Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты



Мазмұны

1. Монополия дегеніміз не ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Монополиялық бәсеке және оның түрлері ... ... ... ... ... 5
Монополиялық баға, бәсеке формалары 10
3.Дүние жүзілік монополия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Монополия дегеніміз не

Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.


Монополиялық бәсеке және оның түрлері

Бәсеке ( лат. Concurred - қақтығысу) - бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында , өндірістегі ең жақ - сы жағдайлары үшін бақталастық..
Бәсеке - рыноктық қатынастардың негізгі категориясы ,әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады . Ол сала ішіндегі ( біртектес тауарлар арасында ) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында ) болады . Ол бағалық және бағалық емес бола алады. Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғары сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген. Бәсеке орасан зор күш және қаражат шығынына байланысты. Монополиялар капиталистік өндірістің негізгі бөлігіне үстемдік жүргізе отырып , әрбір еңбекшілерді аяусыз қанай отырып, жалдамалы еңбек шеңберін тым ұлғайтып жіберді. Сөйтіп солардың есебінен монополиялық үстеме пайда алады және байыйды. Марксизм –ленинизм классиктері (К.Маркс, Ф.Энгельс және В.И.Лениннің) бәсекенің өңі айналған формасы монополия екендігін дәлелдеді. Олар кескілескен бәсеке күресінің қалың ортасында болатындығын, осы бір құбылыстың өмір сүрулерінің ең басты жағдайлары екендігінің бет-пердесін ашты.
Капитализмнің жоғары даму сатысындағы ең басты құбылыс-бәсекенің монополияға айналып кетуі. (Монополиялар еркін бәсекеден өсіп шығып, оны жоймайды, қайта еркін бәсекенің үстінде және сонымен қатар өмір сүреді, сөйтіп осы арқылы бірқатар мейлінше шиеленіскен жне қатты қайшылықтар, кикілжіңдер, жанжалдар туғызады). Монополиялық капитализм еш уақытта бәсеке күресін жоймайды, формасын өзгертіп, тереңдетеді және шиеленістіреді. Империализм тұсындағы бәсекенің түрі әлдеқайда көп және өте күшті. Монополия бәсекесінің халін нашарлатумен оған шектелмейді, оны әбден тұншықтырып, құртқанша күресе береді. Өткір бәсеке күресінде аз адамның басқаларға қарсы астыртын келісім ымырасының құрбаны болып қала береді. ерекше белгісғарыда айтып өткеніміздей бағалық бәсекеге қарама қайшы келетін бәсеке түрі бағалық.
Бәсеке мен монополия қайшылықты бірлестікте ғұмыр кешеді. Бұл құбылыс бәсекенітылы формасынан көрініс алады. Қайырымсыз бәсеке түрлері барлық бағытта толықсуды білмейтін дәрежеде жүріп жатады. Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен алушылардың саны

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Экономика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты.

ОРЫНДАҒАН:

ҚАБЫЛДАҒАН:

Мазмұны

1. Монополия дегеніміз не ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Монополиялық бәсеке және оның түрлері ... ... ... ... ... 5
Монополиялық баға, бәсеке формалары 10
3.Дүние жүзілік
монополия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 24

Монополия дегеніміз не

Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші
тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда
болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз
сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық
пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін
ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы
фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия
құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ
дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану
процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің,
ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау
арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы
болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық
баға құрылуын ұсынады.

Монополиялық бәсеке және оның түрлері

Бәсеке ( лат. Concurred - қақтығысу) - бұл рыноктық экономиканың
қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында
, өндірістегі ең жақ - сы жағдайлары үшін бақталастық..
Бәсеке - рыноктық қатынастардың негізгі категориясы ,әр түрлі
формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады . Ол сала
ішіндегі ( біртектес тауарлар арасында ) және сала аралық (әр түрлі
салалар тауарлары арасында ) болады . Ол бағалық және бағалық
емес бола алады. Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді
бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген.
Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана
мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында
жететін тауарлардың жоғары сапасымен және сенімділігімен сатуға
негізделген. Бәсеке орасан зор күш және қаражат шығынына байланысты.
Монополиялар капиталистік өндірістің негізгі бөлігіне үстемдік
жүргізе отырып , әрбір еңбекшілерді аяусыз қанай отырып, жалдамалы
еңбек шеңберін тым ұлғайтып жіберді. Сөйтіп солардың есебінен
монополиялық үстеме пайда алады және байыйды. Марксизм –ленинизм
классиктері (К.Маркс, Ф.Энгельс және В.И.Лениннің) бәсекенің өңі айналған
формасы монополия екендігін дәлелдеді. Олар кескілескен бәсеке күресінің
қалың ортасында болатындығын, осы бір құбылыстың өмір сүрулерінің ең басты
жағдайлары екендігінің бет-пердесін ашты.
Капитализмнің жоғары даму сатысындағы ең басты құбылыс-бәсекенің
монополияға айналып кетуі. (Монополиялар еркін бәсекеден өсіп шығып, оны
жоймайды, қайта еркін бәсекенің үстінде және сонымен қатар өмір сүреді,
сөйтіп осы арқылы бірқатар мейлінше шиеленіскен жне қатты қайшылықтар,
кикілжіңдер, жанжалдар туғызады). Монополиялық капитализм еш уақытта бәсеке
күресін жоймайды, формасын өзгертіп, тереңдетеді және шиеленістіреді.
Империализм тұсындағы бәсекенің түрі әлдеқайда көп және өте күшті.
Монополия бәсекесінің халін нашарлатумен оған шектелмейді, оны әбден
тұншықтырып, құртқанша күресе береді. Өткір бәсеке күресінде аз адамның
басқаларға қарсы астыртын келісім ымырасының құрбаны болып қала береді.
ерекше белгісғарыда айтып өткеніміздей бағалық бәсекеге қарама қайшы
келетін бәсеке түрі бағалық.
Бәсеке мен монополия қайшылықты бірлестікте ғұмыр кешеді. Бұл құбылыс
бәсекенітылы формасынан көрініс алады. Қайырымсыз бәсеке түрлері барлық
бағытта толықсуды білмейтін дәрежеде жүріп жатады. Монополиялық бәсеке
кезінде рынокта сатушылар мен алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа
құбылыс пайда болады- өнімнің дифференциясы, яғни өнімнің даярлығы оны
басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы.
Ондай қасиеттер - өнімнің жоғары сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы
шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және
т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің
иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету
мүмкіндігіне ие. Бірақ әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан,
бірде монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны
шектелген түрде бақылай алады- бұл монополиялық бәсекенің бағалық емес
бәсеке болып табылады. Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың
арқасында жететін тауардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға
негізделген. Рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай
бәсекелесуіне байланысты жетілген(еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп
бөлінеді. Жеке фирмалардың өнім бағасына(базар нарқына) әсер етуі неғұрлым
аз болса, соғұрлым рынок бәсекелік деп саналады.
Жетілген бәсеке(еркін бәсеке рыногі) дегеніміз рыногта бір-біріне
тәуелсіз көптеген татушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең
мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады. Жетілген
еркін(таза немесе толық) бәсеке – көп фирмалар стандарттық тауарлар сататын
және олардың біреуініңде нарық пен бағаны бақылауға жетімді үлесі болмайтын
нарық. Жетілген бәсекенің негізгі белгісі-әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге
шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен
болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі. Жетілген бәсеке толық түрде
болмайды. Оғантек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп
19ғасырдың ортасында болған бәсекені нақты айтуға болады. 19ғасырдың екінші
жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатты, ол ірі
және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген(жетілмеген бәсеке
рыногы)сипатта дамыды. Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының
кемдегенде біреуі орындалмайтын рынокты атайды. Жетілмеген бәсеке үш типке
бөлінеді-монополиялық бәсеке, олигополиялық, таза монополия,доуполия,
билатеральдік монополия.
Монопсония-белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының
монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрлымының типі. Өзінің сатып алуын
шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға
ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып саналады.

