Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы



Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Аналитикалық шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мақсарының сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Мақсарыны себу мерзімі және вегетация кезіндегі өніп.өсуі ... ... ... ...
1.4 Мақсарыға қажетті ылғалдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Топырақ құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мақсары өсірудің үнемді технологиясын жасақтау ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Мақсарыны өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тақырыптың өзектілігі: «Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы» тақырыбында жазылған курстық жұмысымда мақсары дақылы сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өңдеу технологиясы қарастырылды.
Мақсаты мен міндеті: Мақсары дақылы тәлімі егіншілікте май өндіру мақсатында өсіретін ең қолайлы өсімдік. Егістік көлемінің жылдан - жылға көбейуі бұл дақылға деген сұраныстың артқандығын аңғартады. Мақсары дақылынан тұрақты мол өнім алу үшін уақтылы егудің маңызы ерекше. Оның негізгі себептері себілген тұқым өзіне қажетті ылғалды сіңіріп біркелкі өскін береді, ерте себілген мақсары зиянкестермен аз зақымдалады. Сондай ақ, дақылдың өсіп даму кезеңдері қалыпты жүріп, өнім құрылымының тұрақты қалыптасуына қолайлы жағыдай жасалынады. Мақсары дақылының өскіндері көктемгі суыққа төзімділігін ескере отырып, қалыптасқан ауа райына байланысты, ылғалы аз қамтамасыз егілген тәлімі аймаққа наурыз айының алғашқы кезінде себу жұмыстарын жүргізуге, ал ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақта наурыз айының бірінші жартысында, ылғалмен толық қамтамасыз етіген тәлімі аймақта наурыз айының екінші жартысында егу тиімді болатынын ескереміз.
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын жүргізу топырақ дегдісімен сапалы, уақтылы орындалса, танаптың арамшөптермен ластану дәрежесіне қарай, қыстап шығатын немесе қос жарнақты арамшөптерге қарсы 10-12 см тереңдікте қопсыту тиімді агротехникалық тәсіл. Егер де егістік алқаптарға түрлі себептерге байланысты күзде негізгі өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, көктемде танапты аудара жырту тиімсіз, себебі жинақталған ылғалдың буланып кеуіп кетуі ықтимал сондай ақ, танап топырағы толық отырмайды, нәтижесінде егілген екпе дақыл көктері біргелкі шықанымен көктемгі жауын – шашын әсерінен топырақтың төменгі қабаты отырып өсімдіктің алғашқы нәзік тамыршалары үзіледі, бұл танаптағы мақсары дақылының өскіндері санының азайыуына әкеледі. Алайда мұндай келеңсіз жайыттарды болдырмау үшін көктемгі дала жұмыстарын негізгі өңдеусіз, яғни жеңіл өңдеу арқылы ( ЛДГ-10, БДТ-3 агрегаттарымен) одан кейін СЗ-3,6 кәдімгі өндірісте ертеден қолданып жүрген астық дақылдарын себуге арналған дәнсепкіштің қатар аралығын 30 см, немесе СЗС -2,1 дән сепкішімен тікелей егуді жүргізудің маңызы ерекше. Жаңа үнемді технология мен тікелей себу егістік танапта алғы дақылдың өсімдік қалдықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл топырақтың беткі қабатында қарашірік мөлшерін арттырып қана қоймай, қуаншылық жылдары күннің тікелей түсуінен топырақтағы ылғалдың булануын тежейді. Сонымен қатар, егістік алқаптың жел және су эрозияларына қарсы тұру қабілетігін арттырады.
1. Назарбаев Н.Ә. "2030- Стратегиялық бағдарлама", Астана. 1998ж.
