Жиһаз жасау цехын ашу



Кіріспе
1. Бұйым жасауда қолданылатын материалдар
2. Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы
3. Кеңселік орындық жасаудың технологиялық картасы
4. Маркетингілік жоспар
5. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
Қорытынды
Кез келген үйді, кеңсені қазір жиһазсыз елестету мүмкін емес. Ол үйдегі кейбір ұсақ-түйек заттардың бәрін жинап қоюға да ыңғайлы әрі әрбір үйдің сәніне айналды. «Бір қараған адамға кәдімгі тақтай боп көрінсе де, оның қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару да оңай емес».
Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар, орындықтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады.
Жиһаздар:
• тұрақты жиналмайтын;
• тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
• әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан тұратын,
• бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық Жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және т.б. пайдаланады. Жұмсақ Жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті Жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т.б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түрінекресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес – жоспар

Тақырыбы: Жиһаз жасау цехын ашу

Кіріспе

Кез келген үйді, кеңсені қазір жиһазсыз елестету мүмкін емес. Ол үйдегі
кейбір ұсақ-түйек заттардың бәрін жинап қоюға да ыңғайлы әрі әрбір үйдің
сәніне айналды. Бір қараған адамға кәдімгі тақтай боп көрінсе де, оның
қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару да оңай емес.

Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар, орындықтар және т.б. еңбек
қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық
құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің
қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі
ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір
қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне
байланысты болады.

Жиһаздар:
• тұрақты жиналмайтын;
• тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
• әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан
тұратын,
• бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық Жиһаз
түрлеріне бөлінеді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе
талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар
мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және
синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы
пластиктерді және т.б. пайдаланады. Жұмсақ Жиһаз үшін созылмалы
таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар,
жасанды былғары және т.б. қолданылады. Олардың арасына жекелеген жиһаз
секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді
бекітеді, үлдірікті Жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз
етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең
орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер
және т.б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын
ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді.
Жиһаздың бұл түрінекресло-кереует, диван-кереует , шкафқа немесе бірінің
астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып
қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны
таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі
пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды
көбейтуге мүмкіндік береді.

Жобаның тұжырымдамасы: Бизнес – жоспардың мақсаты Өскемен қаласында
кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді.

Өнімнің негізгі түрлері: кеңсе жиһаздары, соның ішінде: үстел, орындық
және шкафтар болып табылады.

Дайын өнімнің тұтынушылары: шағын және орта кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер
Кеңселік жиһаз өндіру цехы өз меншігіне тиесілі 60 шаршы метрда және
100 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналастырылатын болады.

Ғимараттар мен құрылыстар

Көзделіп отырған цехты алаңы 100 шаршы метрге жуық тұрғын үй емес үй-
жайда орналастыру жоспарланып отыр. Өндірістік үдерістің ерекшелігіне
байланысты үй-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Үй-жай 2
бөлінген кеңселік жиһаз өндіретін цехтан тұрады, оның бірінде материалдарды
пішімдеп кесу, ал екіншісінде – жиһазды құрастыру жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаға әсері

Негізінен жиһаз жасау кәсіпорын қоршаған ортаға зиянын тигізбейді,
өйткені өндіріс зиынды қалдықтар шығарумен байланысты емес, технологиялық
үдерісте зиянды құрамдауыштар мен заттар қолданылмайды.
Өндірістің және жиһаздың өзінің қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына әсерінің қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаты болады.
Шығыстарда өнімді сертификаттау шығыстары негізделген.

Керекті құрал – жабдықтар

Кеңселік жиһазды жасауға арналған өнеркәсіптік жабдықтардың бірқатар
артықшылықтары болады - олар функционалды, сенімді және бірегей. Оларда
керек емес қосымша функциялар болмайды, бұл тапсырыс беруші мәлімдеген
талаптарға сәйкес жеке жасалған жабдықтардың өзіндік құнын елеулі
төмендетеді.
Өнеркәсіптік жабдық меншік иесіне жаңа өнімді шығаруға арналған өз
қуаттарын жаңғыртуға, қайта жаңартуға және қажет болған кезде қайта
бейімдеуге, жұмыс істеп тұрған технологияларды қосымша жиынтықтауға
мүмкіндік береді.
Жабдықтар КАМИ компаниясының (РФ, Мәскеу қаласы) бағалық ұсыныстары
негізінде таңдалды, ол Virutex (Испания) өндіруші компанияның өкілі болып
табылады.

Жиһаз жасау жабдықтары
Жиһаз жасау өндірісінде жалпы жұмыс жасалатын ағаш өңдейтін
білдектермен қатар арнайыландырылған жабдықтар қолданылады. Бұған бойлай
және көлденең тілетін автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған
дөңгелей аралайтын білдектер, форматты аралайтын және пішімдейтін дөңгелей
аралайтын білдектер, иетін білдектер, механикалық
жоне гидропневматикалық ваймалар, бір қабатты баспақтар, сүргілейтін,
жоңғылайтын білдектер, ажарлайтын білдектер, жылтырсыр материалдарды
жағатын, кептіретін және әрлейтін жабдықтар жатады.
• Бұрғылау-ойғылау агрегатты білдек - жиһаз жасау өндірісінде
орындықтардың сырықты тетіктерінде тесіктерді бұрғылау және
ойықтарды оюға арналған агрегатты білдек. Өңделетін дайындамалардың
өлшемдері: ұзындығы 310...920 мм, ені 20...100 мм, қалыңдығы 15...40
мм.
• Біржақты тиек кесетін білдек — жиһаз жасау өндірісінде орындықтардың
дөңгелетілген тиектерін жоңғылауға арналған білдек. Дайындамалардың
өлшемдері: ұзындығы 250...1000 мм, ені 16...110 мм, қалыңдығы 10...60
мм.
• Екі жақты ажарлау тізбегі — орындықтардың пішінді тетіктерінің
параллельді жазықтықтарын ажарлап өңдейтін тізбек. Өңделетін
дайындамалардың өлшемдері: ұзындықтары 310...920 мм, ені 30...130 мм,
қалыңдықтары 15...50 мм.
• Екіжақты тиек кесетін жартылай автомат — орындықтарды жасауға қажетті
дөңгелек және сопақты ассиметриялық және көлбегей тиектерді
қалыптастыруға арналған жартылай автомат. Өңделетін дайындамалардың
өлшемдері: ұзындықтары 250...1150 мм, ені 20...110 мм, қалыңдықтары
10...60 мм.
• Бойлай және көлденең тілетін білдектер автоматты және жартылай
автоматты түрде пішетін білдектер — жиһаз жасауда тілінді
материалдарды пішуге арналған құрылғылар.
Бұл құрылғыларда тақтайларды көлденең және бойлай пішу арқылы сырықты
дайындамалар жасалады. Әдетте, бұл білдектер аунақпалы және таспалы
конвейерлермен тізбектерге біріктіледі.
• Игіш білдектері, механикалық және гидропнивматикалық ваймалары —
жиһаз өндірісінде шомбал сүректерді қарама-қалыптарда июге
желімделген қабаттарды қыздыруға арналған құрылғылар. Бұл
құрылғыларда қисық пішінді долбарлап өңделген тетіктер жасалады.
Дайындамалар алдын ала желім жағылған бірнеше қабат жұқа
тақтайшалардан құрастырылады. Бұйымды қалыптастыру үшін 0,5 МН күшпен
қысатын баспақтар қолданылады. Ию алдында сырықты және дөңгелек
дайындамаларды иілемділік қасиеттерін жоғарылату үшін  органикалық
 заттармен қанықтырылады. Иілген дайындамалар қалыптасқан пішіндерін
жоғалтпауы үшін кептіріледі.
• Пневматикалық және гидравликалық ваймалары, бір қабатты баспақтар —
жиһаз жасауға қажетті иіп және желімдеп жапсырылған тетіктерді жасау
үшін қолданылатын құрылғылар. Бұл жабдықтарда баспақ қалыптарда ию
мен желімдеп жапсыру процестері бірге жүргізіледі де желімделген
қабаттар қыздырылады. Қыздыру жоғары жиілі және түйіспелі түрде
жүргізіледі.
• Форматты пішетін дөңгелек аралы білдектер мен автоматтандырылған
тізбектер — жиһаздар жасауда тақталы және табақты ағаш
материалдарын пішуге арналған білдектер мен автоматтандырылған
тізбектер. Пішетін тақталардың ең үлкен өлшемдері : 1) Қапталмаған
тақталар — ұзындықтары 3750 мм, ендері 1850 мм, дестелердің
биіктіктері 60 ... 112 мм; 2) Қапталған тақталар — ұзындықтары
350...2000 мм, ендері 270...900 мм, дестелердің биіктіктері 8...40
мм.

