Жүзім өсіру



Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Белгілер мен қысқартылған мәндер 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 10
1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы 10
2. Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл 16
2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 21
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 27
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31
Жұмыстың өзектілігі. Әрбір гектар жерден түсетін өнімді дақылдың биологиялық потенциалына жақындату бүгінгі таңдағы ғылымның өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.
Облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген кезде шарап өндірісінің аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары сапалы шарап дайындауды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік, яғни шарап кластерін құру мүмкіндігі туады.
Бұл өнірде жылы температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс айларының жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін және жүзімнің түрлі уақытта пісіп жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі мақсатқа арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.
1990 жылғы елімізде жалпы өндірілген жеміс-жидектің 40,8% және жүзім өнімдерінің 63,8 пайызы, Оңтүстік Қазақстанда өндірілген. 2008 жылы барлық Республика көлемінде жеміс-жидек өндіру 26,0%, жүзім 45%-ға төмендеген .
Жеміс-жидек өнімдерін пайдалану дәрежесі Республикамызда күрт кеми бастады. 1992 жылы бір адам 24 кг жеміс-жидек пайдаланған болса, 1998 жылға келіп бұл көрсеткіш 6 кг-ға тура келген немесе 4 есеге азайған. Шикізаттың азайғаны шарап және шарап материалдарды өндірудің 16 есеге кемуіне алып келді. Жүзімдіктердің көлемі қазіргі күнде де азайып барады. Сондықтан еліміздің экономикасы шеттен алып келген өнімдерге тәуелді болып отыр .
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсеткендей, отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілсе, жеміс-жидек және жүзім өндіру саласы қайта өркендер еді. Нәтижесінде өнім өндіру дәрежесі бұрынғы қалпына келіп, тек аймақтық ғана емес, еліміздің де экономикасының көтерілуіне оң ықпал етер еді.
Таңдап алынған өнімділігі жоғары және әр түрлі жағдайларға шыдамды сорттар өндіруге кеткен шығынды азайтады және оның рентабельділігін көтереді.
Аймақты жеміс-жидек өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін бұл саланы үдемелеу қажет. Үдемелеу бұлардың егіс көлеміне кеткен шығынды көбейту жолымен емес, керісінше ауыл шаруашылық өндірушілермен өндіріс технологиясын жетілдіруді интеграциялау жолымен алып барылуы тиіс
1. Иманғазиев К. Егіншілікке тыңайтқыш қолдану жүйесі.- Алматы, 1970
2. Можаев Н., Әрінов Қ.К., Шестокова Н.А., Өсімдік шаруашылығы практикумы.- Акмола, 1996
3. Джанпеисов Р. Эрозия и дефляция почв Казахстана.Алма-Ата, 1977.
4. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С., Бәсібеков Б.С. Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Алматы, 1997
5. Берлянд С.С., Крючев Б. Д. Растениеводство. . Изд.4-е, перераб. и доп. М., Колос, 1996.
6. Научные основы программирования урожаев сельскохозяйственных культур. Под ред. И.С. Шатилова, М.К. Каюмова. М., Колос, 1996.
7. Майсурян Н.А. Растениеводство. ( Лабороторно-практические занятия) . Изд.4-е, перераб. и доп. М., Колос, 1996.
8. Живников Н.И., Моргунов А.Т. Технология возделывания полевых культур. Учеб. Пособие для сельских проф.-техн. училищ. М., Высш. школа, 1991. 304 с.
9. Елешев Р., Бекмағанбетов А. Агрохимия .-Алматы, 1989.
10. Жаңабаев Қ.Ш. және т.б. Агрономия негіздері. Астана, 2003ж.
11. Нарциссов В. П. Научные основы систем земледелия. М., Колос, 1997.
12. Тұрғанбаев С.Ғ. Дихан серігі (Агроөнеркәсіп өндірісінің орта буындарына арналған) . Алматы: Қайнар, 1989.-304 бет.
13. Крючев Б. Д. Практикум по растениеводству.- М.: Агропромиздат, 1988.-287с.: ил.- ( Учебники и учеб.пособие для учащихся техникумов).
14. Бадина Г.В. и др. Основы агрономии /Г.В. Бадина, А.В. Королев, Р.О.Королева;Под ред. Г.В. Бадина.- Л.: Агропромиздат, Ленингр. отд-ние, 1988.-448 с.
15. Жанабаев К.Ш., Саудабаев Т. т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.-Алматы, 1994.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Белгілер мен қысқартылған мәндер 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 10
1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы 10
2. Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл 16
2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 21
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 27
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31

Аннотация

Бет 31, сурет 4, кесте 1, қолданылған әдебиеттер - 15

Жүзім, тыңайту, өсімдік, қоректік заттар, агрохимиялық көрсеткіштер, тыңайтқыш, органикалық және минералды тыңайтқыш, танап, көшет ауылшаруашылық машиналары.
Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы. Бул курстық жұмыста жүзім шаруашылық өндірісін қолға алуға байланысты, мол өнім алу мақсатына байланысты күтіп баптау ерекшеліктері, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау мен техниканы пайдалану шарттары туралы жазылған. Сонымен қатар жүзімнің көшеттік тәсілі мен кутіп баптау шаралары жайлы тусиниктемелер.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және 15 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 31 бет, оның ішінде 4 сурет, 1 кесте бар.

Нормативтік сілтемелер

СГРК 1,4 - 1999 -
Қазақстан Республикасының мемлекетік стандарт жүйесі, формалар стандарты
СГРК 1,12 - 2000 -
Нормативті текстің құжаттары, мазмұнын өрнектеуге, құрастыруға, тұрғызуға арналған жалпы талап
МЕСТ 3,001 - 2000 -
Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты жоғарғы кәсіптік білім. Негізгі ережелер
МЕСТ 2,105 - 59 ЕСКД -
Текст құжаттарына жалпы талап
МЕСТ 2,106- 99 ЕСКД -
Текст құжаттары
МЕСТ 2,111- 98 ЕСКД -
Норма бақылау
МЕСТ2,1101 - 92 СПДС-
Жұмысты құжаттарға негізгі талап
ФС ОҚМУ 4,6 - 001- 2004 -
Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Текстік құжатқа жалпы талап
ФСОҚМУ 4,6 - 002 - 2004 -
Оқу құжатын өрнектеу ережесі. Графикалық құжатқа жалпы талап

Белгілер мен қысқартылған мәндер

ҚР- Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
АҚ - акционерлік қоғам
ЖШС- жауапкершілігі шектеуші серіктестік
г- грамм
га- гектар
кг- килограмм
л-литр
м-метр
мин-минут
мг-миллиграмм
мм-миллиметр
мл-миллилитр
см-сантиметр
ц-центнер
%- пайыз
м3- шаршы метр
млн - миллион
цга - гектарына центнер
кв.км- шаршы километр
°С- градус Цельсий

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Әрбір гектар жерден түсетін өнімді дақылдың биологиялық потенциалына жақындату бүгінгі таңдағы ғылымның өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.
Облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген кезде шарап өндірісінің аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары сапалы шарап дайындауды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік, яғни шарап кластерін құру мүмкіндігі туады.
Бұл өнірде жылы температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс айларының жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін және жүзімнің түрлі уақытта пісіп жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі мақсатқа арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.
1990 жылғы елімізде жалпы өндірілген жеміс-жидектің 40,8% және жүзім өнімдерінің 63,8 пайызы, Оңтүстік Қазақстанда өндірілген. 2008 жылы барлық Республика көлемінде жеміс-жидек өндіру 26,0%, жүзім 45%-ға төмендеген .
Жеміс-жидек өнімдерін пайдалану дәрежесі Республикамызда күрт кеми бастады. 1992 жылы бір адам 24 кг жеміс-жидек пайдаланған болса, 1998 жылға келіп бұл көрсеткіш 6 кг-ға тура келген немесе 4 есеге азайған. Шикізаттың азайғаны шарап және шарап материалдарды өндірудің 16 есеге кемуіне алып келді. Жүзімдіктердің көлемі қазіргі күнде де азайып барады. Сондықтан еліміздің экономикасы шеттен алып келген өнімдерге тәуелді болып отыр .
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсеткендей, отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілсе, жеміс-жидек және жүзім өндіру саласы қайта өркендер еді. Нәтижесінде өнім өндіру дәрежесі бұрынғы қалпына келіп, тек аймақтық ғана емес, еліміздің де экономикасының көтерілуіне оң ықпал етер еді.
Таңдап алынған өнімділігі жоғары және әр түрлі жағдайларға шыдамды сорттар өндіруге кеткен шығынды азайтады және оның рентабельділігін көтереді.
Аймақты жеміс-жидек өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін бұл саланы үдемелеу қажет. Үдемелеу бұлардың егіс көлеміне кеткен шығынды көбейту жолымен емес, керісінше ауыл шаруашылық өндірушілермен өндіріс технологиясын жетілдіруді интеграциялау жолымен алып барылуы тиіс
Ауыл шаруашылық өндірісін қайта құруға байланысты диқан шаруашыықтары, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жүзімнен жоғары өнім алуға қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығын өркендетіп жоғары өнім алу үшін жүзім танаптарын күтіп баптау жүйесін жасау ең басты мақсаттардың бірі болып табылады
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер шешілді;
Жұмычтың міндеттері;
* Жүзімннен мол өнім алу мақсатында оның биологиялық құрылысы мен өсуге қолайлы жағдайларды корсету;
* Жүзім танабына тыңайтқыш енгізуде өсімдіктің биологиялық ерекшелігін анықтау;
* Жүзімдік көшеттерді өсіруде қолайлы жағдайды жоспарлау;
Практикалық бағалылығы. Енгізілген тыңайтқышпен берілген қоректік заттар мөлшері, минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың кейінгі әсерінің пайдалану коэффициенті, қоректік заттардың аңызақ және тамыр қалдықтарымен жинақталуы, аңызақ және тамыр қалдықтарынан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, топырақтың жыртылатын қабатындағы қозғалмалы қоректік заттар қоры, топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті ескеріле отырып нақты тыңайтқыш мөлшері мен енгізу мерзімдері көрсетілді.

