Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында атқарылатын жұмыстар жайында



МАЗМҰНЫ:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім. Сарыағаш шекара отрядындағы мемлекеттік тілді күнделікті қызметке ендіру жұмыстарының жағдайы.
2.1. Отрядта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысы.
2.2. Шекара отрядындағы жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту.
2.3. Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі тәрбиелік шаралардың жүргізілуі.

3. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытындағы іс шаралары.

4. Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарының түрлері мен әдістері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ

Мемлекеттік ұлт саясатының басым бағыттарының бірі - мемлекеттік тілді өркендету. Негізінде, тіл проблемаларын оңтайлы шешу ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты болып табылады. Осы тұрғыда еліміздегі біртұтас мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың пәрменді құралдарының бірі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламаның орындалуы алдымен мемлекеттік ұйымдардан талап етіледі, өйткені олар тілдің өз дәрежесінде қызмет ете бастауының тірегі. Мемлекеттік органның бірі болып табылатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қазақ тілін қызмет барысына ендіру, қолданылу аясын кеңейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені, бағдарламада “Еліміздің Қарулы Күштерінде мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылуы ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселесі болып табылады” делінген. ҰҚК-нің барлық құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде, оқу орындары мен Шекара қызметіне ҰҚК Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы № 64/ҚБП бұйрығы жеткізілген және комитеттің барлық бөлімшелері осы бұйрықты басшылыққа алып, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жүргізуге тиіс. Ұсынылып отырған рефератта аталмыш бағыттағы шаралардың Сарыағаш шекара отрядында орындалу барысы талдана отырып, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қолдануға болатын әдіс-амалдар қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиет:

1. Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.Д. 2. Ресми іс қағаздары. Алматы, “Сөздік-Словарь”, 2001.
3. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, Ана тілі, 2001.
4. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Жинақ, Астана, 1999.
5. С.Құрманғалиева. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту. Алматы, Рауан, 1995.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы,
7. “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заң. Алматы, Жеті жарғы, 1998
8. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1994.
9. “Қазақ тілі және әдебиеті” журналы.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
бағытында атқарылатын жұмыстар жайында
(Сарыағаш шекара отрядының үлгісінде)

МАЗМҰНЫ:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім. Сарыағаш шекара отрядындағы мемлекеттік тілді
күнделікті қызметке ендіру жұмыстарының жағдайы.
2.1. Отрядта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысы.
2.2. Шекара отрядындағы жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту.
2.3. Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі тәрбиелік шаралардың
жүргізілуі.

3. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
бағытындағы іс шаралары.

4. Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарының түрлері мен әдістері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Мемлекеттік ұлт саясатының басым бағыттарының бірі - мемлекеттік
тілді өркендету. Негізінде, тіл проблемаларын оңтайлы шешу ұлтаралық
қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді
нығайтудың алғышарты болып табылады. Осы тұрғыда еліміздегі біртұтас
мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың пәрменді құралдарының бірі ретінде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550
Жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламаның орындалуы
алдымен мемлекеттік ұйымдардан талап етіледі, өйткені олар тілдің өз
дәрежесінде қызмет ете бастауының тірегі. Мемлекеттік органның бірі болып
табылатын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қазақ тілін қызмет барысына
ендіру, қолданылу аясын кеңейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өйткені, бағдарламада “Еліміздің Қарулы Күштерінде мемлекеттік тілдің
толыққанды қолданылуы ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселесі болып табылады”
делінген. ҰҚК-нің барлық құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде, оқу
орындары мен Шекара қызметіне ҰҚК Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы №
64ҚБП бұйрығы жеткізілген және комитеттің барлық бөлімшелері осы бұйрықты
басшылыққа алып, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жүргізуге тиіс.
Ұсынылып отырған рефератта аталмыш бағыттағы шаралардың Сарыағаш шекара
отрядында орындалу барысы талдана отырып, мемлекеттік тілді дамыту
мақсатында қолдануға болатын әдіс-амалдар қарастырылады.

