Қытайдағы қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптары



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1 Ұрпақ Өсіру және тәрбиелеу ғұрыптары

1.1 Баланың дүниеге келгенге дейінгі, өмір есігін ашуы және шілдехана жораларына шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
1.2 Бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тұсау кесу және сүндетке отырғызу мен бала тәрбиесі хақында . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .21


2 Неке.той салттары

2.1 Неке дәстүрі және құдандалық . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37
2.2 Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51

3 Өлім.жітім және жерлеу дәстүрі

3.1 Адам дүниеден өткеннен жерлеуге дейінгі жол.жоралар . . . . . . . . . . . . 63
3.2 Жерлеу және жерлеуден кейінгі салт.дәстүрлер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70


Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... .76


Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... . . 79
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың соңында қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, алды-артымызды бажайлап, өткен-кеткендерімізге көз жүгіртіп, өзіміздің төл тарихымызды жаңа көзқараспенқайта қарастырып, оны жан-жақты саралап, нағыз объективті, тарихи принцип бойынша ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан, кеңінен зерттеуге мүмкіндік туды. Қазақ ұлты – ұзақ тарихққа, ұлттық түсі қою мәдениетке ие ұлт. Оның дүниеде шекара аттап қоныстанған ұлттардың бірі екені әлемге аян. Аз дегенде дүние бойынша 13 миллионнан астам қазақ халқының басым бөлігі қара шаңырақ болған еліміз Қазақстан Рсепубликасында қоныстанған. Ал, көршілес Қытай Халық Республикасы Қазақстаннан басқа, қазақ ұлты ең көп қоныстанған Өзбекстан және Ресей қатарлы елдердің бірі. Негізінен Іле қазақ автономиялы облысына қарасты үш аймаққа (Алтай, Тарбағатай, Іле), Мори және Баркөл қазақ автономиялы аудандарына біршама жиы қоныстанған. Бұлардан қалса, Бұратала, моңғол автономиялы облысы мен Санжы дүңген автономиялы облысының барлық аудандарына, Құмыл аймағына, Үрімжі, Күйтүн, Қарамай қалаларына, қысқасы бүкіл солтүстік және шығыс Шыңжаңға кеңінен тарқалып қоныстанған. Шынжаңнан сырт Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында, Шиңхай өлкесінің Хайши моңғол, тибет автономиялы облысының Алтыншоқы өңірінде және Қытайдың астанасы Пекин қаласында қоныстанып, қызмет істеп және оқып жатқан қазақтар бар.
Шыңжаңдағы қазақтардың жалпы жан саны Қытайдағы қазіргі жүйе орнағаннан кейін былайша айтқанда тыныштық орнағаннан кейін «қазақтардың тұрмыс күйі недәуір жақсарып, халық саны артып, көркейіп-көктеп, дамып келеді. 1990 жылғы 4 реткі жан санын жаппай анықтауда жүргізілген санақ материалдарына негізделгенде мемлекет бойынша қазақтардың саны бір миллион 111 мың 718 адамға жетіп, миллиондық белестен асты. Санының көптігі жағынан елімізде (Қытайда-авт) 17 орынға, ал Шыңжаңда 3 орынға шықты» /1,29/ Ал 2004 жылғы санды мәлімет бойынша бір миллион 300 мыңның үстіне шыққан. Бұл елдегі қандастарымыз басқа елдердегі қазақтармен салыстырғанда тек жан санының көптігімен ғана емес, ұлттық құндылықтарын таза әрі берік сақтағандығымен де ерекшеленеді.
Өткен ғасырлардағы Ресей мен Қытай империалары жүргізген отарлау саясатының салдарынан тағдырдың жазуымен шекараның арғы бетінде
1. Нұрахымет. Іле қазақ автономиялы облысындағы қазақтардың санының артуы және жоспарлы туыт. //Шынжаң қоғамдық ғылымы, 1992 жыл, №3.
2. Қазақстан мұрағаттары., Астана 2005. №1.
3. Нығымет Мыңжанұлы., Әбдірешит Байболат. Қазақ шежірелері. 1-том, Күйтүн Іле халық баспасы 1990. -533б.
4. Хы Шиңлия. Азаттықтан бұрынғы алтай қазақтарының қоғамдық тарихы жайлы тексеру баяндамасы.// Шыңжаң тарихи зерттеулері, 1986, №1.
5. Қостай Жақияұлы. Алтай аймағындағы қазақтардың әдет-ғұрып заңы туралы.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1992 жыл №1.
6. Нығымет мыңжани. Қазақтың қысқаша тарихы, Үрімжі Шынжаң халық баспасы.1987.-683б.
7. Ұлтымыздың даму мәселесі туралы толғаныс. Үрімжі Шынжаң жастар -өрендер баспасы 1996
8. Шәріпхан Әбдәли. Поэзиялық ұлттан философиялық ұлт өресіне көтерілу – дәуір талабы. //Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1997, №2.
9. Сұлтан Жанболатов. Ұлттың тұтас тұлғалық сапасын жоғарылату – ұлттың болашағы мен тағдырына қатысты шұғыл міндеті.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1997, №3.
10. Оразанбай Егеубаев. Қажырлы ізденістің нәтижесі.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1998, №1.
11. Шәріпхан Әбдәли. Ұлтымыздың заман талабына сай дамуына кедергі болып отырған кейбір мәселелері туралы толғаныс./шыңжаң газеті. Қазақша. 1998, 15 қаңтар.
12. Ясиын Құмарұлы. Қазақтың салт-дәстүрлері. Үрімжі Шынжаң халық баспасы. 2006.-733б.
13. Жақып Мырзаханұлы. Қазақ мәдениетінің айдыны. Үрімжі 2006 ж.
14. Зейнолла Сәнік. Қазақтың тұрмыс-салт білімдері. Үрімжі 1999 ж.
15. Болат Бопайұлы. Асыл қазына. Үрімжі 2002 ж.
16. Жақып Мырзаханұлы. Қатарлылар Қазақ халқы және оның салт-сансы. Үрімжі Шынжаң жастар -өрендер баспасы 1992.- 408б.
17. Айып Нұспоқасұлы. Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. Үрімжі Шынжаң жастар -өрендер баспасы 2002.-236б.
18. Д.Б.Ескекбаев, Ә.Т.Төлеубаев Орынбор қазақтары. (Тарихи этнографиялық зерттеу). Алматы Қазақ университеті 2004.-173б.
19. А.Т.Толеубаев реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов Алматы. Ғылым 1991.- 213б.
20. Су Би Хай. Қазақ мәдениетінің тарихы. Үрімжі Шынжаң халық баспасы. 2005-857б.
21. Қазақтың қысқаша тарихын жазу тобы. Қазақтың қысқаша тарихы. Үрімжі Шынжаң халық баспасы. 1987.- 683б.
22. Синьцзиян қоғамдық ғылымдар академиясының ұлттарды зерттеу тобы. Синьцзиянның қысқаша тарихы.ІІІ том.,Үрімжі Шынжаң халық баспасы. 1983.- 751б.
23. Синьцзиян оқу-ағарту комитетінің жоғары оқу орындарының тарих оқулығын құрастырып жазу тобы. Синьцзиянның жергілікті тарихы. Үрімжі 1992.
24. Бұрхан Шаһиди. Синьцзиянда өткен 50 жыл. Пекин Ұлттар баспасы 1985.
25. Баркөл қазақ автономиялы ауданының жалпы жағдайы. Үрімжі Шынжаң халық баспасы 1962.
26. Хасен Оралтай. Елім-айлап өткен өмір. Стамбул 1999.
27. Жақсылық Сәмитұлы. Қытайдағы қазақтар. Алматы Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы 2000.-308б.
28. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының ұлттарды зерттеу тобы. Синьцзиянның қазіргі заман саяси-қоғамдық тарихы. Пекин Ұлттар баспасы 1992
29. Нығымет Мыңжанұлы. Синьцзияндағы қазақтар. Үрімжі Шынжаң халық баспасы 1981.
30. Халел Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы Ғылым 1973.-288б.
31. Халел Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы Қайнар 2005.-215б.
32. Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы 1994.
33. Сейіт Кенжеахметұлы. Ұлттық ғұрып-әдеттің беймәлім 220 түрі. Алматы 1998.
34. Нәбижан Мұқаметханұлы. Баланың қазақ семьясындағы орны және қазақтардың ұрпақты болудағы дәстүрлі көзқарасы.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1992, №2.
35. Ш. Керімов. Күйеу келтір, қыз ұзат. Алматы Ана тілі 1992.-111б .
36. Қостай Жақияұлы. Алтай аймағындағы қазақтардың әдет-ғұрып заңы туралы.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1992 жыл №2.
37. Жақып Мырзақанұлы. Қазақтың неке және той салты жөніндегі ойлар.// Шыңжаң қоғамдық ғылымы, 1990 жыл №1.
38. Нұрсалбек Маранұлы. Қазақ салт-санасындағы этнографиялық көркемдік жайында алғашқы ізденіс.//Мұра, 2000 жыл, № 3.
39. Жәжік Жақашұлы. Сарын.//Шалғын, 1987 жыл. №4.
40. С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайлова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы Рауан 1994.-221б.
41. Байғазы Әбейбекұлы. Келінді баулу беташардан басталмақ.//Шыңжаң әйелдер журналы, 2001. № 3.
42. Шамашырап Сламжанұлы. Қазақ әйелдерінің асыл әдеті.//Ұлттар ынтымағы 1991, №1.
43. Нәбижан Мұқаметханұлы. Атау кереден арғы тарихымызға көз жүгіртсек /Ана тілі газеті. 1994 жыл, 10 ақпан, №6 (203).
44. Болат Мұратқанұлы, Күлшат Жасымқанқызы. Мұратөқаннан қалған үш мұра.//Мұра, 2006 жыл, № 2 .
45. Қызыр Тілеубердіұлы. Өміртай қажы қайтыс болғанда шығарылған жоқтау. //Мұра, 2003 жыл, № 3.
46. Шәуешектегі қазақтардың өлім жөнелту салты.//Мұра, 2003 жыл, № 1.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих факультеті

Археология және этнология кафедрасы

Магистрлік диссертация

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ
ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ

Орындаған:
2 курс магистранты Каламказез Мурат
ғылыми жетекшісі:
т.ғ.д., профессор Атабаев Қ.М.
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді: 2007 ж.
(қолы, күні)

Археология және этнология
кафедрасының меңгерушісі
т.ғ.д., профессор Төлебаев Т.Ә.
(қолы, күні)

Алматы 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1 Ұрпақ Өсіру және тәрбиелеу ғұрыптары

1.1 Баланың дүниеге келгенге дейінгі, өмір есігін ашуы және шілдехана
жораларына шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 12
1.2 Бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тұсау кесу және сүндетке отырғызу мен
бала тәрбиесі хақында . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .21

2 Неке-той салттары

2.1 Неке дәстүрі және құдандалық . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 37
2.2 Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 51

3 Өлім-жітім және жерлеу дәстүрі

3.1 Адам дүниеден өткеннен жерлеуге дейінгі жол-жоралар . . . . . . . . . .
. . 63
3.2 Жерлеу және жерлеуден кейінгі салт-дәстүрлер . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 70

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . ... .76

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. ... ... . . 79

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың соңында қазақ елі өз тәуелсіздігін
алғаннан кейін, алды-артымызды бажайлап, өткен-кеткендерімізге көз
жүгіртіп, өзіміздің төл тарихымызды жаңа көзқараспенқайта қарастырып, оны
жан-жақты саралап, нағыз объективті, тарихи принцип бойынша ұлтымыздың
мүддесі тұрғысынан, кеңінен зерттеуге мүмкіндік туды. Қазақ ұлты – ұзақ
тарихққа, ұлттық түсі қою мәдениетке ие ұлт. Оның дүниеде шекара аттап
қоныстанған ұлттардың бірі екені әлемге аян. Аз дегенде дүние бойынша 13
миллионнан астам қазақ халқының басым бөлігі қара шаңырақ болған еліміз
Қазақстан Рсепубликасында қоныстанған. Ал, көршілес Қытай Халық
Республикасы Қазақстаннан басқа, қазақ ұлты ең көп қоныстанған Өзбекстан
және Ресей қатарлы елдердің бірі. Негізінен Іле қазақ автономиялы облысына
қарасты үш аймаққа (Алтай, Тарбағатай, Іле), Мори және Баркөл қазақ
автономиялы аудандарына біршама жиы қоныстанған. Бұлардан қалса, Бұратала,
моңғол автономиялы облысы мен Санжы дүңген автономиялы облысының барлық
аудандарына, Құмыл аймағына, Үрімжі, Күйтүн, Қарамай қалаларына, қысқасы
бүкіл солтүстік және шығыс Шыңжаңға кеңінен тарқалып қоныстанған.
Шынжаңнан сырт Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында, Шиңхай
өлкесінің Хайши моңғол, тибет автономиялы облысының Алтыншоқы өңірінде
және Қытайдың астанасы Пекин қаласында қоныстанып, қызмет істеп және оқып
жатқан қазақтар бар.
Шыңжаңдағы қазақтардың жалпы жан саны Қытайдағы қазіргі жүйе
орнағаннан кейін былайша айтқанда тыныштық орнағаннан кейін қазақтардың
тұрмыс күйі недәуір жақсарып, халық саны артып, көркейіп-көктеп, дамып
келеді. 1990 жылғы 4 реткі жан санын жаппай анықтауда жүргізілген санақ
материалдарына негізделгенде мемлекет бойынша қазақтардың саны бір миллион
111 мың 718 адамға жетіп, миллиондық белестен асты. Санының көптігі
жағынан елімізде (Қытайда-авт) 17 орынға, ал Шыңжаңда 3 орынға шықты
1,29 Ал 2004 жылғы санды мәлімет бойынша бір миллион 300 мыңның үстіне
шыққан. Бұл елдегі қандастарымыз басқа елдердегі қазақтармен салыстырғанда
тек жан санының көптігімен ғана емес, ұлттық құндылықтарын таза әрі берік
сақтағандығымен де ерекшеленеді.
Өткен ғасырлардағы Ресей мен Қытай империалары жүргізген отарлау
саясатының салдарынан тағдырдың жазуымен шекараның арғы бетінде қалып
қойған, ата жұртымыз Қазақстаннан өзге де қазақ ұлты ең көп тұратын көрші
Қытай қазақтары да жер жүзіндегі басқа қандастарымыздай, қаншама тағдырдың
тезінен өтсе де, мың өліп, мың тірілсе де, ұлтымыздың ежелден жалғасын
тауып келе жатқан әлемде ойып аларлықтай орны бар мәдениет жауһарларын,
ұлттық болмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын қаймағын бұзбай, көзінің
қарашығындай сақтап келе жатыр.
Салыт-дәстүр осы беті пайда бола қалмаған. Ол адамзаттың өмір сүру,
жаратылысты тану, оған сәйкесу, өзін дамыту қимылы барысында бірте-бірте
пайда болып қалыптасқан. Арналы асау өзен суларының сонау қарлы шыңдағы
тарам-тарам мөлдір бұлақтардан бастау алғаны сияқты халқымыздың қазіргі
рухани мәдениеті ең алғашқы жылт еткен сәби, жабайы сезімнен бастау алған.
Осы қасиетті де, қастерлі мұраны бүгінгі күнде барған сайын күш ала түскен
және бүкіл табиғатымен болмысына біртіндеп сіңе бастаған отарлық жымысқы
саясаттың уыиты мен от жалыны жалмап күлге айналдырмай тұрып зерттеу,
зерделеу, ұлтымыздың игілігіне жарату кезек күттірмес парыз.
Басқада ондаған елдермен қатар Қазақстанда Ресей империясының
жүздеген жылдарға созылған асқан шеберлікпен жоспарлы әрі тыңғылықты түрде
бірнеше ғасыр бойы жүргізілген отарлық саясатының ең қасіреттісі рухани
отарлаудың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрімізді, ұлттық
ділімізді жойылып кетуге жақындатқаны баршамызға жасырын емес. Сондықтан
осы бағыттағы ізденістер мен зерттеулер тәуелсіздігін алып, етек-жеңін
қымтап, өткеніне үңіліп, жоғалтқанын түгендеп жатқан жас мемлекетіміз үшін
өте маңызды, игі іс болатыны даусыз.
Осыған байланысты елімізде “мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы
бойынша мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан
ары дамыту ісі жүзеге асырылуда.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: “ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен
жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау “мәдени мұра”
бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс” деп атап айтқан болатын 2, 1-
б.
Халқымыздың салт-дәстүрінде адам өмірге келгеннен, қайтыс болғанша
өтелетін жол-жоралар болсын, мейлі қай уақытта да ұлттық
ерекшеліктерімізді сақтау жағында болсын “Отан отбасынан басталады”
демекші барлығы да отбасында орын алары хақ. Сондықтан бұл тұрғыдағы
ізденістерді маңызы ешқашан кемімек емес.
Тақырыптың деректік негізі. Зерттеуге қатысты деректер тақырыбымызды
аша түсу мақсатында мынадай топтарға, яғни қазақтың жыр-дастандары,
шежірелер, статистикалық мәліметтер және ауызша мәліметтерді қамтиды.
Нақтырақ тоқталсақ Қытай қазақтары арсында кең таралған бесік жыры,
беташар, жоқтау, көріс айту тағы басқа халық арасында ауызша сақталып келе
жатқан деректер, сонымен қатар салт-дәстүрге қатысты қарттардың берген
ауызша деректері қосымшада көрсетілді.
Қытай қазақтарының көрнекті тарихшы-ғалымы Нығымет Мыңжани мен
Әбдірешит Байболаттың бірлесіп, реттеп баспадан шығарған Қазақ
шежірелері 3, Хы Шиң Ляңның мәліметтері 4, Қостай Жақияұлының 5
жинаған деректерін зерттеу еңбегімізде пайдаландық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қытайдағы қазақтардың салт-дәстүрін,
ғұрып-әдеттерін, наным-сенімдерін зерттеп, жазып жүрген, халқым, ұлтым деп
сол елінің асыл қазынасын жоғалтпай, тұралатпай зерттеп, зерделеп, қағаз
бетіне түсіріп, оны халық арасында кеңінен насихаттап жүрген Қытайдағы
қазақ зертеушілері де және Қытайдағы қазақтар арасында ұзақ жылдар тұрып,
біршама терең зерттеп, сүбелі еңбектер жазып жүрген, ұлты қытай
зерттеушілерде жоқ емес. Міне осы еңбектер біздің тақырыбымызды талдауда,
оның негізгі міндеттерін орындауда, мәнін аша түсуде қолданыстық маңызға
ие.
Осы бағыттағы зерттеулер мен ізденістер Қытайда 1949 жылы Қазіргі
жүйе орнағаннан кейін біртіндеп жүре бастаса, аты шулы мәдениет төңкерісі
кезінде басқада барлық салалардай мүлдем тұралап қалды. Ал осы төңкерістен
кейінгі жылымық әрі тыныштықтан қазірге дейінгі уақытта Синьцзияндағы
қазақтардың тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі туралы ғылыми еңбектер,
зерттеулер қанат жая бастады. Олар қытай , қазақ, ұйғыр тілдерінде жарық
өрді. Қытай қазақтарының белгілі тарихшысы, ғалымы Нығымет Мыңжанұлының
“Қазақтың қысқаша тарихы” 6 атты еңбегінде қазақ халқының шығу тегінен
бастап, қазіргі қазақ халқының тарихына дейін зерттеу жүргізіп, еңбектің
соңына ала халқымыздың салт-санасы, наным-сенімі, ішіп-жем, тұрмыс-
тіршілігі туралы да мәліметтер келтірген әрі құндылығы жоғары деп айта
аламыз.
1996 жылдан бастап Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясының бұрынғы
орынбасар бастығы, зерттеуші Жақып Мырзақанұлы Шыңжаң қазақтарының
қазіргі салт-санасы және ондағы өзгерістер атында зерттеу тақырыбы тобын
ұйымдастырды. Шыңжаңдағы қазақ ұлтының реформалау, есік ашу және
социалистік базар шаруашылығы тұсындағы қоғамдық шаруашылығы, мәдениеті
және салт-санасының дамуы мен өзгеруі ахуалын түбегейлі және жан-жақтылы
тексеру үшін, тақырып тобындағылар қазақ шоғырлы қоныстанған Іле, Алтай
аймақтарына екі рет қоғамдық тексеру жүргізіп, алғашқы адымда зерттеу
нәтижесіне қол жеткізді әрі осы негізде ұлтымыздың даму мәселесі туралы
толғаныс 7 деген ғылыми мақалалар жинағын құрастырып, Шыңжаң жастар-
өрендер баспасы жағынан бастырып шығарды. Сонымен қатар Шыңжаңда тағы бір
рет мәдениет толғанысы қызу өрлеуге көтеріліп, ұлттық тілдегі көптеген
газет-журналдарда бұл тақырыпта мақалалар толассыз жарық көрді. Мұның
ішіндегі кейбір мақалалар әр ұлттың білім саласы мен қалың оқырмандар
арасында күшті аңыс тудырды. Мысалы, Шыңжаң қазақтары жөнінен біршама
ықпалды, ғылыми назариялық басылым - Шыңжаң қоғамдық ғылымы журанлы 1997
жылы Шәріпқан Әбдәлиұлының Поэзиялық ұлттан философиялық ұлт өресіне
көтерілу – дәуір талабы 8 деген мақаласын редактор ескертпесімен қосып
жариялады. Шыңжаң қоғамдық ғылымы журналы (қазақша) 1997 жылы 4 саннан
бастап қазақтану талқысы стонын (айдарын) ашып, қазақ оқымыстысы Сұлтан
Жанболатовтың Ұлттың тұтас тұлғалық сапасын жоғарылату – ұлттың болашағы
мен тағдырына қатысты шұғыл міндеті 9. Оразанбай Егеубаевтің Қажырлы
ізденістің нәтижесі 10 қатарлы тартымды мақалалар жарияланды. Щыңжаң
газетінің (қазақша) 1998 жылғы 15 қаңтарындағы санында Шыңжаң
қазақтарының салт-санасындағы өзгеріс атты тақырып тобының мүшелері Жақып
Мырзақанұлы, Қаһарман Мұқанұлы, Шәріпқан Әбдәлиұлы бірлесіп жазған
Ұлтымыздың заман талабына сай дамуына кедергі болып отырған кейбір
мәселелер туралы толғаныс 11 деген мақаласы жарияланды. Бұл мақала
қоғамда белгілі ықпал қозғап, оқырмандардың жақсы бағасын алды.
Жаңа мыңжылға қадам тастағаннан кейін, яғни 2000 жылы қаңтардың 19
күні Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы мен Қазақ тіл-мәдениет қоғамы
бірлесіп Қазақтың дәстүрлі мәдениеті және дамуы жөнінде атты ғылыми
талқы мәжілісін ашты. Жиналыста ұлт мәдениетіне жанашыр басшылармен зиялы
қауым белсене қатысып, маңызды пікірлер ортаға қойылды. Мәжіліс
