Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар



Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Белгілер мен қысқартылған мәндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ауыл шаруашылығында ғылыми.зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Агрономиялық зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы эксперименттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Негізгі бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Егіс тәжірибелеріне қойылатын методикалық талаптар ... ... ... ... ... ... .
2.2 Егіс тәжірибесіне учаске таңдау әрі оны дайындау ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3Рекогнисцировті егістің өнімін бөлшектеп есептеу методы ... ... ... ... ... ...
3 Егістік тәжірибесін орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Тәжірибе варианттарын орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4Жеміс шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері ... ...
4.1 Жеміс ағашы тәжірибелерінде бақылаулар мен есепке алу жұмыстары
4.2 Жүзім мөлдектеріндегі жүргізілетін тексеру жұмыстары ... ... ... ... ... ..
5 Математиканың статастиканың міндеттері.Жиынтық жене іріктеу ... ...
6 Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Орыстың ұлы ғалым-агрономы К.А.Темирязев «Ғылым және егінші» деп аталатын лекциясында Джонатин Свифттің белгілі ғақилиясын пайдаланып ғалымдарды шаруаларға «бұған дейін бір масақ өскен жерге екі масақ өсуіне, бір тал шөп өскен жерден екі тал шөп алуына..» көмектесуге шақырған болатын. Адам баласының мәдени өсімдікпен айналысуынан бастап жүргізген бақылауларының нәтижелері бойынша сол дақылдардың өнімдері туралы жиналған мәліметтерін халық тәжірибесі деп есептегенді көпке дейін оны ауылшаруашылық білімінің негізі деп исанаған. Қоғамның дамуына байланысты азық-түлік өнімдеріне деген мұқтаждығы агрономия ғылымының өсуіне себеп болды. Ауылшаруашылығында өндірістің басты құралы деп жерді атайды. Адамдар өздеріне қоректікке ауылшаруашылығы өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығына жемшөпті, өңдеу өнеркәсібіне шикізат ретінде техникалық дақылдарды осы жерге егіп, өнімдерін алды[1]. Қазір бір тонна өнім алынып жүрген жерден екі тонна астық оратын, бүгіндері бір шөмеле шөп шабылып жүрген жерден екі шөмеле шөп жинайтын болуға тиіс. Ол үшін мәдени өсімдіктерді өсіру, оны қоршаған ортаны дұрыс пайдалану үшін ғылыми зерттеу жұмысы талапқа сай жүргізілуі қажет. Ол тәжірибені жүргізу үшін егіншіге ғылымға негізделген тәсілдер, сондай-ақ осыны ретімен тиімді қолданатын мамандар да керек. Сол себепті де агрономия кәсіпкерліктен дами келе, ақырында ғылым саласына айналды. Бастапқы кезеңде агрономия тәжірибесі станциясында, ғылыми институтта, ауыл шаруашылық өндірісінде кеңінен орын ала бастады.
Тәсіл негізінен теорияға сүйенеді, сондықтан да оны басшылық ретінде қолданады. Ғылыми агрономияның зерттеу жұмыстарында негізінен қолданылатын тәсілдері лабораториялық, вегативтік, лизиметриялық егістік тәжірибе болып есептелінеді. Бұл тәсіл арқылы зерттеу жұмысы ізденіс мәселесін анықтап, тиімді әдістерді немесе сорттарды ауыл шаруашылық егіншілігіне енгізеді.
1.Бараев А. И., Зайцева А. А., Шиятый Е. И., Хмоленко М. И., Лавровекий
А. Б., Бородин Б. Ф., Самойлов Г. Н., Бабич А. И., Конойлов В. А.,
Шленчик Н. Т. Рекомендация (методические указания) по проведению
крупно¬масштабных эрозионных обследовании и разработкепротивоэрозионных меро¬приятий при составлении проектов внутрихозяйственного землеустройства в совхозах и колхозах Северного Казахстана, Кокчетава, 1971, 23 с
2.Бараев А. И. Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі. Қайнар; Алматы —
1977.
3.Воробьев С. А., Егоров В. Е., Киселев А. Н., Долгов С. И., Доспехов Б. А.
Практикум по земледелию. М., Колос, 1971.
4.Грянский М. М. Методика полевых опытов на орошаемых землях. Киев. Урожай, 1970. v.
5.Доспехов Б. А. Методика полевого опыта. М., Колос. 1979.
6.Ермаков А. И. и др. Методы биохимического исследования растений. М., Колос. 1972.
7.Журбицкий 3. И. Теория и практика вегетационного метода. М,>, 1968.
8.Константинов П. Н. Основы сельскохозяйственного опытного дела. Избр. соч. М., Изд-во с.-х. литературы, 1963.
9.Методика изучения особенностей роста и агротехники возделывание сель¬скохозяйственных культур на полях, защищенных лесными полосами. Волго¬град, 1970. 37 с.
10.Методика опытов на сенокосах и пастбищах. Ч. 1.—2. М., Изд. Всесоюз¬ного НИИ кормов, 1971, 404с.
11.Методика полевых и вегетационных опытов с удобрениями и гербицидами. М., Наука, 1967. 180 с.
12.Методические рекомендации по проведению опытов с овощными культу¬рами в сооружениях защищенного грунта. М., тип. "ВАСХНИЛ, 1976, 107 с.
13.Методические указания по закладке, проведению и учету производствен¬ных опытов по изучению противоэрозионной технологии возделывания основ¬ных полевых культур в степных районах Европейской части СССР. Москва. Колос, 1971.
14.Методические указания по проведению научных исследований по земледе¬лию, растениеводству и агрохимии. М., Изд. НИИСХ центральных районов Не¬черноземной зоны, 1976.
15.Опытное дело в полеводстве. М., Россельхозиздат, 1982.
16.Полевой опыт/Сб. работ ред. Найдина П. Г./. М., Колос, 1973.
17.Правила документации научной работы. Дотнува, Изд. Литовского НИИ земледелия, 1972.
18.Рекомендации по методике проведения наблюдений и исследовании в по¬левом опыте. Саратов, Приволжское книж. изд-во, 1973.
19.Юдин Ф. А. Методика агрохимических исследований. М., Колос, 1971.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: ___________________________________ __________________________
Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ ______________
Мамандығы: ___________________________________ ___________________

Орындаған: ________________________________
(Студенттің аты-жөні, тобы)

Жетекші: _________________________________
(Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс _______________ бағасына қорғалды. ________________20__ ж
(бағасы)

Комиссия:_______________________
(қолы, аты-жөні)

________________________________
(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:
________________________________
(қолы, аты-жөні)

Шымкент 20__ж.

Ф.7.14-03

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

Бекітемін
Каф. меңгерушісі
______________ _________
(қолы)
______________ 20__ ж.

№ _____ТАПСЫРМАСЫ

___________________________________ ____пәні бойынша курстық жұмыс:

Студент ___________________________________ ____ топ ________________ (тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы: ___________________________________ ____________
___________________________________ _______________________________

Берілген мәліметтер ___________________________________ _____________


Түсіндірме жазбасының мазмұны
(курстық жұмыс)
Орындалу мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1

2

3

4


Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындалу мерзімі
Парақ саны

Формат

Әдебиет:
1___________________________________ ______________________________
2___________________________________ ______________________________
3___________________________________ _____________________________

Тапсырманың берілген күні ____________
Жұмысты қорғау күні ________________
Жұмыс жетекшісі___________________________________ __________________
(оқытушының аты-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған___________________________________ ______
(студенттің аты-жөні, қолы)

Ф.7.14-04

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агроөнеркәсіп факультеті

Агротехнология кафедрасы

Бекітемін
Каф. меңгерушісі
______________ _________
(қолы)
______________ 20__ ж.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау
ХАТТАМАСЫ № ______

___________________________________ ___________________________пәні

студент ___________________________________ ______ тобы ____________

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы: ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ __________________________ ___________________________________ _

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды: 1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ ______________________________3.___________________________________ ______________________________

Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) ____ , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) ____бал. Сомалық баллы ______.
Жобаның (жұмыстың) бағасы _________________________.

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі: ___________________________________ _

Комиссия мүшелері: ___________________________________ ___

___________________________________ ___

Қорғау күні ____ _____ 20__ж.

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Белгілер мен қысқартылған мәндер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.2Агрономиялық зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы эксперименттер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Негізгі бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Егіс тәжірибелеріне қойылатын методикалық талаптар ... ... ... ... ... ... .
2.2 Егіс тәжірибесіне учаске таңдау әрі оны дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Рекогнисцировті егістің өнімін бөлшектеп есептеу методы ... ... ... ... ... ...
3 Егістік тәжірибесін орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Тәжірибе варианттарын орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4Жеміс шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері ... ...
4.1 Жеміс ағашы тәжірибелерінде бақылаулар мен есепке алу жұмыстары
4.2 Жүзім мөлдектеріндегі жүргізілетін тексеру жұмыстары ... ... ... ... ... ..
5 Математиканың статастиканың міндеттері. Жиынтық жене іріктеу ... ...
6 Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Аннотация

Бұл курстық жұмысымда жидек бойынша тәжірибе жүргізу қарастырылған.
Курстық жұмыс кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, қосымша 3 кестеден және 19 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 48 бет.

Нормативтік сілтемелер

СГРК 1,4 - 1999 -
Қазақстан Республикасының мемлекетік стандарт жүйесі, формалар стандарты
СГРК 1,12 - 2000 -
Нормативті текстің құжаттары, мазмұнын өрнектеуге, құрастыруға, тұрғызуға арналған жалпы талап
МЕСТ 3,001 - 2000 -
Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты жоғарғы кәсіптік білім. Негізгі ережелер
МЕСТ 2,105 - 59 ЕСКД -
Текст құжаттарына жалпы талап
МЕСТ 2,106- 99 ЕСКД -
Текст құжаттары
МЕСТ 2,111- 98 ЕСКД -
Норма бақылау
МЕСТ2,1101 - 92 СПДС-
Жұмысты құжаттарға негізгі талап
ФС ОҚМУ 4,6 - 001- 2004 -
Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Текстік құжатқа жалпы талап
ФСОҚМУ 4,6 - 002 - 2004 -
Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Графикалық құжатқа жалпы талап

Белгілер мен қысқартылған мәндер

га- гектар
кг- килограмм
л-литр
м-метр
мин-минут
мг-миллиграмм
мм-миллиметр
мл-миллилитр
см-сантиметр
ц-центнер
%- пайыз
м3- шаршы метр
млн - миллион
цга - гектарына центнер
кв.км- шаршы километр
°С- градус Цельсий

Кіріспе

Орыстың ұлы ғалым-агрономы К.А.Темирязев Ғылым және егінші деп аталатын лекциясында Джонатин Свифттің белгілі ғақилиясын пайдаланып ғалымдарды шаруаларға бұған дейін бір масақ өскен жерге екі масақ өсуіне, бір тал шөп өскен жерден екі тал шөп алуына.. көмектесуге шақырған болатын. Адам баласының мәдени өсімдікпен айналысуынан бастап жүргізген бақылауларының нәтижелері бойынша сол дақылдардың өнімдері туралы жиналған мәліметтерін халық тәжірибесі деп есептегенді көпке дейін оны ауылшаруашылық білімінің негізі деп исанаған. Қоғамның дамуына байланысты азық-түлік өнімдеріне деген мұқтаждығы агрономия ғылымының өсуіне себеп болды. Ауылшаруашылығында өндірістің басты құралы деп жерді атайды. Адамдар өздеріне қоректікке ауылшаруашылығы өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығына жемшөпті, өңдеу өнеркәсібіне шикізат ретінде техникалық дақылдарды осы жерге егіп, өнімдерін алды[1]. Қазір бір тонна өнім алынып жүрген жерден екі тонна астық оратын, бүгіндері бір шөмеле шөп шабылып жүрген жерден екі шөмеле шөп жинайтын болуға тиіс. Ол үшін мәдени өсімдіктерді өсіру, оны қоршаған ортаны дұрыс пайдалану үшін ғылыми зерттеу жұмысы талапқа сай жүргізілуі қажет. Ол тәжірибені жүргізу үшін егіншіге ғылымға негізделген тәсілдер, сондай-ақ осыны ретімен тиімді қолданатын мамандар да керек. Сол себепті де агрономия кәсіпкерліктен дами келе, ақырында ғылым саласына айналды. Бастапқы кезеңде агрономия тәжірибесі станциясында, ғылыми институтта, ауыл шаруашылық өндірісінде кеңінен орын ала бастады.
Тәсіл негізінен теорияға сүйенеді, сондықтан да оны басшылық ретінде қолданады. Ғылыми агрономияның зерттеу жұмыстарында негізінен қолданылатын тәсілдері лабораториялық, вегативтік, лизиметриялық егістік тәжірибе болып есептелінеді. Бұл тәсіл арқылы зерттеу жұмысы ізденіс мәселесін анықтап, тиімді әдістерді немесе сорттарды ауыл шаруашылық егіншілігіне енгізеді.

