Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу



Кіріспе 3 бет
Негізгі бөлім 5 бет
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 5 бет
1.2 Қазақ тілін қатысымдық әдісін оқыту принциптері, анықтамасы мен ерекшеліктері 9 бет
1.3 Қатысым әдісін қолданылу жолдары 24 бет
1.4 Қазақ тілі сабағында оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін
дамыту
28 бет
1.5 Қазақ тілін қатысымдық негізде оқытудың тиімді жолдары 28 бет
Қорытынды 32 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34 бет
Қосымша
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 47-бабының 3-ші тармақшасында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс екендігі сараланып көрсетілген. Сонымен бірге «Қазақстан 2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде [1], Қазақстан Республикасының білім туралы заңында [2] және «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» [3] Отанымыздың мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы мен білім беруді жетілдіру мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық дамуы тұрғысынан ерекше маңыздылығы айтылған. Бұл мәселелерді жүйелі түрде жүзеге асырудың бастапқы іргетасы мектепте қаланады. Сондықтан Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың жан-жақты терең білім алуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, еліміздің әлемдегі 50 өркениетті елдің қатарына қосылуына өз үлестерін қосуына жағдай жасалған.
Соңғы жылдары ана тілімізді оқытып үйрету мәселесі жаңа бір белеске көтерілді. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері жазылуда. Осыған орай педагогтардың, әдіскерлердің, психологтардың, ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметтерінің басты бағыттарының негізгі өзегі тілді оқыту әдістемесі мәселелерімен тығыз байланысты жүргізілуде. Бұл қатысым әдісі арқылы оқыту теориясымен етене жақын. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында сан алуан оқыту құралдарының ішінде қатысым әдісі арқылы оқытудың алатын орны ерекше.
Оқыту – педагогиканың тиімді амалы. Мұнда әрі оқыту, әрі оқу, әрі тәрбиелеу үдерістері бірегей жүреді. Сол себепті соңғы кездері ғалымдардың назары бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың жаңа ғылыми-әдістемелік негіздеріне, оны оқыту теориясына ерекше аударылып отыр. Сондықтан елімізде білім беру саласында жүріп жатқан реформаға сай ұлттық сананы жетілдіретін, жас ұрпаққа озық білім жетістіктерін беретін, төлтума салт-дәстүрде тәрбиелейтін жаңа педагогикалық технологиялар пайда болуда. Сондай жаңа әдістің бірі - оқушыларға қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқыту қолға алына бастады.
Әдіс тілдік қатысымға сай оқушылар үшін қазақ тілін меңгерту, оқыту үдерісін мейлінше жеңілдетуге, мазмұны мен формасы жағынан қызықты да тартымды, олармен сыныпта және сыныптан тыс уақытта үйде дайындалу үшін қолайлы әрі қарапайым болуға тиіс. Қазіргі әдістеме өзінің құрылымында оқушылардың белсенділігіне, саналылығына, қызығушылығына және оның оқу үдерісінде көрсетілуі үшін жағдай жасауына сүйенуі қажет.
Қатысым әдісі басқа әдістерден өзіндік ерекшеліктерімен айрықшаланады. Сонымен бірге ол басқа әдістердің бәріне тән ортақ қасиеттерді меңгереді, оларға толық жауап береді, қойылатын үстеме мақсатқа
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-қуатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы». – Алматы: Білім, 1997. – 256 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132 б.
3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» Егемен Қазақстан. – 2003, 26 желтоқсан. – № 332
4. Оразбаева Ф.Ш. «Тіл әлемі» – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 367 б.
5. Рахметова С. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». –Алматы: Өлке, 2003. – 144 б.
6. Жапбаров А. «Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі». – Алматы-Шымкент: Жібек жолы, 1997. – 200 б.
7. Исабаев Ә. «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері». – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 160 б.
8. «Қазақ тілі: фонетика, лексика, морфология, синтаксис». (М.Ермекбаев, Ы.Балқыбекова, К.Базарбаевалармен авторлық бірлестікте). – Шымкент: Мұрагер, 2004. – 336 б.
9. «Тіл дамыту» Бастауыш мектеп. (Б.Алдабергеновамен авторлық бірлестікте). – 1989. – № 2. – 7-9 б.
10. Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері». Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996ж.
11. Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі». –Алматы, 2000 ж.
12. «Қазақстан мектебі» журналдары.
13. Қасбаева Г. С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, №5.
14. Рудик Г. А. «Ойлау еңбегінің мәдениеті немесе оқытудың 101 техникасы» құралы – Қостанай, 2010 ж.
15. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» Алматы: Мектеп, 1978 жыл.
16. Құлмағамбетова Б. «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы: Мектеп, 1988 жыл.
17. Қордабаев Т.Р. «Жалпы тіл білімі». Алматы: Мектеп, 1975 жыл.
18. Исабаев А. «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» Алматы: Қазақ университеті, 1993 жыл.
19. Әбілкаев А. Қазак тілін окыту әдістемесі. Алматы, 1995 жыл.
20. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазак тілін окыту методикасы. Алматы, "Мектеп" 1965 жыл.
21. Әлімжанов Д. Қазак тілін окыту методикасының программасы. Алматы, 1980 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3 бет
Негізгі бөлім 5 бет
1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі 5 бет
1.2 Қазақ тілін қатысымдық әдісін оқыту принциптері, анықтамасы9 бет
мен ерекшеліктері
1.3 Қатысым әдісін қолданылу жолдары 24 бет
1.4 Қазақ тілі сабағында оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін
28 бет
дамыту
1.5 Қазақ тілін қатысымдық негізде оқытудың тиімді жолдары 28 бет
Қорытынды 32 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34 бет
Қосымша

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы 47-бабының 3-ші тармақшасында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру
ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-
әдістемелік кешендермен және құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс екендігі
сараланып көрсетілген. Сонымен бірге Қазақстан 2030 стратегиялық
құжаттарындағы Білім беру бөлімінде [1], Қазақстан Республикасының білім
туралы заңында [2] және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында [3] Отанымыздың мектептеріндегі білім беру
жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы мен білім беруді жетілдіру
мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық дамуы тұрғысынан
ерекше маңыздылығы айтылған. Бұл мәселелерді жүйелі түрде жүзеге асырудың
бастапқы іргетасы мектепте қаланады. Сондықтан Қазақстанда өмір сүретін
әрбір азаматтың жан-жақты терең білім алуына, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына, еліміздің әлемдегі 50 өркениетті елдің қатарына қосылуына өз
үлестерін қосуына жағдай жасалған.
