Шартты рефлекс туралы



Мазмұны
Кіріспе 2
1. Рефлекс ұғымы 3
2. Шартты рефлекс 4
2.1 Шартты рефлекстің қасиеттері 6
2.2 Шартты рефлекстің жіктелуі 6
3. Шартсыз рефлекс 8
3.1 Шартсыз рефлекс түрлері 9
4. Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы. 10
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12
Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы — мінез-құлықты білдіреді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады.
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Дүйсенбин Қ. «Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы». – Алматы: Қазмем ҒА ҒЗИ, 2001. -217 бет
3. http://referattar.kazaksha.info/
4. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Рефлекс ұғымы 3
2. Шартты рефлекс 4
2.1 Шартты рефлекстің қасиеттері 6
2.2 Шартты рефлекстің жіктелуі 6
3. Шартсыз рефлекс 8
3.1 Шартсыз рефлекс түрлері 9
4. Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы. 10
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе
Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы -- мінез-құлықты білдіреді. Рефлекс -- жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады.

1. Рефлекс ұғымы
Рефлекс(лат reflexus -- кері қайтарылған, шағылысқан) -- ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 -- 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. "Рефлекс" терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 -- 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай рефлекстің бірнеше түрлері бар.
* Биологиялық маңызына қарай қоректік, қорғану, бағдарлау рефлексі, т.б.;
* рецепторлардың (сезімтал жүйке ұштары) табиғатына қарай экстеррецептивтік, интеррецептивтік, проприрецептивтік рефлексі;
* нейрондардың орналасуына қарай жұлындық, булбарлық (сопақша ми), диэнцефалдық (аралық ми) рефлексі болады.
Рефлекстің бұлай бөлінуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады. Себебі, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфологиялық және функциялық байланыс болады; эфференттік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тұлғалық және вегетативтік болады. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшенің (эффектордың) әсеріне байланысты қоздырғыш және тежеуші рефлекстер болып бөлінеді. Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі. Рефлекстің түрлі органдардың қызметі мен олардың байланысын реттей отырып, ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етуде, оны сыртқы орта жағдайларына бейімдеуде маңызы зор. Жүйке жүйесінің рефлексті әрекетінің нәтижесінде ағза әрекетінің тұтастығы және оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы анықталады

2. Шартты рефлекс
Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі.
И.П.Павловтың қағидасы бойынша, жағдайға байланысты әр адамда жаңа рефлекстер туады. Оның пайда болуына бейімделу кезінде бір себеп болады. Ал себеп болмаса, жаңа рефлекс тумайды. Бұл шарт, сондықтан да шартты рефлекс деп аталады. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке -- рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер -- ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мұның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.
Шартты рефлекстің тіршілікте маңызы зор.
1. Қоршаған ортаның жаңа бір жеріне барғанда, оның табиғатының өзгеше болуына сай бейімделген іс - қимыл, мінез - құлық рефлекс түрінде қалыптасады.
2. Шартты рефлекс жоғары жүйке әрекетінің қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
3. Ол жаңа пайда болатын іс - қимылдың физиологиялық механизмі, әрі ерікті іс - әрекеттің бастамасы, әрі нәтижесі деп қарау керек.

