Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері



Кіріспе 3.4
1. Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі 5.6
1.2 Дене мәдениеті сабағындағы көрнекілік қағидасы 6.9
1.3 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты 9.11
2. Бастауыш сынып оқушыларды дене тәрбиесінде көрнекілік әдісін қолдану
2.1 Негізгі қимыл.қозғалыс жаттығуларын үйрету кезінде көрнекілік әдістері арқылы оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары 12.19
2.2 Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында қолданылатын ойындар және олардың қасиеттері 19.21
2.3 Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру ойындарын ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері 21.24
2.4 Бастауыш сыныпта өткізілетін дене шынықтыру сабағының жоспары 24.27
Қорытынды 28.29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Курстық жұмыстың өзектілігі. Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, «…дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы»,- деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.
Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Н.И.Пироговтың, В.И.Водовозованың, орыс-демократ жазушылары В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.
Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін зерттеуде П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің, Е.А.Аркиннің, Л.И.Чулицкаяның, Е.Г.Леви-Гориневскаяның, М.М.Конторовичтің, А.И.Быкованың, Н.А.Метлованың т.б. еңбектерін атауға болады.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек»,- деген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып дене мәдениеті сабағында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, дене дамуын жетілдіру жұмысында көрнекілік
1. Айтпаева А.Қ. Қазақ халық ойындары – бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру құралы //Қазақстан мектебі, №4, 2005 ж., 18-21 б.
2. Асылов Ұ. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін жетілдірудің кейбір мәселелері //Қазақстан мектебі, №2, 2007, 11-13 б.
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы, Мектеп,
1984, -255 б.
4. Буцинская П.П. Жалпы жетілдіруші жаттығулар жүйесі, Москва, 1998, 21 б.
5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы, 2004, 152 б.
6. Жолдасбекова С.А. Бастауыш мектеп оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары // Бастауыш мектеп, №9, 1999, 15-19 б.
7. Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1993, 83 б.
8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998, 387 б.
9. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім – Алматы, 2002;
10. Мухамбаева А.Х. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының адам дамуындағы маңызы, Алматы, //Қазақстан мектебі, №5, 2000 ж., 8-10 б.
11. Осокина Т.И., Тимофеева Е.А. Дене жаттығулары мен қимылды ойындар, Алматы, 1998, 127 б.
12. Сағындықов Е. Қазақ мектептеріндегі 1-4 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану, Алматы, 2001, 125 б.
13. Төрениязова С.М., Сисетова А.Т. Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегі. – Алматы, 2006.
14. Фомин Н.А. Физқультура и спорт. Алматы, 1997, 85 с.
15. Хухлаева Д.В. Мектептегі дене шынықтыру әдістемесі, Алматы, 1990, 147 б.
16. Бастауыш мектеп бағдарламасы.- Алматы, 2003.
17. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005
18. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
19. Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
20. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.
21. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.
22. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
23. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
24. Мухтаров С.М.. Дене тәрбиесі сабағында // Қазақстан мектебі., 2001. – № 6 . 67- 68 б.б.
25. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
26. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3-4
1. Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі 5-6
1.2 Дене мәдениеті сабағындағы көрнекілік қағидасы 6-9
1.3 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты 9-11
2. Бастауыш сынып оқушыларды дене тәрбиесінде көрнекілік әдісін
қолдану
2.1 Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету кезінде көрнекілік12-19
әдістері арқылы оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары
2.2 Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында қолданылатын 19-21
ойындар және олардың қасиеттері
2.3 Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру ойындарын ұйымдастырудың 21-24
кейбір ерекшеліктері
2.4 Бастауыш сыныпта өткізілетін дене шынықтыру сабағының 24-27
жоспары
Қорытынды 28-29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бет
бұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып
дүниежүзілік қоғамдастық танып егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты
дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты.
Дене  тәрбиесі – қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  бөлігі, адамның  дене 
қабілеттерін  дамыту   мен денсаулығын  нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік
қызметтің  бір  саласы. Жастардың  жан -  жақты  дамуын  дене 
тәрбиесінсіз  елестету  мүмкін  емес. Денесі  жақсы  дамыған  деп  күн 
режиміне  спортпен  жүйелі  айналысуды енгізген,  ағзаның  шынығуы  үшін 
табиғи  факторларды тұрақты  пайдаланатын, жұмысты  белсенді   демалыспен 
кезектестіріп  отыратын жас  адамды  айтамыз.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан
тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын,
қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-
жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе,
...дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы,-
деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия
ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің
маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен
негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене
тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің
еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық
мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін
биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.
Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей
педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Н.И.Пироговтың, В.И.Водовозованың, орыс-
демократ жазушылары В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.
Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін
зерттеуде П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің, Е.А.Аркиннің,
Л.И.Чулицкаяның, Е.Г.Леви-Гориневскаяның, М.М.Конторовичтің, А.И.Быкованың,
Н.А.Метлованың т.б. еңбектерін атауға болады.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор
көңіл бөлген. Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай,
көзімен көріп ажырата білулері керек,- деген.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып дене мәдениеті сабағында көрнекі
құралдарды қолдану  әдістемесін ұсыну. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын
үйрету арқылы бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық
тұрғыдан негіздеп, дене дамуын жетілдіру жұмысында көрнекілік әдісін
қолдану.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларының дене мәдениетін оқыту
процесі.
Зерттеу пәні: негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы
бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдіру процесі.
Зерттеу міндеттері:
- негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету арқылы бастауыш сынып
оқушыларының дене дамуын жетілдіруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның
мазмұны мен мүмкіндіктерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі тарихи
тәжірибелерді ескере отырып, оны бұдан былайғы кезде жүзеге
асырудың бағыттарын айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі

Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік
түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар
жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі
қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие;
қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке- жүйесіне бағытталған
байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру
ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта
таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу
тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске
асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда,
табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп,
оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
- Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен,
түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар
мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау
етеді.
- Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды
пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ
қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
- Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының
ойын дамыту және оны оқыту құралы.
- Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен
дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және
бейнелер негізінде жеткізіл- се, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін
ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану қажет.
- Көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда
өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді
ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте
анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие
барысында есіңізден шығармаңыз.
- Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және сал- дарлармен
сәйкестендірілсін.
- Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген
бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз
алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
- Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны
шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп,
негізгі мән- мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
- Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау
салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан
түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
- Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және
әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
- Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі
құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
- Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды
және т.б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық
құралдарын игеріңіз;
- Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке,
бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға
мүдделі болуға тәрбиелеңіз.
- Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.
- Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына
дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған
байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың
болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.
- Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын
құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілік- ті түсініспестікпен қолданылса,
балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге
көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.
- Көрнекілікті шектен тыс қолдану білімді тереңнен меңгеруге кедергі жасап,
дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін
түсінуде зиян келтіруі мүмкін.

1.2 Дене мәдениеті сабағындағы көрнекілік қағидасы

Көрнекілік дегеніміз – адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну
үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік
қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді
көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу
керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін
жаттығу туралы толық түсінік тудырады. Көрнекілік қағидасын тәжірибеде
қолдану мынандай жолдармен пайдаланылады:
- үйренетін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді оқытушы, болмаса
жақсы дайындықтан өткен оқушы орындайды;
- әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету. Олар: суреттер, схемалар,
фотосуреттер, кинограммалар, бейнемагнитофон жазулары, кинофильмдер т.б.;
- оқушының бейнелі сөздері: баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер
және т.б.;
- қозғалыс техникасының қиын бөлшектерін, элементтерін, қимыл-
әрекеттерді іштей ойша қайталау. Ол идеомоторлық қайталау деп аталады.
Көрнекілік қағидасын қолданар кезінде мынандай ғылыми-зерттеулер
негіздерін ескере білуіміз қажет. Көру жүйесі арқылы қабылдау үш кезеңде
орындалады, ол: сезіну, ұғына қабылдау және елестету. Ал есту жүйесі арқылы
қабылдау тек қана елестету деңгейінде орындалады.
Адам сөз жүзінде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген
нәрселерінің 25%-ын еске сақтайды екен. Егер осы екі хабарды беру тәсілі
бірге орындалса, онда хабардың 65%-ы мазмұны есте сақталып қалады екен.
Көрнекілік қағидасын қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы
қайсысы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру анализаторы болса,
екіншісінде есту, үшіншісінде қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік
қағидасын қолдану сипаты үйрену кезеңіне, жасына, жаттығушының дайындығына
байланысты. Бұл қағида түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталылықты
арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.
Көрнекілік принципі.
Оқыту және тәрбие кезінде, көрнекілікті қолданып дене тәрбиесі
процессін құруға көрнекілік принцип міндеттері.
Көрнекілік-тану процессінде, адамның сезу мүшесін қатыстыруын
білдіреді.
Дене тәрбие процессінде көрнекілік, көру, дауысты және қозғалыс пішінді
іске асырылады.
Көру көрнекілік (көрнекілік құралдар арқылы қозғалысты толық және
бөлшектеп демонстрациалау), кеңділік және кеңділік уақыттың қозғалыс
мінездемелерін анықтауға жәрдемдеседі. Көру көрнекіліктің жаңа қозғалыс
әрекетті алғашқы этапта иелену кезінде рөлі атқарады және де спорттық-
техникалық шеберлігінің жетілдіру кезіндегі, қозғалысты дифференцировка
жасау.
Дене тәрбиесі процесінде көрнекілік ерекше маңызды роль атқарады,
солай болғандықтан жаттығушылардың қызметі негізінен практикалық мәнге
және оның ерекше дербес міндеттерінің бірі-сезім мүшелерін жан-жақты
дамытуға ие. Бұл принцип мына төмендегі жағдайларда көрінеді:
- көрнекілік-қозғалысты меңгерудің қажетті алғы шарты;
- көрнекілік-қозғалыс қызметін жетілдірудің ажыратылмайтын жағдайы.
Көрнекілікті қамтамасыз ету әдісі.
Дене тәрбиесінде көрнекілікті қамтамасыз ету әдісі қозғалыс,есту, көру
аңғарымына тапсырманы орындау кезіндегі себепші болады: Оларға
жататындар:
Көрнекіліктің тікелей әдісі(оқытушының жаттығуды көрсетуі, не болмаса
оның тапсырмасымен бір оқушының көрсетуі)
Көрнекілік әдіс ақылы (оқу видеофильмдерді деманстарциалау, қозғалыс
әрекетінің кинограммасы, суреттер, схемалар т.б.)
Қозғалыс әрекетті сезінуді бағытталған әдіс.
Жедел мағлұмат әдісі.
Осы әдістердің негізгі ерекшіліктерін қарастырайық.
Көрнекіліктің тікелей әдісі.Қозғалыс әрекеттін орындау техникасының
дұрыс түсініктемесін құруға берілген.
Оқытушымен не болмаса бір оқушының тікелей көрсетуі сөзді пайдалану
әдісімен қалыптасуы тиіс, көрсету кезінде бақылауға қолайлы жағдаймен
қамтамасыз етеді, оқытушылармен көрсетушінің арасындағы оптималды
қашықтығы, қозғалыс негізінің жазықтылығы (мысалы: тізені жоғары
көтеріп жүруді, жүгіріп келіп биіктікке секірудегі серпін қозғалыстарды)
оқушыларға қырынынан тұрып көрсеткен жеңіл болады.
Көрнекілік әдіс арқылы, қозғалыс әрекеті заттар арқылы көрсету
оқытушылардың аңғарым қажеттілігін толықтырады.Оларға мыналар жатады:
көрнекілік құралдарды деманстрациялау, арнаулы тақтада суреттеу т.б.
Көрнекілік құралдар, оқушылардың статистикалық қалыпта және қозғалыс
фазасынның тізбелікті ауысуындағы аңғарымдылығын жоғарлатады.
Видеофильмдер арқылы қозғалысты ақырындатып әр-түрлі фазасында,
комментарий жасауға, қайталауға болады. Арнаулы тақтадағы сурет арқылы
ойын түріндегі спорттағы тактикалық әрекеттер мен дене шынықтыру
жаттығуларының бөлек элементтердің демонстрациалауға болады.
Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар:
Үйренетін қозғалысты мұғалімнің немесе мұғалімнің тапсыпмасымен
оқушысың көрсетуі. Көрсету кезінде мұғалім мынадай әдістемелік талаптарды
басшылыққа алуы керек:
Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс
Көрсетудің мазмұны,үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет:
А) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде,
оқушыларға түсінікті денгеәде толық орындалуы керек
Ә)үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс
толық немесе бөлшектеліп, ақырын өз қарқынында немесе баяу қарқында
көрсетіледі;
Б)жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт
шеберлері орындағандай көрстуі керек ,ол оқушыларды ынталандырады, сол
денгейде орындауға ұмтылдырады;
- жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спортзалдың, алаңның ең қолайлы,
оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын
жерді таңдап алуы керек;
-қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде айна тәсілін
қолданған жөн.
-оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайда:
А)денсаулығына байланысты
Б)көрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса
В)жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы
көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына
болады.
Көрнекті құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарауда оның
орындалу тәсілін түсіндіруде көрнекі құралдар, суреттер , плакатттар, фото,
кино, бейне көріністер үлкен рөл атқарады
Суреттеме- тақтаған немесе қағазға оқушының жаттығудың орындалу
схемасын тусіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды
қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бейне магнитофон
тоспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол
жеткізуге болады.
Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп, тәсілдің барлық бөлшектерін
анықтап түсінуге мүмкіндік береді.
Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және
көру, ырғақ, амплитуда, қарқын, жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын
метроном көмегімен өлшеу, суда жүзу жолдарын көрсететін түрлі- түсті жарық
белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға
көмектеседі.
Қимыл-көрнекілігі әдісі екі түрде орындалады:
1) қозғалыс туғызар дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға
сезіндіру.
2) қозғалысты еріліксіз орындау, тренажерларды қолдану, олар арқылы
керек қозғалысты орындатып сезіну, жаттығуды дұрыс орындау.
Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде техникалық құрал- жабдықтар және
көмекші құралдар арқылы оқытушы мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы
туралы тез мағлұмат алады және қателерін жылдам түзетіп отырады.

1.3 Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты

Бастауыш сыныпта дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын
сақтау және нығайту, денесінің дұрыс дамуын қаматамасыз ету, өйткені
бастауыш сыныпта баланың дамуына дұрыс жағдай жасалса, бала денесі тез
жетіліп өседі. Бастауыш сыныпта бала ағзасы әлі де әлсіз, әр түрлі жұқпалы
ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын
нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени гигиеналық дағдысын, әдетін
қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше. Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу
үшін ағзаның дамуына әсер ететінт жағдайдың бәрін пайдалану қажет,-деп
И.П.Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір-
бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты.
Ғалымдар Ж.Б.Қоянбаев және Р.М.Қоянбаевтар оқушыларға арналған дене
тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйене отырып,
дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырған. Мәселен, ...оқушылар
денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы
ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек
және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызыд кепілі,-деген.
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейілінше
мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар
жасауы қажет. Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың
барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүру, жүгіру, қарғу,
секіру, жүзу, лақтыру, еңбектеу, шаңғы, шана, коньки, велосипед тебу,
акробатика, снарядта жаттығу жасау т.б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан
күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту
оқушылардың дене дамуын жетілдіріп, қозғалу тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды
орындау қабілеті болса, ептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және
жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті,
туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі
жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану
гигиенасы, ұйқы т.б. оқушылар нақты білім алады.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы
және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының
ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде
белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз
етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс
қабілетіне қолайлы ықпал жасайды. Мектептегі дене тәрбиесі жұмысының
мазмұнына төмендегідей мәселелер кіреді:
- оқушыларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету,
оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;
- мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға
қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, жеке және қоғамдық
гигиенаға дағдыландыру;
- оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш сапаларын
дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізу.
Сондай-ақ, дене тәрбиесін мектептен тыс оқу орындарында, спорттық
базаларда іске асыру үшін төмендегідей талаптарды ескеру қажет:
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларды тәрбиелеу;
- оқушылардың денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;
- спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығушылығын және қабілетін
дамыту;
- негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен жан-жақты үйлесімді даму дене тәрбиесінде белгілі бір заңдылыққа
бағынып, әлеуметтік бағытқа және адамның өміріне бағытталған.
Дене тәрбиесі ұғымы өзі көрсетіп тұрғандай тәрбиелеу деген жалпы
ұғым мағынасына кіреді. Жалпы тәрбие сияқты дене тәрбиесі де барлық
педагогикалық заңдылықтармен бейнеленген тәрбиелеу және білім беру
мәселелерін шешеді, немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Дене
тәрбиесінің ерекше белгілері былай тұжырымдалады, ол ең әуелі дағдыланған
қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы және бұлшық ет сапаларының дамуы, осы екі
жиынтық дененің еңбек ету қабілеттілігін анықтайды. Дене тәрбиесінің –
ерекше белгісі екі бөлімнен тұрады:
1. Қимыл-қозғалыстарға үйрету (қимыл әрекеттері)
2. Дененің қозғалыс сапаларын жетілдіру.
Қимылдарға үйретудің басты негізі бұлшық еттің болуы. Бұл ерекшелік
үйрету заңдылығында қимылдарды басқару тәсілдерін адамның жүйелі қабылдауы
арқылы өмірге қажетті ептіліктерін, дағдыларын және осымен байланысты
білімдерін меңгереді. Дене тәрбиесі білім беру жағынан адамның қимыл
мүмкіндіктерін өмірде – бірінші дәрежедегі мағынада ұтымды көрсетеді. Дене
тәрбиесінің екінші маңызды жағы – дененің табиғи ерекшеліктеріне бір
мақсатпен әсер ету, оларға функционалды жағдай жасаумен қатар қоршаған
ортаның табиғи жағдайлары пайдаланылады. Дене тәрбиесінің бұл түрін дене
қозғалысының сапаларын тәрбиелеу дейді.
Денені бір мезгілде басқару факторы қозғалыс әрекеттері болып табылады.
