Балабақшада сюжеттік-рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі



1. Балабақшада сюжеттік.рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі
2. «Сюжетті.рөльдік» ойындардың балаларға берер ықпалы
3. Сюжеттік.рөлдік ойындардың түрлерін қолдану
4. Еркін сюжетті.рөлді ойындардың ерекшелігі
5. Сюжеттік.рөлдік ойындардың бала өміріндегі маңызы

Қорытынды
Әдебиет
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын — адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын – өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Балалар ойын барысында:
1) Өзін еркін сезінеді.
2) Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
3) Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:
1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.
2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.
3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.
4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.
1. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп. - 2001. - №7. - 40-46 бб.
2. Жайлауова М., Сексенбаева З. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану // Бастауыш мектеп. – 2004. - №6. - 28-30 бб.
3. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы және балабақша. - 2002. - №1. - 9-10 бб.
4. Қоянбекова С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //Қазақстан мектебі. -2002. - №1-2. - 45-49 бб.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Балабақшада сюжеттік-рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын -- адамның кез келген іс-әрекеті сияқты -- балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, ойнай алатын өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде -- спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде -- әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті тірідей ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі - ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын - өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Балалар ойын барысында:
1) Өзін еркін сезінеді.
2) Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
3) Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:
1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.
2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.
3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.
4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Сюжетті-рөльдік ойындардың балаларға берер ықпалы
Сюжеттік-рөлдік ойындарды сабақ үстінде де, үзілісте де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, толық меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету үшін, оқушылардың оған толық қатысуы үшін сыныпты 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ойынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермен болып отырады. Содан соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады. Алғашқы кезде балаларды белгілі әңгіме, ертегі немесе мысалды сахналауға үйрету оңай болады. Кейіннен олар мұны меңгеріп болған соң, олардың өз шығармаларын ойнап көрулеріне болады. Мысалы, Сүйіспеншілік ойынын алайық. Мұғалім бағыттаушы сөзді таңдап айтады. Ойынға қатысушылар соған мәндес сөзді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Мысалы, сен әдемісің, сен бүгін сүйкімдісің! Құнды қасиеттер ойыны. Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құрып отырады. Күні бұрын даярланып қойған парақтарға құнды қасиеттер жазылады. Бала соның мағынасын аша білу керек. Пантомима ойыны. Балалар топтарға бөлінеді. Әр топқа, мысалы: достық, қамқорлық, сыйластық, сүйіспеншілік деген секілді тақырыптар беріледі. Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастырады. Спорт, ойындар, серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталастар, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелер, театрланған сабақтар - осының бәрі рухани-адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Еліміз білімді, ақылды жастармен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те мол. Өмір талабының әсерімен өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мақсаттары, тәсілдері анықталады. Біздің республикамызда әлеуметтік, экономикалық, білімділік өсу адамдардың санасының өзгеруін қажет етеді. Олар білім мазмұнын қайта құрылуын және оны білім жүйесі арқылы жүзеге асыруын талап етеді. Білім стандартының негізгі қағидалары: Білім туралы заңы, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР-ның білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын және оқыту процесінің гуманизациялық бағыттарын анықтап көрсетеді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың түрлерін қолдану
Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.
Көше сюжеттік-рөлдік ойыны.
Бағдарламалық мазмұны:
1.Балаларға көліктердің түрлері, жүргізушілердің еңбегі және көше қозғалыстарының ережесі туралы түсінік беру. Балаларға бағдаршамның атқаратын жұмысын, автобусқа міну, көшеден өту ережелерін үйрету. Көше ережелерінің белгілерін түсінуге, ажырата білуге үйрету, көше қозғалыстарының ережелері жайлы білімдерін кеңейту. 2.Көше қозғалыстарының негізгі ережелеріне бағына білуге тәрбиелеу. Ойын атрибуттарын жасау, реттеушіні, жаяуларды, жүргізушілердің рөлін ойнауды уйрету. Атрибуттар: түрлі көліктер, коляскалар, велосипедтер, бағдаршам, белгілер, реттеушінің жұмыс киімі, жаяуларға арналған белгілер, жаяулар, жүргізушінің куәлігі,реттеушінің таяғы. Қатысушылар: полиция-реттеушісі, МАИ инспекторы, жүргізушілер, жаяулар.

Отбасы сюжеттік-рөлдік ойыны.

Бағдарламалық мазмұны:
Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, балалардың отбасы мүшелерін атау, олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін кеңейту, баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, баланы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, өзі туып-өскен үйін, отбасын сүюге, үлкендерге көмектесуге, олардың өтініштері мен тапсырмаларын орындауға тәрбиелеу.Ата-ананың, туысқандарының еңбегін ойын арқылы көрсету, олардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойын барысында балалардың тілдерін дамыту, оларды өз еркімен рөлдерді бөліп ойнауға үйрету. Атрибуттар: қуыршақтар (түрлі киімдерде), ойыншықтар, кітап және газеттер, бөлме жасауға арналған ширма, жиһаз, ыдыстар, жіп және қыстырғыштар, сөмке, қуыршаққа арналған коляска, ілгіш, теледидар, т.б. Қатысушылар:әке, шеше, балалар, ағалары және әпкелері.

Еркін сюжетті-рөлді ойындардың ерекшелігі
Еркін сюжетті-рөлді ойын -- мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы -- ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы -- заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын -- кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды -- ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»
Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар
Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік қасиетін дамытудың мәні
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер