Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жалпы жағдайлар
1.1 Стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі .
1.2 Стандарттарды әзірлеудегі негізгі мақсаттары мен принциптері .
1.3 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру .
1.4 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциялау) .
1.5 Стандарт жобасын соңғы редакциясын жасау .
1.6 Стандарттарды бекіту, тіркеу және басып шығару .
1.7 Стандарттарды әзірлеу, бекіту және өзгертулерді енгізу тәртібі .
1.8 Қолдану, стандарттарды жою, стандарттармен ақпараттық қамтамасыз ету .
2 Белгіге өнімге техникалық шарт ретінде ұйым стандартын әзірлеу
2.1 Жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу .
2.2 Стандарт жобасына түсіндірме хат жазу .
2.3 Берілген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу .
2.4 Стандартты жасау бойынша жұмыс бағасын есептеу .
2.5 Өнімнің тәжірибе үлгісіне қабылдау актін түзу .
2.6 Өнімге каталогтық бет әзірлеу .
2.7 Стандарт ісін құрастыру .
3 Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы
3.1 Берілген өнімнің өндірісінің технологиялық нұсқауын әзірлеу .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі нарықтық заманға сай, әрбір ұйым бәсекеге қабілетті, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің ұйым стандартын әзірлейді.
Өнімге ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады. Стандартты дұрыс жасау, орнатылған талаптар бойынша қателік жібермеу аса маңызды, себебі талаптардан ауытқу байқалған жағдайда өнім өндірушіге де, оны тұтынушыға да зиян келуі мүмкін, сондай – ақ шығынға ұшыратады. Яғни, стандарт талаптарын толық меңгеру – біздің денсаулығымыздың да, табысымыздың да көзі болмақ.
Курстық жобаның мақсаты – кез келген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу үшін оның жасалуының нормативтік құжатта орнатылған талаптарын меңгеру болып табылады.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жоба “Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу”
тақырыбында әзірленді. Курстық жоба мына бөлімдерді қамтыды: стандарттарды
әзірлеудегі жоспарлау тәртібі; берілген өнімге техникалық шарт ретінде ұйым
стандартын әзірлеу; жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу;
стандарт жобасына түсіндірме хат жазу; берілген өнім түріне ұйым стандартын
әзірлеу; стандартты жасау бойынша жұмыс бағасын есептеу; өнімнің тәжірибе
үлгісіне қабылдау актін түзу; өнімге каталогтық бет әзірлеу; стандарт ісін
құрастыру; студенттің өзіндік ғылыми жұмысы.
Жалпы курстық жұмыстың теориялық бөлімі А4 форматындағы ____ бетті,
ал графикалық бөлімі А1 форматынан 3 бетті құрайды.

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жалпы жағдайлар
1.1 Стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі
-
1.2 Стандарттарды әзірлеудегі негізгі мақсаттары мен принциптері
-
1.3 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру
-
1.4 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциялау)
-
1.5 Стандарт жобасын соңғы редакциясын жасау
-
1.6 Стандарттарды бекіту, тіркеу және басып шығару
-
1.7 Стандарттарды әзірлеу, бекіту және өзгертулерді енгізу тәртібі
-
1.8 Қолдану, стандарттарды жою, стандарттармен ақпараттық
қамтамасыз ету
-
2 Белгіге өнімге техникалық шарт ретінде ұйым стандартын әзірлеу
2.1 Жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу
-
2.2 Стандарт жобасына түсіндірме хат жазу
-
2.3 Берілген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу
-
2.4 Стандартты жасау бойынша жұмыс бағасын есептеу
-
2.5 Өнімнің тәжірибе үлгісіне қабылдау актін түзу
-
2.6 Өнімге каталогтық бет әзірлеу
-
2.7 Стандарт ісін құрастыру
-
3 Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы
3.1 Берілген өнімнің өндірісінің технологиялық нұсқауын әзірлеу
-
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кріспе

Қазіргі нарықтық заманға сай, әрбір ұйым бәсекеге қабілетті,
тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны
қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім
шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда
көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп,
кәсіпорын өзінің ұйым стандартын әзірлейді.
Өнімге ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі
- бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен
өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып
табылады. Стандартты дұрыс жасау, орнатылған талаптар бойынша қателік
жібермеу аса маңызды, себебі талаптардан ауытқу байқалған жағдайда өнім
өндірушіге де, оны тұтынушыға да зиян келуі мүмкін, сондай – ақ шығынға
ұшыратады. Яғни, стандарт талаптарын толық меңгеру – біздің
денсаулығымыздың да, табысымыздың да көзі болмақ.
Курстық жобаның мақсаты – кез келген өнім түріне ұйым стандартын
әзірлеу үшін оның жасалуының нормативтік құжатта орнатылған талаптарын
меңгеру болып табылады.

1 Жалпы жағдайлар

1. Стандарттарды әзірлеудегі жоспарлау тәртібі.

Стандарттау жөніндегі жұмыстар мен жоспарларды, сондай-ақ осы
жұмыстарды қаржыландырудың жалпы ережелерін, қалыптастыру тәртібін, келісу,
бекіту, орындалуына бақылауды ҚР СТ 1.7-2003 стандарты белгілейді.
Жоспарлар негізінен стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және
қолданыстағы стандарттарға өзгерістер енгізу бөлігінде
стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және түзету мақсатымен
әзірленеді.
Жұмыстар жоспары мемлекетгік стандарттау және мемлекетаралық
стандарттау бөліктерінен тұрады.
Жоспарға:
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге
алынатын нормалар мен талаптарына арналған мемлекеттік және
мемлекетаралық стандарттарды, жалпы техникалық нормалар мен халықтың өмірі
мен денсаулығына, мүлкіне өнімнің, процестердің және қызмет көрсетулердің
және қоршаған ортаға қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді, өнімді өндіріске
жеткізуді, терминологияны, сыньштауды, қабылдау ережелерін, сынамаларды
сүрыптауды және енім сапасын бақылау әдістерін, өнімді орау,
таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелерін;
- мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді
қосады.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде мүдделі
мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да
қоғамдық бірлестіктер, заңды және жеке түлғалар бола алады.
Жоспар 1 жылға әзірленеді және мемлекеттік және мелекетаралық
стандарттау жөніндегі жұмыстарды орьшдауға белгіленген тізбесімен, осы
кезеңде үнемі қолданыстағы құжат болып табылады.
Жоспар жоспарланған кезеңге арналған стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі басым бағыттардан шығып, мүдделі мемлекеттік
басқару органдары, ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-
техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктер және басқа да
жеке, заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен қалыптастырылады.
Жоснарланған кезеңге ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін
ұсынылады.
Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бөлігінде жоспарға ұсыныстарды
хатшылығын Қазақстан Реслубликасы жүргізетін МТК, ТМД елдерінің мүделлі
үлттық мекемелері немесе олармен келісім бойынша басқа да мекемелер
үсынады.
Уәкілетті орган түскен үсыныстарды талдайды, жоспарланған жылдың 1
қыркүйегінен кешіктірмей жоспарды қалыптастырады жөне жоспар жобасын
мүдделі мемлекеттік басқару органдарына және басқа да жеке және заңды
тұлғаларға бағыттайды.
Сын-пікірлерді алғаннан кейін уәкілетті орган оны қабылдау немесе
жоспарланған жылдың алдыңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей өндеуге қайтару
туралы шешім қабылдау үшін жоспар жобасының соңғы редакциясын
қалыптастырады.
Соңғы редакциясымен түскен өтінімдер және түсіндірме хаттар тақырыптар
саны жағынан аналитикалық түрде жоспарланған жүмыстар, белгіленген
басымдықтар, нормативтік қүжаттардың санаттары мен түрлері, жүмыс түрлері,
әзірлеушінің жүмыс орындау мерзімі, қаржьшандыру көздері қоса жіберіледі.
Түсіндірме жазбасында әзірлеуге түскен өтінімдердің жалпы саны,
себептері көрсетіліп қабылданбаған өтінімдердің саны, әзірлеудің ауыспалы
тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасы уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК)
отырысында қарастырылады.
Жоспар жобасын қарағаннан кейін, уәкілетті орган, қажет болса, мүдделі
мемлекеттік органмен және басқа заңды немесе жеке түлғалармен (егер олар
жоспар жобасына ұсыныстарды ұсынса) жоспар жобасының соңғы редакциясын
қосымша келісу туралы шешім қабылдайды.
Мүделлі жақтардың ұсыныстарын ескеріп уәкіл органмен өңделген жоспар
қарауға және бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.
Жоспар жобасы туралы ақпарат уәкілетті органның веб-сайтында
орналастырылады.
Уәкілетті орган бекіткеннен кейін айлық мерзімде мемлекеттік
стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стаңдартгарының ай сайынғы ақпараттық
көрсеткішінде (ҚР МС АК) жарияланады.
Жоспар бойынша қаржыландыру көздері:
- Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қорлар, мемлекеттік және
мемлекетаралық бағдарламалар ҒЗЖ жоспарлары, мемлекеттік стандартты
өңдеушілер және баска норматвитік құжаттар;
- қаржыландырудың басқа да көздері;
- өңдеушілер есебінен қор бойынша;
- тапсырыс беруші, өндіруші және басқалары қаржыландыру.

1.2 Стандарттарды әзірлеудегі негізгі мақсатары мен принциптері.

Стандарттар кез келгне өнімге, процестерге және қызметтерге
әзірленеді.
Стандарттарды әзірлеуді мемлекеттік стандарттау жоспарларына
(бағдарламаларына) сәйкес немесе өзінің ынтасы бойынша стандарттау
жөніндегі мемлекеттік және мемлекет аралық техникалық комитеттер,
республиканың басқа мүдделі тұлғалары жүзеге асырады.
Стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары мемлекеттік басқару органдары,
дайындаушылар мен өнімді түтынушылар, қоғамдық мекемелер мен
бірлестіктер, республиканың басқа мүдделі түлғалары болуы мүмкін.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін стандарттарды әзірлеу конкурс
негізінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар туралы
Заңына және тапсырушымен белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Стандарттарды әзірлеушілер оларды әзірлеуге шарт жасайды.
Стандарттарды әзірлеудің негізгі мақсаттары:
- азаматтардың өмірі және денсаулығы, занды және жеке тұлғалардың
мүліктері, малдар мен өсімдіктердің өмірі, қоршаған орта үшін өнім,
процесс, қызметтер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- техникалық реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу;
- табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлар пайда болу
тәуекелдігін есепке алып объектілер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- ғылыми-техникалық прогреске көмектесу;
- өнім, процесс және қызметгің бәсекеге жарамдылығын көтеру;
- ресурстарды үнемді пайдалану;
- техникалық және ақпараттық үйлесімдік;
- зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, техникалық-статистикалық
деректер нәтижелерін салыстыру;
- өнімнің өзара алмасуы.
Стандарттарды әзірдеудің негізгі пршіциптері:
- келісу;
- еркіндік;
- қол жететіндік;
- экономикалық мақсатқа сайлық.
Стандарттау нысандары
Ұйымдар деңгейінде стандарттау нысандарына ұйымдар ішіндегі нысандар
және жеткізілетін өнімді қоса, соның ішінде іргелі немесе қолданбалы
зерттеулер және әзірлемелер болып табылатын өнім, процесс және қызметтер
жатады:
- жаңа және жаңғыртылған өнім, технология және қызмет түрлері;
- ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық нормалар;
- өнімнің құрамдық бөлігі, технологиялық жабдықтау және құрал,
технологиялық процестер, сонымен қатар жалпы технологиялық нормалар мен
оларға қойылатын талаптар;
- ұйымдастыру процестері және өндірісті басқару, сапа менеджменті
жүйесін, экологиялық менеджмент, еқбек қауіпсіздігі менеджментін қоса;
- терминология, сыныптау және кодтау нысандары;
- технологиялық процестер (тәртелтер, реттемелер);
- бақылау (сынау) әдістері, өлшеу орындау әдістемелері.
Стандарттар ұйымдарды және өндірісті басқаруды жетілдіру, шығарылатын
өнімнің, процестердің және қызметтердің бәсекеге жарамдылығын, сонымен
қатар ұйымдарда халықаралық, аймақтық және шетелдік мемлекеттердің ұлттық
стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету мақсатымен оларды қолдану
қажетгілігіне сүйеніп әзірленеді.

1.3 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру

Стандарттарды әзірлеу алдында техникалық реттеу жүйесіне стандарттарды
әзірлеуге өтінімді дайындау және ұсыну керек.
Стандарттарды әзірлеуге өтінімді мемлекеттік басқару органдары,
объектілерге бекітілген ТК, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін
жүзеге асыратын басқа заңды тұлғалар ұсынуға болады.
Өтінімді дайындау және қарау, мемлекеттік стандарттау жөніндегі
жоспарларды қалыптастыру ҚР СТ 1.7 сәйкес жүзеге асырылады, соның ішінде
заңдар, стандарттарға сілтемелері бар нормативтік қүқықтық актілер мен
техникалық реттемелер. Өтінімде стандарттарды әзірлеу қажеттілігіне
негіздемені және мақсатын көрсетеді.
Өтініммен бірге стандарт жобасы, оны әзірлеуге техникалық тапсырма
жіберілуі тиіс.
Қажет болса, техникалық тапсырмада көрсетіледі:
- стандарттарды әзірлеу сатысы және оларды орындау мерзімі;
- стандарт бөлімдері;
- стандарттауға жататын объектінің негізгі сипаттамалары мен
көрсеткіштері;
- стандартпен бірге ұсынылатын құжаттардың және келісілетін мекемелер,
халықаралык стандарттар тізбесі, олардың мөлшерлерімен әзірленетін
стандарттар талаптарын үйлестіру және тапсырушының басқа талаптары
ұсынылады.
ТК (әзірлеуші-мекеме) стандарт жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.
- ТК мүшелерінен және оның шағын комитетінен (ШК) стандарт жобасын
әзірлеу үшін жұмыс тобы құрамын (ЖТ) анықтайды;
- бекітілген бағдарламаларға, жоспарларға және келісімдерге сәйкес
стандаттарды әзірлеу сатысы бойынша жүмыстарды орындау мерзімін
белгілейді.
Оны қарауға мүдделі мекемелер мен шетелдік серіктестер туралы
ақпаратты жинау үшін стандарттарды әзірлеудің басы және оның жалпы
талаптары туралы ақпарат техникалық реттеу жүйесінің Веб-сайтында
орналастырылады.

1.4 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциясы)

Жұмыс тобы стандарт жобасын және оған түсіндірме жазба хатын
дайындайды.
Түсіндірме жазбахатта келтіріледі:
- стандарттарды әзірлеудің техникалық-экономикалық негіздемесі;
- тиісті кұжат тапсырмасын көрсетіп стандартты әзірлеуге негіздеме;
- мемлекеттік тілде стандарттарды әзірлеудің мақсатқа сайлығның
негіздемесі;
- стандарттау объектісінің сипаттамасы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына, техникалық реттемелерге,
халықаралық стандарттарға, қазіргі заманның ғылыми-техникалық деңгейіне
стандарт жобасының сәйкестігі туралы ақпарат;
-стандарт жобасының стандарттау жөніндегі басқа нормативтік
құжаттарымен өзара байланысы туралы мәлімет және оларды қайта қарау,
өзгерту және жою жөніндегі ұсыныстар;
- қарауға және келісуге стандарт жобасын жіберу туралы мәлімет;
- ақпарат көздері;
- әзірлеуші (мекенжайы, эллектрондық және байланыс телефоны факс)
және жұмыстарды бірге орындаушы, стандартты әзірлеу мерзімі туралы
деректер;
ТК (әзірлеуші-мекеме) стандарт жобасының заңды және басқа нормативтік
құқықтық актілеріне, техникалық реттемелерге, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, келісім шарттарына немесе
стандартты әзірлеудің техникалық тапсырмасына сәйкестігін тексереді және
оны түсіндірме жазбахатымен ТК және мүдделі мекемелерге жібереді.
ТК мүшелері және мүдделі мекемелер стандарт жобасын қарайды
(отырыстарда, хат жазысу, сөлесу арқылы) және ескертулер мен ұсыныстарды
дайындайды.
Стандарт жобасын жіберуді электрондық поштаны пайдаланып жүзеге
асырады.
Алынған ескертулерді ескеріп ТК (әзірлеуші-мекеме) бірінші редакция
ретінде стандарт жобасын дайындайды.
Ұйымдастыру-өдістемелік стандарттар жобасының мәтінін және
стандарттарға хабарламаларды атап өтілген жағдайларда мүдделі мекемелер
мен шетелдік серіктестер түсініктемелерді дайындау үшін техникалық
реттеу жүйесінің Веб-сайтында орналастырады.
Стандарт жобасын стандарттау объектісіне байланысты келісуге:
- әзірлеуші тапсырушысына (бар болса);
-қүзыретіне стандартталған өнімдер қауіпсіздігіне мөлшерлеу және
қадағалау кіретін мемлекеттік басқару органдарына;
- балалардың, арнайы және алдын алу тағамы өнімдерінің Қазақ тамақ
академиясына;
- тамақтың биологиялық белсенді қоспаларына;
- қолданыстағы және әзірленетін техникалық реттемелер әзірлеу-шілеріне
мекемелерге, әзірленгендерді толықтыру және дамыту;
- олардың қызмет саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттерге, егер олар стандарттарды әзірлеушілер болмаса қарауға;
- бақылау әдістеріне әзірлеген кезде Қазақстан стандарттау және
сертификаттау институтына РМК (сынаулар, талдау, өлшеу);
- Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына РМК;
- стандарт жобасын әзірлеумен байланысты қайта қарауға, өзгертуге
немесе жоюға жататын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік
құжаттар әзірлеушілеріне;
- әлеуетті өнімді әзірлеушілерге және тұтынушыларға, мүдделі
ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, оқу
орындарына, республика ғылымдарына, тәуелсіз сарапшыларға (болса) жібереді;
Стандарттар жобасын әзірлеуді және келісуді қабылдау комиссияларында
(дегустациялық және көркем-техникалық кеңестерде) жүргізуге болады, егер
өнімді қосымша сынау немесе зерттеу талап етілмесе.
Стандарттар жобасын қарау және республика аумағында орналасқан
мекемелер пікірлерін дайындау мерзімі оларды алған сәттен 1 айдан аспауы
тиіс, ол техникалық реттеу жүйесінің \Веб-сайтында орналаскан стандарттар
үшін Қазақстанның сауда серіктестер елдеріне - 60 күн.
Көрсетліген мерзім ішінде түсініктемелер мен пікірлер ұсынылмаған
жағдайда стандарт жобасы келісілген деп саналады.
Стандарт жобасы бойынша үсыныстар мен ескертулерді тізбектеп баяндау
ұсынылады:
- тұтас жоба бойынша;
- бөлім, бөлімше тармақ, тармақша, атап өту, қосымшалар бойынша
стандартты баяндау тәртібінде.
Стандарт жобасына барлық ескертулер негізделу және нақты сипатта болу
тиіс.
Белгіленген қарау мерзімінен кейін мүдделі түлғалардан түсетін
ескертулер мен ұсыныстарға әзірлеушілер назар аудармаса да болады,
болашақта стандартты кезекті қараған кезде немесе өзгертулерді енгізген
кезде ескерілуі мүмкін.

1.5 Стандарт жобасының соңғы редакциясын жасау.

ТК (әзірлеуші-мекеме) алған пікірлер мен ұсыныстарды ескеріп стандарт
жобасының соңғы редакциясын дайындайды және олар бойынша дауыс беруді
жүргізеді.
Отырыс шешімін хаттамамен ресімдейді. Отырыс хаттамасында ТК әр
мүшесінің және мүдделі мекемелердің дауыс нәтижелері көрсетілуі тиіс. Егер
өкілетті тұлғаның ТК (әзірлеуші-мекеме) отырыстарында қатысуға мүмкіндігі
болмаса, стандарт жобасымен келісуді (келіспеуді) хатпен, жеделхатпен
немесе басшының (басшы орынбасарының) қолы мен мөрін басып растауға болады.
Әзірлеуші қабылдаған (қабылдамаған) ескертулер мен ұсыныстар стандарт
жобасының пікірлер жиынтығына кіргізіледі.
Қажет болса, стандарт жобасының соңғы редакциясы стандарт жобасы
бойынша келіспеушілігі бар ұйымдарға қарауға және келісуге жіберіледі.
Стандарт жобасы қабылданбаған ұсыныстар мен ескертулерге негіздеме
келтірілген пікірлер жиынтығымен бірге жіберіледі.
ТК (әзірлеуші-мекеме) стандарт жобасын мақұлдайды, егер оған ТК-тің
және (немесе) мүдделі мекемелердің 23 мүшесі дауыс берсе.
Стандарт жобасы өндіріс және өнімге қауіпсіздік қамтамасыз ететін
мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілмей мақұлдауы да мүмкін, егер
стандарт жобасында стандартталатын объект бойынша қауіпсіздік мөлшері болса
және де тиісті техникалық реттеме әзірлеушілерінің келісімі жоқ болған
жағдайда, егер ол оның дамуында әзірленсе.
Келісушілікке жетпеген жағдайда стандарт жобасы соңғы шешім қабылдау
үшін техникалық реттеу жүйесіне жіберіледі.
Техникалық реттеу жүйесіні стандарт жобасын әзірлеуден алуға және
әзірлеушіге стандарт жобасының әзірлеуден алыну себебін көрсетіп,
техникалық реттеу жүйесінің мамандырылған басылымдарында әзірлеу туралы
есептемені жариялауды ұсыну тиіс, егер:
- стандарт жобасы бойынша келіспеушілікті алу мүмкін болмаса;
- егер әзірленетін стандарт жобасында республика аумағында күші
жойылуы ескерілмесе, Қазақстан Республикасында қолданыстағы техникалық
реттемелердің, мемлекеттік және (немесе) мемлекет аралық стандарттардың
талаптарын көшіру орынды болса.
Техникалық реттеу жүйесі бекіту туралы дұрыс шешім қабылдаған кезде
әзірленген стандарт жобасы келесілерді ескерілген процедурадан өтеді.
ТК (әзірлеуші-мекеме) (ал ол жоқ болса әзірлеуші-мекеме) стандарт
жобасының соңғы редакциясын мақұлдаған жағдайда ол мемлекетік тілге
аударылады және техникалық реттеу жүйесіне бекітілуге жіберіледі.
Техникалық реттеу жүйесіне бекітуге жіберуге дейін терминологиялық
стандарттардың соңғы жобалары аударма дұрыстығын алдын ала сараптау үшін
құзыретті мекемелерге (шарт негізінде) жіберіледі, содан кейін Қазақстан
Республикасы Үкіметіндегі Мемлекеттік терминологиялық комиссияға тексеруге
және олардың мемлекеттік тілге аударылу дұрыстығын растау тұжырымын алуға
жіберіледі.
Стандарт жобасының мемлекеттік тілге дұрыс аударылуына,
терминологиялықтан басқаларға, стандарт жобасын бекітуге ұсынған мекеме
жауапты.

