Мәдени мұралардың түркілік тарихты зерттеудегі үлесі



МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫҢ ТҮРКІЛІК ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
Негізгі бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында қоғамның мәдени саласының маңызы ерекше күшейіп, салмағы арта түспек. «Өткенсіз болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидаларға сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп- салдарын өткен тарихтан іздеуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетіміздің өткен тарихын жан-жақты сараламай, рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін таппаған мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. Кеңес дәуірінде қыспаққа ұшыраған төл мәдениетіміз неден ұтылып, нені жоғалтқанын тарихи тұрғыдан объективті түрде зерделеу қажет-ақ. Осы орайда, Француз тарихшысы Ж.Мишле атап көрсеткендей, «кімде кім, егер тек бүгінгіні ғана ұстанса, ол болашақты түсіне алмайды».
Кезінде В.И.Лениннің «қазіргі әрбір ұлттың ішінде екі ұлт бар... әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениет бар» деген ұлт мәселелеріне байланысты айтқан пікірі, таптық көзқарас тұрғысынан мәдениеттің өзін екі бөліп қарауға және осы демократиялық халықтық мәдениет пен қанаушы топтардың (отаршыл үстем тап өкілдерінің) мәдениеті арасынан ымыраға келмейтін антогонизм құбылысын іздеуге әкеп ұрындырды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жүрген футуристік және пролеткульт ағымдары тартысынан кейін, өткен мәдениеттің озық үлгілерін қалдырып, оны жаңа социалистік мәдениетте сабақтастықпен дамыту қажет деген көзқарастар бірте-бірте қысымға ұшырай бастады. Кез келген өнер өзінің табиғатында- әлеуметтік, яғни ол әлеуметтік ортада жасалады және қызмет етеді. Мәдениет айнала өмірдегі ақпараттық деректерді сана-сезімге жеткізуші және оны дамытып, тәрбиелеуші де. Кез келген халықтың ежелгі замандардан бергі рухани - мәдени тәжірибесін саралап салмақтауға мол мағлұмат беретін басты байлығы- сөз өнері, әдебиет. Өйткені, өздері қабылдаған болмыс- бітімдерін ойлы образдар немесе образды ойлар арқылы айшықтауға бейім көшпенділер жұрағаты-қазақтардың тағдыр-талайын зерттеп-зерделеуде әдеби мұрадағы қыруыр қазынаға жүгінудің жөні бөлек.
Қазақ халқының тарихы мен әдебиетінің мәдени мұраларын жинастыру ісі, бұрынғы ғасырлардағы зерттеу-деректерді айтпағанда, Х1Х-шы ғасырдан бастап Ресей ғалымдары мен шетелдік зерттеушілер тарапынан үнемі жүргізіліп келді. Фольклорлық барлық мұраларды, әсіресе ауызша халық шығармашылығының үлгілерін жинау және оларды жариялауда демократиялық бағыттағы зерттеушілермен қатар, қазақ халқына, оның тарихы мен мәдениетіне астамшылдықпен менсінбеушілік тұрғыдан қарағандар да болды, осының бәрі олардың еңбектерінде өз көрінісін тапты. Дүниежүзіне аты мәлім қазақтың атақты ғалымы, филолог, тарихшы, саяхатшы-географ Шоқан Уәлиханов қазақ халқының өткен өмірін қазақтардың ауызша
1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы.5-т. Алматы,1985.
2. Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана. Избранные труды.Алма-Ата,1989.С.270
3. Қазақстан тарихы. Алматы1996.1-т., 33-34 б.б.
4. Хасенов Ә.Қ. Қазақ өнері мен мәдениеті тарихы. Алматы,1992. 52–б.
5. Марғұлан Ә.Х. Таңбалы тас жұмбағы. //Білім және еңбек. 1982. №9. 12-б.
6. Сәтбаев Қ.И. Жезқазған ауданының тарихи ескерткіштері.Таңдамалы.5-т. Алматы. 1970
7. Сәтбаева Ш.Қ. Тарихшы, әдебиетші. //Зерде.1989. 04.18 -б.
8. Қазақстан тарихы. Алматы. 1998.2-т. 235-б.
9. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және Түркология. Алматы.1988.- 193-194 б.б.
10. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы,1988.-163б.
11. Әуезов М.О.Әр жылдар ойлары.Алматы, 1959.150 б.
12. Мұқанов С. Халық мұрасы.Алматы, 1974. 140- б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫҢ ТҮРКІЛІК ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ

Ф.К. Қайырханова
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты, Алматы қ.

Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында
қоғамның мәдени саласының маңызы ерекше күшейіп, салмағы арта түспек.
Өткенсіз болашақ жоқ немесе тарихтан тағылым деген қағидаларға
сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп- салдарын өткен
тарихтан іздеуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетіміздің өткен
тарихын жан-жақты сараламай, рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін
таппаған мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. Кеңес дәуірінде
қыспаққа ұшыраған төл мәдениетіміз неден ұтылып, нені жоғалтқанын тарихи
тұрғыдан объективті түрде зерделеу қажет-ақ. Осы орайда, Француз тарихшысы
Ж.Мишле атап көрсеткендей, кімде кім, егер тек бүгінгіні ғана ұстанса, ол
болашақты түсіне алмайды.
Кезінде В.И.Лениннің қазіргі әрбір ұлттың ішінде екі ұлт бар...
әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениет бар деген ұлт
мәселелеріне байланысты айтқан пікірі, таптық көзқарас тұрғысынан
мәдениеттің өзін екі бөліп қарауға және осы демократиялық халықтық
мәдениет пен қанаушы топтардың (отаршыл үстем тап өкілдерінің) мәдениеті
арасынан ымыраға келмейтін антогонизм құбылысын іздеуге әкеп ұрындырды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жүрген футуристік және пролеткульт
ағымдары тартысынан кейін, өткен мәдениеттің озық үлгілерін қалдырып, оны
жаңа социалистік мәдениетте сабақтастықпен дамыту қажет деген көзқарастар
бірте-бірте қысымға ұшырай бастады. Кез келген өнер өзінің табиғатында-
әлеуметтік, яғни ол әлеуметтік ортада жасалады және қызмет етеді. Мәдениет
айнала өмірдегі ақпараттық деректерді сана-сезімге жеткізуші және оны
дамытып, тәрбиелеуші де. Кез келген халықтың ежелгі замандардан бергі
рухани - мәдени тәжірибесін саралап салмақтауға мол мағлұмат беретін басты
байлығы- сөз өнері, әдебиет. Өйткені, өздері қабылдаған болмыс- бітімдерін
ойлы образдар немесе образды ойлар арқылы айшықтауға бейім көшпенділер
жұрағаты-қазақтардың тағдыр-талайын зерттеп-зерделеуде әдеби мұрадағы
қыруыр қазынаға жүгінудің жөні бөлек.
Қазақ халқының тарихы мен әдебиетінің мәдени мұраларын жинастыру ісі,
бұрынғы ғасырлардағы зерттеу-деректерді айтпағанда, Х1Х-шы ғасырдан бастап
Ресей ғалымдары мен шетелдік зерттеушілер тарапынан үнемі жүргізіліп келді.
Фольклорлық барлық мұраларды, әсіресе ауызша халық шығармашылығының
үлгілерін жинау және оларды жариялауда демократиялық бағыттағы
зерттеушілермен қатар, қазақ халқына, оның тарихы мен мәдениетіне
астамшылдықпен менсінбеушілік тұрғыдан қарағандар да болды, осының бәрі
олардың еңбектерінде өз көрінісін тапты. Дүниежүзіне аты мәлім қазақтың
атақты ғалымы, филолог, тарихшы, саяхатшы-географ Шоқан Уәлиханов қазақ
халқының өткен өмірін қазақтардың ауызша шығармашылығының әдеби үлгілерімен
тығыз байланыста қарастыруды және қазақтардың көршілес халықтармен тарихи
байланыстарын да осы тұрғыда зерттеуді жолға қойған еді. 1 Бірақ осы
дәстүр өз жалғасын кеңестік кезеңде біраз үзіп алды. Ауызша халық
шығармашылығы миф-аңыздан немесе ұлтшылдықпен бұрмаланған фактілерден
тұрады деген қате концепция әдебиеттанушылар ғана емес, тарихшылардың да
ұзақ уақыт тарихи оқиғалар мен жеке тұлғаларды зерттеуде әдеби деректерге
мән бермеуіне, тіпті қолданбауға әкелді. Ал мұндай жағдай тарихты жартылай
шындыққа немесе бұрмалауларға сүйенген талдауға ұрындырады.
Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы озық ойлы, көзі
ашық ұлт зиялылары мен қазақ оқығандары өз қызметімен және зерттеу
мақалаларымен қазақ халқының тарихы, әдебиетін зерттеп, жинауға және сол
арқылы бай мұраларымызды кейінгі ұрпаққа жеткізуге көп үлестерін қосты.
