Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті



КІРІСПЕ
1 «САРЫОЗЕК АВТОПАРК» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және қаржы. экономикалық жағдайы

1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы. Есеп саясаты

2 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбек ақы төлеу есебінің теориялық мәселелері
2.2 Еңбек ақының түрлері, нысандары және еңбек ақы жүйесі
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалық және топ.тамалық есебі


3 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ АУДИТІ

3.1 Еңбек ақы төлеудің аудитін заңдық және нормативтік реттеу жүйесі
3.2 Еңбек ақы төлеу аудитінің маңызы және мақсаты
3.3 Еңбек ақы төлеудің аудитін ұйымдастыру әдістемесі





ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІРЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру еңбек ақыны есесптеудің еңбектің санымен сапасына тікелей байланысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ең төменгі жалақының негізді мөлшерінің енгізілуі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу құралдарының бірі болып табылады. Елімізде еңбек ақының ең төменгі мөлшерін жоғарылату саясаты жүргізілуде.
Еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына байланысты төленетін, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы төлем.
Еңбек ақы төлеу – Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұжымдық келісім-шарттарға, еңбек шарттарына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскерге оның еңбегі үшін міндетті түрде төлем жасауын қамтамасыз етуге байланысты қарым-қатынастарды қамтиды.
Еңбек ақы төлеуді реттеу ұжымдық және еңбек келісім-шарттары, әлеуметтік партнерлық тараптардың келісімдері, жұмыс берушінің актілері нысанында жүзеге асырылады. Келісімдер, ұжымдық және еңбек келісім-шарттары бір жақты өзгертіле алмайды.
Еңбек келісім-шарты бойынша жұмыскер тиісті біліктілігі бойынша алынатын ақы үшін жұмыстарды (міндетті қызметтерін) орындайды және еңбек тәртібін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбекке жағдай жасауды қамтамасыз етеді, жұмыскерге өз уақытында және толық көлемде еңбек ақыны, сонымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында, еңбек және ұжымдық келісім-шарттарында, екі жақты келісімдерде қарастырылған басқа да төлемдерді төлейді.
Еңбек ақы қоғам мүшесінің атқарған еңбегін материалдық бағалаудың негізі болып табылады. Ол жұмыскерлердің жоғары еңбек өнімділігі мен оның сапасын

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 САРЫОЗЕК АВТОПАРК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және қаржы-
экономикалық жағдайы
1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы. Есеп саясаты
2 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбек ақы төлеу есебінің теориялық мәселелері
2.2 Еңбек ақының түрлері, нысандары және еңбек ақы жүйесі
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалық және топ-тамалық
есебі
3 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ АУДИТІ

3.1 Еңбек ақы төлеудің аудитін заңдық және нормативтік реттеу жүйесі
3.2 Еңбек ақы төлеу аудитінің маңызы және мақсаты
3.3 Еңбек ақы төлеудің аудитін ұйымдастыру әдістемесі




ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІРЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеу жүйесін дұрыс ұйымдастыру
еңбек ақыны есесптеудің еңбектің санымен сапасына тікелей байланысын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Ең төменгі жалақының негізді мөлшерінің енгізілуі еңбек нарығын
мемлекеттік реттеу құралдарының бірі болып табылады. Елімізде еңбек ақының
ең төменгі мөлшерін жоғарылату саясаты жүргізілуде.
Еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін оның біліктілігіне, орындалатын
жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына байланысты төленетін, сондай-ақ
ынталандыру сипатындағы төлем.
Еңбек ақы төлеу – Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа
да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұжымдық келісім-шарттарға,
еңбек шарттарына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскерге оның еңбегі үшін
міндетті түрде төлем жасауын қамтамасыз етуге байланысты қарым-қатынастарды
қамтиды.
Еңбек ақы төлеуді реттеу ұжымдық және еңбек келісім-шарттары, әлеуметтік
партнерлық тараптардың келісімдері, жұмыс берушінің актілері нысанында
жүзеге асырылады. Келісімдер, ұжымдық және еңбек келісім-шарттары бір жақты
өзгертіле алмайды.
Еңбек келісім-шарты бойынша жұмыскер тиісті біліктілігі бойынша алынатын
ақы үшін жұмыстарды (міндетті қызметтерін) орындайды және еңбек тәртібін
сақтайды, ал жұмыс беруші еңбекке жағдай жасауды қамтамасыз етеді,
жұмыскерге өз уақытында және толық көлемде еңбек ақыны, сонымен бірге
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында, еңбек және ұжымдық келісім-
шарттарында, екі жақты келісімдерде қарастырылған басқа да төлемдерді
төлейді.
Еңбек ақы қоғам мүшесінің атқарған еңбегін материалдық бағалаудың
негізі болып табылады. Ол жұмыскерлердің жоғары еңбек өнімділігі мен оның
сапасын арттыруға ынтасын бағалап анықтайтын экономикалық және әлеуметтік
категория.
Еңбек ақы әрбір адамның өмір сүруге қажетті қаржы қорының негізгі
бөлігі, ол кәсіпорынның қандай меншік түріне жататынына қарамастан
еңбекшінің атқарған жұмыс көлемі мен оның сапасына, ақырғы нәтижесіне
байланысты ұжымда алынған таза табыстың сәйкестендіріле таратылған үлесі.
Еңбек ақы - қоғамның әрбір мүшесінің тұтыну сұранысын
қанағаттандыратын, нарық стихиясынан әлеуметтік қорғайтын басты кепіл.
Сондықтан, еліміздің экономикасы нарықтық қатынастар жағдайында еңбек
ақының маңызы артып, оның алдында тұрған міндеттерді іске асыру жолына
жаңа талаптар қояды.
Нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорындар мен жұмыскерлердің арасындағы
еңбек қатынастарының реттелуі кеңейген келісім-шарт негізінде жүзеге
асыуын талап етеді. Еңбек ақының түрі, мөлшері, жүйесі кәсіпорынның қай
салаға жататынына, меншік түріне қарамастан соның ұйғаруымен шешіледі.
Жалданушылар және жеке тұлғалармен жасалынған келісім-шартқа сай тек
орындалған жұмыстар көлемі мен сапасына және еңбек уақытына жалақы төлеу
ғана емес, сонымен қатар жалданушылардың еңбекке жарамай қалған күндері
үшін және демалыс уақыты үшін, сондай-ақ әлеуметтік шаралар орындағаны
үшін де жалақы есептелінеді.
Жалақы төлеу жөніндегі ұйымның қабылдаған міндеттемесінің құрамында
жеке тұлғаның табыс салығын төлеу, әлеуметтік салық төлеу, сақтандыру
шығындарын, сондай-ақ үшінші тұлғаның пайдасына (сот шешіміне сай) қара-
жат төлеу жөніндегі міндеттемелер туындайды.
Қазақстан Республикасы еңбек Кодексіне сай жұмыс беруші мен
жалданушылар арасында жасалынған келісім-шарт талабына сәйкес жұмыс беру-
ші ұйымдар жалданушыларды еңбекпен қамтамасыз ету, еңбек етудің жақсы
жағдайын жасау, өз уақытында және толық мөлшерде жалақы төлеуді өз мінде-
тіне алуға тиісті. Ал жалданушылар келісім-шартта қаралған міндеттемелерді
орындауға, ішкі еңбек ережелерін толығымен сақтауға және белгілі маман-
дықтағы жұмыстар атқаруға міндетті болады.
Еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін
еңбектің өнімділігі мен оррындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану, еңбек пен
өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік
құрылымын қолдану, еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да
түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану,
еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану және алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен
жеңілдету қажет.
Атқарылған еңбекке қарай ақы төлеу негізгі және қосымша еңбек ақы төлеу
болып бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы жалданушының кәсіби мамандығына, атқарылатын жұмыстың
күрделілігіне, өндірілген өнімдердің санына, сапасына және атқарылатын
жұмыстарды орындау жағдайларына қарай есептелініп төленеді.
Қосымша еңбек ақы тиісті заңнамаларға сай жұмсқа қатыспаған күндер үшін
төленуі мүмкін. Бұларға еңбеккерлердің кезекті демалысқа шыққан күндеріне,
басқа жақтарда кәсіби мамандығын жетілдіру күндері үшін есептелінген еңбек
ақы және жас бөбектерді иамақтандыру үзілісі уақытына аналарға төленетін
еңбек ақылар жатады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешуде бухгалтерлік есептің алдына
төмендегідей талаптар қойылады:
- кәсіпорындағы нақты еңбек шығындарын дер кезінде және дәлме-дәл
тиісті құжаттармен куәландыру;
- пайдаланылған жұмыс уақыттарын және атқарылған жұмыстар мен
өндірілген өнімдердің көлемдерін дәл көрсету;
- еңбек ақылардың дұрыс есептелуін қамтамасыз ететін
нормалар мен төлеу бағаларының дұрыстығын қадағалау;
- еңбек ақы төлеудің жетілдірілген нысандарын кеңінен қолдануды
қамтамасыз ету.
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты нарықтық экономика жағдайында
еңбек ақы төлеудің зор мағынасы мен мәніне сәйкес дипломдық жұмыстың
таңдалған тақырыбының маңызы зор деп есептейміз.
Диплом жұмысы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы
"Сарыөзек автопарк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері
негізінде орындалды. Бұл тақырыпқа диплом жұмысын жазудағы негізгі
мақсатымыз "Сарыөзек автопарк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
еңбек ақы бойынша есеп айырысу операцияларының есебі мен аудитінің
ұйымдастырылуына зерттеу жүргізіп, оның қазіргі заман талабына сай дұрыс
жетілдірілуіне ұсыныстар жасау болып отыр.
Дипломдық жұмысқа Қазақстан Республикасы өкіметінің заңдары мен
қаулылары, зерттеу жүргізілген мәселелер бойынша ғалым экономистердің
еңбектері, теориялық және әдістемелік нұсқаулар пайдаланылды, кәсіпорынның
қаржылық қорытынды есебі талданды.

1 “САРЫОЗЕК АВТОПАРК” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және
қаржы-экономикалық жағдайы

Сарыөзек автопарк жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылы
5 ші желтоқсанда жекеменшік ұйым ретінде құрылды. Серіктестіктің
кәсіпкерлік қызметін Қазақстан Республикасының Констетуциясымен, Қазақстан
Республикасының Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
бар серіктестіктерге , Жеке кәсіпкерлік туралы заң актілерімен жүзеге
асырады.
Серіктестік өзін өзі қаржыландыру, шаруашылық есеп принциптері
негізінде әрекет етеді, дербес мүлкі , дербес балансы , есеп шоты ,өзінің
атауы мен дөңгелек мөрі , эмблемасы , фирмалық бланкісі , басқада
реквизиттері болады ,өз атынан келісм шарт жасайды , мүлікті және жеке
мүлікті емес құқықтар мен міндеттер алады . Сотта талапкер ,жауапкер және
үшінші жақ бола алады. Серіктестік кәсіпкерлік ұйым болып табылады.
Серіктестіктің қызметтері мен мақсаттары:
- Жарғылық қызметтерге сай заңды тұлғалардың және тұрғындардың сұрауларын
қанағаттандыру арқылы пайда табу.
- Жаңа жұмыс орнын құру және серіктестіктің жұмысшыларының әлеуметтік
мәселелерін шешу.
Мақсатына жету үшін серіктестік төмендегі негізгі қызметтерді
орындайды:
- Қалалық, қала маңындағы,қалааралық және халықаралық жолаушы тасмалын
ұйымдастыру.
- Заңды және жеке тұлғаларға көлік экспедициялық қызмет көрсету.

Тізімі заң актілерімен анықталған жеке қызмет түрлерімен серіктестік
тек лицензиясы негізінде ғана айналыса алады.Аталған мақсаттарға
серіктестік қол жеткізу үшін заңмен тиым салынбаған қызмет түрлерін
жүзеге асырады
Сарыөзек автопарк жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық
капиталы 9297000 теңгені құрайды.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылып
отырады, себебі кәсіпорынның көрсететін қызметі бүгінгі таңда ауыл
тұрғындарының үлкен әлеуметтік сұранысына ие болып отыр.
“Сарыөзек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
экономикалық даму жағдайын оның соңғы жылдардағы негізгі экономикалық
көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Кесте 1.1 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

2009-2010 жылдардағы негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл Ауытқулар
(+,-)
Жұмысты, қызметті сатып-өткізуден 14361,2 13022,7 -1338,5
түскен табыс, теңге
Сатып-өткізілген жұмыстың, қызмет-тің× × ×
өзіндік құны, теңге
Негізгі өндірістік құралдардың құны, 14390,0 13970,2 -419,8
теңге
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, 24 22 -2
адам
Таза табыс, теңге 76,7 155,7 79,0

Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қорытынды есеп мәліметтері негізінде
құрылды (қосымша)

Сурет 1.1 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

2009-2010 жылдардағы негізгі қаржы экономикалық
көрсеткіштері

(Кесте1.1 сурет1.1) “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің 2009-2010 жылдардағы шаруашылық қызметінің негізгі
экономикалық көрсеткіштері келтірілді.
Кестенің мәліметтерінен серіктестікте есепті жылы жұмыстарды атқару мен
қызмет көрсетуден түскен табыс өткен жылмен салыстырғанда -1338.5 мың
теңгеге кемігенін көреміз. Бұл көрсеткіш атқарылған жұмыстар мен
көрсетілген қызметтер көлемінің азаюына байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік құралдардың құнының төмендеуі кейбір жабдықтардың
тозығы жетіп, істен шығуымен түсіндіріледі, яғни есепті жылды өткен жылмен
салыстырғанда негізгі өндірістік құралдардың құны 419,8 мың теңгеге
төмендеген. Серіктестіктің жұмыскерлерінің саны есепті жылда 2 адамға
кеміген.
“Сарыөзек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2010 жылғы
таза табысы 79,0 мың теңгеге көбейді яғни кәсіпорын пайдасының тұрақтығын
байқауға болады..
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы
шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық
жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы
беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға (бағалауға) тікелей
байланысты элементтер болып табылады.
Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын
активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары
және олардың құрамы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттелді.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын активтерінің құрамы мен орналасуына
талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынды (кесте 1.2)

Кесте 1.2 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
баланс активтерінің құрамы

Көрсеткіштер 2010 жылдың басына 2010 жылдың аяғына
сомасы, үлес сомасы, үлес
мың тг сал-мағы %мың тг сал-мағы %
Активтердің құны, барлығы 15569,7 100 14582,6 100
оның ішінде:
Қысқа мерзімді активтер 1179,7 7,6 612,4 4,2
олардың ішінде:
а) тауарлы-материалдық 537,9 3,4 18,4 0,2
бо-салқылар (қорлар)
ә) ақша қаражаттары 580 3,7 580 3,9
б) қысқа мерзімді қаржылық 61,8 0,5 14,0 0,1
инвестиция
Ұзақ мерзімді активтер 14390,0 92,4 13970,2 95,8
олардың ішінде:
а) материалдық емес актив-тер× × × ×
ә) негізгі құралдар 14390,0 92,4 13970,0 95,8
б) алдағы кезеңнің есебіне × × × ×
жататын шығыстар

*Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қорытынды есеп мәліметтері негізінде
құрылды (қосымша)

Сурет 1.2 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
баланс активтерінің құрамы
Кестеде(1.2 сурет 1.2) келтірілген мәліметтерден “Сарыөзек автопрк”
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің 2010 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 987,1 мың теңгеге кемігендігін көреміз.Сонымен бірге,
кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің
құрамындағы үлесі есепті жылы қысқа мерзімді активтердің үлесіне қарағанда
әлде қайда көбірек болғандығын көреміз. Егер есепті жылдың басында ұзақ
мерзімді активтердің үлесі, қысқа мерзімді активтердің үлесінен 7,6 пайызға
аз болған болса, жылдың аяғында 4,2 пайызға кем болды.
Қысқа мерзімді инвестиция бойынша жыл аяғы мен жыл басын
салыстырғанда 77,3 пайызға кеміп отыр,бұл біз қарастырып отырған
кәсіпорынның 2010 жылы инвестиция салуға тиімді ұсыныстар немесе
объектілердің болмағаны.Негізгі құралдар бойынша жыл аяғын жыл басымен
салыстырғанда 2,9% кеміп отыр, оның себебі негізгі құралдардың тозуына
байланысты істен шығуы болып отыр.
Ары қарай төмендегі кесте (1.3) бойынша кәсіпорынның қысқа мерзімді
активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасаймыз.

Кесте 1.3 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа
мерзімді активтерінің құрамы мен құрылымы

2010жылдың басына 2010 жылдың Ауытқуы
КӨРСЕТКІШТЕР аяғына (+), (-)
Сомасы, үле-сі, % сомасы, мың үле-сі, %
Мың теңге теңге
сомасы,мүле-сісомасы,мүлесі,%М ың теңге%-бен
ың , ың тенге (3б-1б) (5б*100)
тенге % 1б
А Б 1 2 3 4 5 6
1 Қысқа мерзімді 4245,4 100 3179,3 100 -1066,2 -25
міндеттемелер
барлығы
оның ішінде:
1.1Қысқа мерзімді 3632,8 85,5 2935,0 92,3 -697,8 -19,2
несие
1.2. Кредиторлық 452,6 10,7 182,0 5,7 -270,6 -59,7
қарыз
1.3. Бюджеттік 160,0 3,8 61,3 2 -98,7 -61,6
төлемдер

*Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қорытынды есеп мәліметтері негізінде
құрылды (қосымша)

“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы
шаруашылық қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады, себебі
кәсіпорынның көрсететін қызметі нарықта үлкен сұранысқа ие.
Төменде “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінің көрсеткіштері
қарастырылды (кесте 1.5).
Кесте 1.5 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
2009-2010 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі жөніндегі көрсеткіштер