1 Әдебиетке шолу

0.1 Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмысы

Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты егіншіліктің жоғары мәдениетіне жеткізіп, механикаландыру, химияландыру, әрбір дақылдың өнімділігін арттырып, тиімді түрлерін көбейту, өсімдіктер дүниесін жақсарту болып саналады.
Республикамыздың ауыл шаруашылығында қызмет ететін ғылыми мекемелердің бірі - тәжірибе станциялары да маңызды орын алады. Ауылшаруашылық тәжірибе станциялары, әр аймақтың ерекшелігіне сай ауыспалы егіс жүйесін енгізудің негіздерін анықтап, топырақ эрозиясына қарсы күрес жүргізіп, тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдарды игеру арқылы басқа да салалардың интенсивті әдістерін қолдану шараларын анықтайды. Тәжірибе арқылы анықталатыны: бітік егін өсіріп, мол өнім алу болса, ол өнімнің сапасы төмен болуы, белогы аз дәндегі уызы нашар немесе овощтар мен жидектерде құрғақ заттардың проценті өте төмен, қажетті витаминдердің және микроэлементтердің кем болуы мүмкін. Мысалы Алматы облысының Луч Востока колхозында суармалы танапта күздік бидайдың Безострая 1 сортының әр гектарынан 82 центнерден өнім алынған. Бірақ дәннің аз және уызының сапасы төмен, себебі егіннің өсіп даму кезеңінде топырақ қабатында азот жетіспеген.
Құбылыстың даму заңдарын ашып, оны түсіндіруді ғылыми зерттеу дейміз. Ауыл шаруашылығында, оның ішінде агрономия ғылымы арқылы құбылыстың сан алуандарын зерттеу өте күрделі, оның теориялық шешімдерін беру қиын, кейде мүмкін де болмайды.
Зерттеу теориясының негізінде ғылыми бақылау мен тәжірибені жатқызады. Сол тәжірибелер мәліметтерін талдап, тексеріп қорытқаннан кейін оның теориясын дамытуға болады. Ғылым үздіксіз дамиды және оның үдемелі қозғалыс процесінде әрқилы болжамдар туып отырады. Олардың кейбірі практикамен, тәжірибемен тексеріліп дәлелденгеннен кейін теорияға айналады, ғылым мен өндірістің жетістігі болады. Зерттеу теориясы мен тәжірибелердің қолданатын негізгі тәсілі ол диалектикалық материализм тәсілі. Диалектикалық материализм тәсілі ғылыми агрономияда да кеңінен қолданылады. Мәдени дақылдардың өнімділігін арттыру теориясын дамытуда, агротехникалық амал-тәсілдердің тиімділері өндіріске ұсыныларда ғылыми бақылау мен тәжірибені кеңінен пайдаланады.
Құбылыстың дамуы туралы зерттеуші оның саны немесе сапасын өлшеу арқылы, ал оның қасиетін, жағдайларының белгілерін зерттеу арқылы анықтау- ғылыми бақылау болып саналады. Күздік дақылдардың түптену кезеңінде анағұрлым тез, яғни егін көктегеннен 8-10 тәулік соң көшуі ылғалмен қамтамасыздығы, ауаның жылылығы 130С-дан жоғары болғандығы тек бақылау арқылы ғана байқалады. Егер егінші күздік бидай танабына әр гектарына 10 тонна көң енгізе алса, онда дақылымыз 10 килограмм азот, 10 килограмм фосфор және 45 килограмм калий тыңайтқыштарын алатындығын тек бақылау арқылы байқаған, дегенмен оның мәнін толық аша алмады. Кейбір жағдайларда құбылыс белгілерінің аралығындағы байланыстарды анықтап, оны болжап, ретіне қарай оларға әсер етуге де болады. Бақылауды жеке бір зерттеу тәсілі деуге болмайды, ол тек зертттеу методикасын толықтырады. Құбылыстың, заттың мәндерін, себептіліктері мен өзара байланыстарын нақтылы анықтауда зерттеушінің құбылысты немесе жағдайды жасанды күйге келтіруі тәжірибе болып саналады. Ол ғылыми зерттеу методикасының негізі, сондықтан да оған бақылау өзара байланыстылық жағдайлардың өзгеруін оның нәтижелігін дәлме-дәл есепке алуы жатады. Ғылыми тәжірибенің ерекшелігі оны қайтадан қайталап сол түрде жүргізуге болатындығы.
Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Егер бақылау арқылы табиғаттың сыртқы құбылысы сана-сезімге еніп ақиқатты тізетін болса, тәжірибе біздің санамыз, ой-пікіріміз арқылы болжау нақтылығын, дұрыстығын іс арқылы тексеруді талап етеді. Сондықтан да жаратылыс ғылымдарын зерттеуде тәжірибе методикасы ең басты құрал болып саналады. Мысалы, зерттеуші табиғаттан керекті құбылыстың тууын күтпей, керекті құбылысты өзі қайтадан жинақтайды. Зерттеуші құбылысты неғұрлым терең зерттегісі келсе соғұрлым жанама жағдайларын молырақ туғызуға тырысуы керек, сонда ғана олардың нәтижелілігін және себептерін толығынан түсінеді[2].
Өзара байланыстылық пен бақылаудан тәжірибенің ерекшелігі оның алдын ала зерттеу туралы ой-пікірдің тууы, оған тиісті жағдай жасауға кірісуі болып саналады. Тәжірибе жұмысында ең қиыны, ол алдын-ала жоспар құруы болып табылады. Зерттеуші тәжірибе жұмысының басынан аяғына дейін ойға салып көзге елестетпейінше қандай амал-тәсілдер арқылы да мәселені анықтай алмайды. Зерттеушінің бар назары, сабырлылығы, табандылығы тәжірибе жұмысына кедергі болады-ау деген мәселелерді жекелеп жоюға болатын жолын іздейді.
Тәжірибе жұмысында ескішілікке негізделген көзқарас болуы мүмкін емес, себебі шешілген мәселе болашақта қолданылады және тәжірибеші салақтықтан, еріншектіктен аулақ болады. Тәжірибеші жұмысының қандай да болмасын мәселесіне орынды тапқырлық сұрақтар қою арқылы араласып, нәтижелерін анықтар жағдайлар сақтылық пен салмақтылық, әдептілік пен шындық қасиеттері басым болады.
Тәжірибешіге керекті қасиеттердің бірі ол зерттейтін істі қандай болса да күрделі, маңызды деген ұғыммен араласады. Зерттеушіде ғылыми қазыналарын жасауда құлшыныс пен табанды белсенділік мол, бұл орайда енжарлық, сылбырлық, сүйкей салушылық болмайды.
Зерттеушінің қасиеттері: еңбекқор, қабілетті, ынталы, табанды болады. 237 тәуліктік экспедиция кезінде атқарылған геофизикалық, медициналық-биологиялық, астрофизикалық, биотехникалық және техникалық 500 тәжірибе орындалуы, яғни тәжірибешіге керекті қасиеттердің көрсеткіштерінің шоғырланған түрлерінің бар екендігін анықтайды.
Әрбір жүргізілген тәжірибелер варианттарға бөлінеді: сапалы вариантқа, мысалы сорттар, дақылдар, себу тәсілі, топырақ өңдеу,, алғы дақылдар т.б. жатады.
Санды варианттарда суару нормасы, тыңайтқыш нормасы, топырақ өңдеуде оның қабатының тереңдігі т.б.жатады.
Егіс тәжірибесінде бір немесе бірнеше варианттар өлшемдерін тәжірибе варианттарымен салыстыру жолын стандарт немесе бақылау варианты дейді. Стандарт варианты немесе бақылау варианты деп тәжірибе жүргізгенге дейін зерттелген немесе егіншілер жұмысында көп жылға арналған мәліметтерін пайдалануын айтады. Тәжірибе мен бақылау варианттарының жиынтығы эксперименттің схемасы болып саналады.

0.2 Агрономиялық зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы эксперименттер

