972. –120 б.
118 Әуезов М. Көркем әдебиеттің тілі туралы // «СҚ» 24 февраль, 1954.
119 Иманжанов М. "Жас өмір" пьеса.
120 Мұратбеков С. "Жабайы алма" повесть. Жазушы. 1972. –97 б.
121 Балғабаев С. Ең әдемі келіншек. – Алматы: Ана тілі, 2006. – 272 б.
122 Айтматов Ш. "Боранды бекет".– Алматы: Жазушы, 1986. –124 б.
123 Майлин Б. "Шұғаның белгісі". – Алматы: Жазушы, Шығармалар жинағы. –1981. –520 б.
124 Майлин Б. "Раушан – коммунист".– Алматы: Жазушы, Шығармалар жинағы. –1981. –470 б.
125 Мүсірепов Ғ. "Қос Шалқар".–Алматы, 1980. –385 б.
126 Мүсірепов Ғ. «Оянған өлке».–Алматы, 1978. –26 бет.
127 Ахтанов Т. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы. – 397 б.
128 Майлин Б. Берен. – Алматы: Жазушы. – 58 б.
129 Әуезов М. Шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Жазушы. – 380 б.
130 Айымбетов М. Нәзік жаңғырық. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006. – 388 б.
131 Жүністегі К. Құба белдер. Замана желі. Роман. Үшінші кітап. Астана: Аударма, 2004. –

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ ... ...1
1 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ...5
1.1 Ағылшын тілі сабағында диалог түрінде сөйлеуге үйрету әдісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 диалог түрінде сөйлеуге үйретудің негізгі әдісі-
мәтін ... ... ... ... ..
1 – Бөлім бойынша
тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістемесі
2.1 Диалогты ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары
2.2 Тәжірибе жұмысының қортындысы
3.ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..46
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .125

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу
тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері
бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог,
олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан
арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба,
Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин,
Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл
білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес.
Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір
жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба
тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден
өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол
қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті
сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек
екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін
сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі
сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік
құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және
кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын
әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың
өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті
маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән сөз - белгілерді әр түрлі қырынан алып қаралады.
Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай
сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші,
бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл
бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан
жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға
болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы
да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық
принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас
стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы
мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар.
Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-
қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып,
сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. Қолдаушы
сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу
кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін.
Көркем диалогті сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым қолданылады.
Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформацияға ұшырайды, ол
диалогтің ауызша және жазбаша формаларының өзара әсерлесуінен туындайды.
Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа
сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың болуына әкеп соғады.
Тілдің қандай құбылыстары болмасын, көркем шығармада эстетикалық
қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады.
Тілдің бейнелеу құралдары шығарманың көркем құрылысын жасауға бірдей
дәрежеде қатыспайды. Ауызекі сөйлеу тіліндегі күнделікті сөз қолданыстары
көркем шығармада жазушы тілінің өзіндік стильдік ерекшелігін байқатады.
Белгілі бір шығарма құрылысында бір тілдік категорияның конструктивтік
рөлі өте жоғары болады да, басқа тілдік мәнбілерде төмен болуы мүмкін.
Әртүрлі жазушылардың сөз қолданыстарының түрліше болатындықтарын көрсетеді.
Тіпті, бір жазушының өзі творчестволық өсу дәуірінің кезеңіне сай өзгеше
тілдік құралдарды пайдаланып отыруы мүмкін. Бұл құбылыс сол жазушының
стильдік эволюциясымен тығыз байланысты. Жазушы тілінің синтаксистік,
құрылымдық құралдарының көркемдік қызметі айтарлықтай мәнге ие де, енді
бірінде метафоралық көркемдеу құралы шынында да, ол жазушының өзіндік
стильдік ерекшелігін байқатады.
Көркем диалог сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым негізінде
қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформация
процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін, немесе
жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Кітаби-жазбаша стильдің әсерінен
стильаралық ой бөлісуге кітаби нышан беріледі, ол өзінің құрылымында
қайталаудың, бірыңғай мүшелердің, ерекшеленген анықтамалардың пайда
болуынан көрініс табады. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым
қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың
кездесуіне әкеп соғады.
Тілдік ресурстардың стильдік жіктелуі қазақ әдеби тілінде толық
қалыптасты деп айта алмаймыз, ол әлі қалыптасу үстінде және оларды айқын
ажыратып жіктеу жұмысы да толық көлемінде жүргізілген жоқ.
Көркем әдебиеттегі диалог, оның стилі, құрылысы – өте күрделі мәселе,
сан-салалы мәселелерді қамтиды. Жалпы, қазақ филологиясында төл сөздің бір
түрі ретінде диалогке, оның құрамына, синтаксистік құрылымына, персонаждың
тіл ерекшелігі мен жалпы түрлеріне арнайы тоқталған толық зерттеулер жоқ.
Мұның басты себебі анықталған категориялары мен белгілі шекарасының болмауы
тәрізді.
Жұмыста ауызекі сөйлеу тілі мен көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің
лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері ашылады. Қазақ тіл
білімінде ауызекі сөйлеу диалогі мен көркем шығарма диалогі
лингвостилистикалық сипаттама тұрғысынан әлі күнге дейін арнайы зерттелген
жоқ. Тілдің қандай да құбылыстары болмасын, соның ішінде ауызекі сөйлеу
тілінің құбылыстары да, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып,
белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Стильаралық бірліктер
көркем диалогте транскрипция процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің
әсерінен болуы да мүмкін немесе жазбаша формасының әсер етуінен туындайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі осы айтылған жайлардан туындайды.

1 ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі
Диалог сөзі гректің "діа1оgos" сөзінен пайда болған. Оның мағынасы –
жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесу ұғымын
білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу
формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог – екі немесе
бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі.
Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады: келісу, талқылау, сұрақ-
жауап, ойдың бірдей шығуы т.б.

Диалогті зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың
негізгі нысанындарының бірі болып тұр. Қазіргі тіл білімінде қарым-
қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы
әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Тұлға аралық
қатысымның, диалогті қатысымның компоненттері ретінде мыналарды атасақ
болады: 1) сөйлеуші мен адресат (субьект факторы жеке психологиялық,
сөйлеушінің тұлғалық әлеуметтік ерекшеліктері; адресат факторына оның тең
қатысымға дайындығы енеді, сондай-ақ, жеке мінезі; коммуниканттар
арасындағы интеракциялық және тұлғааралық қарым-қатынас); 2) сөйлеушінің
коммуникативті ниеті, уәжі, қатысым мақсаты; 3) қатысым өтетін уақыт пен
кеңістікке (коммуникативті акт барысындағы қатысымның жалпы әлеуметтік-
саяси, тарихи-мәдени жағдаяттарына сүйенетін шарттарын белгілейтін
экстралингвистикалық факторлар) байланысты шынайылық деңгейі; 4) белгілі
бір қоғамдық және статустық рөлі бар коммуниканттардың өзара қарым-
қатынасы; 5) қатысым жағдаятына сай пресуппозияларды (авторлық интенцияның
дұрыс қабылдануы, өйткені сөйлесімнің прагматикалық мағынасы сөйлеуші мен
адресаттың пресуппозияны оқи алуы, тезаурустарының ұқсастығы, импликацияны
анықтай алу қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады) [1, 12].
Диалогтің мазмұны мен оны құрайтын сөйлемдердің құрылымы немесе жеке
сөздердің тұлғалары әр түрлі болып келеді. Мысалы:
– Жүр мына дүкенге кірейік!
– Не істейін деп пе едің?
– Тапсырыс берген болатынмын, түссе, алайықшы.
– Жүрсең жүр! (Айымбетов М. Нәзік жаңғырық)
Демек, мұндай репликада сұраққа тура жауап болмаса да, репликалардың
мазмұнынан екі адамның бірін-бірі түсініскені білініп тұр. Сөйтіп, диалогке
қатынасушы адамдардың сұрақ – жауап немесе керісінше, жауап–сұрақ түріндегі
сөздері жағдайға және сол диалогтің алдында немесе одан кейін айтылған
сөйлемдерге байланысты. Диалог ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем әдебиет
шығармасында да көп кездеседі. Алайда диалогтің екі түрінде елеулі
айырмашылық бар. Бірінші жағдайда әңгімеге қатынасушылар сөздің орын
тәртібін, сөйлемнің құрылымын немесе сөз тазалығын таңдамай сөйлесе береді,
ал көркем шығармада ондай диалогтер автордың үлкен толғанысын, суреттеліп
отырған кейіпкерлердің бейнелерімен, оқиғамен байланысты ой елегінен
өткізіледі. Қысқасы, диалог жазушының индивидуальдік (даралық) стиліне және
жанрдың ақпараттық – эстетикалық нормасына тікелей қатысты болады.
Диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор
мен тыңдаушының арасында қарым-қатынас орнауына себеп болатын
коммуникативті жағдаят; прагматика үшін маңызды-тыңдаушының сөйлеу мәнісі
мен оның коммуникативті интенциясына негізделген-тыңдаушы реакциясы деуге
болады. Тыңдаушының реакциясы диалогті құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды.
Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогті бір ғана
мақсат құра алмайды, сондықтан, әртүрлі сөйлесім түрлері, мысалы, диалогті
бастаушы сөйлесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті мәліметті алудан
басталғанымен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым -
қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға
бағытталған сөзі – оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.
Қайсы тілде болсада, диалог құрылуы үшін төмендегідей пинциптер
орындалуы қажет.
1. Коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті сөйлеу формасы
ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді. Коммуникативті
мақсатқа сәтті жетуге ұмтылған сөйлеу әрекеті белгілі ережелерге бағынуы,
үйлесімді болуы тиіс. Коммуникативті қатысым кезінде сөйлеу этикетінің
ережелерін ұстанып, орнықты және дұрыс жауап қайтарылуы тиіс.
2. Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің
екеуінің де белсенді атсалысуын ұсынады. Коммуникация процесін басқару үшін
әңгімелесушілердің коммуникативті бағдарламасының өзара келісімі,
коммуникативті интенцияның үйлесімділігі мен қолданылу аясының коррекциясы
талап етіледі.
3. Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен тығыз байланысты. Әсер
ету жоқ жерде, әрекеттесу де жоқ. Тыңдаушыға әсер ету сөйлеушінің
коммуникативті интенциясының вербалдануына тікелей байланысты.
4. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі сөйлесімнің нақты
коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық құрылымның бір
компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Көп жағдайда фунционалды-
прагматикалық доминант пропозиция компонентімен әрекеттеседі. Сөйлемнің
экспрессивтік деңгейі өзгереді.
5. Коммуникативті толықтық принципі коммуникативті үстемдік
принципімен тығыз байланысты. Коммуникативті интенция – анық та нақты
көрінген иллокуцияны (сұрақ, тілек, кеңес, т.б.) ғана емес, сонымен бірге,
сөйлесімнің эмоционалды, экспрессивті, көркем сипаттарын да қамтиды.
6. Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде
коммуникация процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу
қабілеттілігі. Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен
байланысты қалыптасады [5].

1. Сұрау-жауап алу диалогі. Тілдің қатысымдық, хабарлау қызметі түрліше
жағдайда іске асады. Қатысымның қызметтік мақсаты бастапқы сөйлеуші екінші
әңгімелесушіге сұрақ қояды да, одан жауап күтеді. Бірінші, сөйлеушінің сөзі
сұраулы сөйлем болуы семантикалық- құрылымдық моделі ретінде барлық
диалогке тән. Бұл диалогке қатысушылардың біреуі актив, екіншісі пассив
қызмет атқарады. Алғашқы сұраулы сөйлем диалогтің тақырыбын бір бағытқа
қойып, сөйлеушілердің логикасын анықтауға қызмет етеді. Б.Майлиннің
"Шұғаның белгісі" атты шығармасынан мысал:
– Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға
– Әбдірахман ғой,- дедім.
– Әбдірахманың кім?
– Қазақбайдың баласы.
– Иә, әлгі учитель баласы ма?
– Иә.
2. Хабарлау диалогі. Бұл диалог қатысымдық-хабарлау қызметін
атқарады. Диалогті ашушы, өз алдына хабарлаушы адамдары болады. Айтушының
қатысымдық мақсаты – нақты бір хабарды жеткізу. Бұл мақсат өзіндік
бейнесінде бір нәрсені сұрай сөйлеуінде, жауап қайтаруында білінеді. Екінші
қатысушы диалогте актив қызмет атқарады.
– Не болды?
– Қазанғап қаза болды.
– Қашан?
– Әлгіде ғана байғұсқа әлдене керек емес пе екен деп үйіне кіріп едім,
шамы жанып тұр, өзі төсегінде жатыр. Бірақ, сақалы аспанға шаншылып
қалыпты. Жақындап барып, "Қазеке, Қазеке",-деймін, "ыстық шай ішесіз бе? "-
деймін. Сөйтсем жүріп кетіпті. (Ш.Айтматов. Боранды бекет).
3. Әңгімелесу диалогі. Әңгімелесу диалогінің хабарлаушылық бағыты
жоғары тұрады, нәтижесінде қатысушылардың пікірлесуі күшейеді, тұлғалық
жағы ашылады. Әңгіме бір немесе бірнеше затқа байланысты айтылуы мүмкін.
Әңгімелесу диалогінде құрылымы бір-бірін жалғастырушы сөйлем бірлігі,
қайталай сөйлеу болады. Бірден жауаптың сапасы әңгімелесуде көрінеді,
диалогтің құрылуы (сәлемдесу, құттықтау, сұраулы сөйлемдер), олардың
мақсаты әңгімелеушінің пікірлесуге ниеті бар ма екенін анықтауды көздейді.
Мысалы:
– Шөпті қанша алдыңдар?
– Сұрама шырағым. Мынау алаптан Қосымға екі мың шөп шауып
беретінбіз ғой. Осы алап бізге тигесін шөпсіз болармыз ба! Қазынадан
алған екі машина салып жіберіп едік, бір айда жылға жететін шөп
түсіреді.
