Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тілдегі параамалдардың түрлері және бейвербалды элементтердің
тіл білімінде зерттелуі
1.1 Бейвербальды элементтердің тілдік жүйедегі алатын орны мен
маңызы, зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қазақ мәдениеті мен тіл білімінде паралингвистикаға
қатысты терминдердің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3 Тілдегі бейвербальды амалдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.4 Бейвербальды амалдардың вербальды құралдар арқылы берілуі ... ... ...41
2 Паралингвистикалық мәнмәтін және тілдік
қатынастың бейвербалды бірліктерінің көп мағыналылығы
2.1 Паралингвистикалық мәтін және паралингвистикалық мәнмәтін ... ...46
2.2 Паралингвистикалық мәнмәтін түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.3 Паралингвистикалық мәнмәтін мен тілдегі көп
мағыналылық құбылысының арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
2.4 Сөздердің көп мағыналылығы мен бейвербальды элементтердің
көп мағыналылығы арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар ... ... ... ... .. 58
2.5 Тілдегі көп мағынаны білдіретін бейвербальды амалдар туралы ... ... ... 63
2.5.1 Қазақ тіліндегі көп мағыналы проксемикалық және
такесикалық параамалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
2.5.2 Көп мағынаны білдіретін кинесикалық амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85
Зерттеу жұмысы сөйленістің көмекші құралдарына, коммуникациялық қарым-қатынас кезіндегі қосалқы қызмет атқаратын қазақ тіліндегі бейвербалды элементтер ым мен ишараттың ұлттық сипатттағы көпмағыналылығына арналған.
Лингвистикада жаңа бағыттар мен ағымдардың, жаңа мектептердің пайда болып, қанатын жайып өрістеуіне орай лингвистикада тілді әр түрлі аспектіден қарастырып, зерттеулер жүргізу қолға алынуда.
Сондай жаңа зерттеу бағыттарының біріне паралингвистика жатқызылады, яғни лингвистикада қарым-қатынас кезінде вербалды тілдік бірліктермен қатарласа, жарыса қолданылатын бейвербалды амалдар немесе сөйленіс кезіндегі көмекші құралдарды ғылыми тілдік тұрғыдан зерттеу қолға алынуда.
Осы зерттеулердің қолға алынуы нәтижесінде ХХ ғасырдың аяқ шеніне қарай бейвербалды амалдарды зерттейтін лингвистикадағы жаңа сала - паралингвистика - ғылымның бір саласы болып қалыптасты.
Тіл білімінде лингвистикалық тұрғыдан вербалды амалдарды зерттеу басым түсіп жатуы қаншалықты түсінікті болса, бейвербалды құралдарды тілдік тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі жөнінде кереғар пікірлердің орын алыуы да заңды саналады. Дегенмен соңғы уақыттарда лингвистикада бейвербальды амалдардың теориялық пайымдары жасалып келеді, параамалдар жинастырылып, топтастырылып сандық, сапалық жағынан тексерілуде, олардың вербальды амалдармен арақатынастары анықталуда. Соның нәтижесінде оларға анықтамалар берілуде, қызметі ретке келтірілуде, бір сөзбен айтқанда, паратілдік амалдар тілдік тұрғыдан жүйелену үстінде.
Қарым-қатынас ауызша және жазбаша түрде жүзеге асатыны белгілі. Осы тілдің коммуникациялық қызметі кезінде паратілдік құралдар дыбыстық тілмен қатарласа іске қосылады. Вербальды элементтер секілді паратілдік амалдардың білдіретін белгілі бір мағыналары, өзіндік мәні болады. Ал мағыналы, мәнді болып келуіне байланысты олар сөйлеушінің өз ойын жеткізудегі, эмаоциясын білдірудегі, прагматикалық тұрғыдан ұғынықты болуын қамтамасыз етудегі ұтымды көмекші құралдардың қатарына жатқызылады. Тіпті кейде тек қана бейвебальды элементтер арқылы коммуниканттардың өз ойын жеткізуі тиімді болатын жағдаяттар кездеседі. Яғни коммуникативтік актіге қатысушының өз ойын, айтайын деген пікірін қимылмен, ишаратпен ғана жеткізуі сөйлеудің ерекшелігін туындайтын айрықша құбылыс.
Ал қарым-қатынас кезіндегі паратілдік құралдарға не жатады дегенде, адамның бет-жүзі арқылы жасалатын түрлі ым түрлерін, қол-аяқ қимылын я болмаса дене қимылын, просодикалық амалдарды, жанасу арқылы ақпарат алуға не ақпарат жеткізуге болатын такесикалық амалдарды атауға болады.
Адамдардың қарым-қатынасы кезіндегі дыбыстық тілмен қатар қолданылатын паратілдік амалдар арқылы да коммуниканттар бір-бірін еркін
1 Аймауытов. Ж. Психология. – Алматы: Ғылым, 1998. – 255 б.
2 Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. – М.: Изд. вост. лит., 1962. – 320 с.