Агрономиялық зерттеу жұмысында кеңінен қолданылатын салыстырмалы эксперименттері мынадай:
Лабораториялық методы. Өсімдік - тірі организм, ол өсіп жетілуі жағдайларына икемделуі керек. Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың бірі жетпес өнімділігін кемітеді. Сондықтан арнайы дайындалған лабораторияда өсімдіктің өсуіне факторлардың әсерін талдауда лабораториялық тәжірибесі химиялық, физикалық, химиялы-физикалық, микробиологиялық, цитологиялық және басқа әдістерге бөлінеді. Өсімдіктер тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауды кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде, жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы орындалады. Мысалы, мәдени дақылдар тұқымдарын тексеретін лабораторияда тұқымның көктеуіне қолайлы жылу, жарық, ылғал, ауа беру жолдары кеңінен пайдаланады.
Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының лабораториясында жаздық бидай мен арпаның жаңа сорттары пісіп жетілу мерзімдерін реттеу жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты селекционер-ғалмдар да үй (теплица) жағдайында өсірілетін дәнді дақылдардың мол түсімін беретін сорттарын алу жолын тәжірибе арқылы іздеуде.
Лабораториялық методты қолдануда басты объектілердің (топырақ, өсімдік) болуы қажет емес, тәжірибешінің мақсатына қарай мысалылаборатория жағдайында топырақ қабаттарындағы құбылыстарды зерттеу үшін қосымша аппараттар, приборлар т.б.қолданылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен маңыздылығына қарай жалпы зерттеулер жұмысында лабораториялық методтың үлес салмағы әртүрлі болады.
Вегативтік методы- арнаулы вегативті үйде әр түрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнаулы ыдыстарда егіп өсіру, бірақта дайындалған жағдайында агрономиялық талаптарға сай жүргізіледі. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру методын тұңғыш рет француз ғалымы Ж.Б.Буссенго (1802-1887) қолданды.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында өсімдіктерді жасанды ортада өсіру методын неміс физиологтары Кноп пен Ю.Сакс жасап шығарған. Бұл методтың мәні мынада: тәжірибе жүргізілетін өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оның вегативті ыдыстар деп атайды. Ыдыстың ішіне топырақ немесе таза жуылып әрі қыздырылған құм салынады немесе су құйылады. Оған қажетті қоректік заттардың ерітінділерін құйып, өсімдікті отырғызады.
Вегативтік методы арқылы өсімдікке қажетті қоректі заттардың, сыртқы орта факторларының жылу, ылғал, ауа, жарық, химиялық заттардың әсері және өсімдікке қажетті судың мөлшері зерттеледі. Белгілі бір факторлардың өсімдік тіршілігіне тигізетін әсерін анықтау үшін ыдыстарға топырақ орнына таза құм немесе тазартылған су толтырып, оған қажетті химиялық заттар қосылады. Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықтайды.
Өсімдіктің табиғи жағдайындағы өсуіне қарағанда, вегативтік эксперименттің біраз ерекшелігі бар. Мұнда ыдыстардағы топырақ аз болғандықтан, өсімдіктің тамыры еркін жайылып өсе алмайды. Ыдыстағы өсімдіктер кейбір химиялық элементтердің жетіспеуінен суды бойына біркелкі таратпайды. Сонымен қабат вегативтік методтың тағы бір ерекшелігі ыдысқа топырақты салар кезде топырақтың құрылысы бұзылады. Сондықтан бұл метод арқылы алынған мәліметтерді пайдаланып, белгілі бір ғылыми тәжірибелік қорытындыға келу үшін тәжірибені табиғи жағдайда жүргізу арқылы сыннан өткізеді[3].
Өсімдікке қандай минералдық элементтердің қажеттілігін білу үшін дақылдарды суда өсіру методы қолданылады. Өсімдіктер минералды тұздың әлсіз ерітіндісінде өсіріледі. Ерітіндіде элементтердің бірде біреуін, екіншісінде басқа бір элементін болдырмау арқылы олардың өсімдікке қажеттілігі мен маңызын анықтайды. Суда дақылдарды өсіру методын тұңғыш рет өткен ғасырдың екінші жартысында Германияда Кноп зерттеген. Оны Россияда тұңғыш рет Нижний-Новгородтағы (қазіргі Горький қаласы) Бүкілросссиялық көрмеде 1896 жылы К.А.Тимирязев көрсетті.
Дақылдарды суда өсіру арнаулы вегатациялық шағын үйлерде орындалды, онда өсімдіктер айналасы мен төбесі әйнектелген астындағы жылжымалы вагонеткаларда өсіріледі. Ауа райы жақсы болғанда оларды күндіз рельспен жылжытып, шағын үйден сыртқа шығарады. Вегативтік шағын үйлерде топырақта өсетін дақылдарды топырақ толтырылған ыдыстарға немесе құм толтырылған ыдыстарға да отырғызады. Бұдан басқа қиыршық құмға немесе гидрокультура (гидропоника-гректің хидор-су және ponos-жұмыс деген сөз) ретінде өсіруге де болады. Ыдыстың немесе жәшіктің үстіндегі қиыршықтармен, керамзитпен немесе верминулитпен толтырылып, ал астыңғы жағынан қоректік ерітінді жіберіледі. Керамзит- бұл құрылыс материалдары. Ол саздан күйдірілген ұсақ қуыстары бар түйіршіктерден тұрады.
Вегативтік экспериментті техникалық процестердің дамуының арқасында қазіргі уақытта күрделі инженерлік құрылыстары- фитотрондардың пайда болуына себепкер болды. Фитотронда лаборатория корпусы оранжереясы, климаты және мұздату камералары орналасқан. Осылардың барлығы жыл бойы өсімдікке керекті жағдай туғызады. Өте-мөте жаңа сорт шығару және басқа да маңызды проблемелер, мысалы физиологияда, селекцияда, генетикада, өсімдікті қоректендіру туралы проблемелердың маңызды теориясын анықтауға мүмкіндік береді. Дәнді дақылдардың жаңа сорттарын жеделдете шығаруда вегативтік методы республикамызда кеңінен пайдаланылуда.
Ауылшаруашылық лизиметрлік эксперименті деп табиғи жағдайда ылғал мен қоректік заттардың жылжуы мен балансын, тепе-теңдігін есептеуге мүмкіндік беретін өсімдіктің өмірі мен топырақ процесіндегі өзгеріс динамикасын арнайы лизиметрлік тәжірибенің айырмашылығы өсімдік, топырақ қасиеттері тікелей егіс танабында зерттеледі. Лизиметр танапта белгілі бір көлемі, ені, көлденеңі және тереңдігі, түбі арнайы қоршалады. Лизиметрдің құрылысын құрастырғандағы негізгі шарты арнайы шүмегінің болуы, шүмек арқала топырақтың жоғарға қабатынан төменгі қабатына судың сіңуі, ал ол суда қоректі тұздардың еріген мөлшерін зерттеуге мүмкіндік береді. Лизиметрдің ішіндегітопырақ қабатының қалыңдығы әртүрлі, топырақтың беткей қабатынан 1-2 метрден тереңдікке дейін болады.
Лизиметрлік тәжірибелері егіншілікте, мелиорацияда, топырақтану ғылымында, агрометеоролгияда, физиологияда, агрохимияда және селекцияда, дақылдардың су қорын, тепе-теңдікті, жауын суын немесе суармалы су арқылы қоректік заттардың жылжуын, шайылуын және табиғи жағдайда транспирация коэффициентін анықтауға кеңінен пайдаланады.
Лизиметрлерді дайындаудың екі тәсілі бар, бірі лизиметрді тікелей табиғи топыраққа орналастырса, екіншісі лизиметрге топырақ толтырады. Лизиметрдің қабырға құрылыстары бетоннан немесе кірпіштен жасалып, көлемі 1-2 шаршы метрге дейін болады.
Топырақ қабатындағы және өсімдіктегі ылғал мен қоректі заттарды есептеуге лизиметр өте қолайлы. Дегенмен де лизиметрдегі топырақтың төменгі қабаты негізгі топырақ қабатынан бөлінгендіктен ылғал мен ауа және қоректену режимі кәдімгі егіс жағдайынан, әрине, басқаша болады.
Егіс жағдайында өсімдік зерттеуде лизиметрлік эксперименті егіс тәжірибесінен кейін, вегативтік тәжірибесінен жоғары бағаланады.
Егістікке тәжірибе жүргізудің вегативтік методы егістік танабында түбі жоқ жәшікте топырақты 20 немесе 50 сантиметрдей тереңдікке орналастырып, зерттеледі. Егіншіліктегі әртүрлі факторлардың- тыңайтқыштардың топырақ қабатында құнарлығының тиімділігін бағалауда егіс тәжірибе жүргізудің вегативтік әдістерін пайдаланады. Бұл тәжірибелердің маңыздысы тек арнаулы учаскеде ғана емес дақылдардың биологиялық ерекшелігіне байланысты өз аумақтарының егісінд де жүргізіледі. Вегативтік және лизиметрлік әдістерге қарағанда егістікте тәжірибе жүргізудің вегативтік эксперименттерінің өзгешелігі, арнайы қосымша жабдықтарды қажет етпейді.
Соңғы жылдары егісте тәжірибе жүргізудің вегативтің методы агрометиорологияда, егіншілікте, өсімдіктер селекциясында қолданылуда.
Бұл метод арқылы зерттеушіге қолайлы мүмкіндік туғызады, яғни егіншілік жағдайында мейлінше жақындатпау, мысалы өнімді арттыруда үлес қосатын факторларды анықтауда ең алдымен ауа райының элементтерін ажыратады да , соның ішінде қандай бөлігі бұл аймақта зерттеудегі өсімдікке жетіспейтіндігін анықтайды.
Егіс тәжірибесі-арнаулы учаскеде егіс жағдайында орындалатын зерттеу жұмысы. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты зерттеудегі варианттардың айырмашылығын анықтау, өсімдіктің өніміне және оның сапасына немесе өсіп-өну тәсілдеріне факторлардың әсерін бағалауға көмектеседі.
Егіс тәжірибесі агрономиялық ғылыми-зерттеудегі ең бір басты эксперименті болып саналады. Ол ауылшаруашылық дақылдардың сорттарын және өнімділігін, жаңа агротехникалық тәсілдерді және олардың комплекстерін ғылыми зерттеп анықтауда кеңінен пайдаланылады. Егіс тәжірибесінің ерекшелігі ол мәдени өсімдіктерді топырағы мен ауа райы және агротехникалық жағдайлары мүмкіндігінше ауылшаруашылық өндірісіне жақын немесе шаруашылықтың өзінде тікелей зерттелетіндігі.
Егіншіліктің түрлі мәселелерін зерттеуде негізгі қолданылатыны егіс тәжірибесі. Осы эксперимент арқылы зерттеледі де, әлі де зерттелуде. Мәселен, ауыспалы егістер, топырақты өңдеу тәсілдері тыңайтқыштарды қолдану, басқа да агротехникалық тәсілдерді, сорттарды, ауылшаруашылық машиналарды сыннан өткізу де осы методқа жүктеледі.
Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты экспериментті ұқыпты қойып, нәтижесінде дұрыс баға беру. Керекті құбылыс көбіне мыңдаған кездейсоққа араласып, байқалмай қалып, ал кейбір тиімсіз амал-тәсілдері жоғары бағалануы. Мысалы, таза пардың түрлеріне назар аударсақ, қар және ерте жыртылатын парлардың аймағының жағдайларын есепке алмайынша өзара теңестіруге болмайды. Ерте жыртылатын пар Қазақстанның оңтүстік аудандарында ерте көктемде өңделетін болса, қара пар танабын дайындауда негізгі дақыл орылғаннан кейін кіріседі. Әрине бұл екі түрлі парлардың бір жерде, бір тәжірибе схемасында зерттеуге, сонымен қатар тек қана таза парды бір жақты бағалауға болмайды. Мысалы пар топырақ құнарлығын арттырады ылғалды жинап және оны сақтайды, арамшөптер мен зиянкестерді құртады, ол таза пардың барлығына да қатысы бар, ал мәселе тек парды өңдеу, күту мерзімдерін анықтауда, баптау тәсілін, қолданатын топырақ өңдейтін құралдар түрлерін дұрыс пайдалануын бұлжытпай орындауын қажет етеді.
Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарындағы тәлімі жердегі егіншілік тау етегіндегі жазықтық және тау бөліктерінде жүргізіледі. Сол жерлердегі екпе парлар зерттелген. Жауын-шашын тапшы жерлерде екпе парлар өзін-өзі ақтамайды деген пікірлер болды. Бірақ ғылыми-зерттеу мекемелерінің көптеген ғалымдары, сол сияқты колхоздар мен совхоздардың озат тәжірибесі мынаны көрсетті: екпе пардың артықшылығы мол аймақтарда ғана емес, ылғалы тапшы аудандарда да байқалады. Қаскелең астық совхозында жүргізілген, мысалы, В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесінде, парға егілген күздік бидай егісінің арамшөптермен ластануы болғаны анықталған. Сол сияқты 1966-1981 жылдары жүргізілген тәжірибелерде институттың зерттеу жұмыстарымен қатар ғылыми мекемелердің облыстық ауылшаруашылық химияландыруды жобалап - іздестіру станциясының мәліметтері тұжырымдалды. Тәжірибе нәтижесі: республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының тәлімі жерлерінде жауын-шашын мен ауаның температурасы әр түрлі болады. Осыған орай азот тыңайтқыштарын тәлімі жерде егілген масақты дәнді дақылдарға алдын ала метериологиялық дұрыс болжам жасаудың (жауын-шашын болатынын немесе болмайтынын белгілеу) маңызы зор. 10..15 килограмм фосфорлы тыңайтқыштарды парда егілген күздік бидайға қатарлап бергенде тыңайтқыш тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда қара қоңыр топырақта -3,2 центнер, ашық қара қоңыр топырақта - 1,5 центнер, боз топырақта -1,7 центнер қосымша өнім алынды. Сөйтіп, тыңайтқышқа жұмсалған бір тенге шығыннан 3...4,8 тенгедей таза пайда алынды.