Соңғы жылдары ана тілімізді оқытып үйрету мәселесі жаңа бір белеске
көтерілді. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқытудың
жаңа әдіс-тәсілдері жазылуда. Осыған орай педагогтардың, әдіскерлердің,
психологтардың, ғылыми-педагогикалық зерттеу орталықтары қызметтерінің
басты бағыттарының негізгі өзегі тілді оқыту әдістемесі мәселелерімен тығыз
байланысты жүргізілуде. Бұл қатысым әдісі арқылы оқыту теориясымен етене
жақын. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында сан алуан оқыту
құралдарының ішінде қатысым әдісі арқылы оқытудың алатын орны ерекше.
Оқыту – педагогиканың тиімді амалы. Мұнда әрі оқыту, әрі оқу, әрі
тәрбиелеу үдерістері бірегей жүреді. Сол себепті соңғы кездері ғалымдардың
назары бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың жаңа ғылыми-әдістемелік
негіздеріне, оны оқыту теориясына ерекше аударылып отыр. Сондықтан елімізде
білім беру саласында жүріп жатқан реформаға сай ұлттық сананы жетілдіретін,
жас ұрпаққа озық білім жетістіктерін беретін, төлтума салт-дәстүрде
тәрбиелейтін жаңа педагогикалық технологиялар пайда болуда. Сондай жаңа
әдістің бірі - оқушыларға қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқыту қолға
алына бастады.
Әдіс тілдік қатысымға сай оқушылар үшін қазақ тілін меңгерту, оқыту
үдерісін мейлінше жеңілдетуге, мазмұны мен формасы жағынан қызықты да
тартымды, олармен сыныпта және сыныптан тыс уақытта үйде дайындалу үшін
қолайлы әрі қарапайым болуға тиіс. Қазіргі әдістеме өзінің құрылымында
оқушылардың белсенділігіне, саналылығына, қызығушылығына және оның оқу
үдерісінде көрсетілуі үшін жағдай жасауына сүйенуі қажет.
Қатысым әдісі басқа әдістерден өзіндік ерекшеліктерімен айрықшаланады.
Сонымен бірге ол басқа әдістердің бәріне тән ортақ қасиеттерді меңгереді,
оларға толық жауап береді, қойылатын үстеме мақсатқа да жауап береді,
демек, қатысым әдісінің мақсаттары мен міндеттері, біріншіден, тілдің
ғылыми негізін үйрету болса, екіншіден тілді меңгерту, сөйлетіп үйрету
[6,52].
Қазақстанның мектептерінде қазақ тілін оқыту мен меңгерту, үйрету
мәселелері басым көпшілік жағдайда эмпирикалық болып келеді. Бұл мәселені
шешу жаңа буын Қазақ тілі оқулықтары шыққаннан кейін дұрыс жолға қойылды.
Себебі бұрынғы оқулықтарда тіл ғылымының жетістіктері енгізілгенімен, оны
оқушыға қалай меңгерту керек немесе оқушы оны қалай меңгеруі керек деген
мәселе жан-жақты қарастырылмады. Практикалық дағдының теориялық білімді
жете меңгергенде қатысым әдісі арқылы қалыптасатындығы айтылмады. Оның
үстіне жалпы білім беретін орта мектептің сыныптарында қазақ тілін қатысым
әдісі арқылы оқытудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын молайтумен, өз
бетінше білім алу дағдыларын қалыптастырумен анықталады. Бұған қоса қазақ
тілін қатысым әдісі арқылы оқыту сынып оқушыларының ойлауы мен тілін
дамытуды теориялық білім арқылы қалыптастырудың әдіснамалық-теориялық және
әдістемелік негіздерін айқындауға ықпал етеді. Осының барлығы қазақ тілін
қатысым әдісі арқылы оқытудың қажеттігін және тақырыптың өзектілігін
дәлелдейді.
Курстық жұмыстың мақсаты – оқушыларға қазақ тілін қатысым әдісі
арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негізін, басты қағидаларын тұжырымдай
отырып, қажет ұстанымдарға негізделген ұтымды әдістеме ұсыну.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда белгіленген міндеттер:
- оқушыларға қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-
теориялық негіздерін дәйектеу;
- қатысым әдісінің лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық және
философиялық негіздерін айқындау;
- қазақ тілін оқыту барысында қатысым әдісінің білім беру үдерісіндегі
орнын, мәні мен маңызын көрсету;
- қазақ тілін сапалы оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну;
- қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың басты талаптары мен
белгілерін сараптау;
- қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың жаңа технологиялық
жолдарын анықтау.

Негізгі бөлім

1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың
ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп
қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан
жақты қарастырылып отырған проблема – орыс сыныптарда қазақ тілін оқыту
проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей
зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған
қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Орыс сыныптарда қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып
жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр
түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып,
жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов,
Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков,
Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.
Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат - өзге тілді сыныптарда қазақ
тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің
Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол
үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық
отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі
өсіп - өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.
Бізідің облысымыздың 2005 – 2010 жылдырға арналған Білім беру
жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:
- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және
адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін
іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.
Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі
осылар.
Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?
Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе,
өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И.
Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның
қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.
Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып,
аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске
тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін
құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ
тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер
арқылы ажыратады. Олар:
1. Тіке байланыс
2. Адамның жеке қабілетін ескеру
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4. Сатылап даму
5. Динамикалық өзгеру
6. Өзектілік
Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа
негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді
жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-
бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас
болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай
бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен
тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен
қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін
емес.
Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың
көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын
білгізудің мәні зор. 3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді
Қазақстан, Менің қалам, Менің көшем, Менің отбасым, Дүкенде,
Стадионда, Дәрігерде, Жыл мезгілдері тағы сол сияқты тақырыптарды
оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда
қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге
болады.
Енді осы тақырыптардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:
1. Жұптық
2. Топтық
3. Ұжымдық
Жетінші сыныпта Жалпы есім және жалқы есім атты грамматикалық және
менің қалам атты лексикалық тақырыпты оқығанда карточкамен жұмыс екеу ара
сөйлесу тағы сол сияқты жұптық қалыппен жұмыс істедім. Карточкаларды әр
жұпқа үлестірдім.
Үлгі: І Сөйлемнен жалпы есімді бір топқа, жалқы есімді екінші топқа
бөліп жаз: Өскемен қаласында көшелер кең, таза. Мен Өтепов көшесінде
тұрамын т.с.с. Бірінші оқушы оқиды, екіншісі тапсырманы орындайды. Осыдан
кейін карточкалар екінші жұппен алмасып, бірінші оқушы жазады, ал екінші
оқушы оқиды.
Үлгі: ІІ Екеу ара сөйлесуде тапсырманың желісі төмендегідей болады
Спросите друг у друга куда ты пойдешь отдыхать в ближайшие выходные?
Употребите в вопросах и ответах жалпы есім и жалқы есім. Диалог мынадай
үлгіде болды: Бірінші жұп:
- Сен жексенбі күні Сібе өзеніне дем алуға барасың ба?
- Жоқ, мен жексенбі күні Юбилейный кинотетрына кино көруге барамын.
Өзің ше?
- Мен жексенбі күні Князь тауларына шаңғы тебуге барамын.
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды
қатысымдық әдістің қағидаларына бейімдеудің нәтижесінде жүреді. Топтық
қалып бойынша бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден
қарым – қатынасқа түседі. Яғни сөйлесуші ойын, пікірін, атқаратын жұмыстың
мақсатын бірнеше адамдарға қатар жеткізеді. Бұл қалып бойынша жұмыс
сұқбаттық түрінде де, монолог түрінде де іске асуы мүмкін.
5- сыныпта Қазақстан қалалары тақырыбын алайық. Нәтиже сабағында
сыныпты топқа бөліп, бірінші топқа: Теледидар бойынша ауа-райын болжау,
екінші топқа Аялдамада ауа-райы туралы сөйлесу, үшінші топқа Кеше
экскурсияға бардық. Ауа-рай туралы әңгімелеу, төртінші топқа Телефонмен
сөйлесу.
Бір қызығы осы топтық жұмыс барысында бірінші топ оқушыларының
жауабына бүкіл сынып араласып, соңы ұжымдық қалыпқа ауысты. Себебі,
оқушылардың назарын аудару үшін (тыңдап отырған) ситуациялық жағдаят
тудырдым: Мынау тікелей эфир. Сендер әр қалада тұрасыңдар. Өздерің тұрған
қаладағы ауа-райын сұрауларыңа болады – деп едім, Дикторлар сөйлеп
болысымен: Кешіріңіз, Таразда ауа-рай қандай болады, рахмет, Өскеменде
ауа-рай қандай болады? - деп әр жерден сұрақ қойып оқушылар сөйлесіп
кетті. Жалпы ұжымдық қалып жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді
деген Ф.Оразбаеваның пікірінің дұрыстығын осы сабақта өте айқын көріп,
ұқтым.
Менің қалам, Туған жерім модулі бойынша нәтиже сабағы тартымды
өтті. Әр топ оқушылары Өскемен туралы өте жақсы білетіндерін, ол туралы
сөйлей алатындарын көрсетті.
І- топ: Өскемен көшелері
ІІ топ: Өскемендегі дүкендер
ІІІ топ: Өскемендегі мұражайлар
IV топ: Өскемендегі ескерткіштер
Әр топ ситуациялық жағдаят тудырып, тіпті шағын инсцинировка да
көрсетіп жіберді. Мысалы: Менің досым Миша Новосибирден келді. Біз Мишаға
Өскемендегі мұражайлар туралы айтамыз – деп бастаған бір оқушыны. Топтағы
екі оқушының сұқбаты жалғастырды.
- Мынау этнографиялық мұражай. Ол Горький көшесінде орналасқан.
- Онда нелер бар?
- Мұражайда әр ұлттың киімдері, ыдыстары,тұрмыс салтқа байланысты
құрал – жабдықтар бар.
- Ол қандай ұлттардың киімдері?
- О, бізідің қалада көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар: қазақтар,
орыстар, немістер, кәрістер. Олар тату тұрады. Сен мұражайға барасың ба?
- Әрине, барамын. Қашан барамыз?
- Ертең.
- Жақсы, сау бол.
- Сау бол, Миша.
Осындай сөйлесулерде оқушылардың өз Отанына, қаласына, көшесіне деген
сүйіспеншіліктері, мақтаныштары дауыс ырғағынан – ақ байқалып, қуантады.
Әрине, бұндай нәтижеге алдыңғы сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында
ған жетуге болады.
Бұл жұмыстың жалғасын наурыз мерекесіне арналған үлкен мерекелік
шарадан көруге болады. Бір шаңырақ аясында атты пәндік шығармашылық
жұмыста оқушылар ұлттық Саумалдық атты салт- дәстүрді, қазақ
ертегілерінен көріністерді көрсетті, викториналық сұрақтар қойылып, достық,
ынтымақтастық туралы мақалдар айтылды. Әр ұлт өкілдерінің әні, биі, тақпағы
айтылды. Ал, ұлттық Қыз қуу, Теңге алу ойынын әр оқушы ойнағысы
келгенімен, уақыттың шектеулігін еріксіз мойындады.
Жазғы, күзгі, көктемгі каникулға әр тақырыпқа байланысты тапсырмалар
беру практикамызға енген. Бұл тапсырмалар оқушының оқыған – тоқығанын
ұмытпауға жақсы ықпал етеді және тапсырманы шығармашылықпен, асықпай сапалы
орындауға көп пайдасы бар. Тақырыптың өзектілігі негізгі бір сабақта
орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабақта, тіптен сабақтар жүйесіне,
практикалық түрге де созылуы мүмкін. Мысалы жазғы тапсырмалар: Менің ең
қызықты бір күнім, Жазғы демалысым, Менің қалам көктемде, Жаздағы
Өскеменнің көшелері атты тақырыптарда осы жүйелікті байқауға болады.
Оқушылар қай жерде демалғандарын айта келе Шығыс Қазақстанның табиғаты,
демалатын орындарын сипатта жазып, фотосуретке түсіріп қаттап алып келеді.
Бұл да сабаққа қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік сезімдерін
дамытуға үлкен үлесін қосады. Сонымен бірге өз туған жеріне деген мақтаныш,
махаббат сезімдерін одан әрі дамытады. Тілді үйретудың басты түйіні, кілті
– қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабақта осы
қарастырылып отырған аймақты компонентті тақырыбына тілдесе білуден
басталып кез келген ортада рікірлесуге дейін жетеді. Сондықтан оқытудағы әр
турлі жұмыстар орталық өзектен пайда болып келіп, басты түйінге айналып
соғып отыруы керек.
Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта
берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала
білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу
әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді.
Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да
иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы
нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден,
оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары
жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап,
топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде
бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап
беру дағдылары даму үстінде.
Оны 7 сынып оқушыларының мамыр айында өтетін жоба жұмыстарын қорғауға
дайындалу барысынан көруге болады. Тақырыптарын жан – жақты талқылау,
толықтыру кезеңі қызу өтуде (топтар ішінде).
Үшіншіден оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсуде. Берілген
тапсырмаларды қосымша шығармашылықпен орындап келген шәкірттерімді көргенде
әрине қуанышым шексіз, сонымен қатар, сабағым қызықты, тартымды өтуіне
мұғалім ретінде барлық күшімді аямаймын.
Төртіншіден, шәкірттерім Пчелинцева Света, Тарасова Анна жүлделі
үшінші, төртінші орынға ие болса, Ермолаева Александра қалалық, облыстық
олимпиядада бірінші орыннан көрінуі аталған жұмыстардың кішкене болса да
нәтижесі бар деп түсінемін. Әрине бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі
жалғастыру басты міндетім. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып,
пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек
екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен жақсы мұғалім деген атқа
түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге
болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі
қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.

1.2 Қазақ тілін қатысымдық әдісін оқыту принциптері, анықтамасы мен
ерекшеліктері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда, бұлардың ішінен
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастыру
керек. Өйткені қазіргі таңдағы жан-жақты қарастырылып отырған осы – орыс
сыныптарды қазақ тілін оқыту. Сонымен қатар бұл мәселе тілдік қатынастың
негізгі ерекшеліктерін қамти келіп, қазіргі кезеңде өзекті болып отырған
қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі. Орыс
сыныптарда қазақ тілі сабағын жүргізу сауалдарымен айналысып жүрген
ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Оладың әрқайсысы әртүрлі
мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамуына елеулі
үлес қосты. Қазақ тілінде тілдік қатынас туралы теория мен ереже
жасалмағанымен, қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда қарым-қатынастық
қағидалар практикалық жағынан жүзеге асып келеді. Мұны соңғы жылдары
баспадан шыққан көптеген оқулықтар дәлелдей алады.
Тілді сапалы оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру тіл
білімі мен әдістеме ілімінде жаңа әдістің - қатысым әдісінің пайда болуына
ықпал етті. Сондықтан тілдік қатынас құбылысына тікелей байланысты
мәселенің қатарына қатысымдық әдіс, оның ерекшеліктері мен қағидалары
енеді.
Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзіне асырушы барлық
іс-әрекеттер мен тәжірибелердің жиынтығы. Қатысым әдісі – оқыту әдісінің
барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді де меңгереді. Сонымен қатар оның
өзіне тән ерекше белгілері де бар. Мұндай өзгешелік оның басқа әдістің
түрлерінен артықшылығында немесе алатын орнының ерекше маңыздылығында емес,
өмірдегі тілді оқыту жүйесінің өзі қатысымдық әдіске сай қасиеттерді
саралап шығуында. Бұл қасиеттердің ең басты айырмашылығы қатысымдық әдістің
екі үлкен проблеманың (тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі) басын
біріктіріп отыруына байланысты. Әдістеме ілімінде әдістің қаншалықты
маңызды рөл атқаратынына ешкім шүбә келтірмейді. Сол сияқты тілдік
қатынастуралы мәселе соңғы жылдары тіл білімінде жеке сала ретінде бөлініп
шығып, арнайы қарастырыла бастады. Тілді үйрету мен оқытуда жан-жақты
пайдаланылатын қатысымдық әдістің өзіндік белгілері мыналар:
1. Қатысымдық әдіс оқыту процесінде кем дегенде екі адамның, немесе
бір адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-
қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.
2. Қатысымдық әдііс оқушы мен оқытушы, үйренуші мен үйретушінің
әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болуын, ал олардың алдарына қойған
мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.
3. Қатысымдық әдіс үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір
алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір
ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады.
4. Қатысымдық әдіс оқыту процесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді,
амалдарды біріктіреді. Олардың ішінен бәріне ортақ қасиетке ие болатын
біреуі жетекші болып табылады.
5 Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі – оқыту процесін
практикалық бағытта жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты
қамтамасыз ету. Мұнда оқу жүйесі сырттай немесе жеке-дара күйде іске
аспайды, адамдардың іс жүзіндегі іс-әрекеті үстінде ауызба-ауыз сөйлесуі,
тілдесуі арқылы өтеді.
6. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді,
белгілі бір тілдің өзін қалай қолдану керектігі жөнінде оқытылады, яғни сол
тілде сөйлеу мәнері үйретіледі. Сонымен, қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы
мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір
тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас және әдістемелік
категорияларына тән басты белгілер мен принциптердің жүйесінен тұратын, тіл
үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, бір өзекке бағындыратын оқыту
әдісінің түрі.
Қазақ тілін оқыту барысында айқындала бастаған қатысым әдісінің
төмендегідей принциптерін атап өтуге болады:
1. Тіке байланыс.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
4. Сатылап даму принципі.
5. Динамикалық өзгеру принципі.
6. Өзектілік принципі.
Жұмыста қатысымдық әдістің үш түрлі қолданылу формалары қарастырылады.
Олар: жұптық (тілді үйрету мен тілдік қатынас екі адамның арасында (оқытушы
мен оқушының немесе екі оқушының) жүреді), топтық (бір адам бірнеше
адамдармен (мәселен, оқытушы топтағы 3-5 оқушымен) немесе бір топтағы
оқушылар екінші топтағы оқушылармен бірігіп жұмыс істеп, тілдік қарым-
қатынасқа түседі), ұжымдық (оқытушы мен оқушының жалпы ұжымдағы адамдардың
әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеуара бірін-бірі үйретуі;
сөйтіп, оқушылардың бірінен екіншісінің, екіншісінен үшіншісінің үйренуі,
пікір алмасуы, сөйлесуі).
Қатысымдық әдіс арқылы қазақ тілін үйрету оқушылардың қазақша сөйлеу
дағдысын қалыптастыру ерекшеліктеріне байланысты. Қзақша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру үш түрлі мәселеге тікелей қатысты: біріншіден - оқытудың
мақсаты (тіл үйренушілерге қазақша дұрыс сөйлеу нормаларын үйрету, қазақ
тілін өмірде іс жүзінде қолдщана білу, қазақша тілдесімді іс жүзіне асыру),
екіншіден - оқытудың мазмұны (тілді үйрету үшін қандай мәселелерге басты
назар аудары керек, нені оқыту керек (тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен
сөйлемді үйрету керек пе) соларды анықтау), үшіншіден - оқытудың кезеңдері
(тілді үйрету барыснда оқытушы мен оқушының өткеретін жұмыс уақытының
өлшемдері мен ерекшеліктері). Қазақ тілін үйретуге қатысты сабақта
жүргізілетін кезеңдер: дайындық кезеңі, кіріспелік кезең, жаттықтыру
кезеңі, игерімдік кезең, тұжырымдық кезең.
Қатысымдық әдісін зерттеушілер В.Т.Костоморов пен О.Д.
Митрофановалардың “қатысым әдісінсіз жаңа әдістеменің болуы мүмкін емес”
деген тұжырымдары өте орынды айтылған [2,7]. Себебі, тілді үйретуде қатысым
әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгертуге, оны кәсіби ортада еркін
тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес.
Қатысымдық әдіс туралы А.Р. Артюнов: “қатысым әдісі дегеніміз ерекше
ұйымдастырылған тілдік әрекет, оның мәні тіл үйренушілердің өзара
түсінісіп, әрекет етулері үшін ақпаратпен алмасуларынан тұрады”,- деген
пікір айтады [3,23]. Бұл айтылғандардан, қатысым әдісі оқу үрдісін
қатысымдық үрдіске айналдырумен теңестіріледі деген қорытынды жасауға
болады. Себебі, оқыту үрдісі қатысым үрдісінің моделі болған жағдайда
қатысым әдісінің негізі қаланады.
Қатысымдық тілдерді оқытып үйретудегі негізгі бағыт болып табылады.
Өйткені, тілдерді сапалы меңгертуде қойылатын негізгі талаптардың бірі -
үйренетін тілде қарым-қатынас жасай білу. Егер оқушылар үйренетін тілде,
яғни қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйреткіміз келсе, онда бүкіл сабак
барысы тікелей қарым-қатынасқа сай құрылуы тиіс. Сондықтан оқытудын барлық
үрдісі тек тілдік қарым-қатынасты іске асыратындай құрылып, ұйымдастырылуы
керек. Қатысымдық әдістің мәні де осында. Сонымен бірге тілдік қарым-
қатынас оқушылардың қажеттілігін өтейтіндей болуы тиіс. Әрине, бұл жердегі
қажеттілік дегеніміз қарым-қатынастың мамандыққа сай құрылуы керек екендігі
түсінікті. Сонда тілдік қарым-қатынас қажеттілікті қанағаттандыратын құрал
да бола алады.
Профессор Ф.Ш. Оразбаева қатысым әдісін жеке қарастырған әдіскер Е.И.
Пассовтың қатысымдық әдістің негізгі мәні оның ұстанымдарын айқындаумен
байланысты деген тұжырымын талдай келе, қазақ тілін оқыту барысында
қолданылатын қатысым әдісінің алты түрлі ұстанымынын ішіндегі ең басты
ұстанымы - тіке байланыс ұстанымы деп көрсетеді. Тіке байланыс болмаса,
сөйлесім әрекеті де іске аспайды деген қорытынды жасайды. Қатысымның өзі
адамдардың біріккен әрекетінің бір қыры, яғни адамдардың үйренетін тіл
арқылы өзара бірігіп әрекет жасауы болып табылады. Қатысымдық әдіс -
ақпарат алмасу үрдісі, тіл үйренушілердің алға қойған мақсатқа жетуіне
бағытталған белсенді тілдік қатынас үрдісі. Белсенді тілдік қатынастың өзі
- тіке байланыс арқылы жүзеге асатын үрдіс. Тіке байланыс - тек қатысымдық
әдіске ғана тән ерекшелік. Тіке байланыс арқылы оқушылар бір-біріне өз
ойларын жеткізеді, өз көзқарастарын білдіреді. Бір- бірінен алған
мәліметтерді, ақпараттарды қабылдайды. Сол арқылы жаңа хабарлар мен
ұғымдарды меңгереді, ой қорытындылайды. Тіке байланыс арқылы оқушылар өз
беттерімен жұмыс істеулеріне жол ашылады. Тілдік қатынастың ары қарай өрбуі
үшін әрекет етіп, өзіндік жұмыс атқарады. Бұл қатысымдық әдістің бір
ерекшелігі болып табылады. Сонымен бірге, оқыту үрдісіне қойылатын жаңа
талапты - оқушылардың өз беттерімен білім алуға жағдай тудыру керек деген
талапты - ескерсек, қатысымдық әдістің осы талапты іс жүзіне асыратын
бірден-бір әдіс екендігіне дау жоқ. Сондай-ақ, қазіргі заман талабына сай
оқушы объект емес, субъект болуы тиіс деген қағида ұсталады. Аталған
қағиданы іске асыруда да қатысымдық әдістің орны ерекше. Өйткені қатысымдық
әдіс - субъект-субъектінің бірлескен әрекеті. Тілдік қатынасқа түсушілер
бір-бірінен білімі, көзқарасы, белсенділігі арқылы ажыратыла отырып, бірде
субъектінің рөлінен объектінің рөліне ауысса, келесі мезетте объектіден
субъектінің рөліне ауысады. Бұны қатысымдық әдістің екінші ерекшелігі деп
есептеуге болады.
Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырылуға тиісті
мәселенің бірі — қатысым әдісі.
Қарастырылып отырған коммуникативный метод коммуникация сөзімен
байланысты шыққан. Коммуникация — қатынас, байланыс деп жоғарыда атап
өтілді. Коммуникативный метод дегенді қатынастық әдіс дегеннен гөрі
қазақтың ұлттық сөздік қорындағы қатыс, қатысу сөзін жаңғыртып,
қатысым деп алған ұғымды деп ойлаймыз. Өйткені бұл — әріден келе жатқан
түбір. Қазақ бір-бірімізбен араласпай қалдық, байланыспай қалдық, арамызда
байланыс жоқ, қарым-қатынас үзілдің деген ұғымды білдіргісі келсе, көптен
қатыспай қалдық дейді. Демек, қатыс — біріншіден, қазақтың байырғы сөзі,
екіншіден, байланыс, қатынас дегеннің баламасы. Ал — ым — еңбекте
сөзболып отырған проблеманың бәріне ортақ алынған бірізді сөз жасауды
көздеген жұрнақ.
Қатысымдық әдісті зерттеу орыс және шет тілдерін оқыту әдістемеле-
рінде бірсыпыра жетістіктерге жеткенін атап айту керек.
Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс туралы мәселені арнайы
қарастырған тілші-әдіскер — О.И.Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен
бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарды. Мұндай
белгілер мыналар:
1. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып
табылады. Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін
(айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
2. Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды,
сондықтан да ол оқытудың шартына тәуелді болмайды.
Оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде
болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.
Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея
болады. Басты идея методологиялық роль атқара келіп, әдістің жүзеге асуы
үшін барлық мәселелердің басын біріктіреді.
Оқыту әдісіне қатысты осы соңғы белгіні М.ВЛяховицкий басты
әдістемелік міндетті шешуші доминант немесе доминанттық идея деп атайды.
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек — қатысым
болып табылады.
Жалпы Е.И.Пассов оқыту методы дегенде көбінесе сөйлесім әрекетінің
белгілі бір түрін айтады. Автордың барлық пікірлері, негізінен, осы
мәселелерге келіп саяды.
Әдіс туралы анықтаманы тұжырымдағанда, басқа тілші ғалымдар, көбінесе
қарым-қатынаста қолданылатын амалдарға сүйенсе, Е.Пассов әдіске қатысты
басты өлшем етіп әдістемелік принциптерді алады және әдіс дегеніміз -
әдістемелік принциптердің өзара байланысты жүйесі деп қорытады.
Е.И.Пассовтың айтуынша, қатысымдық әдістің ішкі мәні, басты мазмұны
оның принциптерін айқындауға байланысты шешілмек. Ол мұндай принциптердің
бес түрін атап көрсетеді: олардың біріккен жүйесі қатысымдық әдіс болып
табылатындығын айтады.
Сонымен Е.И.Пассовтың пікірі бойынша қатысымдық әдістің негізін
құрайтын принциптер төмендегілер:
1. Сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелікіерін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
5. Функционалдық принцип. Аталған принциптердің қай-қайсысы да
қатысымдық әдістің нақтылы ерекшеліктерін көрсетеді. Әдістемелік
қағидалардың жиынтығы бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе,
барлық белгілер мен принциптерді бір-бірімен ұштастыра, тығыз
бірлікте жұмсамаса, әдістің тиімділігі азаятындығын байқатады.
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда атап өтілген принциптердін маңызын
жоққа шығаруға болмайды. Олар - шеттілін немесе екінші тілдерді оқыту
жүйесінде кецінен етек алған және соңғы жылдары көп сөз бола бастаған
принциптердің жүйесі.
Бірақ бұл сөз болған принциптердің қай-қайсысы да орыс тілі мен шет
тілін оқытуға тиімді болғанмен, генсологиялық түбірі бөлек қазақ тілін
үйретудің қзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту барысында қолданылатын
қатысымдық әдіс өзіндік принциптері арқылы ажыратылады.
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындала бастаған
мынадай принциптерді атап өтуге болады.
1. Тіке байланыс.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
4. Сатылап даму.
5. Динамикалық өзгеру.
6. Өзектілік.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы -
оның тіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым- қатынасы
арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе- көз
кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас болмаса, сөйлесім
әрекеті де іске аспайды.
Тіке байланыс принципі бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей
жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы арқылы болады. Бұл қатысымдық әдіс
арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік. Өйткені тілдік қатынастың өзі
адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне
негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты - бүкіл
оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы.
Сонымен қатар сабақ жүргізу сыныпта, одан тыс жерлерде және қандай
жағдайда болсын біржақты (тек оқушы арқылы, не оқытушының жеке өзі арқылы
болмайды) емес, тек екі жақтан бірдей болатын (оқушы мен оқытушының,
үйренуші мен үйретушінің қатар іс-әрекеті арқылы) қатынас арқылы болады.
Рас, кейде ол байланыс қосымша түрде болуы мүмкін. Мысалы, берілген
тапсырмалар арқылы, өз бетінше жұмыс істеу арқылы т.б. бірақ бәрібір екі
жақтан болатын іс-әрекеттің нәтижесінде жүзеге асады.
Тіке байланыс принципі сабақ үстінде ғана емес, өмірде де жүріп
жатады. Ол бір ұлт пен екінші ұлттың адамы ортақ тілде сөйлесе білсе,
осының өзі тікелей қарым-қатынасты білдіреді. Сол себепті мұндай
жағдайларды оқытушы да, оқушы да тиімді пайдалана білу керек.
Тіке байланыс принципінің ерекшелігі - кез келген жағдайды, ортаны
дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта
білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп, сейлесу мен түсінісуге жол табу.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс
принципіне негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке
басына тән барлық қасиеттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыдан
зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға негізделеді. Барлық оқыту
жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді.
Мысалы тілге бейім оқушыға қосымша қызықты тапсырмалар беру, өз
бетінше белгілі бір тақырыпты меңгерудің бағыттарын ұсыну, мәтіндерді жаңа
сөздермен толықтырып, ізденіс арқылы жаңарту т.б. осы сияқты жұмыстарды
орындатуға болады. Адамның жеке қабілетін ескеру оқушының істеген жұмысына
тексеру не бағалаған кезде оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көбірек
көңіл бөліп отырғанды қажет етеді. Тіл үйренушінің жеткен жетістігін,
табысын атап өту арқылы ұстаз оның ынтасын, қабілетін, өзіне деген
сенімділігін арттырады.
Бұл принцип - әдістемелік әдебиеттерде жан-жақты сөз болып жүрген
қағидалардың бірі. Осыған орай оның өзіндік белгілері мен түрлері,
ерекшеліктері т.б. айқындалған.
Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау принципі
қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда тілді үйретуге
байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын
жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің
алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей ғұрып,
алда қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес.
Мысалы: сабақтың мақсаты оқушыларға алдағы жексенбіні қалай өткізу
туралы әңгіме құрастыру болса, ұйымдастыру кезеңінен кейін-ақ, осы
тақырыпқа қатысты сөздер алынып, бірден сөйлесім әрекеті іс жүзіне
асырылады. Алғашқы орындалатын тапсырмалар берілген тақырыптағы мәтінмен
жұмыс істеуден басталады да, сабақ барысында сөздікпен жұмыс, аудармалық
жұмыс, жаттығу жұмыстары, суретпен жұмыс, өз бетінше жұмыс т.б. болып қатар-
қатар орындала береді. Ал олардын өзі іштей сала-салаға жіктеліп, әр
жұмыстың түрлері бірде сұхбат арқылы бірде жұп арқылы, бірде оқушының
мұғалімдік ролі арқылы т.б. жолдармен қызықтырылады. Мәселен, сөздіктегі
сөздермен жұмыс: жаңа сөздерді табу, сөздердің мағынасын ашу, сөздерді
алфавит бойынша тізу, сөздерді таблицада жұмсау, сөздерді торға
орналастыру, аудару т.б. болып түрлене берсе; жаттығу жұмысы: фонетикалық
жаттығу, лексикалық жаттығу, грамматикалық жаттығу деп топтастырылып,
сөйлеуді үйретуде қайсысы осы сабақта қажеттірек, соған байланысты
тандалып, осы сабакқа қатысты минимумдарға енгізіледі т.б.
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері ауызша және жазбаша түрде
орындалады.
Бұл принцип оқыту процесінде өткізілетін жұмыстың бірнеше түрлерін
қамти келіп, жұмыс түрлерінің санымен емес, сапасымен ерекшеленеді
Жұмыс түрлерін айқындау принципі мұғалімнің жан-жақты ізденуін, алдына
нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді
және тіл үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа
орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының
қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына болады.
Жұмыс түрлерін айқындау туралы принцип сөйлеудегі қатысымдық
бірліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын жан-жақты анықтауды қажет
етеді.
Осыдан келіп, сатылап даму принципіне сүйенуге тура келеді. Бұл қағида
бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру
де, сөйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстың түрлері де бірте-бірте
жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке т.б. сатылап өсу
үстінде болу керек.
Мысалы, оқытушы мәтінді оқи отырып, алдымен оқушыларға түсінікті
сөздерді бөліп алып, оларға жаңа сөз тіркестерін ойлап табуды тапсырады.
Оқушылар мәтіндегі өздеріне таныс сөздермен өз сөз байлықтары арқылы, яғни
өздері білетін сөздер арқылы тіркестер құрастырады. Енді айтылған
тіркестермен сөйлем құрау іс жүзіне асырылады.
Келссі кезекте мәтінді қайталап оқып, одан оқушыларға түсініксіз
сөздерді тапқызады да, оларды тақтаға жазғызып қояды. Бұл сөздердің
аудармасы беріліп, мағынасы түсіндірілген соң, бірнеше мысалдар айтылады.
Оқытушы таныс емес сөздердің айтылуын, жазылуын, мағынасын т.б.
ұғындырып болған соң, оқушыларға бұл сөздермен өздеріне бұрыннан таныс
бірліктерді қосып, сөз тіркестерін ойлап табуды тапсырады. Сөйтіп, бүкіл
мәтіндегі бір сөз бен екінші сөз, бірінші сөйлем мен екінші сөйлем, алғашқы
тіркес пен кейінгі тіркес оқушылардың бұрыннан өздері білетін сөздері
арқылы жаңарып, барлық сөздер тың байланысқа түсіп, мәтін әрі есте қалады,
әрі сөйлеуге үйретудің бір үлгісі болып сапалады. Сөйтіп, сөз тіркеске
айналып, тіркес сөйлемге қосылып; бейтаныс сөз таныс лексикаға ауысып,
тілдік қатынас жалғасады.
Мұнда бұл ерекшеліктердің бәрі жаңаша, жаңа түрде болуы шарт емес, тек
бүкіл оқу жүйесі бір сатыда тоқтап қалмай, дамып отыру керек. Даму кейде
еекіні жаңаша пайдалану арқылы да, кейде бұрынғы жұмыстарды мақсатына сай
пайдалану арқылы да, кейде өткендегіні қайталау арқылы да болуы мүмкін.
Сатылап даму принципінің нақтылы жолдары мен үлгілері арнайы қарастыруды
керек етеді және әр түрлі ұсыныстардың арасынан қажеттісін іріктеп алып,
оларды жан-жақты толықтырып, тәжірибеден өткізіп, зерттеуді қажетсінеді.
Динамикалық өзгеру принципі тілді оқыту барысында барлық іс-
әрекеттердің, жұмыстардың, қолданылатын құралдар мен материалдардың -жалпы
қатысымдық әдістің іске асуы үшін қажет құрамды бөлшектердің жетіліп,
өзгеріп отыруын қадағалайды. Ол жалпы жүйесінің бір орнында тұрып қалмай,
сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі өзгеріп отыруын қажет етеді.
