Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС КЕЗДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... 5
1.1 Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен тәрбие сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Экологиялық құзыреттілікті қалыптастырудағы биология сабағының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3 Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
1.4 Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдаланып экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32

2 БОТАНИКА САБАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.1 Құзыреттілік ұғымы және экологиялық құзыреттілік ... ... ... ... ... ... ... . 39
2.2 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі. нәтижеге бағытталған білім
беру негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
2.3 Ботаника сабақтарында экологиялық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.4 Ботаника сабағын дамыта оқыта отырып, оқушының құзыретілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 65

1. ҚОСЫМШАДәрілік өсімдіктер
2. ҚОСЫМША Экологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
3. ҚОСЫМША Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазіргі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскелең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге жетілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазіргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психологиялық-педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонымен қатар, оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық-кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы. Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса береді.
Тақырыптың өзектілігі:ботаника пәні бойынша оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен
1 Цветков Л.А. Общая методика обучения биологии- М., Просвещение. 1982, б.520
2 Кирюшкин Д.М, Полосин В.С.Биологияны оқыту методикасы.
- Алматы, 1984
3 Харламов И.Ф.-Активизация учения школьников, - М.,1960, б.452
4 Зайцев О.С. Методика обучения биологии, - М., «Владос» ,1999
5 Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық сабақтастықтың ғылыми-теориялық негіздері. Монография. ТКО «Зерде» баспасы. –Алматы, 2005, б.181
6 Айналаны қоршаған орта. Экология. Әдістемелік нұсқау. –Алматы: Алматыкітап, 2003, б.55
7 Окружающий мир. Экология. Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2003, б.55
8 Айналаны қоршаған орта. Экология. Хрестоматия. –Алматы: Алматыкітап, 2003, б.35
9 Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және болашағы.Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2000, б.160-162
10 Экологиялық тәрбие жұмысының сипаты - Білім Образование. 2001, №2, б. 31-33
11 Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту Білім берудегі менеджмент, 2001, №3, б.117-119
12 Қазақстандағы биология және экология ғылымдарының дамуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Алматы, 2002, б.89-192
13 Әлемдік білім беру кеңістігі жағдайындағы ғылым мен практика интеграциясы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 75-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы, 2003, б.237-239
14 Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары. Ұлт тағылымы. 2003, №2,б.19-21
15 Үздіксіз экологиялық тәрбие. Қазақстан мектебі, 2003, №8, б.32-34
16 Экологиялық тәрбие технологиясы . Еуразия. Хабаршысы. - Астана, 2005. -№2, б.115-117
17 Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізу тұжырымдамасы. –Алматы: ТКО «Зерде» баспасы, 2005, б.25
18 Педагогикалық инновация негізінде оқушыларға экологиялық білім берудегі мұғалім шеберлігі. - Алматы-Қаз. Мем. Қыз.Пед.Инст. Педагогикасериасы, 2007, б.81-85
19 Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы, Ізденіс. -Алматы, 2007. № 4(2), б.225-229
20 Сарманов К.А,Перкас Н.К.Экологиялық білім беру бағдарламасы- Қазақстан мектебі № 8, 1993 ж
21 ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары. 12 жылдық білім беру, 2006, б.18
22 Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма. 12 жылдық білім беру, 2008, б.20-21
23 Эльконин-Давыдов. «Дамыта оқыту технологиясы»Педагогикалық шығармалар, 1998 ж, б.17
24 Скаткин М.И. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері, Психологиялық ғылым және білім беру , 2003, б.22-25
25 МарковаА.К. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі, 2009
26 СкаткинМ.И.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет, 2008
27 Горбунова Л. Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы , 2007
28 Богаева И.Д.Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік, 2009
29 Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2010, б.6
30 Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана , 2004, б.3-4
31 Әлмұханова Х.Т, Бейсебаева П.С. Құзіреттілік –кәсіби маман даярлаудың басты сапасы. 2007, б.27
32 Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы . Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. – Астана,2006
33 С.Қ.Әубәкіров. Экологиятану. - Алматы, 1999, б.21-29
34 Э.Турдыкулов. Экологичeскоe образованиe.-Ташкeнт, 1998, б.98
35 Г.Т.Тугeлбаeва. Систeмно-структурныe аспeкты программного обeспeчeния процeсса прeподавания экологии в школах и вузах. Каз Гос ИНТИ, 2005.