1.6 Стандартты бекіту, тіркеу және басып шығару.

Стандарт жобасының соңғы редакциясы жасалып болған соң техникалық
реттеу жүйесіне бекітуге мыналарды жіберіледі:
- мемлекеттік және орыс тілінде екі данада жалпы мұқабада ресімделген
стандарт жобасының соңғы редакциясы;
- үлкен көлемді бұйымның суреті, қажет болса, келесі құжаттама бір
данада;
- стандарттың электрондық версиясы;
- стандарт жобасына түсіндірме жазбахат;
- белгіленген нысанда пікірлер жиынтығы;
- стандарт жобасын қарауды және бекітуді растайтын түпнүсқа құжат;
- стандарт жобасының соңғы редакциясын қарау жөніндегі ТК (әзірлеуші-
мекеме) отырысының хаттамасы;
- қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы және стандарт талаптарына
сәйкестігіне өнімді сынау актілері (қажет болса);
- Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі терминологиялық комиссияның
тұжырымы.
Стандарт жобасын бекітуге дайындау кезеңінде пікірлер жиынтығын
стандарттау және сертификаттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК)
және, кажет болса, метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия қарайды.
Стандарт жобасьшың негізделген ескертулері болса аяқтап бітіруге
қайтарылады немесе әзірлеуден алынады.
Аяқтап бітіруге стандарт жобасының қайтарылу себебі келісетін
мекемелерден алынған тұжырымдар жоқтығы, міндетті талаптар бөлігінде заңды
және басқа нормативтік-құқықтық актілер, өзара байланысты техникалык
реттемелер, халықаралық, мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттар
талаптарына сәйкессіздігі; мүдделі ТК мүшелері мен мекемелердің
қабылданбаған ескертулері негізделмеуі.
Стандарт жобасын түзетіп және аяқтап бітірген соң қоса жіберілетін
құжаттар жинағымен ҒТК хаттамасы және ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар
жобасымен техникалық реттеу жүйесіне бекітуге жіберіледі.
Мемлекеттік стандарттар техникалық реттеу жүйесінің ұйымдастыру-
өкімгерлік құжаттарымен бекітіледі және күшіне енгізіледі.
Негізге алынатын (ұйымдастыру-әдістемелік) және жалпы техникалық
стандарттар, қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау әдістері,
буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау стандарттары күшінің мерзімі
шектелмей бекітіледі.
Өнімнің мемлекеттік стандарттары, технологиялық процестер мен
қызметтер өнім мен технологияның жаңару мерзімін ескеріп, шектелген
мерзімге бекітіледі, бірақ 5 жылдан көп емес.
Бекітілген стандарттардың күшіне енгізілген күні стандарттарды
енгізуді камтамасыз ететін қажетті шаралардың іске асырылуын ескеріп,
бірақ бекітілген сәтінен 1 жылдан ерте емес белгіленеді.
Стандартпен белгіленген талаптарды сақтауға қажетті жағдай болса
кәсіпорындар мен мекемелердің оларды күшіне енгізу шегінде кез келген
күннен стандарттарды алдын ала енгізуге қүқығы бар, бірақ оларды бекіткен
және мемлекеттік тіркеген күннен ерте емес.
Бекітілген стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарттау жүйесінің Мемлекеттік тізіліміне техникалық реттеу жүйесі
белгіленген тәртіпте енгізіледі. Стандарттарға белгі беру тәртібі ҚР СТ 1.5
сәйкес.
ҚР СТ 1.22 белгіленген тәртіпте әр бекітілген стандарт бойынша
стандарт ісі қалыптастырылады.
Әзірленетін стандарттар деңгейіне әзірлеуші мен бекіткен мекеме
жауапты.
Техникалық реттеу жүйесінің уәкілеткен мекеме бекітілген стандарттар
және оларға өзгертулер (стандарт күшінің мерзімін ұзарту және шектеу, жою
және қайта қарау) туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарты ай сайынғы ақпараттық сілтемелерінде (ҚР СТ АК) жариялайды.
Стандарттарды басьш шығару тәртібі және олардан көшірмесін алу,
бекітілген стандарттар мен өзгертулерінің мәтіні туралы
ақпаратты жариялау, ақпаратпен және мүдделі мекемелердің басып шығарылған
стандарттарымен қамтамасыз ету ҚР СТ 1.8 белгіленген.

1.7 Стандартты әзірлеу, бекіту және өзгерістерді енгізу тәртібі.