№ Көрсеткіштер 2009 ж. 2010 ж. Ауытқулар
(+;-)
мың. тг.
1 2 3 4 5
1 Өнімді (жұмысты, қызметті) 14361,2 13022,7 -1338,5
са-тып-өткізуден түскен табыс,
теңге
2 Сатып-өткізілген өнімнің × × ×
(жұ-мыстың қызметтің) өзіндік
құ-ны, теңге
3 Жалпы табыс, теңге 14361,2 13022,7 -1338,5
4 Кезеңдік шығыстар, теңге 14284,5 12867,0 -1417,5
5 Салық салынғанға дейінгі 76,7 155,7 79
кә-дімгі қызметтен түскен табыс
(зиян), теңге
6 Табыс салығы бойынша шығыс-тар,× × ×
теңге
7 Таза табыс (зиян), теңге 76,7 155,7 79

*Зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қорытынды есеп мәліметтері негізінде
құрылды (қосымша)
Кестеде келтірілген мәліметтерден “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен
табысының 2010 жылды өткен жылмен салыстырғанда 1338,5 мың теңгеге
азайғандығын көреміз. Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен
табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының
айырмасы болып табылатын жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті
жылды өткен жылмен салыстырғанда 1338,5 мың теңгеге азайған. Өнімнің
өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы
14284,5 мың теңгені құраса, есепті жылда олар 12867,0 мың теңгеге азайған.
Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметке зерттеу жүргізілген кәсіпорында
есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 79,0 мың теңгеге көбейген. Бұл
көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның ағымдағы жылды өткен жылмен
салыстырғанда екі есеге өскенін көре аламыз

1.2 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы. Есеп саясаты

Зерттеу жұргізілген “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қаржылық есептілікті
дайындауды нарықтық қатынастардың талабына сай жүзеге асыру оның шаруашылық
қызметінің жоғары деңгейде дамуына өз әсерін тигізеді..
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы заңына 21.02.2007ж, Қаржылық есептіліктің №2
Ұлттық стандартына (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 21.06.2007ж
№217 бұйрығымен бекітілген), бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына
негізделуге тиісті.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
туралы заңына сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына
серіктестік басшысы мен бас бухгалтер жауапты. Серіктестікте бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру және қаржылық қорытынды есепті дайындау үшін дербес
құрылым ретінде бухгалтерия аппараты құрылған.
Бухгалтерия аппаратындағы қызметкерлердің атқаратын міндетті қызметі
(функциясы) төмендегідей айқындалған:
Бас бухгалтердің міндеті:
- Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;
- Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;
- Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап
тапсыру.
Бас бухгалтердің орынбасарының міндеті:
Кәсіпорынның аванстық есебін есептеп тапсыру, кәсіпорынға әкелінген
тауарлардың, құжаттарын қабылдау. Кәсіпорын директорының, бас бухгалтердің
қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.
Кассирдің міндеті:
Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді. Кассадан
берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын толтырып,
оған кәсіпорын басшысының, бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылады.
Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен бірге
кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызмет-керлерге арнайы
төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап
бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған
қалдықты анықтайды, оның ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп
көрсетеді.
Төмендегі сызбада (1.1) серіктестіктегі есеп жүргізу процесінің ұйымдық
құрылымы көрсетілді. Жалпы бухгалтерия аппаратында 3 адам жұмыс істейді.

Сызба 1.1 “Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі
есеп жүргізу процесінің ұйымдық құрылымы.

Бас бухгалтер

Бас бухгалтердің
Кассир
орынбасары

Серіктестікте жоғарыда аталған заңдық және нормативтік құжаттарға
негізделген есеп саясаты осы уақытқа дейін құрылмаған. Есеп саясаты
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті нормативтік реттеу жүйесінің
ішкі элементі болып табылатындыкта төмендегі мәліметтерге сүйене отырып
кәсіпорынның саясатын құру қажет
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау
барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын
бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық
активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда есебінен резервтер құру
бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын
қалыптастыру болып табылады.
Қаржылық есептілік ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп
саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде
қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай
орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі
қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, тағы басқа жағдайларды толығымен
көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы тәжірибеде іске асыру үшін әр
түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады. Есеп әдістері шындық
фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады. Яғни бухгалтерлік есеп
әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру арқылы тиісті мақсатқа
жетуге болатындығын білеміз.
Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті – кәсіпорынның әр жылдар
бойы таза пайда алуына әсер ету болып табылады. Таза пайда алу процесіне
кәсіпорынның өздері ғана емес, оның қатысушылары, сатып алушылар,
несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі.
Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған
фактілер арасындағы байланысты анықтау;
- нәтижелі көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің
сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін арттыру;
- қаржылық есептілік сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп
әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы
активтерді (негізгі және айналымдағы) бағалаудағы, материалды және
материалдық емес активтерге амортизаия есептеудегі әдістерді таңдап алу
жөніндегі ұйымның ішкі құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы
материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды
реттеу тағы басқа әдістерді кеңінен қолдану және тағы сол сияқты.
Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процесінің барлық
аспектілерін қамтыған – ұйымдық, техникалық, әдістемелік.

Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын (жеңілдетілген,
автоматтандырылған) анықтайды.

Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
элементтерін қамтиды.

Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау
тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері
сияқты элементтерден тұрады.

Төменде кәсіпорынның есеп саясатын құрайтын екі аспект бойынша жоғарыда
аталған нормативтік құжаттарда қарастырылған таңдау нұсқаулары келтірілді
(1.6 кесте).

Серіктестік басшысы тарапынан Бас бухгалтерге есеп саясатында
белгіленген ережелердің негізінде қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін
қалыптастыру, оның ішінде қаржылық есептілік элементтерін тану (есепке
алу), бағалау және есептеу мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдауға
өкілеттік берілген.
Бухгалтерия қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық құжат ретінде
Бухгалтерия жөніндегі ішкі ереже-нұсқау танылады.