1 Аналитикалық бөлім

1.2 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы

Діңі - шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 - 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі - жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 - 80%), фруктоза,глюкоза (15 - 35%), органикалық қышқылдар (4 - 11%), пектин (0,3 - 1,2%), минералдық заттар (0,3 - 0,6%) және С, В1, В2, РРвитаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері - сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 - 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар - інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары - рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым - ампелография деп аталады.
Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады. Жүзім - шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалықжәне субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады.
Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет.Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды.

2 Тәжірибелік бөлім

2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Жүзім мыңжылдық аралығында өзгеретін экологиялық барлық жағдайларында, кең жер шарында өсірілген. Сондықтан жүзім шырынында көлеңкелі орман өсімдіктерінің және ашық шуақ жерлердегі өсімдіктердің ерекшелігі сәйкес келеді, Бұд жүзімнің икемділігі мен және оның пішінінің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Жүзім түрлерінің экологиялық - биологиялық қабілеттері және оның көптеген түрлері әртүрлі, сондықтанда олар әртүрлі топырақ - климаттық жағдайларда өсе береді.
Еуропалық сорт түріне жататын жүзімдер табиғат жағдайларына әртүрлі талаптар қойылады. Ортаазиялық сорттар күн мен жарықты үлкен мөлшерде талап етумен ерекшеленеді. Солардың арасында, сонымен қатар, Қара теңіз бассейн сорттары және еуропалық батыс сорттарында ерте және кеш пісетін топтары да бар. Еуропалық сортының жүзімдері саңырауқұлақ ауруларына төзімсіз келеді, мысалы кахетикалық (Мцване, Ркацители), филоккүрітіне едәуір төзімді, имеретикалық сорт Цоликаури және сотернетикалық Семильон - саңырауқұлақ ауруларына төзімді болып келеді (мильдю, ондиум, антакноз және т.б.).
Орта Азиялық сорттары төменгі температураға төзімсіз, ал Батыс Еуропалық топтары және Қара теңіз жағалауындағы сорттары төменгі температураға төзімді болып келеді. Ақ және қызыл сортты жүзімдер топырақ құрамына әртүрлі талаптар қойылады және олардың тұзға төзімділігі және телітушімен өсіп-жетіліп кетуіде қарастырылды.
Жүзім өсімдігінің таралу аймағы өте кең және осы уақытқа дейін сақталған. Әртүрлі жүзім түрлері Солтүстіктің 520 және оңтүстіктің 430 кеңдігінің аралығында өседі. Сортты іріктеуде және сәйкесінше агротехниканы таңдау, жұмысты едәуір солтүстік шекарасындағы сорттарды алуға мүмкіндік береді.
Өркендер. Шырмауықтың ерекшелігі сияқты, өркендердің ұзындыққа тез өсуі жүзімдерде қазіргі кезге дейін сақталды. әсіресе бұл көктемде жақсы байқалады, бұл жерде топырақта қоректік заттардың қоры жеткілікті және гүлдеу кезінде жапырақ бетінде үлкен тезассимиляция дамуын ары қарай қалыптасуы және жетілуі анықталады.
Төбе ұшындағы гүл шоғырының бүйірлерінде қай түзілуі жүзімдердің эвалюция мәнінде аса үлкен, табиғат бұл өсімдікті вегетациялық период аралығында өркен бүршіктерінің бүйірінде гүл шоғырының түзілуінің ерекшелігі және оның келесі жылдық көктемде ары қарай жалғастыра алады. Өсімдік ұлпаларында және топырақта қоректің заттардың қоры көп болуы, мұнда өсімдіктерде олардың өркендерінде гүл шоғырының толық эмбрионалды жеміс түзеді. Қоректің заттың жетіспеуі кезінде гүл шоғырының орнына, тек мұртшалар түзіледі.
Жүзім ағашы сабағының жылы суптропиктік аймақтарға қалыптасқан. Жүзім сабағының лиана тәрізді болып шырмалып өсуі, бұл өсімдікті күту ісін қиындатады, сондықтан жүзім сабағын жерге жантайта өсіруге тура келеді, мұндай жағдайда жүзім күтуге қолайлы болады және және сапалы жақсы өнім береді.
Жүзім жылылық пен жарықты сүйетін дақыл. Жылылықпен қатар жүзімнің жарықпен және ылғалмен қамтамасыз болуы, жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның өнімнің сапасына зор әсер етеді.