– Газет, журнал оқисыңдар ма?
– Оқығанда біз оқиық. Кешке таман жұмыстан келгесін біздің үйге
жиналып аламыз да, Сембек оқиды, біз тыңдаймыз. Көбіміз хат
білмейміз ғой. Қыстыгүні оқу үшін, Болжықтың бір бөлмесін үлкенірек
етіп салдық.( Ғ.Мүсірепов. Қос Шалқар).
4. Қоштау диалогі. Модальдік диалогтің бұл түріне әңгімесушілердің
пікірлерінің сәйкес келуі, тән екі қатынасушы жақ та актив болады, бірдей
дәрежеде пікірлерін айтуға тырысады. Қоштау диалогінің ішкі сөздік нәтижесі
болмайды, негізгі құрылымы лексика-синтаксистік паралельдік арқылы диалог
бірлігін құрайды. Сөйлеудің дамуы жауаптың бірін-бірі қолдауымен, алынған
хабардың мазмұнына сәйкес, екі қатысушының ойлары бірдей, бір уақытта
айтады, толықтырады, нақтылайды. Сөйлеушілер қоршаған адамдарды, оқиғаны
бірдей бағалауы мүмкін, бірдей сезімде болады. Мысалы:
Өткен жазда ғана Сырдариядан отгонға тартылған каналды қазып
жатқандарға барып қайтқаны есіне түсті. Ол арадағы сайлаушылары:
– Автолавка айына екі-ақ рет келеді.
– Автоклуб одан да сирек.
– Артистерді, жазушыларды көретін күніміз бола ма? - десіп
қалған (Ғ.Мүсірепов. Қос Шалқар).
5. Егес диалогі. Модальды диалогтің мағыналы түрі. Онда қатынас екі
немесе бірнеше қатысушылардың сөйлесулерімен жүзеге асады. Егес диалогінде
әр сөйлеуші бір-бірінің пікірлерімен келіспеушілікте болады. Екі
сөйлесушінің біреуінің пікіріне екіншісінің пікірі сәйкес келмеуінен талас
туады, сөйлеушілер бір затқа, бір оқиғаға өз ойларын айтады, бірақ бір
мәселеге әр түрлі пікірлері, әр түрлі көзқарастары болуы мүмін. Сондықтан,
әр сөйлеуші өз ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, ол үшін дәлел
іздейді, өзінің бәсекелесінің әлсіз жағын табуды көздейді. Мысалы:
– Мен кіріс деп жалынбаймын. Адам деп айтқан сөзге осылай
қарау лайық болса тарта бар. Болмаса, реті жоқ десең, оны айт.
– Турасын айтқанда, реті жоқ қой деймін.
– Ол біреудің аузынан уызы арылмаған жас баласы. Сен жер
ортаға келген адамсың. Обал қайда?
– Неге бермесін, малдың боғын жегелі отырған кедей, көзіне көп
мал көрсетсе, бермек түгіл лақтырып жіберер...
– Малға ағасы қызықпайды, бермейді!
– Мен алам.
– Қалай аласың? Зорлық қыласың ба?
– Зорлық қылғанда кайтесің ?
– Жоқ, қыла алмассың !
– Көрерсің!
– Көрсек көрерміз (С.Мұқанов. Алма бағында).
6. Мақсатты диалог. Сөйлеушінің тыңдаушыға байланысты шараларын,
қасиетін айтып салуда ол өзі көздеген мақсатына жетеді. Осының нәтижесінде
пайдалы әрекеттері болашаққа ұмтылуды көздейді. Сөздік іс-қимыл, ойды айтып
салуда анықталған мақсат болады, ішкі сезім толғанысын оятады. Сөйлеу
әрекетінің дәлелдік және мақсаттылық жағы айтушының әрекетті, ойды айту,
тудыру себебі болады.
Мақсатқа жету диалогінің компоненттерінің семантикалық-құрылымдық
моделі үш мүше бірлігінен тұрады (қорыта сөйлеу, мағыналы-анықтаулы
хабарлы, сұраулы сөйлем, жауап күте сөйлеу немесе сұраққа жауап ретінде
қайталай сұрау). Мысалы:
– Әй, имансыздың ісін қарашы... Е, айта бер... Шешесі қайтіпті?
– Шешесі ойбайын салып қызына жабысқан екен, "сенің керегің жоқ,
сүйгеніме қосыламын" - деп милициялардың арбасына мініп алыпты, -
дейді...
– Астапыралда-ай, құдай-ай, не сұмдықты көрсеттің-ау!... Не деген
бетсіздік еді!
– Сол қыз биыл ауылына келген екен. Ауыл да жағасын ұста отыр дейді.
Бұрынғы киімнің бәрін тастап, құйрық-жалын күзеген байталша, сып-
сида болып, коммунистің киімін киіп алса керек, мойнында кресі
бар дегенді де айтады...
* Не дейді, шешей-ау! Рас дей ме? Ол бетпақты ауылдан неге қумайды?
* Қайдан қусын, қит етсе коммунисіне айтады.
* Бәсе, десейші... Ай, заман азды ғой. Кешегі біздің жас күндерімізде, ол
Биағаларды қараңғы үйге қамау түгіл, жан бетіне қарай алмаушы еді... Өзіміз
өткен өмірімізде сол кісінің үстіне кіріп көрген емеспіз.
* Ол атамды ұрлыққа араласқаны үшін жауапты дейді ғой, - депесік жақта
отырған жас әйел Рәш күңк ете қалды.(Б.Майлин. Раушан-коммунист).

Экстралингвистикалық факторлар сөйлесімдердің жұмсалу себебін
негіздейді, бірақ диалогтің құрылымын, шегін, төменгі белгілерін анықтаушы
шарт бола алмайды.
Диалогтің табиғаты диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің
тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында
ашылады. Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог
теориясының репликаларды реплика-стимул мен реплика-реакция етіп бөліп,
диалог барысындағы олардың орнын да белгілеген болатын. Диалогті зерттеуде
психологиялық және психолингвистикамен шектесетіні белгілі. Өйткені, таза
лингвистикалық зерттеулер ауызша қатысымның барлық аспектілерін толық
сипаттай алмайды. Қазіргі тіл білімінде диалогтің құрылымы мен сипатын
анықтайтын мәнбілерді қарастыратын, экстралингвистикалық жағдайларды
ескеретін психолингвистикалық бағыттың динамикасы байқалады [1,13].
Қарым-қатынастың диалогтік бірлігін анықтауда басшылыққа алынатын
принцип-мақсаттардың өзара әсерінен туындап өзара үйлесетін кем дегенде екі
түрлі сөйлеу бірлігі (көндіру – қарсылық білдіру) жасалады. Шағылысқан
сөйлеу бірліктері коммуникативті бағдарына қарай негізгі және қосалқы
түрлерге бөлінеді. Соңғылар негізгіні дәлелдейді, түсіндіреді. Олар әр
түрлі қызметте жұмсалуы мүмкін. Сөйлесім мақсаты жасырын не ашық түрде
көрінеді.
