Бастауыш сыныпта көрнекілікті пайдалану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАКӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Көрнекілік принципінің психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... 7
1.2 Математиканы оқытуда көрнекілік түрлері мен ролі ... ... ... ... ... ... ... 10
2. ТЕКСТІЛІ ЕСЕП ШЫҒАРУДА КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Арифметикалық амалдың мағынасын ашатын текстілі жай есептерді шығарудағы көрнекіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Құрама есептерді шығарудағы көрнекіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі».
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет делінген.
Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.
Зерттеудің мақсаты – бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеудің болжамы – егер бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісі дамитын болса, онда математикадан білім деңгейі жоғарылауы және пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
2. Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
3. Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдісі–зерттеу тақырып бойынша педагогикалық – психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
1. Әбірова Қ. Сабақ өту тәжірибемнен. //Бастауыш мектеп, П.- 1990. №10. 13бет.
2.Әтейбекова Р. Пысықтау сабағы //Бастауышмектеп, А. 2002 №8 46 бет.
3. Бантова Г., Бельтюкова Г.Методика преподавания математики в начальных классах. Москва “Просвещение”, 1984.
4. Баймұханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. Алматы “Мектеп”, 1983.
5. БалғазиеваА.Логикалық есептердің шешуі //Бастауышмектеп, А. 2003 №10 45 бет.
6.Байжұманова Б.Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. //Бастауышмектеп, А. 1998, №12. 17 бет.
7. Барсай Б. Бастауышсыныптаокытудың жаңа технологиялары. //Бастауышмектеп 1998 №1. 27 бет.
8. Елубаев С. Қазақ халқының есептері.. “Өнер”,Алматы.1991ж-122-298 бет
9. Елубаев С. Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. Алматы, 1995.
10. Жепенова А. Қызықты есептер. Алматы, 1998.
11. Жанұзақова Ж. Жарыссабақ. //Бастауышмектеп, А. 1991 №12 30 бет.
12. Жанұзақова Ж. Жарыссабақ. //Бастауышмектеп, А. 1991 №30 бет.
13.Жұбандықызы Т. Аукцион сабак. //Бастауышмектеп 1993 №7
14. Жепенова А. Қызықты есептер. //Бастауышмектеп 1998 №54-42 бет.
15.КөшіковаM. Жекенова Р. Сайыс сабақ. //Бастауыш мектеп 1991№3.40
16.Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. Алматы. 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
0.1 Көрнекілік принципінің психологиялық-педагогикалық негіздері ... ... 7
0.2 Математиканы оқытуда көрнекілік түрлері мен ролі ... ... ... ... ... ... ... 10
1. ТЕКСТІЛІ ЕСЕП ШЫҒАРУДА КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Арифметикалық амалдың мағынасын ашатын текстілі жай есептерді шығарудағы көрнекіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Құрама есептерді шығарудағы көрнекіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет делінген.
Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте текстілі есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеудің болжамы - егер бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісі дамитын болса, онда математикадан білім деңгейі жоғарылауы және пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.
2. Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
3. Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдісі - зерттеу тақырып бойынша педагогикалық - психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