Қимыл қозғалыстың көмегімен және дене тәрбиесінің басқа тәсілдері мен
дененің функционалды қалпын өзгертуге болады, сонымен қатар, өзгерулер
арқылы үдемелі өзгерістерді көруге болады (демалу жүйесін және жүрек
тамырларының функционалды мүмкіндіктерін өсіру және т.б.). осылардың
жиынтығы дененің функционалды мүмкіндіктерінің жалпы сапа жағын өзгертеді.
Дененің қозғалыс сапасын осындай жолдармен тәрбиелеу белгілі бір
жағдайларда нақты бір өзгеріс дәрежелері мен оның бағытын дамытады. Бұл
қозғалыс қабілетінің күшеюін білдіріп, еңбек ету қабілеттілігін көтереді,
денсаулықты нығайтады және дененің басқа да табиғи ерекшіліктерін
жетілдіреді.
Қимылдарға үйрету мен дененің қозғалыс сапасын тәрбиелеу бір-бірімен өте
тығыз байланысты, сондықтан олар бір-біріне ауысып тәрбиелеу кезеңдерінде
әртүрлі байланыста болады. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің осы түрлері басқа
тәрбие беру бөліктерімен бірігеді. Егер тәрбиелеудің барлық түрлері
бірігетін болса, онда дене тәрбиесі адам бойындағы қасиеттерді жан-жақты
дамыта алады да ол қоғамға тән тәрбие болып есептеледі.

2. Бастауыш сынып оқушыларды дене тәрбиесінде көрнекілік әдісін қолдану

2.1 Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрету кезінде көрнекілік
әдістері арқылы оқушыларының дене дамуын жетілдіру жолдары

Дене тәрбиесін көп жылдық оқыту кезінде қимыл қозғалыстарға үйрету
жұмысы үнемі тоқтаусыз жүріп жататыны мәлім. Олардың біреулері
бейімділікті, екіншісі дағдыны, ал үшіншісінде бейімділікпен дағдылы қимыл
– қозғалыстарды үйретуін қоса қалыптастырады. Жалпы бұл көп сатылы және сан
қырлы оқу ғамалиясы. Егерде осы оқыту ғамалиясының бөліктерін жеке-жеке
қарайтын болсақ, ол үш кезеңнен құралғанын көруге болады. Бірінші кезеңі –
қозғалысқа үйретудің алғашқы сәті; екіншісі – қозғалысты терең ұғынып, өз
бетінше берілген қимыл қозғалысты орындау; үшіншісі – үйренген
қозғалыстарды еске ұстап, оны одан әрі жетілдіру.
Қозғалысты үйрету кезеңінде дене тәрбиесінің заңдылықтары қолданылатын
құралдарымен тәсілдер өзара тығыз байланыста болады. Үйретудің алғашқы
кезеңінде көрсетілген қимыл қозғалыстарды қайталап, жобалы түрде орындау
мақсаты қойылса, одан кейінгісінде қозғалыс әдістерін терең түсіну арқылы
әрбір орындалатын құрылымдарға зер салып бейімділігін жетілдіріп
қозғалыстарын дағдыға айналдыру. Оқыту соңында үйренген қимыл қозғалыстарды
бекітіп одан әрі жетілдіру бағытында дағдыға айналдырып, дененің сапалық
қасиеттерін орынды қолданып мақсатты нәтижеге жету көзделінеді. Аталған
кезеңдерді оқыту жұмысының жалпы жобасы деп қарастыруға болады. Тәжірибе
жүзінде оқыту жұмысының құрылысы оның алдына қойған мақсатымен бағытына
байланысты болады. Мысалы: жалпы дене дайындығын жетілдіріп дамытуда
бірінші және екінші кезеңдер қолданылса, жарыс алдындағы дайындықта үйрену
заңдылығының соңғы кезеңі қолданылады.
Алғашқы үйрету кезеңі: бірінші кезең жалпы қозғалысты үйрену мен орындау
негіздерін қалыптастырып басты мақсаттарды шешуге бағытталады. Ол мақсат:
1. Бағдарлы қозғалыс негізін бастапқы күйінде қалыптастыру.
2. Қолайлы, икемді түрінде, тіпті өте жеңілдетілген күйінде қозғалыс
әдісінің жаңа бөліктерін және қозғалыс тәжірбиесінің жалпы тәртібін үйрену.

Осы мақсаттарды іске асыру бағытында бірнеше міндеттер шешіледі:
а) берілген қимыл-қозғалыс жөнінде жалпы түсінік беріп, оның орындалу
жолын көрсетеді:
б) Әдісті бөліп үйретуде игерілген қозғалыстарды қолданылады:
в) Әдісті орындауда жіберілген артық қозғалыстармен тұрпайы қимылдарын
түзетіп алдын-ала ескерту жасайды.