2. Есполов Т.И. Эффективность агропродовольственного комплекса Казахстана, Алматы, 2002г., стр.331-341.
4. Расулов Н. «Питательность силоса из сафлора» Ж., Сельское хозяйство Узбекистана, №7, 1963г.
5. Ван Жау My. Жер шарындағы мақсары материалдарына берілген баға және оны қолдану, Пекин. Техника ғылым баспасы, 1993, 484 б. (қытай тілінде).
6. Гукасьян В.Г. и др. Товароведение сельскохозяйственных товаров и лекарственно- технического сырья. –М.Экономика, 1967-346 ст.
7. Захаров П.С. Эрозия почв и меры борьбе с ней. М,,1978
8. Можаев Н, Әрінов Қ.К, Шестокова Н.А, Өсімдік шаруашылығы практикумы.-Акмола, 1996
9. Турарбеков А, Иванников А, Солтүстік Қазақстан егіншілігі.- Алматы 1997
10. Бартенов Д. «Сафлор - на полях Западного Казахстана», // Сельское хозяйство Казахстана, №8, 1960г.
11. Бейлин Л. «Сафлор в Казахстане», // «Зерновые и масличные
культуры», №7, 1968г.
12. Арипова А.А. «Откорм баранчиков с использованием сафлорового
жмыха» //Вестник с\х науки Казахстана, 2001г.
13. Сейітов І, Өрісбаев Қ, Суармалы егіншілік өнімін арттыру –Алматы, Солтүстік Қазақстан егіншілігі – Алматы 1990ж.
14. Расулов И. «Кормовая ценность сафлора для полупустыных районов каракулеводства», Самарканд, 1983г.
15. Прянишников С.Н. «Сафлор для улучшения пастбищ», // Сельское хозяйство Казахстана, №7, 1963г.
16. Прянишников С.Н. «К агротехнике сафлора в пустынной и полупустынной зонах юго-востока Казахстана», // Вестник с\х науки
Казахстана, Алма-Ата, №9, 1969г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу пәнінен Мақсары дақылын өсіру және
өңдеу технологиясы тақырыбында жазылған курстық жұмыс -беттен тұрады.
Оның ішінде мақсары дақылының түрлері мен сорттарының шығу тегі,
агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өңдеу
технологиясы қарастырылды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтама терминдер
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Аналитикалық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
1. Мақсарының
сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
1.2 Мақсары өсімдігінің химиялық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Мақсарыны себу мерзімі және вегетация кезіндегі өніп-
өсуі ... ... ... ...
1.4 Мақсарыға қажетті
ылғалдылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2 Технологиялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
2.1 Топырақ
құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2.2 Мақсары өсірудің үнемді технологиясын
жасақтау ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Мақсарыны өңдеу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер
жасалған:
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар.
МЖМБС 2.102-68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен
комплекстері.
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.201-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД). Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2.601-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға
қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы
талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі
құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді
басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4.03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7.14-2008 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс

Анықтама терминдер

Гербицид - латынның герба шөп және цидо өлтіремін деген сөз.
Протеин - өсімдік құрамындағы меңгерілетін ақуыз.
Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.
Ген- тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі.
Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми-
зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.
Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым
қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің
жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

цга - центнер гектар
тга-тонна гектар
Фотосинтез – СО2 есебіне топталған өнім.
Қосымша өнім – жалпы өнімнен аралығы.
Алқапты тәжірибе – далалық тәжірибе.
гл-грамм литр
данам3- дана метр куб
Рн – қышқылдық көрсеткіш
ҒЗИ – ғылыми зерттеу институты

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы
тақырыбында жазылған курстық жұмысымда мақсары дақылы сорттарының шығу
тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өңдеу
технологиясы қарастырылды.
Мақсаты мен міндеті: Мақсары дақылы тәлімі егіншілікте май өндіру
мақсатында өсіретін ең қолайлы өсімдік. Егістік көлемінің жылдан - жылға
көбейуі бұл дақылға деген сұраныстың артқандығын аңғартады. Мақсары
дақылынан тұрақты мол өнім алу үшін уақтылы егудің маңызы ерекше. Оның
негізгі себептері себілген тұқым өзіне қажетті ылғалды сіңіріп біркелкі
өскін береді, ерте себілген мақсары зиянкестермен аз зақымдалады. Сондай
ақ, дақылдың өсіп даму кезеңдері қалыпты жүріп, өнім құрылымының тұрақты
қалыптасуына қолайлы жағыдай жасалынады. Мақсары дақылының өскіндері
көктемгі суыққа төзімділігін ескере отырып, қалыптасқан ауа райына
байланысты, ылғалы аз қамтамасыз егілген тәлімі аймаққа наурыз айының
алғашқы кезінде себу жұмыстарын жүргізуге, ал ылғалмен жартылай қамтамасыз
етілген аймақта наурыз айының бірінші жартысында, ылғалмен толық қамтамасыз
етіген тәлімі аймақта наурыз айының екінші жартысында егу тиімді болатынын
ескереміз.
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын
жүргізу топырақ дегдісімен сапалы, уақтылы орындалса, танаптың
арамшөптермен ластану дәрежесіне қарай, қыстап шығатын немесе қос жарнақты
арамшөптерге қарсы 10-12 см тереңдікте қопсыту тиімді агротехникалық тәсіл.
Егер де егістік алқаптарға түрлі себептерге байланысты күзде негізгі өңдеу
жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, көктемде танапты аудара жырту тиімсіз,
себебі жинақталған ылғалдың буланып кеуіп кетуі ықтимал сондай ақ, танап
топырағы толық отырмайды, нәтижесінде егілген екпе дақыл көктері біргелкі
шықанымен көктемгі жауын – шашын әсерінен топырақтың төменгі қабаты отырып
өсімдіктің алғашқы нәзік тамыршалары үзіледі, бұл танаптағы мақсары
дақылының өскіндері санының азайыуына әкеледі. Алайда мұндай келеңсіз
жайыттарды болдырмау үшін көктемгі дала жұмыстарын негізгі өңдеусіз, яғни
жеңіл өңдеу арқылы ( ЛДГ-10, БДТ-3 агрегаттарымен) одан кейін СЗ-3,6
кәдімгі өндірісте ертеден қолданып жүрген астық дақылдарын себуге арналған
дәнсепкіштің қатар аралығын 30 см, немесе СЗС -2,1 дән сепкішімен тікелей
егуді жүргізудің маңызы ерекше. Жаңа үнемді технология мен тікелей себу
егістік танапта алғы дақылдың өсімдік қалдықтарының сақталуын қамтамасыз
етеді. Бұл топырақтың беткі қабатында қарашірік мөлшерін арттырып қана
қоймай, қуаншылық жылдары күннің тікелей түсуінен топырақтағы ылғалдың
булануын тежейді. Сонымен қатар, егістік алқаптың жел және су эрозияларына
қарсы тұру қабілетігін арттырады.

1 Аналитикалық бөлім

1. Мақсары сорттары

Мақсары (Carthamus tinсtorius L.) - біржылдық шөптесін өсімдік. Күрделі
гүлділер тобына жатады. Жапырағы жалпак, кейде тікенекті, кейде тікенексіз,
қою жасыл жылтыр, діңгегі ашық ақ түсті, гүлі алғашкы кезде қызыл-сары,
дәндері қатая бастағанда қызыл, қошқыл - қызыл. Дәні ақ, панцир қабаты
бар. Дәндері қауашақтар ішінде орналасқан. Тамыр жүйесі діңгекті - сояулы
болып, топырақтың төменгі қабат қатпарларына терең бойлап өседі. Гүлі
бунақденелі жәндіктер арқылы тозанданады.
Максары ылғалды көп талап етпейтін ксерофитті өсімдік, сондыктан да
ыстық климатты өлкелерде күнбағыс (күнбағыс-мезофиттІ өсімдік) өсімдігінің
орнына өсіріледі. Өсіп жетілу ұзақтығы салыстырмалы түрде алғанда қысқа
болса да (112-121 тәулік), мақсары жылы немесе ыстық сүйгіш өсімдік екені
анықталды. Ылғалды әрі салкын климат жағдайында гүлдерінің тозаңдану
дәрежесі төмендейді, қауашактары шіриді, сол себепті салкын климатты
өлкелерде күнбағыс дакылык өсіру тиімді болса, ылғалы аз аңызакты өлкелерде
мақсарыға май дакылы ретінде тең келетін дақыл қазірше жоқ.
Өнімділігі де сортына байланысты. Мақсарының дүниежүзілік коллекциясы
жинақталған Ливандағы ғылыми зерттеу институты мәліметі бойынша өнімі өте
нашар деген сорт үлгілері 30 кгга дән берсе, жоғары өнімділері 4650 кгга,
өнімділігі орташалары 1230 кгга дән берген. Дәндегі май мөлшері 12.0-
62,3%, өсімдік гүлдері ақ (бояуы жоқ) түстен қызыл түске дейін болады[1].
Мақсары дәнінің өсуі үшін +5()С температура қолайлы болып табылады.
Мақсарыны зерттеген барлық ғалымдар бұл дақылдың көктемгІ суыққа төзімді
келетінін анықтаған. Мысалы, Красноводопад селекциялык тәжірибе
станциясында егілген мақсары егісі 1999 ж. 21-23 сәуірдегі -4,2оС суыққа
ешбір зақымдалмаған. Мақсарының жас өскіні -6,7оС суыққа төтеп берген атап
көрсеткен. Әйтседе бұл мақсарының сортына тікелей байланысты.
Мақсары дақылы қуаңшылыққа төзімді бола тұра, ылғалдылыққа да талаптар
қояды. Мақсарының тұқымы топырақтан өз салмағының 30-40% ылғал сіңіргеннен
кейін өне бастайды. Ылғалды ең көп қажет ететін кезендері - тұқымның өнуі
және бұтақтануы, гүл ашу, ал көктеу сатысында ылғалды аз пайдаланады.
Ылғал мол болғанда өсімдіктің жетілуі және вегетативтік массасының
өнімділігі артады, бірақ тұқымша пісуі кешеуілдейді, майлылығы және белогы
азаяды. Ылғалдың өте аз болуы сабақ буындарын қысқартады, бұтағын азайтады,
жапырақ көлем кішірейеді және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.
Көптеген зерттеушілер, мақсарының қуаңшылыққа төзімділігін тамыр
жүйесінің куатымен байланыстырады.
Келтірілген әдебиеттік шолудан байқағанымыз, мақсары майлы және мал
азықтық дақыл ретінде бағалы. Сонымен қатар, мақсарының агротехникалық
маңызы да зор, ол ылғалмен жеткіліксіз мөлшерде қамтамасыз етілген тәлімі
жерлерде жаздық дәнді дақылдарға жақсы алғы егіс бола алады. Мақсары
экономикалық жағынан да тиімді дақыл. Біріншіден, оны өсірудің барлық
процесін механизациялауға болады, екіншіден мақсары ылғалы жеткіліксіз
тәлімі жерлердің отамалы дақылы, үшіншіден ол май өндіру үшін және мал
азығына қатар пайдаланылады, төртіншіден, оны қыс алдында себуге
болатындықтан, көктемгі дала жұмыстарын жеңілдетуге көмектеседі, бесіншіден
мақсары шашылмайды, сондықтан оны кеш жинауға да болады.
Мақсары майының химиялық құрамында 1,5% миристина (лауринамен
бірге), 3% пальмитина, 1% стеарин, 0,5% арахин, 33% олеин және 61%
линолен қышқылдарынан тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты "Красноводопад"
селекциялық тәжірибе станциясында селекционер-ғалым Қоңырбеков М.
мақсарының жергілікті сорттарын шығарумен айналысады. Станция
жағдайында мақсарының жаңа сорттарының химиялық құрамы
төмендегідей болған .

кесте 1

Мақсары сорттары мен үлгілерінің құрамындағы белок пен майдың
мөлшері, %

Мақсары сорттары мен Белок Май Майлылықтың стандарттан
үлгілері ауытқуы (+,-)
Нұрлан 11,2 37,0 0,0
Ақмай 10,1 38,0 0,0
Милютин 114 12,5 34,0 0,0

Кесте деректерінен байқағанымыз мақсарының жергілікті климат
жағдайына бейімделіп шығарылған сорттары мен сыналған үлгілері құрамындағы
майдың мөлшері жоғары деңгейде екенін байқаймыз (34,0-38,0), сонымен
қатар белокты 10,1-12,5% аралығында ауытқыды. Қоңырбеков М 16 қазіргі
кезде Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында мақсары майына сұраныстың
артып отырғанын айтады. Себебі мақсары майының тағамдық және өндірістік
маңызы зор. Тұқымшасы жеңіл және бағалы шикізат болып есептелінеді[2].