3 Момынова Б.Қ., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б.
4 Дарвин Ч. Выражение эмоций человеком и животными. – СПб.: Питер, 2001. – 384 с.
5 Колшанский Г.В. Функции паралингвистических средств в языковой коммуникации // Вопросы языкознания. – 1973. – №1. – С. 17-23.
6 Тіл білімі сөздігі / Жалпы ред.басқ. проф. Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 541 б.
7 Гельгардт Р. Рассуждения о диалогах и монологах // В кн.: Сборник докладов и сообщений лингвистического общества: Вып. І. – М., 1971. – С. 57-64.
8 Момынова Б. Лидерлер имиджін қалыптастырудағы бейвербалды элементтер мен бағалауыштық лексиканың рөлі // Тілтаным. – 2003. – №1. – 14-20 бб.
9 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. – Алматы: Алаш, 2003. – 157 б.
10 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: Қаз. мем. көркем әдебиет баспасы, 1960. – 303 б.
11 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Арыс, 1996. – 390 б.
12 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Алаш, 1998. – 285 б.
13 Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Санат, 1993. – 400 б.
14 Жұмабаев М. Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам // М. Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 45-47 бб.
15 Жұмабаев М. Жан көріністерін үйрету жолдары // М. Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 58-64 бб.
16 М. Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 156 б.
17 Пиз А. Язык теледвижении: Как читать мысли других людей по их жестам (пер. с англ. яз.). – Нижний Новгород: Ай Кью, 1992. – 262 с.
18 Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке. Язык и мышление. – Москва: Наука. – 1988. – 195 с.
19 Никитина С.Е. Языковое сознание и самосознание личности в народной культуре // Язык и личность. – Москва: Наука, 1989. – С. 35-47.
20 Старикова Г.В. Лексика портретных описании. – Ленинград: Наука, 1984. – 188 с.
21 Кедрова Е.Я. Вербальное обозначение жестов персонажей при передаче прямой речи в художественном тексте (на материале прозы А.П. Чехова). – Ростов на Дону: Наука, 1989. – 129 с.
22 Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. – Москва: Высшая школа, 1989. – 189 с.
23 Колшанский Г.В. Паралингвистика. – Москва: Наука, 1974. – 81 с.
24 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Мәдениет және өнер: 35 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 26 т. – 248 б.
25 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Педагогика және психология: 35 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 27 т. – 248 б.
26 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Дене шынықтыру мен спорт: 35 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 31 т. – 274 б.
27 Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Қазына, 1999. – 491 б.
28 Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. Психология: 5 томдық. – Алматы: Ғылым, 1998. – 4 т. – 448 б.
29 Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. Педагогика: 3 томдық. – Алматы: Білім, 1996. – 2 т. – 512 б.
30 Әуезов М. Абай жолы: 2 томдық. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т. – 540 б.
31 Пражский лингвистический кружок / Под ред. П. Скаличка. – М.: 1967. – 25 с.
32 Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы францкузского языка. – Москва: Иностранная литература, 1955. – 416 с.
33 Крейдлин Г.Е. Невербальная семиотика: Язык тела и естественный язык. – М: Новое литературное обозрение, 2002. – 592 с.
34 Поливанов Е.Д. По поводу звуковых жестов японского языка // Статьи по общему языкознанию. – М.: Наука, 1968. – С. 23-31.
35 Андриянов В.В. Сравнительная характеристика жестов русских и французов // Национально-культурная специфика речевого поведения. – М.: Наука, 1977. – С. 36-45.
36 Девкин В.Д. Некоторые особенности кинетического кода и его взаимодействия с вербальным // Вопросы строя немецкой речи. – Владимир: Наука, 1973. – С. 57-65
37 Глаголев В.В. Ситуация – фраза – жест // Лингвистика и методика в высшей школе. – М.: Высшая школа, 1977. – С. 117-223.
38 Бейсембаева С.Б. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Дисс. канд. филол. наук: 10.02.02. – Алматы: КазНУ, 2003. – 119 с.
39 Балли Ш. Французская стилистика. – М.: Наука, 1961. – 240 с.
40 Trager G.L. Paralanguage: a fіrst appoxmatіon, “Studіes lіnguіstіcs”. – 1958. – N3. – P. 16-30.