Кесте 1.6 Кәсіпорынның есеп саясатының негізгі аспектілері

№ Есеп саясатының
аспектілері Таңдау нұсқалары (варианттары)
1 2 3
Ұйымдық-техникалық аспект
1 Бухгалтерлік 1.Құрылымдық бөлім ретінде бухгалтерия аппара-тын
есеп-ті ұйымдастыруқұру
2.Бухгалтерлік есепті жүргізуді келісім-шарт
негізін-де арнайы фирмаларға немесе маман
бухгалтерлерге тапсыру
3.Бухгалтерлік есепті субъект басшысының өзінің
жүргізуі
2 Бухгалтерлік есеп 1. Автоматтандырылған
нысаны 2. Журнал-ордерлік
3. Жеңілдетілген (қысқартылған)
4. Мемориалды-ордерлік
Әдістемелік аспект
1 Бухгалтерлік есеп
жүргізу әдістемесі
1.1. Күмәнді 1. Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу
деби-торлық көлемі-нен есептелінетін пайыздық әдіс
борыштар бойынша 2. Төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу
резерв құру әдісі әдісі
1.2. Негізгі Бірқалыпты
құрал-дардың тозуынӨндірістік
есептеу әдісі Кеміп отыратын қалдық
1.3. Өндіріске Орташа құн
бо-сатылатын ФИФО
мате-риалдарды Ерекшеліктеріне қарай теңестіру
бағалау әдісі
1.4Өндіріс Нормативтік
шы-ғындары есебініңТапсырыс бойынша
әдісі Өндірістік кезеңдер бойынша
Қарапайым
1.5.Қаржылық 1. Әділетті құн
инвестицияларды 2. Амортизацияланушы құн
бағалау әдісі 3. Сатып алу құны

Серіктестікте есеп жүргізудің жалпы жүйесі төмендегілерден тұрады:
- Қаржылық есеп – Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының
талаптары бойынша жасалған типтік шоттар жоспарының шоттары бойынша
жүргізіледі;
-Салық есебі – Салық заңына сәйкес қаржылық есептің нәтижелері
негізінде құрылады;
- Статистикалық есеп – Қаржылық есептің мәліметтеріне негізделеді;
- Басқару есебі – Қаржылық есептен, өндірістік есептен, статистикалық
және салық есебінен туындайтын, серіктестік басшысының тапсырмасы бойынша
құрылатын және ағымдағы, келешек жағдайларға талдау жасау мен тиімді
басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті жиынтық ақпараттар.
Серіктестік мүліктерінің, міндеттемелерінің, шаруашылық операция-ларының
бухгалтерлік есебі теңгемен және тиынмен жүргізіледі.
Орындалған шаруашылық операцияларына ішкі бақылауды бастапқы есеп
құжаттарын қабылдау сәтінде бухгалтерия жүзеге асырады.
Есеп саясатының құжаттары ретінде есеп саясатының өзі, типтік шоттар
жоспарының негізінде жасалынған жұмысшы шоттар жоспары және серіктестіктің
тиісті өкімдік құжаттарымен бекітілген құжат айналымының графигі танылады.
Мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының есебі
серіктестікте құрылған жұмысшы шоттар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Серіктестіктегі бастапқы құжаттардың қозғалысы (кәсіпорында жасалы-нуы,
басқа кәсіпорындардан алынуы, есепке алынып өңделуі, архивке берілуі)
графикпен реттеледі. Құжаттардың бухгалтерлік архивте сақталуы және архив
кітабының жүргізілуі бойынша жауапкершілік Бас бухгалтерге жүктеледі:
Кәсіпорында құжаттарды сақтаудың төмендегі мерзімдері белгіленген:
- жылдық қаржылық есеп – тұрақты сақталады;
- тоқсандық есеп – 5 жыл;
- жұмыскерлердің бет есептері (еңбек ақы есептеу ведомостары) – 75 жыл
- барлық қалған құжаттар – 5жыл.
Құжаттарды сақтау мерзімін анықтау іс қағаздарын жүргізу аяқталғаннан
кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Серіктестіктің мүліктері, серіктестіктің меншігінде жоқ, бірақ
бухгалтерлік есепте тұрған (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған)
мүліктер, қаржылық міндеттемелердің барлық түрлері түгелдеуге жатады.
Түгелдеу жүргізіп, оның нәтижесін рәсімдеу үшін серіктестік директорының
арнайы бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін Орталық коммисия құрылады.
Кенеттен (жоспардан тыс) түгелдеу серіктестік басшысының бұйрығымен жүзеге
асырылады.
Мүліктер мен міндеттемелерге жыл сайынғы жоспарлы түгелдеу жүргізу қатаң
түрде келесі мерзімдерге жүзеге асырылады:
Қорлар (ТМБ, тауарлар) – 1 қазан
Негізгі құралдар, күрделі құрылыс, аяқталмаған өндіріс – 1 қараша
Материалдық емес активтер, алдағы кезеңдердің есебіне жататын шығыстар,
дебиторлармен есеп айырысулар, аяқталмаған күрделі жөндеу – 1 желтоқсан
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары, жол үстіндегі ақша қаражаттары,
қаржылық салымдар, міндеттемелер бойынша есеп айырысулар – 1 қаңтар
Кассадағы ақша қаражаттары – ай сайын