Алға қойылған мақсатты істің басынан аяғына дейінгі орындаудың тиімді
жолын іздестіріп қимыл қозғалыстарды игеруде сөзбен әсер ету тәсілі (айту,
түсіндіру, нұсқау беру) мен нақты түрде көрсету тәсілдері қолданылады.
Аталған тәсілдер алда тұрған мақсатты істің сапалы түрде істелуін сезініп,
әдісті үйренуіне бейімділік көрсетіп орындауға ынтасын арттырады. Айтылар
сөздің мазмұны қозғалыстың алғашқы шығу тарихы мен оның дамуы, жоғарғы
нәтижеге жеткізетіні, қолданбалы маңызы түсіндірілген соң іс жүзінде оның
қалай орындалатыны көрсетіледі. Көрсету - әрбір үйренушіні қызықтырып
әрқайсының көрген қимылды істеп көруіне, оны толық меңгеріп алуына
құлшындырады.
Қимыл әдісін үйретуде айтып отыру мен көрсетудің қатар жүруі
үйренушілердің белсенді түрде қызмет істеуіне, олардың қабылдауы мен
ойлауына үлкен әсерін тигізеді. Үйренушілер көру анализаторлары арқылы
қабылдап, екінші түйсік жүйесін қатыстыру арқылы үйренушілердің есту
анализаторларына да әсер етеді. Үйрету кезеңдеріне бұлшық ет сезімінің
маңызы зор. Ол үйренушілерге қажетті қимыл-қозғалыстарды қабылдауды
елестетуде және ұғынуды туғызатын физиологиялық механизмге жатады.
Алғашқы үйрету кезінде үйренушілердің қимыл-қозғалыстарды орындауда
жіберген кішігірім қателеріне көңіл аудармай, тек ірі қателерді түзетіп,
жобалы орындалуына мән беріледі. Үйренушілердің бір-біріне қимыл қозғалыс
әдістерінің орындалуына зер салып қарауы қозғалыстарды дұрыс қабылдап, аз
қателіктер жіберуіне көмегін тигізсе, үйренушінің тек ірілеріне ғана көңіл
бөлуі үйрету кезеңіндегі еңбектердің алға басуының кепілі бола алады.
Үйрету кезеңінде күрделі қимыл-қозғалыс әдістерін бөлшектеп үйрету нәтижелі
болады, себебі орындау барысында оның негізгі бөліктерін саналы түрде
қабылдап, бастапқы іс-қимылының қалыптасуын жеңілдетеді. Үйренушілердің
алғашқы берілген қимыл қозғалыстарды ойдағыдай меңгеруі алғашқы үйретудің
бірінші кезеңінің өз мақсатына жеткені. Үйрену ғамалиясында әр түрлі
құралдар мен тәсілдер пайдаланады да, төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші орындалатын қимыл қозғалысты жаттығулар өте жеңіл болмауы керек,
әйтпесе творчестволық іздену сипатын жояды.
Терең үйрету кезеңі (екінші кезең): бұл кезеңдегі үйретудің мақсаты
өрескел игерілген қимыл-қозғалыс әдістерін барынша дұрыстап жетілдіру.
Бастапқы кезеңде жаттығу әдісінің негізі игерілсе, екінші кезеңде қимыл-
қозғалыс әдістерін талдап, қалыптасқан дағдыны жетілдіру болып
есептелінеді. Терең үйрету кезеңінің алдында тұрған міндеттері
төмендегідей:
1. Қимыл-қозғалыс заңдылықтарын үйрету туралы түсінікті тереңдету;
2. Қозғалыс әдісінің кеңістіктегі , уақыт бірлігіндегі динамикалық
мінездемесі мен үйренушілердің ерекшеліктерін анықтау;
3. Қозғалыстың ырғақтылығын жетілдіріп қимылды еркін және біртұтастыққа
орындалуын игеру;
4. Өзін-өзі бақылаудың тиімділігін арттыру негізі орындалатын
қозғалыстарды сана арқылы бақылай алатын дәрежеге жеткізіп және оны қимыл
барысында лайықты етіп түзетуге қолын жеткізу.