36 М.Қожабеков, Г.Қожабекова. Дәрілік өсімдіктер. -Алматы, 1982 ж.
37 Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.А.Қадишаева.Фармакогнозия. -Шымкент,2011 ж, б.12-27
38 С.Х.Субханбердин. Дертке дауа, жанға шипа. -Алматы, 2004ж.
39 Ә.Іскендіров. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. - Алматы, 1982 ж.
40 Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы. - Шымкент, 2011 ж.
41 Қазақ энциклопедиясы,2-том. - Алматы,1998-2007,3 б.65
42 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:Биология/Жалпы редакциясын басқарған:Э.Ғ.Д.Е.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС КЕЗДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... 5
1.1 Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен тәрбие сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Экологиялық құзыреттілікті қалыптастырудағы биология сабағының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
1.3 Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
1.4 Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдаланып экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

2 БОТАНИКА САБАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.1 Құзыреттілік ұғымы және экологиялық құзыреттілік ... ... ... ... ... ... ... .. 39
2.2 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - нәтижеге бағытталған білім
беру негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.3 Ботаника сабақтарында экологиялық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51
2.4 Ботаника сабағын дамыта оқыта отырып, оқушының құзыретілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 65

1- ҚОСЫМША Дәрілік өсімдіктер
2- ҚОСЫМША Экологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
3- ҚОСЫМША Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ

Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазіргі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскелең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге жетілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазіргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психологиялық-педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонымен қатар, оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық-кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы. Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса береді.
Тақырыптың өзектілігі: ботаника пәні бойынша оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: мектеп пен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; жастарға қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты: ботаника пәнін заманауи технологиямен оқытуда және оқушыларға сабақтан тыс жұмыстарын жүргізу кезінде оқытудың экологиялық мәселелерін теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздей отырып, экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру.
Диплом жұмысының міндеті: ботаника сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, сабақты табиғатпен байланыстыра отырып, экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру;
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері:
зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған нәтижелерді сұрыптау;
тиімді оқыту әдістерінің бірі - оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс - әрекеттерде пайдалану.
соңғы жылдардағы заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушының экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру;
Зерттеу объектісі: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖӘНЕ САБАҚТАН ТЫС КЕЗДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім мен тәрбие сабақтастығы

Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда екінші табиғат деп атайды.
Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы - сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі, тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Екінші табиғат қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы десе болады. Әйтседе, екінші табиғаттың өзіндік мәнді ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден, екінші табиғат дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды, үшіншіден, екінші табиғат бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, екінші табиғат болмысы - табиғи - рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен екінші табиғаттың үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, бірінші табиғат пен екінші табиғаттың ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады[4].
Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы) тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық параметрлермен заңды байланыста болады.
Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес, керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл - дамудағы үздіксіздік.
Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды. Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек, сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып табылады.
Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін көрсете отырып, қалай? қайтіп дамиды? деген сұрақтарға жауап береді. Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика ғылымында тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады[2].
Үздіксіз білім - толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі өмір бойы білім алу қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.
Демек, үздіксіз білім беру термині әлемдік практикада осыдан алпыс жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.
Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда үздіксіз білім беру біріншіден, жеке тұлғаның даму кезеңдеріне үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен мүмкіндіктері сәйкес келеді.
Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды негізге алу керек, атап айтқанда: үздіксіздік, демократиялық, жалпылық және т.б. ұстанымдар.
Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша, бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі); мамандарды даярлаудың көп сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының вариативтігі.
Осы қағидалардың негізінде үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларын қамтитын кешен қолданылады. Бұл кешенде сабақтастықтың екі принципі сақталады: төменнен жоғарыға дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал, бұл білім беру сатыларының сабақтастығы жүйесін қамтамасыз етеді: отбасы -- балабақша --бастауыш мектеп --арнайы орта білім -- жоғары білім -- жоғарыдан кейінгі білім (Білім жетілдіру). Жоғарыдан төмен жүйесі оқу орындарының басқару қызметін білдіреді. Демек, мұндай құрылым білім беру кеңістігінің біртұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дұрыс интеграциялаған жағдайда білім алушылар білім берудің төмен деңгейінен жоғары деңгейіне жеңіл өте алады.
Жұмыстың тақырыбына сәйкес үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің бірінші сатысы - отбасы, яғни баланың алғашқы әлеуметтік ортасы - мұнда баланың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алуға деген алғашқы іс-әрекет дағдылары қалыптасады. Бұл баланы балабақшаға дайындаудың алғашқы қадамы болып есептеледі.
Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің екінші сатысы - мектепке дейінгі тәрбие. Мектеп пен басқа оқу мекемелері қызметінің нәтижесі негізінен мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Бұл ерекшеліктер балабақша мен бастауыш мектептердегі тәрбие сабақтастығының тиімділігін дәлелдейді.
Үшінші саты - бастауыш мектеп, балабақшада берілетін тәрбие мазмұнының жалғасы және жоғары сатыларда берілетін білімнің негізі, алғашқы бастауы.
Үздіксіз білім берудің негізгі сипаты білім беру жүйесінің біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз байланыстың болуы сабақтастықты білдіреді. Ал, бұл болса үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығын білім беру процесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды талап етеді[1].
Қорыта келгенде, экологияны оқыту әдістемесі, үздіксіз зерттеулер, тәжірибелер мен жан-жақты ізденістер қажет ететін күрделі проблемалар. Экологиялық, өлкетанулық білім беруді бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру керек өйткені экология, өлкетану курсын пән ретінде оқытудың 1-11 сыныптарға арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады[11].
1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру бағытында табиғат қорғауға оқыту термині кең қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді табиғат қорғауға тәрбиелеу термині ауыстырып, соңғы жылдары уақыт талабына сай экологиялық тәрбие, экологиялық білім терминдері пайдаланылуда.
Экология - биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының Экологиялық білім беру жылы деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы да дәлелдеп берді.
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:
oo мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
oo басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;
oo қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің, конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық сана,экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау - әлеуметтік табиғи түзілім десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің мазмұнына сай, біз төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдік:
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық танымбаланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас - баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат, табиғат - қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет - адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы - табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада - экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.
Экологиялық сезім - табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.
Экологиялық қызығушылық - адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.
Экологиялық көзқарас - тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі[3].
Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады,- деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит ... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды,- деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
oo экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
Сабақтастық, үздіксіздік ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні бірқатар ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко, З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі екендігіне мән беріледі. Солардың ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша сабақтастық - жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға көшуі болып саналады.
Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын аддеструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару); аккумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз - тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс[4].
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.
Одақтық энциклопедияда сабақтастық - даму процесінде құбылыстар арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде сақтап қалатын байланыс деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда Оқытудағы сабақтастық - оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан тұрады деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі осы уақытқа дейін орталықтандырылмаған. Соның нәтижесінде ғылыми жүйелілік сақталмай, экологиялық материалдар жалпылама сипат алуда. Қазірге дейін экологиялық білім берудің теориялық мәселелері өріс алуда. Онда 1990 жылы шыққан Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау туралы Заңындағы қағидаға сәйкес алға қойған проблемаларды басшылыққа ала отырып шешуге ұмтылады. Басты мақсат - көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Болашақ ұстаздар экология ғылымын меңгерумен қатар төмендегідей мәселелерді шешуге ұмтылғандары жөн[1].
1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап, оның себебінеталдау.
2. Кез келген экологиялық жағдайдың себебін ашып, оны жоюдың, қалпына келтірудің жолын ашу.
3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.
4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы өкімет заңдары менқаулыларын білу.
Қазір экология жөнінде көптеген пікірлер, тұжырымдамалар ментеориялар бар. Осыған орай ғылымның барлық салаларын экологияландырутерминін көбірек қолданудамыз.Экология-адамзат баласымен айналадағыорта арасындағы қарым қатынастан туған биология ғылымының көрнекті салаларының бірі.
Жер шарының қандай бөлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідейэкологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмайсыз. Қазақ жерінеше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи палигоны болғаны рас. Атом, сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде өткізілді. Әлемге әйгілі Семей, Ақтөбе, Маңғышлақ, Атырау, Орал, Қарағанды, Жезқазған атом полигондары радиациялық фонды күннен күнге қиындата түсті. Бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар ең шұрайлы жеріне орналасты. Бұрын соңды болмаған бұл жағдай адамзат баласының, сондай-ақ, биосферада тіршілік ететін барлық жан-жануарлардың ағзасына мутациялық өзгерістерді туғызды. Адамдар арасына мөлшерден көп қауіпті ісіктер мен неше түрлідерттердің таралуына себепші болды. Адамдардың мезгілсіз өмірден кетуінеәкеп соқты.
