Тұлғаны тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тұлғаны тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
2.2. Жас ұрпақты тұлға етіп тәрбиелеу . өмір талабы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Кіші мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.
Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.
Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық сфераларының өзара үйлесімділігін қажетсінеді.
Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. [1]
Николай Рерих: «Өмірдің негізгі мақсаты-өзіңді-өзің жетілдіру… Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық-өз келешегін ұмытқан халық»,-деген екен.[2]
Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүниетанымның өзегі –адамшылық. Қазақ: «Жаным-арымның садағасы», «Дүние- қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол »,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.[3] Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары »,-деген екен.
1. Мектептегі психология 2009 №3
2. С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие (қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие). Алматы, 1995.
3. Қазақ мақал-мәтелдері «Ана тілі» 2005ж
4. Г.Жонысова. Сабақ мазмұнындағы ұлттық құндылық бағдар
5. Құдайбергенова.К.Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өзіндік дамуында.Алматы2006

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тұлғаны тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
2.2. Жас ұрпақты тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.
Кіші мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.
Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.
Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық сфераларының өзара үйлесімділігін қажетсінеді.
Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол - халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. [1]
Николай Рерих: Өмірдің негізгі мақсаты-өзіңді-өзің жетілдіру... Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық-өз келешегін ұмытқан халық,-деген екен.[2]
Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүниетанымның өзегі - адамшылық. Қазақ: Жаным-арымның садағасы, Дүние- қолдың кірі, Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай, Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол ,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.[3] Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары ,-деген екен.

Тұлғаны тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев ...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік - саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеумет- тік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес.Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес. деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның Ұстаздан ұлағататты кітабында: Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету,-деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.[5]
Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.
Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі деген сөзін басшылыққа ала отырып, Менің Отаным-Қазақстан деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Жас ұрпақты тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Пәндер