барысындағы сөздің түйіні жаңа осы заманғы нәрселердің барлығын құнды
немесе үздік деп қарауға болмайтыны сияқты әрине дәстүрлі, байырғы
нәрселердің бәрін іріп-шіріген, құнсыз деп есептеуге болмайды деген ұлт
мәдениеті үшін маңызды әрі тиымды пікірлер ортаға қойылды.
Тете аға редактор, Шыңжаң қоғамдық ғылымы журналы бас редакторының
орынбасары Қазақ мұраларының қайнары қайда, Ұлы даланың рухани айнасы
сияқты алпыстан астам ғылыми мақаланың Алыстағы ата мұра атты кітаптың
автор Ясиын Құмарұлының 2006 жылы Шыңжаң халық баспасынан шыққан 733
беттік кесек туындысы Қазақтың салт-дәстүрлері 12 атты еңбек өте қызу
қарсы алуға ие болды. Автор бұл еңбегінде ерекше ден қойғаны ұлтымыздың
салт-дәстүрлерінің келіп шығу қайнары болды әрі оны өте терең тарихи
қабаттардан іздеді. Бір ерекшелігі еңбекте Қытайдағы ұйытқы ұлт қытай
ұлтының да кейбір салт-дәстүрлерімен тағы басқа ұлттардың дәстүрлері мен
ұлтымыздың кейбір ғұрыптарын салыстыра баяндап отырған.
Қытай мемлекетінің сегізінші бес жылдық түйінді ғылыми зерттеу
жоспарына енгізіліп, істелген Қытай ұлттарының мәдениет айдыны деген
ортақ атқа ие желілес кітаптардың қазақ ұлты жөніндегі томы, көп авторлы
топтық еңбек болып жазылған, көтерген тақырыбы тың, қамтыған мазмұны кең,
ғылыми құны жоғары өзінен бұрын жарыққа шыққан қазақ тарихына, мәдениетіне
қатысты ешбір еңбектерді қайталамаған, әсіресе Су Би Хайдың Қазақ
мәдениетінің тарихы атты еңбегінен басқаша болып, 2006 жылы Шыңжаң жастар-
өрендер баспасынан жарық көрген Қазақ мәдениетінің айдыны 13 атты
кітап. Онда әдет-ғұрыптар, діни наным-сенімдер, отбасылық жағдай, қазақтың
үй-жәйі, қазіргі Қытай қазақтарының мәдениет көріністері тағысын тағылары
жеке жеке тарау ретінде жазылған. Тақырыбымыз үшін өте құнды еңбек.
Тақырыбымыз жөнінен жоғарыдағы еңбектердің ешқайсысынан құны кем
түспейтін Қытай қазақтарына белгілі жазушы, этногроф Зейнолла Сәнікұлының
1999 жылы жарық көрген Қазақтың тұрмыс-салт білімдері 14 атты еңбегі
13 бөлім 367 беттен тұрады. Мұнда халқымыз өмірінің ешбір қалтарысын
қалтырмай айшқты түрде баяндаған. Салт дәстүрімізді тізбелеген. Тағы да
осындай бір аяулы қаламгеріміз кезінде Қытайда көптеген ғылыми орындарда
қызмет еткен, білгір этногроф, қазір Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
болып қазақ елінде еңбек етіп жүрген Болат Бопайұлының 2002 жылы Шыңжаң
халық баспасында жарық көрген Асыл қазына 15 атты еңбегі өз
құндылығымен ерекшеленеді. Онда қазақтың ескіден жалғасып бүгінге жеткен
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, қыл аяғы кіші-гірім кәделеріне дейін
қалдырмай баяндалған.
Қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына қатысты мағұлыматтарды
Қытайдағы тарихшы, ғалым Жақып мырзаханұлының “Қазақ халқы және оның салт-
санасы” 16 атты еңбегінен өте мол кездестіруге болады. Онда автор қазақ
халқының мәдени және әлеуметтік өмірі, салт-санасы туралы жалпылама
мәліметтерді беріп кетеді. Еңбекте Қытайдағы қазақтардың әдет-ғұрпына
байланысты көптеген құнды мағұлыматтар берілгендіктен, зерттеу жұмысының
әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық саласына дерек ретінде берері мол.
Қытай қазақтарының салт-сана, ғұрыптарын терең зерттеп жүрген әрі осы
бағытта көптеген сүбелі еңбектер жазып жүрген зерттермен, жезушы, этногроф
Айып Нұспоқасұлының “Ағаш бесіктен жер бесікке дейін” 17 атты еңбегі
біздің тақырыбымызды аша түсудегі ең құнды еңбектердің бірі деп айтуға
болады. Онда арнайы осы қазақ халқының баланың өмірге келер алдындағы
сәтінен, адамды соңғы сапрға шығаруға дейінгі барыстағы барлық жол-
жоралар, ғұрыптар, наным-сенімдер жүйелі түрде келтірілген.
Сырт көз сыншы демекші белгілі қытай ұлтының тарихшы, ғалымы
Синьцзиян университетінің профессоры, қазақ ұлтының тарихын, ғұрып-әдетін
ежелгі заманнан қазірге кезеңге дейінгі аралықта зерттеп, зерделеп,
көлемді еңбектер жазып жүрген Су Би Хай мырзаның “Қазақ мәдениетінің
тарихы” 20 атты еңбегін ерекше бағалауға болады. Халқымыз туралы ежелден
қазірге дейінгі Қытай деректерін өте кеңінен пайдалана отырып жазылған бұл
еңбекте халқымыздың салт-дәстүр, наным-сенімдері біршама жүйелі
баяндалған.
Қазақтың қысқаша тарихын жазу тобы бірлесіп жазған “Қазақтың қысқаша
тарихы” 21 еңбегініңде маңызы жоғары. Онда ежелден қазіргі уақытқа
дейінгі қазақ тарихы баяндалумен қатар салт-сана, ғұрып-дәстүрлерімзге
тиісінше тоқталып кеткен.
Синьцзиян Қоғамдық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен ұлттарды
зерттеу тобы жағынан жазылған “Синьцзиянның қысқаша тарихы” 22 атты үш
томдық іргелі еңбек пен Циньцзиян оқу-ағарту комитеті оқулық құрастыру
тобы жағынан құрастырылған “Синьцзиянның жергілікті тарихы” 23 атты
еңбектер тақырыбымызды тереңірек игере түсуге мол мүмкіндіктер туғызады.
Бұрхан Шаһиди “Синьцзиянда өткен елу жыл” 24 атты еңбегін айтпай
болмас. Ол кезінде Синьцзиянның сыртқы сауда-саттық істеріне жауапты
болған. Кейін келе өлкелік үкіметтің төрағалық қызметін атқарған. Бұрхан
Шаһиди еңбегінің де деректік маңызы мол. Онда Синхай төңкерісінің әсерімен
Синьцзияндағы халықтардың феодалдық езгіге қарсы қозғалыстарының жаңа
деңгейге көтерілгені туралы айтылады.
“Баркөл қазақ автономиялы ауданының жалпы жағдайы” 25. Мұнда
қытайдағы қазақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, әлеуметтік-
экоомикалық қатынастары жөннде біршама құнды мағұлыматтар берілген.
Шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі журналист Хасен
Оралтайдың 800 беттен тұратын “Елім-айлап өткен өмір” 26 атты қомақты
еңбегінде Синьцзиян қазақтарының 1930 жылдан бергі ауыр жағдайы, соңында
Түркияға аууы және күні бүгінге дейінгі уақыты баяндалған.
Қазақ диаспорасының енді бір көрнекті өкілі жазуші Жақсылық
Самитұлының “Қытайдағы қазақтар” 27 еңбегі алматыда жарық көргені
белгілі. Автор онда қазақтардың екі мемлекетке бөлініп қалуынан (1860)
бастап олардың бүгінгі қытайдағы өмірі туралы жалпы шолу жасаған.
Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының шығарған “Синьцзиянның қазіргі
заман саяси-қоғамдық тарихы” 28 атты еңбекпен Нығымет мыңғжанұлының
“Синьцзияндағы қазақтар” 29 атты еңбектері өзінің құндылығымен
ерекшеленеді.
1980 жылдардың басынан бастап Мұра журналы және бұрынғы Шалғын
журналы қатарлы арнаулы фолклорлық журналдарымызда және басқа да ғылыми
әдеби журналдарымызда, халық мұрасына қатысты топтама (жинақ) кітаптарда
осы әдет-ғұрыптарымызға қатысты көптеген деректік материалдар және оларға
қарата талдаулар жарияланды. Бірақ олар қазірге дейін бір тақырып астына
жинақталып, жүйелі материал ретінде жарық көрген жоқ.
Салыстыра талдау негізінде Қазақстанда ұлтымыздың ғұрып-әдет, салт-
санасын терең зертеп жүрген белгілі этногроф, тарихщымыз Халел
Арғынбаевтың “Қазақ халқындағы семья мен неке” 30 мен “Қазақтың
отбасылық дәстүрлері” 31 атты еңбектері және Сейіт Кенжеахметовтың
“Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары” 32 мен “Ұлттық ғұрып-
әдеттің беймәлім 220 түрі” 33 атты еңбектері арнайы осы бағытта терең
зерттеп жазылған еңбектер болп табылады.
Магистрлік жұмыстың методологиялық негізі. Магистрлік диссертацияны
жазу барысында тарихилық принципке сүйене отырып, жаңаша көзқарас
негізінде Қытайдағы қазақ тарихшылары, этногрофтары мен зерттермендерінің
және Қазақстан Республикасының белгілі тарихшы, этногроф ғалымдарының
еңбектерін пайдалана отырып, тарих ғылымында мойындалған салыстыру әдісін
қолдандық. Сонымен қатар жүйелеу тәссілін де қолдандық.
Магистрлік жұмыстың мерзімдік шегі. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
жалпы қазақ халқына ортақ терең тарихи қабаттардан бастау алады. Қытайдағы
қазақтардың салт-дәстүрлерін жазу барысында екі ірі империяның отарына
айнала бастаған, яғни Қытай мен Ресей арасындағы ХІХ ғасырдың соңындағы
Петербург және Іле келісімдері негізінде шекра белгіленгеннен қазірге
дейінгі уақытты қамтиды. Нақтылы айтқанда XIX-XX ғасырларды қамтиды.
Магистрлік жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстаннан тыс қазақ халқының
ең көп шоғырланған өңірі ретінде Қытай қазақтарының салт-дәстүрлерін
алғышқылардың бірі болып, ғылыми жағынан қарастырудың өзі үлкен ғылыми
жаңалық болып табылады. Бұл еңбекте Қытайдағы қазақтардың өз салт-
дәстүрлерін ғылыми түрде жинап, зерттей бастағаннан бергі еңбектер
мүмкіндігінше қарастырылып, салыстыра жүйеленіліп, көпшілік назарына
ұсынылып отыр. Қазіргі кездегі Қытайдағы қазақтардың салт-дәстүрлерінің
жағдайы, келешек беталысы туралы еңбекте белгілі дәрежеде қарастырылды.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Дүние жүзенде Қазақстаннан басқа
жерде қоныстанған қазақ ұлтының ең көп бөлігін құрайтын өңір Қытайдағы
қазақтар жиы қоныстанған Синьцзиянның Іле, Алтай, Тарбиғатай тағы басқа
аймақтары. Ол жерлер қазақтың арғы ата-бабалары сандаған ғасыр қоныс
тепкен қасиетті мекендердің бірі. Қазақтың арғы-бергі біртүтас тарихын жан-
жақты зерттеу үшін қазақ ұлтының екінші ірі қоныс тепкен осынау өңірінің
тарихы, тұрмыс-тіршілігі. Онда әлі күнге дейін сақталып келе жатқан ұлттық
құндылықтарымыз салт-дәстүр, ғұрып-әдет, наным-сенімдерді жалпы талдап
сипаттап, тарихтағы салт-дәстүріміз қандай болды, қалай дамып, кемелденіп,
осы кезге қандай сипатта келіп жетті. Басқа өңірдегі қандастарымызбен,
әсіресе Қазақстандағы қазақтармен кейбір әдет-ғұрыптар жағында қандай
өзгешеліктер байқалады, қазіргі Қытай елінің дамуы барысында ұлттық
сіңісудің, жаһанданудың күшеюі барысында сол елдегі азғантай
қандастарымыздың ұлттық құндылығы не болмақ деген сұрақтарға тоқталып
өтудің маңызы айтпасада түсінікті болар. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға
төмендегідей міндеттер қоямыз:
-Қытайдағы қазақтардың ұрпақ өсіру және тәрбиелеу әдет-ғұрыптарын
талдау;
-Қытайдағы қазақтардың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрін қарастыру;
-Қытайдағы қазақтардың өлім-жітім және жерлеу салттарын талдап
көрсету;
Жұмыстың құрлымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі, деректік негізі,
мәселенің зерттелу деңгейі сипатталады. Сондай-ақ зерттеу жүмысының
мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Бірінші тарау екі тараушадан тұрады. Онда Баланың дүниеге келгенге
дейінгі, баланың туылуы және шілдехана, Бесікке бөлеу және қырқынан шығару
, тұсау кесу, сүндет той және тәрбие хақында баяндалады.
Екінші тарау екі тараушадан тұрады. Онда қыз ұзату және келін түсіру
дәстүрлері қарастырылады.
Үшінші тарау екі тараушадан тұрады. Онда өлім-жітім және жерлеу
салттары туралы біршама толығырақ тоқталады.
Қорытынды бөлімінде осы жұмысты басынан-аяғына дейін жазу барысында
толғандырған және туындаған ой-түйіндерді жалпылама тұжырымдау арқылы
қорытындыланады.

1 ҰРПАҚ ӨСІРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҒҰРЫПТАРЫ

1.1 Баланың дүниеге келгенге дейінгі жол-жоралар, түсініктер

Қазақтар баланы өмірімнің жалғасы (әкенің көзқарасы), бауыр етім
(шешенің қарауында) деп санайтындықтан, олар бала үшін қанша ауыр азап
көрсе де, өлшеусіз бодау берсе де риза. Осындай болғандықтан бала қазақ
отбасында көптеген белсенді қоғамдық рөл ойнайды.
Жалпы ырымшыл, үмітшіл қазақ халқы әр уақытта әр іске күнен бұртын
ырымдап жол-жорасын жасап отырған. Бірақ, әсте олар күпірлік етіп әр іске
күнен бұрын дайындалудан, жоспар құрудан сақтанған, есесіне тәубеге келіп,
әй алла бергеніңе шүкіршілік, тәубе тәубе деп қанағатшылық етіп отырған,
міне бала мәселесінде де дәл осындай болған. Келін алғаш үйге келерден,
тойдан бұрын істелетін жол-жоралар бір басқа да, келін келіп түскеннен
кейін, алғаш аяғы ауыр екенін білмей тұрып-ақ, осындай игі жағдай бола
қалса деген іштей бір идеялық және нақты дайындықтар қайын ененің, сондай-
ақ үй ішінің басқа мүшелерінде де байқала бастайды. Мұның өзі келер
күннен, болашақтан бір жақсылық, сәттілік күткендік, тілегендік деп
түсінуге болады.
Бала ер-әйел сүйіспеншілігін күшейтеді. Егер қазақ жас жұбайлары
балалы болудан бұрын бір-біріне көңілсіз болып жүрген болса, нәрестенің
дүниеге келуімен олар бір-біріне пейілді болады, рақайласады немесе бала
үшін ішкі дүниедегі азапқа шыдап семья тұрмысын сақтайды. Бала санының
көбеюіне ілесе қазақ әйелдерінің семьялық орыны жоғарылап отырады. Қызын
ұзатып, ұлына келін түсірген кезде олардың семьялық орны ең жоғары
белеске көтеріледі. Қазақтар әйелдің қасиеті оның сыртқы тұлғасында емес,
қайта оның бала көтеруінде деп санайды. Сондықтан босанып отырған әйелді
күйеуі де, ата-енесі де жаман көрмейді, тіпті бүкіл ауылдағылар
құрметтейді 34: 34б.
Қазақ халқында келін түсіру ең қуанышты істердің бірі болса, қайын
енесі келіні түскеннен бастап “келінді бастан” деп тіке өз тәрбиесіне
алып, бастан үлгі-тағылым үйретіп, жақсы келін, көрегенді ана болуына
демеуші, жетекші болады. Осындай үмітпен келін алғаш түскен кезден бастап
болашақ нәрестеге керекті бесін тағы басқа керек-жарақтарды арнайы
дайындамаса да, өздерінің бұрынғы балалары жатқан, соларға істеткен
дүниелеріналысқа жібермей ұқыптап сақтап ырымдап жүретін кісілерде аз
емес. Бұл жайында осы соңғы кезде Қытай қазақтарының салт-дәстүрлерін
біршама жақсы зерттеп еңбектер жазып жүрген Қытайдағы қазақ этнологы,
жазушы Айып Нұспоқасұлы өзінің сол Қытай елінде төте жазумен шыққан әАғаш
бесіктен, жер бесікке дейін” деген еңбегінде: “алғаш жүкті болған келін
үшін жасалатын ырым. Жаңа түскен келіннің тезірек жүкті болуын жанкүйер
жақындары төрт көзбен күтеді де.
Ауыл әйелдері келіннің бойындағы сәл өзгерісті байқасымен (оның жүкті
болған қуанышты хабарын) енесіне тұспалдап жеткізеді. Келіннің енесі
қуанышты хабарды тұспалдап жеткізген әйелге өз ризашылығын білдіріп, сый-
сыбаға беріп, қайтарады, онан соң келінді ата-баба аруағы қолдап жүрсін
деп, үлкен үйдің керегесіне ақ орамал байлап қояды. Бұл “керегеге орамал
байлау” деп аталады. Осындай кейін келіннің жүкті екендігін бүкіл ауыл
біліп, келінге барлық адам ерекше ылтипатпен аялай қарайды. Себебі,
халқымызда “ең сүйкімді, ең ардақты адам – екіқабат әйел” дейтін аталы сөз
бар 17,123-124 бб деп алғаш бойға бала біткен кездегі істелетін осы бір
жораны, яғни, “керегеге орамал байлау” туралы бізге өте жақсы мәлімет
береді. Ал осыдан ары қарай жүкті болған келінге бүкіл отбасындағыларды
қойып бүкіл ауыл ерекше ылтипатпен қарап, қамқорлығына алады деп те
келтіріпті. Жоғарыдағы автордың еңбегінде дәл осы туралы өзінің ұлы қытай
болса да ұзақ жылдар бойы Қазақ елінің тарихы, мәдениетін зерттеп жүрген
Шинжаң университетінің профессоры Су Би Хай “Қазақ мәдениетінің тарихы”
атты еңбегінде ұлтымыздың балалы болу, оны тәрбиелеу хақындағы бөлімінде
былай деген екен: “қазақтарда басқа бас қосылу өте қуанышты іссаналады.
әйел екіқабат болғаннан бастап, оны қатты аялап қорғайды.
Отбасындағы қатты қайырым жұмыстарды істеткізбейді. Қуаттандыруға,
демалысына көңіл бөледі. Сол арқылы баланың толық жетілуіне мүмкіндік
жасалады. Қазақтардың дәстүрлі әдеті бойынша әйел жүкті болғаннан кейін
түйенің етін жегізбейді, шүбәтін ішкізбейді. Олар түйе онекі айда туады,
егер жүкті болған әйел түйе етін жеп, шүбәтін ішіп, жүнінен тігілген киім
кисе, жүктілік мерзімі ұзарып кетеді деп ырымдайды. Енді бірі қоянның
етін жегізбейді. Өйткені қоянның ерні жырық, жүкті әйел қоянның етін жесе,
бала жырық болып туылады деп қарайды. Тағы бірі қасқыр тартып кеткен
малдың етін жегізбейді. Қасқырдың сілекейі көп болады. Қасқыр тартып кткен
малдың етін жесе, туылған баланың сілекейі көп болады деп қарайды” 20,
789-б деп өзінің қазақ ұлтының ғұрыптарына біршама терең үңіліп, беріле
зерттеп жүргендігін аңғартады. Міне осындай көптеген алғашқыкезеңдегі ырым-
тиымдарымыздыңда түсінген адамға белгілі бір қағидарларға, белгілі
дәрежеде ғылыми негіздерге сүйенгендігін көруге болады. Өйткені Айып
Нұспқасұлының жазғанындай керегеге орамал байлау бұл кез-келген осы үйге
келушілердің бірден үйдегі жас келіннің екіқабат екендігін байқап, оған
ылтипатпен аялай қарай бстайды, мүмкіндігінше демалдыру жағын ойлары хақ.
Ал Су Би Хайға сүйенсек, жаңа екіқабат болған келіндімүмкіндігінше
демалдыру және қасқыр талаған мал етін жегізбеу міне бұл да ғылымилық емей
немене.
Сонымен келіннің жүктілігі белгілі болған соң бұл қуанышты жағдай
әрине жігіт жақ болсын, қыздың әке-шешесі жақ болсын барлығын қуантып
болашақ өмрге келетін ұрпақ үшін тілеу тілеп, кейбір харекеттерін жасай
бастары анық. Мұнда ең бастысы “құрсақ той” деп аталады. Бұл жөнінде Айып
Нұспоқасұлының еңбегінде былай деп тоқталады: “жас келін жиы-жиы құсып, ас-