Осы міндеттер қозғалыс қимылын қалыптастыруда екінші кезеңнің
заңдылықтарында көрініс табады, бұл кезде қалыптасқан қозғалыс ептілігі
пайда болып, бірте-бірте қимыл дағдысына айнала бастайды. Оның себебі
орталық нерв жүйесінің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, үйрету тәсілдері осы
ғамалияны қалыптастыруға сәйкес келеді. Екінші кезеңде үйрету тәсілінің
негізіне қимыл әдістерді бөлшектеп үйрету қосымша әдістемелік жолы болып,
қозғалыс ерекшеліктерін бұзбай орындау мінезделінеді де негізгі мақсаты
орындаушының үйрету қимыл қозғалыс жаттығуларын біртұтастыққа орындауға
көңіл бөлінеді де орындалу ісі жақсарған сайын оның қайталау санына,
жіберілген кемшіліктерге назар аударылады. Қайталау барысында шаршауға жол
берілмеуі керек, өйткені шаршаған орындаушы қозғалысты қайталап орындау
кезінде орындау кезінде көптеген кемшіліктер жіберіп, оның дағдылы
қателікке әкеліп соғуы мүмкін.
Терең үйрету кезеңінде жарыс тәсілін қолдану өте жақсы нәтиже береді,
әсіресе жарыс жаттығуларын орындаушылардың тыянақты қайталап орындау
әдістері жөнінде әңгіме өткізілгені жөн. Бұл кезең сөзбен әсер ету тәсілі
кеңінен қолданылып берілген жаттығуларды орындаудан бастап, әдістің
бөлшектерін талдап, жіберілген қателіктерін атап оны түзету жолдары
көрсетіледі. Қазіргі уақытта көрнекілік тәсілімен қоса қимыл қозғалыстардың
орындалуын қадағалайтын әртүрлі электронды құралдармен керекті бақылау
жасалып отырады. Екінші кезеңінің, үйрету барысында қозғалыстарды дағдыға
айналу ғамалиясында, бірінші кезеңге қарағанда қателіктер мен кемшіліктер
мен кемшіліктер аз жіберіліп әдіс құрылысының орындалуы біршама жақсарады.
Бұл кезеңде жаңа қозғалыстарды үйретуде жіберілген кемшіліктер өз
бағасын алып орындаудағы сәтсіздіктердің уақытша құбылыс екенін түсіндіріп,
үйренушілердің өзіне деген сенімін, істеген ісін қолдап отыру керек.
Бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі: оқыту заңдылығының үшінші
кезеңінде қозғалыс дағдысын берік меңгеріп, жаттығуларды әртүрлі
жағдайларда орындалғанда өзінің дұрыс құрылысын сақтап қалатындай дәрежеге
жеткізу көзделінеді. Дағдыны тұрақтандыру үшін үйрету жұмысына әр түрлі
күрделі қимыл қозғалыстар енгізіледі. Дене жаттығуларының орындалу
талаптарын үздіксіз арттыра отырып, үйрету жұмысы әртүрлі жағдайларда
өткізіледі (залда, алаңда т.б.) Үйретілген қимыл дағдысы көп уақытқа
сақталынады, ал егер оны қайталап отырмаса және оның орындалуымен
байланысты сезімдерін нығайтпаса, ол бұзылады да бейімділікке айналады.
Осыған байланысты дағдыны бекіту және оны жетілдіре беру үшін жаттығуларды
қайталап отырудың қажеттілігі туады. Жоғарыда айтылған үйретудің мақсаты
қимылқозғалыстарды тәжірбие жүзінде толық меңгеріп, осыған байланысты
бірнеше жекеленген міндеттерді шешу болып табылады. Біріншіден, қозғалыс
әдісінің дағдысын қолдануды бекіту болса, екіншіден әртүрлі жағдайда
қолдану үшін қозғалыс әдісінің өзгергіштік мүмкіншілігін көбейтіп, дененің
сапалық қасиетін ең жоғарғы сатыда көрсету. Үшіншіден қозғалыс
мүмкіншілігін дамытып, жекеленген қозғалыс әдістерін баянды қолдану мен
қажетті жағдайда оны қайта игеріп жетілдіру. Осы кезеңдегі қимыл қозғалысты
бекітумен одан әрі жетілдіру мақсатында әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оның
ішінде жаттығуды бір үлгіде қайталау мен жаттығуды алмастырып қайталап
тәсілдері қолданылады.
Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде негізгі қимыл-қозғалыс
жаттығулары қолданылады. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының қасиетін
танып, оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиесі тәжірибесінде
жаттығуларды топтау қажет.
1. Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау.
Бұл топтауда барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық
жаттығулар; ә) ойын жаттығулары; б) туристік жаттығулар; в) спорттық
жаттығулар.
2. Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар: а) күш жылдамдығы
жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады; ә) төзімділік пайда болуына
әсер ететін жаттығулар; б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар; в)
икемділікке арналған жаттығулар; г) комплексті қимылды талап ететін
жаттығулар.
3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: а) негізгі
жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің
негізгі жаттығулары; ә) дайындық жаттығулары. Негізгі жаттығуларды
үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар; б)
жақындататын жаттығулар – негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйрететін,
оңайлататын қимыл-әрекеттер.