Жүзімнің тамыр жүйесінің топыраққа терең бойлап, жердің беткі қабатын ғана емес, сонымен бірге топырақ астында да жақсы пайдалануға қабілеті болғандықтан жүзім егуге батпақты және сортаңдардан басқа барлық жерлерді пайдалана беруге болады.
Жүзім сабағының өсіп-өну дәуірін алты кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - сөл жүргізуден немесе көктемгі жас ағу деп аталатын кезеңнен бұрын бүршік жаруға дейін басталады.
Жүзімнің өсіп-өну дәуірінің екінші кезеңі бүршік жарғаннан бастап, гүлдей бастағанға дейін созылады. Бұл кезеңде бұтақтар, жапырақтар, гүл шоғырлары, шиыртпақтар және өгей бұтақтар қаулап өседі. Ауаның температурасы +8 0С кем болмаған жағдайда, ағаш бүрлеріне су және оттегі жеткілікті дәрежеде келіп тұрған жағдайда, бүршіктер ашыла бастайды. Ауаның температурасы неғұрлым тез көтерілсе, бүршік жару да соғұрлым күшті болады.
Жүзім түрінің барлық көгеретін бөлшектерінің шапшаң қаулап өсуі жүзім сабағының өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Жүзім бұтақтары тәулігіне 6-8 см, ал кейде 10 см астам өсіп отырады.
Өсу дәуірінің екінші кезеңінде жүзім сабағының көпшілігі және бұтақтардың жалпы ұзындығының жартыдан астамы өсетін болғандықтан, жүзім сабағы бұл кезде қоректік заттарды, суды өте көп қажет етеді. Сондықтан өсу дәуірінің екінші кезеңіне қарай жүзім суарылуға және ең алдымен азот тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілуі тиіс. Осы мақсатпен бұтақтар 5-7 см өскеннен кейін бірінші рет, 15-20 күннен кейін, артық бұтақтарды екінші рет бұтақтайды. Бұталамай қалдырылған бұтақтар 50-60 см өскеннен кейін қатарлап аспаларға ілінеді [5].
Үшінші жүзім сабағының гүлдену кезеңі, орта тәулікпен температура +150 градустан кем болмайтын кезде жүзім бітеу гүлдене бастайды. Әсіресе, температура +20 градус болғанда жүзім жаппай гүлдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік аудандарында жүзім май айының аяғында, ал Алматы облысында маусым айының алғашқы онкүндігінен гүлдей бастайды. Гүлдену 14-15 күнге созылады.
Жүзім сабағы гүлдеген кезде, гүл шанақтарының немесе гүлдердің жаппай түсе бастайтыны (гүл төгілуі) байқалады, мұның себебі гүл шоғырлары мен гүлдерге органикалық қоректік заттардың - қанттың жеткілікті келмеуінен болады.
Жүзім сабағының өсу дәуірінің бұл кезеңіндегі агротехниканың міндеті, гүл шоғырлары мен гүлдердің органикалық қоректенуінің нашарлау себептерін жою болып табылады.
Төртінші кезең гүлдену аяқталғаннан бастап, жеміс пісе бастағанға дейінгі дәуірді қамтиды. Бұл кезде бұтақтар өсіп болып, жидектері мен ұрықтар өркендейді.(1-сурет) Ұрықтанғаннан кейін түйін шапшаң өседі, аналық жасуша ұрыққа, дәнек- тұқымға, ал түйін тәтті, балауса етті жидекке айналады (2-сурет). Сондықтан жүзімнің өсу дәуірінің 4-ші кезеңінде, тік бұтақтарды екінші және үшінші рет аспаға көтеріп байлау, суару, фосфор және калий тыңайтқыштарымен екінші рет үстеп қоректендіру, жерді күту жұмыстарын бір мезгілде жүргізу қажет.
Бесінші кезеңі жеміс пісе бастағаннан бастап оның толық жетілуіне дейін созылады. Бұл кезде жидектерге қант барынша тез жинақталып, органикалық қышқылдардың мөлшері азаяды. Жидектің еті өте нәрлі болып балбырап жұмсарады, ал қабығы тиісті сортына тән түрге ие болады, яғни жүзім ағашының жетілу процесі өтеді.
Алматы жағдайында жүзімнің ерте пісетін сорттары тамыз айының басында, орташа пісетін сорттары тамыз айының екінші жартысында, кеш пісетін сорттары қыркүйек айының орта кезінде піседі. Шымкент облысының жағдайларында 15-20 күн ерте піседі.
Алтыншы кезең жемістердің толық физиологиялық пісіуінен жапырақ түскенге дейінгі уақытты қамтиды. Қазақстан жағдайына бұл кезең Шымкент және Жамбыл облыстарының оңтүстік аудандарында ғана толық өтеді. Басқа аудандарда суық шапшаң түсетін болғандықтан жапырақ түсіп үлгермейді. Осы кезеңде жүзім сабақтары күзгі күзеуден өткізіледі және түптері көміледі.
Жапырақтары түскеннен кейін, жүзім сабағы тынығу кезеңіне енеді, бұл кезде бұтақ іштеріне пластикалық заттар ауысады және сабақтары буланады.