2 бөлім. Сарыағаш шекара отрядындағы мемлекеттік тілді
күнделікті қызметке ендіру жұмыстарының жағдайы

2.1. Отрядта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысы

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының
бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай
іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы
алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ
тілінде жүргізілмей, тіліміздің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте
алмайды.
Іс қағаздарының маңыздылығы қоғам өмірінде саяси, тарихи, құқықтық,
экономикалық және т.б.қызмет атқаратындығымен түсіндіріледі. Іс қағаздары-
басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Кез келген ұйымның, мекеменің жұмыс
барысы шығарған түрлі шешімдерінен, бұйрықтарынан, хаттарынан, есептерінен,
бір сөзбен айтқанда, іс қағаздарынан айқын көрінеді. Демек, іс қағаздары -
қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ, ақпараттың қайнар көзі. Іс
қағаздарын жүргізу мекеме жұмысының нақты құжаттармен реттелген,
дәйектелген жүйесі екендігін ескерсек, бұл сала тиісті дәрежеде мән беруді
талап етеді.
Өкінішке орай, күнделікті қызметке мемлекеттік тілді ендіру міндеті
алға қойылғанда, көбіне, іс қағаздарын қазақша жүргізу назардан тыс қалып
жатады. Мұның мысалы ретінде Сарыағаш шекара отрядында құжат дайындаудың,
хат-хабар алмасудың тек орыс тілінде іске асып жатқандығын айтуға болады.
Мұндай жағдай (тәжірибе көрсетіп отырғандай) Сарыағаш отрядында ғана емес,
басқа әскери бөлімшелерде де қалыптасқан. Онда да назар аударатын мәселе –
кіріс құжаттарының орыс тілінде ресімделіп келуі. Демек, орталық аппараттан
келетін басшы құжаттардың да мемлекеттік тілде жасалуына көңіл бөлу керек
деген сөз. Нұсқаушы құжат орыс тілінде келген соң, жауаптың да сол тілде
дайындалатындығы таң қалдырмаса керек.
Мұндай проблемалардың басты себебін өмір көрсетіп отыр:
қызметкерлердің қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алмауы. Қазақша ауызша
сөйлегенмен, ресми стильде құжат ресімдей алмайды. Ал орыс тіліндегі
құжатты еркін жазып шығады. Мұның бірінші себебі тілді жетік меңгергендігі
болса, екінші себебі орыс тіліндегі іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт
сұрыбынан өтіп, әбден қалыптасқан, мәтіндері қай сала болса да дайын,
стандартқа айналған. Біз де қазақ тіліндегі іс қағаздарын осындай деңгейге
көтеру үшін талмай еңбектенуіміз керек.
Шекара отрядтарындағы мемлекеттік тілді ендіру мәселесін оңтайлы
шешудің бір жолы ретінде ұсынарым: осы салаға жауапты етіп нақты бір адамды
немесе топты тағайындау керек. Ол (олар) сол бөлімшенің қызмет барысында
қазақ тілін кеңінен қолдану мәселелерін үйлестіріп отыруға қабілеті және
қазақша білімі жететіндей маман болғаны дұрыс. Олай дейтін себебім, қазақ
тілінің өзекті проблемаларын, тілдің стильдік ерекшеліктерін білмей, қазақ
тілінде іс жүргізу сапалы болмайды. Өйткені, іс қағаздары кез келген адам
сөйлейтін ауызекі тілде жазылмайды, оның өзіне тән терминдері, сөз
оралымдары, мәнер нақышы, белгілі бір стандарты бар. Сондықтан, бұл салаға
қазақ тілінің маманы болмаған жағдайда, қазақша сауатты, өз бетінше
ізденетін жауапкершілігі мол адамды тағайындаған жөн.
Мемлекеттік тілді ендіруге жауапты етіп тағайындалған қызметкер
қазақша іс жүргізуге қажетті әдістемелік көмекші құралдармен, ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз етілуі керек.
2. Шекара отрядындағы жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту

Республикадағы қалыптасқан қазіргі тілдік ахуал өзінің перспективалық
моделінен - қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық қоғамдық маңызды
салаларында талап етілуге, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс
моделінен әлі көп алшақ тұр. Қазақ тілі қарым-қатынас тілі болу үшін
республиканың барлық азаматы осы тілді білуі тиіс. Оның бір жолы жаппай
қазақ тілін оқып үйрену (қазіргі жағдайда оқытып-үйрету) болып отыр. ҚР ҰҚК
Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы №64ҚБП бұйрығында: ”Қызметкердің
сабаққа қатысуы оның негізгі кәсіби қызметінің нәтижесімен бір деңгейде
қарастырылады. ҰҚК Шекара қызметі барлық санаттағы әскери қызметшілердің
мемелекеттік тілді меңгеруінің міндетті талаптарын белгілейді, жоспарға
сәйкес мемлекеттік тілді оқытуды арнаулы бағдарлама бойынша әскери қызметін
өтеу орындарында ұйымдастырады”,- делінген. Осы бұйрыққа сәйкес ҚР ҰҚК
Кадрлар департаментінің мемлекеттік тіл басқармасында қызметкерлерге қазақ
тілін оқыту бағдарламасы әзірленіп, құрылымдық бөлімшелердің барлығына
таратылған болатын. ҚР ҰҚК Әскери институтындағы мемлекеттік тілді үйрену
сабақтары осы оқу бағдарламасының негізінде жүргізіледі.
Қарастырылып отырған Сарыағаш отрядында мемлекеттік тілді оқытып
үйрету мәселесіне дұрыс мән берілген. Бөлім бойынша арнайы бұйрық
шығарылып, оқу топтары анықталған. Пән оқытушысының айтуы бойынша, қазақ
тілі сыныбы жабдықталу үстінде.
Осы жерде айта кететін бір жайт, кейбір жерлерде қазақ тілі пәнінен
тіл маманы емес, қазақша білетін басқа мамандық иесі дәріс беретін
жағдайлар кездеседі. Мұны басшылар қазақ тілі мамандары тапшы деп
түсіндіреді. Шамасы, қазақ тілін оқыту кім болса соның қолынан келеді деп
ойлайтын болу керек. Шын мәнінде, бұл мемлекеттік тіл тағдырына
жауапсыздықпен қараудың бір көрсеткіші. Өйткені, қазір барлық жерде (елді
мекеннің барлығында дерлік мектеп бар) тіл факультетін бітірген мамандар
бар, тек оларды іздеп тауып, жұмысқа тарта білу керек.
Осы айтылған оңды тәжірибеге дәлел: жеке құрамға мемлекеттік тілді
оқытатын маман таңдау мәселесі Сарыағаш шекара отрядында жақсы жолға
қойылған немесе соған ұмтылушылық бар десек, артық айтпаймыз. Қазақ тілінен
дәріс беретін оқытушы поселкедегі оқу орындарының қазақ тілі мамандарының
ішінен мұқият таңдап алынып, оның өзіне сынақ мерзімі тағайындалған,
біліктілігі іс жүзінде тексерілген. Осындай қатаң іріктеудің нәтижесінде
біліктілігі талапқа сай келмеген бір оқытушымен келісімшарт тоқтатылған.
Қазіргі кезде көп жылдық оқытушылық тәжірибесі бар тіл маманымен
келісімшарт жасалған, сабақтар белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Мұның бәрі отрядта мемлекеттік тілді сапалы оқытуға бағытталған әрекеттер.
Қазақ тілі сабақтарын жүргізуде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Директорының
орынбасары – тәрбиелік және әлеуметтік құқықтық жұмыстар басқармасының
бастығы бекіткен ҚР ҰҚК ШҚ Орталық аппараты және бірлестіктері мен
бөлімдерінің әскери қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытудың 2002-2003 оқу
жылдарына арналған бағдарламасы басшылыққа алынады. Бағдарлама бастаушы
және жалғастырушы топтар үшін құрастырылған. Мұндай арнайы оқу
бағдарламасының жасалғанына қуана отырып, оқу материалының берілуін
бағдарлағанда пайдасы болуы мүмкін деген оймен мынадай пікірлерімді айта
кеткенді жөн көрдім:
- бағдарламада екінші сабақта-ақ а, ә, е әріптерімен қатар Әскери ант
мәтінін жаттату қарастырылған. Сонымен бірге грамматикалық
материалдан сын есім, көптік жалғау, ілгерінді ықпал берілген. Бұл
жерде, дидактиканың жеңілден ауырға қарай принципі, оқу материалын
берудегі бірізділік принципі сақталмаған. Әріптердің дыбысталуын
енді үйрене бастаған адамдардан үлкен мәтінді жаттауды талап етудің
қисыны жоқ. Фонетика саласын оқып жатқанда сөздер мен сөз
тіркестерін, сөйлемдерді меңгерткен дұрыс. Сонда грамматикалық
материал мен лексикалық материал арасында сәйкестік сақталады.;
- бір сабақтың үстінде бірнеше грамматикалық немесе лексикалық
тақырыпты оқыту қате болып саналады. Қазақ тілін жаңадан үйреніп
жүрген адамдар оның бәрін қабылдап, игере алмайды. Оның үстіне,
тілді меңгеру қиын деген теріс пікір қалыптасуы мүмкін;
- белгілі бір тақырыптың толық меңгерілуін ескермей, келесі тақырыпты
жоспарлауға болмайды;
- грамматикалық материалдың берілуінде жүйе жоқ. Бір сабақтың
(бесінші сабақ) ішіне ілік септік, тәуелдік жалғау, сын есімнің
жасалуы, жатыс септік және етістік тақырыптары топтастырылған.
Шындығында, бұлардың әрқайсысы жеке тұрып, бірнеше сағатты қажет
ететін күрделі тақырыптар. Алдыңғы тармақта айтылған ескертпені осы
тұста да қайталауға болады;
- лексикалық минимумның берілуінде жүйе жоқ. Мысалы, алдымен туыстық
атаулар, содан соң барып сәлемдесу-қоштасу үлгілері берілген. Ал
егер сәлемдесу үлгілері бірінші берілсе, тіл үйренушілер оны
оқытқан күннен бастап күнделікті өмірде қолданып, тез меңгеріп
кетер еді. Жалпы, оқу материалының берілуін жоспар-лағанда, осы
сияқты ұтымды болатын жақтарын ескеріп отыру керек.
Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі
тәрбиелік шаралардың жүргізілуі