Бағаның 2-і түрін айттық, енді Монополдық баға дегеніміз берілген
сұраныс жағдайында монополиялардың белгілі өнім көлемін өткізе алатын ең
жоғарғы баға.
Монополдық рента-тауарды монополдық бағамен сатқанда пайда болатын
қосымша табыс.
Монополист-кейбір тауардың ұсынысының елеулі көлеміне бақылау жүргізетін
сатушы.
Монополистік бәсеке-жаңа сатушылардың келіп кіруіне мүмкіндігі бар
нарықта сараланған тауарлар ұсынып сатушылар бір-бірімен бәсекелес болады.
Монополия-кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға
айрықша құқықты болу.
Монополияға қарсы заңдар-монополиялардың практикасы және олардың күштерінің
өсуіне тыйым салатын заңдар.
Монополиялық билік-тауар бағасына әсер етуге және нарықта өзінің шарттарын
орындауға қабілетті болу, бұл өнімнің осы түрі өндірісінің және оны
өткізудің елеулі бөлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.
Монополиясыздандыру- нарықта өзінің шарттарын орындауға мәжбүр ететін
мемлекеттік немесе басқа монополияларды жою.
Олигопсония- белгілі тауарды сатып алушы топтары болатын нарық
құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының
есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия дегеніміз бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық (грек.
Oligos- аздаған, polio- сату).Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді
сипаттама тән, ал басты белгісі-баға лидердің принципі бойынша бекітіледі.
Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы
сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді. Олгополия жағдайында нарықтың үш түрі
болуы мүмкін.
Бірсалалық сауда- өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым.
Ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі
жеткізушілер болатын нарықтық құрылым.
Өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде
болатын, (өндірістік пирамида) типтес корпорациялардың бірнеше топтары
үстемдік ететін нарық, әдетте (олгополия) деген термин өте ірі
әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін
қолданылады. Ологополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады.
Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады,
яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы
болған кезде пайда болады. Орнына жүретіні болмайтын, бір фирма жасаған
өнім нарығы, осы нарыққа ену жабық болады және бұнда монополия өзінің
тауарына баға белгілей алады.Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең
шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік
сұраныспен шектеледі.
Қазіргі рынок жүйесінде монополиялық емес және монополиялық бағалар бар.
• Бірінші- монополияға тартылмаған кәсіпорындардың өз тауарларын
сатып өткізетін бағасы.
• Екінші- монополиялар өз тауарларынсатып өткізу үшін әдейі қойған
бағалар. Әдетте,монополиялық бағалар тауардың нақты құнынан да
және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді. Тауардың
қоғамдық құнынан әрқашан төмен болады.
Монополиялық бағалар дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың арақатынастары
әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде
де тауарларының бағаларын жоғары ұстай алады. Өйткені бағаның тиісті
дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып, баға қоюдың (басшылық)
жүйесі ең ірі компанияның қолына көшеді. Дегенмен бұған қауіп төндіретін
жағдайлар бар. Олар- келісімге келмеген бөгде фирмалардың, копорациялардың
және шетелдік ірі капитал топтары тарапынан көрсетілетін қысымдар және
ұсыныстың сұраныстан асып кетуі. Бұл жерде ашық құралдардан басқа
бүркемеленген әдістер де қолданылады.
Монополиялық баға дәрежесін төмендетуге мемлекет көмектеседі, қажетті
шаралар жүйесін іске асырады. Бастамалары мыналар- мемлекеттің арнайы заң
шығаруы, мемлекеттік заказдың үлесін ұлғайту, мемлекеттің тауарлары
экспорты мен импортының арасындағы ұлттық және әлемдік рыноктағы
саясаттары, мемлекеттік- монополистік реттеу, ақша айналымы,несие,салық
және айлалы әлеументтік саясаттары т.б. Монополияның мақсаты- жоғары табыс
алу. Мақсатқа жету үшін орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін
монополиялық баға құрылуын ұсынады. Монополиялық бірнеше компаниялардың
қосылуы арқылы құрылады және ұйымдық формалары бар:
Картель- шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім
квотасы (саны).Және монополистік пайда алу мақсатпен, баға, нарықты
бөлісу,патенттерімен айырбас жүргізу туралы, өндірістің дербестігін сақтай
отырып, мүшелері өзара келісімге келетін монополияның нысаны.
Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест – монополияға енетін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді
өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Кейбір тауарларды өндіретін
монополистік бірлестіктің белгілі бір типі.
Концерн – қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр
түрлі фирма, салалардың ұйымдық мормалары кіретін монополия. Өнеркәсіп
сферасында көп тараған корпорациялардың нысаны, бұлар іс- әрекеттерге көп
салалы талдау жүргізеді. Ерекшелігі: капитал салымы саласында қатал
орталықтанған басқарудың кәсіпорындарынынң, бөлімшелердің, филиалдардың кең
шаруашылық дербестігімен ұштасу және басқарудың орталықсыздандырумен
ұштасуы.
Конгламерат – басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және
технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген
бірлестік.Технологиялық жағынан бір- бірімен байланысты емес
кәсіпорындардың бір басқару құрылымында бірлесуі. Концерннің құрамына
бүтіндей акционерлік компаниялар, тіпті трестерде кіреді. Әрбір концернді
өте бай бір немесе бірнеше капиталист басқарады. Концернде капитал мен
өндірістің шоғырлану дәрежесі аса жоғары. Иелері адам айтқысыз көп пайда
табады.
Монополиялардың формалары үндестікте болады. Олар жалдамалы еңбекті
капиталды қанауын бейнелейді. Монополия түрлерінде ортақ заңдылық бар.
Монополияның объективті негізі өндірістің шоғырлануы.
Монополиялардың бір-бірінен өзгешеліктері де бар. Атап
айтқанда:өндірісті қоғамдастыру және капиталистердің меншігін біріктіру
дәрежесі, нақтылы объекті түрін монополиялау. Мысалы: монополиялау
объектісі тек тауарларды сатып өткізу болса- картель, синдикат, бұған қоса
өндірістің монополиясы- трест, ал осыларға қоса әр түрлі салалардың өндіріс
несие берсе- концерн формасына ие болады.
Ғасырымыздың 60жылдарында өмірге монополияның жаңа түрі –
Конгломераттар келді. Бір- біріне ешбір өндірістік, немесе басқалай қатысы
жоқ, әртүрлі саладағы бірнеше ондаған ұсақ және орташа фирмалардың басын
біріктіру жолымен құрылған монополия формасын конгломерант деп атаймыз.
Негізгі мақсаты- акция курсы ойыны арқасында қосымша пайда табу.
Сондықтан өмір сүру коньюктураға (шаруашылық жағдайына) тікелей байланысты.
Шаруашылық жағдайы өзгермелі құбылыс. Өзгерістерге шыдай алмай көпшілігі
тарап кетеді. Жай диверсиффициралдық концернге айналады. Кейбіреулері
бұндай жағдайларға өміршең екендігін, өзгермелі шаруашылық жағдайларына
бейімделу қабілеті күшті екендігін танытты.
Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты
өте күрделі болады.
• Біріншіден, бүгінгі жағдай, моноплияның тұтынушылар мен
потенциалдық бәсекелестері туралы толық мағлұмат алады.
• Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының
қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін
жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі.
• Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы
байланыстарын пайдаланып,тапсырма берушілерге (мемлекеттік
мекемелерге, немесе, контрагентердің компанияларына) елеулі
ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдете, бәсеке процесіндегі қауіпті
төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері
мыналар: ғылыми- техникалық тіресу; өнеркәсіптік -өндірістік тіресу; сауда-
саттық тіресу (сайысу).
Ғылыми- техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына
жолдармен жүреді:
- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді
қолдану;
- ғылыми – техникалық ақпараты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып
алып пайдалану.
Ғылыми – техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
o Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді:
бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін
қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді
болуы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың
қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп
пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық
зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп
дайындаушы ғана болады.
o Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза
монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне
ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар
жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі
болады.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің
күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі.
Жетілген бәсеке жағдайында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Мемлекеттік монополия
Қант өнеркәсібі
Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
Монополиялық фирманың тауарына салық салу
Антимонополдық әдістер
Пәндер