Стандарттарды әзірлеуді келесі тәртіпте жүзеге асырады:
1 саты-әзірлеуді ұйымдастыру;
2 саты - стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциясы) және оны
қарауға және келісуге жіберу;
3 саты - стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны
бекітуге ұсыну;
4 саты бекіту және мемлекеттік тіркеу;
5 саты - басып шығару
Стандарттарды бекітіп басып шығармас бұрын стандартты толығымен
тексеріп шығады. Оларға керек болған жағдайда өзгертулер енгізіледі.
Стандартқа өзгертулерді стандарттық жеке талаптарын ауыстыру,
толықтыру немесе жою кезінде әзірлейді.
Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы стандарт көле-мінен 50%
асса, онда қолданыстағы стандартты оны бекіткеннен кейін бір айлық мерзімде
өзгертумен бірге қайта шығару ұсынылады.
Стандартқа өзгертулерді оларға жада, ілгері талаптарды енгізген және
қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өніммен жаңа өнім үйлесушілігі
және өзара алмасушылығы талаптарын бұзбайтын халық аралық стандарттармен
үйлестірген кезде әзірлейді.
Редакциялық және сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына талаптарды
ауыстырумен (қосумен, жоюмен) немесе халықаралық стандарттары талаптарымен
үйлестірумен негізделген өзгертулерді әзірлеу кезінде ескереді
Өзгертулер стандарт әзірлеушісі болып табылмайтын, бірақ олармен
міндетті келіскен кезде ұйымдармен дайындалуы тиіс.
Егер өзгертулердің олардың құзырына жатпайтын талаптарға қатысы
болмаса, стандарт өзгертулерінің жобасын стандартты келіскен ұйыммен
келіспесе де болады.
Егер бекітетін ұйым құжаттарымен басқа ескерілмесе, стандарт
өзгертулерінің жобасын бекітуге бір данада ұсынады.
Стандарт өзгертулері жобасымен бірге өзгертулер жобасын келісуді және
қарауды растаитын түпнұсқа құжаттар, пікірлер жиынтығы және түсіндірме
жазбахат ұсынылу керек. Түсіндірме жазбахатында енгізілетін (енгізілген)
өзгерту (өзгертулер) болуы керек.
Өзгертулер стандартты бекіткен ұйымның ұйымдастыру-өкімгерлік
құжатымен бекітіледі және күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер
стандарттарға белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.
Өзгертулер тіркеуге жатады. Тіркеу кезінде әр өзгертуге бөлшек арқылы
тіркеу нөмірі көрсетіліп, стандартқа берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі
және оның күшіне енгізілген күнін белгілейді, бірақ оның тіркелген күнінен
бұрын емес.
Стандартқа өзгертулерді тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу тізілі-міне
стандарттың тіркеу нөмірі енгізіледі және бөлшек арқылы өзгертудің реттік
нөмірі көрсетіледі.
Стандарттың күшінің мерзімін ұзарту, шектеу немесе шек-теуден алу
ұсыныстары стандіртты бекіткен ұйымға жіберіледі.
Бекітілген өзгертулер мәтіндері және олармен бірге бекі-туге ұсьшылған
құжаттар стандарт ісіне кіргізіледі, егер ол стандартқа ескерілсе.
Күшінің мерзімі дер кезінде ұзартылмаған стандарттар шынайы емес болып
саналады және жұмыста қолданылмауы да мүмкін. Стандарт күшінің мерзімі
қалпына келтірілуі мүмкін, егер оның мерзімі өткеннен кейін алты айдан көп
болса.

1.8 Қолдану, стандарттарды жою, стандарттармен ақпараттық қамтамасыз
ету.

Стандарттарды қолдану
Бекітілген стандарттарды жүмыстарды орындаған және қызмет көрсеткен
кезде өнімді әзірлеу, өндіріске дайындау, істеп шығару, іске асыру,
қолдану (пайдалану), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату сатысында
Қазақстан Республикасы аумағында қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке
тұлғалар қолданылады.
Стандарттар тікелей немесе оларға заңды актілерде, басқа нормативтік
кұжаттар актілерінде, техникалық реттемелерде, келісім шарттарда, басқа
құжаттарда сілтеу жолымен қолданылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүддесін қорғауды,
тұтынушыны алдаудан қорғауды, үйлестірушілік, өзара алмасушылық жөне
халықтың денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға енімнің, процестің
(жұмыстардың), қызметтің қауіпсіздігін және мүлігін сақтауды қамтамасыз
ететін талаптары бар стандарттар техникалық реттемелерге жатады.
Көрсетілген талаптары бар стандарттар тиісті заңды және басқа
нормативтік құқықтық актілер, техникалық реггемелер мен өнімге міндетті
техникалық талаптарды реттемелейтін басқа нормативтік құжаттарды бекітуге
дейін сақтауға және қолдануға міндетті болып табылады.
Стандарттар техникалық ретгемелерді әзірлеу үшін негіз ретінде
пайдалануы мүмкін. Техникалық реттемелер мәтінінде стандарттарға
сілтемелер және де стандарттар мәтіні толық немесе жартылай келтірілуі
тиіс.
Қазақстан Республикасы аумақтарында өнімді өндіру және сату туралы
шешім қабылдаған кезде дайындаушы енімнің каталогтық парағын толтырады және
ҚР СТ 1.11 сәйкес уәкілетті мекемеге ұсынады.
Стандарттарды жою
Стандарттарды жоюды осы стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығарған
(жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен) кезде, осы стандарт
орнына басқа стандарттау жөніндегі нормативтік құжат әзірлеген кезде,
Қазақстан Республикасы аумағында осы объектіге техникалық реттемелерді
немесе халықаралық стандартты енгізген жағдайда жүзеге асырады.
Стандартты жою қажет болса техникалық реттеу жүйесіне жою туралы
ұсыныстарды, оны ауыстыратын құжат туралы немесе ауыстырусыз стандартты
жою туралы ақпаратты, егер онда сақтауға және қолдануға міндетті
мөлшерлері болса өнім қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдары
стандартын жоюға келісімді растайтын түпнүсқалық құжаттарды жібереді.
Стандарттарды жою жөніндегі негізгі ұсыныстарды республиканың кез келген
мүдделі тұлғалары беруі мүмкін.
Қолданыстағы стандарттарды жою туралы ұсыныстар, дағдыдағыдай,
өзгертулер түрінде ресімделеді. Стандарттарды жою техникалық реттеу
жүйесінің бүйрығымен жүзеге асырылады.
Ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету
Бекітілген стандарттар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға дейін
жеткізуді және есепке алуды түпнұсқаларды ұстаушы-ұйымдар жүзеге асырады.
Стандарттар түпнүсқаларын ұстаушы-үйымдар ақпаратты меншікті
ақпараттық басылымдарында және каталогтарында немесе ИНТЕРНЕТ желісінде
орналастырып, бекітілген стандаттар және оларға өзгертулер туралы, олардың
күшінің мерзімі ұзартылуы немесе шектелуі, стандарттардың жойылуы және
(немесе) қайта қарау туралы ақпаратты жариялауды үйымдастырады.
Бекітілген стандарттар туралы және олардың өзгертулер мәтіндері туралы
ақпартты жариялау тәртібі, ақпаратпен, басып шығарылған стандарттармен және
олардың кешірмелерімен мүдделі тұлғаларды қамтамасыз етуді бекітетін ұйым
белгілейді.
Жеткізілетін өнімге езірленген стандарттар бойынша ақпарат тоқсанында
бір реттен сирек емес стандарттау, метрология және сер-тификаттау жөніндегі
уәкілетті органдармен анықталған ұйымға ҚР СТ 1.8 сәйкес Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік стандарты (ҚР СТ АС) ай сайынғы ақпараттық
сілтемесінде жариялау үшін жіберіледі.

2 Белгілі өнімге техникалық шарт ретінде ұйым стандартын әзірлеу.
2.1 Жасалынатын өнімге техникалық тапсырма әзірлеу.

Жаңа өнім және оған сәйкес техникалық құжат әзірлеу үшін негізгі құжат
техникалық тапсырма болып табылады. Онда стандарттарды әзірлеу сатылары
және оларды орындау мерзімдері, стандарттар бөлімдері, стандарттауға
белгіленген негізгі сипаттамалар мен нысан көрсеткіштері, стандаттармен
бірге ұсынылатын құжаттар, келісілген ұйымдар, олардың нормаларымен
әзірленетін стандарттар талаптарын, тапсырушының басқа талаптарын
үйлестіруге ұсынылатын халықаралық стандарттар тізбелері, өнімдердің
тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын техникалық-эканомикалық талаптары мен
қолдану тиімділігі және өңдеу нәтижелерін тапсыру мен қабылдау құжаттарының
тізімі көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық тапсырмада өндірісті
дайындау мен игеру талаптары көрсетіледі. Техникалық тапсырма орындалған
ғылыми-зерттеу және сынау жұмыстарының, сондай-ақ отандық және шетел
өндірісінің жетістіктерінталдау негізінде жасалынады.
Техникалық тапсырманы жасаушы өзінің тәжірибесін кәсіпорын жоспарында
жүзеге асыру мақсатында техникалық тапсырманың әзірлеу ретін орнатады.
Өнімге арнайы талаптарды бекіту үшін, соның ішінде қауіпсіздік талаптарын,
денсаулық және табиғатты қорғау талаптарын, сондай-ақ өнәмнің техникалық
деңгейін бақылау үшін әзірлеуші немесе тапсырыс беруші техникалық
тапсырманы басқа ұйымдарғат қорытындылау үшін жіберіледі. Алынған нәтижелер
бойынша шешімді әзірлеуші мен тапсырыс беруші техникалық тапсырманы
бекітуге дейін қабылдайды.
Техникалық тапсырма – атауы және қолдану саласы; әзірлеу негізі;
әзірлеу мақсаты мен тағайындалуы; ақпарат көздері; техникалық талаптар;
экономикалық көрсеткіштер; әзірлеу сатысы мен кезеңдері; бақылау және
қабылдау реті; қосымшалар бөлімдерінен тұрады:
Аммиакты селитраның ұйым стандартына техникалық тапсырма ГОСТ 2-85
және МС ИСО 2365-72 талаптарын салыстыру нәтижесінде әзірленді. МС ИСО 2365-
72 стандартында қабылдау ережелері мен сынау қорытындыларын талдау туралы
толығымен келтірілген.

Келісілген
Бекітемін
ҚР Ауыл шарушылығы
КазАзот
Министрлігі
АҚ-ның директоры
____________(А.Ж.Т)
____________(А.Ж.Т)
___________2008ж
___________2008ж

Аммиакты селитраның өніміне ұйым стандартын әзірлеуге

Техникалық тапсырма

Әзірлегендер: КазАзот АҚ-ның стандарттау
бөлімінің бастығы – Ешанқұлов Ә.А.
КазАзот АҚ-ның стандарттау бөлімінің
бас маманы – Жандарбекова А.

Шымкент – 2008ж

1 Аталуы және қолдану саласы.

Бұл техникалық тапсырма бейтараптау жолымен алынатын аммиакты селитра
өніміне тағайындалған. Аммиакты селитра ауыл шаруашылығында тыңайтқыш
ретінде қолданылады, өнеркәсіптерде әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады.

2 Әзірлеу мақсаты мен тағайындалуы.

Аммиакты селитраның өніміне ұйым стандартын әзірлеу үшін техникалық
тапсырма жасалынды. Техникалық тапсырма өнімнің адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған міндетті талаптар,
өнімді сәйкестендіру жолдарын, сонымен қатар таңбалауға қойылатын
талаптарды орнатады.

3 Әзірлеуге қажетті ақпарат көздері.

ГОСТ 2 – 85 Аммиакты селитра. Техникалық шарт.
ГОСТ Р 8.579 – 2001 Өлшем бірліктерді ұамтамасыз етудің мемлекет-тік
жүйесі. Кез келген түрдегі буып түйілуге өлшеніп салынған тауарлардың
санана оларды өндіру, өлшеп салу, сату және сыртқа шығару кезінде қойылатын
талаптар.
ГОСТ 23954 – 80 Тыңайтқыш заттар. Қабылдау ережелері.
ГОСТ 20851.1 – 75 Аммиакты селитра. Қоректендіргіш элементтердің
массалық үлестерін анықтау әдістері.

4 Техникалық талаптар.

4.1 Аммиакты селитра орнатылған ретпен бекітілген технологиялық нұсқау
бойынша осы стандарт талаптарына сай түйіршіктелген түрде өндіріліп
шығарылуы керек.
4.2 Оның химиялық формуласы NН4NОз, халқаралық атомдық масса бойынша
молекулярлык массасы — 80.043гмоль болуы тиіс.
4.3 Аммиакты селитраны екі түрлі маркада шығарады:
А – өндіріс үшін;
Б – ауыл шаруашылығы үшін.
4.4 Аммиакты селитраның сақталуы тиіс физика-химиялық көрсеткіші
төмендегі кестеде көрсетілген:

Сапа категориясына
байланысты нормасы.
Көрсеткіштердің аталуы

А Б
1 Сыртқы түрі Дөңгелек түйіршіктелген өнім
2 Түсі Ақ
3 Иісі Ащы мұрын жаратын.
Есептеудегі көректендіруші заттың
массалық үлесі;
Құрғақ заттағы NH4NОз Нормаланбайды
мөлшері. %, аз емес
Қүрғақ заттағы азоттың мөлшері, %,
аз емес
34.4 34.0
5 Судың массалық үлесі, %, көп
емес, анықтауынша
Кептіру методы:
Сульфатты және сульфатты-
фосфорлы қосу арқылы 0.2 0.3
Ылғал ұстағыш қосу арқылы 0.3 0.3
Фишер методымен 0.6 0.6
6 Құрғақ заттың көрсеткішіндегі
қосымшаның массалық үлесі:
СаО көрсеткішіндегі кальций
мен магнидің нитраты, % 0.2-0.5 Нормаланбайды
Р2О5 (өндіріста тек қосымша ретінде
қолданылатын)
көрсеткішіндегі фосфаты, % 0.5-1.2
Аммоний сульфаты, % 0.3-0.7
Аммоний сульфаты мен
фосфаттың қосындысы, % 0.4-0.6
7 10% су қоспасындағы рН, аз емес 5.0 5.0

сульфатты-фосфорлы қоспадағы рН 4.0 4.0
8 10% азотты қышқыл коспасындағы
ерімейтін заттың массалык үлесі, %,Нормаланбайды
көп емес
9 Түйіршік өлшемінің кұрамы:
1 ден 4мм-ге дейінгі түйіршіктіі
массалык үлесі, %, аз емес 95 95
сонымен бірге:
2 ден 3 мм-ге дейінгі түйіршік, %,
аз емес 50 Нормаланбайды
1 мм-дегі түйіршіктің массалык
үлесі, %, көп емес 4 4
1 ден 3 мм-дегі түйіршіктің
массалык үлесі, %, аз емес
Нормаланбайды
10Түйіршіктің статистикалық
беріктігі, Н түйіршік, (г 7(700) 5(500)
түйіршік), а емес
11Төгілімділігі, %, аз емес 100 100

5 Әзірлеу сатысы мен кезеңдері.

