Менеджменттің тиімділігі



КІРІСПЕ

1. Сыртқы ортаны бағалау және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Ішкі ортаны бағалау және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Стратегиялық жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Рынок сыйымдылығының және өткізу көлемін тиімділігін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Фирма ішіндегі деректерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Рынок туралы деректерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7. Рынокты арнайы зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
8. Тауар өткізудің тиімділік жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Пайданы жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10.Тиімділік лимиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

11.Қаржыны жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға “менеджмент” деген тез енді.” Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус” , яғни “қол,күш” дегенді білдіреді.
Күнделікті тұрмыста бұл сөз белгіл бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған шешім , әрекет-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен , менеджменттің тиімділігін және оның іс-әрекетін экономикалық табыстар,экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататын – қолда бар адам мен материалдар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын – ең алдымен адамдар. Осыдан :менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен,менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымтастыру . Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды , олардың жұмысын жандандыруды , әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару , басшылық ету орган.
Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару.
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері А. 1993ж.

2. Нәрібаев, Жұмабай Менеджмент негіздері А. 2000ж.

3. Бердалиев Қазақстан экономикасын басқару негіздері А. 2001ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТИІМДІЛІГІ

КІРІСПЕ

1. Сыртқы ортаны бағалау және талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Ішкі ортаны бағалау және
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Стратегиялық
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Рынок сыйымдылығының және өткізу көлемін тиімділігін
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
5. Фирма ішіндегі деректерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Рынок туралы деректерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

7. Рынокты арнайы
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
8. Тауар өткізудің тиімділік жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Пайданы
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
10.Тиімділік лимиті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

11.Қаржыны
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға “менеджмент” деген тез
енді.” Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің
“манус” , яғни “қол,күш” дегенді білдіреді.
Күнделікті тұрмыста бұл сөз белгіл бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына
жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда
менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін
экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған шешім , әрекет-бұл
экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен , менеджменттің тиімділігін
және оның іс-әрекетін экономикалық табыстар,экономикалық нәтижелер
арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс
істеу міндетіне жататын – қолда бар адам мен материалдар
негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын – ең алдымен адамдар. Осыдан :менеджмент – бұл
адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен,менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымтастыру .
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша
толық қанағаттандыруды , олардың жұмысын жандандыруды , әрі тиімділігін
арттыруды көздеу қажет.
Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару , басшылық ету орган.
Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару.

1. Сыртқы ортаны бағалау және талдау

Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің
диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш параметрі (өлшемі)
бойынша зерттейді.
1. Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін
өзгерістерді бағалау.
2. Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп
төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ
қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.
3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай
факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық
жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға
төнетін қауіп-қатер мүмкіндігін анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ
жағдайда жоспар жасау уақытына, қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын
ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіидік береді.
Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрақтарға жауап береді:
1. Ұйым қазір қайда орналасқан?
2. Жоғарғы басшының пікірінше, болашақта ұйым қайда болуы тиіс?
3. Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға
тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?
Сыртқы ортаны талдағанда мынадай факторларға көңіл бөледі.
Экономикалық факторлар. Бұлардың ішінде: инфляция немесе дефляция
қарқыны, жұмыс бастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы.
Осы факторлардың әрқайсысы фирмаға қауіп-қатер төндіруі, немесе жаңа
мүмкіндіктер беруі мүмкін.
Саяси факторлар. Бизнес пен кәсіпкер фирмалары жетекшілерінің саяси
процеске белсене қатысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін
көрсетеді. Басшы жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік
құжаттарын, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы
күшін жалдау жөңіндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай-ақ
басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік
және сауда келісімдерін қадағалауы тиіс. Үкімет іскерлік мәселелерге
тұрақты және белсенді қатысатындықтан, ұйымдар саяси әрекетті мұқият
қадағалауы тиіс.
Нарықтық факторлар. Өзгермелі нарықтық сыртқы орта тұрақты талдау
объектісі болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның факторлары алуан түрлі
алуан түрлі,оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр
түрлі бұйымдардың өмірлік цикліне нарыққа (рынокқа) енудің жеңілдігі, халық
табысының бөлінуі және саладағы бәсеке деңгейі. Әртүрлі нарықтық
факторларды талдау басшыға оның стратегиясын айқындауға және бәсекелестер
бойынша фирма позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Технологиялық факторлар. Сыртқы ортаның технологиясын талдау өндіріс
технологиясындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Халықаралық фактарлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ
компаниялар халықаралық рынокта жұмыс істейді.
Осыған орай біршама кең ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап
отыру қажет.
Бәсеке факторлары. Профессор Портер мұндай объектіні талдауды,
бәсекелесуші ретінде, басшы мынадай сұрақтарға нақты жауап беруі тиіс деп
есептейді: Бәсекелесушіге не қозғау салады?, Бәсекелесуші не істейді?
және Ол не істей алады?. Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық
элемент қатысады:
1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау, 2. бәсекелесушілердің
ағымдары стратегиясын баралау, 3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда
жұмыс істейтін компанияның алгышарттарын шолу және 4. бәсекелесушілердің
күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.
Басшылардың осы элементтерді мұкият зерттеуіне көмектесу үшін Портер
төрт сұрақ ұсынады:
1. Бәсекелесуші өзінің қазіргі жағдайына канағаттана ма?
Бәсекелесуші стратегиядағы қандай өзгеріс қадамын қабылдайды?
3. Бәсекелесушінің осал жері кандай?
4. Бәсекелесуші жақтан қандай ірі және неғұрлым тиімді шаралар
килігуі мүмкін?
Әлеуметтіік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі
үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды
факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі„ қоғамдағы әйелдердің
рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау
қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы
туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай
бейімделіп отыруы тиіс.

Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап,
соғаң қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Жүргізінен талдаудан кейін басшы үйымның күшті және осал жақтарына
баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі
мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар
хақында толық хабардар болуы тиіс
.

2.Ішкі ортаны бағалау және талдау

Фирманың ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді
пайдалана білетіндігін, сондай-ақ қөіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын
анықтаудың зор маңызы бар.Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын
жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.
Басқарушының тексеруі мынадай функцняларға жүргізіледі: маркетинг,
қаржылар (бухгалтерлік есеп), операциялар (өндіріс), адам ресурстары,
сондай-ақ мәдениет пен корпорация бейнесі.
Маркетингті тексергенде мынадай факторлар қарастырылады:
1. Нарық үлесі және бәсекелесу қабілеті.
2. Бұйым ассортиментінің алуан түрлілігі және сапасы.
3. Нарықтық демографиялық статистика.
4. Тауарды жұртшылыққа сатар алдында және сатқаннан кейінгі тексеру.
5. Нарықтық зерттеу және іздестіру.
6. Тиімді өткізу, жарнама және тауардың қозғалысы.
7. Пайдалар.
Қаржылар—бухгалтерлік есеп. Қаржы күйін талдау бәсекелесушілермен
салыстырғанда ұйымның алдағы ішкі мүмкіндіктері мен осал тұстарын
айқындауға мүмкіндік береді.
Операциялар. Фирманың ұзақ уақыт өмір сүруі үшін операцияларды
басқаруды үздіксіз тексерудің айрықша маңызы бар. Мұнда мынадай сұрақтарға
жауап берілуі тиіс;
1 Бәсекелесушілермен салыстырғанда тауар өндіруді немесе қызмет
көрсетуді неғұрлым төмен бағамен жүзеге асыруға бола ма? Егер болмаса,
себебі қандай?
2. Жаңа материалдарды алу мүмкіндігі қандай?
3. Біздің жабдықтар (қуаты) қазіргі талапқа сай келе ме және ол
жақсы жұмыс істей ме?
4. Сатып алу материалдар аумағының қорын және тапсырысты (заказ)
жүзеге асыру уақытын кемітуге есептелген бе?
5. Біздің өніміміз маусымдық сұраныстың ауытқуына ұшырады ма, жұмыс
істейтіндерді уақытша босатуға не себепші болады? Егер бұл осылай болса,
осы жағдайды қалай түзетуге болады?
6. Біздің бәсекелесушімізге қызмет көрсете алмайтын рынокқа біз
қызмет ете аламыз ба?
7. Біз сапаны бақылау жүйесін тиімді, әрі нәтижелі жүргізе аламыз ба?
8. Біз өндіріс процесін қаншалықты тиімді жоспарладық және жобаладық?
Адам ресурстары. Адам ресурстары функциясын тексеруде бірқатар
мәселелер бар. Ұйымда кездесетін адам ресурстарына байланысты проблемалар
,мына темендегідей:
1. Қазіргі кезде бизнес саласында жұмыс істейтін қызметкерлер типін
Сіз қалай сипаттар едіңіз, болашақта олардан не күтуге болады?
2. Жоғарғы басшылардың біліктілігі мен әзірлігі қандай?
3. Бізде тиімді, әрі бәсекелесуге қабілетті жүйе бар ма?
4. Біз басшы қызметкерлердің орнына адам белгілеу тәртібін
жоспарлаймыз ба?
5. Біз басшы қызметкерлерді даярлауды және білімін жетілдіруді тиімді
пайдаланамыз ба?
6. Соңғы жылдары бізде жетекші мамандардан айырылып қалу болды ма?
Егер болса, себебі неде?
7. Біздің жүйедегі қызметшілердіц іс-әрекетін баралау мұқият талдау
соңғы рет қашан жүргізілді?
8. Сапа үйірмелерін пайдалану немесе жұмыскерлердің басқаруға қатысуы
бойынша біз бұйым сапасы мен қызметкерлер жұмысын жақсарта аламыз ба?
Осы сұрақтардың әрқайсысын мұқият қарастыру арқылы басшы
мүмкіндіктерді айқындап, тиісті өзгерту шараларын қолдана алады. Егер
ұйымда білікті қызметкерлер мен іскер басшылар жеткілікті болса, онда алуан
түрлі балама стратегияларды қолдана алады.
Мәдениет және корпорация бейнесі. Жоғарғы басшылар фирманың ішкі және
сырткы қалыпты күйін сақтай алатың факторларга толық жауап береді. Бұран
жататындар корпорация мәдениеті мен оның бейнесі (имидж).
Ұйымдағы қарым-қатынасты немесе хал-ахуалды корпорация мәдениеті деп
атайды, Ұйымның мәдениеті оның дәстүрін, әдет-ғұрпын бейнелейді. Басшы
белгілі бір типтегі жұмысксрлерді ұйымға қабылдағанда және қолайлы мінез-
құлықты қалыптастырғанда осы мәдениетті пайдаланады.
Корпорацияның ұйым ішіндегі, сондай-ақ одан тысқары бейнесі
қызметкерлер, клиенттер және коғамдық пікірлер арқылы қалыптасады. Мұнын
өзі жұртшылықтың тауар сатып алуына едәуір ықпал етеді. Мәселен,
студенттердің қай колледжке немесе университетке көбірек ден қоятындығы
осы ұйымның бейнесіне — имиджке байланысты.
Фирманың мәдениеті мен бейнесі компанияның жақсы-жаман атануына -
репутациясына байланысты. Фирманың өз мақсатына жету, ойдағыдай ма? Мұны ол
өз қызметінде үнемі жүзеге асырып келе ме? Компанияның осы саладағы басқа
ұйымдармен салыстырғанда жағдайы қалай? Компания жақсы адамдарды тарта біле
ме? Осындай сұрақтарға жауап беру компанияның мәдениеті мен бейнесі
қаншалық екендігін көрсетеді?
Басшы ішкі тексеруді жүргізгеннен кейін жедел көңіл бөлуді қажет
ететін, қазірше коя тұратын және арқа сүйеуге болатын орындарды анықтап,
сол арқылы ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады.

3. Стратегиялық жоспарлау

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді.
Стратегия гректің - генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия
термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен,
қазіргі кезде бүл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына
жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы
стратегияны іздестіреді.

