Мемлекеттік қаржы



Жоспар:

Ι. Кіріспе

ΙΙ. Негізгі бөлім

а) Мемлекеттің қаржы жүйесі
ә) Қаржылық құқық
б) Мемлекеттік қаржылық реттеу

ΙΙΙ. Қорытынды
Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуметті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекетті мен құқығының негіздері» Алматы – 2003
2. Сапарғалиев Ғ.Н. оқулық «Құқық негіздері» 9-сынып Алматы – 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

Жоспар:

Ι. Кіріспе

ΙΙ. Негізгі бөлім

а) Мемлекеттің қаржы жүйесі
ә) Қаржылық құқық
б) Мемлекеттік қаржылық реттеу

ΙΙΙ. Қорытынды

Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне
қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге
асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуметті
құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық
әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс
таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам
жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы
дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам
мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру,
экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға
сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ
әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай
жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму
аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып
отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері
шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын
экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның
біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға
байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан
қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің
және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын
атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын
айтамыз.
Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және
қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет
меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы,
сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады.
Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай
ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге
асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық
қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және
басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және
ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы
жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай
қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы
жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық –
экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында
қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын
көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі
мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да
теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі
әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің
басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп
мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам
мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән
функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-
ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін
айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік –
экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы
жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері
қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын
қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән
қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды
қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын
қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары : мемлекеттің ақшалай
қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің
қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық
ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар
жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар
және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып
саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің бюджеттік қызмет, валюталық- қаржылық
қызмет, қаржылық – банктік қызмет, кредиттік қызмет, қаржылық – сақтандыру
қызметі, қаржылық – шаруашылық қызметі, салықтық қызмет, мемлекеттік
қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі әдістермен жүзеге асады: ақшалай
қорларды қалыптастыру, ақшалай қорларды бөлу, ақшалай қорлардың
пайдаланылуын ұйымдастыру. Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне ақша
қаражаттарын олардың иелерінен қайтарымсыз және мәжбүрлі түрде алып қою,
ақша қаражаттарын мәжбүрлі және қайларымды түрде алу, ақша қаражаттарын
ерікті және қайтарымсыз түрде тарту, ақша қаражаттарын ерікті және
қайтарымды түрде тарту, мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан
түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру, мемлекеттік қызмет
көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту, эмиссия жатады. Ақшалай қорларды
бөлу әдістері қаржыландыру, яғни ақша қаржыларын бюджеттен біржола, ақысыз
түрде беру, кредит беру, яғни ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде
және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру, кредиторлары алдындағы
мемлекеттің өз қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру ақшалай қорлардың пайдалану
бағыттарын белгілеу, мемлекеттің ақшалай қорларынан алынған ақша
қаражаттарының пайдалану тәртібін белгілеу, ақша қаражаттарын пайдалануды
жоспарлау, ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтері мен шекті
мөлшерін белгілеу, мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын бөлудің
нормативтері мен тәртібін белгілеу, ақшалай қорлардың пайдалануларына
бақылау жүргізу сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп қаржылық
қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша өз құзыреттері шегінде
уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық – құқықтық
актілерді айтамыз.
Сонымен құқық саласы ретінде қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру бакрысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің
барысында пайда болатын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Демек, қаржылық құқық пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын
қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Осы мемлекеттік қаржылық мынадай өздеріне тән белгілірімен
ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады, бұл қатынастар
әрқашанда бөлу сипатында болады, бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның
қарсы қозғаласына жолықпайтын ақша нысандағы құнның біржақты қозғалысын
білдіреді, бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп - өркендеуіне
байланысты пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі
ретінде көрініс табады, бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі
болғандықтан базистік қатынастар құрамында болады, бұл қатынастар әрқашанда
баламасыз қатынастар қатарына жатады, бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық
қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Қаржылық құқықтық реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық
қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі
өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік
мемлекеттік - өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық шартты әдіс
жатады.
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері
болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық
акті нысанында көрініс тапқан, осы әмірлі талап екі жақтың жүріс –
тұрыстарын мұқият айқындайды, екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері
мемлекет тұрғысынан туындайды және олар және осы қатынастарды реттейтін
нормативтік құқықтық актіде белгіленген, өздері үшін міндетті болып
табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға
хақылары жоқ, мемлекеттің әмірлі талабын бұлжытпай орындау мемлекеттік
уәкілетті бір жақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу
механизмімен қамтамасыз етіледі, екі жақтың да жүріп – тұру қағидаларын
таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем
болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән – жайларды қамтиды,
қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын
субьект, мемлекттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік
беретін өктем уәкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік –
әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті
кездерде диспозитивтік – шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті
көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу
әдістері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың
құқықтары мен міндеттері осы қатынасты реттейтін нормативтік актілер мен
өзара жасалған шарттың негәзәнде қалыптасады, мемлекеттің біржақты -өктем
әмірлі талабы қаржылық қатынастағы мән – жайларды толығымен қамтитын
сипатта болмағандықтан, осы қатынастың субьектілеріне өз еріктерін білдіру
құқығын қалдырады, қаржылық құқықтық қатынастағы екі жақтың құқықтары мен
міндеттері, императивтік әдіске тән өктем билік және тәуелділік сияқты
үзілді – кесілді формуламен көрсетілмей, сәл болса да теңестірілген, яғни
өктем уәкілетті субьектінің де өз контрагентінің алдындағы тиісті заңды
міндеттері анықталған, мемлекеттің өз контрагентінің жүріс- тұрысына
тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты - өктем мәжбүрлеу нысанында болып
қана қоймай, сонымен бірге экономикалық ынталандыру мен материалдық
мүдделерді пайдалану арқылы қызықтыру нысанында да көрініс табады, қаржылық
– құқықтық шарт қаржылық қатынасқа қатысушы екі жақтың құқықтары мен
міндеттерін туындатумен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына
қажетті құқықты көбірек береді, диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу
кезінде қаржылық – құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңды нысаны ретінде
көрініс табады.
Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей белгілі бір
қисындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған орай қалыптасқан
қаржылық құқықтың оның жүйесін білдіреді.
Демек қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар
жүйесімен обьективті түрде негізделген қаржылық құқықтың ішкі құрылысын,
сондай-ақ оны құрайтын қаржылық-құқықтық нормалардың өзара бірігуін және
өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатынастарға байланысты
белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі мыналар: 1. Мемлекеттің қаржылық
құрылысының құқықтық негіздері; 2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері; 3.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару; 4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық
негіздері; 5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері; 6.
Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан
тұрады.
Ал ерекше бөлімі мынадай: бюджеттік құқық; қаржылық-банктік құқық;
қаржылық сақтандыру құқығы ; қаржылық-шаруашылық құқығы сияқты өте ірі
бөлімдерден тұрады.
Мемлекеттік қаржылық құрылысының құқықтық негіздері мемлекеттің қаржы
жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін қаржылық
құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ақша қатынасы
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Шымкент каласынын каржы
Ресейдің қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер