Сауат ашу



І. Кіріспе бөлім 3
ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми .теориялық негіздері 5
2.1 1 сынып Сауат ашу әдістемесі 5
2.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері 9
2.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері 11
2.4 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы 16
2.5 Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары 26
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымша
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу — тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан – жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
«Адам ата – анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады» — деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» // «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. - 140 б
6. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.
7. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен методикалық нұсқау. – Алматы, 1993.
8. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.
9. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.
10. Бастауыш мектеп. Журнал № 7. 2011 жыл
11. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
12. Бастауыш мектеп. Журнал №1. 2012 жыл
13. Бастауыш мектеп. Журнал №9. 2001 жыл.
14. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994
15. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.
16. Г.И. Уайсова, А.Е.Жұмабаева «1 сынып Сауат ашу». Оқулық «Алматыкітап баспасы» 2012ж.
17. Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, Нур-пресс, 2007 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
3
ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері
5
2.1 1 сынып Сауат ашу әдістемесі
5
2.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері
9
2.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері
11
2.4 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы
16
2.5 Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары
26
Қорытынды
31
Қолданылған әдебиеттер тізімі
32
Қосымша

І. Кіріспе бөлім

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу -- тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады -- деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың мектеп есігін ашқан кезеңінде оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми -- әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың мектепте сауат ашудың методикасы тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу - тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында.
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер курстық жұмыс тақырыбы Жалпы білім беретін мектептің 1 сынып сауат ашу оқулығын оқытудың әдістемелік жолдары деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу болжамы: Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
- Сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.
- Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;
- Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері

2.1 1 сынып Сауат ашу әдістемесі

Сауат ашу пәні - бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
Сауат ашу пәнінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1-сыныпта Сауат ашу пәні интеграцияланған (оқу мен жазу - Әліппе оқулығы; тілдік және оқу материалдары - Ана тілі оқулығы) мазмұңда оқытылады.
Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
Сауат ашу пәнінің міндеттері:
oo 6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
oo оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;
oo дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
oo кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;
oo тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
oo сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
oo алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
oo оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
oo диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
oo оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
oo қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сауат ашу кезеңдері бойынша бағдарламалық материалдар төмендегідей жіктелген.
Әліппеге дейінгі кезең
Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету; оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау; жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп элементтерін жазу.
Әліппе кезеңі
Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу; жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу, әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі бойынша жазу, есту арқылы жазу; ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.
Әліппеден кейінгі кезең
Оқуда: әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс, саналы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу; байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: мәтінмен жұмыс; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгертуде: сөйлеу, сөйлем, дыбыстар мен әріптер, сөз, орфография, мәтін; жазуда: көшіріп жазу, есту арқылы жазу, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығармашылықпен жазу, сөз, сөйлем, шағын мәтіндерді жазу.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін жазба жұмыстары: көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шыгарма.
I жартыжылдықта әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант - 4-6 сөз (диктант жұмысы күнделікті сабақ барысында мұғалімнің қалауымен) жүргізіледі (1 қосымша).
II жартыжылдықта сөздік диктант - 6-8 сөз, есту диктанты, көру диктанты, жыл аяғында 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты (диктант жұмысы әрбір грамматикалық материалды меңгерген соң) алынады (2 қосымша).
II жартыжылдықта кем дегенде үш рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және екі рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
1-сыныпта Көркем жазу күнделікті сабақ барысында (шамамен 4-5 минут) мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі
Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Сауат ашу оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің ұстанымдарына сауат ашудың мақсат-міндеттеріне сәйкес болу, алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұстанымдары жатады. Бұл ұстанымдар ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асыратын тілдің графикалық, дыбыстық-әріптік жүйесін тұтастай қабылдауға, оқушылардың оқу қызметінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес Сауат ашу пәні аптасына - 7 сағаттан оқытылады. Барлық сағат саны - 238, оның ішінде:
Сауат ашу пәнін оқыту үш кезеңге бөлінген:
Әліппеге дейінгі кезең - 14 сағат.
Әліппе кезеңі - 98 сағат.
Әліппеден кейінгі кезең - 126 сағат.
Сауат ашу пәнінің оқу бағдарламасы екі оқулық арқылы жүзеге асырылады: I жартыжылдықта - Әліппе оқулығы, II жартыжылдықта - Ана тілі оқулығы.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен: 1-сынып Әріптер сыры, Тіл дамыту.
Жыл стандарты. 1-сынып оқушыларына қойылатын талаптар:
oo Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);
oo дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;
oo дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін (дыбысты естимін және айтамын);
oo дауысты және дауыссыз дыбыстарды (дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады, ауа кедергісіз шығады);
oo дұрыс жазу ережесін: 1) кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының, сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы; 3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;
oo сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;
oo сөз мағынасы туралы (сөздің заттың, құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі; мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздердің болатындығы) біледі.
oo Сөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;
oo саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 20-35 сөз оқиды (белгілерімен қосқанда);
oo мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;
oo монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;
oo кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырады;
oo жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;
oo баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);
oo сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл соңында 10-15 сөз);
oo сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;
oo бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?);
oo сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;
oo сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;
oo сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;
oo сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;
oo затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;
oo тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге қатысады;
oo әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;
oo тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
oo мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;
oo затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды;
oo берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау) пайдаланады;
oo картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем).

1-сыныптағы бақылау жұмыстарының нормасы

І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
Қорытынды бақылау диктанты
Бақылау диктанты
-
-
-
1
1
Мазмұндама (20-25 сөз)
-
1 (үйрету мақсатымен)
1 (үйрету мақсатымен)
1 (үйрету мақсатымен)
-
Шығарма
-
-
1 (үйрету мақсатымен)
1 (үйрету мақсатымен)
-

2.2 Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендірінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрғанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т.б.
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар III - IV сыныптарда да жүргізіліп отырады.
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ - ма, - ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғаулармен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы - тұщы, барма - бар ма т.б.).
Сөйтіп сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.
Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.
Сөйтіп жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).
2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
3. Үнемі талдау жасау, түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру - мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.
4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.
5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейбір сөздерден қате жіберу т.б.). Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.
6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі - орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы.
7. Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.

2.3 Сауат ашудың ғылыми негіздері

Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі, өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады.
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында қандай айырмашылық бар? пен қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрі мынадай: грамматикалық - орфографиялық талдау (грамматикалық талдауды қараңыз). Бұл - оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.).
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтін ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе қиын сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады: 1) зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар; 2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер, бақша өсімдіктерін білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер; 3) мұқият оқыңдар және жазыңдар; 4) әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар; 5) жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер; 6) сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар; 7) я әрпі бар сөздерді топтаңдар т.б.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ... ). Мысалы, оқушылардың дәптерлерінің 5 бетінде в әрпі кездесетін сөздер тізіледі.
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтінен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.
Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.
Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр.
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданылады.
Балалардың орфографммаға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды, оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады.
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:
1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әрбір сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал онан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескерту диктантының тиімді болғаны.
2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы - балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтіне емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5 - 10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді, үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн, т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10 - 15 сөзден аспауға тиіс.
4. Шығармашылық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немесе бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
5. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ мазмұндамадан сәл оңайлау. Диктант деу себебі - мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз - балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе - сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ержелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5 - 6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқылған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады.
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді.
6. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек - соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бойынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіндің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.
Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі бар: а) алғашқы кезеңде әдетте, оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі бойынша, балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге де болады.
ә) екінші кезеңде де дайын мәтін: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздердің ішінде басқа ережелерге де жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндерін іріктеп, тауып алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме - дәлелдейді. Бұған қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын жазады.
Бұл кезеңдегі ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сұрақ бойынша сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Балалар ережені қрлданып үйрене бастайды, жазғандарын дәлелдеп, негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады.
б) балалар өздіктерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де, тұтас мәтін те беріледі. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі, сұрақтарсыз өздері тауып жазады; Бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады.
в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. Бұл кезеңде балалар грамматикалық - орфографиялық тапсырмаларды орындап, көшіру жұмыстарынан басқа ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті, шығармашылық, бақылау диктанттары, түрлі мазмұндама, шығармалар жазады.
г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі1. Жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу. Бұл кезеңде диктанттың барлық түрі жазылады, оқыған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанады, сондықтан мәтінді алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі.
Жоғарыда көрсетілген жүйені өзгертуге болмайды деп түсінбеу керек. Нақты жағдайларға: балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындық дәрежелеріне, алған білімдері мен сөйлеу дағдыларына қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алайда, мұғалім осы көрсетілген жұмыстардың жүйесінің толық орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай, материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:
1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.
Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.
2. Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде біртектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды. Мысалы, алғашқыда қала сөзіне түбірлес сөз тапқанда қалалар десе, кейінгіде қалалы, қалашық, қалашыл т.с.с. сөздер айтқызылады.
Қазіргі кезде орфографияны меңгеру үшін көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген мәселе жөнінде талас жоқ.
Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керектігі зерттеліп анықталды. Оның үстіне көшіру немесе диктант сияқты жазу түрлерінің қазіргі кезде әр түрлі варианттары шыққанын жоғарыда айтылғандардан байқағанбыз.
Мұғалім қандай да болмасын, бір сезім органына жаттығудың қай түрі дұрыс келеді деген мәселеден гөрі, бір жаттығуда таным қызметінің қандай операцияларды орындауы жайлы, олардың комплексті қатысуын қалай қамтамасыз етуге болатыны жайлы көбірек ойлауға тиіс: анализ, синтез, жалпылау, ұқсастық пен айырмашылықты табу, абстракциялау, топтау, жүйелеу т.б.
Сөйтіп, орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейінін, ойы-есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.

2.4 Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы

Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:
1. Әріп теріп оқыту.
2. Буынға бөліп оқыту.
3. Сөзді оқыту.
4. Дыбысты талдай оқыту.
5. Дыбыстық жинақтау
6. Талдау-жинақтау әдістері.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский1. Бұл әдіс - сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей жасалған. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған жағдайлар- педагогика, психология ғылымдарының, тіл ғылымының жетістіктері мен уақыт талабы.
Дыбыстық талдау - жинақтау әдісі. Бұл әдістің негізгі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен, сауат ашу жұмысында екеуі де қолданылады, бірін-бірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ "Әліппе" кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі көрсетуде.
Талдау әдісі. Сауат ашу кезеңінде оқушыларға жеке дыбыстар таныстырылады да, әріптер сол дыбыстардың шартты белгісі ретінде дыбыстан кейін көрсетіледі.
Дыбыстармен таныстыру үшін әуелі оларды сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Ал сөзді дыбысқа бөліп, тұтас дыбыстан машықтанған балалар алғашқы кезде сөздің жекеленген дыбыстардан құралатынын тез меңгере қоймайды. Сондықтан сөз ішінен жеке дыбыстарды ерекшелеп бөлудің түрлі жолын іздестіру қажет. Әрбір сөздің өзіндік буындық және дыбыстық ерекшелігіне байланысты талдау жолы да түрліше болады. Сол жолдардың барлығын сарқа баяндап, мұғалімдерге дайын нұсқау береміз деген пікірден аулақпыз.
Мақсат - сол жолдардың кейбір негізгілеріне тоқталу арқылы мұғалімдердің ізденуіне жол сілтеу. Мысалы, дауысты дыбыстарды бір буынды сөздерден созып айту арқылы оңай бөліп алуға болады. Айталық, ал деген сөздің бірінші дыбысын а-а-а-ал деп созу арқылы а дыбысы анық естіледі. Дауысты дыбыстың жеке өзі буын құрап тұрған сөздерді теріп алып, оны буын жігіне бөлдіріп, жеке дыбысты танытуға болады: а-ла, о-ра, ,а-ра.
Дауыссыз дыбыстардың бір қатарын тұйық және бітеу буынды сөздерден оңай танытуға болады. Олар: м, н, р, ш, т дыбыстары. Бұл дауыссыздардың да кейбіреуін созып айту арқылы бөлдіре аламыз. Сөзді жартылай айтқызу арқылы т сияқты шұғыл дыбыстарды ажыратуға болады. Аттың суретін көрсетіп, ат деген сөзді хормен айтқызғанда, оқушылар а-а-а-а деп айта бастағанда сөзді аяқтатпай тоқтатып қойса оқушылар ат деген сөздің соңғы т деген дыбысты айтып үлгере алмайды. Бұдан кейін мұғалім ат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Қазақ мектептерінің бірінші сыныбында Әліппені оқыту үрдісі
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Пәндер