Менджементтің пайда болуы және оның мәні



Жоспар

КIРIСПЕ

Менджементтің пайда болуы және оның мәні
Менеджменттің пайда болуы
Ғылыми менеджменттің пайда болуы
Менеджмент мақсаты мен міндеттері
Менеджменттің мазмұны және негізгі сипаттамалары
Қазақстанда басқару теориясы мен практикясының дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.
Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.
Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып, «Менеджмент» деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.
Бұрын бізде мамандыққа байланысты негізгі білімді жақсы үйретіп, экономиканы басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден көптеген мамандар жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын.
Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге «топ-менеджер», «менеджмент» деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы «басшы», «басқару қызметі», «басқару» деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді. Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.
Менің ойымша Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге басады деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпқа мен көп көңіл қойдым.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Майкл Мескон и др., “Основы менеджмента”, - М., 1995 г.
2. Тейлор Фредерик Уинслоу, “Менеджмент”, - М., 1992 г.
3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ университеті, 1998 ж.
4. Каору И. “Японские методы управления качеством” М., 1980 г.
5. Оучи У. Г. “Методы организации производства: японский и американский подходы” М., 1978г.
6. Пронников В.А., Ладанов И. Д. “Управление персоналом в Японии” М., 1985г.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КIРIСПЕ
Менджементтің пайда болуы және оның мәні
Менеджменттің пайда болуы
Ғылыми менеджменттің пайда болуы
Менеджмент мақсаты мен міндеттері
Менеджменттің мазмұны және негізгі сипаттамалары
Қазақстанда басқару теориясы мен практикясының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен
қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде
нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін,
ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым
қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін,
белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі,
бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен
тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.
Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы
уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып
отыр.
Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай
тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл
экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы
қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді
жолы.
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып,
Менеджмент деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.
Бұрын бізде мамандыққа байланысты негізгі білімді жақсы үйретіп,
экономиканы басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден көптеген
мамандар жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын.
Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге топ-
менеджер, менеджмент деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы басшы,
басқару қызметі, басқару деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл
сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз
басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді.
Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.
Менің ойымша Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары
менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге
басады деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпқа мен көп көңіл қойдым.

Менджементтің пайда болуы және оның мәні
Менеджменттің пайда болуы

Басқару, басқарушылық еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-
әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек кооперациясымен байланысты.
Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін
жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыста да болған. Бірақ
менеджмент тарихын зерттеушілер оның жекелеген нышандары өте ежелгі
қоғамдар - Шумерде, Египетте, Аккада да пайда болғандығын атап көрсетеді
- жоғарғы касталы дін қызметшілері діни функционерлерге, дәлірек айтсақ,
менеджерлерге айналады. Бұған діни принциптердің өзгеруі себеп болған -
адамдарды құрбан ету орнына қайыр-садақа, мал, май, қолөнер бұйымдарын беру
түріндегі символикалық құрбандықтар орын тебе бастаған. Осының нәтижесінде
абыздардың арасында ритуалдық рәсімдерді сактаудан басқа салықтарды жинауға
жетекшілік ететін, мемлекеттік қазынаны басқаратын, мүліктік істерді
жүргізетін іскер адамдардың жаңа типтері пайда болады. Олар іс
құжаттамаларын, бухгалтерлік есеп айырысуларды (есептеулерді) жүргізген,
бүгінгі күні басқару процесінің мазмұнын анықтайтын қамдау (жабдықтау),
бақылау, жоспарлау және басқа да функцияларын атқарған.
Мұндай басқару ісінің жанама нәтижелері ретінде жазу мен есеп
жүргізуге қажеттілік туады. Өйткені іс ақпаратын тұтастай есте сақтау
мүмкін емес еді. Сөйтіп, ең алғаш менеджмент коммерциялық және діни қызмет
іс-әрекетін жүргізу құралы ретінде қалыптасады. Уақыт өте келе әлеуметтік
институт пен кәсіпке (кәсіби іске) айналады.
Менеджменттің дамуындағы кезекті күрт өзгерісті Вавилон әміршісі
Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750 жж.) есімімен байланыстырады. Кең байтақ
иеліктерді тиімді басқару үшін ол тұңғыш рет Хаммурапидің заңдар жиынтығын
шығарады. Мемлекетті басқарудың 285 заңынан құралған бұл жинақ сан алуан
қоғамдық қатынастарды реттеп, бүкіл империяның әкімдеріне жетекші құрал
ретінде қызмет еткен. Хаммурапидің өзінің адамдардың қамқоршысы мен
қорғаушысы ретіндегі бейнесін ұдайы ұстана отырып, лидерліктің стилін ойлап
шығаруы да жаңалық болды. Сонымен, тұңғыш рет Хаммурапидің билік ету
дәуірінде таза зиялы басқару үлгісі жасалып, адамдар арасындағы
қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудің ресми жүйесі пайда болады және ақыр
соңында, лидерлік стилінің алғаш өскіндері туындайды.
Бұдан едәуір кейін Вавилон мұнарасы мен аспалы бақтар жобасының авторы
II Навуходоносор патша (б.з.д. 605-562 жж.) тоқыма фабрикалары мен астық
қоймаларында өндірістік бақылау жүйесін енгізеді. Ол жекелей алғанда,
тоқыма жібінің келіп түсуі мен сақталу мерзімдерін анықтау үшін түрлі-түсті
жазба қағаздар қолданған.
Басқару жаңалықтарының айтарлықтай бөлігі Ежелгі Римде орын алған,
олардың ішіндегі ең танымалдары - Диоклетианның (б.з.д. 316-243жж.)
территориялық басқару жүйесі мен күні бүгінге дейін ешбір өзгеріссіз
сақталған Рим католиктік шіркеуінің әкімшілік ұйымдастырылуы.
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. ұлы өнеркәсіп төңкерісі, алдыңғы төңкерістерге
қарағанда, басқару теориясы мен практикасына әлдеқайда елеулі ықпал етті.
Индустрия (өнеркәсіп) мануфактурасының шектерінен асып, акционерлік
капиталдың қазіргі заманғы жүйесі пісіп-жетілген сайын капитал иелері
бизнеспен айналысудан барған сайын алыстай бастады. Жетекші - меншік иесі
жүздеген, мыңдаған акционерлермен ауыстырылды.
Жаңа, диверсификацияланған (бытыраңқы) меншік формасы пайда болды.
Жалғыз жетекші (басшы) - меншік иесінің орнына тек қана пұрсатты (айрықша
құқылы, жоғары дәрежелі) таптан ғана емес, барлық таптар ішінен іріктеп
алынған (рекрутталған) бірнеше жалдамалы менеджерлер пайда болады.
Бұл жерде әкімшілік ету компаниясының жалпы мақсаттары мен саясатын
белгілеу, ал менеджмент бастапқы әрі аясы тар техникалық мағынада олардың
жүзеге асырылуын бақылау ретінде түсінілетін.
Өндіріс көлемінің өсуі, капитал айналымының жеделдеуі, банк
операцияларының ұлғаюы (кеңеюі) қазіргі заманғы ғылыми-техникалық
революцияның (ҒТР) ықпалы басқаруды өте-мөте күрделендіре түсті. Ол енді
тек бір ғана дұрыс мағыналы ойды жұмсау саласы бола алмады, арнайы
білімдерді, дағдылар мен сарапшылардың іскерлігін (шеберлігін) талап етті.
Болжам мен интуиция тілі нақты калькуляциялық негізге ие болады - бәрі
формулалар мен ақшаға ауыстырылады.
Әрбір өндіріс процесі дербес функция қызметі мен менеджменттің іс-
әрекет ету саласына бөлініп шығады. Функциялардың саны өсіп, оларды жаңа
негізде үйлестіру мен біріктіру мәселесі шиеленісе түседі. Оларды біріктіру
үшін, әрбір функцияға мамандар штаты (бөлім, бөлімшелер) бекітіледі, ал
үйлестіру функциялары (қызметтері) менеджмент үлесіне тиеді.
Бұл жерде келесі заңдылықты атап өтудің маңызы зор. Бастапқыда меншік
иесі мен менеджер бір тұлғада көрінген. Кейін басқару капитал мен
өндірістен оқшауланады. Бір капиталист-менеджердің орнына екі - акционерлер
мен жалдамалы басшылар қауымдастығы пайда болады. Келесі даму кезеңі:
менеджерлер көп әрі әрқайсысы нақты функцияны бақылайды. Бұдан соң бірегей
менеджер - маман қайта бөлінеді және оның орнына мамандар қауымдастығы
пайда болады. Енді менеджер мамандардың жұмысын үйлестіреді. Ол үшін арнайы
үйлестіру құралдарын, жекелей алғанда, шешім қабылдау жүйесін, компания
мақсаттары мен саясатын және т.б. қолданады.
Менеджмент жеке меншік секторда бизнес-менеджмент ретінде туындаған,
бірақ ғылыми және әлеуметтік құзыретінде орта және шағын фирмаларда емес,
ірі корпорацияларда дамыды. Кейбір корпорациялардың жылдық табыстары
көптеген мемлекеттердің бюджеттерінен талай жерде асып түседі. Мемлекеттің
де, жеке сектордың да әл-ауқаты барған сайын басқару сапасына тәуелді бола
бастады. Менеджмент ұлттың ең жақсы күштерін өзіне тартады. Тіпті қабілеті
жағынан орташа адамдар күрделі басқарушылық жолынан өтіп, көрнекті
тұлғаларға айналады. Егер XIX ғ. орта шенінде басты күрестер еңбек пен
капитал арасында жүрсе, XX ғасырда ол басқарушылыққа ауысуға айналды. Қазір
капиталист жұмысшыға емес, басшы бағыныштыға қарсы тұрады. Егер қоғамның
капитализмге дейінгі даму кезеңінде басқару функциясы тікелей өндірістен
әлі оқшауланбаған және негізінде бақылау мен еңбекке мәжбүр ету функциясына
бара-бар болса, капитализмнің дамуы өндірісті басқару функциясының ролін
арттырды. Ол өз кезегінде барған сайын күрделеніп, жіктеліп өз алдына
дербес, өзгеше іс-әрекет ету саласы бола бастайды.
Бизнес мектептері мен кәсіби білім жүйелерінде арнайы дайындықтан
өткен көптеген мамандар штаты пайда болады. Жеке меншік және мемлекеттік
кәсіпорындарда негізгі тұлға болып кәсіпқой менеджер-басқарушылар институты
пайда болады.