Өндірісте қолдануға рұқсат етілген мақсары сорттарының биологиялық
ерекшеліктері:
Мақсары Милютин 114 - Египеттен алынған нұсқадан бірнеше рет жеке саралау
тәсілі бойынша Милютин тәжірибе станциясында (Өзбекстан шығарылған. Бойы –
54-70 см, орташа - 59 см. Бұтақтану коэффициенті - 4,7, жинақты келеді.
Өсімдіктің ықшам формалы жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұштары тікенексіз.
Қауашақтары күмбез пішіндес. Орташа 1 түпте 7,2 қауашақ бар. Әр қауашақта
30-40 дән шоғырланған. Дәндері ірі, 1000 дәннің орташа салмағы 41,8 грамм.
Дәннің қабығы дәннің 38,4 - 44,6%-ын құрайды. Өсіп жетілу ұзақтығы - 105
күн. Қуаңшылыққа төзімді. Дәндегі май құрамы 32-34%, өнімділігі 4-7 цга.
Сорт 1955 жылдан аудандастырылған.

Мақсары Нұрлан - Оңтүстік Қазақстанның жергілікті популяция-сынан алынған
нұсқаларды жалпы саралау тәсілі бойынша Красноводопад селекциялық тәжірибе
станциясында шығарылған. Биіктігі орташа - 85 см. Бұтақтану коэффициенті -
7,2, жинақты келеді. Өсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, пішіні
сопақша, ұштары тікенексіз. Қауашағы күмбез пішіндес. Бір түпте орта
есептен 8,4 қауашақ болады. Әр қауашақта 35-42 дән шоғырланған. Дәндері
ірі. 1000 дәннің орташа салмағы 43 грамм. Дәннің қабығы дәннің 37-39 %-ын
құрайды. Дәндегі май құрамы - 37%. Сорт 1993 жылдан аудандастырылған.
Өнімділігі - 8-12 цга. 30

Мақсары Ақмай - Оңтүстік Қазақстанның жергілікті популяциясынан алынған
нұсқаларды ұзақ мерзімді саралау нәтижесінде Красноводопад селекциялық
станциясында шығарылған. Биіктігі - 100 см. Бұтақтану коэффициенті - 7,3,
жайыңқы келеді. Өсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, ланцетті, ұштары
тікенексіз. Қауашағы тәж пішіндес. Бір түпте орта есептен 8,0 қауашақ
болады. Әр қауашақта 30-40 дән шоғырланған. Дәндері ірі. 1000 дәннің орташа
салмағы 48 грамм. Дәннің қабығы дәннің салмағының 38-42 %-ын құрайды.
Дәндегі май құрамы - 38%. Сорт 2002 жылдан аудандастырылған. Өнімділігі – 9
- 18 цга[3].

Мақсары Иірқас - Нұрлан сортымен дүниежүзілік коллекциядағы буданды
шағылыстыру арқылы саралау нәтижесінде алынған. Биіктігі - 50-65 см.
Бұтақтану коэффициенті 9-10, жайыңқы келеді. Өсімдігі ықшамды болып келеді.
Қауашағы күмбез пішінді. Бір түпте орта есептен 12-14 қауашақ болады. Әр
қауашақта 40 дән шоғырланған. Дәндері майда - 1000 дәннің орташа салмағы 32-
36 грамм. Дәннің қауазысы 32-33%. Май құрамы - 41%. Сорт 2004 жылдан бастап
мемлекеттік сорт сынағында. Дәнді дақылдарды және мақсарыны СЗ-3,6 дән
сепкішімен себеді, тек мақсарының қатар аралығы 30-40 см болуы ұсынылады.
Жиі жауатын жауын-шашын топырақтың жоғарғы қабатын ылғалдандырып топырақ
қабығын қатқақтанудан сақтайды (Қатқақтану әсіресе мақсары дәндері үшін өте
қауіпті) және дән өскіндерінің жер бетіне шығуына, өсімдіктің жақсы дамуына
оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты техниканың егіс басына шығу
мүмкіндігі болған кезде егіске кірісіп, қысқа мерзімде наурыздың бірінші
жартысынан кешіктірмей мақсарымен жоңышқа егу науқанын аяқтаған жөн.

1.2 Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы

Мақсары өсімдігінің жалпы құндылығын бағалауда өнімділіктер мен
қатар, оның сапа көрсеткіштерін анықтау қажет. Сондықтан дақылдың химиялық
құрамын және қоректік бағалығын оқып білудің - практикалық маңызы зор.
Мақсарының химиялық құрамын анықтауда, оның негізгі көрсеткіштері протеин
мен клетчатка мөлшерлеріне басты назар аударылады.
Егер өсімдік құрамында протеин көп болып, клетчатка аз болса, онда
азықтың қоректілігі жоғары болады.
Көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде
мақсарының мал азықтық құндылығын баса көрсетеді.
Мақсары сабағы кептіріліп және ұсақталған күйінде жемдік мал азығы
ретінде пайдалануға болады (Scharer, Schraiber).
Расулов И еңбектерінде, Самарқанд облысы жағдайында мақсарыны сүрлемге
корзинкалары қалыптаса бастағанда шабу керектігін көрсетеді. Автор
дақылдың шанақтану сатысында шөбімен сүрлемінің химиялық құрамдарын және
қорытылу коэффициенттерін анықтаған
Работнов Т тәжірибелерінде, мақсары пішенін мал азығына пайдалануды
зерттеген, оның анықтауынша 100 кг абсолютті құрғақ азықта 7,5 кг қортылғыш
протеин және 60 азықтық өлшем бар.
Өсу сатылары бойынша мақсарының химиялық құрамының өзгеруін М.
Кормановская А, Мартовицкая A.M Құсайынов Қ.Қ және т.б, Бекмухамедова Э.Л,
Бекмухамедова Н.З және т.б өз еңбектерінде дәлелдеген. Олар зерттеулер
нәтижелеріне сүйене отыра, мақсарының химиялық құрамы тұрақты емес,
сондықтан өсірілетін жердің топырақ және климат жағдайларына және дақылдың
сортына байланысты өзгеріске ұшырайтынын ескерткен. Сол себепті, химиялық
құрамды әрбір аймақта анықтауды ұсынады.
Арипова А.А Алматы облысының шөлейт аймағында тәжірибе жүргізіп, мақсары
өсімдігінің вегетативтік және генеративтік бөліктеріндегі химиялық
құрамының өзгеруінің себілу мөлшері мен тәсіліне байланыстылығын зерттеген.
Автордың мәлімдеуінше, себілу тәсілі мен мөлшері өсімдіктің химиялық
құрамына айтарлықтай өзгерістер жасамаған. Сонымен қатар, ізденуші дақылдың
химиялық құрамын негізгі малазықтық өнім алу сатыларында талдаған. Тәжірибе
нәтижелері көрсеткендей, шанақтану (корзинка қалыптасу) сатысында
мақсарының генеративтік бөлігінде протеин мөлшері 2,1-2,72% аралығында
болса, ал белок 13,2-17,0% аралығында ауытқыған. Сабағында протеин 1,54-
2,3%, белок 9,6-14,4% деңгейінде болған. Осы сатыда, Кормановская М.А
айтуынша, табиғи қоңырбас - әртүрлі тұқымдас шөптер қоспасында протеин 5,9-
7,5% аралығында болады екен. Май мазмұны мақсарының сабағы мен жапырағында
4,0-4,4%о, яғни күнбағыстан 0,6-0,8% көп, ал клетчатка корзинкада 19,4-
23,2%о, сабағында 24,5-28,8% мөлшерінде болған[4].
Сондықтан, қоректілік бағалылығы бойынша, мақсарыны басқа дақылдармен
салыстыра отыра төмендегідей қорытындыға келеміз, мақсары тек қана
техникалық дақыл ғана емес, оның малазықтық мүмкіншілігі жоғары өсімдік.
Дамыған елдерде мақсары майының денсаулыққа пайдалылығы жөніндегі
зерттеулерден кейін және құрамында қанықпаған поли қышқылдардың
қаныққандарға қарағанда көп болуы тамаққа пайдалануды көбейтті. Мақсары
майын жұғымдылығы жағынан зәйтүн майымен парапар қоюға болады. Поли
қанықпаған май қан құрамындағы холестеринді азайтады, сонымен бірге, моно
қанықпаған май қышқылдарының бірі - олеин қышқылы қандағы зиянды
холестериннің деңгейін төмендетеді.
Момот Я.Г жазған, мақсары күтіп баптауға жоғары талаптар қояды, бұл
шаралар біріншіден топырақтағы ылғалды сақтауға бағытталса, екіншіден
арамшөптерді жояды, сол арқылы қосымша өніммен ақталады. Дақыл өздігінен
арамшөптермен күресе алмайды, сондықтан бірінші тырмалауды нағыз екі
жапырағы қалыптасқанда бастау керек.