- Апа-ау, кедейлер малын бақпай қойса, қайтер еді?
- Қайтсін? Өзі баға алмас еді, малдан айырылар еді.
- Ендеше неге сөйтпейді?
* Ойбай, қарағым-ау! Туысы бір болған соң, қимайды. (Б.Майлин. Раушан-
коммунист).
Сөйлеушінің сұрағы қарсы сұрақ пен дәлел жауапты қалыптастырады.
Жауаптың мазмұны келесі сұрақты – нақтылаушы сұрақты туғызады. Нақтылау,
ашу мақсатында жауап алуды көздейді. Онсыз сұхбаттың аяқталмайтындығын
аңғартатын мақсат та бар. Сондықтан, тыңдаушы оның сол сұрағына ғана жауап
беріп отыр. Диалогке тұтастық сипат беріп тұрған сөйлеу актілерінің
мазмұндық жағы мен оның бір бағытта дамуы болып отыр. Ал ол сұрау
есімдіктерінің көмегімен жүзеге асады.
Бұдан шығатын қорытынды мақсаттардың өзара ықпалы диалогтік бірлікті
қарым-қатынас жасаудың тұтас ауқымды сипаттағы түріне айналдыра алады.
Бұл тұтастықтар қайталанатын кем дегенде екі бірліктен құралады. Қайталау
жай өзгеріссіз қайталану емес, жаңа мазмұнда, қосымша мақсаттардың
үстемеленіп қайталануы болып табылады.
А.Сухих сөйлеуде өзара қарым-қатынасқа негіз болатын, шағылысты
қалыптастыратын – ортақ тақырып деп есептейді [17, 28]. Тақырып – сөйлеу
мәнбілеріне ортақ мазмұн. Сөйлеу мақсаты сол тақырыпқа қарай анықталады.
Тақырып қарым-қатынасты ұйымдастырушы қағида болып табылады. Тақырыпты
анықтайтын негізгі көрсеткіштерге – онтологиялық ортақтық, мәдени-
әлеуметтік ортақ белгілер, сөйлеу жағдаятының ортақтығы (прагматикалық
ортақтық) жатады. Тақырып диалогте фреймдер немесе ойды өрбітіп, дамытушы
өзара байланысты ұғымдар мен пікірлер түрінде көрінеді. Адам есінде
қоршаған орта шындығы фреймдер түрінде сақталады. Өзара байланыс – фреймдер
тақырыпты сөйлеушілерге таныс әрі түсінікті түрде өрбітуге көмектеседі.
Диалог арқылы берілетін хабар – семантикалық белгіні, ал оны анықтауға
прагматикалық факторлар қатысады. Прагматикалық фактор сөйлесімдердің
тақырыпқа қарай коммуникативті мақсатын анықтайды. Қарым-қатынас үстінде
ортақ тақырыптың орнауы бірін-бірі мазмұн жағынан толықтырып отыратын,
сөйлеу мақсаттарының үйлесімді тізбегін қалыптастырады. Сөйлеу мақсаттарын
жетекші (негізгі) және қосымша мақсаттарға ажыратуға болады. Сөйлеу
мақсаттарының үйлесуін тема-ремалық қатынастың сөйлеу актілері арасында
көрінуі деп те қарауға болады. Өйткені алғашқы сөйлесімде берілген мазмұн
келесі сөйлеу мәнбісінде жаңа мазмұнмен толықтырылады.
Белгілі сөйлеу жағдаятына сай, ортақ тақырып сөйлесім мазмұны мен
құрылымын анықтайды. Осы ерекшеліктен ауызекі сөйлеудің көркем әдебиет
стилінен айырмашылығы айқын көрінеді. Бірінші жағдайда тақырыптық ортақтық
сөйлеу бірліктерінің арасындағы ілеспелі байланысты қалыптастырса, екінші
жағдайда тақырыптың ортақтығы тіл бірліктеріндегі ортақ белгілердің болуын
негіздейді.
Сөйлеудің жағдаяттық-тақырыптық сипаты қысқа, бірақ тұрақталған, дайын
сипаттағы сөйлесім түрлерін қалыптастырады. Олар белгілі бір сөйлеу
жағдаятында тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен қалыптасқан.
Диалогте тақырыптық байланыс монологте кездесетін лексемалардың,
синтаксистік құрылымдардың қайталануы түрінде тілдік бірліктері арқылы
көрінуімен қатар, прагматикалық көрсеткіштердің қатысуы арқылы да жүзеге
асады. Бұл, біріншіден,
шағылыстың қалыптасуы болса, екіншіден, ынтымақтастық принцип
сақтаумен байланысты астарламалардың, пресуппозиция көрсеткіштерінің сөйлеу
мәнбілерінде байланыстырушы, дамытушы қызмет атқаруы түрінде көрінеді.
Диалог бойында сөздердің қайталануы, тыңдаушыға бағытталған сөздердің
болуы (есімдік түрлері), сөйлеуге қатысты етістіктің лексика-семантикалық
түрлерінің сөйлеу актісін ұйымдастырудағы қызметіне зерттеушілердің
бірқатары көңіл аударды. Лексиканың қайталануын формалды түрде қарастырмай,
диалогті ұйымдастырудағы қызметін зерттейтін ғылыми жұмыстар бар.
Сөйлеу мәнбісінде диалог құрылымында кездесетін бұндай сөздер ғылыми
зерттеулерде метакоммуникативті сигналдар, синтаксистік клишелер,
түзету бірліктері, вербальді белгілер деп аталып жүр. Олардың әр түрлі
аталуының негізінде қарым-қатынаста, диалогті ұйымдастыруда атқарылатын
қызметінің, прагматикалық мақсатының әр түрлі болуы жатыр.
Синтаксистік қақпайлардың синтаксистік құрылымдарына ортақ белгілерге
мыналарды жатқызуға болады:
1) жалпы мәнді сұраулы сөйлемдердің ықшамдалған түрде берілуі;
2) дейксис сөздердің алдыңғы сөйлеу актісіне, сөйлеу жағдаятына сілтеме
жасап, жинақтаушы қызметтерде тұруы;
3) етістіктердің лексика – семантикалық шектеулі тобының қолданылуы;
4) синтаксистік қақпайлардың қолданылуын прагматикалық факторлар ережелер
тұрғысынан қарастыру олардың шын мәнін ашады.
Диалогте сөздердің орынсыздығы, сөздердің сөйлеу жағдаятына сәйкессіз
қолданылуы да бар. Оны жазушылар кейіпкер образын ашуда, шығарманың
әсерлілігін арттыруда қолданады. Н.Уәлиев оны стильдік контраст деп атайды
[18, 90]. Стильдік контраст - кейіпкер тілімен бағалаудың бір тәсілі. Оның
айқын көрінетін жері – диалог. Бір стильдік қолданыстарды екінші бір стиль
тілінде қолданудың мақсаты юмор туғызу болса, сөйлеу тілі теориясы
түрғысынан оны тыңдаушының көңілін аудару, оны өзіне ыңғайлау құралдары
ретінде де қарастыруға болады. Бұндай сөйлесімдердің хабарлау не нақтылау
сөйлеу актісі, сөйлеушінің тыңдаушыда өзіне қажетті эмоцияны қалыптастырушы
құрал болуы да, сөйлеу қағидалары түрғысынан орынсыз қолданылған
сөйлесімдер болуы да мүмкін. Диалогтің қалыптасуына, әңгіменің өрбуіне
сөзден басқа ым, ишара, жекелеген дыбыстар қызмет атқарады.