Ежелгі заманнан бергі жинақталған халқымыздың асыл мұрасы- ауыз әдебиетінен
бастап, кеңестік дәуірде саяси қудалауға ұшырап, кейіннен ақталған барлық
ақын-жазушылардың мұраларын жинау мен зерттеу ісінде, халыққа насихаттауда
әдебиетші-ғалымдардың еңбектері зор. Сондай-ақ белгілі қайраткерлер мен
танымал шығармашылық өкілдерінің өмірбаяны мен шығармашылық қызметін
зерттеу ісіне маман тарихшылар да өз үлестерін қосуда. Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми кітапхана қорында (1299
бума), Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде (963 бума) әр
кезеңде түрлі экспедициялар мен жеке адамдардың ел аузынан жинақтаған қазақ
әдебиеті мен тарихы деректері сақталған. 2
Мұраны сақтау осымен шектеліп қалу деген сөз емес. Мұра кейінгі
мәдениетің дәстүріне айналып, ары қарай толысып, жетілгенде ғана бағалы.
Х1Х-ХХ-шы ғасырдағы қазақ әдебиетінің жаңашылдық сипаттары мұны растай
түседі. Ауызша әдебиет жасаған махаббат пен әділдік кейіпкерінің типі- Қозы
Көрпеш-Баян Сұлуды, Қыз Жібек-Төлегенді, туған жері мен халқын қорғаған
батырлар-Алпамыс, Қобыландыны, елдің зар-мұңының тілшісі Асан Қайғыны,
Жиренше мен Аязбилерді және тағы басқа кейіпкерлерді ерекше жандар типі деп
ұға білген қазақ кейінгі заманда да ұға алады, ұқпақ түгілі өміріне үлгі
қылып ұрпақтарға жеткізуге, еліктеуге де жарайды. Сондықтан мәдени мұраны
жинау-зерттеу, осы асыл қазыналарымызды толықтай игеру және толықтыра түсу
басты міндет. Былайғы жерде байқай бермейміз, әйтпесе біздің жат-жұрттық
өктемдікке наразылық білдірген әдебиетіміздің туған тілімізде өсіп-
өркендеуінің өзі ұлттық кемелдіктің мызғымас айғағы сияқты.
Жазба тарихы көне заманнан желі тартатын сақ, ғұн, үйсін-қаңлылардың
мәдени мұрасы туралы сөз қозғағанда, оның ең алдымен материалдық және
рухани қазына ретіндегі маңызы арта түседі. Археологиялық деректер
көрсеткен андронов адамдарының киіз үйге ұқсайтын төбесі дөңгелене
жабылған мекен-жайлары кейіннен дамытылып, алты-төрт доңғалақты арба
үстіндегі үйлері бүгінгі киіз үйдің алғашқы баспалдақтары түрінде сақтарда
кең тарағаны жайлы Геродот жазбаларында дәлелдене түсті. 3
XVII-ғасырда голланд ғалымы Н.Витзен, ағылшын саяхатшысы Джон Белл
Сібір жеріндегі ескі мола, қорымдардан көп алтын, қола бұйымдар табылып
жатқанын және оларды тапқан адамдар қыруар алтын, күміс, қымбат тастарды
өзара бөліске салатыны туралы хабарлаған еді. Осындай қымбат заттың бірін
Оралдағы ірі завод қожасы А.Н.Демидов I-Петр патшаға сыйға тартады. Осыдан
кейін I-Петр патшаның Сібір губернаторына түсірген жарлығына сәйкес мұндай
ескі бұйымдарды Петербургке жіберуді және оларды тапқан адамдар үкімет
орындарына тапсырса, оларға мемлекет тарапынан ерекше сый- құрмет көрсету
ісі қолға алынды. Осының нәтижесінде 1726 жылға дейін Тобыл, Тюмень, Ертіс,
Құлынды даласы, Обь, Енисей аңғарынан табылған қымбат бағалы 250 бұйым,
оның 30 килограмы таза алтын заттар Петербургке жіберілді. Бұл көне бұйым-
ескерткіштер кейін Эрмитажда ұзақ жылдар сақталды. Сібір жерінен табылған
осы қымбат бұйымдар ішінде өте-мөте назар аудартатыны алтын белдікке
салынған ағаш түбінде отырған бір жігіт пен қыз және қызға басын қойып
жатқан еркек суреті. Алтын кемердегі бұл көрініске белгілі Ресей
тарихшылары бұл суретте түркі-моңғол халықтарының көне дәуіріндегі
эпостарының оқиғасы бейнеленген деген пікірге тиянақтайды. 4
Сібір коллекциясында Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жырындағы кейбір
сюжеттерді еске түсіретін мұндай алтын суреттердің бар екенін қазақ
ғалымдарының ішінен тұңғыш рет академик Әлкей Марғұлан хабарлады. Бұл сурет
XVIII -ғасырда Ертіс пен Обь өзендері арасынан табылған. Археологтар оны
б.з.б. V-I I I ғасыр мұрасына жатқызады және 1948 жылы ашылған Алтайдағы
Пазырық қорғаны бұйымдарының жасалу мәнеріне жақындатады. Бұдан Қозы
Көрпеш-Баян Сұлу аңызының оқиғалары скиф-ғұн шеберлерінің өнеріне арқау
болғаны байқалады. Олай болса, Қозы Көрпеш- Баян Сұлу жыры тек әдеби
құнды мұра ғана емес, көне дәуір адамдарының, ру-тайпаларының шежіресінен
сыр шертетін тарихи шоқтығы биік туынды болып табылады.
