Болашақ мамандарды даярлау жүйесі



І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Педагогика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Білімді, іскерлікті және дағдыны қолдану сабағы ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.4 Ізденіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5 Төрт нұсқа бойынша жазбаша жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.6 Екі нұсқа бойынша жазбаша жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті мамандар қажет. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның
1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.
2. Афонина Г.М. Педагогика. Ростов-на-дону. 2002.
3. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
4. Қоянбаев Р:М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1991.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
6. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.
7. Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
8. ОконьВ. Введение в общую дидактику. М., 1990.
9. Подласый И.П. Педагогика .М., 1996.
10. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.
11. Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Педагогика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Білімді, іскерлікті және дағдыны қолдану сабағы ... ... ... ... ... ... ... . ... .15
2.4 Ізденіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.5 Төрт нұсқа бойынша жазбаша жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21
2.6 Екі нұсқа бойынша жазбаша жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..34

КІРІСПЕ

Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер Педагогика және психология мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті мамандар қажет. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. Педагогика деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа-гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 ПЕДАГОГИКА

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы (Педагогика оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі - бұл педагогикалық дерек (құбылыс). Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген еңбек ресурстарының шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым - педагогиканың зерттеу нысандары.
Осыдан, педагогиканың пəні - арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында - мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру - озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау - тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мəні - əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына жəне балалардың бағыныштылығына негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында - сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар - кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.

2.2 Еңбек тәрбиесі

Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз би" ертегісіндегі Аяз би "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
3. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
(№11 қосымшаны қараңыз).
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
:: Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
:: Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
:: Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
4. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады. Өзіне-өзі қызмет көрсету.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
:: халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
:: мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
:: шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. ()қушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәгіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.
Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
:: баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
:: балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына;
:: еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
:: еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
:: кіші мектеп жасындағы балалардың еңбегін ойынмен ұштастыруға.
Осы сияңты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
5. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі
Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
:: Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.
:: Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.
:: Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.
:: Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Косіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.
Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі.
Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін "бейімдеушілік" түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа "үйренуі" жатады.
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады.
Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.
А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.
Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады.
Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
:: Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.
:: Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.
:: Әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.
Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды.
Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

2.3 Білімді, іскерлікті және дағдыны қолдану сабағы

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.
Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
:: Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
:: Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
:: Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
:: Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
:: Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
:: Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп - топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.
Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды.
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
:: сабақтың басын ұйымдастыру;
:: оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған міндеттерді айту;
:: іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
:: біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша жұмыс істету;
:: білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
:: дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
:: үйге тапсырма;
:: оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
:: оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
:: оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік, дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
:: оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
:: олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
:: қателерді талдау және оларды түзету;
:: қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
:: қайталау сабағының құрылымы;
:: ұйымдастыру бөлімі;
:: білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
:: негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды (тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру. Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
:: тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының нәтижелерін тексеру;
:: үйге тапсырма.
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
:: сабақтың мақсатын қою;
:: жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды қайталау;
:: бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма беру;
:: жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
:: жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
:: іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
:: үлгі, алгоритмге, нұсқау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жалпы кәсіби құзіреттілік
Дуалды оқыту жүйесі
Болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері
Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Болашақ кәсіби оқыту баклаврын құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау
Пәндер