Ұйым стандарттарын әзірлеуді келесі сатыда жүзеге асырады:
1 саты - әзірлеуді ұйымдастыру;
2 саты - стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциясы) және оны
қарауға және келісуге жіберу;
3 саты - стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны
бекітуге ұсыну;
4 саты - бекіту және мемлекеттік тіркеу;
5 саты - басып шығару
Жоспарлар негізінен стандарттау жөніндегі жұмыстарды әзірлеу,
ұйымдастыру және түзету мақсатымен әзірленеді.
Жоспар 1 жылға әзірленеді және мемлекеттік және мелекетаралық
стандарттау жөніндегі жұмыстарды орьшдауға белгіленген тізбесімен, осы
кезеңде үнемі қолданыстағы құжат болып табылады. Жоспарланған жылдың 1
қыркүйегінен кешіктірмей жоспарды қалыптастырады жөне жоспар жобасын
мүдделі мемлекеттік басқару органдарына және басқа да жеке және заңды
тұлғаларға бағыттайды.Сын-пікірлерді алғаннан кейін уәкілетті орган оны
қабылдау немесе жоспарланған жылдың алдыңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей
өндеуге қайтару туралы шешім қабылдау үшін жоспар жобасының соңғы
редакциясын қалыптастырады.
Соңғы редакциясымен түскен өтінімдер және түсіндірме хаттар тақырыптар
саны жағынан аналитикалық түрде жоспарланған жүмыстар, белгіленген
басымдықтар, нормативтік қүжаттардың санаттары мен түрлері, жүмыс түрлері,
әзірлеушінің жүмыс орындау мерзімі, қаржьшандыру көздері қоса жіберіледі.

6 Бақылау және қабылдау реті.

6.1 Қоректендіргіш заттардың массалық үлестерін анықтау
ГОСТ 21560 – 82 бойынша жүргізіледі.
6.2 Қабылдау ережелері ГОСТ 23954 – 80, МС ИСО 2365 – 72 бойынша
анықталынады.
6.3 Аммиакты селитраның әрбір партиясында кеклесі реквизиттер
көрсетілген өнім сапасын растайтын құжат болуы керек:
- дайындаушы-кәсіпорынның атауы, оның мекен жайы және бағыныштылығы;
- өнімнің маркасы;
- таза салмағы;
- өндірген уақыты және партия номері;
- сапа көрсеткіштері;
- аммиакты селитраның стандартының белгіленуі;
- тасмалдауға қатысты мәліметер;
- кепілдік беретін азоттың мөлшері;
- сақтау мерзімі.

2.2 Стандарт жобасына түсіндірме хат жазу.

Ұйым стандартының түсіндірме жазбасында:
- стандартты әзірлеудің техника-экономикалық негіздемесі;
- тиісті құжат тапсырмасын көрсетіп стандартты әзірлеу үшін негіздеме;
- стандартты әзірлеудің мақсатқа сайлығы негіздемесін;
- стандарттау объектісі сипаттамасын;
- стандарт жобасының Қазақстан Республикасы заңдарына, техникалық
реттемелерге, халықаралық стандарттарға, қызіргі заманның ғылыми-техникалық
деңгейіне сәйкестігі;
- стандарт жобасының басқа нормативтік құжаттарымен өзара байланысы
туралы мәліметтері;
- стандарт жобасын қарауға және келісуге тарату туралы мәліметтер;
- ақпарат көздері;
- әзірлеуші және жұмысты қосарлас орындаушы, стандарттарды әзірлеу
мерзімдері туралы деректер (мекенжайы, электрондық, қатынасу
телефоныфаксы);
- стандартты әзірлеудің және қолданудың экономикалық тиімділігінің
есебі;
- стандарттау нысанының патенттік тазалығы туралы мәліметтер
келтіріледі.

Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын жобалау үшін

Түсіндірме хат

1. Ұйым стандартын әзірлеу негізі
Ұйым стандартын жауапкершілігі, мүдделері және өзара қарым қатынастары
бөлініп берілген қызметкерлер және қажетті кұралдар тобын кұрайтын ұйымға
енгізу.

2. Ұйым стандартын әзірлеудің негізгі мақсаттары:
- өнім, процесс және қызметгің бәсекеге жарамдылығын көтеру;
- табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлар пайда болу
тәуекелдігін есепке алып объектілер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- техникалық реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу;
- азаматтардың өмірі және денсаулығы, занды және жеке тұлғалардың
мүліктері, малдар мен өсімдіктердің өмірі, қоршаған орта үшін өнім,
процесс, қызметтер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;
- зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, техникалық-статистикалық
деректер нәтижелерін салыстыру;
- ресурстарды үнемді пайдалану;
- техникалық және ақпараттық үйлесімдік;
- ғылыми-техникалық прогреске көмектесу;
- өнімнің өзара алмасуы.

3. Стандарттау нысандары:
- өнімнің құрамдық бөлігі, технологиялық жабдықтау және құрал,
технологиялық процестер, сонымен қатар жалпы технологиялық нормалар мен
оларға қойылатын талаптар;
- ұйымдар деңгейінде стандарттау нысандарына ұйымдар ішіндегі нысандар
және жеткізілетін өнімді қоса, соның ішінде іргелі немесе қолданбалы
зерттеулер жэне әзірлемелер болып табылатын өнім, процесс және қызметтер
жатады;
- жаңа жэне жаңғыртылған өнім, технология жэне қызметтүрлері;
- үйымдастыру әдістемелік және жалпы технологялык нормалар;
- ұйымдастырту процестері және өндірісті басқару, сапа менеджмент,
еңбек қауіпсіздігі менеджментін қоса.
- терминология, сыныптау және кодтау нысандары.
- технологиялық процестер;
- бақылау (сынау) әдістері, өлшеу орындау әдістемелері.

4. Ұйымның стандарт жобасы Қазақстан Республикасы заңдарына,
техникалық реттемелерге, халықаралық стандарттарға, қазіргі заманғы ғылыми-
техникалық деңгейіне сәйкес.
Ұйым стандарты аммиакты селитра өніміне қойылатын талаптар
мемлекетаралык стандарт ГОСТ 2-85 және МС ИСО 2365 – 75 бойынша эзірленген.
ҚР СТ 1.14-2004 стандарт талаптарына сай, ұйым стандарттарын әзірлеу,
келісу, бекіту, тіркеу, жаңарту (өзгерту, қайта қарау) қолдану және жою
тәртібі белгіленеді.

5. Ақпарат көздері:
ҚР СТ 1.2-2002 Мемлекеттік стандарттарды эзірлеу реті
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресім-делуіне
және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ 1.9-2003 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттау,
метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, аумақтық
және ұлттық нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі
ҚР СТ 1.14-2004 Ұйым стандарттары. Түрлері және әзірлеу тәртібі
ГОСТ 2 – 85 Аммиакты селитра. Техникалық шарт.
ГОСТ 23954 – 80 Тыңайтқыш заттар. Қабылдау ережелері.
ГОСТ 20851.1 – 75 Аммиакты селитра. Қоректендіргіш элементтердің
массалық үлестерін анықтау әдістері.

