Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру жолдары



Кіріспе 3
Негізгі бөлім.
1.1 3.4 жасар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін грамматикалық, тіл дамыту жұмыстары
5
1.2 Грамматикалық, тілдік мағыналар: балалардың, жалпы тілінің дамуы үшін оларды үйренудің ролі
18
1.3 3.4 жастағы балаларда грамматикалық дағдылардың қалыптастыру үшін арналған үлгі сабақтар
22

Қортынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»-деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы бар. Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген.
Балабақшада қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім, тәрбиеші - өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын мен көрнекілік - балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де анағұрлым жақсы дамиды. Онда көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Балабақашағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Курстық жұмыстың мақсаты: 3-4 жасар балалардың грамматикалық дағдылары туралы ұғым беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің грамматикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейіннің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
1. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы. Орал өңірі, 15 желтоқсан, 2012 жыл. №150.
2. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. 2007 ж.
3. Л.П. Федоренко,Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы, Мектеп, 1981 жыл.
4. Журнал «Балабақша», №2-6, 2009 жыл.
5. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі. Алматы – 1985 жыл.
6. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. Алматы, «Рауан» 1991 жыл.
7. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2002 жыл.
8. Т.К. Мүрсәлімов. Грамматикалық талдау әдістемесі. Семей, 2007 жыл.
9. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000 жыл.
10. А. Бакраденова, Б. Баймұратова. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1992 жыл.
11. Ә.Ишмұхамбетов. Қызықты грамматика. Алматы, 1995 жыл.
12. Б. Құлмағамбетова және басқалар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2000 жыл.
13. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, 1998 жыл.
14. Т.Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, Қ, Шәймерденов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999 жыл.
15. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. 2-6 жас аралығы. Алматы: Рауан, 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Көкшетау қаласындағы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы
педагогикалық колледжі

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру жолдары

Шифр 0101000 мамандығы Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні: Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

Жоспар

Кіріспе
3
Негізгі бөлім.

1.1 3-4 жасар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін грамматикалық, тіл дамыту жұмыстары

5
1.2 Грамматикалық, тілдік мағыналар: балалардың, жалпы тілінің дамуы үшін оларды үйренудің ролі

18
1.3 3-4 жастағы балаларда грамматикалық дағдылардың қалыптастыру үшін арналған үлгі сабақтар

22

Қортынды
33
Қолданылған әдебиеттер тізімі
35

Кіріспе

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде және Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек-деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы бар. Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген.
Балабақшада қазақ тілін оқыту Біз мектепке барамыз, Зерек бала бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім, тәрбиеші - өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын мен көрнекілік - балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де анағұрлым жақсы дамиды. Онда көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызық та тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Балабақашағы оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Курстық жұмыстың мақсаты: 3-4 жасар балалардың грамматикалық дағдылары туралы ұғым беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің грамматикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейіннің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
4. Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
Міне, осы мақсаттарды зерттеу практика барысында жүзеге асыру үшін мен курстық жұмыс тақырыбын 3-4 жасар балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру деп таңдадым.
Зерттеу пәні: Тіл жамыту. Балабақшадағы 3-4 жасар балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу нысаны: Балабақшадағы оқу процессі.
Зерттеу орны: Еркемай балабақшасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

Негізгі бөлім

1.1 3-4 жасар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін грамматикалық, тіл дамыту жұмыстары

Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы [1].
19 ғасырда еңбек еткен педагогтар алғаш рет балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика және тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын дәріптей бастады. Атақты педагог К.Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Алғаш рет 1939 жылы А.Н. Северцов тұжырымдаған, кейіннен П.К.Анохин дамытқан (1949) системогонез туралы ілімнің, мүшелер жүйелерінің гетехронды түрде даму принципінің жасқа байланысты физиологиялық дамуына ықпалы күшті болды. П.К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмнің түрлі кезеңдерде дамуы, оның құрылымдарының бір-біріне уақытқа байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады.
И.П. Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н.К. Крупская былай деген: Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, -- ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес.
Балалар мен жас өспірім организмінде, органдарының құрлысы және қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану -- әрбір мектеп маманының міндетті ісі.
Әсіресе, жас мамандардың педагогтік шеберлігінің дұрыс қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, Жайлауға саяхат, Шопан ата қонақта, Ыдыс дүкені, Мектеп, Мұғалім, Дәрігер, т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті кәмпит, нан, тоқаш, құрт, ыдыс-аяқ, Жайлау ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша -- балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол -- жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі -- тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды данышпан лингвистер деп атаған болатын.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.
Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.
Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.
3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік - қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға - 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі - затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.
Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты -- әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді [2].
Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң Күзде деген суретті көрсетіп әңгімелесу. Қияр мен капуста деген ертегіні оқу, Қызғаншақ деген тақпақты жаттау, Бұл не? деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді.
Ересек балалар тобында аптасына 15 сабақ (2 сабақ орыс тілі) өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту - аптасына 1 сағаттан 32 сағат, табиғат таныту, шығарма оқу -- 0,5 сағаттан (1) 32, айналадағы дүниемен таныстыру 1- сағаттан 32 сағат, сауат ашу 32 сағат. Сонда бұл топта 5 түрлі сааққа 128 сағат беріліп отыр. Осы сағатты әр сабақтың өз көрсеткішіне қарай жұптау керек. Жоспар жасауда ескеретін мәселелер:
1. Сауат ашу деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету,
сөйлем, сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдарды практикалық тәсілмен меңгертіледі.
2. Бақылау жұмыстарына байланысты сабақтар тіл дамыту жұмысынан тыс өтіледі. Бағдарламада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына жеке бөлімдер берілген.
Алайда балабақшада өтілетін тіл дамыту жұмыстары аталған бөлімдерге практикалық жолмен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені мектепке дейінгі баланың тілі өзін қоршаған орта арқылы толығады. Қоғамдық, маусымдық мағлұматтар, жан-жануарлар дүниесі туралы білім беру, баланың логикалық ойын, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту біртұтас қарастырылады. Сондықтан тәрбиеші бағдарламаның осы бөлімдерінен берілетін материалдарды тіл дамыту жұмыстарымен сабақтастыра, үйлестіре жоспарлауы керек.
Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешелерінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жаңа бағдарлама бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз, дыбыс деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді.