Тыңдаушы тарапынан әр түрлі интонациямен берілген мақұлдау, сұрау,
таңдану мақсатындағы сөйлеу тіліне тән дыбыс-сөйлесімдер
түрткі қызметінде қарым-қатынасты дамытып отырады (ы-ы, м-м, і-і). Біздің
байқауымызша, олардың әрқайсысы әр түрлі мазмұндағы, әр түрлі мақсаттағы
сөйлесім түрлерін жинайды. Немесе оларды дыбыстық сөйлесімдердегі қарым-
қатынасты дамытатын эмфазалық екпіннің қызметі деп те атауға болады.
Көркем шығармаларда диалог жалпы мәнмәтіннен әрбір кейіпкердің
өздеріне тән сөйлеу мәнеріне сәйкес бөлініп, жаңа жолдан басталып отырады
да, арнаулы тыныс белгісімен – сызықшамен белгіленеді. Диалог мағыналарының
мазмұны мен сипаты жағынан да біркелкі болмайды. Осыған байланысты
диалогтің классификациясы, критерийлері әр түрлі.
Диалог мәдениетаралық тілдік қатынас пен мәдениетаралық коммуникация
барысында да үлкен қызмет атқарады. Яғни, тілдер арасындағы диалогтің
қырлары әр түрлі жақтан ашылады.
Диалогті құрайтын бірінен соң бірі келетін репликалардың арасында
мағыналық және құрылымдық байланыс болады. Реплика диалогтің, сонымен
бірге, диалогтік тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие: бұл
стимул және реакция. Диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің
сөзінің тууына түрткі болады да, ол өз кезегінде мазмұны жағынан сұраққа
жауап, пікірді қостау арқылы растау, не оған қарсы болу, айтылған ойды
түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, оқиға жөніндегі ойы,
көзқарасы т.б. болып келеді.
Сонымен, диалог бүгінгі жалпы тіл білімінде жан – жақты зерттелген,
бірақ, сонымен қатар, диалогтің ішкі және сыртқы табиғатында зерттелмеген
ғылыми нысандар әлі көп. Тілдесім үдерісінің бірнеше жолдары, үлгілері,
түрлері бар. Диалог – сол көп дүниенің бірі. Бірақ, диалогтің тілдесімнен
басқа түрлерінен ең үлкен айырмашылығы – сөйлеуші мен тыңдаушының
барлығында, яғни диалог – ең алдымен адамның тіл қатынасы. Диалог
монологтен де, полилогтен де биік орында тұрады. Себебі, тілдесімдік
(сөйлесімдік) қарым – қатынастың негізі және ең ұтымды, қажетті, теңі жоқ
түрі.
Қазақ тіл білімінде диалог тың да, терең де зерттелген жоқ. Біздің
ойымызша, ұлттық сана-сезім, ұлттық ойлау-қабілет адамның жеке басының
ерекшеліктері (психологиясы,мінез-құлқы, шешендігі, сөзге шорқақтығы т.б.)
жағынан тек диалог барысында жан-жақты және айқын сезіледі,
иллюстрацияланады. Сондықтан да қазақ диалогін зерттеу тек тілтанымдық
дүние емес деп айтуға болады.

1.2 Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер
Сөйлеу әрекеті, адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір
жағдайларда кеңістік пен уақыт кеңістігінде орын алады. Сөйлеу әрекеті
жүзеге асатын экстралингвистикалық факторлардың жиынтығы сөйлеу жағдаятын
қалыптастырады. Г.О.Винокур сөйлеу жағдаятын референтті жағдай, ал оның
қалыптасуына ықпал ететін факторлардың жиынтығын коммуникативті жағдай деп
екіге бөледі [19, 53]. Сөйлеу жағдаятын сөйлеушінің сезім мүшелері арқылы
қабылданатын прагматикалық, референтті көрсеткіштер ғана емес, сөйлеушінің
оған дейінгі белгілі қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі,
уәж болатын шарттар да анықтайды.
Диалог репликаларына коммуникативті – прагматикалық және құрылымдық –
семантикалық аспектілерде анализ жасау негізінде Д.Әбдікәрімова ауызекі
сөйлеу тіліндегі репликаның типологиясын жасаған. Көркем әдебиеттегі және
ауызекі сөйлеу тілі диалогтерінен алынған тілдік материалдардың негізінде:
реплика – көтермелеу (оның түрлері – сұрақ, бұйрық, ықпал ету, таңданыс,
бекіту, баяндау, өтініш) және реплика – реакция (оның түрлері – келісім,
қарсы болу, қарсы сұрақ, қарсыласу, үстемелеу, тақырыпты ауыстыру, өзгерту,
реплика –атау, этикет сипатындағы реплика) сияқты типтері бар екенін
анықтады [20, 13].
Зерттеуші мәнмәтінді мынадай үш топқа жіктейді: 1) сөз немесе сөйлеу
контексі; 2) сөйлеу ситуациясы; 3) мәдени контекст. Біздің байқауымызша,
мәнмәтінде де жүйелілік сипат тән, олардың арасында да иерархиялық
құрылымдық байланыс бар.
Коммуникативті жағдай, контекст, тұрақты қалыптағы жағдай
терминдері нақты сөйлеу жағдаятына дейін белгілі білімнің жиынтығы деген
ұғымды белгілейді. Ал, сөйлеу жағдаяты жалпы контекстен қажетті
пресуппозицияларды анықтап, сөйлем мазмұны мен құрылымын қалыптастыруға
ықпал етеді.
Сөйлеу жағдаяты – мәнмәтіннің нақтыланған түрі, тілдік бірліктің
жұмсалуы мен жалпы мәнмәтінді байланыстыратын буын. Біз жұмысымызда тілдің
әрекеттік, ықпал етуші қызметін қарастыратын болғандықтан, сөйлеу
жағдаяты терминін қолданамыз. Сөйлеу жағдаяты ұғымы мына мағыналарда
қолданылады: бірінші мәнде сөйлем мазмұнын адвербалды түрде толықтырып,
жасырын мәнді сөйлесім түрлерін қалыптастыратын экстралингвистикалық
факторлардың жиынтығы, нақты сөйлеу жағдаяты аталса, екіншіден, сөйлеу
жағдаяттарының қайталамалы, ортақ сипаттарына қарай жинақталған типтік
түрлері аталады.
Жағдаят ұғымы психологияда, әдістемеде, философияда және
лингвистикада қолданылады. Әр ғылым саласы бұл ұғымды өз мақсатына қарай,
зерттеу бағытына қарай әр түрлі анықтайды. Өйткені, жағдаятқа анықтама
беруде әр түрлі көрсеткіштер басшылыққа алынады: 1) айнала қоршаған заттар
мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын жағдай; 2) сөйлеу әрекетін
дүниеге келтіретін шарттар; 3) сөйлеуші мен объективті құбылыстар
арасындағы объективті байланыс; 4) шындықтың жиынтығы.
Экстралингвистикалық факторлардың тіл қолданысына тигізетін ықпалы
мақсатты стиль түрлерін зерттеуде үнемі басшылыққа алынады. Қазақ тіл
білімінде ғылыми, ресми публицистикалық, көркем тұрмыстық қарым-қатынас
стильдерінің ерекшеліктері – тіл бірліктерінің қолданысындағы
айырмашылықтарды түсіндіруде экстралингвистикалық факторлар негізге
алынады. Онсыз тілдің әр деңгейі бірліктерінің стиль түрлеріне қарай
мамандануын түсіндіру мүмкін емес, себебі, бұл жағдай бұлардың жиі
қолданылуын анықтаумен байланысты.
Тілдік мазмұнды қатысым жағдаятымен байланыста қарастыру
экстралингвистикалық факторларды реттеп, жүйелеуге әкеледі. Олай дейтініміз
тілдік мазмұнды қалыптастыруға тура және қосымша түрде ықпал ететін
жағдайлар бар. Сыртқы жағдаят сөйлем мазмұнында толық көрінуі немесе
жетекші факторлар арқылы жанама түрде көрінуі мүмкін. Мәселен, ғылыми,
публицистикалық стиль түрлерінің
зерттелуіндегі экстралингвистикалық факторлар жіктелуіне тоқталсақ, олар
мыналар: 1) тыңдаушы; 2) қоғамдағы үстем идеология не ғылымдағы бағыт; 3)
сөйлеуші позициясы. Стильдік мәтін бойында аталған факторлар тіл
бірліктерінің қолданысында жанама сипатта көрінеді. Ал вербальді түрде
жүзеге асатын сөйлеу тілінде сөйлеу жағдаяты қарым-қатынасқа тікелей
қатысады.
Сөйлеу мәнбісімен байланысты сөйлеу жағдаятының үш түрлі қызметін
анықтауға болады:
1) Сөйлеу мәнбісін қалыптастырушы факт.
2) Сөйлеу түрін, стилін анықтаушы фактор.
3) Сөйлесім мазмұнын толықтырушы компонент.
Сөйлеу жағдаятын жіктеп, көрсеткіштерін тізіп шығу мүмкін емес. Сөйлеу
жағдаяты – объективті шындықтың кеңістік пен уақыттағы кесіндісі. Оның
құрылымы объектілерден, олардың уақыт пен кеңістіктегі қалпынан тұрады.
Мәселен, сөйлеушілерге қатысты –әлеуметтік, психологиялық, тілдік құзірет
факторларын атауға болады.
Коммуникация – қарым-қатынастың мәдени формасы, белгілі бір нормаларға
және анықталған ережелер негізінде жүзеге асырылатын ақпарат түрі [21, 69].
Жалпы коммуникация түсінігін Красных В.В. былай түсіндіреді: процесс
взаимодействия двух и более личностей с целью передачиполученияобмена
информацией, т.е. того или иного воздействия на собеседника, необходимого
для осуществления совместной деятельности [22, 54].
Сөйлеу әрекетінде нақты сөйлеу жағдаятында бар шынайы дүниенің
объектілері сөйлесім мазмұнында қамтылады. Сілтеме уақытқа, орынға, затқа,
сөйлеу мәнбісіне қатысушыларға - авербальді факторлармен қатар, сөйлеу
мәнбілеріне – вербальді бірліктерге қатысты жасалуы мүмкін. Сөйлесімдегі
дейксистердің негізгі қызметі – сыртқы контексті идентификациялануында.
Мысалы, Мұның не? Артық карточка ма?. Мінеки із, міне, көріңдер! (Б.Майлин.
Шұғаның белгісі). Түсініңіз, біздің ауылдың басқармасы осы (С.Мұратбеков.
Жабайы алма). Дейксистер сөз мағынасын қолданыс үстінде жаңа мәнмен
байытады. Оны сілтеме мән деп атауға болады. Сілтеме мән (дейксистік) деп
сөйлеу жағдаятында денотаттің жақтық, кеңістік, мезгілдік бағдарын
белгілейтін сөз мағынасының прагматикалық қабатын ұғынамыз. Сөздің
прагматикалық мәнінің сілтеме түрі сөйлеу әрекеті үстінде қолданысқа
түседі.
Дейксистік элементтерге 1) жіктеу есімдігі 2) сілтеу есімдігі 3) үстеу
4) етістіктің семантикасындағы дейксистік элементтер жатады.
Дейксистік элементтер сөйлеу жағдаятын таңбалайды. Мысалы: Көрме
ішіндегі құмды суретші мезгіл-мезгіл тегістеп, жаңадан бейнелер салып
тұр. Суретші оның жанында тұрып, мынадай түсініктеме берді.
- Ал енді жұмыс, самурайлар өнерлі болып есептелінді. Бұл сәттің
ішінде былайша суретші өз сезімін көрсетіп береді дағы, оны қайтадан жойып
жіберіп, екінші сәтте басқаша бір сезімге бөлінген сәтін суреттеп береді.
Сондықтан бұл өнерді қазіргі тілмен айтқанда, Реrfomans деп атайды
(таспадан көшірме).
Сөйлеу мәнбісіндегі бұл сілтеу есімдігі сөйлеу жағдаятындағы
объектіні сілтеп түр. Нақты сөйлеу жағдаятына қатыспай, өнердің қай түрі
екенін, нені жойып жіберетіндігін түсіну қиын. Сол сияқты қазіргі тіл
тіркесі өнердегі соңғы бағыттарды тұспалдап түр.
Сөйлеу жағдаятына сілтеме жасайтын дейксистердің қолданысында кейбір
ауытқулар да болады. Мәселен, ол, ертең, қазір, біз сөздері тура
референцияны емес, жалпы анықталмаған шекте де қолданылады: Қазір ауылға
жүргелі жатырмыз. Бала қазір-ақ өседі. Ертең емтихан. Осы студенттерден
ертең белгілі мамандар шығады. Біз келіп қалдық (келген 1 адам). Осы жерде
сөздің прагматикалық мәнін нақты сөйлеу жағдаятымен байланысты тура сілтеме
және прагматикалық деп екіге бөлуге болады.
Сөйлеу жағдаятының сөйлесімде қамтылып берілуіне қарай тілдің
құрылымдық категорияларының пайда болу теориясы да жасалып жүр. Сөйлеу
сөйлесім мазмұны мен құрылымында бейнеленуі сөйлеуші адамға тән таным
процесімен, ойлаумен байланысты. Сөйлеуші сөйлеу жағдаятының қандай
факторларына ерекше назар аударады, сөйлесімде ол қалай бейнеленеді деген
сауалға жауап іздеу барысында тіл құрылысының типтері туралы жаңа болжам
қалыптасты. Бұл сөйлеушінің бағдарымен байланысты. Сөйлесім құрылысы мен
мазмұны не сөйлеушінің өзіне, не тыңдаушыға, не сөйлеу жағдаятына
бағдарланады. П.В.Дурст-Андерсон тілдердің грамматикалық құрылысында үш
бағдардың біреуіне негізделетінін айтады: Біздің теориямыз сөйлеу
жағдаятының адам санасында үш түрлі шарты бойынша (қабылдау түрі, ментальді
модель, архивтік орын) анықталады және қарым-қатынас үш түрлі қатысушыны
(сөйлеуші, тыңдаушы, шындық орта) қажет етеді, тілдің негізгі категориялары
етістіктің негізгі категорияларына (рай, шақ, салт, сабақты) негізделуі
керек деген тұжырымдарға сүйенеді [23, 31 6].