1.1 Көрнекілік принципінің психологиялық - педагогикалық негіздері

Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орны ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.
Көрнекілік принципінің мақсаты оқытылып, тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі үшін қолдану.
Көрнекілік принципінің міндеті, біріншіден заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін түр - түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу.
Бұл принциптің екінші міндеті оқушылардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданылатын көрнекі құралдары мен оқудың барлық мазмұнын практика мен өмірмен байланысын қамтамасызетуді көздейді.
Көрнекілік құралдары ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады.
Көрнекілік терминінің түбірі көру естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.
Себебі біз оқушылардың білімді қабылдануда сезім мүшелерінің қызметі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлізаттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді.
Осылардың негізінде оларда түйсінуі арқылы ой пайда болады, нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады.
Ұғыну-тікелей сезіну процесінен бастау алса, тікелей сезіну - түйсіну, қабылдау, елестеу арқылы іске асады.
Қабылдаудың ерекше түрі - бақылау. Бақылау - тікелей сезіну процесінің күрделі түрі. Мұғалім сабақтар жүйесінде көрнекілікті пайдалану барысында оқушыларды бақылай білуге, салыстыра, қатар қоя білуге, қабылдаған ұғымдарын дамытып, оларды жетілдіре беруге дағдыландырады.
Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырса, И. Г. Пестолиций бойынша ол - логикалық ойлаудың дамыту құралы деп қарастырады.
Осы жөнінде К.Д. Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларда айқын обрыздар тудыратын өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекі құралды көрсетуге кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін, ауыз екі тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының деңейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, оқу озаттарын тежемейді. Әрі үлгерімі төмен оқушыны ескерусіз қалыпқоймай олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
В.Шаталов Жинақы әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, сонымен қатар оқу проблеммаларына аударады.
Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиетқалыптасады, күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттарды өзінен әдеттегіден тыс жәйтті аңғарады десе,көрнекі құралды пайдаланудың танымдық тиімділігі В.Занковтың пікірінше оқушыларға объектімен оның қасиеттерін көрсету - бұл сөз бен көрнекі образдың оқушының тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы объектінің қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе оның бойында объекті туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері анықталып байланысқа түседі.
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблеммалары Л. В.Занковтың (Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ішіндегі көрнеклікпен оқушылар белсенділігін көрсету) деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.
Л.В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:
1 - форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушыларға жүргізілетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады.
2- форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасалған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды;
3 - форма: Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары турал мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді дәлелдеу қызметін атқарады.
4- форма: Оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректерді біріктіреді, жинақтайды.
5 - форма: Не сөз жәрдемімен, немесе көрнекі түрде көрсете отырып, мұғалім оқушыларға қолда бар объектілері мен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс әрекеттерге қатысты, сондай - ақ ол іс-әрекеттердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.
6 - форма: Педагог сөздің жәрдемімен, оқушыларға қолда бар объектілер мен олар жасауға тиісті іс - әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма - қол көрсетіліп отырады.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістілік ережелері мен тәсілдерін профессор Т. Сабыров былай көрсетеді.
1) Мұғалім оқушылардың бақылауын - ұйымдастыру үшін ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің немесе көлемін анықтап жоспарын жасау.
2) Бақылауды, мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің анағұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан - жақты байқатқан жөн.
3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қоданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету ролі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеу керек. Демек, мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушыларсол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды , ойланады және т. б. Таным әрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс - әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық, етумен байланыстырлады - деп жазады бұл жөнінде профессор Т. Сабыров. Бұның өзі оқылатын объектілер немесе құбылыстардың аса маңызды қасиеттері туралы олардың динамикалық белгілерін жан - жақты түсінуіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың теориялық ойлауын дамытуға көрнекіліктің бір жағынан көптеген нәрселер мен құбылыстарға тән анағұрлым ортақ қасиеттеріне назар аудармауға мүмкіндік беретін, ал екінші жағынан ұғымдарды деректендіруге септігін тигізетін түрлерін қодануғажәрдем етеді. Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М. Пышкало жазған мақаланың бірінде ашылып көрсетілген:
Әр - алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар моделдерімен жанасса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығын, түр - түсіне, салмағына және т. с. с. қатысы шамалы оларға анағұрлым ортақ қасиеттердіайқындайды!
Кейінгі кезеңдерде педагогикалық классиктерді, методистер жеке пәндердің оқыту әдістерін зерттеп, оқытудың көрнеклік принципін нақты анықтай түсті.
Сонымен, оқуда көрнекілікті қолдану арқылы оқушылардың білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілерімен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді. Нәрсе заттардың әр жағының, салаларының байланыстары мен өзарақатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

