Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
2.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сыныптарында қолданудың тиімділігі
2.3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын әдіс.тәсілдер
2.4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиететр тізімі
Мақсаты:

Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

Міндеттері:
 СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады
 Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт
 Шығармашылықпен көкейкесті ойлау
 Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу
 Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру
 Үйрету – түсінуіне көмектесу
 Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу
 Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу
 Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу
 Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.

СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
СТО дегеніміз- не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.
Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010.

2 Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.

3 Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.

4 Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. Алматы.

5 Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру // Сыныптағы тәрбие. - №1.

6 Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
2.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сыныптарында қолданудың тиімділігі
2.3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын әдіс-тәсілдер
2.4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиететр тізімі

Кіріспе

Мақсаты:

Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

Міндеттері:
oo СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады
oo Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт
oo Шығармашылықпен көкейкесті ойлау
oo Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу
oo Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру
oo Үйрету - түсінуіне көмектесу
oo Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу
oo Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу
oo Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу
oo Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді, біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі - "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту".

СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
СТО дегеніміз- не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.
Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
"Сын тұрғысынан ойлау" ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Белгілі ғалым Дайана Халперн Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану 14 .53 .
Сыни ойлау - белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сыныптарында қолданудың тиімділігі

Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту" бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу" дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады 15.27 .
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым 16.38 .
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. 1-сызба. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді 17.86 .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
І Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану", "Жұпта талқылау", "Болжау", "Әлемді шарлау" т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру 18.53 .
Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - "білемін", -- - "мен үшін түсініксіз", + - "мен үшін жаңа ақпарат", ? - "мені таң қалдырады" белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады 19.97 .
Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта", "Т кестесі" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады 20.17 .
Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек . Соның бір тәсілі - қойын дәптерге үзбей әрі үнемі жазу. Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың қойын дәптерлерінен дақсы ой түйіндерді кездестіруге болады. Жалпы оқушылардың қойын дәптерлеріндегі жазуды бақылау барысында байқағаным, олардың көпшілігі тілек, қажетті күндер, оқу кестелері, нақыл сөздер және өздріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазған. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптер жазудың әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықтадық және оның мынандай жобасын жасауға болады:
- ұнаған нақыл сөздерді жазу;
- бұрын соңды естімеген мақал - мәтел, сөз тіркестерін жазу;
- нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;
- ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;
- махаббат, сезімге байлагысты қарпайым адамдардың өмірінен мысалдар
жазу;
- өнер, білім тақырыптарында өзің ұстаз немесе пір тұтқан адамдар жайлы
жазу;
- ата-анаңның түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;
- жүрек жарды жырларым (өз өлеңін жазу);
-досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу.
Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.
Рефлекциялық әрекеттер баысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызыады. Сөйтіп, бала зін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Міне, осы жолда қойын дәптерді жазудың маңыздылығы зор.
Біздің жобаның ең басты мақсаты баршаға мәлім: ол- шәкірттерімізді ойлау білігін дамыту. Бұл ұмтылыс сонымен бірге оларда өзін-өзі тану дағдысын да қалыптастырады. Әр кезде оқушы өзіне құлақ салып, ішкі әлемін түсініп, оны түсіндіруге ұмтылғаны жөн. Сайып келгенде, бұл - адам өмрінің ең басты мақсаттарының бірі де шығар. Адамзат ұстаздары, ғұламалар кезінде Өзіңді таны! деп бекер үндеу тастамаған емес пе?! Көне Қытай данасы Конфуций Өзгені таныған адам - данышпан, ал өзін таныған адам бүкіл Әлемді билейді деп айтқан екен
Мұнымен қоса егер шәкіртімізге өзінің дербес, ешкімге де ұқсамайтын, оған ғана тән ойларын қағаз бетіне түсіру қызық болатынболса, оларды жолдастарына жеткізіп, құрбы-құрдастарының жағымды, позитивті пікірлерін естуге, кошеметіне бөлінуге асық болса, пікірлері мен ұсыныстарын қымбат бағалап, оларды осы тақырыптағы жазбасын кемелдендіруде және басқа да жұмыстарды жазғанда септігін тигізетіндігін бліп, қолданатын болса, осының өзі оны әрқашан да жазуға ынталандырып отыратын шығар.
Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол - конструктивтік әрекет, шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға, қарама-қарсы, ал конструктивизм мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылысымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекетттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді. Онымен таныса отырып, бір өзімізді бүкіл адамзаттың бір бөлігі ретінде, бүкіл адамзатқа қатысымызды сезінеміз 26.14 .
Екіншіден, неліктен жазу формаларын, оның ішінде эссені түрлендірмеске. Мәселен, мен өз сабақтарымда сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссені жиі қолданамын. Алдымен оқушы берілген тақырып бойынша сұрақ құрастырады. Мен Сұрақты кімге қоюға болады? деп сұрағанымда, студенттер Өзіме, оқытушыға, бір-бірімізге, сұрақ ешкімге бағытталмай, риторикалық та болуы мүмкін деп жауап қатқанды. Ең бастысы олар сұрақтың танымдық қасиеті жоғары екендігін мойындап, тіпті сұрақ қоюдың жауап беруден күрделіліген көздерін жеткізгендей болады. Осыдан соң оқушы өзі ақйындаған сұрақ төңірегінде ой қозғап, оны қағаз бетіне түсіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сыни ойлау туралы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
Ойын сабақ технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану
Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Пәндер