Бұл – жалпы тіл білімі мәселесімен байланысты болжам. Ғылыми болжам
коммуникативті бағытты негізге алады. Оның негізделуі жекелеген тілдер
бойынша жүргізілетін зерттеулерге тәуелді. Жеке тіл бірліктерінің қолданыс
үстіндегі қызметін сөйлеушінің ұстаған бағдарымен байланысты қарастыру
сөйлесім құрылысы мен мазмұнына қатысты ғылыми негізделген тұжырымдар
жасауға көмектеседі деп ойлаймыз.
Әр сөйлеу мәнбісінде сөйлеу жағдаяты көрсеткіштерінің сөйлесім
мазмұнын құрастыруға қатысы өзгеріп отырады. Сөйлесім мазмұнын түсіну
тілдік емес факторларға тәуелді. Тілдік факторларға: 1) мәтіннің
толықтығы, 2) сөздердің дұрыс қолданылуы, өзара байланысуы жатса, ал
тілдік емес факторларға сөйлесім мазмұнының шындыққа сәйкес келуін
қамтамасыз ететін шарттар жатады. Сөйлесім мазмұнын анықтайтын шарттарды
пресуппозиция деп атайды.
Қазақ тіл білімінде субъект, адам факторы мәселесі әр түрлі бағытта
қарастырылады. Біріншіден, тіл тарихымен байланысты оның пайда болуындағы
адамзаттың рөлі, сыртқы дүниенің тілде бейнеленуі, тілдегі объективтілік
пен субъективтіліктің (денотативті - коннатативті) ара қатынасы зерттелсе,
екіншіден, әдеби тілдің мақсатты стильдерінің тілдің әр деңгейі бойынша
ерекшеліктерін көрсетуде (бұл қазақ тіл білімінде көркем әдеби стильге
қатысты) жеке авторлардың субъективті дүниетанымы мен қоғамының объективті
шындығы арасындағы байланысты, автор образын ашуда зерттеу негізіне
алынатын принциптердің бірі болып отыр. Соңғы бағытта ақын-жазушылардың
сөз қолданысындағы ерекшеліктері образ тудырудың әдіс-тәсілдері аясында
қарастырылып, ал автор бағдары тілдің қозғалысты сипаттағы әрекет үстіндегі
ықпал етуші қызметін қалыптастырушы фактор ретінде соңғы уақытта қарала
бастады. Үшіншіден, сөйлеуші субъект тілді жұмсаумен, тіл нормасын сақтау,
сөйлеу мәдениетін арттырумен байланысты ғалымдар назарын аударды. Адамның
қоғамдағы әлеуметтік орнына қарай тіл бірліктерін орынды, әсерлі жұмсай
білуіне қатысты М.Балақаев былай дейді: Тілдің талғам тетігі,
коммуникативті қызметі әр алуан адам ойын, сана-сезімін білдірумен ұштасып
жатады. Жалпы білімі, мәдениеті жоғары адам ана тілінің мәдениетіне де
қанық болуға тиіс [24, 234]. Төртіншіден, тілдің ішкі рухын, ұлттық
ерекшелігін ашуда тіл иесі халықтың дүниетанымы этнолингвистикада негізге
алынады. Ж.Манкеева ... тіл туралы онтологиялық көзқарасты сол тілде
сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой санасымен, соның ішінде
тарихымен, мәдениетімен тығыз байланыста қарастыру керек екендігін айтады
[25,3]. Прагматикалық факторлар қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді
деген тұжырым сөйлеуші субъектінің орнын алдын-ала анықтап тұрады.
Сөйлесу барысында адамдар не тыңдаушы, не сөйлеушінің рөлін
қабылдайды. Олар бір-біріне хабар жеткізеді, сипаттайды, дәлелдейді,
сендіреді, бұйрық береді, сұрақ қояды, жауап береді, ұсыныс жасайды,
қабылдайды, уәде береді, бас тартады, кекетеді, ренжітеді, мақұлдайды,
құбылыс, әрекетке қатысты өз бағаларын береді, сыпайы не анайы сипаттағы
сөйлесім әдістерін таңдайды, қолданады. Өзара пікірлесім белгілі бір
бағытта дамытып, қажетті арнаға түсіреді. Немесе пікірлесуден қашып,
тақырыпты өзгертеді. Яғни коммуникацияға, сөйлесімге әрекет тән.
А.А.Леонтьев: Қарым-қатынас – адамдардың қоғамдағы өзара әрекеттесуі ғана
емес, қоғам мүшелері ретінде өзара әрекеттесуі, - дейді [26, 44].
Сонымен, тіл бірлігінің коммуникативті – прагматикалық аспектісін
зерттеуде жеке адам бағдарын ұстану мына екі мәселені есепке алуды қажет
етеді: 1) жеке адамның сыртқы дүниені қабылдауының тілдік көрінісі ретінде
қарау; 2) жеке адамның уәждемесі мен мақсатын жүзеге асыру құралы ретінде
қарастыру.
Сөйлеушінің мақсаты мәтін прагматикасын анықтайтын негізгі нысан
ретінде диалогте анық көрінеді. Сөйлеуші, жазушы мақсаты көркем
шығармаларды зерттеуде болжам түрінде басшылыққа алынып, мәтіннің
ұйымдасуы, құрылымы, мағыналық байланыс түрлері анықталып жүр.
Автор позициясы мәтінде бір ұғымға байланысты номинацияларды өзгертуде
айқын көрінеді: тілде бір ұғымды сөйлеу жағдаятына қарай әр түрлі сөзбен
атау мүмкіндіктері бар. Оның түрін таңдайтын – сөйлеуші адам. Таңдау
себептері мен шарттары пресуппозициямен, одан жоғары тұрған жалпы мәндегі
мәнмәтінмен байланысты болады.
Жеке адам – сөйлеушінің түрі мен сөйлеу мәнбісі арасындағы байланысты
қарастыруды екі бағытта жүргізуге болады: 1) сөйлеу иесінің сөйлеу мәнбісін
қалыптастырып, дүниеге келтіруі; 2) сөйлеушінің сөйлеу мәнбісі –
сөйлесімдегі көрінісі. Екінші бағыт қалыптасқан сөйлеу бірлігінен
сөйлеушіні іздесе, бірінші бағыт барлық сөйлеу мәнбісінің дүниеге
келуіндегі ортақ заңдылықтарды іздейді.
Ортақ заңдылықтарды жеке сөйлесімдер негізінде анықтау мүмкін емес.
Адамдар арасындағы вербальді қарым-қатынас дискурста жүзеге асады.