1.2 . Математиканы оқытуда көрнекілік түрлері мен рөлі.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі,жекеше қарым - қатынас т. б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдардыпайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.
Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қалыптастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.
Педагогика ғылымын дамытушылардың бірқатары табиғаттың техникалық және қоршаған ортаның барлық заттарымен құбылыстары көрнекіліктің құралы ретінде қарастырылуы керек деп есептейді.
Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік бейнелері қалыптастырудыңқажеттігі болып табылатыны белгілі.
Мысалы В.А. Сухомлинский жеке тұлғаның жан - жақты дамуына әсерін тигізетін көріністерімен қамтамасыз етудің құралы ретінде баланы табиғи ортада тәрбиелеп - оқытуды қарастырады. Ол баланы табиғи ортада оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, "табиғат - бала ойын жетілдірудіңқайнар көзі" деп атап көрсетті.
Қоршаған ортаның түрлі заттарымен құбылыстары көрнекілік құралдары ретінде зор маңызға ие. Л.И. Мендельштман, О. Занков, Э.Т. Мингазов, Л.И. Фридман, Л.Я. Зорина, В.И. Евлокимов, И.Н. Нұшманов, К.Жүнісова және т.б. сияқты көптеген педагогтар осы көзқарастарын өз еңбектерінде зерттеп тұжырымдаған.
Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі болғаны мен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан, "көрнекілік құралдары" ұғымы Л.И. Мендельштманның пікірінше шарты түрде ғанаайтылады.
Ал, В.И. Евдокимовтың пікірінше, "көрнекі құралдар" дегеніміз - оқыту барысында түрлі құбылыстар мен процестерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын арнайы таңдап алынған заттармен құрастырмалар. Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен анықтамасы ғылымитүрдетұжырымдалған. Олар :
1. Көрнекі құрал - нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал - таным құралы. Таным процесінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылғанкез - келген заттық немесе идеялдық моделькөрнекі құрал бола алады.
Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі - олардың ғылыминегізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы мен үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдардың жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық қызметтері анықталады. Кейбір деректерде - " Мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдар пайдалану әдістерінің жеткіліксіздігіне әкеліпсоғады " делінген. Педагогикада көрнекі жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымдақолдануға арнаулы және т.б. ), құрастырылған заңына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.
Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнелеуі десек, И. В. Евдокимовтың көрнекі құралдары ақиқатты бейнелеу тәсіліне сәйкес топтауы негізді тұжырым деп есептейміз.
Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызба нұсқаны қарастырыпкөрейік.
Көрнекілік құралдар:

Табиғи көрнекіліктер бейнелеуші символикалық динамикалық
Жалпы орта мектептерде оқу - тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі көрнекілік құралдарыныңқызметтері олардың дидактикалық құралдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Ал, көрнекілік туралы Л.И. Фридман өзінің көзқарасын былайша тұжырымдайды.
- көрнекілік нақты нысанның, заттың немесе құбылыстыңқандай да бір қасиеті немесе сапасы емес ол осы объектілердің психологиялық бейнелерінің ерекшелігі мен қасиеті;
-жеке адам үшінолардың қарапайымдылығы мен түсініктілігінің көрсеткіші;
- адам санасында қалыптасатын бейненің көрнекілігі мен көрнексіздігі көптеген себептерге тәуелді. Олар - таным қабілетіне және қалауынабайланысты болып келеді.
Көрнекіліктің құралы ретінде түрлі модельдер қарастырылады. Л. И. Фридман модельдердің олардың құрастырылған затына қарай былайша жіктеп көрсеткен.

Модельдер

Заттық идеалды

Шыны
дан, ағаштан, темірден жасалғандар және т.б.
Тірі табиғи объекті
ден жасал
ған
бейнелік таңбалық ұғымдық

статистикалық Модельдердің көрнекілігі негізделетін басты заңдылық: заттық және заттық және идеалды (бейнелік және таңбалық - символикалық) модельдер модельденуші объектінің көрнекі бейнелерінің алдын - ала ұғымдықмодельдерде (қандайда бір құбылыс, процесс немесе заттың теориялық сызба - нұсқасын ) құрастырылуы.
Оқытуда көрнекілік ұстамының қажеттілігін ойдың нақтылықтан абстрактылыққа, сезімталдық сипаттан радикалдыққа (орнықтылыққа) көшу диалектикасына негізделеді. Мәселен, Л.И. Фридман модельдердің оқытуға арналған арнайы құралдар ретіндегі мазмұнын атап көрсетеді. Біріншіден, модельдеу оқыту нәтижесінде оқушылардың меңгеруі тиіс білім мазмұны мен игеруі қажет таным әдісінеқызмететеді. Екіншіден, модельдеу жетілдірілген оқытудың негізгі қозғаушы күші мен құралы болып табылады.
Қазіргі оқу жүйесінде мұғалімердің кеңінен қолданып жүрген мынадай көрнекіліктерінің түрлері бар:
1.Табиғи (табиғат, өсімдік, жан - жануар, жәндік т.б.)
2. Көлемділік (әралуан заттардың модельдері).
3. Бейнелік (фото сурет, картинат.б.).
4. Графикалық (схема, чертеж, таблица).
5. Дыбыстық (үн таспа ⁄пластинка ⁄,магнитофон, диофильмт.б.).
6. Символикалық (табиғат, географиялық карталары).
Көрнекіліктің табиғи түрінен басқалары заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Табиғи көрнекілік негізінде оқушылар заттарды қолыменұстап, көлемін, түр - түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызылады.
Оқыту процесінде бүгінде біздің жоғарыда баяндаған көрнекіліктерден басқа да түрлеін ұсынады. Оған мысалы:
- Заттық көрнекілік (егерде зат болмаса, олардың үлгісінкөрсету).
- Экспериметтік (физика, химия сабақтарында түрлі жүргізу).
-Тілдік көрнекілік (фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жазбалары).
- Аудиовизуалық (кино, телевидение, радио тарату желісі т.б.).
Дидактикалық принциптерді қолдануға сай қойылатын негізгі талаптар жүйесі мыналар:
- көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
-көрнекілікті қолдану тәсілдерін меңгеру, оның сабақ құрылымында өзіндік үйлесімдігін қатаң ескеру, оқу әрекетінеде оқушылар ойының оған үнемі ауытқып кетуін болдырмау.
- көрнекілікті қолдану барысында оқушылардың бақылау әрекетін тиімді ұйымдастыру.
- көрнекілікті мұғалімнің бейнелі сөзімен дұрыс байланысын қамтамасыз етіп, қорытындыларжасау.
-көрнекі құралдардың түрлерін (заттық, бейнелілік, графикалық, символикалық, техникалықт.б. ) оқу пәдерінде, сабақтар жүйесінде нақтылы өз орнында пайдалану және оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра басшылыққа алу.
Көрнекілік құралдары төмендегі шарттарды ескерубарысында ғана өз міндеттерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы;
- қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу - тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескеруі;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында құрастырылған көрнекі құралдардың сапасын анықтайтын басты өлшемдері.

2. ТЕКСТІЛІ ЕСЕП ШЫҒАРУДА КӨРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Арифметикалық амалдың мағынасын ашатын текстілі жай есептерді шығарудағы көрнекіліктер.

Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты - математика есептердің белгілі бір жүйесін, шешу әдістемесін оқушыларға игерту. Сондықтан есепті шешу - оқытудың мақсатығана емес, сондай - ақ құралы да.
Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп басты қызметші болып табылады. Содықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады . Әрбір мектеп бітіруші оқушы орта есеппен 15000 - дай есеп шығарады екен. Ал солардың көпшілігі жоғарғы және арнаулы оқу тапсырмаларды шығара алмай жатады. Бұл әлі де мектеп математикасын оқытуда, есеп шығаруда көңіл аз бөлініп
Бастауыш буында есеп қарастырылмайтын сабақ кездеспейді, яғни әркластың оқулығында үш жүзге жуық есеп келтірілген, сонымен бірге отырғандығының дәлелі. мұғалімдердің жергілікті деректерді пайдаланып, қарастыратын және әдістемелік көмекші құралдар мен дидактикалық материалдардағы есептер бар. Есеп шығару міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Барлық есептер оқыту міндеттерін орындайды. Басқаша айтқанда, кез - келген есепті шығарғанда оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Көбінесе әр есеп өзініңмазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады. Мысалы; қоғамдамуының әр түрлі кезеңдеріне байланысты, есеп мазмұны да өзгеріп отырады. Бір кезеңде есептер жинағы көпестердің сауда саттығын, арзанға сатып алу, керісінше қымбатқа сату, құмарлық ойындарда ұту т.с.с. мазмұны болады. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұны оқушылардың жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруға, ғылыми көзқарастарын дамытуға, интерноционалдық және патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделген. Есеп шығару оқушыларда сөйлеу мәдениетін мінез құлқының қалыптасуына, табандылыққа, шыншылдыққа, еңбек сүйгіштік қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізетіні аян.
Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден - бір себепші болатын құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта екіге бөлінеді. Жай және құрама есептер. Жай есептер деп бір ғана амалмен шығарылатын есептерді айтады.
Математиканы оқыту жүйесіне жай есептер аса маңызды роль атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі - арифметикалық амалдар туралы ұғым т.б. бірқатар ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрамаесептерді шығарабілуде игеруге дайындық басқышы болып табылады.
Өйткені құрама есепті шығару бірқатар жайшығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысу болады. Жай есепті шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістердіигеретін болады.
Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қалайжүргізу керектігін және көрнекілікті қалай пайдалануды үйретудің маңызы зор. Енді, бастауыш класста қарастырылатын жай есептер түрлері және соған сәйкес қандай көрнекіліктер пайдалану керектігіне тоқталамыз.
Бағдарламада жай есептердің белгілі бір түрлерін біртіндеп енгізу көзделген. Бастауыш курс математикасында жай есептер бірнеше топқа бөлінеді:
Арифметикалық амалдардың нақты мағынасын ашатын жай есептер (қосындыны, қалдықты, бірдей қосылғыштардың қосындысын табу немесе көбейтіндісін табу, тең бөліктерге бөлу, тиісінше бөлу);
Бірінші топқа мынадай турдегі жай есептер жатады, ол есептерді шығарғанда балалар арифметикалық амалдардың әрқайсысының нақты мәнін ұғынатын болады, яғни балалар қандай арифметикалық амал жиындарға қолданылатынқандай да бір операцияға сәйкес болатындығын ұғынады.
Бұл топқа бес есеп жатады:
1. Екі санның қосындысынтабу.
Қыз бала 3 шұңғыл тәрелкені және 2 майда тәрелкені жуды.
Қыз бала барлығы қанша тәрелке жуды?