Семей атом полигонында өткізілген 646 сынақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері әбден меңдеген. Кейінгі жылдары радиациялық экология термині пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым саласының бірі.
Адамзат баласының айналадағы ортасында көбейген экологиялық фактордың ең бастысы иондаушы радиация. Ионданушы радиацияның негізгі қайнар көзі табиғи радиоактивті элементтер мен жасанды радиоактивті элементтер. Жасанды радионуклеидтердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеген адамдар өте аз. Олардың туғызатын қатерлі ісіктері жөніндеҚазақстан алдыңғы қатарда келеді[3].
Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді. Осыған орай Қазақ мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек күттірмейтін проблема. Эколог маман кадрлар дайындауға материалдық техникалық база жасау қажет. Неше түрлі компьтерлік есептеу аппараттарын монтаждап, оларды іске қосып, айналадағы ортаның химиялық құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы сауатты және саналы мамандар дайындау экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.
Сонымен бірге экологиялық проблемаларды шешу үшін:
осы кезде тек қана қазақ жерінде ғана емес барлық дүниежүзілік өркениеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының негізіне әсер етіп отырған ұлттық және халықаралық саясатта социология мен экономикадағы ғылым мен техникада қалыптасқан дағдыларға, іс әрекеттерге терең талдау жасап, түсініктер беру, ол үшін экологияның биологиялық негіздерін білу қажет;
биосферадағы тірі заттар эволюциясындағы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы мен өзгеруі туралы ғылыми деректер биосфераның біртіндеп ноосферағы өту жолдарын түсіндіру;
биосферадағы экологиялық жүйенің адамдар арқылы реттелініп отыратынына айрықша талдау жасалуы;
экологияның қазіргі заманғы проблемаларын айрықша сөз ету;
адамзат баласының биосферамен қатынасына, дүниежүзілік жеке аймақтық және жергілікті шағын аудандық экологиялық проблемаларға тоқталу, олардың антропогендік факторлар әсерінен өзгеруіне байланысты сөз қозғауға болады, неше түрлі анықтамалар беру орынды;
биосфераның құрамына айрықша талдау жасалу шартты проблемалардың бірі;
бұзылған биосфераны алдын ала математикалық моделдер жасап, болжау;
халықтың сана сезімін, экологиялық білімін жетілдіру үшін, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен таныстыру;
жастардың ой өрісін, дүниетанымын қалыптастыру үшін жаңа типте оқу бағдарламаларын жасау;
үздіксіз экологиялық білім берудің теориялық негіздерін мамандар, мұғалімдер жақсы білу керек[4].
Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара құрам бөлігі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапгершілік қарым- қатынас қалыптастыру тиіс. Бұл салада орта мектептің алатын орны ерекше. Оқушылар табиғаттану, химия, биология, география, т.б. сабақтарда және мектептен, сыныптан тыс жұмыстар нәтижесінде табиғатты қорғай білуге үйренеді.
Мектептегі биология сабақтарында оқушылардың ғылыми әдістемелік көзқарасын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар болашақ жасөспірімдердің табиғатты қорғау қабілетін арттыруға әсер ететін экологиялық білім алуға назар аударылады. Оқушылардың биология пәнінде экологиялық білімді игеруі мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады.
Жаратылыстану пәні ретінде оқушыларға экологиялық білім беруде биологияның маңызы зор. Экологиялық сауатты ашу үшін бірнеше тақырыптарға сай келетін есептер шығарып, нақты дәлелдер арқылы көз жеткізуге болады. Биология үйірмелерінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар ұйымдастырған жөн. Алуан түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өткізу арқылы, оқушыларға экологиялық тәрбие беруге болады[4].
Өзек өртер өкінішті экологиялық жайттарға болашақта жол бермеу оқушыларға, студенттерге, жалпы жастарға бүгінгі таңда экологиялық білім мен тәрбие беруді талап етеді.
Айналадағы ортаның ластану себептері төмендегідей:
а) жер жүзінде қоныстанушы халықтар санының өсуі;
ә) көптеген минералдар қазба байлықтар (ресурс) көздерінің тозып кетуі; б) өндіріс орындарының шикізат көздерін жоспарсыз пайдалану (газдардың ауаны ластауы);
в) табиғатты химиялық, биологиялық өзгеріске ұшырауы;
г) адамдардың айналадағы ортаға жанашырлықпен қарамауы;
ғ) тұщы сулардың өте азайып кетуі, жемісті жерлердің жойылып кетуі.