41 Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Филол. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, 1997. – 260 б.
42 Нұрсұлтанқызы Ж. О. Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 140 б.
43 Ешимов М.П. Ым семантикасы: универсалды және ұлттық табиғаты: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2004. – 127 б.
44 Николаева Т.М. Интерференция языковых и неязыковых коммуникативных средств в человеческом общении. – М.: Высшая школа, 1973. – 79 с.
45 Галичев А.И. Кинесический и проксемический компоненты речевого общения. – М.: Наука, 1987. – 246 с.
46 Хайдеметс М. Пространственный фактор в межличностных отношениях // Человек, среда, пространство. – Тарту: Изд. Тартусского унив., 1979. – С. 120-135.
47 Бгажноков Б.Х. Очерки этнографии адыгов. – Нальчик: Эльбрус, 1983. – 229 с.
48 Татубаев С.С. Жесты как компоненты искусства. – Алматы: Наука, 1979. – 109 с.
49 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. О своеобразии отражения мимики и жестов вербальными средствами // Вопросы языкознания. – 1981. – №1. – С. 15-23.
50 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. – 130 б.
51 Соссюр Ф. де. Труды по языкознанию. – М.: Просвещение, 1977. – 270 с.
52 Беляев Б.В. О взаимоотношении мышления, языка и речи // Вопросы психологии. – 1958. – №13. – С. 8-12.
53 Фоменко Д.В. Язык и речь. – Новосибирск: НГЛИ, 1990. – 88 с.
54 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 271 б.
55 Старикова В.Г. Лексика портретных описании. – Ленинград: Наука, 1984. –188 с.
56 Саткенова Ж.Б. Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары бойынша): Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы: ҚазҰУ, 2006. – 127 б.
57 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. О своеобразии отражения мимики и жестов вербальными средствами // Вопросы языкознания. – 1984. – №6. – С. 5-14.
58 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 381 б.
59 Бондарко А.В. Грамматическое значение и смысль. – Л.: Наука, 1978. – 95 с.
60 Чанышева З. Мимика, жест // Вопросы языкознания. – 1980. – №5. – С. 7-15.
61 Колшанский Г.В. Контексная семантика. – М.: Просвещение, 1973. – 80 с.
62 Галкина-Федорук Е.М. Современный русский язык. – Л.: ЛГУ, 1964. – 52 с.
63 Сусов И.П. Семантические функции основных лингвистических объектов // Предложение и текст в семантическом аспекте. Межвузовский тематический сборник Калининского гос. университета. – Калинин, 1978. – 135 с.
64 Мыркин В.Я. Типы контекстов. Коммуникативный контекст // НДВШ: Филол. науки. – 1978. – №2. – С. 85-93.
65 Лейкина Г.М. К проблеме взаимодействия языковых и неязыковых знании при осмыслении речи // Лингвистичесие проблемы функционального моделирования речевой деятельности: Вып.2. – Л.: ЛГУ, 1974. – С. 120-127.
66 Қалиев Ғ., Болғанбайұлы Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 2003. – 195 б.
67 Резуанова Ғ. Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлар: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2000. – 130 б.
68 Садықбеков Р. Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналығы. – Алматы: Ғылым, 1973. – 230 б.
69 Галкина-Федорук Е.М. К вопросу об омонимах в русском языке // Русский язык в школе. – 1945. – №3. – С. 17-19.
70 Амосова Н.Н. К вопросу о лексической значений слов // Вестник ЛГУ. –1957. – №2. – С. 5-9.
71 Юнусалиев Б.М. Киргизская лексикология. – Фрунзе: Ылым, 1959. – 160 с.
72 Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Ғылым, 1969. – 420 б.
73 Шабраль Ж.П. Миллионы, японцев… миллионы. – М.: Наука, 1971. – 120 с.
74 Кажгалиева К. Национально-культурная специфика фатической речевой коммуникации в казахском языке. – Алматы: Санат, 1991. – 154 с.
75 Hall E.T. Proxemіcxs // Current Antropology. – 1968. – №9. – P. 21-26.
76 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993. – 270 б.
77 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.
78 Галичев А.И. Кинесический и проксемический компоненты речевого общения. – М.: Наука, 1987. – 122 с.
79 Николаева Т.М., Успенский Б.А. Языкознание и паралингвистика // Лингвистические исследования по общей славянской типологий. – М.: Просвещение, 1966. – С. 77- 85.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 81’373.512.122
Қолжазба құқығында