2 Негізгі бөлім

2.1 Егіс тәжірибелеріне қойылатын методикалық талаптар

Егіншілікте көптеген шешілмеген түйінді мәселелерді тек егіс тәжірибесі арқылы анықтауға болады, мәселен ауыспалы егіс жүйесі, топырақ өңдеу жүйесі, мәдени дақылдарды күтіп-баптау, тыңайтқыштар мен гербициттерді ауыспалы егіс жүйесінде қолдануын механикаландыру, басқа да агротехникалық тәсілдерді пайдалануды қажет етеді. Егіс тәжірибенің басқа ауылшаруашылық зерттеулер әдістерінен ерекшелігі зерттелетін агротехникалық тәсілдерді ауылшаруашылық өндіріске жақын, немесе сол өндіріс жағдайында тікелей зерттейтіндігі. Көбіне егіс тәжірибесі арқылы эксперименттің тәсілдеріне экономикалық баға беруді талап етеді.
Егіс тәжірибесінің нәтижелігі белгілі әдістердің қойған талаптарының орындалуына байланысты. Ол талаптар:
1. Тәжірибенің типтестігі;
2. Тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау;
3. Тәжірибені арнайы учаскеде жүргізу;
4. Тәжірибе дақылының өнімін есепке алу және тәжірибе мәнінің дәлдігі.
Тәжірибенің типтестігі- егіс жүргізудегі жағдайы сол ауданның ауа-райы, топырақ-климаты мен агротехникалық жағдайлары сәйкес болуын білдіреді. Егіс тәжірибенің типтестігі маңызды сапалық көрсеткіш[4]. Аймақтық топырақ-климаттарының типтес талабы орындалмайынша егіс тәжірибесін жүргізуге болмайды. Топырақтың құнарлығын арттыру тәсілін құмақты аймақта егіс тәжірибе арқылы зерттелсе, оның нәтижесін сазды-балшықты ауданға ұсынуға болмайды, себебі олар типтес емес. Агротехникасы мен аймағы, ауданы (типтес) бірыңғай ұқсас, сәйкес болу талабы ол егіс тәжірибесін жүргізгенде өзінше әр түрлі орындалады. Бұл талапты ескермейтін жағдайлар да болады, мысалы жаңа сорттардың тұқымдары, жаңа гербициттердің, тыңайтқыштардың аумағы тапшы болғанда аудан типтестігі сақталмайды. Типтес құсастық талабы сорттарды аудандастыруда, дақылдарды орналастыруда ұқыпты түрде орындалады.
Егіс тәжірибесінде орындалатын агротехникалық тәсілдері жоғары дәрежеде немесе озат шаруашылықтармен қатар болуы типтес талабын орындады деп саналады. Егіс тәжірибесі арқылы тыңайтқыштарды қолдануы зерттелетін болса, ол танаптың топырағының өңделетін қабатында ең тиімді құрылыстан қамтамасыз ететіндей өңдеуді талап етеді. Топырақ құнарлығы төмендеген, дақылдар алмасуының негізгі іске асырылмаған егіс алқаптарында тыңайтқыш қолдану тәжірибесінің нәтижелігі төмен болады. Сондықтан да егістікте тәжірибе жүргізуден бұрын сол учаскенің топырағы, құнарлығы, агротехникалық тәсілдері жоғары дәрежеде жүргізілсе зерттелген тәсілдің әсері де анағұрлым жоғары болады, ондай қорытындыны егіншілікке енгізуге мүмкіндік береді.
Тәжірибе негізінің өзгешелігін сақтау методиканың негізгі талабы. Жалпы, егіс тәжірибелеріне қойылатын талабы ол тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау немесе зерттеуден басқа барлық жағдайлары тепе-тең болуы. Тәжірибе жұмысында аталған талапты бұлжытпай орындау керек. Бұл талап негізінен тәжірибе схемасында бекітілген варианттарға өз бетімен басқа тәсілдерді енгізуге болмайды. Тәжірибе варианттарын әр түрлі мөлшерде қолдану, немесе дақылдардың әр түрлі мерзімінде себілуі қойған талапты орындауға мүмкіншілік жасамайды да егіс тәжірибесінің сапасын кемітеді.
Пар түрлерін бағалағанда жағдайлары тепе-теңдігін сақтау талабын күздік бидай тұқымын себу мерзіміне де қолданған. Кеш өңделген екпе пар мен дайындалған қара, ерте парларға қолайлы мерзімнен көп кеш себілген. Ақырында, ерте пар мен қара пардың күздік бидай өнімін арттыру әсерлерін бағалауы бұрмаланған.
Егіс тәжірибесі арқылы зерттеуден басқа жағдайлардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкін емес, өсімдіктер мен топырақтың тығыз байланыстығы әрі өзара тәуелділігінің күштілігі және оларға агротехникалық тәсілдердің әсерлері себеп болды. Мысалы, топырақтың тереңдігін өзгерту арқылы өңдегенде оның қабаттарында ылғалы, жылуы, ауасы мен қоректік режимдері мен биологиялық процестері өзгеретіні белгілі. Бұл жағдайда егіс тәжірибесі негізінен жалғыз ғана логикалық өзгешелігін сақтау, яғни топырақтың әр тереңдігінде өңдеулері дұрыс бола ма? Әрине болмайды.
Тәжірибе арқылы зерттеудегі фактордың әсерінен өзгерісті қабылдағанға дейін басқа жағдайларының тепе-теңдігінің қажеттігі жоқ, ондай тепе-теңдік тек тәжірибеге дейін сақталуы керек.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мызғымас шарты - тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау. Жалғыз ғана өзгешелігін абстракті түсінуге болмайды, тәжірибе негізін сақтаудың ең бастысы - ол зерттеудегі өзгешеліктерді ұғынуда болып саналады. Мысалы, егіс тәжірибесінде жаздық бидайдың екі сортының себу нормасы зерттелсе олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тұқым себу нормасы бірдей болып көрінуі. Бірақ бұл сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай түптену қабілеттеріне байланысты тұқым себу нормалары бірдей болмайды. Сондықтан сорттардың өнімдерін салыстыру үшін әр сорт үйлесімді тұқым себу нормасымен себілуі керек.
Арнайы бөлінген жерде жүргізілетін егіс-тәжірибеге қойылатын талап. Бұл қойылған талап егіс-тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігін сақтау талабының логикалық салдары болып саналады. Егіс тәжірибелерін жүргізуге алдын ала арнайы учаске дайындалады. Егер арнайы жер дайындалып бөлінбесе, оның мәліметтері жиналмаса, онда егіс тәжірибеден алынатын нәтижелерге түсінуге де, оны пайдаалануға болмайды. Кейбір егіншілік өндірістерде учаскені ертерек арнайы дайындамайды. Егіс-тәжірибені ауыспалы егістің бір танабында жүргізеді.
