Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару



1 . бөлім. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқаруды дамытудың көрінісі
2 . бөлім. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін.өзі басқаруды дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері
3 . бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және шарттармен байланысты көп кезеңді және серпінді үдеріс. Алайда қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде құрылғаны және осы үдеріс бірнеше оншақты жылдарға созылғаны белгілі. Қазақстанда белгілі бір уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе біздің еліміздің жағдайы мен нақтылығына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін таңдауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму үдерісі жақында басталды және әлі жалғасуда. Заңнама базаны, қолдану практикасын қайта қарауды, ең қиыны – халықтың ділін қайта бағдарлауда үлкен жұмыстар атқару қажет болып отыр.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті

Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару

Орындаған:
Тексерген: э.ғ.д,профессор,

Астана,2015
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы
Мазмұны
1 - бөлім. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың көрінісі
2 - бөлім. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері
3 - бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор екендігі аталып өткен Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және шарттармен байланысты көп кезеңді және серпінді үдеріс. Алайда қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде құрылғаны және осы үдеріс бірнеше оншақты жылдарға созылғаны белгілі. Қазақстанда белгілі бір уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе біздің еліміздің жағдайы мен нақтылығына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін таңдауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму үдерісі жақында басталды және әлі жалғасуда. Заңнама базаны, қолдану практикасын қайта қарауды, ең қиыны - халықтың ділін қайта бағдарлауда үлкен жұмыстар атқару қажет болып отыр.

1 - бөлім. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың көрінісі
Ағымдағы жағдайды талдау