4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттерін,
кеуде бұлшық еттеріне, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
5. Қозғалысқа арналған жаттығулар тобы: а) циклді жаттығулар (жүру,
жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке
сайыс т.б.); б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт
ойындары).
6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен
орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғары
қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секундтан 5 минөтке дейін); б) қатты
қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минуттан 30 минутқа дейін); в) қалыпты
қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 мин. көбірек).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының дене дамуына әсер ететін бірнеше
факторлары бар. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының адам организміне
әсер етуі әр түрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты – мұғалім
оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі мұғалім
өнегесіне, ақылына, білім деңгейіне, қимыл дағдысына, дене қуатына сондай-
ақ мұғалім мен оқушының белсенділігі мен ынтасына байланысты.
Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына,
жаттығуларды орындау уақытына, орындау қарқынына, жаттығуларды орындау
санына немесе аралық тынығу санына, қайталау арасындағы тынығу уақытына,
демалыс түріне байланысты.
Санитарлық-гигиеналық факторлар. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары адам
организміне тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін
сақтап, жаттығатын орынды, спорт залын санитарлық нормада ұстау керек.
Метеорогиялық факторлар (ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б.).
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын қамтамасыз ететін бір топ материалдық
факторларға спорт ғимараттары, жабдықтары, снарядтары, спорт киімдері т.б.
жатады.
Табиғи күштер және дене тәрбиесінің қосымша амалы. Табиғи күштер (күннің
қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты
нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді
пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің амалдары болып келеді.
Дене тәрбиесі процесінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда
орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл
процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған
организмді қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір амалы – гигиеналық фактор. Бұл амалдың тәсілдерін
екі топқа бөлуге болады.
Дене тәрбиесі процесіне кірмейтін тәсілдер. Олар еңбек гигиенасы,
тамақтану, демалыс режимдері, яғни негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларымен
айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
Дене тәрбиесі процесіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру
кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа
тазалығы, жақсы жарық беру т.б.), организмді тез қалыпқа келтірудің
гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа-температура ортасы) жатады.
Ауа-температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез
қондырғыларды, ванналар, сонша-сауна, термокамералар жатады. Ауа
аэронизациялау – спортшылар демалып жатқан жердің ауасына қосымша оттегін
жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл күйлерін көтеріп, бойын
сергітеді.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістері. Қимыл-әрекеттердің күрделігіне қарай
тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды
бөлшектемей толық үйрету мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезіңде.
2. Дене қуаты және тәсілдік дайындығы жоғары оқушылармен жаттықтыру
сабақтарында.
3. Қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе тәсіл
негізінің сапасы болмайтын жағдайда.
4. Бұрын үйренбеген жаттығуларды жетілдіруде.
Ойын әдісі. Дене тәрбиесі процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды
қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынадай өзіндік
ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі
арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттерінде бәсекелестік, жеңіске деген талас пен эмоциалдық
сезім.
3. ойын барысында өз бетімен қимыл-әрекетке шешім қабылдау (ойынға
қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі
жаттығулардакенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, төзімділік,
шапшаңдық, ептілік) клмплексті дамытуды, бұрын үйренген қимылдарды
жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуді (батылдық,
тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан
басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер
қалдырады, бірқалптылыұтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі – күш
түсірудің мөлшерін дәл біле алмайтынымызда.
Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды
жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі – біріншілікті жеңіп
алу үшін бәсекелесу. Күрес жағдайында – күш сынасу немесе жоғары
көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады.
Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиетін тәрбиелеу, күрделі
жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Бұл әдістің мендетті бір
шарты: бәсеке жаттығуларына оқушылар мұқият дайындықпен келуі керек,
әйтпесе олардың денсаулығына зиян келуі кәдік.
Сөз қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты қасиетін
тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану
әдісі үш топқа бөлінеді:
1. Баяндау, әңгімелесу,түсіндіру әдістерінде сөз оқушыларға білім беру
мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері жаттығулардың әрекеттерін
басқаруға пайдаланылады.
3. Талқылау, бағалау әдістері жаттығулардың әрекеттерін талдауға, баға
арналған.
Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне
тоқталайық. Баяндау – теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі
қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға
пайдаланылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға
түсіндіру әдәсә қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын
білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін көтеру үшін әңгімелесу әдісі
қолданылады. Қысқа да бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай
орындалуын талап ете сөйлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Қайталау сабағының құрылымы
Спортшының психологиялық дайындығы
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Гигиеналық дене шынықтыру
Пәндер