A- жүзімнің сыртқы көрінісі : 1 - аякша. Б- жүзімнің тігіннен кесілгендегі көрінісі : 1 - аяқша ; 2- жастықша; 3 - шоқша; 4 - тұқымдар; 5 - қабықша; 6 - жұмсағы (мезокарпий) . В - жұмсақтағы тамыр шоқтары. Г - жүзім жидектерінің аяқтары: 1 - аяқша; 2 - жастықша; 3 - шоқша; 4 (сүйел ) төмпешіктер.

Сурет 1. Жүзімнің құрылысы

1-шеттегi тамыр шоқтары; 2-орталық тамыр шоқтары; 3 - шоқ; 4 - жидектiң жемiс сабағы; 5 - кiшкене жастық; 6 - жұмсақ; 7 - қабықша; 8 - тұқымдар

Сурет 2. Физиологиялық жетiлудi күйдегi жүзiм жидегiнiң құрылысы

Жүзім ағашы сабағының жылы суптропиктік аймақтарға қалыптасқан. Жүзім сабағының лиана тәрізді болып шырмалып өсуі, бұл өсімдікті күту ісін қиындатады, сондықтан жүзім сабағын жерге жантайта өсіруге тура келеді, мұндай жағдайда жүзім күтуге қолайлы болады және және сапалы жақсы өнім береді.
Жүзім жылылық пен жарықты сүйетін дақыл. Жылылықпен қатар жүзімнің жарықпен және ылғалмен қамтамасыз болуы, жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның өнімнің сапасына зор әсер етеді.
Жүзімнің тамыр жүйесінің топыраққа терең бойлап, жердің беткі қабатын ғана емес, сонымен бірге топырақ астында да жақсы пайдалануға қабілеті болғандықтан жүзім егуге батпақты және сортаңдардан басқа барлық жерлерді пайдалана беруге болады.

1.Жер асты штамбы; 2.Өкше; 3.Негізгі тамыр; 4.Қосалқы тамырлар; 5.Үстіңгі тамырлар; 6.Бұтаның басы; 7.Тармақ; 8.Орын басу бұтағы; 9.Жеміс беру нұсқағышы; 10.Жемісті буын;11.Бір жылдық өркендер; 12.Бедеу өркен; 13.Жеміс бергіш өркен; 14.Өсімдіктің керексіз бұтағы; 15.Өркен коронкасы; 16.Қыстап қалатын көзшелер; 17.Жас өркен; 18.Уйқыдағы бүршікшедегі өркен;

Сурет 3 Жүзімнің вегетатив мүшелерінің құрылысы

2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл

Бұталардың астында топырақты тұлғалау. Мульча топырақтың ылғалын сақтайды, атмосфералық ирригацияны құрады - ауадан топыраққа дымның соруы және оны шықтың түрiнде түсiп қалу; өте тегiсте, және шық түбiрлерi дымқылдықтың бәйгесiнiң мульчойына, тамырлар құрғап кетуге душар болмайды қайта дурыс режимде жұмыс жасап отырады. Жауын шашынан бұл жидектердiң жарылуына анағұрлым сиректеу алып келедi .
Ең алдымен - суару және қоректену үшiн шұңқырлар немесе траншея. (өкшелiк) төменгi түбiрлер еңбек сiңiредi. Содан соң - метрге енмен бұталардың астында мульчи жолақ болады . Жарық өткiзбейтiн тағы басқа материалдармен сабанмен, шөппен, үгiндiлермен, сонымен бiрге қара қабыршақпен тұлғалау мүмкiн. Мульча шық түбiрлерiнiң жұмысын және қалпына келтiруiн қамтамасыз етедi. Барлық қатар аралық кеңiстiктен тар жүйектерді шымдап (4-сурет) көкөнiстер өсiруге болады
Екi жағдайда да басты - мульчи немесе ернеудi көгалдан жүйек арқылы бөлу. Бұл тақтай, шифер, керектi мөлшерде кiрпiштер бола алады . Ернеу болмағанша рет болмайды. Сiзге жүзiм егiсi барлық топырақ өңдеуді талап ететіндей көрінеді : мульча қатар аралықта бытырап кетiп, шөп бұталарға өрмелейдi; сiз мiндеттi түрде шапқыны бұл көре ұстап алыңыз, сонда ешқандай да көгал бола алмайды.

Сурет 4.Ернеудi көгалдан жүйек арқылы бөлу

Жүзім өсімдігінің таралу аймағы өте кең және осы уақытқа дейін сақталған. Әртүрлі жүзім түрлері Солтүстіктің 520 және оңтүстіктің 430 кеңдігінің аралығында өседі. Сортты іріктеуде және сәйкесінше агротехниканы таңдау, жұмысты едәуір солтүстік шекарасындағы сорттар алуға мүмкіндік береді .
Өркендер. Шырмауықтың ерекшелігі сияқты, өркендердің ұзындыққа тез өсуі жүзімдерде қазіргі кезге дейін сақталды. әсіресе бұл көктемде жақсы байқалады, бұл жерде топырақта қоректік заттардың қоры жеткілікті және гүлдеу кезінде жапырақ бетінде үлкен тезассимиляция дамуын ары қарай қалыптасуы және жетілуі анықталады.
Төбе ұшындағы гүл шоғырының бүйірлерінде қай түзілуі жүзімдердің эвалюция мәнінде аса үлкен, табиғат бұл өсімдікті вегетациялық период аралығында өркен бүршіктерінің бүйірінде гүл шоғырының түзілуінің ерекшелігі және оның келесі жылдық көктемде ары қарай жалғастыра алады. Өсімдік ұлпаларында және топырақта қоректің заттардың қоры көп болуы, мұнда өсімдіктерде олардың өркендерінде гүл шоғырының толық эмбрионалды жеміс түзеді. Қоректің заттың жетіспеуі кезінде гүл шоғырының орнына, тек мұртшалар түзіледі.
Барлық аймақтар үшін астаналық сорттар - Нимранг, Тайфи розовый, Киш-миш черный, Мускат Венгерский, Ранний ВИРа, Мускат Александрийский, 1-2 аймақтарда - Жемчуг Саба, Октябрьский, Гузаль Кара, Хусайне белый, 3-4 аймақтарда - Кишмиш розовый, техникалық сорттар - Мускат розовый, Баян Шерей, Ркацители, Муска Венгерский, Майский черный, Сапирави; Рислинг. 1-2 аймақтарда - Каберне Франк, Алиготе, Пино черный; 3-4 аймақтарда - Мускат фиолетовый, Рубиновый, Матраса, Кульджинский .
Жүзім дақылдары (ағаштары) бір орнында көп жыл бойы өсіріледі және оларды егуге көп қаражат жұмсалады. Сондақтан жүзімдерді ғылыми жақтан дәлелденген жобалар негізінде отырғызылуы керек. Үлескілерді таңдап алуда кеткен қателіктерді жөндеу кейіннен қиынға соғады. Жүзімдіктерді отырғызуға тегіс алқаптар мен аз еңкісті көлбе беткейлер (5-60С дейінгі) болғаны дұрыс. Еңкістігі 12 градус және одан жоғары болған беткейлерде ағаштар арнайы құрылған сатыларға егіледі. Таңдап алынған жерлердің топырағы құнарлы, ауа алмасатын, суды көп ұстайтын, сортаңданбаған әрі батпақсыз болу керек. Жер аситы суының (ыза суының) деңгейі топырақ бетінен, 1,5-2 м болуы тиіс.
Жердің рельефі мен беткейлердің экспозициясы баулардың және жылылық және ылғалдылығына, өсімдіктердің өсіп-өнуіне көп әсер етеді. Алып барылған тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей жүзім Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс беткейлерге егілсе, жүзім өнімнің сапасы жоғарылайды. Солтүстік беткейлермен өзен аңғарлары жүзімдіктер үшін қолайсыз болып табылады.
Жүзімдіктер үшін тұйықталған шұңқырлар қолайсыз болып есептелінеді. Мұндай жерлерге ауаның суық ағымдары көп жиналады, нәтижеде ағаштар ерте күздегі және кеші көктемдегі аяздарға ұшырап зақымданады.
Жүзімдіктерді егу үшін ажыратылған алқап алдын ала тастардан, ағаштардың түбірінен тазартылады, тегістеледі. Тазартылғаннан кейін үлескі тегістеледі. Көлбеулігі 12 градустан жоғары болған беткейлерде сатылар жасалынады (кертпелер беткейлердің кесе-көлденеңінен жасалынды). Жердің ой-шұқырлары көп болып, топырақты көбірек жылжытуға тура келсе, топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жер бетінде қалатындай болуы керек. Топырақ құрамындағы ауа, жылу, ылғал және құнарлықты сақтау және арамшөптерден тазарту мақсатында үлескі екі жыл бойына сүрі танап күйінде ұсталады.
Бауды отырғызудан бір жыл алдын сидератты өсімдіктер егіліп, олар көп тыңайтқыш үшін айдалады. Ажыратылған жерлер тазартылып және тегістеліп болғаннан кейін плантаж соқа жәрдемінде нәрлілігі жоғары топырақтар 60-70 см, ал нәрлілігі төмен топырақтарда 40-45 см тереңдікте жыртылады. Плантаж жыртудың алдында әр гектарға 30-40 тонна көң, 600 кг фосфорлы және 150 кг калийлы тыңайтқыштар беріледі.
Топырақты тереңдетіп жырту, тыңайтқыштар беру көшеттердің тамыр жүйесінің тереңдеп тез өсуіне, өсімдіктерді нәрлі заттар және сумен қамтамасыз етуге көп әсер етеді. Нәтижесінде көшеттердің жақсы қабылдануына, тез өсіп-өнуіне, ерте өнім беруіне және өнімділігінің артуына жағдай жасалынады.
Өсімдіктерге жақсы жарық түсуі үшін қатарлары солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттылатындай етіп жасау керек. Жеміс-жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және Оңтүстік - Батыс ауылшаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығы Қазақстанның Оңтүстік өңірлері үшін жүзімнің үйлесімді орналастыру желісінің төмендегідей үлгісін ұсынады:
Штамбасыз қалыптастыруда:
* ұзын бойлы сорттар үшін 2,0-2,5х2,2 м;
* орта бойлы сорттар үшін 1,5-1,6х2,5 м;
* аласа бойлы сорттар үшін 1,3-1,5х2,5 м.
Штамбалы қалыптастыруда:
* көлденеңді шпалерде 1,25-1,5х3 м;
* вертикаль шпалерде 1,25-1,5х2,5 м.
Егуден алдын көшеттерді қарап тексеріп шығады. Зақымдалған суыққа үсіген және қарайып шіріген көшеттер егуге пайдаланылмайды. Іріктеуден өткен көшеттерді тамырларының зақымданған жерлерін өткір қайшымен сау ұлпаға дейін кеседі. Көшеттерді егілетін жерлерге апарып, уақытша көміп қояды. Егуден алдын тамырлары көңмен саз топырақ қосылған қоймалжың сұйыққа батырылады. Қоймалжың сұйық ерітіндіге 0,002% (0,2 гр 10 литр суға) гетероауксин қосылса тамырлардың өсуіне көп жәрдем етеді. Егу уақытында тамырлардың кеуіп қалуына жол қоймау керек. Егер де қандайда да бір себептермен тамырлары кеуіп қалған болса, онда оларды 2-3 күнге суға батырып қайта қалпына келгенше ұстау керек. Көшеттерді шұңқырларға, жырауларға қолменен машиналармен егуге болады [11].
Жүзімнің көшеттерін табан тамырлары 50 см тереңдікте жататындай етіп егіледі. Тау алды беткейлерде, ерте және көп қар жауатын жерлерде 35-40 см тереңдікте ексе де болады.
Жаңа жүзімдіктерді күтуге қойылатын басты талаптар: суару, топырақты өңдеу және арамшөптерден тазарту болып табылады.
Алаңына және топырақ жағдайларына қарай 8-10 рет суарылады. Сондай-ақ күзде және ерте көктемде ылғал қаптыра суару жүргізіледі. Ыза суы жақын орналасқан жерлерде 4-5 рет суарылады, ал қиыршық тасты қабаты жақын орналасқан жерлерде жүзімдік жиі суарылады. Суарулар арықтар жәрдемімен жүргізіледі. Суару нормалары әр гектарға 800-1000 текше метр биіктікте.
Жүзімдердің өсу процессі тоқтағаннан кейін бұталардың ұшындағы әлі толық жетілмеген жапырақтарымен қоса шырпу жұмыстарын алып барады.
Жас жүзім бұталарын қарашаңын бірінші онкүндігінде бұтақтарын кеспей қолменен көмеді. Егерде ауа райы қолайлы болса, қабылданбаған көшеттердің орнын екі жылдық көшеттермен толтырады.
Келесі жылы ерте көктемде жас жүзім бұталарын ашады. Ашылған жүзім бұталатрын кесіп, белгілі бір жүйемен қалыптастырады. Олардың жақсысы өніп өркендеуі үшін гектарына 150-200 кг азотты немесе фосфорлы тыңайтқыштарды 25-30 см тереңдікте ПРВН-2,5-тің көмегімен береді [12].
Өсіп жетілу кезінде қатар аралықтарын 3-4 рет ПРВН-2,5 қондырғылы трактормен өңделеді. Өңдеу барысында арамшөптерден тазартылады және топырақ жұмсартылады. Осы жылы жүзімдіктерге таяныш орнатылады, ол еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға, жақсы жарықтандыруға, жеделдетуге, қыздыруға және өнімнің толық пісуіне толық жағдай жасайды. Күзде бұталар кесілместен қымталады (көміледі).
Үшінші жылы да өткен жылғы сияқты агротехникалық шаралар алып барылады. Жас сабақтардың ұзындығы 60-70 см-ге жеткенде жүзімдер гүлдегенге дейін оларды асып байлайды. Екінші асу жұмыстары гүлдегеннен кейін жүргізіледі. Жемістердің жақсы жетілуі үшін гүлдегеннен соң, суарудан азот тыңайтқыштармен тыңайтылады (1,5-2 цга). Тамыз айының екінші онкүндігінде бұталардың (өркендер) 20-30 см ұзындықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзімді өсіру технологиясы
Орташа деңгейдегі жеміс
Молдовия
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Өсу реттегіштерінің жеттіктіргіштегі жүзім көшеттерінің өсіп-дамуына әсерін зерттеу
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім
Жүзім өсетін өңірлер
Жүзім шаруашылығы
Тамыр және тамыр жүйесі
Пәндер