1.3 Мақсарыны себу мерзімі және вегетация кезіндегі өніп-өсуі

Мақсарының өсіп-өнуіне ауа-райы, топырақ ылғалдылығы және топырақ
құнарлылығы әсер етеді. Вегетацияның әр кезеңдерінде және сатыларында
мақсары дақылы сыртқы орта жағдайларына әртүрлі талаптар қояды.
Тұқымның өнуінен-көгінің шығуына дейінгі кезең. Бұл кезеңдегі негізгі
өмір процесі тұқымның бөртуімен, өнуімен және өсімдіктің көгінің шығуымен
байланысты. Сыртқы факторлар арасында тұқымның өнуі және өсуін реттеуші
температура болып есептеледі.
Тұқымның бөртуі кезінде температураның әсерінің қажеті шамалы. Тұқым 5-
6°С және 10-12°С бірдей бөртеді де,сол кезеңде өз салмағынан 80-90% дейін
ылғал жұтады. Қолайлы жағдайда 40-60% ылғал қабылдапта өнеді[5].
Себу мерзімі. Мақсарыны ақпанның екінші жартысы мен наурыз айының
бірінші жартысы аралығында еккен тиімді. Ауаның орташа температурасы бұл
мерзімде +7,2°С, жауын-шашын мелшері 74 мм, ал ауанын орташа салыстырмалы
ылғалдылығы 60% болады. Аталған көрсеткіштер мақсары дақылының дәні топырақ
бетіне өніп-шығуына өте қолайлы жағдай туғызады. Мақсары дәнінің өніп
шығуына кері әсер ететін себептер қатарына төмендегілер жатады:
- топырактың дұрыс өңделмеуі (жер беті тегістелмеген, топырақ
беті ірі-ірі кесекті болуы);
- дәннің дұрыс егілмеуі (дән жер бетінде ашық көмілмей қалуы дән өте
терең егілуі, яғни 7-8 см -ден терең);
- талапқа сай келмейтін дәнді егу (зиянкестер зақымдаған дәндер,
шағылған дәндер, жарылған және ұсақ дәндер, өзге өсімдік дәндерінен
тазаланбаған дәндер, лабораториялык өнгіштігі нашар дәндер);
- топырақта ылғалдылықтың жеткіліксіз болуы;
- топырақ бетінің жаңбырдан кейін күннің немесе аңызақ желдің әсерінен
қатып қалуы;
Аталған факторлар дәннің сирек немесе мүлде шықпай қалуына әсер етеді.
Сондыктан да егіс алдынан егіске мұқият дайындалу қажст.
- алдымен дәнді дайындап алу керек: дәннің тазалығы 99,5 %, өнгіштігі 95
%, 1000 дәннің салмағы 30 граммнан кем емес, зиянкестермен мүлдем
зақымдалмаған болуы қажет;
- топырақ беті тегіс (тегістігі + ;- 7 см), топырақтың агрегаттық
құрылымы талапқа сай болып, кесектердің ірілігі 3 см-ден аспайтын немесе
үлесі 10-15 % -тен артық болмауы қажет;
- топырақ бетінің катқақтанып қатып қалуы көбінесе сәуір айынан
басталады. Сондықтан мақсары ақпанда және наурыз айының бірінші жартысында
егілуі тиіс.