Ғылыми менеджменттің пайда болуы

Басқару ғылым, ғылыми пән ретінде XX ғ. басында АҚШ-та пайда болды.
Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде елдің
демократиялылығын, азаматтардың еңбек сүйгіштілігін, білім алудың жоғары
мәртебесін, сондай-ақ мемлекеттің экономикаға араласпайтындығын атап өткен
жөн. Ел ескіліктің кертартпа догмаларынан ада болған, ал монополияларды
құру оларды басқарудың күрделенуіне әкеп соқтырды. Осындай жағдайларда
бизнес қажеттіліктеріне жауап ретінде ғылыми менеджмент пайда болды. Ғылыми
менеджменттің негізін калаушысы болып Фредерик Уинслоу Тейлор деп саналады.
Ол елдің қоғамдық және ғылыми өміріне ерте араласты. Сол жылдарда АҚШ-тың
өнеркәсіп орталығы, реформаторлардың әр түрлі қозғалыстары мен өнеркәсіпті
жаңарту идеялары мен сан-алуан пікір-таластардан бұрқанып жатқан жері -
Филадельфия деп саналатын. Топтардың бірін менеджерлердің, есіресе адамдар
мен техникаға бүкіл билікті әбден сеніп тапсырған мастерлердің рөліне
наразы кәсіпқой инженерлер құрады. Олар "машиналық модель" деп аталатын
өздерінің альтернативті жобасын ұсынды. Оның мәнісі кәсіпорынды басқару
машинаны құрастырғандай, дәл әрі болжамды болуы тиіс дегенге салды.
Басқалары - бұл консервативті немесе орынды бағыттары бизнесмендер,
өнеркәсіп иелері және саяси қайраткерлер енген "еңбек реформаторлары".
Олардың назарында - жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өзара қарым-
қатынастары, социо-мәдени орта мен еңбек жағдайы мәселелері; әр түрлі
қайырымдылық жобалары мен бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін жақсарту,
өндірісте толық комфорт жасау, тұрғын үй жағдайларын, әлеуметтік
сақтандыруды, науқастар мен қарттарға күтім жасауды жақсарту.
Бұл ағымдар Ф.Тейлорға әр түрлі ықпал етті. Өз өмірін механикалық
шеберханада қарапайым жұмысшының оқушысынан бастап, ол заводтың бас
инженеріне дейін көтерілді.
Компаниядан кеткен соң ол "ғылыми менеджментті" насихаттайды, жеке
консультативті фирмасын ашады, ірі компаниялардың акцияларына ие болады.
Өзінің 10 мың долл. әл-ауқатын 1910 жылға қарай 900 мыңға арттырады.
Бастапқыда Тейлор өз жүйесін "тапсырмалар жүйесі" немесе "тапсырмалар
арқылы басқару" деп атаған. "Ғылыми басқару" ұғымын тұңғыш рет 1910 жылы
темір жол компанияларымен жанжал кезінде жүк жіберуші фирмалардың мүддесін
қорғаған Луис Брандейс енгізді. Осы уақыттан бастап Тейлордың өзі де
"ғылыми басқару" ұғымын кеңінен қолданады. Ол "басқару - бұл дәлме-дәл
анықталған заңдар, ережелер мен принциптерге сүйенетін нағыз ғылым" деп
қорытты. Ол басқару ерекше функция ретінде бірқатар принциптерден
тұратындығына сүйенеді, ал оларды бірдей табыспен әлеуметтік іс-әрекеттің
барлық түріне жаппай қолдануға болады деп есептеген.

Менеджмент мақсаты мен міндеттері
1. Басқару процесінің ұғымы жүйелі ықпал ету. Осы анықтамадан бірқатар
қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен ықпал ету, демек мұның өзі сол
әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
Мақсаттылық анықтамасы басқару міндетін алдына қойған мақсатына
жетуін қамтамасыз ету. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.
Жүйелілік анықтамасы дүркін-дүркін емес, жүйелі, үздік деп атайды.
Әр түрлі береді. Басқару процесі бұл шешімді басқаруды, қабылдауды,
қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестірудің,
қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру.
Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында
жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, колхоздар мен тасымалдау
орындарында, құрылыс пен жоғары оқу орындарында. Яғни, адамдар еңбек ететін
ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші
кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де,
шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел
проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине, мұндай жағдайда
көбінесе Стратегиялық басқару, жедел басқару секілді терминдерді
пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол басқару функциясы
деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару функциясы —
басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен
әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір басқару функциясы процесс болып саналады, өйткені, бұлар да
өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық
функцияның жалпы жиынтығы. Басқару функциясына ғылымның көптеген
салаларындағы ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А. Файоль былайша
тұжырымдаған болатын: Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау,
ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау. Бұл функция басқарудың
теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ
біржақты емес.
Функция — көпмәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтың)
қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады,
социологияда — белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік
процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Функция — бұл сонымен қоса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функция
ұғымы басқару функциясының категориясын анықтаған кезде басқару
теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан
— өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару функциясының өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әрі
дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы
адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада
басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру,
оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы
деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
Басқарудың барлық функциясы бір-біріне тығыз байланысты, сонымен коса,
олар бір-бірімен сіңісіп кетеді Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару
функциясына деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. Менеджмент
негіздері кітабының авторлары (М. X. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури)
басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін
қазіргі кезде барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектілерде бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Ақшаның айналыс құралы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы
Сезілетін ток
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістері
Аудитордың мәнділік деңгейін қарастыруы
Өлшеу қателіктері
Мемлекет түсігіні және мәні
Пәндер