Оқушыларға экологиялық білім берудің жүйелері төмендегідей болады:
1. Адамға және биологиялық ортаға әсер ететін факторлар.
2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау.
3. Физика техникалық факторлар жарық, ылғалдылық, қысым, жел, ағыс,дыбыс, тербеліс, сәулелер.
4. Энергитика механикалық факторлар жылу, электр, атом, күн сәулесі, жел,теңіз толқындары.
5. Фотосинтез үрдісі.
6. Айналадағы ортаның ластануына қарсы күрес.
7. Бұл мәселелер өз дәрежесіне қарай орта мектепте табиғаттану, физика, география, химия, биология пәндерінде оқытылады.
8. Табиғаттану (IV-V сыныптарда.) Су, топырақ, ауаны ластаудан қорғау,туған өлкенің табиғатын сүю, аялау, қорғау, су, күн сәулелерініңэнергияларын тиімді пайдалану туралы өтіледі.
9. Физика (VI-VII-XI сыныптарда.). Биосферадағы физикалық үрдістергетабиғаттағы физикалық факторлардың әсері, айналадағы ортаның физикалықфакторлардан ластануы, табиғаттың термодинамикалық, радиоактивтіліктепе теңдігі , ядролық, нейтрондық жарылысқа қарсы күрес, табиғиаппаттардың физикалық жағдайларын түсіндіру.
10. Биология (VIII-XI сыныптарда.). Биотехнология, айналадағыортаның биологиялық ластануы, отынның тиімді пайдалануы, қалдықсызөндіріс технологиясы, өндіріс қалдықтарын (түрлі газдарды) газ ұстағышқондырғылар қолдану арқылы жою үрдістері оқытылады.
11. Биология пән ретінде де, ғылым ретінде де адам мен айналадағы ортағаүлкен әсер етеді, сондықтан биотехнология өндірісінің тиімді де, тиімсіз жақтарыбар. Биотехнология өнімдері адамның бүкіл қажетіне (медицина, тамақ,киім, ауыл шаруашылығы, т.б.) кең қолданылады, бірақ сауатсыз пайдаланса,осы аталған салаларда бұл өнімдер адам мен табиғатқа кері әсерін тигізеді.Дегенмен білімді, сауатты адам биотехнологияны залалсыз, тиімді пайдалана алады.
12. Оқушылар мен студенттерге экологиялық білім беруді төмендегідейұйымдастыруға болады:
а) IV-XI сынып оқушыларына химия, биология сабақтарында;
ә) қосымша тәрбие жұмыстарында;
б) IX-XI сыныптарда факультативтік сабақтар өткізу;
в) пәнаралық байланыстарды арттыру;
г) өз бетімен істейтін жұмыстар беру.
Міне, осындай жағдайда биологияданэкологиялық білім мен тәрбие беру арқылы сабақты түрлендіріп өткізсе, ондақоршаған ортаға тигізген бірден-бір көмегіміз болар еді[4].
Ендеше бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері - оқушылардың санасына Отанға, атамекенге, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтауды, оны аялап, қорғауды барынша насихаттап, үздіксіз жұмыс жүргізулері қажет. Осыған байланысты жастарға жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып отыр.
Осыған орай экологиялық білім мен тəрбие ерте жастан берілуі керек. Білім беру жүйесінде үздіксіз жəне мақсатты жүзеге асыра отырып, жас ұрпақты экологиялық сауаттандыру қазіргі кезде, əсіресе, жаратылыстану пəндерінің басты міндетіне айналып отыр. Мектептегі экологиялық білім берудің негізі пəнаралық принцип болып табылады, себебі, қандай да болмасын бір ғана пəннің аумағында бұл міндет толықтай шешілмек емес.
Мақсат пен міндеттер жүйеленгенен кейін экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастырудың мәселесін шешу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды мына бағыттарда жүргіздік:
оқушылардың қазіргі мектептегі экологиялық білім мен тәрбиені қабылдауға әзірлігін анықтау;
жергілікті материалдарды пайдалану арқылы, Экологиялық білім беру мен тәрбие арнайы курсының мазмұнын анықтап, сынақтан өткізу;
экологиялық біліктілікті қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік нұсқауды пайдалану;
оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
оқушылардың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сабақтарында эксперимент жүргізуге пайдалану.