6. Аммиакты селитраның ұйым стандарт жобасын қарауға және келісуге
таратылды:
- Астық Өндірістік кооперативінің төрағасының орынбасарына;
- КазАзот АҚ-ның стандарттау жөніндегі бас маманына.

7. Ұйым стандартынын жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар
тізбектілігі:
- жалпы стандартты әзірлеу мақсаты ашық көрсетілген;
- нормативтік сілтемелерін орнатылған рет бойынша орналастыру керек;

8. Ұйым стандартын әзірлеуші туралы акпарат: Жандарбекова
А., Шымкент каласы, Турлан экспедициясы, Есенов к-і 4, тел: 8-700-415-38-
34.
9. Стандартты эзірлеушінін жетекшісі – Ешанқұлов Ә.А. Әзірлеушінің
стандарттау бөлімшесіндегі жетекшісі – Бекібаев Н.

2.3 Берілген өнім түріне үйым стандартын әзірлеу

КазАзот АҚ-да аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеуде
мемлекетаралык стандарт ГОСТ 2-85 және МС ИСО 2365 – 75 талаптарына сүйеніп
жасалынды. Ұйым стандартынын бөлімдері мен мәтіндерін кұрастыру, баяндау
жэне рәсімдеу ҚР СТ 1.5-2004 сэйкес жүргізіледі.
Ұйым стандарты ҚР СТ 1.14-2004 стандартының талаптарына сәйкес
әзірленеді. Ұйым стандарты белгілі білім салалары мен кәсіптік мүдделер
салаларынан алынған іргелі және қолданбалы зерттеулер мен әзірленген
нәтижелерін пайдалану және тарату үшін пайдаланылады. Ұйым стандартын
әзірлеу және бекіту тәртібін әзірлеуші кәсіпорын дербес белгілейді. Ұйым
стандарты адамнын өмірі, денсаулығы және мүлігі үшін өнім, процесс, қызмет
қауіпсіздігіне тиісті Мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуге жатады.
Ұйым стандарты авторлық құқық нысаны болып табылады және тек олардын
түп нұсқаларын ұстаушы – ұйым рұқсатымен таралуы мүмкін. Стандарттардын
түпнұсқа ұстаушылары оларды бекіткен ұйымдар немесе олармен келісім бойынша
басқа ұйымдар болып табылады.
Келісімділік, еркіндік, қол жетімділік, экономикалық максатка сайлық
бұл стандартты әзірлеудін негізгі принииптері болып табылады.
Азаматтардын өмірі мен денсаулығы, занды және жеке тұлғалардың
мүліктері, малдар мен өсімдіктердін өмірі, қоршаған орта үшін өнім,
процесс, қызметгер қауіпсіздігі денгейін жоғарылату, өнім, процесс жэне
кызметтін бәсекеге жарамдылыгын көтеру, зертгеулер (сынаулар) мен өлшеулер,
техникалык-статистикалық деректер нәтижелерін салыстыру, техникалык
реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу, табиғи және техногендік сипатты
төтенше жағдайлар пайда болу тәуекелдігін есепке алып объектілер
қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату, өнімнің өзара алмасуы, ресурстарды үнемді
пайдалану стандартты әзірлеудін негізгі мақсаттары болып табылады.

Бекітемін
КазАзот АҚ-ның
Бас директоры А.Т.Ж.
__________________
__ _________200_ж.

Аммиакты селитра өніміне

Ұйым стандарты

ҚР АҚ СТ 580320403956 – 03 – 2008

Ресми басылым

Шымкент

Алғысөз

1 КазАзот АҚ-ның стандарттау бөлімінің бастығы Ешанқұлов Ә.А.,
КазАзот АҚ-ның стандарттау бөлімінің бас маманы Жандарбекова А. ӘЗІРЛЕП
ЕНГІЗДІ

2 КазАзот АҚ-ның 2008 жылдын 30 қазанындағы № 171 бұйрығымен
БЕКІТІЛІП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

3 БІРІНШІ ТЕКСЕРУДІҢ МЕРЗІМІ 2013
жыл ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ
5 жыл

4 Стандарт АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Осы стандартты КазАзот АҚ -нығ рұқсатынсыз ресми басылым
ретінде толық немесе ішінара қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

II

Мазмұны

1 Аталуы және қолдану саласы
1
2 Маркалары және техникалақ талаптар
1
3 Қауіпсіздік талаптары
2
4 Қабылдау ережелері
3
5 Анализдеу әдістері
3
6 Қораптау, маркалау, тасымалдау және сактау
3
7 Өндірушінің кепілдіктері
4
А қосымшасы. Библиография
5
Б қосымшасы. Библиографиялық деректер
6

III

Аммиакты селитра өніміне
Ұйым стандарты

Енгізген күні 2008. 10. 30

1 Аталуы және қолдану саласы
Осы стандарт ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде жэне өндірісте
қолданылатын түйіршіктелген түрде өндіріліп шығарылатын аммиакты селитра
өніміне арналған .
Оның химиялық формуласы NН4NО3.
Халқаралық атомдық масса бойынша молекулярлык массасы — 80.043гмоль.

2 Маркалары және техникалақ талаптар

2.1 Аммиакты селитра орнатылған ретпен бекітілген технологиялық нұсқау
бойынша осы стандарт талаптарына сай түйіршіктелген түрде өндіріліп
шығарылуы керек.
2.2 Аммиакты селитраны екі түрлі маркада шығарады:
А – өндіріс үшін;
Б – ауыл шаруашылығы үшін.
2.3 Аммиакты селитраның сақталуы тиіс физика-химиялық көрсеткіші
төмендегі кестеде көрсетілген:

Сапа категориясына
байланысты нормасы.
Көрсеткіштердің аталуы

А Б
1 Сыртқы түрі Түйіршіктелген өнім
2 Түсі Ақ
3 Иісі Ащы мұрын жаратын.
Есептеудегі көректендіруші заттың
массалық үлесі;
Құрғақ заттағы NH4NОз Нормаланбайды
мөлшері. %, аз емес
Қүрғақ заттағы азоттың мөлшері, %,
аз емес

34.4 34.0
5 Судың массалық үлесі, %, көп
емес, анықтауынша
Кептіру методы:
Сульфатты және сульфатты-
фосфорлы қосу арқылы 0.2 0.3
Ылғал ұстағыш қосу арқылы 0.3 0.3
Фишер методымен 0.6 0.6
6 Құрғақ заттың көрсеткішіндегі
қосымшаның массалық үлесі:
СаО көрсеткішіндегі кальций
мен магнидің нитраты, % 0.2-0.5 Нормаланбайды
Р2О5 (өндіріста тек қосымша ретінде
қолданылатын)
көрсеткішіндегі фосфаты, % 0.5-1.2
Аммоний сульфаты, % 0.3-0.7
Аммоний сульфаты мен
фосфаттың қосындысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аммиакты тыңайтқыштар
Минералды тыңайтқыштар
Азот тыңайтқыштарын алу
Игданит аммиак селитрасы мен дизель отынынан дайындалатын қарапайым жарылғыш зат
Таза күйінде, аммиакты селитра әлсіз жарылғыш зат
Натрий үшполифосфат
Сақтандырғыш жарылғыш заттар
Аммиак - селитралы жарылғыш заттар
Тыңайтқыш - мол өнім көзі
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
Пәндер