Дискурсте сөйлеушінің қатысым тақырыбына, тыңдаушыға, өзіне қатынасы
көрінеді. Осы үш байланысты басшылыққа алып
қарастырар болсақ, олардың сөйлеу актісінде бірде айқын, басым түрде, бірде
тар көлемде көрінетінін байқауға болады. Сонымен, байланысты дискурстің
жеке адам-сөйлеушінің мені басым ашық көрінетін, сөйлеушінің өзіне
бағытталған (бұл жерде сөйлеушілер үшін ортақ тақырыптың болмауы да
мүмкін), тыңдаушыға бағытталған және ортақ тақырыпқа бағытталған түрлерін
де ажырату бар [12, 24].
Сөйлеу мәнбілерінің тілдік көрінісіне талдау жасауда сөйлеу тілінде
объективті шындықтың, субъективтінің дүниетанымы, ойы, эмоциясы,
тәжірибесі, білімі сияқты прагматикалық сүзгіден өтіп, сөйлеуші мақсатына
қарай қажетті дәрежеде қамтылатындығын есепке алу қажет.
Сөйлемдер арасында орнайтын семантикалық аспектіні сөйлеуші
субъектінің дүниетанымы, ойлауы шындықты қабылдауы тұрғысынан бағалауға
болады. Ортақ тақырыптың айналасында, ойлаудың жалпы түрлері негізінде
сөйлесімдер арасында әр түрлі мағыналық байланыстар орнайды. П.В.Зернецкий
функционалды-семантикалық байланыс түрлерінің негізінде объектінің уақыт
пен кеңістікке қатынасы, бөлшектің бүтінге қатынасы жатқанын айтады [27, 77-
78]. Құбылыстар мен заттарды салыстыру, ұқсастығын табу, қарсы қою,
теңестіру, уақыт пен орынға қатысты анықтау, себеп-салдарлық байланысты
табу, процестің өту аспектісін сипаттау сөйлеуші субъект арқылы сөйлеу
үстінде көрінеді.
Негіздеу, сендіру, дәлелдеу сияқты сөйлеушімен байланысты сөйлесімге
тән мағыналық байланыстардың орын алуын сөйлеу мақсатының түрлерімен
түсіндіруге болады.
Сөйлемдер арасында орнайтын семантикалық аспектіні сөйлеуші
субъектінің дүниетанымы, ойлауы, шындықты қабылдауы тұрғысынан бағалауға
болады. Ортақ тақырыптың айналасында, ойлаудың жалпы түрлері негізінде
сөйлесімдер арасында әр түрлі мағыналық байланыстар орнайтындығы анықталды.
Қорыта айтатын болсақ, диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер
алуан түрлі. Олардың әрқайсысының ерекше қызметі бар, ерекше қалыптасу жолы
бар, ерекше тілдік және тілдесімдік қасиеттері бар. Сондықтан да диалог
құрылымы – күрделі құрылым, ал құрылымдық көрсеткіштері – күрделі
маркерлер.

1-бөлім бойынша тұжырым

Диалогтің дүниеге келуін, қалыптасуын әр түрлі шарттар анықтайдығын
атап өттік. Сол шарттардан құралатын коммуникативті мәнмәтінді, оның бір
бөлшегі сөйлеу жағдаятын зерттеу сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу
себебін түсіндіруге көмектеседі.
Диалогтік бірлігін анықтауда басшылыққа алынатын принцип-мақсаттардың
өзара әсерінен туындап өзара үйлесетін кем дегенде екі түрлі сөйлеу бірлігі
жасалды. Шағылысқан сөйлеу бірліктері коммуникативті бағдарына қарай
негізгі және қосалқы түрлерге бөлінеді. Олар әр түрлі қызметте жұмсалуы
мүмкін екендігі, сөйлесім мақсаты жасырын не ашық түрде көрінетіндігін
анықтадық.
Диалогтің күнделікті тұрмыста қолданылатын сөйлеу түрлерін және
әлеуметтік, этникалық, психологиялық көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып,
диалогтің түрлерін жіктедік. Сонымен қатар, төмендегідей ұстанымдарды
басшылыққа алып отырдық: коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті
сөйлеу формасы ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді.
Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің екеуінің де
белсенді атсалысуын ұсынады. Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен
тығыз байланысты. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі
сөйлесімнің нақты коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық
құрылымның бір компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Коммуникативті
толықтық принципі коммуникативті үстемдік принципімен тығыз байланысты.
Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде коммуникация
процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу қабілеттілігі.
Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен байланысты
қалыптасады .
Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне
қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды
жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге
болады. Диалогке тән сөз – белгілерді әр түрлі қырынан алып қараймыз. Бұл
бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан
жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға
болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз – сигналдарды сөйлеуші де,
тыңдаушы да қолданады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз сигналдарын
ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін,
қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде
сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-
сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де,
сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының
әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш
беруіне көмектеседі. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын,
қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын
жеткізуі мүмкін екендігін анықтадық.
Диалогтің табиғаты диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің
тиісті жауап реакциясының тууына түрткі болатын репликалардың алмасуында
ашылады. Диалогтік қатысымның дәл осы ерекшелігі қазіргі уақыттағы диалог
теориясының репликаларды реплика – стимул мен реплика – реакция етіп бөліп,
диалог барысындағы олардың орнын да белгіленген болады.
Сөйлемдер арасында орнайтын семантикалық аспектіні сөйлеуші
субъектінің дүниетанымы, ойлауы шындықты қабылдауы тұрғысынан бағалауға
болады. Ортақ тақырыптың айналасында, ойлаудың жалпы түрлері негізінде
сөйлесімдер арасында әр түрлі мағыналық байланыстар орнайды.
Дискурсте сөйлеушінің қатысым тақырыбына, тыңдаушыға, өзіне қатынасы
көрінеді. Ортақ заңдылықтарды жеке сөйлесімдер негізінде анықтау мүмкін
еместігіне көзімізді жеткіздік. Адамдар арасындағы вербальді қарым-қатынас
дискурсте жүзеге асатындығын айттық. Үш байланысты басшылыққа алып
қарастырып, олардың сөйлеу мәнбісінде бірде айқын, басым түрде, бірде тар
көлемде көрінетінін байқауға болатындығын айттық. Дискурстің жеке адам-
сөйлеушінің мені басым ашық көрінетін, сөйлеушінің өзіне бағытталған (бұл
жерде сөйлеушілер үшін ортақ тақырыптың болмауы да мүмкін), тыңдаушыға
бағытталған және ортақ тақырыпқа бағытталған түрлерін де ажыратуға болады.
Жалпы тіл білімі мәселесімен байланысты ғылыми болжам коммуникативті
бағытты негізге алады. Оның негізделуі жекелеген тілдер бойынша
жүргізілетін зерттеулерге тәуелді. Жеке тіл бірліктерінің қолданыс
үстіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Шетел тілін оқытуда музыканың ролі және оны қолдану әдістері
Сұрақтарға жауап беру
Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу
Ауызша сөз түрлері
Ауызша сөзге үйрету
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты
Пәндер