4. Рынок сыйымдылығының және өткізу көлемін тиімділігін жоспарлау

Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады,
сондықтанда кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок
сыйымдылығы мен өткізу келемін болжалдау маңызды рөл атқарады.
Кез келген қаржы жоспарының ақтық бағасы өнімді сату көлемінің
мүмкіндігін болжалдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжалдауға
байланысты. Сол себептен де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжалдау
маркетингте және өткізу ісінде айрықша рөл атқарып қоймай, басқа да іс-
әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте —
өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда — шикізат қажетін, ал
қаржы саласында — ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжалдау
ерекше қажет.
Маркетинг пен өткізу саласында жоспарлаудың ең шешуші пункті мынадай
көрсеткіштерді анықтау болып саналады: — қысқа мерзімдік; өнімнің әр түрін
өткізу (көлемі және құны). географиялық бағыт бойынша өткізу (көлемі және
құны), бәсекелестер бағасы, сауда қызметкерлеріне қойылатын мақсатты
нұсқаулар, қор деңгейі;
- орташа мерзімдік: өнім категориясы бойынша жалпы өткізу, бағалар, жалпы
экономикалық жағдай, рынокқа тауар жеткізілуінің ерекшеліктері, жаңа
өнімдерді енгізу:
- ұзақ мерзімдік: өнім категориясы бойынша өткізудің жалпы көлемі, рынок
орындарына тауарды толтыру, жаңа өнімдерді енгізу, рыноктары бұрынғы
өнімдерді әкету, маркетингті зерттеудің маңызды ерекшеліктері т. б.
Болжалдаған кезде тек қысқа мерзімді ғана емес, сондай-ақ орташа және
ұзақ мерзімді бағалау мен болжалдауды ескеру қажет. Соңғы екі уақыт
мүмкіндігіне жататын факторлар ішінара болуы мүмкін, алайда олар қысқа
мерзімдік болжалдауға елеулі ықпал етеді (мәселен, технологияның өзгеруі,
кез келген артық материалдардың қолайлылығы т. б.)
Рынок сыйымдылығы, өткізу көлемі мен бюджет аралықтарындағы байланыстарды
үш түрлі тәсілмен аныктауға болады:
- рынок пен өткізу болжамы дегеніміз, нақты тауар мен қызметтің
заттай түрінде болашақта өткізілуі (өткізудің сандық көрсеткіштің
болжамы) және нақты, әрі потенциалды клиенттердің белгілі бір уақыт
аралығында (қысқа, орташа және ұзақ мерзімде) тауарды өткізуден түскен
пайда кұнының болжамы;
- бюджет дегеніміз, табыстардың, шығындардың және белгілі бір уақыт
кезеңінде сатылған өнім санының болжамы (мүмкіндігі) туралы қаржы құжаты
(документ),
- рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемінің. болжамы сол уақытта бюджет
болады, егер оны компаниядағы жалпы қызметке жауаптылар қарап, бекітетін
болса.
Жоспар жасаудың алғашкы қадамы бастапқы ақпарат (информация) жинау болып
саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.
5. Фирма ішіндегі деректерді талдау
Өткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте түрінде беріледі де,
мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс:
1. сату айналымы (саны);
2. сату құны (айналымы);
3. сату бағасы (өз өнімдері, бәсеке өнімдері);
4. өз өнімдерінің өткізу болжамы;
5. өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көр-сеткіштердің
арасындағы ауытқулар.
Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық
ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктері өткізудің болашақтағы
деректерін болжауға ықпал етеді, Өткізу статистикасы мынадай өзгерістер
бойынша айқындалады:
1. тауарлар және тауар топтары;
2. сауда есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;
3. сатып алушылар тобы;
4. тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі;
5 сату жолдары.
Тауарларды тобы бойынша айыру өте қажетті, өйткені сауда
бағдарламасы көбінесе едәуір ауқымды. Оның үстіне тауарлардың кейбір
түрлеріне сыртқы жағдайдың әр түрлі әсері ықпал етеді.
Сауда аудандары және аудан өкілдіктері бойынша айыру жекелеген ауданда
тауарлардың өткізілуінің дамуын көрсетуге, сауда қызметкерлерінің
арасындағы өзара байланысты, жарнамалардың және жарнама құралдарының
тиімділігін талдауға, сондай-ақ, сатушылардың жалақы деңгейін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Менеджмент - басқарудың жаңа әдісі
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Менеджменттің мәні және қызметтері
Мектеп қызметін басқару
Менеджменттің методологиялық негіздері
ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫ АНАЛИЗІ ТИТАН НК
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы
Туризм менеджментінің қызметі мен қағидалары
Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері
Пәндер