Тірі табйғат мүйісінде, үшторда әрқайсысында 2 - ден үйқояны бар еді. Тірі табиғат мүйісінде барлығы қанша үй қояны бар ?
4. Тең бөліктерге бөлу.
Оқушылардың екі тобы 8 жүйектің, әрқайсысы бірдей, арам шөбін отады.Әр топ оқушылары қанша жүйектен отаған ?
5. Тиесінше бөлу.
Мектеп оқушыларының әр тобы 8 алма ағашының түбін қопсытты. Мектеп оқушыларының қанша бригадасы бұл жұмысты орындаған ?
Міне, осы қарастырылған жай есептер түрлерін иллюстрациялауда көрнекілікті пайдалану әдістемесін қарастырайық.
Есепті иллюстрациялау - есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай - ақ олардың арасындығы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану. Иллюстрация нәрсе түрінде немесе сызба түрінде болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттерін пайдалану мүмкін, солардың көмегімен заттардың тиісті амалдары иллюстрацияланады.
Мысалы, мына есепті иллюстрациялау керек :
1 - есеп : Балалар төбешіктен төмен қарай
сырғанап жүр. Олардан 5 қыз бала және 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды. Барлығы қанша бала үйлеріне кетті ?.
Бұл жағдайда иллюстрация ретінде балалардың өздерінпайдаланған дұрыс, тақта алдына төбешіктен сырғанап жүрген балаларды кескіндейтін бір топ оқушыны шақырып алып, олардың Үйге кететіндерін көрсетуге болады, демек 5 қызды бір шетке шығарып қояды, содан кейін 2 ер бала үйлеріне кетеді. (Қыздарға барып қосылады). Сонымен жиындардың бірігуі иллюстрацияланады, сонда балалар кетті делінетін болса да есеп қосу амалымен шығарылатыны оқушыларға белгілі болады.
Көбінесе заттардың өзінен гөрі суретті немесе басқа заттар пайдаланылады.
2 - есеп Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қорапта барлығы неше шар бар ? деген есепті түсіндіру үшін класқа шар әкелудің қажетті жоқ, ол үшін оны дөңгелектер суретін пайдаланса жеткілікті. Мұнда балалардың өздері нәрселерімен жұмыс істегендерінің мәні зор. Балалар парта үстіне алдымен 3 дөңгелек содан кейін 2 дөңгелек қояды. Балаларды олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары
Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану әдістемесі
Бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Көрнекі құрал оқу моделі
Бастауыш сыныпта ойынның оқыту және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Пәндер