Мемлекеттік тілді дамыту үшін оны кең түрде насихаттау, дәріптеу
керектігі баршамызға аян. Насихаттаудың түрлі жолдары бар. Солардың бірі –
көрнекі ақпаратты қазақ тілінде ресімдеу. Сарыағаш шекара отрядындағы
жауынгерлік рухты көтеретін, отансүйгіштікке шақыратын сөздері бар
қалқандар көркем безендірілуімен қатар, мағыналылығымен көңіл аудартады.
Сондай-ақ, отряд мүшелері, әсіресе, жасөспірімдер көп баратын кітапханада
халқымыздың қанатты сөздерінің барынша көп жазылғандығы көңіл қуантады.
Мысалы, “Қазақстаным Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен
айбатты”, ”Батыл болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін” (Әйтеке би), “Анадан ұл туса, елінің туы
болады” (Қазыбек би), “Басшысы болмаса ел жетім, Қараусыз қалса, жер жетім”
(Төле би) деген сияқты сөздердің тәрбиелік мәні өте күшті. Кітапханадағы
“Қазақ тілі: келіңіз, кеңесейік!” атты әдістемелік бұрыштан қазақ тілін
үйренуге байланысты біраз нәрседен хабар алуға болады. “Ел тыныштығын
қорғаған ерлер ұмытылмайды” атты қабырғалық көрнекілікте қазақ батырларының
өмірінен елеулі кезеңдер келтірілген. Көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтың жүз
жылдығына орай дайындалған түрлі түсті буклет те мазмұндылығымен
ерекшеленеді. Жалпы, сөрелердегі әдебиеттер топтамаларының атаулары екі
тілде жазылған. Көру анализаторлары арқылы ақпараттың тоқсан пайызы
қабылданатынын ескерсек, аталмыш көрнекіліктердің жастар санасында қазақ
сөздерінің сақталуына қосып жатқан үлесі мол.

2. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
бағытындағы іс-шаралары

Мемлекеттік тілді насихаттап, оның Ата заңда көрсетілген мәртебесін
қызметкерлерге түсіндіруде қоғамдық ұйымдардың ролі ерекше болуға тиіс.
Себебі, қоғамдық ұйымдар әскери бөлім басшылығына жеке құраммен тәрбиелік
және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар ұйымдастырып жүргізуде, рухани-
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде
көмек көрсету үшін құрылады.
Сарыағаш отрядындағы офицерлер жиналысы, ар-ождан соттары, жастар
бастамасының орталықтары сияқты қоғамдық ұйымдармен салыстырғанда, әйелдер
кеңесінің мемлекеттік тілді дәріптеу бағытындағы белсенділігі күштірек
екендігі айқын байқалады. Әйелдер кеңесінің түрткі болуымен мұнда бірқатар
іс-шаралар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Тілдер мерекесінің қарсаңында
“Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік негізі” тақырыбында әскери қызметшілер
арасында конкурс өткізілген. Бұл орайда бөлім бойынша арнайы бұйрық
шығарылып, бағалау комиссиясы тағайындалған. Конкурс ережесі бекітілген.
Конкурсқа отрядтың басқармасы мен гарнизон бөлімшелерінен алты команда
қатысқан. Байқау барысында әскери қызметшілердің қазақша ауызша сөйлеу
қабілеті, мәтіндерді аудара білу деңгейі, қазақтың мақал-мәтелдерін орынды
қолдана білуі, халықтың музыкалық шығармаларын нақышына келтіре орындай
білу шеберлігі бағаланған. Отряд басшылығының айтуынша, бұл шараның пайдасы
мол болған: мемлекеттік тілге деген қызығушылықты оятып қана қоймай,
ұжымдағы ауызбіршіліктің нығая түсуіне де зор септігін тигізген.
Әйелдер кеңесінің отрядта жасаған осындай игі шараларының бірі
–халқымыздың ірі жазушысы Ғ.Мүсіреповтың туғанына жүз жыл толуына орай
клубпен бірлесіп өткізген тақырыптық кеш. Кеш барысында жазушы
шығармаларының ерекшелігі туралы айтылып, еңбектерінен үзінділер оқылған.
Демек, осы шара арқылы қызметкерлерге қазақ сөзінің құдіреті, көркемдігі,
тілдің байлығы дәлелденіп көрсетілген деуге болады.
Сарыағаш шекара отрядында жүзеге асқан, талайға үлгі болатын нәрсе –
әскери бөлімнің балалар бақшасында қазақ тобының ашылғандығы. Балалардың
өзара қарым-қатынасы ана тілінде жүріп қана қоймайды, олар ұлттық дәстүр
негізінде тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілермен әскери-патриоттық жұмыстардың
жүргізілуі де қарастырылған, бұған отрядтың әскери қызметшілері тартылады
екен. Өте сәтті ойластырылған бұл шараның екі ұтымды жағы бар деп ойлаймыз:
біріншіден, күнде көріп жүрген тәрбиеші апайларынан бөгде ер азаматтың
айтып берген “қызықты әңгімелері” сәбилердің санасына елін, жерін сүйіп-
қастерлеу, оны қорғау- қасиетті борыш екендігін сіңірсе, екіншіден, баланы
отансүйгіштікке тәрбиелеу ісіне тікелей араласқан әскери қызметшінің де өз
кәсібіне деген мақтаныш сезімі, жауапкершілігі арта түсері сөзсіз. Оның
үстіне, қызметкердің тәрбие жұмыстарын жүргізу шеберлігі де ұштала түседі.
“Баланы–жастан” деген халық даналығына негізделіп ұйымдастырылған
осындай тәрбиелік маңызы зор жұмыс басқа бөлімдерде де қолға алынса,
еліміздің болашағы берік болатынына сенім мол.

3. Мемлекеттік тілді дамыту бағытында жүргізілетін жұмыс түрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясында: ”Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі” деп айқындалған. Бұл – тілдің мемлекет
тарапынан қамқорлыққа алына отырып, белгілі бір міндеттерді орындауы деген
сөз. Мемлекеттік тіл сол мемлекет иесі болған халықтың үдесінен шығып,
барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол оқу,
өнер, мәдениет, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, дипломатиялық
қарым-қатынас, өндіріс, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларға дейін қызмет
ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет.
Қазақ тілінің қоғамдық сипатын ашып, мемлекеттік мәртебесін іс жүзінде
қамтамасыз ету, біздіңше, мынадай негізгі бағыттарда жұмыс жүргізуді қажет
етеді:
а) іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу;
ә) мемлекеттік тілді оқыту;
б) мемлекетті тілді дәріптеуге бағытталған тәрбиелік шаралар;
в) ғылыми-әдістемелік шаралар.
Ал енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қарастырып өтейік.
А. Бұл шаралардың негізгілерінің бірі іс қағаздарын мемлекеттік тілде
жүргізу, өйткені сауатты іс жүргізу – өркениетті қоғамның жалпы даму
деңгейінің көрнекті көрсеткіші.
Осы жерде филология ғылымдарының докторы Б.Хасановтың іс жүргізу
терминіне берген анықтамасына тоқтала кетейік: “Іс жүргізу деген –
қоғамдағы сөзбен берілген ақпаратты белгілі бір кеңістікте нақты уақыт
ішінде таңба жүйесімен белгілеу арқылы белгілі нысанаға жеткізу”.
Ал енді қазақ тілінде іс жүргізу әрекетінің барысы қандай деген
мәселеге келетін болсақ, соңғы кезде мемлекеттік органдар, оның ішінде, ҰҚК
құрылымдық бөлімшелері, іс қағаздарын мемлекеттік тілде дайындауға бет бұра
бастады. Бұл, әрине, әр мекемеде әр түрлі дәрежеде орындалып жатқан іс.
Көбіне, іс қағаздары, негізінен, орыс тілінен қазақ тіліне аударылады. Ал
мұның өз кемшіліктері бар: аудармашылар кейде мәтінді сөзбе-сөз аударады
да, қазақ тіліндегі сөйлемге қойылатын талаптар сақталмайды. Нәтижесінде,
құжаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Мемлекеттік тіл саясаты
Мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қашықтан оқыту
Мемлекеттік тіл
Лексиканы оқытудың принциптері
Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті
Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Қазақ тілі,кабиниеті,жабдықталуы,жұмыс мазмұны
Пәндер