Жанұядағы қатынастар



Кіріспе
1. Теориялық бөлім
1.1.Қоғамдағы қарым.қатынаста қақтығыстың туу себептері және оны шеудің психологиялық жолдары
1.2. Қақтығыс түрлері және қақтығыстық жағдайларды басқару
1.3. Жас жанұя және бейімделу кезіндегі қақтығыстық ерекшеліктері
1.4. Студенттік жанұя . жас жанұяның негізгі категориясы ретінде
2. Эксперименттік бөлім
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
2.2. Жас ерлі . зайыптылардың жанұядағы қақтығыстарын анықтау
2.3. Жас жанұядағы қақтығыстың қарым.қатынастағы психологиялық әсерін статистикалық өңдеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
өзгеруін үнемі бақылауда ұстап, оған өзінің талаптары мен мақсаттарын байланыстырып отырады. Шынында қандай да бір талаптарға араласып отыру қақтығыстың әлеуметтік -психологиялық себебіне жатады. Үйге кіретін кірістің теңсіздігі ең бай адамдар мен ең кедей адамдардың арасындағы, қоғамның орташа тобының арасындағы теңсіздік, экономикалық, әлеуметтік -саяси өркендеудің тұрақсыздығы әртүрлі дәрежедегі қақтығыстарға, тұлғааралық, барлық қоғамды қамтитын қақтығыстарға апаруы мүмкін. Әлеуметтік толқудың өткірлігі, қақтығыстың дәрежесі жекелеген факторларда: адамдардың өзара әрекеттестігінде эмоционалды-психологиялық өмірге қанағатсыздықтың күшеюі, экономикалық жағдайға көңілі толмаған жандардың күшіне енді, жергілікті жердегі қақтығыстың жиілеуі, адамдардың талғамына орай жасалған әлеуметтік «ережелеріне» сүйенген мінез-құлықтары (қарақшылық, тонаушылық, терроризм, нашақорлық, жезөкшелік, т.б.) «кінәлі жанды» іздеу (не істеу керек? Кім кінәлі?) сияқты факторларда пайда болады. Өз кезегінде қарама-қайшы психологиялық факторлар әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайдың бүтіндей өркендеуіне аздап болса да әсер етеді.
Егер әңгіме адамдардың бір-біріне әсерінен тундайтын болса, қақтығыстың жекелеген анықтамасы келісімге келмейтін қарама-қарсы формасында көрініс табады.Қақтығыс ашық және жасырын түрде өрбуі мүмкін, бірақ олардың негізінде әрқашан келісімге келмейтін пікірлер жатады. Сондықтан да қақтығыс екі немесе одан да көп кісілер мен топтардың арасындағы қайшылықтар негізінде анықталады.
Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке қатысады.
Егер даулы қақтығыстар нақтылы шашімдерге қол жеткізуге және өзара байланысты дамытуға мүмкіндік берсе, онда олар функционалды (құрастырмалы) деп аталады. Әсерлі әрекеттестікке бөгем болатын және шешім қабылдауға кедергі келтіретін қақтығыстар функционалды емес (құрастырмалы емес) қақтығыстар деп аталады. Қақтығысты зерттеуді, оның себептерін ұғынып, оның нәтижелерін түсінуді меңгеруге тиіспіз.
Қоғамдағы қақтығыс әлеуметтік шиеленіс деп аталатын әлеуметтік -психологиялық негізде өріс алады. Әлеуметтік шиеленіс – бұл қоғамдық таным мен әрекеттің, құбылыстарды бағалау және қабылдаудағы ерекше жағдайлардың күйі. (ДмитриевА.В., Кудрявцев В.Н., Кудрявцев С.В.
1.Гришина Н.В. Я и другие (общение в трудовом коллективе). Л., Лениздат,1990
2.Самойленко Е.С. Основные направления экспрементального исследования речи в ситуации общения./ Психологический журнал №4,1985 с. 153-158.
3.Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983. -272 с.
4.Михеева С.М. Психологическая совместимость и характер взаимодейстивия членов группы.- В сб.: Вопросы психологии познания людьми друг друга я общения. Краснодар,1978.кн.2, с. 135-143.
5.Ломов Б.В. Котигория общения и деятельности в психологии. –Вопроси философии. М;1979,№8,с.34-47.
6.Ниренберг Дж,. Калеро Г. Как читать человека словно книгу. М., 1990.
7.Абульханова-Славская К.А. Личностный аспект проблемы общения.- В кн.: Проблемы общения в психологии. М.,1981.с. 218-241.
8.Е.О.Смирнова Генезис общения ребенка от рождения до семи лет в исследованиях сотрудников психологического института. //Вопросы психологии -2004 г. №4. С.35-39.
9.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М: Политиздат, 1977. - 304 с.
10.Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б. Социологический словарь / Пер. с англ. под ред. С.А. Ерофеева. – Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1997.-420с.
11.Авсиевич М.Т., Мельник Л.И. Супружеские конфликты и пути их преодоления. – М.: Материал в помощь лектору, 1988.-22с.
12.Андреева И.С., Гулыга А.В. – Семья: Книга для чтения. Кн. 2. – М: Политиздат, 1991.-527с.
13.Аргайл М. Психология счастья. / Пер. с англ. / Общ. ред. М.В. Кларина. – М.: Прогресс, 1990.-336с.
14.Афанасьева Т.М. Семья: учебное пособие для 9-10 кл. сред. шк. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Просвещение, 1988.-285с.
15.Богданов Г.Т., Богданович Л.А., Полеев А.М. и др. Супружеская жизнь: гармония и конфликты / сост. Л.А. Богданович. – 2-е изд. – М.: Профиздат, 1991.-175с.
16.Витек К. Проблемы супружеского благополучия. / Пер. с чеш. / Общ. ред. и предисл. М.С. Мацковского. – М.: Прогресс, 1988.-138с.
17.Говако Б.И. Студуенческая семья. / Редкол.: Э.К. Васильева (пред.) и др. – М.: Мысль, 1988.-158с.
18.Гребенников И.В. Основы семейной жизни: Учеб. пособие для пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 1991.-157с.
19.Гребенников И.В., Ковинько Л.В. Семейное воспитание: Краткий словарь. – М.: Политиздат, 1990.-319с.
20.Еникеева Д. Несчастливый брак. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 1998.-224с.
21.Каблуков В.А. Проблемы студенческих семей. – К.: О-во «Знание» УССР, 1989.- 48.-(Сер. 7 «Педагогическая», №4)
22.Каменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. в 2 т., М., 1982, т.1.
23.Карнеги Д. Как быть счастливым в семье. / Пер. с англ. П. Петрова. – Мн.: Попури, Г.К.М., 1996.-431с.
24.Ковалев С.В. Психология современной семьи: Информ.-метод. Материалы к курсу «Этика и психология семейной жизни»: Кн. Для учителя. – М.: Просвещение, 1988.-208с.
25.Кочетов А.И. Начала семейной жизни. – Мн.: Полымя, 1987.-224с.
26.Культура семейных отношений. Сб. Статей. – М.: Знание, 1980.-112с.
27.Майерс Д. Социальная психология / Пер. с англ. – СПб.: Издательство «Питер», 1999.-688с.
28 .Маркс К., Энгельс Ф. Соч., т. 21
29.Платон. Соч в 3 т, т. 3, М., 1971-1972
30.Разумихина П.П. Мир семьи: Книга для учащихся старших классов по курсу «Этика и психология семейной жизни». – М.: Просвещение, 1986.-208с.
31.Разумовская Т. Узы брака, узы свободы. – М.: Мол. Гвардия, 1990.-222с.
32.Сатир В. Как строить себя и свою семью. Заметки психолога. – М.: Педагогика-Пресс, 1992.-192с.
33.Семейно-бытовая культура. – Минск, 1987.-106с.
34.Сизанов А.Н., Быков В.М., Тюхлова И.Н., Смирнова Е.С. Безопасное и ответственное поведение: Цикл бесед, практических и тренинговых занятий с учащимися I-XI классов о ВИЧ-инфекции и наркотической зависимости: Пособие для класс. рук., воспитателей, психологов и соц. педагогов / под ред. А.Н. Сизанова. – Мн.: «Тессей», 1998. Ч. III.-176с.
35.Симеонова Л. Маленькая книжка о любви: О сложных проблемах взаимоотношений супружеских пар. – М.: Республика, 1992.-173с.
36.Студенческая семья: состояние, проблемы, перспективы. – Мн.: Университетское, 1991.-104с.
37.Шапошников Е.А. 1000+1 совет семейного психотерапевта. – М.: Олимп: ООО «Фирма «Издательство АСТ».
38.Шуман С.Г., Шуман В.П. Конфликты в молодой семье: причины, пути устранения. – Мн.: Университетское, 1989.-80с.
39.Юркевич Н.Г., Красовский А.С., Бурова С.Н и др. Этика и психология семейной жизни: Кн. для учителя. – Мн.: Нар. асвета, 1989.-286с.

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Адамдар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
өзгеруін үнемі бақылауда ұстап, оған өзінің талаптары мен мақсаттарын
байланыстырып отырады. Шынында қандай да бір талаптарға араласып отыру
қақтығыстың әлеуметтік -психологиялық себебіне жатады. Үйге кіретін
кірістің теңсіздігі ең бай адамдар мен ең кедей адамдардың арасындағы,
қоғамның орташа тобының арасындағы теңсіздік, экономикалық, әлеуметтік
-саяси өркендеудің тұрақсыздығы әртүрлі дәрежедегі қақтығыстарға,
тұлғааралық, барлық қоғамды қамтитын қақтығыстарға апаруы мүмкін.
Әлеуметтік толқудың өткірлігі, қақтығыстың дәрежесі жекелеген факторларда:
адамдардың өзара әрекеттестігінде эмоционалды-психологиялық өмірге
қанағатсыздықтың күшеюі, экономикалық жағдайға көңілі толмаған жандардың
күшіне енді, жергілікті жердегі қақтығыстың жиілеуі, адамдардың талғамына
орай жасалған әлеуметтік ережелеріне сүйенген мінез-құлықтары
(қарақшылық, тонаушылық, терроризм, нашақорлық, жезөкшелік, т.б.) кінәлі
жанды іздеу (не істеу керек? Кім кінәлі?) сияқты факторларда пайда болады.
Өз кезегінде қарама-қайшы психологиялық факторлар әлеуметтік -экономикалық
және саяси жағдайдың бүтіндей өркендеуіне аздап болса да әсер етеді.
Егер әңгіме адамдардың бір-біріне әсерінен тундайтын болса,
қақтығыстың жекелеген анықтамасы келісімге келмейтін қарама-қарсы
формасында көрініс табады.Қақтығыс ашық және жасырын түрде өрбуі мүмкін,
бірақ олардың негізінде әрқашан келісімге келмейтін пікірлер жатады.
Сондықтан да қақтығыс екі немесе одан да көп кісілер мен топтардың
арасындағы қайшылықтар негізінде анықталады.
Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және
тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық
қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған
қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге
келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен
кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір
амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке
қатысады.
Егер даулы қақтығыстар нақтылы шашімдерге қол жеткізуге және өзара
байланысты дамытуға мүмкіндік берсе, онда олар функционалды (құрастырмалы)
деп аталады. Әсерлі әрекеттестікке бөгем болатын және шешім қабылдауға
кедергі келтіретін қақтығыстар функционалды емес (құрастырмалы емес)
қақтығыстар деп аталады. Қақтығысты зерттеуді, оның себептерін ұғынып, оның
нәтижелерін түсінуді меңгеруге тиіспіз.
Қоғамдағы қақтығыс әлеуметтік шиеленіс деп аталатын әлеуметтік
-психологиялық негізде өріс алады. Әлеуметтік шиеленіс – бұл қоғамдық таным
мен әрекеттің, құбылыстарды бағалау және қабылдаудағы ерекше жағдайлардың
күйі. (ДмитриевА.В., Кудрявцев В.Н., Кудрявцев С.В. Қақтығыстың жалпы
теориясына кіріспе. (Заңгерлік қақтығыс ғылымы) М., 1993, 95 бет)
Қоғамның эмоционалды-әлеуметтік күйі немесе қоғамның бөлшегі ретінде
әлеуметтік шиеленіс туындайды. Егер өз уақтысында толғағы жеткен тоқырау
көрініс таппаса, қақтығыстың қарама-қайшылығы ешқашан да шешімін таппайды.
Адамдар тығырыққа тірелген кезде барып, көтеріп отырған мақсаттары мен
мүдделерінің қоғамдық дамуы мен оның нақты шешімдері арасындағы
айырмашылықты сезінеді.
Адамдармен арадағы қатынастағы қиын жағдайларда ашылу маңыздылығына ие
болады, яғни басқаларға қатысты әділ және табиғи болу; Ашықтық
психологиялық феномен ретінде өзіндік ішкі менді пайымдаудың деңгейімен
қатысты және өзін тұлғалық деңгейде қабылдауға байланысты.
Қарым – қатынаста маңыздылыққа ие нәрсе – кері байланыс, яғни бізден
басқа адамдарға жететін, олардың мінез-құлқына әсер ететін белгілі бір
реакцияины жеткізетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты басқа адамдарға
олардың әрекеттерінің біз тарапымыздан қалай қабылдайтынымызды, біздің
әрекетіміз бен жағдайымызға олар қалай әсер ететінін тануға көмектеседі.
Зерттеудің мақсаты. Қақтығыстың қарым-қатынасқа психологиялық
әсерін психология тарапынан анықтау және өңдеу.
Зерттеудің обьектісі Жанұялық қақтығыс процесінің психологиялық
ерекшеліктері.

Зерттеудің міндеті – жас жанұядағы шиеленістілік себептерін ашып, оларға
психотерапиялық тұрғыдан әсер етіп, шешу жолдарын табу.

Зерттеудің болжамы. Психологиялық көмектің әрбір түрі жанұядағы
қақтығыстарды шешуге жағымды әсерін тигізетін болса,онда қарым-қатынас
жақсы қалыптасады.

Зерттеуіміздің объектісі, пәні, мақсаты және гипотезасы негізінде біз
төмендегідей міндеттерді бөліп шығардық:

1. Шетел және ресейлік әдебиетіндегі жас жанұя тақырыбындағы
теориялық бөлімдерді талдау.
2. Жанұялық шиеленістердің пайда болу себептерін табу.

Зерттеудің әдістемелері.
1.Еркек немесе әйелдік стиль. Сізде қаншалықты әйелділік, қаншалықты
еркектілік басым?
2.Сіз басқа адамның пікірін дұрыс қабылдайсыз ба, басқалардың
көзқарасын сыйлайсыз ба?
3.Жанжал кезіндегі өзіңіздің ұстамдылығыңыздың амалын анықтаңыз
4.Өз қақтығысыңыздың қандай деңгейде екенін анықтаңыз?
Зерттеу нәтижесі: Зерттеу топтардағы әр түрлі таңдаулар арасындағы
эксперименттік көрсеткіштерін Розенбаумның Q – критериі
бойынша анықталды.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы:. Жүргізілген
эксперименттік зерттеу нәтижесі және негізгі ережелері Қайнар
университетінің педагогика және психология кафедрасының мәжілісінде
талқылаудан өтті.
Зерттеу жұмысының құрылымы, көлемі; дипломдық жұмыс кіріспеден, 2
тараудан, қорытындыдан, кестелерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен .
Жұмыс көлемі 59 бетті құрайды.

1. Теориялық бөлім

1.1.Қоғамдағы қарым-қатынаста қақтығыстың туу себептері және оны шеудің
психологиялық жолдары
Қарым- қатынас серіктестер арасында дұрыс жүзеге аспай жатады. Бұған
сыртқы шектеулермен қатар, біршама терең қарама-қайшылықтар себеп болуы
мүмкін.
Мұндай қарым-қатынастың шектеулері, деп көрсетеді әйгілі отандық
психолог Д.С.Парыгин жасанды қарым-қатынастардың кейпін киіп,
"стереотипін", "стандартты тәрбиелік реакциялармен" орнын ауыстыра отырып,
бұл "адамдар арасында психологиялық кедергі" туғызады дейді. Бұл кедергілер
адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, өзара қарым-қатынасына кедергі
жасайтын қарама-қайшылықтар ретінде көрінеді. Кез келген адамның қарым-
қатынас процесінде алдынан кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды
жеңе алмауы, бұл оның эмоцияналдық күйі, физикалық, психологиялық
денсаулығына кері әсерін тигізеді1.
Қақтығыс- (латын тілінен conflictus- қақтығыс) қарама- қарсы бағыттағы
оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының,
бағыттарының қарама-қайшылықтары.
Қақтығыс жағдайы- ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі.
Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері әр түрлі
болуы мүмкін. А.Б.Добрович қарым-қатынастағы екі жақтың
қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп
береді2.
Шартты түрдегі шектеулер- адамдар расында "конвенция" болған жағдайда
пайда болады, яғни салт- дәстүр, ғұрып өзін қалай ұстау керектігін
көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар -үлкендерді үлгі тұтып, тыңдау
керек, үлкендер- кішілерді үйретіп, көмектесу керек, , күйеу бала
қалыңдығын қамқорына алу керек, қалыңдық- басқа ер адамдарға көңіл
аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай, алдамау керек. т.б.
Жағдайлық шектеулермен- біз толыққанды қарым-қатынас қатаң жағдайдың
шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз. Қарым-қатынасқа
тұлғалардың серіктес ретінде қатысуы жағдайды одан ары қиындатып
жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны
беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық
сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да
қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне
қатысты сұрақтар қойылмайды.("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?" )
немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден
көңілім қалған ") Мұндай жағдайда жеке өміріне қатысты емес қаратпа
сөздерді қолдану керек."Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?-
Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда осындай жолмен
көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.
Эмоционалды шектеу- қарым-қатынас атмосферасының құрылуында
анықталады. Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш
пен махаббатты сезінсе, онда олар қарым-қатынастағы бақытты минуттарды
бұзбау үшін олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады. Егер
серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен жауласқан болса,
онда олар конфликтіні шектеуге тырысып, қарым-қатынаста масканы
қолданады. Мұндай жағдайда әркім өзінің серіктесіне қуаныш сыйлауы өте
сирек болады.
Н.И. Шевандрин біздің эмоциямызға негізделген келесі кедергілерді
көрсетіп берді:
Жек көру және жиренгіштік кедергісі - күнделікті өмірде жиі кездеседі.
Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті -бұның
бәрі қарым-қатынастағы серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады. Ал
мұның алдын алу үшін гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.
Уайым мен қайғырудан пайда болатын қарым-қатынастағы кедергімен кез-
келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол
адамның ойын басқа адамдарға бұру өте киын. Қайғыруға себеп әдетте
трагедиялық оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан, артық
физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.
Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы қарым-қатынаста кедергі
жасайтын жеңуі қиын кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда өмірлік қиын
жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі болып
кеуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты
дұрыс шеше алуыңызға байланысты.
Ұят пен кінә кедергісі- бұл басқа біреудің немесе өзіне деген
қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немес жақтау кезінде пайда
болады. Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты үзетін кездері аз
емес. Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын адамдар
да бар. Соңғылары өзінде психологиялық қорған құрып алған. Олар көп
жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы мотивтер
іздейді. Өте төмен және өте жоғары кінәні сезіну адамдар арасындағы
психологиялық қарым-қатынасты бұзады.
Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің біреуі тұлғааралық қарым-
қатынасқа дайын болса, басқасы қандай да бір себептер арқылы бұдан өтіп
кетіп, вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып, өзінің
серіктесін тура соны істеуге мәжбүрлеуінен көреміз. Осындай қарым-
қатынасты әйгілі Шекспир сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның
Капулетти әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады. Осындай
шектеудің ішінен мынандай кедергілерді көрсетуге болады:
Жек көрушілік кедергісі- мінездің бейнеленуін көрсетеді, бірақ бұл
кейде нәсілдік немес ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. кейбір жағдайда ғана
болмаса, оны жеңу қиын.
Қабылдау кедергісі- түсініксіз ойды айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс
құрылмауы, т.б. жағдайда пайда болады.
Ойдың дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз эмоционалды
сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы қиын.
Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас кедергісі
ретінде басқа да факторлар конфликтінің пайда болуына әсер етеді. Көбіне
ішкі психологиялық кедергілермен қақтығыс жиі кездеседі. Кез- келген
конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді. Кез-келген
әрекеттің астында қарым-қатынастағы әріптестердің мақсаттар, ал
конфликтінің артында - қарым-қатынастағы серіктестердің мақсаттары мен
тілегінің келіспеушілігі жатады. Әйгілі психолог М.Аргайл қарым-
қатынастың маңызды мотивтері , конфликтінің себептері ретінде : өзіндік
таным, рухани және эмоционалдық байланыс, басқару, агрессия, басқаларды
өзіне бағындыру сияқты т.б. себептерді көрсетіп береді3.141.
Қақтығыста соңғы қарым-қатынастағы табыс өзгереді, яғни адамдар
арасындағы бір-бірінен күткен, тәртіп сәйкестілігі. Қарым-қатынас әрқашан
және барлық жерде жақсы жүреді және ішкі қарама-қайшылықтардан азат болуы
мүмкін емес. Кейбір жағдайларда келіспеушілік байқалады, мақсат пен
тапсырмаларды шектелуін бейнелейтін антогонизм позициясы, бұл кейде
өзара жауласушылықты - өзара конфликт пайда болады.
"Қақтығыс" аударғанда қақтығыс деген мағынаны береді. Кез-келген
конфликтінің негізі болып бір жағжай жатады, оған қарым-қатынастағы
серіктестердің қарама-қарсы бағыттағы мақсат, позиция, көзқарас, ойының
қақтығысуынан болады. Қақтығыстың әлеуметтік маңызы әр түрлі болып келеді
және тұлғааралық қарым-қатынаста негізінен қандай құндылықтар жатқандығына
байланысты.. Бұл былғанған жейдеден туған конфликт бір бөлек, ал
мемлекеттік мәселелері өз алдына бір бөлек болып табылады.
Қатысушылардың санына байланысты қақтығыс тұлғааралық, тұлға-топ
арасында, топаралық болуы мүмкін. Тұлғааралық қақтығыс бірнеше
қатысушылардан тұрып, олардың әр қайсысы басқаларына қарсы өзіндік ойымен
қарсы шығады4,15. Мысалы: 3 мектеп оқушысы өзара келісе алмай, бүгін
кешке қайда барарын шеше алмай жатыр. Егер бір жақтың ойын басқа
қатысушылар қолдаса, онда ол тұлға-топ арасындағы қақтығысқа айналады.
Топаралық конфликтіде әр түрлі топтардың көзқарасының қақтығысы жүреді.
Қақтығыс қандай қысқа мерзімді немесе шулы болмасын, оның өзіне тән
заңдылықтары бар. Әдетте, конфликтінің негізгі 5 кезеңін атап көрсетуге
болады: Қақтығыстық жағдайдың пайда болуы, конфликтіні тану, конфликттік
тәртіп орнату, қақтығыстың тереңдеуі және оның шешілуі. Оларды тереңдетіп
қарастырайық.
Қарым – қатынас процесінде кері байланыстың нәтижелілігін көтеретін
белгілі бір ережелер бар. Бұл ережелерді өз іс - әрекеті процесінде
адамдармен: қол астындағылар, ұжымдастар, жоғарғы басшылармен үнемі
қатынаста болатындықтан әрбір жеке тұлға білуі тиіс. Бұл ережелер
бірнешеу:
1. Сіз айтқан ескертулерде тұлғаға тиіспеу керек, ал сіздің
әріптесіңіздің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескеру керек.
2. Көбірек қорытынды туралы емес, бақылау туралы айту керек. Бақылау –
Сіздің көргеніңіз бен естігеніңіз, ал қорытынды – Сіздің фактіге
негізделген қайта толқталуыңыз.
3. Бағалау формасында сөйлемеу керек. Егер сіз кейбір бағалаулар
айтатын болсаңыз, мейірім және жауыздық, дұрыстық және дұрыс
еместік, жағымды және жағымсыздық туралы т.б. сияқты қарапайым
категорияларды қолданасыз. Бұндай типтегі баға сіздің құндылық
жүйеңізге негізделеді. Баға қарым – қатынас процесіндегі жақсы
түсінушілікке көмектеспейді.
4. Маңызға ие жағдайларда алыс өткенге емес, жақын уақытқа назар аудару
керек.
5. Кеңесті барынша аз беру керек. Әріптесіңізбен ой, ақпарат алмаса
отырып, өз бақылағаныңызды ғана айтуыңыз керек.
6. Сұқбаттас әріптесіңіздің тұлғасына және оның мінез-құлқындағы
ерекшеліктерді сынға алу мәнсіз, оған ықпал ету мүмкін емес.
7. Әріптесіңізге керекті ақпаратты жеткізу үшін қолайлы жағдай және
оның жеткізілуінде дәлдік формасын таңдау керек.
Қақтығыстық жағдайдағы мінез-құлық моделінің әр түрі бар.
Өзара сенім және әріптестік жағдайын жасау.
Бұл келісім мен өзара түсінікке негізделген, сонымен бірге қарсыластың
әлсіз жақтарын пайдалануды көздемеу. Егер екі жақ та ортақ нәтижеге жетуді
көздесе және осы негізде әріптестікке ұмтылса, бұл жағдайда қақтығыс сәтті
шешіледі. Ортақ мақсат пен өзара іс - әрекет тәжірибесі әріптестерді бір –
біріне жақындата түседі. Бұл қарым – қатынастағы ашықтық тәуекелін
жеңілдетеді. Көрініп тұрғандай, алайда, адамдар өздері қақтығыстық қарым –
қатынастағы адаммен бірге ары қарай жақсы жұмыс жүргізу мүмкіндігін ойлап
жатпайды. Егер мұндай жағдайдағы жетекші бағыты туралы айтсақ, ол
үлкен қиындыққа тап келеді. Мұндайда тіпті дәлелдер де маңызды емес,
керісінше мәселені қоя білу, жауап тездігі, шешендік және т.б. тәсілдер
маңызды5.
Қақтығыстық шығудағы қолданылуы мүмкін сәттер:
1. Негізгі мәселені анықтау;
Көп жағдайда қақтығысқа келген жақтар пайда болған мәселе туралы
көзқарастардың ұқсастығы және ерекшеліктерін аңғармайды. Бұндай
жағдайда мыналарды білу маңызды:
- Мәселені қалай түсінесіз, сонымен бірге әріптесіңіздің қандай әрекеті
оны сізбен қақтығысқа әкелді.
- Сіздің әріптесіңіз мәселені қалай түсінеді, сонымен бірге қақтығыстық
туған сіздің және өзінің әрекеттерін қалай түсінеді.
- Сіздің мінез – құлқыңыз қақтығыстық жағдайына әсер ете ме?
- Сіздер шешу керек ортақ мәселе қандай?
- Сіздің әріптесіңізбен алыстауыңыз немен байланысты?
- Сіз әріптесіңізбен өзара түсінік жағынан қалай жақынсыз?
2. Қақтығыстық себептерін анықтау:
Сіз бен әріптесіңіз арасында қақтығыстық тағы тумау үшін оның пайда болу
себептерін білген өте маңызды. Бұл себептер туралы білім болашақта бұндай
жағдайдың орын алмауына көмектеседі. Сонымен бірге сіздің қандай
әрекетіңізді әріптесіңіз қабылдай алмайтынын және соңында сіздердің
араларыңызда пайда болған қақтығыстық себеп болған жағдайды анықтау керек.
Әрбір басқарушы өз қол астындағылар үшін мәселенің қарама – қайшылық
тудырмауын ойластырып, өнеркәсіп өмірінде мұндай жағдайлар аз
кездеспейтінін ескеруі қажет6,18.
3. Қақтығысты шешу жолдарын іздеу және одан шығудың нәтижесі.
Бұл сұраққа жауап беру үшін мыналарды білу маңызды: сіз және
әріптесіңізбен араларыңызда туған қақтығыстың шешілуі үшін не жасай
аласыздар; ортақ мақсатты табу бұл мәселенің шешілуіне жәрдемдеседі және
қақтығысты шешудің мүмкін жолдарының нәтижесі қандай болатынын
бағамдауларыңыз керек.
Қақтығыстық жағдайдан шығудың әмбебап әдістері жоқ екендігін ескеру
отырып, мұндай жағдайда жол табудың жалғыз – ақ мүмкіндігі- бұл мәселеге
толық ене алу, сонымен бірге бұған қоса сіздің ебіңіз, ерігіңіз де болып
табылады.
Қақтығыстық жағдайдағы мінез – құлықтың түрлі моделінің болатынын Н.В.
Гришина көрсетіп береді. Оның үстіне бұл моделдердің әрбірі өзінің
психолгиялық мінездемесіне ие. Осындай моделдердің бірі іскелік дау деп
аталады. Мұнда анық сұрақ бойынша және біргеліктегі іс - әрекетте
әріптестер арасында келіспеушілік пайда болады. Қақтығыстық өзіндік
сипатқа ие болады. Мұндай жағдайдағы өзара қарым – қатынас сипатын жалпы
түрде келісімге келуге бағытталған және ортақ жақсы мақсатты шешуге
негізделген серіктестік деп атауға болады7,16.
Қақтығысқа келген жақтар ортақ сұрақтың жауабын іздейді. Алайда қақтығыс
аймағы өте кең жағдайлар да өтеді. Мұндай типтегі моделді қарым –
қатынастың қалыптасуы деп атауға болады. Қақтығыс ортақ әрекеттің бір
аспектісіне қатысты емес, бірнешеуіне тиісті де жағдайда, әріптестер қарым
– қатынас негізінен туатын келісімді көре алмайды, сондықтан оны шешудің
басқа тәсілдерін іздейді, бұндайда әріптестер бір – бірінің қателерін
ескертеді.
Тағы бір қақтығысқа келген жақ арасындағы өзара әрекет типінің түрі
психологиялық антагонизм деп аталады. Мұнда қақтығыс аймағы кеңейе
түседі, анық емес кейіпте болады, мәселені шешудегі талпыныстарда
субъективтілік күшейеді. Келіспеушілік өсе түседі, әріптестер ара –
қатынасы бір – бірін қабылдамайды, сонымен қатар тұлғалық қасиеттердің
тапталу да болады.
Қақтығыстық жағдайлар әр түрлі дамиды. Осыған байланысты одан шығудың
түрлі жолдары мүмкін. Қақтығыстан шығу рационалды және рационалды емес
болады.
Рационалды әдісте жағдайдың жолдарын белсенді іздеу, адам қажеттілігін
қанағаттандыру, қойылған мақсатқа бар күшті бағыттау маңызды. Кейде
адамдарды пайда болған қақтығыстық жағдайдан қашу көрініс береді. Бұл
теріс эмоциялардың ықпалынан болып жатады.
Әр түрлі қақтығыстық жағдайлар адамдарды жағымды немесе жағымсыз мінез
– құлық стратегиясын таңдауға әкеледі. Мұндайда басқару ісі типтік мәнге ие
болады, яғни басқарушы мүмкін болған стратегияның бірін пайдаланады.
Психологиялық әдебиеттерде мұндай жағдайлардағы әр түрлі әрекет
стратегияларын көрсетеді.
Көбірек қолданылатын стратегиялар деп мыналарды келтіруге болады:
қарсыласу, біріккен іс-әрекет, компромисс, кету және бейімделу9,32.
Қарсыласу стратегиясында іскерлік әріптесіне қатысты басқарушылық әдісін
пайдаланады, даулы сұрақта өз бағытын алға шығаруға талпынады, әріптесінің
қарсыласқанына қарамастан мұны өзгенің қызығушылығын тастап, жоғары
белсенділік танытады.
Біріккен іс-әрекет жасау стратегиясында да басқарушы алдыңғы
стратегиядағыдай әрекетіндегі сәттілікке ұмтылады, алайда, мұнда тек өзінің
емес, сонымен бірге әріптесінің де қызығушылығы ескеріледі, сөйтіп
қақтығыстық көзқарастан қашушылық орын алады.
Компромисс стратегиясында басқарушы әріпсестерімен пікір келісімін
реттеуге тырысады, әріптесінің қызығуларына назар аудара отырып, оның
назарын өз жағына аударады10.
Кету стратегиясында қойылған мақсатқа жетудегі жауапкершілігінен бас
тарту, өзіндік шешім қабылдамайды, іс - әрекеттегі жетістікке құлықсыздық
танытады.
Бейімделу стратегиясында басқарушы басқарушылық мақсаттағы іс -
әрекетінің нәтижелілігіне белсінділік танытпайды, бейтараптылық бағытын
ұстанады. Бұл стратегия адамдармен қақтығыстық жағдайлардан қашуға
негізделген, бұл бағытты ұстанған басқарушы жағдайдан кетуге және
жауапкершіліктен бас тартуға да бейім болады. Қақтығыс құрылымын түрлі
авторлар өзінше сипаттайды, дегенменде негізгі элементтері барлығына дерлік
түсінікті. Бұлар-қақтығыстық жағдай қатысушылардың ұстаным, обьект,
қақтығыстың даму мен шешілуі. Бұл элементтер қақтығыс типіне байланысты
жүреді. М.Дойчтің еңбектерінде қақтығыстың екі түрі аталады: диструктивті
және продуктивті. Диструктивті қақтығыстардың анықталуы көбінесе қарапайым
түсінік пен сәйкес келеді. Қақтығыстың осындай типі өзара әрекеттің
шайқалуына әкеліп соғады. Диструктивті қақтығыс өзін тудырған себептерден
тәуелсіз болған. Оған спецификалық даму тән, нақтырақ айтсақ қақтығысқа
тартылған қатысушылардың санының көбеюі, олардың қақтығыстық әрекеттер мен
бір-біріне деген жағымсыз істердің санының өсуі т.б11,21.
Келесі – қақтығыстың эскалациялық сипаты бұл қақтығыстық жағдайдың
өрши түсуі, қарсыласына деген жек көрініштің өсуі. Қақтығыстың мұндай түрін
шешу әсіресе қиын болатын, мұны шешудің негізгі тәсілі келісімге келу мұнда
жетістікке жету үлкен қиыншылық пен келіп отыр.
Продуктивті қақтығыс-көбінесе белгілі бір мәселеге байланысты түрлі
көзқарастардың және оның шешілуінің түрлі жолдарының болуына байланысты.
Мұндай жағдайда қақтығыстың өзі мәселені түсінуді қалыптастырады.
Қорыта айтқанда, қарым-қатынастағы қақтығыстар біздің өміріміздің
түрлі қырлары мен формаларының әлеуметтік-экономикалық және техникалық
дамуының ерекшеліктеріндегі және адамның еңбек іс-әрекетіндегі
психологиялық білімдерінің рөлі арта түсуде.

1.2. Қақтығыс түрлері және қақтығыстық жағдайларды басқару

Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Яғни, ол адамдар арасында өмір сүре
отырып, өмірлік әрекеттерін өзара әрекеттесу, басқа адамдармен қарым-
қатынасқа түсу арқылы жүзеге асырады.
Қарым-қатынасқа түсу барысында ақпарат алмасу, оны талдау, өзара
қабылдау, өзара түсінісу, өзара баға беру, симпатия немесе антипатияның
қалыптасуы, өзара қатынастардың сипаттары, бірлескен әрекеттер іске асады.
Соның арқасында әрбір адам өз өмірінде басқа субъектілермен әрекеттесе
отырып, қарым-қатынас аумағында тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерді
игереді.
Олай болса, қарым-қатынас бұл кем дегенде екі тұлғаның өзара әрекеттесу
үрдісі, ол өзара түсіністікке, танымға, өзара қатынастарды орнату мен
дамытуға, бірлескен әрекеттерді үйлестіруге, көзқарастар мен мінез-құлыққа
бағытталады 12. Қарым-қатынас бірлескен әрекеттердегі қажеттіліктерден
туындайды және сонымен қатар адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуі,
ақпарат алмасуы жатады.
Қарым-қатынас үдерісін түсіну үшін оның негізгі категорияларына басты
назар аударған жөн.
Қарым-қатынас коммуникативтік категориялар қатарына жатады.
Коммуникативтік категориялар – қарым-қатынас және оны жүзеге асыру
нормалары туралы адамның білімдерін реттеуші жалпы категориялар болып
табылады 13. Коммуникативтік категориялар қатарына қарым-қатынас
категориясы, сыпайылық, коммуникативтілік, коммуникативтілік жауапкершілік,
эмоционалдық, сенімділік, басымдылық таныту, конфликт, коммуникативтілік
салмақтылық, оптимизм немесе пессимизм және т.б. жатады.
Қарым-қатынас категориясының төмендегі бірқатар белгілерін атап өту
қажет:
✓ адамдар арасында таныстық әрекетінің орнауы;
✓ белгілі бір байланыстар мен қатынастарды ұстану;
✓ үстіртін немесе терең мағынадағы байланыстардың болуы;
✓ қажетті емес, мағынасыз, кінәмшыл қатынастардың көрініс беруі.
Қарым-қатынас категорияларының мәні – адамның қоғамдық орнын,
ішкі жан дүниесінің болмысын ашып көрсетуімен анықталады. Сонымен қатар,
қарым-қатынас құралдарының негізгі үш категориясын бөліп қарастыруға болады
14. Олар:
1) экспрессивті-мимикалық қарым-қатынас құралдары – күлу, көзқарас,
мимика, қол және дененің мәнерлі қимыл-қозғалыстары, дауыс ырғағы;
2) затты-әрекеттік қарым-қатынас құралдары – локомоторлық және заттық
қозғалыстар, сонымен қатар қарым-қатынас мақсатына жетудегі қимыл-
қозғалыстар;
3) сөйлеу құралдары – ой түйіндері, сұрақтар, жауаптар, әңгімелесу,
баяндау.
Байрон Люйс қарым-қатынастың төрт негізгі категориясының моделін
Вирджиния Сатир, Бэндлер және Гриндердің жұмыстарын негізгі ала отырып
жасаған 4. Бұл модель төрт репрезентативтік жүйе төңірегінде
қарастырылған. Олар:
• визуалдық жүйе;
• кинестетикалық жүйе;
• аудиалдық;
• логикалық жүйе.
Л.Клоузердің классификациясына сүйенсек қақтығыс шынайы (заттың)
немесе шынайы емес болып жіктеледі.
Шынайы қақтығыстар қатысушылардың нақтылы талаптары
қанағаттанбағандықтан және бір немесе екі жақтың да пікірлерінің
әділетсіздігінен туындаған, олардың арасындағы қандай да бір меншік
үлестіруге және нақтылы шешімге, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылатын жағдай.
Шынайы емес қақтығыстар теріс эмоциялардың өкпе, дұшпандық т.б.
жиынтығын ашық көрсететін мақсаттардан тұрады. Бұл жердегі өткір қақтығысты
әрекеттестік көп мүддесіне нәтиже әкелу емес, өз мүддесін қорғауды ғана
көздейді.
Қақтығыс шынайылықпен басталып, шынайылықтан ада күйге ауысуы да
мүмкін. Мысалы: қатысушылар үшін қақтығыс амалы өте маңызды болса, олар
қолайлы нәтижелерді таба алады. Қандай жағдай болмасын жол табады. Бұл
эмоционалды шиеленісті көтеріп, теріс эмоциялардың жиынтығынан азат болуын
талап етеді.
Шынайы емес қақтығыстар әрқашан да функционалды емес. Оларды
құрылымдық арнаға салу, бетін оң жаққа бұру мүмкін дүние емес. Мұндай
қақтығыстарға дауа болар үміт – жағымды психологиялық атмосфера
қалыптастырып, жетекшілер мен бағыныштылардың психологиялық мәдениетін
көтері, әңгіме барысында эмоциялық жағдайды жасырын ұстау жолдарын меңгеру.
Қақтығыстың бес негізгі түрі бар: тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлға мен
топ арасындағы, топаралық, әлеуметтілік.
Тұлғаішілік қақтығыс. Қақтығыстың бұл түрі бізге белгілі анықтамамен
толық үйлеспейді. Мұнда қақтығыс қатысушылары адам емес, тұлғаның ішкі
әлеміндегі жекелеген психологиялық факторлар ақырға сыймайды деп танылған:
әдістер, құндылықтар, сезімдер, талаптар және т.б. негіз болады.
Тұлға ішілік қақтығыстар ұжымдық қызметке негізделе отырып
жекелеген формаларды қабылдай алады. Оның ішінде өріс алғаны – маңызды
қақтығыс. Ол адамның жекелеген рөлі. Оған қарама-қайшы талаптарды ұсынған
кезде пайда болады. Мысалы, отбасыға ұқыпты, қамқор болған (әке, ана, жар,
зайып және т.б. рөлі) адам кешкі уақытын отбасында өткізуі тиіс, ал
басшылық әрекеті қызметте көрінуге міндетті. Немесе цех басшысы ұста,
шеберлерге детальдардың белгілі бір санын шығаруға нұсқау берді, ал
техникалық басшысы дәл сол уақытта жабдықтарға техникалық бақылау жүргізуді
міндеттейді. Алғашқы қақтығысты жеке талаптар мен өндіріс талаптарының
келіспеуі, екіншісінде дара басшылық қағидаларының бұзылуы негіз болған.
Өндірісте ішкі қақтығыстардың тууына жұмысты үсті-үсьіне үйіп төгіп беру
немесе керісінше жұмыс орнынан табылған кезде жұмыстың болмауы нәтижесі
себеп болуы мүмкін15.
Тұлға аралық қақатығыс. Бұл қақтығыстың көп таралған түрі. Құрылымы
жағынан ол әртүрлі болып келеді. Көптеген жетекшілер оның негізгі
ерекшелігін сипаттардың ұқсас болмауы деп санайды. Шынында да, мінез-құлық,
көзқарас, өзін-өзі ұстау дәрежесіне орай бір-бірінен ажыратылатын жандар
кездесіп жатады. Кейде өте терең зерттеулер осындай қақтығыстардың
негізінде объективті себептер жатқандығын айтады. Бұл күрес көбіне
шектелген ресурстарға: материалдық құрал, өндіріс алаңдары, құрал-
жабдықтарды пайдалану кезінде, жұмысшы күшіне және т.б. жағдайларда өріс
алады. Кез-келген қаржы қоры үшін басқа емес, сол ғана қажет деп санайды.
Қақтығыс басшы мен бағынушы арасында, мәселен, басшы бағынушыға ақылға
сыймайтын талап қойған кезде, өз-өзіне сенімді болған жағдайда жетекші
жұмысшысы толық күшін жұмсап, жұмыс істегісі келмейді деп есептейді.
Тұлға мен топ арасындағы қақатығыс. Формальды емес топтар өздерінің
әңгімелесу, өзін-өзі ұстау қағидаларын ұстанады. Мұндай топтар мүшелерінің
әрқайсысы оны сақтауға тиіс. Қабылданған қағидадан жаңылу – негативті
құбылыс ретінде қаралып, тұлға мен топ арасында қақтығыс туындауына
алғышарт болады. Мұндай қақтығыстардың басшылықтың авторитарлы стилінің
ағынымен қозғалуы өте қиын жайт.
Топа ралық қақтығыс. Ұжым формальды және формальды емес топтардан
тұрады. Олардың арасында қақтығыстар тумай тұруы мүмкін емес. Мысалы
басшылық пен орындаушылар, жекелеген бөлімшелер жұмысшыларымен, бөлімшелер
ішіндегі формальды емес топтар арасындағы, кәсіподақ пен әкімшілік
арасындағы қақтығыстар.
Өкінішке орай, топаралық қақтығыстардың жекелеген мысалдарына
сүйенсек, жоғарғы буын мен төменгі жақтың арасындағы келіспеушіліктер, сол
сияқты, сызықтық және масштабты кейіпкерлер арасындағы кикілжіңдер ғана
өзек болады екен. Бұл функциональды емес қақтығыстың айқын мысалы.
Топаралық қақтығыстар шектелген ресурстар (билік, байлық, территория,
материалдық ресурстар тағы басқа) күресіне негізделген мақсаттардың
сыймсыздығын қамтамасыз етеді. Онда шынайы бәсекелестік, сондай-ақ,
әлеуметтік бәсекелестіктің де туындауы заңды құбылыс.
Топаралық қақтығыстар:
- Жеке адамның өзгеше қасиеттерімен ерекшеленуінің пайда болуын, топ
мүшелер, өзге адамдарды жеке адам, тұлғалық болмыс деп қабылдамайды, оларды
өзге бір топтың оларды мойындамайтын мүшесі деп санайды.
Өз қасиеттерімен ерекшелену өзге топтарға деген, оларды жеңуге деген
құмарлықтың пайда болуына ықпал жасайды.
- Өз тобын барлығынан да жоғары қоятын, өз қадірін арттырып, бір мезетте
өзге топтың мәртебесін түсіріп, оған өте төмен баға беру барысында
әлеуметтік, топаралық салыстырмалардың пайда болуына ықпалды болады.
Әлеуметтік салыстырулар қақтығыстың дамуына, сонымен бірге, көтермелеуге
қақтығыс кезінде өзін-өзі ақтауға, жеңіп шығу үшін өзге топтың абыройын
төмендету арқылы, өзін дұрыс жол таңдаған етіп көрсету арқылы әрекет
етеді. Топ басшылары көбіне өзге топ туралы өзге жақтың ақпараттарынан аз-
аздап немесе толық айырылуға әрекет етеді, сонда ғана өзі мен өзге топтар
арасындағы қақтығысты сақтап қала алады. Қақтығысты бәсеңдету үшін бір-бірі
туралы ақпараттарды алмасу үлкен пайда әкеледі.
- Топтық атрибуциялық (өзінен бөлінбес ерекше қасиетінің) пайда болуы, өзге
топтың өзі негативті оқиғаға жауапты деп санау орынды. Өзінің және өзге
топтардың оқиға себептерін түсіндіру жолы екі түрлі болады:
1) өз тобының дұрыс әрекеті мен ішкі себептерге байланысты дұрыс емес
әрекет етіп отырған өзге топты алға тартады. (Біз дұрыс жол таңдадық,
өйткені біз жақсымыз), (олар дұрыс жолға түскен жоқ, өйткені олар
жаман);
2) өз тобының жөнсіз әрекеті және өзге топтың дұрыс әрекеті сыртқы
себептермен, сыртқы жағдайлармен түсіндіріледі. Осылайша өз тобына қарсы
шығу сыртқы жағдайлармен (бізді жағдай мәжбүрледі), ал қарсыластарға
қарсы шығу – ішкі себептерге (олар жаман адамдар) негізделеді. Құрылымдық
дұрыс әрекеті (өзге топтың) сырттай алдын-ала келісілген (оларда өзге жол
жоқ болатын, жағдай оларды әлемдікке апаруға мәжбүрледі) деп бағаланады
немесе кейде арандатушылық әрекеті деп қабылданып, әскери айла, әскери
қулық (бұл жерде әлдене сезік тудырады, олардың бейбітшілік сүйгіш
ұсыныстарына сенуге болмайды) деп есептеледі. Тіпті топ ішіндегі
бөлімдердің бізге жау, бізге қарсы қастандық ұйымдастырады деп өзге
топтың іс-әрекетіне түсінік береді.
Әлеуметтік қақтығыс – бұл өзара әрекет ететін топтардың (субъектілердің)
өздерінің қандай да бір мақсаттарына жетуге ұмтыла отырып, сол жолда бір-
бірімен сөз, пікір таластырып, бірін-бірі жоққа шығаруға әрекет етуінен
туындайды.
Айла-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан қақтығыстың өзіне ғана тән
ерекшеліктерінің үш негізгі белгісі бар:
Біріншіден, әлеуметтік қарама-қайшылықтардың ақырғы шегіне жеткен, ашық
әрі жабық қарама-қарсы күрес жағдайындағы, сонымен бірге әрекеттестік
жағдайындағы құбылыс.
Екіншіден, әлеуметтік қақтығыс жекелеген әлеуметтік бірліктер – ұлттар,
мемлекеттер, әлеуметтік институттар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік тараптар
арасындағы талас-тартыстардан көрініс табады.
Үшіншіден, осы қарама-қарсы тараптар өздерінің жекелеген, қайшылықты
мүдделері, мақсаттары мен ұстанатын қағидаларын дамыту барысында бір-біріне
қарсы келіп, бірін-бірі мойындамайды (Дикарева А.А., Мирская М.И. Еңбек
социологиясы. М., 1989; Әлеуметтік сөздік. Минск, 1991; Запрудский Ю.Г.
Әлеуметтік қақтығыс. Ростов на Дону..1992). осыған орай, әлеуметтік
қайшылық – бірнеше фактілерді түсіндіретін құбылыстарды біріктіретін
күрделі жағдай. Өз талаптарын алға тартқан қарама-қайшы тараптар өздерінің
мақсат-мұраттары арқылы қақтығыстың негізі, өзегі болып отыр.
Осы жағдай қақтығыстың туу себептері мен табиғатын ашумен тығыз
байланысты, сол сияқты, оның кеңістіктік уақыттық, жүйелілік шекараларын
анықтауда да рөлі зор. Кеңістіктік шекарақақтығысқа қатысушылардың тұрған
жерімен анықталады (пәтер, көше, үй, жұмыс, аумақ, т.б.) Уақытқа
негізделген параметрі: қақтығыстың басталғанынан аяқталғанына дейінгі уақыт
ұзақтығымен анықталады16.
Қақтығыстың бастау алуы кем дегенде үш шартқа негізделеді:
1) бірінші қақтығыстың қатысушысы өзге қатысушыға физикалық әрекет,
демарш (қарсы жақты көндіру үшін дипломатиялық әрекетке бару) жасау,
арыз жазу және т.б. арқылы нұқсан келтіруге білек сыбана кіріседі;
2) екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне қарсы жасалғанын ұғынады;
3) екінші қатысушы жауап орнына қақтығысты бастаған адамға қарсы
әрекет жасауға белсене кіріседі. Осы тұста қайшылық өріс алды деп
есептеуге болады.
Осыған қарағанда қақтығыс екі тарап бір-біріне қарсы күреске кіріскен
кезде басталады деп жорамалданады. Ол тараптар өз мақсаттарын түп қазық ете
отырып, бір-біріне қарсы шыққан кезде туындайтын құбылыс. Сондықтан да
қақтығыс әрқашан екі жақты немесе көпжақты бағытта өріс алып, тараптардың
біреуінің қайшылықтуғызатын әрекетке баруынан бастау алады.
Қақтығыс элементтерінің тізімі:
1) екі қатысушы немесе екі тараптың болуы;
2 )тараптардың мүдделері мен мақсаттарын, құндылықтарын бағаламауы,
мойындамауы;
3) тараптардың бір-бірінің жоспарлары мен мақсаттарын жоюға жан сала әрекет
етуі;
4) өзге тарапқа әсер етуге күш салуы;
5) тараптардың бір-бірінің әрекеті мен бетбұрыстарына қайшы келу;
6) қайшылықты әрекеттестік тактикасы мен стратегиясы;
7) қатысушылардың ерекше қасиеттерінің болуы: өзгені мойындамайтын
бірбеттілігі, беделділігі т.б.
8) сыртқы ортаның қасиеті, үшінші бір кісінің қатысуы т.б.
Қақтығыстың даму динамикасы:
- қайшылықты жағдайдың туындауы;
- қайшылықты жағдайды жете түсіну;
- ерекше қақтығыстық бағыт алуы: қарсы тараптың мақсат-мүдделерінің оң
бағыт алуына кедергі болатын екі жақты эмоциональды, қарама-қайшы
әрекеттерді және өзгені басып жаншу арқылы өз мүддесін алға тартуға
мүмкіндік туғызу;
- қақтығыстың үкшіне енуі: бұл қатысушы тараптардың жекелеген
ерекшеліктерінің, интеллектуалдық, материалдық мүмкіндіктерінің негізінде
өріс алатын құбылыс. Бұл ерекшеліктер мен мүмкіндіктер көтеріліп отырған
мәселенің көлемі мен ерекшелігінен жан-жақты адамдардың ұстанымынан,
қатысушылардың қақтығыс зардаптары туралы ұсыныстарынан, әрекеттестік
тактикасы мен стратегиясынан тамыр тартады17.
Қақтығыс белгілері
1)тараптардың бір-біріне тәуелділігі , екі тарап бір-біріне тәуелді болады,
бір адамның ынталы түрде әрекет етуі екінші адамның әрекетіне жан
бітіреді. Ал бұл әрекеттер алғашқы тараптың қарсы әрекетке шығуына ықпал
етеді. Осылайша тараптардың әрекеттестік бір-біріне қарсы шығу әрекеттері,
бірін-бірі бақылап отыру әрекеттері туындайды. Егер байланыс, яғни,
қақтығыс барысында қашан әрекетке (мысалы, боксшының әрекетіне) баратын
болса, онда бұл қақтығыс емес;
2)жағдайды қайшылықты деп ұғыну, қақтығыстың бір немесе екі тарабы да бір-
бірін өздерінің мақсаттарына жету жолын бөгеп, бірін-бірі намысына тиіп,
қорлаушы деп қабылдайды;
3)әрекет ету сратегияларына алдын ала таңдау жасайды: рационалды қолайлы
шешім және келісімге келу жолдарын іздестіру, қақтығыстың өріс алуын
қамтамасыз, күрестің күшеюіне, мысалы, пікірлер мен көзқарастар күресінен
(иогнитивті қақтығыс) тұлғалар күресіне ауысады (тұлғааралық қақтығыс),
сосын топтар мен зорлық-зомбылық қақтығысына ұштасады.
Бірақ тиянақты көзқарастарға сүйенер болсақ, өзге жол, өзге пікірлер (осы
мәселеге қатысты) айқын анықталады. Бұл тек кереғар, біржақты пікір емес,
бұл қақтығысты негативті әлеуметтік құбылыс деп қана емес, сонымен бірге
оның пайдалы тұстарын да айқындайтын жағымды пікірлер еді. Талқылау жолдары
шамамен төмендегідей. Иә, қақтығыс дұрыс қалыптасқан әлеуметтік жүйені
ірітіп-шірітуге ықпал ететін жағымсыз құбылыс, бірақ оның жүру барысында
оны тұрақтылық пен қаржылық жағдайын ретке келтіретінжәне оны тұрақты түрде
сақталуына ықпал болатын күш туындайды.
Мұнымен қоса, қақтығысты мөлшерден тыс деп емес, әлеуметтік қатынастар
шамасындағы, қоғамның қалыпты құрылымы деп қарастыру тенденциялары да өмір
сүреді. Бұл Аристотель, Гоббс,Гегель,Маркс, Вебер, Дорендорфтардың
шығармаларында мұқият қарастырылған.
Мортон Дойч қақтығыс бағытына дәлелді талдаулар жасай отырып, қақтығыс –
бұл екі тарап арасындағы бірінің мүддесіне жету жолын екіншісінің мүддесіне
жету жолы бөгеген кезде туындайтын бәсекелес қарама қайшы әрекеті,
қақтығыстың объективті жағдайы сықылды,екінші жағынан, өзге жанды
мойындамау, адамдардың өзара бәсекелестік қатынастарына негізделген
тенденция, олардың психологиялықерекшеліктеріне орай қақтығыстық бағыт
алуға мүмкіндік туғызатын құбылыс. Қақтығыс қанша жерден тырысса да адамдар
арасындағы әрекеттестік негізінсіз өріс алмайды. Олар жағымды құрылымдық
функцияны жүзеге асырады:18
- қақтығыс іркілісті қақпайлап, белгілі бір қозғалыспен тек қана алға
жылжуға мүмкіндік береді;
- қақтығыс процесінде пікірлер қайшылығының бастау көзі сарқылмас арнаға
айналып, оның мүмкіншілігі келесі қақтығыстарды қақпайлау құралына
айналады;
- қақтығыс – бұл жаңа қатынастарға келіп жатқан ескі, бұрын
болғанқатынастардың анықтамалық сипаты, өзара ықпал ету процесін түзету;
- қақтығыста ішкі шиеленіс жойылып, агрессивті (біреуді басып алуға деген
құмарлық) сезімдер тасып төгіледі, фрустрация, жүйке ауруы бәсеңдейді;
- қақтығыс – тұлғаның өз-өзіне деген сенімін арттырудың құралы, әсіресе,
жастар үшін қақтығыс топтың дәрежесін ұстап тұру мақсатындағы таптырмас
әрекет;
- ғылыми саладағы топішілік қақтығыс шиеленістің қажетті сатысы,
шығармашылық белсенділікті арттыру үшін қажет; зерттеулердің дерегіне
сүйенсек, шығармашылық ғылыми қайраткерліктің өнімді болуы қайшылық
тудыруға, қақтығыстарға қатысуға бейім жандардың табиғатына тән екен;
- топаралық қақтығыстар топтық мемлекет аралық экономикалық одақтардың
құрылуына, бірліктің, ынтымақтастықтың қалыптасуына себеп болады;
- қақтығысты шешу қажеттілігі қақтығыстық жағдайларды шешуге қатысушылар
күштерінің алмастырылуы мен біріктірілуіне, таптың жалпылама өмірінде топ
мүшелерін ертуге алып келді.

Деструктивті қақтығыс белгілері:
1) Қақтығыс көлемінің кеңдігі;
2) Қақтығыс эсколациясы (қақтығыс қорытынды амалдарынан азат болады,
қақтығыс себептері жойылғанымен, қақтығыстың өзі жалғаса береді);
3) Қақтығыс тараптарының басындағы қайшылықтар мен шығындарының өсуі;
4) Ситцациялық пікірлердің, қатысушылардың агрессивті әсерлерінің
өсуі;
Енді қақтығыстың пайдасы мен зияны туралы мәселелерге ойыссақ. Қақтығыс
қарама-қайшылықтың туып, қалыптасу мүмкіндіктері болып табылады деп
әлденеше рет атап өттік. Қойылған сұрақтың жауабы да осы жерден негіз
алады. Қарама-қайшылықтары осылай немесе өзгеше бағытта туындаған
қақтығыстар пайдалы келеді. Осы жерден және бір қақтығыс жолымен негіз
алған қарама-қайшылықтың қандай бағасы бар? Деген сұрақ туындайды. Ол өте
биік болып келеді. Жүйегесалмақты нұқсан немесе бүлік алып келгентүрде,
тіпті тараптардың бірін мойындамайтын бірбеткейлікпен көрініс табады. Питир
Сорокин жазғандай, жүзінде әлеуметтік иллионизмнің сағымы ойнайды. Қарама-
қайшылықтың ең ұтымды мүмкіндігі қақтығыстық тәсіл емес, бейбіт мәдениетті
жолмен өріс алатын, бір-біріне қарама-қайшы тараптар оқиға шарықтау шегіне
жетпей тұрғанда, өзара түсінісіп, мәселені бейбіт жолмен шешуі деп
ұғынылады. Сондықтан да біздің келесі мәселеміз объективті себептер мен
қақтығыс тудырып отырған тараптар психологиясына дендеп қарауды талап
етеді.