Жалпы білім беретін мектептердің негізінде және тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтауда теориялық зерттеулер барысында, біз келесі қорытындыларға келдік:
1. Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының мәні мен мағынасы ашылып, ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, жалпы білім беретін бейіндік мектеп жағдайында оқушылардың заманауи қоғамдағы экологияны қорғаудың оқу қызметін одан әрі жалғастыруға себебін тигізеді;
2. Оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары жаңа педагогикалық технологиялар негізінде мектеп оқушыларының нарықтық экономика жағдайында дайындығын анықтауға мүмкіндік берді; мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін анықталып, Жас эколог үйірме жұмысының жоспары ұсынылды;
3. Жоғары сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастыруының көрсеткіштері мен критерийлері, компоненттері, айқындалып, бейіндік мектептегі экология курсының бағдарламасы жасалынып, экологиялық білім мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, түрлері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік берді;
4. Педагогикалық шарттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру үшін ұсынылған Экологиялық білім беру мен тәрбие арнайы курсының мазмұнын анықтап, сынақтан өткізу; жасалынған тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері оның өте пайдалы екендігін көрсетті.
1.2 Экологиялық құзіреттілікті қалыптастырудағы биология сабағының маңызы

Биология ағзалардың нақтылы бір түрін, сапалық және сандық өзгерістерін зерттейтін ғылым. Биологияны үйренгенде ағзалар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың биологиялық бейнесі қалыптасады. Биологиядан алынған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады. Дәлірек айтқанда, табиғаттың биологиялық бейнесі дегеніміз - биологиялық жалпы білімнің қоғамдық пәндерден алған біліммен бірігуі, біртұтас ой-пікірге, сенімге айналуы[15].
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнінің мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқанда, методика дегеніміз биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сұрақтарға жауап береді.
Биология - оқу пәні ретінде - оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын оқытады. Бұл ерекшеліктер оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері - практикалык жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.
Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Биология ғылымының бөлімі саналатын өсімдіктану пәнінің көптеген тақырыптары дұрыс дүние танымның қалыптасуына жағдай жасайды. Мысалы, табиғат ұғымдарының мазмұнына кipyгe тиicтi эстетикалық белгiлердi бөлiп көрсету қажет.
Тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Қазіргі таңда ХХI-ғасырға аяқ басқан кезімізде адамзат баласының айналасын қоршаған орта мен оның күрделі экологиялық мәселелерін шешу - Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлемдегі саяси-экономикалық маңызы зор проблемаларының бірі.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасында Орта білім берудің басты мақсаты - жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Демек, жалпы білім беретін мектептердегі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту ұстаздардың алдына қойылған мақсаттары.
Қазақстан Республикасының географиялық жағынан Еуразияның орталығында орналасқан. Жер көлемі жөнінен әлемде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орын алады. Осындай кең байтақ еліміздің, табиғат байлықтары мол жеріміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа жеткізу бүкіл қазақ халқының аманаты. Осыған байланысты ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің Қазақстан-2030 стратегиялық жолдауында: Табиғатқа жанашырлық жасау, бұл адамзаттың келешегіне жақсылық жасау болып табылады. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауы адам денсаулығына өз әсерін тигізіп отыр, сондықтан болашақ ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді үздіксіз жүргізу қажет - делінген.
Соңғы жылдары републикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған экологиялық дағдарыстарға ұшырап отыр. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері: сарқылатын табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалануы, ауаның ластануы, судың тартылуы, топырақтың тозуы, ормандардың азаюы, биосфераның зиянды қалдықтармен ластануы қоршаған табиғи ортаға үлкен зиянын тигізіп отыр. Адамнан басқа ешбір тірі жан иесі өз ұясын осыншама жылдам ластай алмас еді!
Ендеше бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері - оқушылардың санасына Отанға, атамекенге, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтауды, оны аялап, қорғауды барынша насихаттап, үздіксіз жұмыс жүргізулері қажет. Осыған байланысты жастарға жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып отыр.
Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен бүлінуден қорғау үшін адамзамтты жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың азаматтық негіздерін қалыптастыру Отанға деген сүйіспеншілікке байланысты. Патриоттық сезімді тәрбиелеу өз Отаныңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Шет тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелілік қағидасы
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Пәндер