Заманауи әлемде мемлекеттің салауаттығы азаматтардың мүмкіндігін тиімді пайдаланумен айқындалады. Сондықтан көптеген дамыған елдер жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін жетілдіруге ұмтылады. Биліктің осы деңгейі халыққа барынша жақын, солардан калыптасады, оның бақылауында және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару орынды құрылса тек жергілікті ресурстардың шығыны оңтайланып қана қоймай, сонымен қатар халықтың билікке деген сенімі елеулі түрде артады.
Дамудың бүгінгі кезеңінде мұндай мәселе Қазақстанның алдында да тұр. Басқару жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тіршілік әрекетін тікелей қамтамасыз ететін функцияларды жергілікті өзін-өзі басқаруды реттеу саласына беру қажеттілігін негіздейді.
Алайда бұл объективті қажетті үдерісті көптеген мәселелердің шешілмегендігі мен заңнамалық реттеудің әлсіздігі тежейді. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің және тиісті заң жобаларын әзірлеу әрекетінің негізгі кемшілігі оларды алдын ала тұтас жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырмай үзінді ретінде жүзеге асырылғаны болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін регламенттейтін актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заң болып табылады.
2007 жылы Конституцияға жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды халық тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асыратындығы айқындалған толықтырулар енгізілді. Заңнамада әкім мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын да жүзеге асыратыны, ал жергілікті деңгейдегі мәселені талқылау жергілікті бірлестіктердің тікелей ерікті жиналыстармен (жиындарымен) атқаруға болатындығы белгіленген.
Қазіргі күні заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы ауыл, кент, аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ қалалардағы аудандардың аппараттары қалыптастырылды. Бұл ретте олардың, дербес бюджет жоқ, бірақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Аталмыш шығыстарды аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында қарастырылып, тиісті мәслихаттар бекітеді. Осы шығыстар мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді жүзеге асыруға, үйде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға, шаруашылық есепке алу және т.б. бағытталған.
Ауыл (село), ауылдық (селолық) округ, кент әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктелген, бірақ олар қаржымен қалдықты қағидат бойынша қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бұл әкімдер жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуде қабілетсіз болып қалады, осылайша халық тарапынан объективті наразылығын тудырады.
Осы мәселені шешу үшін бастапқы кезеңде 2012 жылдан бастап Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңыздағы өзекті мәселелерді шешуге арналған өңірлерді қаржылық қолдау тетігі іске асырылуда. Осы тетіктің маңызды факторы іс-шараларды іріктеу мен алынған қаражаттарды бөлу кезінде халықтың қатысуы болып табылады.
Қазіргі уақытта төменгі деңгейлердегі дербес бюджеттерді құру аудандық бюджеттердің көбі субвенциялы болғандықтан тоқтатылады. Төменгі басқару деңгейдегі бюджет құрылған жағдайда, ол да субвенциялы болады (мысалы: Ақмола облысының барлық 17 ауданы субвенция алады, Қарағанды облысындағы 9 ауданның 8 ауданы субвенциялы) күтуге болады.
Сондықтан бұл деңгейлерге салықтық және салықтық емес түсімдерді бекіту олардың қаржылық өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда бірқатар шешілмеген мәселелер бар.
Қолданыстағы заңнамада жиналыстардың (жиындардың) жүргізілу тәртібі мен шешімін қабылдауды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астана мәслихаттары анықтайтынын және бұл ретте әрқайсысы жиындарды жүргізудің өз тәртібін қабылдау керектігін қарастырған.
Алайда, заңнамада қарастырылған жиналыстарда (жиындарда) жергілікті маңыздағы мәселелерді талқылауға азаматтардың қатысуы бойынша нормалар бүгінгі іс жүзінде орындалмауда. Заңнамада жиналыстардың (жиындардың) қалыптастырылу, өткізілу тәртібі мен өкілеттігі регламенттелмеген.
Ауылдық деңгейдегі әкімдер жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде дербестіктің жетіспеуіндегі негізгі проблемалық сәттердің бірі меншік қаржы қаражатын және басқа да ықтимал ресурстарды иелену және пайдалану құқығының шектелуі байқалады. Ауылдық әкімдердің өкілеттіктерін қолда бар жергілікті ресурстарды - жер, мүлікті қалай тиімді пайдалануға болатындығы, шағын және орта бизнеске нақты ықпал ету мәселелерін шешуде шаруашылық және экономикалық салалардағы шешімдерді қабылдау кезінде кезең-кезеңімен кеңейту қажет.
Басқарудың төменгі деңгейдегі елді мекенді орнықты кешенді әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету үшін, аудандарды (облыстық маңызы бар қалалар) дамытудың қолданыстағы бағдарламаларына осы аумақтағы халықтың қажеттіліктері мен бірінші кезеңгі мұқтаждықтарына негізделген және елді мекеннің тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін негіз болып табылатын кіші бөлім енгізілетін болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару тиімділігі көбіне тек қажетті өзін-өзі басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық дербестігін қамтамасыз ететін заңдардың кешеніне ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуге, жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған құқықты жүзеге асырудың шынайы мүмкіндігіне де тәуелділігін атап өту қажет.
Көбінесе ауылдағы тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуге қатысты құқықтық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігін ескере отырып, халық арасында қоғам мен мемлекеттегі өзін-өзі басқарудың рөлі мен орны мәселесін түсіндіруге қатысты ақпараттық-түсіндіру ісін жандандыру қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқару ықшамды тұрғындары бар жерде төменгі деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлікте тиімді атқарылатынын әлемдік тәжірибе растайды. Қазақстанда ол ауыл, село, ауылдық (селолық) округ, кент, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттікті аздан бастан кезең-кезеңімен беру қажет. Әйтпесе өзін-өзі басқару органдары алдарына қойылған тапсырмаларын орындай алмайды да жалпы мақсатқа да қатер төнбек. Мемлекеттік мекеме тарапынан болсын, халық тарапынан болсын жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенім олардың жұмыс үрдісінде ғана пайда болады.
Қазақстанда белгілі бір экономикалық және қаржылық дербестікке ие, экономикалық қайта құруды жүргізуде мемлекетке көмек көрсетуге және оларға жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді жүйесі құрылатын болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті маңызы бар әртүрлі мәселелерді, оның ішінде халық мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге қабілетті болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік өкілеттікті жүзеге асыруда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуы қажет. Бұл көптеген мәселелердің жергілікті жерлерде шешудің анағұрлыморындылығыментүсіндіріледі . Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік билік органдары арасындағы қатынастар осындай басқаруды орталықсыздандыруға әкеледі және бұл органдардың өңірлік міндеттерді шешуге бірлесе қатысуын қамтамасыз етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәнін айқындаудың маңызды көрсеткіші олардың қызметінде халықтың тікелей қатысуы факторы болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігі мен халықтың тыныс-тіршілігін тиімді қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына біртіндеп материалдық-қаржылық ресурстарына біртіндеп құқық берілетін болады.
Бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыруға жаңа импульс береді.
Тұжырымдама жобасын қабылдау конституциялық нормаларды іске асыруға, жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен қызметінің заңнамалық негізін құруға, биліктің орталықсыздандыру мен демократизацияландыру салаларында нақты реформаларды өткізуге мүмкіндік берді, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттырады, аумақтарды басқаруға халықтың тікелей қатысуын жағдай жасайды, бюрократизм мен сыбайлас жемқорлықтың теріс көріністерінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған шаралардың нәтижесі түпкілікті негізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саясатын іске асыру болып табылады, ол өз кезегінде халықтың, жергілікті өзін-өзі басқарудың және мемлекеттік биліктің өзара іс-қимыл жүйесін құруға әкеледі, оның тиімді жұмыс істеуі:
1. халықтың ролін, олардың елді мекендердің мәселелерін сапалы шешуге қатысуын арттыру;
2. әрбір елді мекендегі халықтың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартуды;
3. өңірде және мемлекетте жалпы саяси тұрақтылықты арттыруды.