Тәжірибе типтестігі белгілі бір аймақта оның топырақ-климаттық жағдайлары мен бедері арқылы анықталады. Учаскенің типтестігі тәжірибе жүргізу үшін өте маңызды. Тәжірибе жүргізетін жердің мүмкіншілігінше топырағының сәйкестігі, белгіленген аймақтың жер көлемі көбірек болғаны жөн, себебі жүргізілген егіс тәжірибе нәтижелері сол типтес топырағы бір аймаққа ұсынылады[5]. Мәселен, аймақ топырағы қара қоңыр болатын болса, егіс-тәжірибе жұмысы да тек сол қара қоңыр топырақта жүргізілуі қажет. Қазақстанның солтүстік облыстарының топырақ қыртысының ерекшелігі, климатының ерекше қуаңшылығы, соққан желдің қаттылығы ғылыми мекемелердің алдыны топырақты жел эрозиясынан қорғау және қуаңшылықтың апатты әсерінжою міндетін шешу Қазақстанның тың жерлер игерген аудандарының орталығында орналасқан Еңбек Қызыл Ту ордені Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жүктелді. Қысқа мерзім ішінде топырақ қорғау егіншілігі 26,7 миллион гектардан астам жер ауыл шаруашыыыыыыылық өндірісіне енгізілсе, қазір еліміздің 50 миллион гектардан астам егістік алқабы осы институт ғалымдарының ұсыныстары бойынша өңделеді.егістік алқаптары сәйкес болғандықтан институттың ұсынысы егістік жерді жаңа өңдегіш құралдармен өңдеудің жүйесі танапты тек жел эрозиясынан қорғап қана қоймай, астық түсімін арттыруға да көмектеседі. Учаскенің тарихын білу өте қажет, яғни бұл ауыспалы егістікте ме, немесе дара дақыл көптен себілген танапта да, тыңайтқыш енгізілген бе, әлде енгізілмеген бе, арамшөппен ластанған ба, әлде жайылым болған ба, немесе учаскенің үстінен ертеде жол өткен бе? Міне, осы мәліметтер учаскенің тарихын құрастырады, толықтырады.
Егіс тәжірибесіндегі егін өнімін есептеу мен мәнділігінің дұрыстығына қойылатын талаптар. Егіс тәжірибесіне негізінде қойылатын талабы оның сапалылығы. Зерттеудегі факторлар немесе агротехникалық тәсілдердің нәтижелерінің тиімділігін сан көрсеткіш арқылы бағалауды әділ көрсеткіш дейді. Көптеген агротехникалық тәсілдер мен факторлардың әсерлері өнімдерін асырып қоймай, олардың сапаларын да көтереді, мысалы дақылдар дәндерінің белогын, картоп түйнегіндегі крахмалын, қант қызылшасының қанттылығын арттырады. Егіс тәжірибедегі зерттелетін тәсілдер мен факторларды сипаттауда басты көрсеткіштердің бірі егін өнімі мен оның сапасы. Егін өнімінің мәліметтері мен сапаларының бағасы зерттеудегі агротехникалық тәсілдер немесе факторларды әділетті бейнелегені, егер тәжірибенің мәнділігі дұрыс болса, зерттеудегі тәсілдер немесе факторлардың әсерлерінің ақиқатты нәтиже дәрежесі егіс-тәжірибеден алынған нәтижесімен сәйкес болса тәжірибе жұмысының дәлдігін анықтағаны.
Егіс тәжірибесінен алынған нәтижелері мен ақиқатты нәтижелердің арасындағы айырмашылықтары неғұрлым аз болса соғұрлым тәжірибе дәлдігі жоғары болғаны.
Егіс-тәжірибеден алынған көрсеткіштері дәлділік мәліметтерінен айырмашылық болса қателік жіберілгені. Ондай жағдай кез-келген тәжірибе жұмысында кездеседі.
Тәжірибе жұмысында үш түрлі қателіктер кездеседі. Кездейсоқ қателігі, жүйелі қателік және өрескел қателік.
Тәжірибе жұмысында іріктеп бақылау арқылы алынған нәтиженің нақтылы өлшем мөлшерінің аралығындағы айырмашылығы қателік болып саналады.
Тәжірибе жүргізгенде қателік жібермеу үшін оның пайда болатын жолдарын білу керек.
Зерттеудегі факторлардың әсерлерінің көптігі олардың көрсеткіштерін де көбейткендіктен кездейсоқ қателіктің пайда болуына себепкер болады. Дегенмен, тәжірибе мәліметтерінің түрленуінің салдарынан кездейсоқ қателіктерді туғызады, сондықтан да оны тәжірибе көрсеткіштерінің тұрақты серігі дейді. Тәжірибе жұмысы қанша ұқыпты орындалса да нәтижелерін дәлме-дәл абсолюттік түрде алуға болмайды. Бірақ математикалық статистика кездейсоқ қателікті анықтауға арнайы әдіс ұсынды. Егер бақылау мәліметтері көп болса қалыпты бөлу заңына, ал бақылау саны шамалы болғанда Стьюденттің бөлісу заңына бағынады. Мысалы варианттардың өнімдерінің кездейсоқ қателіктер болу заңдары бойынша орташа көрсеткіштердің аралығындағы айырмашылығының елеулі шамасын анықтайды. Көптеген көрсеткіштерге қарағанда, кездейсоқ қателіктің ерекшелігінің өзгешелігісондай, олардың қаншамасы оң, соншамасы теріс мағыналығы жиірек кездеседі.
Бақылау санын өсіргеннен, зерттеу мәліметтерін жинақтағаннан қателіктердің орташа көрсеткіштерінің кемуі кездейсоқ қателіктер мағыналығы әр түрлі (оңды, теріс солды), мөлшерлері тең болғандықтан өзара жойылады.
Тәжірибе жұмысында кездесетін жағдай белгілі бір тұрақты әсердің бұрамалауынан өлшеу (санау) мәліметі біріңғай өсіруі немесе біріңғай кемітуін жүйелі қателік дейді. Егіс тәжірибесінде зерттелмейтін факторлардың заңды түрленуінен, мысалы топырақ құнарлығы, оның әсерінің нәтижесі тек қана дұрыс дайындалған әдісі арқылы жойылады. Бұл қателіктің кездейсоқ қателіктен ерекшелігі бұрмалауы тек бір бағытта, яғни тәжірибе мәліметтерін бірдей өсіреді немесе біріңғай кемітеді. Тағы бір айырмашылығы мұнда өзара жоятын бағыты жоқ, сондықтан жекелеп бақылау көрсеткішіне де, орташа көрсеткіштеріне де енеді.
Өрескел қателік егіс дала тәжірибесіне қойған талаптарды дұрыс орындамаушылықтан, жұмыстарын олақ орындаудан немесе шала көзқарас, салақтықтың салдарынан болады. Мысалы, экспериментшінің ұқыпсыздығынан бір мөлдекке қатарынан бірнеше реттыңайтқыш енгізуі, өнімін өлшегенде варианттардың мөлдегін ауыстырып алуы, әрі оның салмағын күнделік дәптерге дұрыс көрсетпеуі себеп болады. Мұндай қателікті ешбір жағдайлар арқылы өзара жоюға, орнын толтыруға болмайды, тек қана қайталауларды, мөлдектерді немесе тәжірибені толығымен жарамсызға шығаруды қажет етеді. Егіс дала тәжірибенің тек дәлелденген қорытындысы мен математикалық өңдеуге арналған мәліметтердің ішінен тек қана жүйелі және өрескел қателіктері жоқ мәліметтерін пайдаланады.
Тәжірибе жұмысында көрінген есепке сенуге болмайды, агротехника арқылы мақұлданған мәліметтер қателіктерден аулақ болуға мүмкіндік туғызады.