Цехта келесідей станоктар жұмыс істейтін болады:

Бұйым жасауда қолданылатын материалдар:
Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл
қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі
(безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады.
Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын,
қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу
сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі
сападағы ағаштар пайдаланылады.
Ағаштың қаттылығы шыдамдылығы, сынып-тарылуы бір-бірімен тығыз
байланысты,бір-бірінен ажыратып бөліп қарау өте қиын; не ескермеу өте қате.
Қаттылық пен беріктік өзара тығыз байланысты. Ағаш кепкен сайын қатая,
беріктене түседі.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бӛлінеді:
1.Жұмсақ ағаштың беріктігі, қаттылығы аз (540 кгкуб.м.)
Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қаратерек, балқарағай,
жөке.
2.Беріктігі, Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кгкуб.м.)
олар: балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.
3.Өте берік, қатты ағаштар (750 кгкуб.м.) Олар: аққараған, акация,
шамшат, қызыл град. Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады.
Мысалы: оның иілгіштігі, морт сынғыштығы. Бұл қасиет жас шілікке, талға,
қайынға, терекке тән.
Ағаштың механикалық қасиетіне ұзына бойымен және көлденеңінен
созғандағы мықтылық шегі жатады.
Жиһаз жасау барысында ағаш тектес материалдарды қолданады. Олар: (ДВП,
ДСП, Шпон,Үшқап) т.б.
ДВП (тазаланған қағаз ұнтағы) - жиһаз жасауда кең көлемде
пайдаланылады. Сондай-ақ саз аспаптарының сыртқы қорабын (қабын) жасауға
ете қажет. ДВП-ны екі түрлі жолмен дайындайды.
ДСП (тапталған ағаш жаңқасы) — ағаш ұнтағын желімге араластырып
нығыздау арқылы үш қабатты, бес қабатты болып шығарылады. Көп қабатты ДСП
түрлі өлшемдегі ағаш ұнтақтарын нығыздау арқылы жасалады.
Шпон — ағаштың жіңішке кесіңдісі. Шпонды екі түрлі жолмен өңдейді: 1)
Арнаулы жылжымалы станок арқылы, онда ағаш қозгалмастай бекітіліп,
станоктың пышағы қозғалыста болады. 2) Станоктың пышағы қозғалмастай
бекітіліп, ағаш үнемі айналыста болады. Шпон кез келген жиһазды, бұйымдарды
өрлеуге, домбыраның беткі қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге көп
қолданылады. Саз аспаптарына негізінен жаңғақ, шамшат, қайың, көк терек,
емен, т.б. ағаштардың түрінен дайыпдалған. шлондарды қолданады. Оның
қалыңдығы 0,5-тен 3 мм-ге дейін және одан да қалың болады.
Ұшқат — шпонды бірнеше қабаттап желімдеп жасаған материал. Саз
аспаптарының сыртқы қорабының негізі — ұшқат. ДВП-ға қарағанда ол қатты
және мықты болады. Ұшқатты жеті және одан да көп қабатты шпон салаларын
айқастыра желімдеп жасайды. Оған ФСФ, ФК, ФБА желімдерін қолданады. Ол
тығыз әрі біркелкі желімденуі тиіс, араларында көтеріңкі жерлері болмауы
және майыстырған кезде ыдырамауы керек. Ұшқат тез шірімейді, жарылмайды
және жеңіл, сондай-ақ оңай майысады. Оны құрылыста, жиһаз, вагон және кеме
жасауда көп қолданады. Ұшқатты қайың, қандыағаш, шетен, емен, көк терек,
үйеңкі, терек, сағыз қарағайдан және жаңғақ ағашынан дайындайды. Ұшқат
суға, ылғалға шыдамайды, ондай жағдайда әр жері ісініп, іске жарамсыз болып
қалады.
Бұларға сипаттама беріп отыру себебіміз, ағаштан бұйым жасау барысында
осы материалдар қолданылады.