“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық
есептілігін құру төмендегі нормативтік құжаттарға негізделуі керек:
1.Қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандарты;
2.Қаржылық есептіліктің №1 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын
алғашқы қолдану халықаралық стандарты; (ІFRS)
“Сарыозек автопрак” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоғарыда
аталған нормативтік құжаттарға сәйкес қаржылық есептіліктің келесі
нысандары құрылуы қажет:
• Бухгалтерлік баланс
• Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
• Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептілік;
• Капиталдың қозғалысы жөніндегі есептілік;
• Кәсіпорынның есеп саясаты жөніндегі ақпараттар және түсіндірме жазба.
Қаржылық қорытынды есептілік нысандары Қазақстан Республикасының Ұлттық
валютасы - теңгемен құрылады.
Серіктестікте ақша қаражаттарының есебі қаржылық есептіліктің №7 “Ақша
қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік” деп аталатын Халықаралық
стандартына, қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандартына және Қазақстан
Республикасының “Ақша төлемі мен аударымы туралы” заңына сәйкес
жүргізіледі. Кәсіпорында касса операцияларын жүргізу Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің 22.06.2007ж №221 Бұйрығымен бекітіл-ген Бухгалтерлік
есеп жүргізудің ережесіне (тәртібіне) негізделеді.
Серіктестікте тауарлы-материалдық босалқылардың есебін ұйымдастыру
бойынша есеп саясаты қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандартына
негізделеді. Сатып алнаған тауарлы материалдық босалқылар кіріске алу
кезінде нақты өзіндік құны бойынша есепке алынады. Серіктестікте қызмет
көрсетуге жұмсалған босалқылар, орташа құн әдісімен бағаланады.
Бұл әдіс бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың орташа құны - бірдей
материалдардың есеп беру мерзімінің басындағы бары және сатып алынған
немесе есепті мерзім ішінде өндірілген материалдардың орташа құнын анықтау
арқылы есептейді.
Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттау келесі
бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады:

Шот фактура; Сенім хат (№ М-2 нысан);

Қоймадағы тауарлардың және басқа материалдық құндылықтардың есебін қойма
меңгерушісі (қоймашы) жүргізеді. Қойма меңгерушісімен (қоймашымен) толық
жеке материалдық жауапкершілік жөніндегі типтік келісім жасалады.

Тауарлар қозғалысының және олардың қалдықтарының аналитикалық есебі
“Материалдар есебінің карточкасында” (№ М-17 нысан) жүргізіледі.

Зерттеу жүргізілген кәсіпорында тауарлы-материалдық босалқылардың
аналитикалық және синтетикалық есебі бухгалтерлік есептің автоматтан-
дырылған нысанының тиісті есеп регистрлерінде жүргізіледі.
Серіктестікте тауарлы-материалдық босалқылардың бары мен олардын
қозғалысының есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттары типтік
жоспарының 1300 бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттары пайдаланылады
(1310, 1320, 1330, 1340, 1350, 1360).

Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыруда серіктестік төмендегі
нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:
- Қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандарты
- Бухгалтерлік есептің №38 “Материалдық емес активтер” халықаралық
стандарты (ІAS) ,
- Қаржылық есептіліктің №3 Бизнестің бірігуі халықаралық стандарты
(ІAS),
- Бухгалтерлік септің №36 Активтердің құнсыздануы халықаралық
стандарты.
Бухгалтерлік есептің №38 “Материалдық емес активтер” халықаралық
стандартына сәйкес материалдық емес активтер деп - табиғи болмысы жоқ
өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу операция-
ларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға
және басқа субъектіге жалға беруге арналған, айқындауға болатын, субъект
бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланудан субъект келешекте экономи-
калық табыс (пайда) күтетін ақшалай емес активтерді айтады. [10]
Қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандартында материалдық емес активтерді
бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: бастапқы (өзіндік) құн,
амортизацияланған құн, баланстық құн, жойылу құны, сатып-өткізу құны.