2.2 Егіс тәжірибесіне учаске таңдау әрі оны дайындау

Егіс-тәжірибе жүргізетін жерін дайындауда негізінен екі талап қойылады, атап айтқанда, болашақта тәжірибе нәтижесін пайдаланатын шаруашылықтың топырағы және топырақ жабындысы біртектес болады. Егіс-тәжірибе жүргізілетін жердің құрамы арқылы топырақ құнарлығының ала-құлалығын анықтайды.
Учаскенің сәйкестігі табиғижағдайлардың сәйкестігімен анықталмайды, оған топырақтың құнарлығы, жыртылатын топырақ қабатының тереңдігі, қоректеріндегі сіңімді заттарының қоры, топырақ ерітіндісінің реакциясы, яғни зерттеуге дейінгі мәліметтер арқылы анықталады.
Учаскенің топырақ жағдайының типтестігі қойылған тәжірибе талаптарын қанағаттандыра ала ма, әлде жоқ па, соны анықтайды. Топырақ құнарлығы туралы мәлімет болмаса, оның бағасы төмендейді, себебі тәжірибе нәтижелерін салыстыратын көрсеткіштері болмайды. Өте-мөте топырақ пен агротехникалық жэағдайлары туралы мәліметтері тәжірибеге дейін белгісіз болған жағдайда тәжірибеге дейін таңдап алынған учаскенің топырағының кем дегенде соңғы үш жылдағы мәліметі болуы керек.
Топырақ жабындысының біртектестігі - егіс-тәжірибеге арнайы бөлінген учаскесі біртектестігін сақтау үшін мына талаптарды қанағаттандырады. Топырақтың табиғи қасиеттері. Тәжірибе учаскесінің топырағын тексерерде алдына екі міндет қояды. Біріншісі-учаскедегі топыраққа толығымен сипаттама беру, ондағысы тәжірибеден алынған нәтижелеріне тек сәйкес топырақты шаруашылықтарға ұсынады.
Бұл қойылған талапты бұлжытпай орындау керек деп қарауға болмайды, әрине тәжірибенің мақсатына, аймағына қарай өзгеріп отырады. Учаскені дұрыс қадағалап таңдап, мүмкіншілігінше барлық жағдайлардың теңелуіне әрекет жасайды. Егіс тәжірибесіне учаскенің жері біртектес болуы көбіне қиынға соғады. Сондықтан әдістің негізгі талаптарын орындауда учаскені дұрыс іріктеп болу үшін оның тарихымен ұқыпты танысу, топырағын тексеріп, жер бедерін, арамшөппен ластануын біліп және кейбір кездейсоқ факторлардың әсері есепке алынады.
Топырақ түрін картаға түсірмей-ақ тек оның әр түрлілігі мен учаскедегі топырақтың ала-құлалығының көлемін тексерсе жеткілікті. Мұндай тексеру егіс-тәжірибе учаскесінде ғана емес, егіншілік егіс тәжірибесінде де жүргізіледі.
Екінші міндеті - егіс тәжірибесін ең дұрысы учаске топырағының бір түрлілігіне орнластыру. Топырақты толық тексеріп, шекарасын анық көрсету үшін топырақ түрін картаға 1:5000 масштабпен түсіреді.
Егіс тәжірибесіне учаскені дайындардан бұрын топырақтың ала-құлалығымен, оның тарихымен танысады. Учаскенің тарихмен танысу үшін танап тарихы туралы кітабымен, ауыспалы егістер жоспарлары және басқа құжаттармен танысады.
Кейбір агротехникалық тәсілдердің топырақ құнарлығына әсері ұзақ уақытқа созылады. Оларға жататындар:
-топыраққа әк енгізу;
-тыңайтқышты топыраққа енгізу;
-топырақтың жыртылатын қабатын толықтыру;
-ауыспалы егісте көп жылдық шөптерді себу.
Сондықтан да тәжірибе учаскесінде аталған агротехникалық тәсілдердің қандайы қолданылса алдын ала бұл танаптың өнімін бөлшектеп есептеп топырақтың ала-құлалығын анықтамайынша, ол учаскеде егіс тәжірибесін жүргізуге болмайды. Өсімдікке жүргізілетін тәжірибелер, олардан алынатын қорытындылар жер бедеріне байланысты болады.
Учаскенің біртектілігін сақтау. Учаскенің тарихи жағдайын білген жағдайда тосын кездейсоқ әсерлерден аулақ болады. Мысалы, учаскеде қазылған ор, жыра, арықтар, объектілер құрылысының орны, малдың тұрып жатқан орындары болуға тиісті емес. Олардың егіс-тәжірибе нәтижелеріне әсерінің салдарынан тәжірибе жұмысының орындалу дәлділігі төмендейді. Егіс-тәжірибе учаскесінің үстінен өткен жолдың ізі 5-тен 10 жылға дейін жойылмайды, мұндай алқапты тәжірибе учаскесіне бөлуге болмайды.
Тәжірибе жүргізілетін жердің егіншілік тарихы белгісіз болса, тәжірибе жұмысын ол жерге жүргізуге келмейді. Ең кем дегенде кейінгі 3..4 жыл ішінде осы жерде бір ғана дақыл себілген, тыңайтқыштарды қолдануы, топырақ өңдеуі және т.б мәліметтері болуы керек.
Тарихи белгісіз танапта жүргізілгентәжірибелердің нәтижелері құнды болмайды, себебі оны қандай шаруашылыққа ұсынылуын да білу өте қиын және оның тәжірибеден алынған мәліметтерінен қорытынды шығаруға мүмкіндік болмайды. Сондықтан тәжірибе жүргізу үшін жерді іріктерде оның 3..4 жылдық тарихи мәліметтерін жинайды. Егер жердің тарихы белгісіз болса, ондай жағдайда тәжірибеге танаптардың әр түрлі тәсілдерді қолданған бөлек егісті пайдалануға болады. Ондай жағдайда тәжірибенің факторлары бірдей варианттарды бір немесе бірнеше қайталауларға біріңғай орналастырған жөн.
Орман, жол, қоршауларр және құрылыстардың егіс тәжірибесіне жақын орналастыруынан, егіс-тәжірибе учаскесіне орманның немесе бөлек ағаштардың жақын өсуінің салдарынан күн жарығы мен топырақ қабатындағы ылғалдығы бірдей болмайды. Соған орай тәжірибелерді құрылыстардан, мал қораларынан, орманнан 50..100 метрдей қашықтықта орналастырады, бөлек өскен ағаштан 25..30 метрдей, жолдардан 10..20 метрдей жерден жақын орналастырмайды.
Тәжірибе жерінің топырағында кездейсоқ ала-құлалықтар, мәселен, жер жұмыстарының іздері, бұрынғы жолдардың, катондардың, астық қырманының, құрылыстардың орындары, арықтар және т.б. кездеседі. Көрсетілген кездейсоқ факторлардың топырақ құнарлығының біртектес еместігі, әрі олардың әсері бірнеше жылға ұзаратындығы анықталған[6].
Жер бедері - біртектестіктің негізгі факторларының бірі, немесе егіс-тәжірибе учаскенің ойлы-қырлылығы оның бедері болып саналады. Тәжірибе жүргізілетін учаскенің беткейіндегі мөлдектер әртүрлі бурайға орналастырылса, онда қоректену заттары, ылғал мен жарығы бірдей болмайды. Ондай жағдайларда топырақтың беткі қабаты сумен жуылып кетушілігі, қолданған тыңайтқыштар жоғарғы мөлдектен төменгі мөлдекке жуылып келуі ықтимал. Учаске жерінің бедері жүргізілетін тәжірибенің мақсаты мен зерттелетін өсімдігіне байланысты. Тәжірибедегі егілген дақыл басқа зерттелмейтін дақылдармен бір текті жағдайда болсын десе, онда тәжірибені сол дақылдар өсіріп жүрген жерге орналастырады. Тәжірибелердің көпшілігі үшін учаске жерінің беткейі тегіс немесе біріңғай ылдилау (100 метр бойына 1..2,5 метрден) болады. Суы өз бетімен ағу арқылы суарылмалы егіс-тәжірибеде белгілібір ылдилығы дұрыс, ал топырақты ылғалдандыру үшін оның ылдилығы 0,005-тен 0,01 дейін болуы керек.
Тәжірибе учаскесінің тікелеу бурайына орналастырылатын болса, онда оның варианттар саны аз болғаны ұтымды болады. Тәжірибе учаскенің жер бедерін зерттеу жоспарын дайындау үшін толық нивелирлеу жүргізіледі.
Топырақ картасына нивелирлеу арқылы түсірілген мәліметтерін қайталаулар мен мөлдектерді орналастыру жоспарын дайындауда негізгі көрсеткіші болады, ал суармалы егіншілігінде тәжірибені орналастыруда арнайы жоспарына горизонталь сызығы негіз болады.
Тәжірибе учаскенің жерін таңдағанда марорелефтен басқа микрорелефтер де (дөңестер, шұқанақтар, тайыз жарлар, жан-жаққа аударылған жыртылған атыздар) есепке алынады. Өте-мөте суды өз бетімен еркін ағыс арқылы суландыру егіс тәжірибелері үшін учаске жерінің микрорельефіне қойылатын талаптарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
Қайрақ ЖШС шарттарындағы абердин ангус тұқымды малдардың сипаттамасы
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары
Пәндер