Әлемдік практиканың оң тәжірибесіне шолу

Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеу үшін теориялық база көпшілік мойындаған муниципалдық демократия және жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы бекіткен 1985 жылғы 15 қазандағы муниципалдық басқару болып табылады және келесіні белгілейді:
1) жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық қатардың бір негізін құрайды;
2) мемлекеттік басқаруға қатысу үшін азаматтардың құқығы тікелей жергілікті деңгейде ғана жүзеге асырылады;
3) нақты билік жеңілдеткен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы азаматқа тиімді және бір мезетте басқаруды қамтамасыз етеді;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзінің құзіретіне, оны жүзеге асыру тәртібіне және осыған қажетті құралдарға қатысты кең автономияға ие болуы керек.
Өзін-өзі басқару жүйесі тиісті экономикалық жағдайлардың, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару арасында жүргізу пәнін шектейтін нақты құқықтық базаның, адамдардың жаппай санасының, құқықтық мәдениеті мен мінез-құлқының болуын қарастырады.
Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен орталық билік органдары арасындағы қатынастар негізі болып табылатын ұйымдастырудың әлемдік практикада танымал модельдерін сыныптау барынша жиі кездеседі.
Осы тәсілге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың 4 базалық моделін бөліп көрсетуге болады: англосаксондық, континентальдік, аралас және кеңестік.
Англосаксондық (классикалық) модель бір атты құқықтық жүйесі бар елдерде таратылу басымдылығына ие болды: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.
Осы модельдің негізі сипаты ресми автономия және жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігі, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қамқоршылық ететін жергілікті жерлерде уәкілетті орталықтың болмауы болып табылады.
Англосаксондық модельден континентальді модель айрықша ерекшеленеді. Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру, ол континентальді Еуропа (Франция, Италия, Испания, Бельгия) елдерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген Латын Америка, Жақын Шығыс елдерінің көбінде таралды.
Осы модельдің ерекше сипаты келесі: жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың және мемлекеттік басқарудың бірігуі, сайлануы және тағайындалуы, жергілікті өзін-өзі басқарудың белгілі иерархиясы, төмен тұрған буынның жоғары тұрғанға бағынуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға өкілетті жергілікті деңгейде арнайы орталық биліктің өкілінің болуы.
Модельді қарастырумен қатар жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру нұсқалары бар, қандай да бір дәрежеде олардың әрқайсысының сипатына ие және өзінің ерекше белгілері бар. Осы модельдер аралас атауына ие болды. Осындай модельдерге Германиядағы, Австриядағы, Жапониядағы және кейбір кеңес дәуірінен кейінгі және дамушы елдердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жатқызуға болады.
Аралас модельге тән ерекше белгі деп қажетті деңгейде автономды төменгі жергілікті өзін-өзі басқарудың барынша жоғары деңгейдегі мемлекеттік деңгеймен сай келуін санауға болады.
Жоғарыда қарастырылған модельдерден принципиалды ерекшелігі жергілікті жерлерде билікті ұйымдастырудың кеңестік моделі бар. Осы модель социолизмнің әлемдік жүйесі елдерінде, сондай-ақ социалистік нысандағы дамушы мемлекеттердің бірқатарына жақында кең таралған. Қазір ол кеңес бағытын сақтаған (Қытай, Куба, СКДР), сондай-ақ бұрынғы Кеңес одағы республикаларынан құралған елдерде (Беларусь, Өзбекстан) орын алған.
Осы модельдің негізгі белгілері мыналар болып табылады: төменнен жоғарыға дейін өкілетті органдардың бірыңғай билігі, өкілетті және атқарушы органдар жүйесінің қатаң орталықтандырылуы, оның барлық буындарының иерархиялық бағыныштылығы, муниципалды жеке меншіктің, жергілікті бюджеттің болмауы.
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін мемлекеттік басқаруды және қалыптастыруды орталықсыздандыру тәжірибесі болып табылады, себебі постсоциалистік кеңістіктегі барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болған жергілікті кеңестердің бұрынғы жүйесін реформалауға тура келді.
Аумақтық басқаруы ескі тарих пен жалғаспалы дәстүрге ие Польша тәжірибесі бұл мәселеде Қазақстан үшін көрсеткіш болып табылады.
Қазіргі таңда Польшаның аумақтық бөлінуінде үш деңгейдегі басқару қолданылады: гмина (кенттерауылдар), повят (аудан), воеводство (облыс). Бұл аумақтық бөлініс белгілі дәрежеде Қазақстанда қолданылатын әкімшілік-аумақтық құрылымына ұқсас.
Воеводство - Польшаның ең ірі аумақтық бірлігі; повят - аумақтық бірліктің екінші сатысы; оның құрамына бірнеше аумақтық гминалар кіреді; гмина - негізгі аумақтық бірлік.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізіне қатысты Польшада тиісті жергілікті және өңірлік өзін-өзі басқару аумақтық органдарының табыс көзінің құрылымын анықтайтын аумақтық өзін-өзі басқару органының табыстары туралы заң қолданылады.
Өзін-өзі басқарудың әрбір деңгейі жалпы дотация (субвенция) немесе нысаналы дотация түрінде мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын тікелей алады.
Аталған табыс көздерінен басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары табысы жеке заң көздерінен, мысалы, өздері иелік ететін активтерден ала алады. Негізінен жер және тұрғын үй ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген гминаларға қатысты. Олардың аумақтарында әдетте белсенді коммерциялық қызмет жүргізіледі.
Жалпы сарапшылардың бағалауы бойынша Польшаның барлық билік деңгейлерінде әкімшілік реформаның нәтижелері оң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару
Республикасындағы жергілікті басқару органдардың ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Сайлау құқығы принциптері
Пәндер