1.4 Мақсарыға қажетті ылғалдылық

Суарылмайтын тәлімі алқаптарда өсірілетін ауыл-шаруашылық дақылдары
үшін ылғал көзі болып тек атмосфералық жауын-шашын саналады. Сондықтан
жауын-шашыннан пайда болатын ылғалды өсімдіктер өз физиологиялык
қажеттеріне дұрыс пайдалануын қамтамасыз етіп, осындай жағдайға бейім
дақылдарды таңдап, олардан мол өнім алу ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі
міндеттерінің бірі[6].
Сәуір айында жауатын 61 мм көлеміндегі атмосфералык жауын-шашынды сақтау
үшін жапырақтану кезеңінен соң жүргізілген агротехникалық шара - мақсары
егісінің бетін тырмалау нәтижесінде топырақта ылғал сақталып, өсімдіктің
өсуіне аса қажет кезең - бұтақтану кезеңі бірқалыпты өтеді. Егерде жауған
жауыннан кейін ылғал сақтау шаралары жүргізілмесе, ылғал жоғары температура
әсерінен өсімдікке пайдасын тигізбей буланып кетеді. Ал мақсары бұтактанып
алған соң жапырақтары топырақ бетін көлеңкелеп, ылғалдың буланып кетуіне
жол бермей, ылғалдан өсімдік толығырақ пайдаланады.
кесте 2

Топырақ ылғалдылығы, мм.

Мерзімдері Аударып Аудармай Тікелей
Егілу мерзімі 52,4 53,1 50,1
Масақтану мерзімі146,3 140,7 145,8
Пісу мерзімі 24,4 23,7 25,8

2. Технологиялық бөлім

2.1 Топырақ құнарлылығы

Дән топыраққа түскен соң тамырлар жайылып өзіне кажетті қоректі
топырақтан алады. Топырақ құрамында қажетті заттар жеткілікті болса,
өсімдіктің өсіп-өну процесі бірқалыпты жағдайда өтеді. Ал тәлімі, ылғал
жеткіліксіз алқаптарда топырақ құрамында өсімдік үшін қажетті заттар,
элементтер жеткіліксіз немесе өсімдік өзіне пайдалана алмайтын түрде
болады. Себебі ылғал жетіспегендіктен органикалык заттар минералданбайды,
ал нитрат және фосфорлар жылжымайтын немесе ерімейтін түрге айналып кетеді.
Біздің сұр топырағымызда азот және фосфор жеткілікті болғанымен, олардың
өсімдік өзіне пайдалана алатын формалары (жылжымалы нитрат және фосфор) аз.
Ал қарашірік топырак құрамында бар болғаны 0,8-1,0 % ғана[7].
Мақсары дақылы үшін минералды тынайтқыштарымен үстеп қоректендіру жоғары
өнім кепілі болып табылады.

кесте 6

Топырақты өңдеудегі көлемдік салмағының егістікке әсері, гсм3

Өңдеу түрі 0-14 гсм3 0-28гсм3
Егілу Масақтану Пісу Егілу Масақтану Пісу
мерзімі,мерзімі, мерзімі,мерзімі,мерзімі, мерзімі,
Шығым - - 1,29 - - 1,38
Аударып 1,0 1,3 1,36 1,2 1,28 1,33
өңдеу
Аудармай 1,06 1,26 1,31 1,04 1,22 1,26
өңдеу
Тікелей 1,1 1,23 1,28 1,1 1,18 1,24

Сурет 1 Мақсары өсіру технологиясы

2.2 Мақсары өсірудің үнемді технологиясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы
Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы туралы ақпарат
Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
Ноқат дақылын өсіру
Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Зығыр
Күріш дақылының ауруларын анықтау
Күнбағыстың өсіру технологиясы
Пәндер