Бала тілінде грамматикалық формаларды қалыптастыру көзделеді: сөздерді жекеше, көпше түрде (бала -- балалар, доп - доптар, қуыршақ - қуыршақтар, т.б.) айтуға үйрету, өзіне қойылған сұрақты тыңдап, сөйлем түрінде жауап беруге жаттықтыру, яғни байланыстырып сөйлеуге үйрету жөнінде әр түрлі практикалық жаттығулар орындалады.
Тіл дамыту сабақтары баланың өткен сабақта алған білімімен байланыстыра жүргізіледі. Мысалы, сәбилердің өз бөлмесімен таныстырған соң, Бөлмеде не бар? деген тақырыпта әңгімелеседі. Әңгімелесудегі мақсат - баланың көргенін, естігенін естеріне түсіру, күнделікті пайдаланатын бұйымдардың атына байланысты сөздерді меңгерту. Сабақта затты көрсетіп, атын сұрау, өздеріне айтқызу әдістері қолданылады.
Бағдарламада 2-3 жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиетінен, балалар жазушыларының шығармаларынан, туысқан халықтар әдебиетіне жеңіл тақырыптар алынады.
2-3 жастағы балаларға ертегілерді ауызша әңгімелеп береді. Сондықтан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін сұрақтар беріледі де, соған тиісінше жауап алады. Ал ертегіні оқып беруден бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Лақтар мен қасқыр, Бауырсақ ертегілері оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау, бауырсақтай домалау, Қайтті? Қандай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап бергізе отырып, қимыл-қозғалысын жасату. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланеграфта орнын ауыстырып көрсетеді [2].
Сабақта шығарма сюжетіне орай көріністер жасату, рөлге бөліп орындау (кейіптендіру), көлеңке театрын көрсету. Балаларға таныс ертегіні көрнекі құралсыз айтып беріп, есте сақтауға үйрету.
Жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес екі жастағылармен өтілетін тіл дамыту сабақтары мына түрде жүйеленеді: оқу жылының алғашқы жартысында затты көрсете отырып, оның қалай аталатынын айтып түсіндіру; сол затпен ойната отырып, сөзбен дұрыс атап айтуға үйрету. Өйткені балабақшаға жаңадан қабылданған балаға айналасындағы заттар, ойыншықтарды тану қиын, жуыну, киіну сәттерінде өздігінен еркін сөйлесіп, белсенді қимыл-әрекет жасайтын баланың жаңа ортаға, ондағы күн режиміне, балалар коллективіне, тәрбиешіге үйреніп, үйлесіп кетуі бірден ойдағыдай бола бермейді. Өйткені ол жаңа ортаға келді. Ұжымдық жұмыс түріне (ойын, сабақ, серуен, тағы басқа) үйренуге тиісті, олай болса, бұл топта өтілетін оқу-тәрбие жұмысында тәрбиеші күн режимін дұрыс ұйымдастыра отырып, балаларды ұжымдық жұмыс түріне қызықтыра білуге тиісті. Балаға жылы шырай білдіре жүріп, олармен жүргізілетін 10-15 минуттық сабақта ойын әдісін түрлендіре қолданып, балаға өмірге қажетті әр затты таныстыруда ойната отырып сөйлесуі керек. Сол себепті бағдарламада көрсетілген сабақ ойын түрінде берілген. Мысалы, заттық ұғымдарды меңгертуде ойыншықтармен ойын-көріністер жасату. Ондай көріністер мына түрде: Ғажайып қалта, Әткеншек, Үйшіктегі кім?, (кімдер?). Затпен әр түрлі қимыл-қозғалыс жасата ойнатып, күнделікті өзіне қажетті әрекетті түсініп, дұрыс орындауға (тамақтандыру, киіну, шешіну) үйрету мақсаты көзделеді. Сондықтан Қуыршақты ұйықтату, Қуыршаққа тамақ беру, Қуыршақ өлең айтып, би билейді, тағы басқа сан түрлі ойын өткізіледі. Бұл ойындар -- жай ғана ермек үшін емес, баланың күн режимі, күнделікті іс-әрекетімен сабақтасып жатқан жұмыс түрлері. Осындай ойын балаларды сөйлеуге, қарапайым еңбек түріне, ұжымдық бірлесе жұмыс істеуге, адамгершілікке үйрете отырып, болашақ өміріне қажетті білім-дағдылардың ең басты түрлерін меңгеруге негіз болады.
Тәрбиеші қуыршақтарды, үй жануарларының, құстардың ойыншық мүсіндерін көрсете отырып: Қуыршақ қонаққа келді, ол сендермен бірге өлең айтып, би билейді, серуенде ойнағысы келеді, -- деп түсіндіреді. Балалардың өздерінен ойыншықтары туралы сұрай отырып, оларды сөйлетеді. Менің қуыршағым үлкен, сенің қуыршағың қандай? Мына қуыршақ жуынып жатыр. Сен үйде не істейсің?, тағы басқа сұрақтардың көмегіне сүйеніп, екі-үш сөзден құралған сөйлемдер айтуға жаттықтырады.
Баланы ана тілінде сөйлеуге, айналасын бақылап, тани түсуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір түрі - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. Балаға бағдарламалық материалды меңгерту, үйренген білім-дағдылырын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Онсыз сәбилерді қажетті білім дағдыларына үйрету; түрлі тәрбие жұмыстарын жүргізу; олардың сөздік қорын молайтып, есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып, жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Сондықтан балабақшаның тәрбиешілеріне арналған бағдарламалық жоспарды басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік қорларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық ойындар ұсынылған: Жасырылған затты тап, Ғажайып қапшық, Ойыншықты тап (оның түрін, көлемін, формасын атап айт - домалақ, көк, кішкене, т.б.), Қолыңмен байқап көр, атын айт (бала дорбаға салынған заттарды қолымен танып, алады), Жаңа қуыршақты қабылдау, тағы басқа ойындары.
Сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен мұндай ойындар көбірек өтіледі. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, мазмұнын айқын түсіндіру, көрген заттарын ойын арқылы нақтылап, есіне сақтау мақсатында өтіледі.
Балабақшадағы естияр, ересек тобындағы оқу-тәрбие жұмысында, балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада аталған әдеби шығармаларды меңгерту -- әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлең, т.б.), оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескеріледі.
Сөзді түрлі формада қолдануға үйрету жұмыстары тіл дамыту сабақтары кезінде іске асады.
Тіл дамыту, сөз қорын молайту сабақтарында баланы сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету ісіне баса назар аудару керек. Балалардың көбінің сөз ішінде кездесетін р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын айтуға қиналатыны байқалады. Кейде бала аталған дыбыстарды жеке - жеке дұрыс айтады да, сөз ішінде дұрыс айта алмайды.
Балалардың дыбыс қолдануында мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөзде дыбыс қалдырып айту; сөз ішінде дыбыс алмастыру. Мысалы, қуыршақ - құршақ, қолғап - қолбақ, орамал-омалар - омайлар.
Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа сабақтарда (шығарма оқу, дидактикалық ойын, бақылау) сабақ мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтатын болуы қажет.
Жоғарыда аталған кемшіліктерді түзету үшін ең алдымен балаға қиын р, ш, з, с, ж дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, баланың құлағын (есту қабілетін дамыту) сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру керек. Онан соң дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерінің осы дыбыстарды айтқанда қалай қолданатыны балаға көрсетілуі жөн. Мысалы, ш дыбысын айтқанда ерін алға қарай сәл ғана сүйірленіп тілдің ұшы тістен алыстап, артқы көмейге қарай жиырылады, ж дыбысы да сол сияқты айтылады. С дыбысын айтқанда ерін аз ғана ашылып, тіл төменгі тістің түбіне таяу келеді, з дыбысы да осы сияқты айтылады. Соңғы дыбысты айтқанда бір ерекшелік -- аздаған үн қатысады.
Міне, тіл дамыту жұмыстарының барысында балалар нені меңгеру керектігін атап көрсеттік. Қорытындылай келе, мектепке дейінгі балаға дұрыс берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қоры мол, сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз болашақ тәрбиешілер дұрыс түсінгеніміз жөн. Тіл дамыту бойынша оқылатын әрбір сабақ өзінше ерекше болуы керек. Және де ол баланың бойына сіңіп, тамырын тереңнен алғаны жөн деп ұғамыз.
Баланың ақыл-ойы мен тілінің жетілуі үшін зор мәні бар сенсорлық қасиеттері тез даму үстінде болады. Іс-әрекет жасау процесінде қоршаған орта әсерін қабылдау қабілеті жетіледі (1 сызбанұсқа).

