Педагогтардың әдістемелік мәдениетін дамыту



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Педагогтардың әдістемелік мәдениетін дамыту
2.2. Мұғалімдердің әдістемелік кәсіби деңгейін көтеру
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғам дық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008
3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007
4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009
5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009
6. Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007
7. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы 2007
8. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар – 3-2011

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Педагогтардың әдістемелік мәдениетін дамыту
2.2. Мұғалімдердің әдістемелік кәсіби деңгейін көтеру
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің Менің сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғам дық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім - мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Педагогтардың әдістемелік мәдениетін дамыту
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамытудың және мектептегі барлық жұмыс жүйелерін біртұтас етіп біріктіретін жүйе- әдістемелік жұмыс жүйесі. Мектебіміз 5 жылдан бері Оқытуды және педагогикалық тәжірибені дамытуды жаңа технологиялар негізінде игерту проблемасымен жұмыс істеген болатын. Әдістемелік тақырыбымыз: Үйрету үшін, өзің үйрен болған Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 5 кезеңнен тұрды:
1.Әдістемелік жұмысқа ақпараттық талдау жасау кезеңі (теориялық жағынан негіздеу, мақала, сөздік жұмыс, тезистер, әдіс- тәсілдерді зерттеу, іс- әрекеттер)
2.Тақырып бойынша іс- тәжірибе енгізу. Мақсаты,негізгі бағыттары мен міндеттерін анықтау (тестілеу, анкета өткізу, практикалық жұмыстар, әдіс- тәсілдерді енгізу)
3 ... жылдардың іс-әрекет жоспарын іске асыру кезеңі, әдіс- тәсілдердің көкейтестілігі ( не істелінді, әдіс- тәсілдердің көкейтестілігі, жаңалық, нәтиже, проблемамен жұмыс)
4. Іс- тәжірибе тарату кезеңі (мақала жазу, конференцияда сөйлеу, іс- тәжірибе жинақтау)
5. Күтілетін нәтиже
Өткен оқу жылының соңында осы әдістемелік тақырып бойынша жұмысты қорытындылап, Инновациялық идеялар фестивалін өткіздік, кітапша шығардық және мектептің іс- тәжірибесін облыс көлемінде жинақтадық. Биылғы оқу жылынан бастап Оқыту үрдісін әлеуметтендіру арқылы оқушы құзырлығын және білім сапасын арттыру тақырыбында жұмыс істеудеміз. Әдістемелік қызметтің мақсаттары мен міндеттері білім беру жүйесінің реформаларындағы басым бағыттарды және стратегиялық міндеттерді басшылыққа ала отырып анықталды. Мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау негізінен төмендегі сұрақтарға жауап беруден басталады.
1.Мектептің қазіргі бар жағдайы, әлсіз және мықты жақтары қандай?
2.Мектептің болашақтағы бейнесі қандай болмақ?
3. Көздеген мақсатқа жету жолында қандай мүмкіндіктер бар және оған кедергі болатындар не?
4.Мақсатқа жету үшін қандай іс-әрекеттерге кірісуіміз керек?

Ұжымның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері сабақ беру әдістемесін жетілдіру, дарынды оқушылармен жұмыс, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар арқылы мұғалімнің кәсіби шыңдалуын, кәсіби қызметін диагностикалау және көмек беру негізінде шешімін тауып отырады.
Мектепті жаңарту формалары тек оқыту мазмұнан қайта құруды және жетілдіруді талап етіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастыратын әдістемелік қызметті де қайта құруды көздейді. Мектепті әдістеме бірлестігінің құрылымы: "Әдістемелік кеңес" , "Ізденіс", бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Төкенова Н.К.,"Зерде" гуманитарлық цикл ӘБ Нұрышева А.Н., "Эврика" жаратылыстану- математика ӘБ Смагулова К.Е.,"Арай" шығармашылық тобы жетекшісі Илиманова А.Ж., "Атамекен" сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі Баймағамбетова А.С., "Жас ұстаз мектебі" жетекшісі Садырбаева Ж.Б.. Осы бірлестіктер жұмыстарын жүргізу арқылы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мақсатында әдістемелік жұмыстар әр түрлі формаларын өткізу жоспарланған. Сл.№5,6 Мектебіміздің ұстаздар ұжымы білім берудің 12 жылдық үлгісіне өту барысындағы жаңалықтармен , оқыту мен тәрбиелеудің соңғы кездегі әдіс- тәсілдерімен, алдыңғы қатарлы іс - тәжірибелермен әдістемелік кеңес отырыстарында танысып, оны іс жүзінде пайдаланып, өзара пікір алмасып отырады. Әдістемелік кеңесте мұғалім жұмысының ұйымдастырылуына, сабақ және сабақтан тыс уақыттағы әдіс- тәсілдерді меңгеруі, оны пайдалануы, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педтехнологияларды меңгеруі арқылы оқушылармен бірлесе отырып шығармашылықпен жұмыс істеуі, кәсіби шеберлігінің арттырылуы маңызды жолға қойылған. Бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстандық автордың А. Тұрғынбаева "Дамыта оқыиу технологиясы", шетелдік авторлардың В. Зайцевтің "5 минуттық ызыңдап оқыту технологиясы", Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов "Дамыта оқыту технологиясы" сабақтарда пайдаланса, гуманитарлық цикл ӘБ мен жаратылыстану - математика циклі ӘБ мұғалімдері өз жұмыстарында А.Қараевтың "Деңгейлеп оқыту технологиясы" және шетелдік авторлардың технологияларын, оның ішінде "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" Сорос - Қазақстан қоры американдық бағдарламасын және Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясын сабақтарда ұтымды пайдаланып, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру мен сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артуына жағдай жасайды. Қазіргі уақытта ақпараттық- коммуникативтік технологиясын оқып, зерттеуде.
Шеберлікті шыңдау мектепте ұйымдастырылған әдістемелік жұмысқа, мұғалімнің өзіндік білім алу тәжірибесіне байланысты. Аудан көлемінде, мектепішілік семинар-практикумдар, дөңгелек столдар, ҮҚС, диагностикалық зерттеу мен әр түрлі анкеталар, іс-тәжірибе алмасу күндері, ашық есік күндері мен ашық сабақтар өткізіліп, жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында ҮҚС, жас ұстаздар мектебі жұмыс істейді.
Мектептегі кадрлардың білімінің, біліктілігінің, санатының жоғарылап отыруы- мектеп мұғалімдерінің үнемі ізденісте, шығармашылықпен еңбек етіп, кәсіби шыңдалу үстінде екендігін көрсетеді.
Оқыту нәтижесінің табыстылығы (сл.№8,9,10,11,12) - басқару сапасы мен педагогикалық үрдіс сапасынан туындайтын сапа. Балалардың денсаулығын сақтай отырып, табиғи даму мүмкіндіктері үшін қажетті жағдай туғызу және балалардың дарындылығын айқындап, дамыту арқылы білім сапасын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оған қолдау көрсету және оны дамыту- біздің міндетіміз. Әрбір баланың рухани дамуына ықпал жасайтын психологиялық- педагогикалық жағдайды ұйымдастыру жөнінде нақты шараларды да белгілеп отырамыз. (сл.№13,14,15,16) Оқушылардың жетістіктері пәндік олимпиадаларда, түрлі конкурстарда, оқушылардың ғылыми қоғамы сайысында көрінеді, сол арқылы оқушылардың танымдық көзқарасы, зерттеушілік қабілеттері дамиды. Мектеп түлектерінің Алтын белгіге бітіруі, грантқа оқуға түсуі соның дәлелі. Бірақ нәтижесінде кейбір келеңсіз жайттар да болып тұрады, ол білім сапасы мен ҰБТ сапасының төмендеуі, себебі- жас ұстаздардың болуы, кейбір ата- аналардың, оқушылардың білімге деген көзқарасының өзгешелігі. Осы жайттарды түзету жұмыстарын ұдайы жүргізудеміз.
Әр оқушының ерекшелігі мен қабілетін ескере отырып, табысты оқыту, ақпараттық- коммуникациялық және интерактивтік технологияларды пайдалану арқылы оқушының интеллектуалды, рухани- адамгершілік, әлеуметтік, салауатты дамуына бағытталған білім ортасын құруды соңғы нәтиже ретінде көрудеміз.

Мұғалімдердің әдістемелік кәсіби деңгейін көтеру
Педагог мамандрдың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылыұ жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру - нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.
Атақты педагог - ғалым В.Сухомлинский Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады деп мұғалімдік өнерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының даму бағдарламасы
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті
Сатылай оқыту технологиясы
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Нәтижеге бағытталған білім беру
Пәндер