Ағаштың Ағаштың түрі Ұзынынан созу Көлденеңінен созу
механникал кезіндегі ағаштың кезіндегі ағаштың
ық қасиеті мықтылық шегі мықтылығы
Рет саны Мнкв.м Мнкв.м
(12% ылғалдылықта) (12% ылғалдылықта)
1. Сағыз қарғай 125,0 5,4
2. Қарағай 103,5 5,2
3. Шырша 103,0 4,3
4. Майқарағай 67,0 3,9
5. Қайың 168,0 10,8
6. Шетен 145,0 3,7
7. Қызыл қайың 141,0 12,8
8. Көктерек 125,5 6,9
9. Шамшат 123,0 12,1
10. Жөке 121,0 6,9

Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы

Кеңселік жиһаздың келесідей түрлері жасалып шығарылатын болады:
Тік кеңселік үстелдер. Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны
бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік
үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша
аз болып келеді.
Бұл әдетте АЖТ-дан жасалған екі тірек, царга (тіректер арасындағы
өтпе) және үстелдің беті. Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және
оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда тумбасы жоқ үстелді икемді
жылжымалы төрт дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл тумбаны сол жаққа
да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді.
Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық
үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің
нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған
бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы
үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар
беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі.
Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық
және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде бұрыштық
үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек.
Қызметкерлерге арналған үстелдерді өздерінің дизайны бойынша тіректері
және үстел беті сол АЖТ-дан жасалатын арзан үстелдерге және металл тіректі
үстелдерге бөлуге болады.
Кеңселік үстелдерді мақсаты бойынша негізгі үш санатқа бөлуге болады,
бұл басшыларға арналған үстелдер, қызметкерлерге арналған үстелдер және
мәжіліс бөлмелерінде келіссөздерге және кеңестерге арналған үстелдер.
Кеңселік шкафтар. Кеңселік шкафтар бір-бірінен әртүрлі құрылмалармен,
толықтырулармен және өзінің мақсаты бойынша ерекшеленеді. Оларды мақсаты
бойынша басты екі тұрпатқа бөлуге болады – бұлар қызметкерлерге арналған
жұмыс шкафтары мен сәндік шкафтар және басшыларға арналған қабырғалық
шкафтар.
қызметкерлерге арналған шкафтардың мақсаты кеңседегі ағымдағы және
жедел құжаттарды сақтау болып табылады. Кеңсе жиһаздарын әртүрлі
өндірушілердің шкафтарының мөлшері мен құралымдары бір-бірінен сәл
ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, үстіңгі қақпағы фасадтың бетінде немесе
фасадтың сыртында жасырылуы мүмкін. Құжаттарға арналған шкафтар ашық та
(сөрелер), сондай-ақ толық немесе белгілі бір ұяшықтары (әдетте төменгі)
жабық та болуы мүмкін.
Шкафтар немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең
бірінші кезекте сәндік бағасы бар. Әдетте, олар құжаттарды сақтау үшін
емес, кабинетті сәндік безендіру үшін қолданылады.
Басшыға арналған шкафтарда кітаптар мен журналдардың жинақтары, ал ашық
сөрелерде заттардың әртүрлі жинақтамалары сақталады. Сондықтан басшыларға
арналған қабырғалық шкафтарды өндірушілердің барлығы дерлік әйнектелген
қасбеттерді немесе ашық секцияларды көп пайдаланады.

Кеңселік орындық жасаудың технологиялық картасы

Технологиялық үдеріс
Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы
1. Дайындамаларға арналған толық пішімді тақталарды пішімдеп кесу
(1 сурет)
Шпонмен қапталған немесе шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ
табақтарын тік сызықты пішімдеп кесу.
Шпонмен қапталған немесе шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ
табақтарын қисық сызықты пішімдеп кесу.

(1 сурет)

2. Дайындамалардың жиектерін қаптау (2 сурет)
Дайындаманы механикалық жолмен беру кезінде жиектерін бір мезгілде
өңдей отырып, тік сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.
Дайындаманы қолмен беру кезінде материалдарды кесе отырып, қисық
сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.
2. Дайындамалардың жиектерін қаптау (2 сурет)
Дайындаманы механикалық жолмен беру кезінде жиектерін бір мезгілде
ӛңдей отырып, тік сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.
Дайындаманы қолмен беру кезінде материалдарды кесе отырып, қисық
сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын салу.
2-сурет

Жиектік материалдың биіктігі және ұзындығы бойынша артығын алып
тастау(3 сурет)

3-сурет

3. Дайындамаларда тесіктер бұрғылау (4 сурет)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы
Киім тігу ательесінің бизнес жоспары
Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Бизнес-жоспар кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Диеталық тамақтану.
Жұмысқа шығу кестесі
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті басқаруды жетілдіру
Ағаш өңдеу цехын электрмен жабдықтау. Дипломдық жұмыс
Нарықтық экономиканың өзегі - бәсеке
Ақтөбе қаласының химиялық өндірістерінің өнімдері
Пәндер