Қабылдаудың қасиеттері
Заттығы

Тұрақтылық

Біртұтастық
Таңдамалылық
Жүйелілік
Саналылық

1 сызбанұсқа. Қабылдау қасиеттері

Бала заттардың белгілері бойынша - түсіне, формасына, көлеміне қарай оларды ажырата білетін болады: салыстырп, ұқсастықтарын аңғарып түсіне бастайды (2 сызбанұсқа). Алдымен үлгі бойынша содан кейін ересектердің сөзі бойынша ұғып ол 2 -3 түрлі түсті шариктің ішінен қажетті түсі бар шарикті немесе үлкендігі әртүрлі 2-3 қуыршақтың ішінен ең кішкенесін таңдап ала алады.

Қабылдау
Жүйеленуі
Модальдігі
Формасы
Ерік
Жеке айырмашылықтар
-Көру
-Сипап сезу
-Иіссезу
-Дәм сезу
-Есту
-Кеңістік

-Уақыт

-Қозғалыс
- Ерікті

- Еріксіз

-Аналитиалық
-Синтетикалық
-Сипаттамалы
-Түсіндірмелі
-Объективті
-Субъективті

2 сызбанұсқа. Қабылдаудың жүйеленуі.

3 жас бойына балалардың мінез-құлқының күрделенуі ең алдымен баланың ақыл-ойын одан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен байланысты. 3 жасқа қарағанда:
1) айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді - келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;
2) балалардың актив сөзін жетілдіру - сөздікті байыту, барлық сөз таптарын пайдалана отырып, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту -- өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сұрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым-қатынас жасау себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі және т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
6) сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды - үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;
7) мәдени тілдің дағдыларына - ақырын, асықпай, оның үстіне қолдарды ербеңдетпей және т.б. сөйлеуге тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі балалармен өзара қарым-қатынастар пайдаланылады. Балалардың сезімдік тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуендеу кезінде, үйде бақылай отырып, картинаны қарап, оларға әлденені көрсете, олардың ойындары жөнінде сөйлесе отырып, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай, сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты анықтап, заттардың қасиеті мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет. Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру қажет. Қандай да бір әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не істейтінін , қайда баратындарын және т.б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан сылтаулармен үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның дамуына жәрдемдеседі.
Бала әрбір сөйлеген кезде қолдап отыру қажет, оған қысқа жауап бере салмай, мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай: Жарайсың, жақсы салыпсың деп айта салмай, онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға біртіндеп күрделелініп отыратын сөздік тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп отыру керек, мысалы: Гулшат Стамғазиевадан (тәрбиешінің аты) кітапша сұра, былай деп айт: Гулшат Стамғазиева маған кітапша беріңізші. Ал содан кейін үлгісіз-ақ тапсырмалар беруге болады: Аруна Мамыраеваға (күтушінің аты) айт, ол бізге саз балшық әкелсін, біз мүсін жасаймыз.
Негізінен 3 жаста да балалармен олардың сезімдік жағынан нені қабылдайтыны, яғни олардың нені көретіні, натурада, картинкада немесе ойыншықтар арқылы не көрсетуге болатыны туралы айту керек. Сонымен бірге балаларға бұрын ешуақытта да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ жекелеген элементтері балаларға олардың бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс оқиғалар туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан секірген кезде құлап аяғын қалай ауыртып алғанын, оны бақшадағы балалардың қалай күткенін, немесе әжейдің дүкеннен келе жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын және балалардың оған алмаларды жинауға және үйге дейін жеткізіп беруге қалай көмектескенін және т.б. туралы әңгімелеп беруге болады, тіпті әңгімелеп беру қажет те [3].
Ана тілді үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзіні сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабылеты - сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекістері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3( сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабылеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабылеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін айтады.
Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдану сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.
-- менің қызымның қолы қайсы? - дейді анасы сәбидің қолын ұстап, қол деген сөзді ерекше бөліп дауыстап - міне, қолы! Қолы қандай десеңші! Қазір біз оны сабындап, жұмсақ жөкемен ысқылаймыз. Міне, қолы да жақсы сабандалды! Ал, екінші қолы қандай? Міне, екінші қолы! Бұл қолында сабындаймыз, енді қолдарын шайамыз, алдымен мына қолды, сосын екіншісін, енді екі қолымызда тап-таза.
-- Алты айлық бала үйретушінің сөзін жәй ғана тыңдайды, күлімсірейді, ойнайды. Тоғыз айлығында немесе жасқа толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға талпынады.
-- Ко, -- дейді қыз, ең алдымен анасының сөзіндегі екпінді ұғып.
-- Қол. Менің қызым жақсы сөйлейді. Қол. Қане, тағы бір айтшы.
-- Ко, -- дейді қыз бір қолын көтеріп.
-- Тағы бір қолың қайда?
-- Қо. -- дейді сәби екінші қолын көтеріп.
Бұл кезде сәби қол деген сөздің жалпы мағынасын ұғады, яғни бұл сөздің өз қолын ғана емес, анасының, әжесінің, қуыршағының қолын білдіретіндігін түсінетін болады.
Еліктеу әдісі бүдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе? Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма?, Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше? -- деп сұрайды ересек адам. Бала жауап бере отырып, тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: Кішкентай, Жүреді, Би-би!, Ту-ту!, Гу-у-у!. Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.
Баланық құрылыс салуына көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың
затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс -- әрекетін атайды.
Мысалы, бала ересек адамның кемегімен конструктордың тетіктерінен машина құрастырады.
-- Шыңғыс, біз не құрастырамыз? Автомобиль ме? Қандайын? Волганы ма немесе жүк машинасын ба?
-- Жүк машинасын.
-- Алдымен бізге доңғалақтар керек. Шыңғыс, доңғалақтарды бере қойшы. Сен не әкелдің?
-- Доңғалақтар... Әкелдім.
-- Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы доңғалақтарға қоялық. Енді кабинасын орнатайық...
Осылайша ізделіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі кұрастырған автомобильдің белшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта отырып, бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.
Сюжетті драмалық -- рольдік, режиссерлік ойын процесінде тіл дамыту үшін колайлы жағдай ерекше көп болады.
Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі езі байқаған немесе әңгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: мамам балаларды тамақтандырып жатыр, тракторшы жер жыртып жүр, электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді, мұғалім мектепте балаларды оқытады космонавт Айға ұшады және тағы басқа. Бала ересек адамның қимылын да, сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.
-- Сіздің үйде жарық бар ма? (Сіздің үйде жарық бар ма?) деп сұрайды Аслан (2,5 жаста) әжесінен жуырда келген электр монтерінен келгенін қайталап (ол сыртқы есіктің кіре берісіне тұрып алып, қасын қимылдатады, жұмысшы адамнан көргеніндей, өзінше сұсты болғысы келеді), Әжесі ойынға араласып:
-- Пробкалар үиімде күйіп кете береді, оларға не болды екен, қарап көріңізші, -- дейді ол немересін сөзге шақырып, бұл арқылы оны байланысгыратын диалогтік сөйлеуге машықтандырады.
-- Әзір емдейміз (Қазір жөндейміз), -- деп монтер Аслан әжесін жүбатады. Егер Асланға дер кезінде қажетті сөздерді айтып отырса, диалог жалғаса беруі мүмкін.
р е жиссерлік ойында бала өзі роль алмайды, оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді -- балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с. с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.
Мысалы, үш жастағы баламен қонаққа бару ойынын ойнады делік. Тәрбиеші балалардың алдына балалар бақшасына қонаққа келген ойыншықтарды -- қонақтарды -- қатарлап отырғызады.
-- Бізге қонаққа бірінші кім келді? Аю ма? Тағы кім келді? Матрешкама? -- деп сұрайды тәрбиеші.
-- Міне, аю келді, матрешка келді, -- деп жауап береді қыз.
Сөйлеу мәдениетіне сәйкес қонақтар сыпайы қарсы алынады, оларға жылы сөздер айтылады.
-- Ал, енді аю кетіп қалды: топ-топ, есік жабылды. Аю жоқ. Кім жоқ?
-- Аю жо-оқ.
-- Аю жоқ. Аю -- деп айт.
-- Аю.
-- Жақсы. Ал енді матрешка да кетіп калды. Матрешка жоқ. Кім жоқ?
-- Матрешка жоқ.
-- Аю кетіп қалды, матрешка кетіп қалды. Аю да жоқ, матрешка да жоқ, -- деп айт.
Бала бұл сөйлемді қайталайды (еліктейді), сол арқылы грамматиканы: зат есімді қолдануды үйренеді.
Драматизациялық ойында бала таныс ертегілерден бір кейіпкердің ролін алып, ойын процесінде өз кейіпкерінің сөзін қайталайды, сол арқылы өзінің тілін байытады.
Алты жасар Қайрат қарындасы Айзере мен (2 жас 10 ай) Қызыл Телпек және сұр қасқыр ойынын ойнап жүр. Ол, әрине, қасқыр және аңшы, ал Айзере -- Қызыл Телпек. Қайрат-қасқыр әжені жеп үлгерді, диванға жата кетеді де, мойнына дейін бүркеніп, қарындасына бүйырады:
-- Сен менен: сенің қай жерің қандай? -- деп сұрады.(!)
Қарындасы өз тұрғысынан артық сез деп санағандарын тастап кетіп, бірден толғандыратын нәрсеге көшеді:
-- Әжей, аузың... неге үлкен, -- дейді ол толқып. Бірақ ағасы риза емес:
-- Сен алдымен: көзің қандай, құлағың қандай? -- деп сұра! -- Бірақ қарындасы өзін-өзі игере алмай:
-- Аузың қандай үлкен еді... -- қорыққанынан көздерін бақырайтып, қазір оны жеп қоятындай күтіп тұр.
Ағасының бұлай ойнағысы келмейді:
-- Мама, -- деп айқайлайды ол, -- мен оны жемеймін! Ол дұрыс ойнамайды [4].
Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру болып табылады. Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-ысқақпен, әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп ойнайды және алдымен әзіл-ысқақты, санамақты езі айтып, өлеңді де өзі әндетеді. Баланың ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтын Алақай-ау, алақай! ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала оның тек .қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т.с.с.). Үш жасар балалар Каравай ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана .қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: Бәріміз шеңбер жасап тұрайық! Қолдан ұстасайық! Айналып жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын! -- деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, ролді зеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. Олар үшін мынадай санамақ оқу өте жақсы:
Күнбе-күн, күнбе күн,
Сүрғылт қоян діңде отыр.
Сұрғылт қоян, қара, әне,
Галя шықты далаға.
Қолға орамал алады,
Галя әнге салады.
Көкірегі үркіп, дүбірлеп (Л. Прокофьев)
Бұл өлеңде сөздің тамаша үйлесуі, би әуенінің тартымды ырғағы бар. Лексикасы тартымды. Әнші, биші қыздың және масаттанған қоянның поэтикалық образы балаларды таңырқатады. Өлеңдегі салыстырылмалы грамматикалық формалар (түбірде, түбірден) грамматиканы оқытуда тамаша дидактикалық материал болып тұр. Тәрбиешінің кейбір тұрмыстық іс-әрекетті орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.
Мысалы, ұйықтар алдындағы жуынуға қызықтыру үшін тәрбиеші сәбидің біреуіне қарап:
-- Али, суға: Су, су менің бетімді жу! -- деп айт дейді.
-- Али, жақсы айттың! Ал енді Дария айтсын!.. Әуезхан!
Балалар ықыласпен айтады. Сөзді жігермен онша артикулдей алмайтындарға тәрбиеші мынандай ұсыныс жасайды:
-- Самал, сен судан дауыстап, анықтап сұра. Келіңдер, бәріміз судан қосылып сұрайық.
Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі
Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі -- сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда [ж] -- [з] тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.
1. -- Али, қоңыздың қалай ызыңдайтыны есіңде ме? -- деп сұрайды тәрбиеші. Бала есіне түсіреді:
-- Ол... ж-ж-ж... .
-- Ал маса қалай ызыңдайды? -- деп тәрбиеші баланы ұқсас дыбыстың артикуляциясына жетелейді.
-- Маса... з-з-з-...
Бұл тәсіл сөзбен елестетуге сүйенеді (сөзбен елестету үлгісі).
2. Осы мақсат үшін сюжетті рольдік ойын тәсілін пайдалануға болады:
-- Самал, Сейтжан, Нұрсұлтан! Сендер қоңыз боласыңдар, ал Али, Айзере, Дария, сендер маса боласыңдар. Бір-бірлеріңе қарсы ұшып, ызыңдаңдар.
Сөздің мағынасын, мысалы, көкөніс деген сездің мағынасын, есте қалдыру әр түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Арнайы осы мақсатқа арналып стол үстіне көкөніс қойылған ас үйге тәрбиеілі балаларды ертіп әкеліп, бәрінен былай деп сұрайды:
-- Стол үстінде не жатқанын көріп тұрсыңдар ма?
Балалар көргендерін тізіп айта бастайды:
-- Сәбіз, ...қияр... помидор... баклажан...
-- Мұның бәрін бір сөзбен не деп атайды?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Мектеп жасына дейнгі балалардың сөздік қорын байыту әдіс тәсілдері
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Пәндер