Бізде бір кездерде түркі тілдес халықтардың VIII-ХV ғасырларда туған
ортақ әдеби мұраларын қазақ халқы үшін жат дүниедей көріп, күдікпен
қараушылық басым болғаны белгілі. Тіпті тіл ғылымы саласындағы зерттеулерде
түркі тілдеріндегі тірек-негіздерді дұрыс тани алмаудан, ғалымдар бізге V-
VIII ғасырлардан жазбаша нұсқада жеткен жазба ескерткіштерді поэзия деп
танып, ұзақ жылдар бұл жазба ескерткіштер туралы жаңсақ пікір өріс алды.
Өздері көшпелі өмір салтын білмейтін, біле қалса, оны оңай схема-формулаға
айналдыратын зерттеушілер эпос тарихын халық тарихынан бөліп алып
қарастырды. Сондықтан мұндай жаңылыс пікірдің ақ-қарасын анықтар ғылыми
зерттеулер елдегі саяси идеологияға байланысты ұзақ уақыт жүргізілмеді. Тек
70-ші жылдарда шыққан зерттеулер нәтижесінде Күлтегін жазуы өлең-жыр
емес, шежіре екенін және оның дәстүрге айналып, стилі жағынан ХIV-ХV1
ғасырлардағы қара сөзбен жазылған хан жарлықтарында жалғастық тапқанын ашып
берді. Қазақ эпосына түркі қағанаты кезінен бастап енген тарих элементін
1935 жылы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудан тапқан Ақсақ Темірдің тасқа жаздырған
ескерткішінен де толық көреміз.5 Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі
деректерді жан-жақты қарастырып талдау арқылы түркі қағанаты тұсындағы ел
билеудің өзекті ережелері әз Тәуке заманындағы Жеті жарғының басты
ережелерінен дәстүрлік жалғастықта жатқанын көрсеткен зерттеу еңбектер де
бар. Бұдан мың жарым жыл бұрынғы жазба мұраның ғажайып нұсқасы Күлтегін
ескерткішінің ғылыми көшірмесінің Қазақстанға, ел ордасы Астанаға әкелініп
қойылуы- ұлттық мәдени болмысымызды әлемдік өркениеттік биікке бағыттаған
қозғалыс болды және бұрынғы дәуірлерде туған әдебиет үлгілері- біздің
халқымыз ғасырлар бойы жасаған мәдени мұраның ажырамас бөлігі екенін
дәлелдей түсті. Көне жазба ескерткіштерді зерттеу нысанасына алғанда
комплексті тұрғыдан зерттеу әдісіне сүйенбейінше, оларды танып білу және
оның бүгінгі күн қажетіне қызмет ету мүмкіндігі де қиындай бермек.
Қ.И.Сәтбаев қазақ арасында кең тараған халық эпосы Едіге жырының
белгілі бір нұсқасын кітап етіп бастыруда оған ауқымды алғы сөз жазуы, оған
оның үлкен дайындықпен келгенін осы жырдың маңызын жақсы түсінгенін және
кейінгі тағдырына жанашырлықпен қарағанын нақты көрсетеді. Ғалымның белгілі
мөлшерде халықтық музыкаға, әдебиетке, жалпы рухани мұраға деген ықласы өзі
өмір сүрген және өскен ортасында қаланған еді. Ш.Уалихановтың еңбектерін
талдау үстінде Томскіде оқып жүрген студент Қ.Сәтбаев тарихтағы белгілі
тұлға, аты аңыза айналған асыл бейне Едіге батыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Түркілердің мәдени мұрасы қазақ мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін фактор ретінде. Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Пәндер