Бастапқы (өзіндік) құн – материалдық емес активті сатып алу немесе жасау
кезінде төленген ақшаның немесе оның эквивалентінің сомасы не болмаса
басқадай компенсациялардың ағымдағы бағамен бағаланған құны.
Амортизацияланушы құн – материалддық емес активтің бастапқы құны мен
жойылу құнының айырмасы.
Баланстық құн – материалдық емес активтің бастапқы құны мен жинақталған
амортизация сомасының айырмасы ретінде анықталып, қаржылық қорытынды есепте
көрсетілетін сома.
Жойылу құны – материалдық емес активтің тиімді пайдалану мерзімінің
аяғында оны сатып-өткізу бойынша болжанған шығындарды шегеріп тастағаннан
кейінгі алынады деп күтілетін сома.
Сатып-өткізу құны – хабардар және келісім жасауға дайын тәуелсіз
жақтардың арасында материалдық емес активтердің айырбасы болуы мүмкін құн.
Материалдық емес активтер серіктестіктің активтері ретінде танылған
(есепке алынған) сәтте өзіндік құны бойынша бағалануға тиісті.
Материалдық емес активтер алғашқы танылуынан (есепке алынуынан) кейінгі
кезеңде қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандартына сәйкес төмендегі
модельдердің бірі бойынша қаржылық есептілікте көрсетілуге тиісті:
1.нақты шығарылған шығындар бойынша есепке алу моделі
2.қайта бағаланған құны бойынша есепке алу моделі
Материалдық емес активтер есептік топтарға өздерінің пайдалану мақсаты
және мазмұнына сәйкес шоттар және аралық шоттар бойынша бөлінеді.
Материалдық емес активтердің кәсіпорындағы нақты бары мен олардың
қозғалысының есебін жүргізу үшін серіктестікте құрылған жұмысшы шоттар
жоспарында 2700 Материалдық емес активтер бөлімшесінің 2710, 2720, 2730
синтетикалық шоттар қарастырылуға тиісті.
Серіктестікте материалдық емес активтер бойынша міндетті түрде
амортизация есептелініп отырады.
Бухгалтерлік есептің № 38 “Материалдық емес активтер” деп аталатын
Халықаралық стандартына сәйкес материалдық емес актив бойынша амортизация
есептеуде қолданылатын әдіс активті пайдаланудан алынатын экономикалық
табысты тұтыну моделін көрсетуге тиісті. Егер активті пайдаланудан алынатын
табысты (пайданы) тұтыну моделін дұрыс анықтау мүмкін болмаса, онда
амортизация есептеудің бірқалыпты (түзу сызықты) әдісін қолдану керек.
Серіктестікте материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеуде
бір қалыпты (түзу сызықты) әдіс қолданылады.
Материалдық емес активтердің түрлері бойынша жинақталған амортиза-циялық
аударымдар жөніндегі ақпараттарды жинақтау ұшін жұмысшы шоттар жоспарының
2740 синтетикалық шоты пайдаланылады. Бұл шотың кредитінде материалдық емес
активтердің түрлері бойынша есептелген амортизация сомасы көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есептің маңызды және күрделі
бөлімдерінің бірі болып табылады. “Cарыозек автопарк” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің есеп саясатының бұл бөлімінде кәсіпорын
материалдық активтерді негізгі құралдарға жатқызу критерилерін анықтауға
тиісті.
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі
құралдар есебін ұйымдастыруда серіктестік төмендегі нормативтік құжаттарды
басшылыққа алуға тиісті:
➢ Қаржылық есептіліктің №2 Ұлттық стандарты
➢ Бухгалтерлік есептің №16 “Қозғалмайтын мүліктер (ғимараттар және
жабдықтар)” халықаралық стандарты (ІAS) ,
➢ Бухгалтерлік септің №36 Активтердің құнсыздануы халықаралық
стандарты.
Қаржылық септіліктің №2 Ұлттық стандартына сәйкес негізгі құралдар
дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет
көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде
пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Серіктестіктің негізгі құралдарына: ғимараттар, кеңсе жабдықтары, көлік
құралдары, тағы басқа негізгі құралдар жатады.
Жоғарыда аталған стандартқа сәйкес сатып алынған негізгі құралдар
өзіндік (бастапқы) құны бойынша кіріске алынуға тиісті.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар серіктестікте жасалынған
жұмысшы шоттар жоспарының 2410 “Негізгі құралдар” шотының дебеті бойынша
кіріске алынады.
Негізгі құралдар кіріске алнығаннан кейінгі кезеңде қаржылық
есептіліктің №2 Ұлттық стандартына сәйкес бастапқы құнынан жинақталған
амортизация сомасын және негізгі құралдың құнсыздануынан болған
жинақталған зиян сомасын алып тастағаннан кейінгі құнымен бағаланады.
Серіктестікте негізгі құралдар бойынша міндетті түрде амортизация
есептелініп отырады. Амортизациялық аударымдардың мөлшері төмендегі
көрсеткіштер бойынша анықталады:
▪ негізгі құралдрдың бастапқы (өзіндік құны)
▪ тиімді пайдалану мерзімі
▪ амортизация есептеу әдістер
Серіктестікте негізгі құралдардың тиімді пайдалану мерзімі объект актив
ретінде есепке алынған кезде анықталады.
Жоғарыда атлаған стандартта негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеудің төмендегі әдістері қарастырылған:
➢ Негізгі құралдардың құнын бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шығару
әдісі;
➢ Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды есептеу
әдісі (өндірісітік тәсіл);
➢ Амортизация есептеудің азайып отыратын қалдық әдісі.
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі
құралдарға амортизация есептеу төменде көрсетілген тиімді пайдалану
мерзімдері бойынша бір қалыпты әдіспен жүзеге асырылады.
Серіктестікте негізгі құралдардың амортизациясының есебін жүргізу үшін
жұмышы шоттар жоспарының 2420 “Негізгі құралдардың амортизациясы”
синтетикалық шоты пайдаланылады.
Серіктестікте негізгі құралдарды есептен шығару операцияларының есебін
жүргізу үшін жұмысшы жоспарында қаралған 6210 Активтерді есептен
шығарудан алынған табыстар және 7410 Активтердің есептен шығуы бойынша
шығыстар шоттары пайдаланылады.

Серіктестіктің қаржылық есептілігінде негізгі құралдарға қатысты
төмендегі ақпараттар ашып көрсетіледі:

- негізгі құралдардың баланстық құнын бағалау әдісі
- амортизация есептеудің пайдаланылған әдісі
- кәсіпорында қолданылатын тиімді пайдалану мерзімі немесе
амортизациялау нормасы
- есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы негізгі құралдардың баланстық
құны және жинақталған амортизация сомасы
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі
құралдар және материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеу тиімді
пайдалану мерзімдері бойынша бір қалыпты әдіспен жүзеге асырылады.
“Сарыозек автопарк” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтерлик
есеп журнал – ордерлик нысанда жүргізіледі

2 ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ

2.1 Еңбек ақы төлеу есебінің теориялық негіздемесі

Нарықтық шаруашылық жүргізуге көшу жағдайында Қазақстандағы
экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы, әлеуметтік
қолдау және жұмыстарды қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл
саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері
кәсіпорындардың құзырына берілді. Олар өз бетінше еңбек ақы мен еңбек
нәтижесін материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың көлемін
анықтау мүмкіндігіне ие болды.

“Еңбек ақы” түсінігі жаңа мағынамен толықтырылды және ол ақшалай және
заттай түрде есептелген еңбек ақының барлық түрлерін, қызметкерлерге заң
бойынша жұмыс істемеген уақытына есептелген ақша сомаларын (кезекті
демалыс, мейрам күндері т.б.) қоса қамтиды. Қазақстан Республикасының
“Еңбек туралы” заңына [1] сәйкес еңбек ақы деп еңбектің күрделілігіне,
мөлшеріне және сапасына байланысты берілетін сый ақыны (табысты) атайды.

Әрбір қызметкердің еңбек табысы кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижесін
ескере отырып, оның жеке салымына байланысты анықталады, ол салықтармен
реттеледі және көлемімен шектелмейді. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы
кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысының ең аз мөлшері жыл сайын
Қазақстан Республикасының “Бюджет туралы” заңымен [2] белгіленеді. Еңбек
қатынастарын, оның ішінде қызметкерлердің еңбек ақысы саласындағы
қатынастарды реттеудің белгіленген заңды нысаны кәсіпорынның ұжымдық
келісім-шарты болып табылады. Онда кәсіпорын құзырына кіретін еңбек ақы
шарттары көрсетіледі. Әлеуметтік кепілдік саласындағы жаңа бағыттар
табыстарды индексациялау және инфляция бойынша тұрғындардың шығында-рын
компенсациялау болып табылады. Тұрғындарды қолдау және әлеуметтік қорғауда
әлеуметтік салықтың маңызы зор. Оның құрылу және пайдаланылу тәртіптері
заңға сәйкес белгіленеді.