Бұл принцип бойынша тек сабақ берудегі жаттығулар мен мәтіндер,
тапсырмалар мен тақырыптар т.б. ғана өзгеріп қоймай, катысымдық әдіске әсер
етуші сыртқы және ішкі факторлар да, олардың мәні мен маңызы да өзгеріп,
дамып отыру керек. Сол арқылы адамдар қарым-қатынасындағы пікірлесу мен
сөйлесу де жоғарғы мәдениеттілікке көтеріледі.
Өзектілік принципі барлық тіл үйрету мен оқыту жүйесінің ең басты
мақсатқа - тілдік қарым-қатынасқа - бағынуын талал ете келіп, сабақ беру
жолдарының әрқайсысы ортақ бір өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді.
Әр сабақ үстінде өтілетін тақырыптар, істелетін жұмыстар, сөйлесу
жаттығулары мен тапсырмалар т.б. - бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге
келіп тірелуі керек.
Тілді үйретудің басты түйіні, кілті - қазақ тілінде сөйлесе білу, өз
ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабаққа белгілі бір тақырыпта тілдесе білуден
басталып, кез келген ортада пікірлесуге дейін жеткізеді. Сондықтан
оқытудағы әр түрлі жұмыстар, сабақтар. т.б. бір орталық өзектен пайда бола
келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек.
Мысалы: сабақта өтілетін тақырып Қонаққа бару болса, барлық жұмыстың
түрлері де, сұрақ-жауап та, тексеру мен бақылау да, тындалым, оқылым,
жазылым, айтылым кезеңдерінде орындалатын тапсырмалар да - бәрі осы
тақырыптың төңірегінде топталуы керек. Сөз де, тіркес те, сөйлем де, жаңа
сөздік те қонаққа барғанда қалай киіну керек, не апарған дұрыс, қалай
сәлемдесуге болады, дастарханда қалай өзінді ұстағаның жөн, басқа
қонақтармен не туралы сөйлесуге болады, ас алудың тәртібі, тамақ жеудің
мәдениеті, дастарханның мәзірі, үйге қонаққа бару, кафелерге, ресторанға
қонаққа бару, шақырылған салтанатты кештерге бару т.б. сол сияқты
мәселелерге арналып, оқушымен оқытушы арасындағы бүкіл орындалатын
тапсырмалар, пікірлесулер, яғни жалпы қарым-қатынас осы ойға бағыну керек.
Сабақтың өзектілік негізі бір сабақта орындалуы да мүмкін, керісінше
бірнеше сабаққа, тіптен сабақтар жүйесіне сөзылуы да ықтимал.
Оқыту жүйесіне қатысты практика мен теорияны, тәжірибе мен білімді
жинақтай келе қатысымдық әдіс туралы анықтама сейлесім әрекетінің түрлерін
меңгеру мен әдістемелік принциптен ғана құралмайтындығын аңғаруға болады.
Тілді үйретуге байланысты қолданылатын қатысымдық әдіс, біздің
пікірімізше, бірнеше басты белгілерге ие болады. Бұл әдістің басқа
әдістерге қарағанда, өзіндік айырмашылығы бар.
Қазақ тілін практикалық жақтан үйретудің бұрыннан қалыптасқан әдістері
(талдау, жинақтау, салыстыру, өзгерту, баяндау, әңгімелссу, жаттығу,
индукция, дедукция, бақылау, бекіту т.б ) оқыту жүйесінде тұрақтала келіп,
мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай дамытылып отырады.
Жалпы түрде жинақтап айтсақ, бұл әдістердің бәріне тән ортақ мақсат -
сөздің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналарын түсіндіру, тілдің
грамматикалық құрылысын меңгерту, ауызекі сөйлеу тілінің сөздік қорын
үйрету. Бұл әдістерді қолданудың нәтижесінде оқушының сөз байлығы дамиды,
дұрыс сөйлеу қабілеті артады, тілдік бірліктерді дұрыс оқып-жазуды игереді,
олардың сөйлеу шеберлігі қалыптасады.
Мұғалім осы әдістерді тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың түсіну,
сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.
Қатысымдық әдіс оқыту әдісінің барлық түрлеріне қатысты осы
ерекшеліктерді де меңгереді. Сонымен қатар оның өзіне қатысты айырықша
белгілері де жоқ емес. Бұндай өзгешілік оның басқа әдістің түрлерінен
артықшылығында немесе алатын орнының маңыздылығында емес, өмірдегі тілді
оқыту, үйрету мәселелерінің өзі қатысымдық әдіске сай қасиеттерді саралап
шығуында.
Бұл қасиеттердің ең басты айырмашылығы қатысымдық әдістің ең үлкен
ғылымның басын біріктіріп отыруына байланысты. Оның бірі лингвистика да,
екіншісі - әдістеме ілімі. Әдістеме ілімінде әдістің қаншалықты маңызды
роль атқаратынына ешкім шүбә келтірмейді. Тілдік қатынас туралы мәселе
соңғы жылдары тіл білімінде жеке сала ретінде бөлініп шығып, арнайы
категория тұрғысынан қарастырыла бастады. Тіптен осының негізінде
қатысымдық лингвистика, қатысымдық әдістеме тәрізді ұғымдар да пайда болды.
Қатысымдық әдіске анықтама беру үшін негізгі белгілерін айқындау
жолында тілдік қатынастың ерекшеліктерін де ескеруге тура келеді. Тілді
үйрету мен оқытуда жан-жақты пайдаланылатын қатысымдық әдістің өзіндік
белгілері мыналар:
1. Қатысымдық әдіс кем дегенде екі адамның немесе бір адам мен топтың,
бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың немесе
белсенді іс-әрекетін жүзеге асуы натижесінде болады.
2. Қатысымдық әдіс оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән
міндеттері белек болып, ал олардың алдарына қойған мақсаттарының
ортақ болуын талап етеді.
3. Қатысымдық әдіс үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір
алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, адам мен
адамның бір ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады.
4. Қатысымдық әдіс оқыту жүйесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің қатынас қызметі
Компьтерлік окыту технологиясы
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың міндеттері мен талаптары
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Тілдік қатынас және әдістеме
Пәндер