Қақтығыстың мәселелері мен оның табиғатына тереңдеудегі маңызды сәт оның
себептерін анықтап көрсету болып табылады. Социологиялық және социологиялық-
психологиялық зерттеулер нәтижесі қақтығыстың төмендегідей негізгі
себептерін ашып көрсетеді:
- социалды-экономикалық – қазіргі қоғамдағы қақтығыстар социалды-
экономикалық қарама-қайшылықтардың объективті әрекеттерінің туып пайда
болуымен ерекшеленеді;
- социалды-психологиялық – жекелеген адамдардың мінез-құлқы мен қызметтік,
қайраткерлік талаптар, мақсаттар, әдістер;
- социалды-демографиялық – іс-әрекет әдістері, құрылымдар мен адамдардың
мақсат-мүдделерінің әртүрлілігінен, олардың жынысы мен жасына
негізделген, жекелеген ұлттың білімге негізделген.
Адамдар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруін үнемі бақылауда
ұстап, оған өзінің талаптары мен мақсаттарын байланыстырып отырады. Шынында
да қандай да бір осындай талаптарға араласып отыру қақтығыстың (қол
сұғушылық) әлеуметтік -психологиялық себебіне жатады. Үйге кіретін кірістің
теңсіздігі ең бай адамдар мен ең кедей адамдардың арасындағы, қоғамның
орташа тобының арасындағы теңсіздік, экономикалық , әлеуметтік -саяси
өркендеудің тұрақсыздығы әртүрлі дәрежедегі қақтығыстарға, тұлғааралық,
барлық қоғамды қамтитын қақтығыстарға апаруы мүмкін. Әлеуметтік толқудың
өткірлігі, қақтығыстың дәрежесі жекелеген факторларда: адамдардың өзара
әрекеттестігінде эмоционалды-психологиялық өмірге қанағатсыздықтың күшеюі,
экономикалық жағдайға көңілі толмаған жандардың күшіне енді, жергілікті
жердегі қақтығыстың жиілеуі, адамдардың талғамына орай жасалған әлеуметтік
ережелеріне сүйенген мінез-құлықтары (қарақшылық, тонаушылық, терроризм,
нашақорлық, жезөкшелік, т.б.) кінәлі жанды іздеу (не істеу керек? Кім
кінәлі?) сияқты факторларда пайда болады. Өз кезегінде қарама-қайшы
психологиялық факторлар әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайдың
бүтіндей өркендеуіне аздап болса да әсер етеді.
Әлеуметтік қақтығыс әлеуметтік шиеленіс деп аталатын әлеуметтік
-психологиялық негізде өріс алады19. Әлеуметтік шиеленіс – бұл қоғамдық
таным мен әрекеттің, құбылыстарды бағалау және қабылдаудың ерекше
жағдайлардың күйі. (ДмитриевА.В., Кудрявцев В.Н., Кудрявцев С.В.
Қақтығыстың жалпы теориясына кіріспе. (Заңгерлік қақтығыс ғылымы) М., 1993,
95 бет)
Қоғамның эмоционалды-әлеуметтік күйі немесе қоғамның бөлшегі ретінде
әлеуметтік шиеленіс туындайды. Егер өз уақтысында толғағы жеткен тоқырау
көрініс таппаса, қақтығыстың қарама-қайшылығы ешқашан да шешімін таппайды.
Адамдар тығырыққа тірелген кезде барып, көтеріп отырған мақсаттары мен
мүдделерінің қоғамдық дамуы мен оның нақты шешімдері арасындағы
айырмашылықты сезінеді.
Әлеуметтік шиеленіс келесі көрсеткіштермен ерекшеленеді:
а) өмірге қанағаттанбаушылық әрекеттердің көбеюі (бағаның көтерілуі,
ақшаның құнсыздануы, тұтыну қорының тапшылығы, жеке қауіпсіздіктің
сақталмауы т.б.);
ә) басқарушы элитаға деген сенімнің жоғалуы (болашаққа деген сенімнен
ада болу, қауіп-қатердің өсуі, психологиялық тынышсыздық және эмоционалды
алаңдаушылық құбылыстарының бірыңғай етек алуы);
б) көпшіліктің қарсы шығу әректтеріне баруы (жекелеген қақтығыстар,
бас көтеру, көтеріліс, аштық жариялау).
Әлеуметтік шиеленістің негізгі сатыларына:
1) Әлеуметтік шиеленістің бірінші сатысы – ереже;
2) Әлеуметтік шиеленістің мөлшерден тыс жоғары үдей түсуі немесе
шегіне жетіп жығылуының жасырын сатысы;
3) Қанағаттанбаушылық және қақтығысқа алып барған жағдайларды
сезінудің дамуы барысында әлеуметтік шиеленістің пайда болу сатысы;
4) Әлеуметтік шиеленістің шешілуі қиын қақтығысқа ұласқан тұсындағы
сыни сатысы;
5) Әлеуметтік қақтығыстың жедел даму сатысы – жарылыс;
6) Әлеуметтік шиеленістің ең жоғарғы сатысы – қақтығыстың шарықтау
шегі;
7) Жай деңгейге дейін әлеуметтік шиеленістің түсу сатысы және
әлеуметтік қақтығыстың тоқтауы.
Ұйымдағы қақтығыстардың бірнеше негізгі себептерін атап көрсетуге
болады.
Қаржы бөлу. Тіпті ең бай, ең ірі деген ұйымдардың өзінде қаржы қоры
әрдайым шектеулі болады. Оларды бөлу қажеттігі әрдайым қайшылықтарға
жетелейді. Адамдардың әрқашан көп қаражат алғысы келеді, аз емес, сондай-ақ
олардың бұл талаптары олар үшін негізі бар құбылыс саналады.
Талаптардың бір-біріне тәуелділігі. Қақтығыстың мүмкіндігі талаптарды
орындауды бір адамның екінші адамға (немесе топқа) тәуелділігі болған
барлық жерде жүзеге асады.
Мысалы, өндіріс орнының басшысы өз қол астындағы жұмысшыларға жөндеу
жұмыстарына қатысы болмаса да жабдықты жедел әрі сапала етіп жөндеуді
тапсыруы мүмкін. Жөндеу қызметінің басшысы өз кезегінде кадр бөлімінің
басшысын жөндеу жұмыстарына жаңа жұмысшылар алмадың деп айыптауы мүмкін.
Бір тауарды өңдеумен шұғылданып жатқан бірнеше инженерлер кәсіптік
деңгейін әртүрлі сатыда меңгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда өз ісінің шебері
болып қалған мамандар тәжірибесіз, осал инженерлердің жұмыстың орындалу
деңгейіне недәуір кедергі келтіріп отырғанына көңілі толмайды, ал осалдау
мамандар олардың қолынан келмейтін істі мойындарына артқаны үшін ренжиді.
Енді тең емес мүмкіндіктердің талаптарының бір-біріне тәуелділігі
қақтығысқа алып келеді.
Мақсаттардағы айырмашылық. Мамандандырылған бөлімдерге жіктелген кезде
ұжымдағы қақтығыстардың барлығы да ұйымның ұлғаюына байланысты өседі.
Мысалы, өтім бөлімі сұранысқа байланысты (нарық талаптарына сай) өндірісте
өнім түрлерін арттыруға мәжбүрлеуі мүмкін. Ол үшін өндіріс орны өнім өндіру
көлемін аз ғана шығын негізінде арттырып, біркелкі қалыпты өнімдерді
шығаруды қамтамасыз етеді.
Мақсатқа жету мүмкіндіктеріндегі айырмашылық. Басшылық пен оның
нұсқауларын орындаушылардың ортақ мақсатқа жету мүмкіндіктері мен
жолдарында әртүрлі көзқарастарды өзек етуі мүмкін. Тіпті қарама-қайшы
пікірлері болмаса да. Мысалы, барлық кісі еңбек өнімін қызықтылау етіп
арттығысы келеді, бірақ оған қол жеткізуде адамдар әртүрлі ұсыныстар айтуы
мүмкін. Мәселені әрқайсыс әртүрлі шешуге ұмтылады және олардың әрқайсысы өз
шешімдерін дұрыс деп санайды.
Қанағаттандырылмаған байланыстар. Ұжымдағы қақтығыстар көбіне
қанағаттанғысыз байланыстарға қатысты болады. Ақпараттың дұрыс әрі толық
жеткізілмеуі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасындағы бала мен ата-ананың қарым-қатынасының ерекшеліктерін айқындау
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі
Пәндер