Еңбек және оған ақы төлеу мәселесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
есеп жүйесінде ең басты орындардың бірін алады. Еңбекті дұрыс
ұйымдастырып, оны нақты бағалау үшін экономикамызда жалпы бухгалтерлік
есеп саясатын Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелері негізіне
сәйкес құрылған принциптеріне сүйеніп жүргізу міндеті тұр. Бұл міндеттерді
тиімді шешу жолдарына арналған біздің ғалым - экономистер мен тәжірибелі
мамандардың көптеген еңбектері бар [3].
Қазақстан экономикасының алдында тұрған міндеттерді шешуде, кәсіпорында
басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғы шарттар жасауға мүмкіндік
туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға
маңызды орын берілген [4].
Еңбек ақы біздің республикамыздың тұрғындарының көпшілік бөлігінің
негізгі табыс көзі, және оның мөлшерінің артуы тұрмыс жағдайына үлкен
әсері бар [5].
Қазіргі кезде ұйым жұмыскерлердің орташа жалақысын есептеу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің бекітілген Ортша жалақыны есептеудің біріңғай
ережесіне [6] сәйкес жүргізіледі.
1. Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу кезінде есеп жасау үшін
қызметкерді тек осы ұйымдағы жалақысы есепке алынады.
2. Іс жүзінде жұмыс істеген кезеңдегі (12 айдан кем) орташа жалақыны
есептеу төмендегіше жүргізіледі:
а) демалыс немесе пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы берген кезде;
- жұмыс күндерінде:
жұмыс істелген уақыт үшін жалақы сомасы сенбіні қосқанда, мереке
күндерін алып тастағанда, жұмыс істелінген уақытқа кіретін алты күндік
жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күндерінің санына бөлінеді және ақы
төлеуге жататын күндер санына көбейтіледі;
- күнтізбелік күндерінде:
жұмыс істелген уақыт үшін жалақы сомасы сенбі мен жексенбіні қосқанда,
мереке күндерін алып тастағанда, жұмыс ітелген уақытқа кіретін күнтізбелік
күндердің санына бөлінеді және ақы төлеуге жататын күндер санына
көбейтіледі.
Кәсіпорын еңбек ақы қорын, материалдық көтермелеу қорының тізімдік және
тізімдік емес құрамын, еңбек ақы қоры мен материалдық көтермелеу қорына
енбейтін бір жолғы сыйлықтарды, басқа да ақшалай және заттай төлемдерді,
әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарын жеке-жеке есептеуді
ұйымдастыруға міндетті. Сондықтан оны пайдалануды бақылауға бірінші
кезектегі маңыз беріледі [7].
Еңбек және еңбек ақы есебі кәсіпорынның есеп жүйесіндегі орталық
орындардың бірін алады. Шаруашылық жүргізудің жаңаша жағдайларында, оның
негізгі міндеттері:

1. белгіленген мерзімде кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек ақы бойынша
есептесу (еңбек ақы және басқа да төлемдерді есептеу, олардан тиісті
салықтарды ұстау және нақты ақшаны қолға беру);
2. есептелген еңбек ақы және аударымдар сомасын өнімнің (жұмыстың,
қызметтің) өзіндік құнына уақытылы және дұрыс қосу;
3. жедел басқару және қажетті салық және статистикалық қорытынды есепті
дайындау мақсатында еңбек пен еңбек ақы көрсеткіштерін жинау және
топтастыру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында еңбек және еңбек
ақының бухгалтерлік есебі төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:

- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әртүрлі салаларында нақты
шығындарды құжаттарда уақытылы және дәл рәсімдеу;
- орындалған жұмыс немесе шығарылған өнім көлемін және пайдаланылған
жұмыс уақытын дәл көрсету;
- еңбек ақыны дәл есептеуді қамтамасыз ететін белгіленген нормалар
мен бағамдардың дұрыс қолданылуын бақылау;
- еңбек ақыны дәл есептеу және оның уақытында төленуін қамтамасыз ету
мақсатында кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің еңбегінің мөлшерін
бағалау;
- есеп объектілері бойынша шығындарды дұрыс есептеуді қамтамасыз
ететін бухгалтерлік шоттар бойынша еңбек ақыны тарату тәртібін
сақтау;
- ұйымдастырудың және еңбек ақының алдыңғы қатарлы үлгілерін кеңінен
пайдалану.
Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
➢ айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;
➢ Кодекске сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін
➢ еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;
➢ үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;
➢ мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді;
➢ түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;
➢ жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;
➢ жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу
саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік
бақылауды;
жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Жұмыскерлердің құрамы және жұмыс уақытының есебі

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру процессінде жұмыскер-
лерді қабылдау және жұмыстан босату, персоналдың санының өзгеруі, жұмыс-
керлерді кәсіпорын ішіндегі бір қызметтен екінші қызметке ауыстыру
жағдайлары болып тұрады. Сондықтан зерттеу жүргізілген серіктестіктің есеп
саясатында жеке құрамның есебін жүргізу жүктелетін және жалпы кәсіпорын
мен оның құрылымдық бөлімдері бойынша персоналдың саны, оны өзгерту
себептері жөнінде мәліметтер алуды қамтамасыз ететін жеке бөлім (немесе
лауазымды тұлға) анықталуға тиісті.

Зерттеу жүргізілген кәсіпорында жұмысқа жаңадан қабылданғандарды
“Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен” (№ Е-1 нысан) рәсімдейді. Кадрлар
бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде Жеке карточканы (№ Е-2
нысан) толтырады.

Кезекті демалыс уақытын құжаттау үшін “Демалыс беру туралы бұйрық” (№ Е-
6 нысан) қолданылады. Оны екі дана етіп толтырып, біреуі бухгалтерияда, ал
екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда екі
дана етіп “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық” (№ Е-8 нысан)
толтырылады. Оның біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кәсіпорын басшысында
болады.

Зерттеу жүргізілген серіктестік өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Еңбекақы төлеу формалары
Төлеу кезегінің аудиті
Еңбек ақы төлеудің есебі
Еңбекақыны есептеу
Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың аудиті
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Еңбек ақы төлеудің түрі, нысаны және шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштері
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
Пәндер