Шартты рефлекс шартсыз рефлекстің негізінде туатын болғандықтан, И.П.Павлов оларды жүйелік тәртіп бойынша ас қорыту, тыныс алу, қан айналыс, жыныстық қатынас,т.б. шартты рефлекстері деп жіктеген.
И.П.Павловтың шәкірті А.Д.Слоним барлық шартты рефлекстерді үшке бөлген:
Сыртқы қоршаған ортаға бейімделу рефлекстері;
Ағзаның ішкі дүниесін қалыпты жағдайын сақтау рефлексі;
Өсіп - өну рефлекстері.
Тіршіліктің жағдайының өзгерісіне сай пайда болатын рефлекстерді табиғи, ал лабораториялық жағдайда туатындарды жасанды шартты рефлекстер деп айтуға болады. Тәжірибелік шартты рефлекстерді уақыт көрсеткішіне қарай бір сәтті, кешігулі, кешіккен және көп кешіккен рефлекстер деп жіктейді.
Сыртқы қоршаған ортада бір емес, бірнеше толып жатқан тітіркендіргіштер бар. Қазіргі сәтте бірі қажетті, басқаларды уақытша қажетсіз , - дейді И.П.Павлов. қажеттісіне ғана шартты рефлекс туады. Мысалы, екі ұқсас нәрсе тұрса, бала оның біреуін қолына алайын деп жатқанда кәмпит бермесе, ал екіншісін алғанда кәмпит берсе. Кәмпитті ұнататын бала біріншісін емес, екіншісін есіне сақтап қалады. Бірақ бірден есінде сақтап қалмайды. Алғашқы кезде екеуіне бірдей жүреді. Бірақ қайталанғаннан кейін бала босқа жүгірмей, кәмпит беретін нәрсені ғана алады. Ол екі нәрсе ұқсас болғанымен, біреу кіші, екіншісі үлкендеу. Сол екіншісін үшінші нәрсенің жанына орнын ауыстырып қойса, ол өзінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Көп уақыт қайталанған шартты рефлекс өте тұрақты болып шартсыз рефлекс дәрежесіне жетеді. Сонда осы ескі шартты рефлекс негізінде екінші жаңа шартты рефлекс тууы мүмкін. Ал егер ол нығайып тұрақтанса, соның негізінде үшінші шартты рефлекс пайда болады. Сөйтіп, 1-ші, 2-ші, 3- ші, 4- ші, 15- ші дәрежелі шартты рефлекстер туады. Иттерде 4-ші дәрежелі, маймылдарда 8- ші дәрежелі рефлекстер, ала адамда 20-шы дәрежелі рефлекстер болатыны айқындалады.
Шартты рефлекс тек қана сыртқы әсердің нәтижесінде туады десек, қателескен болар едік. Шартты рефлекстің ерекше бір түрі - іште, ана құрсағында пайда болған рефлекс. Ол - болжамалы рефлекс. Сана - сезімдегі мәліметтер түрткі болып, соған сәйкес іс - әрекет, яғни рефлекстік жауап іздестіріледі. Осының іштен туған болжамдық рефлекс дейді. Бұл ағылшын оқымыстысы Ч.Шеррингтон атаған алдын ала сезу түріне келеді. Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 -- 1936) . Ол -- жоғары жүйке қызметінің физиологиясы -- мінез-қүлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу әдістерін ашты.
И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер жиынтығынан тұратынын толық дәлелдеп берді.
Біріншіден, шартты тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің әсерімен сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды.
Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің әсері шартсыз тітіркендіргіштің алдында бірнеше рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамақ беруді бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі.
Үшіншіден, шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет кайталағанда да шартты рефлекс түзіледі.
Тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:
А. 1-реттегі ШР дегеніміз - шартты тiтiркендiргiш және шартсыз тiтiркендiргiштің бір мезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.
Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.
В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.
Г. Жоғарғы реттегі ШР - бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.

2.1 Шартты рефлекстің қасиеттері
Шартсыз және шартты рсфлекстердің бірнеше айырмашылықтары болады. Шартсыз рефлекстер -- организмнің туа біткен жеке тұқым қуалайтын әсерленісі. Шартты рефлекстер -- организмнің жеке дамуы кезеңінде өмір тәжірибесі негізінде пайда болған қасиеті. Шартсыз рефлекстін, салыстырмалы тұрақтылыры бар. Ал шартты рефлекс тұрақсыз, өзгергіш келеді. Ол белгілі бір жар-дайларга байланысты қурала-ды, сақталады немесе жойылып отырады. Шартсыз рефлскстер нақтылы рецеитор тітіркендіргішіне жа-уаи ретінде пайда болады. Шартты рефлекстер органпзм қабыл-дайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Шартты рефлекстердің тежелуі
Жүйке жүйесі
Шартты және шартсыз рефлекстер
Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары
«Ағзаның шартты – рефлекторлық қызметтері және оның нейрофизиологиялық механизмдері»
Психиканың ежелгі сипаттамасы
Жоғары жүйке іс-әрекеті
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Пәндер