тағамға тәбеті тартпаса енесі оны жерік болған екен деп біледі де, жерік
асын табу мақсатымен ауыл әйелдерін шақырып, шағын той жасап, келгендерге
әзіл-қлжың, қызықты әңгімелер айтқызып, келіннің көңілін көтереді. Бұл
“құрсақ той” кей жерде “құрсақ шашу” деп те аталады. Құрсақ тойға
шақырылған әйелдер, үйлерінен әр түрлі тағамдар пісіріп, тәтті-дәмді
нәрселер ала келеді. Бұл “жерік ас” деп аталады. Сонымен тамаққа тәбеті
тартпай жүрген келін ауыл әйелдері әкелген түрлі ас-тағамдар ішінен,
тәбеті тартқан әлді біреуін жеп жерігін басып, рухани жақтан сергиді.
“Құрсақ той” жасап жерік болған келінге “жерік ас” жегізуінің үлкен ғылыми
негізі бар. Жеріктікті басудың тек анаға ғана емес, іштегі сәбидің де
денсаулығына пайдасы бар. Жерік асқа тойған анадан туған перезент ақылды,
алғыр, зерек болады. Егер келіннің жерік астан кейінде жерігі басылмаса,
оны “ит жерік” деп атайды. Жерігі басылмаған, яғни, “ит жерік” болған
анадан туған бала әлжуаз, ауырушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Көбінесе
ондай бала ес білгенге дейін аузынан сілекейі шүбырып жүреді дейді халық
даналығы” 17, 124-б
Міне мұнан халқымыздың жоғары дәрежедегі халық дәрігерлігі
болғандығын көреміз. Мұнда сол ауыл әр үйден, әр түрлі дәм келіп, келін
өзінің қажетті асын, яғни, “жерік асын” тауып жейді. Басқа сөзбен айтқанда
ол анаға да, балаға да керекті қоректік деген сөз.
Жүкті ананы, әсіресе тәжірибесіз жас келіндерді күтімге алу болашақ
ұрпақтың толық жетіліп, сау денелі туылуы, ақылды, сымбатты болуы үшін
жасалады. Сол үшін тәжірибелі енелер келіннің жүкті болған күнінен бастап
уағында азықтанып, уағында демалып көңілді жүруіне мүмкіндік жасап, оған
ауыр жұмыстарды істетпеген жәнеде нәрлі сусындық тағамдарды көбірек ішуге
насихаттап отырған. Бұл тұрғысында жәнеде Айып Нұспоқасұлының еңбегінде
келтіргендей: “ауыр аяқ келіннің тәбетін ашу үшін сармысақ және жуа қосқан
ет береді. Айран, қымыз, сүт ішкізіп, қаймақ жегізеді. Бала шымыр, қуатты
болсын деп сағыз шайнатады. Баланың көзі өткір, құлағы сақ болсын деп
рауағаш, қымыздық жегізеді. Баланың күші мол, сүйегі берік болсын деп
ірімшік, ет жегізіп, сорпа ішкізеді. Бала көрікті, сау денілі болады деп
жүкті келінді запыран гүлінің сөлімен дәрет алдырып отырады. Қысқасы ес-
ақылы түзу, төрт мүшесі сау, ақылды, көрікті де, білімді перезент көру
үшін перезент ана бойына біте салысымен аналарды ерекше күтеді. Бұл салт
қазақтарда сонау ықылым замандардан-ақ тұрмісті ғылыми өткізгендігін,
дәрігерлік ғылымын өте ертеде меңгеріп, оны күнделік тұрмыс дағыдысына
айналдырғанын әйгілейді” 17, 124-б.
Бұл арада менде автордың пікіріне толық қосыла отырып, халқымыздың
лайықты тұрмыс дағдысын сонау ертеден бойына сіңірген мәдениетті халықтар
екендігіне шүбәсіз сендім. Мұнда халқымыз пәктік пен тазалықты өте жоғары
бағалап, күнделікті өмірде тазалықты қатаң дағдыға айналдырған. Оған
мысалдар келтірер болсақ, түзден үйге келгенде және асқа отырар алдында
қол жуу, тағы басқа жазылмаған дала заңдарымыз қаншама. Осыған байланысты
тазалық хақында “тазалық – денсаулықтың кепілі” ауыру-сырқау атаулы
ластықтан туындайды. Сау денелі, күш-қайратты болу үшін денені таза ұстау
ластықтан аулық болу керек деп қарайтындықтан осы қағидалармен тәжірибелі
енелер келіндеріне жөн сілтеп отырған.
Бұл туралы тағы Айып Нұспоқасұлының еңбегіне тоқталар болсақ, одан өте
тамаша дәстүрлік білімдерді көрумізге болады. Зерттеуші онда былай деп
қалам сілтеген екен: “енелері келіні жүкті болысымен оларды жақсы
күтімдеумен қатар тазалық істерін қадағалап, оған ерекше назар аударады.
Яғни, жүкті келінді аптасына бір рет дәрі шөппен шомылдырып, келіннің
денсаулығын жақсартып, баланың тыныс жолын ашып, келіннің бойындағы түрлі
дерт-дербездерді жою үшін маралшөпке арша бүрін қосып қайнатып шомылдырып,
бетіне дақ түсірмеу үшін келіннің бетіне саумалдың көбігін жақтырып
отырады. Ал, ауыз тазалығын жақсарту үшін қаражусан мен қаратікен тамырын
тұзға қосып қайнатып, онымен аузын шайдырады. Келіннің тісіне құрт түсіп,
тіс түбінің шірімеуі үшін аршамен тіс шұқытады. Киімдерін кірлетпей жуып,
ішкі киімдерін жиы-жиы ауыстыртады. Осылайша көзқарақты енелер келіні
боланғанға дейін келіннің тазалық, азық-түлік істеріне ерекше көңіл бөліп,
қамқорлық жасап отырады” 17, 125-б. Міне нағыз дала дәрігерлігі деп
осыны айтыңыз. Біздің қазақ халқында қазыргі дамыған замандағыдай болашақ
өмір есігін ашпақшы болып отырған перезентін міне осылай ауел бастан-ақ
күтімге алып, нағыз қазіргі заман қағидаларындай дәрі шөптермен тағысын-
тағы күтімдеу жолдарын ске асырып отырғанын көреміз. Ал, енді жүкті
келінді ренжітпеу, қорқытпау, тұйықсыз зәресін алмау керісінше оның
көңілін көтеріп, той-думанның ортасына жиі жіберу, әрдайым көңілін
көтеріңкі ұстауына жағдай жасау, әзіл-қалжың, ән-күймен қуанышқа бөлеу,
түнде далаға жалғыз шығармау, жалғыз жолаушы жүргізбеу бұл әр қазақ
үлкендерінің білетін, айта жүретін дағдысы деп айтуға болады.
Келін босанар алдындағы ырым-жырымдарға келер болсақ, әрине өмірде бұл
бір аллаға ғана аян ғажайып құбылыс. Адамнан адамтуылу, жаңа бір тіршілік
иесін өмірге әкелу өте қиын да күрделі әрі қауыпты жағдай. Бұл туралы
қазақта “босанар алдындағы жүкті әйелдің бір аяғы төрде, бір аяғы көрде”
деген сөзі текке айтылмаған болса керек. Бұл тұрғыда да, Су Би Хайдың
еңбегіне тоқталар болсақ, Былай делінеді: “көне қоғамда қазақтар
мекендеген ұлан-байтақ мал шаруашылығы өңірінде денсаулық сақтау, емдеу
орындары болмады. Жүкті әйелдерді көбінесе ел ішіндегі туыт аналар
болсандырды. Оларды шақыра алмағанда енесі, жеңгесі және тәжірибелі
әйелдер босандыратын болды. Қазақтар туыт ана талдағанда, қатаң талап
қоятын болған. Екіқабат әйелдің біреуді босандыруына болмайды. Қазақ сатлы
бойынша, екіқабат әйел босандырса босанған әйелден қан көп кетеді деп
ырымдайды. Балалы болған, бірақ баласы тоқтамаған әйелдің босандыруына
болмайды. Үшіншіден, мінезі тез, ақылақ-мөралы нашар әйелдің босандыруына
болмайды. Туылған бала соларға тартып кетеді дейді. Төтіншіден, туыт
ананың білегіне ақтық байлап қояды. Бұл бала аман-есен туылып, бауы берік
болсын дегені.
Әйел адам босандырса көйлек кигізеді, ер адам босандырса жейде
кигізеді. Бала ержеткен соң босандырушыларды ерекше құрметтейді. Әйел адам
болса шешесіндей, ер адам болса әкесіндей көреді. Босанатын әйелдің
толғағы қатты боса, келіні киіз үйдің іргесін келсаппен түйеді. Осылай
істесе бала тезірек түседі деп қаралады. Әйел толғатып тұрған кезде қонақ
келсе әйел болса көйлегінің етегін, ер болса жейдесінің етегін жыртады.
Қазақ салтында бұл жақсылықтың белгісі. Әйел тезірек босансын, толғақ
созылмасын дегені. Әйел толғатып тұрғанда ер адамның тіпті күйеуінің де ол
үйге кіруіне болмайды. Үй сыртында тұрып хабар күтеді. Нәресте шыр етіп
жерге түскен заман сырттағы әкесінен шүйінші сұралады” 20,790-б. Міне
тек қана бала өмірге келер сәттің алдында ғана осыншама көп ырымдар бар
екен. Барлығы да қарап отырсақ, болашақ жан иесінің жарқын өмірі үшін
істелініп жатқан игі істер. Осындай өмірге деген сеніммен үміт аралас
талпыныстар наным-сенімдер емеспе.
Бұл туралы Айыт Нұспоқасұлына тоқталар болсақ, тіптен көп мағұлмат
аларымыз даусыз. Онда: “келін босануға таяғанда мейірбан, қамқор енелері
келінін оңаша ертіп шығып, жалаң аяқ арлы-берлі жүргізіп, жер басқызып
“кеудесі түкті жер ана, күш-қуат бер пендеңе” деп тілік тілеп, келіннің
күш-қайратын шыңдайды. Одан соң іштегі бала сүлу болсын деп келінін айлы
түнде оңаша апарып, көлге шомылдырады. Уағынан бұрын босанудан, іштегі
баланың қалыпты жетілмеуінен, толғағы ауыр болуынан сақтану үшін тең буу,
су көтеру сияқты ауыр жұмыстарды істетпейді. Қолына балта, шот, сабау,
кетпен, келсап секілді ұратын, түйетін, шабатын нәрселер ұстатпайды.
Баланың еті қызарып кетеді деп жас ет ұстатпайды. Бала кіндігіне оралық
қалады деп ине-жіп беріп, іс тіктірмейді. Онан соң жер ана қолдап-қуаттап,
нәрестенің ырыздығы мол болады деп келінін жетелеп барып жеті бастаудың
көзін ашады. Болашақ ұрпақ кіндікті болады деп жетітал ағаш ектіреді. Бұл
ырым-жырымдар аяқтаған соң, келіннің аман-есен босануына ресми әзірлік
жасайды.
Тәжірибелі енелер мен әжелері жаңа түскен келін қысылып-қымтырылмай
босану үшін, оған арнайы жеке үй тігіп немесе оңаша орын әзірлеп, әр күні
кеште құйымшағынан жаурынына дейін саусақты батыра уқалап, қойдың құйрық
майымен сылап, туыт үстінде қиналып қалуының алдын алады. Әр күні үйге от
жағып, үйді жылы ұстап, тазалық ісін ерекше жақсартады. Келінді
босандыратын тәжірибелі ана мен кіндік шеше белгіленеді.
Кнліннің толғатқан хабарын естісімен, ауыл әйелдері жиналып үй ішіне
басқұр, желібау, арқан сияқты нәрселерді керіп байлайды. Босағаға қанжар,
қылыш, қамшы тектес құралдарды сүйеп қояды. Келінді босандырудың бар
дайындығы біткен соң, жылы жұмсағын қазанға салып “жарыс қазан” асуға әмір
береді. “Жарыс қазанға” көбінде тез пісетін қуырдақ секілді тағамдар
әзірленеді. Бар болса қой сояды. Қарындағы женіт басталып, құрт, бал-
баырсақ дастарқанға төгіледі. Арша тұтатып, толғатқан әйелдің бас-аяғы мен
үй ішін аластайды. “Жарыс қазан” басындағылар пышақтарын қазанның ернеуіне
жанып-жанып жіберіп, әлсін-әлсін “қара қазан бұрын пісіме, қара қатын
бұрын туама?” деп айқайлап отырады” 17,126-б. Міне бұданда біздің көне
ғұрыптарымыздың қаншама түрі жойылып кеткендігін, әліде жойылып бара
жатқандығын айқын көруге болады. Ежелден келе жатқан осындай қазіргі
жастарға үлгі болатын, өз халқымыздың дағдысына сай дәстүрлерімізді іздеп-
таып, жаңғыртып, көзіміздің қарашығындай сақтау керек демекшімін. Өйткені,
олар ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлтымыздың мәдени жауһарлары емеспе.
Қорта келсек, бала дүниеге келгенге дейінгі ғұрып-жораларды,
түсініктерді біраз болсада, шама-шарқымызша бір көріп өткендейміз. Бұдан
біздің тарихы мен мәдениеті тереңге тамыр тартқан қазақ елінің тек осы
ұрпақтың өмірге келгеніне дейін ғана, осындай мол жол-жоралары мен
түсініктерінің біршама ғылыми әрі негізді екендігіне көзіміз жете
түскендей.
Біз жоғарыда баланың дүние ісігін ашарға дейінгі ғұрыптарымызды,
дайындықтарымызды бір саралап өттік. Ал енді жас сәбиді өміргше келер
сәитінде әрине бұл жоғарыда айтып өткеніміздей күрделі әрі ғаджайып және
қаупі де аралас сәт. Қайталар болсақ, осы кездегі әйелді қазақ “бір аяғы
төрде, бір аяғы көрде” деп текке айтпаған. Біз бұдан осы кездегі барлық
жағдайды түсінуімізге болады. Қазіргі дәрігерлік ғылымы кеш жеткен қазақ
даласында әйелді босандырудың өзіндік ұлттық және далалық қағидалары,
ерекшеліктері болған. Мұнда наным-сенімдер мен түсініктер де біршама күшті
орын алған. Мұның дені қазірге дейін жалғасын тауып келе жатыр деп айтуға
әбіден болады.
Жүкті әйелдің босануы, өмірге нәресте әкелу барысы туралы Айып
Нұспоқасұлының “Ағаш бесіктен жер бесікке дейін” атты еңбегінде былай деп
баяндалады: “келіннің толғағы жиілеген кезде, оның белін тартып буып,
керген арқанға асылдырып отырғызады да, ересек балалар немесе келіндер
қолына келсап, тоқпақ сияқты нәрселерді алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Моңғолия қазақтары мен салыстырсақ Қытай еліндегі қазақтарының өмір сүру салты монғолия қазақтарымен етене жақын
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
Қазақтардың Қытайға қоныс аударуы
Шыңжан өлкесіндегі қазақтар
Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығы мен сақталу мәселелері
Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
ҚОНЫС ТАҢДАУ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ
Баланың өсуіне байланысты әдет - ғұрыптар
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Пәндер