Мағжан СӘуле

Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші
филология
ғылымдарының

докторы, профессор Момынова Б.Қ.

Қазақстан Республикасы
Алматы 2006
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тілдегі параамалдардың түрлері және бейвербалды элементтердің
тіл білімінде зерттелуі
1.1 Бейвербальды элементтердің тілдік жүйедегі алатын орны мен
маңызы,
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Қазақ мәдениеті мен тіл білімінде паралингвистикаға
қатысты терминдердің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17

1.3 Тілдегі бейвербальды амалдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

1.4 Бейвербальды амалдардың вербальды құралдар арқылы
берілуі ... ... ...41

2 Паралингвистикалық мәнмәтін және тілдік

қатынастың бейвербалды бірліктерінің көп мағыналылығы

2.1 Паралингвистикалық мәтін және паралингвистикалық мәнмәтін ... ...46
2.2 Паралингвистикалық мәнмәтін түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.3 Паралингвистикалық мәнмәтін мен тілдегі көп
мағыналылық құбылысының
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
4. Сөздердің көп мағыналылығы мен бейвербальды элементтердің
көп мағыналылығы арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар ... ... ... ... .. 58
2.5 Тілдегі көп мағынаны білдіретін бейвербальды амалдар
туралы ... ... ... 63
2.5.1 Қазақ тіліндегі көп мағыналы проксемикалық және
такесикалық
параамалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 63
2.5.2 Көп мағынаны білдіретін кинесикалық
амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысы сөйленістің көмекші құралдарына, коммуникациялық қарым-
қатынас кезіндегі қосалқы қызмет атқаратын қазақ тіліндегі бейвербалды
элементтер ым мен ишараттың ұлттық сипатттағы көпмағыналылығына арналған.
Лингвистикада жаңа бағыттар мен ағымдардың, жаңа мектептердің пайда
болып, қанатын жайып өрістеуіне орай лингвистикада тілді әр түрлі
аспектіден қарастырып, зерттеулер жүргізу қолға алынуда.
Сондай жаңа зерттеу бағыттарының біріне паралингвистика жатқызылады,
яғни лингвистикада қарым-қатынас кезінде вербалды тілдік бірліктермен
қатарласа, жарыса қолданылатын бейвербалды амалдар немесе сөйленіс
кезіндегі көмекші құралдарды ғылыми тілдік тұрғыдан зерттеу қолға алынуда.
Осы зерттеулердің қолға алынуы нәтижесінде ХХ ғасырдың аяқ шеніне қарай
бейвербалды амалдарды зерттейтін лингвистикадағы жаңа сала -
паралингвистика - ғылымның бір саласы болып қалыптасты.
Тіл білімінде лингвистикалық тұрғыдан вербалды амалдарды зерттеу басым
түсіп жатуы қаншалықты түсінікті болса, бейвербалды құралдарды тілдік
тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі жөнінде кереғар пікірлердің орын алыуы да
заңды саналады. Дегенмен соңғы уақыттарда лингвистикада бейвербальды
амалдардың теориялық пайымдары жасалып келеді, параамалдар жинастырылып,
топтастырылып сандық, сапалық жағынан тексерілуде, олардың вербальды
амалдармен арақатынастары анықталуда. Соның нәтижесінде оларға анықтамалар
берілуде, қызметі ретке келтірілуде, бір сөзбен айтқанда, паратілдік
амалдар тілдік тұрғыдан жүйелену үстінде.
Қарым-қатынас ауызша және жазбаша түрде жүзеге асатыны белгілі. Осы
тілдің коммуникациялық қызметі кезінде паратілдік құралдар дыбыстық тілмен
қатарласа іске қосылады. Вербальды элементтер секілді паратілдік амалдардың
білдіретін белгілі бір мағыналары, өзіндік мәні болады. Ал мағыналы, мәнді
болып келуіне байланысты олар сөйлеушінің өз ойын жеткізудегі, эмаоциясын
білдірудегі, прагматикалық тұрғыдан ұғынықты болуын қамтамасыз етудегі
ұтымды көмекші құралдардың қатарына жатқызылады. Тіпті кейде тек қана
бейвебальды элементтер арқылы коммуниканттардың өз ойын жеткізуі тиімді
болатын жағдаяттар кездеседі. Яғни коммуникативтік актіге қатысушының өз
ойын, айтайын деген пікірін қимылмен, ишаратпен ғана жеткізуі сөйлеудің
ерекшелігін туындайтын айрықша құбылыс.
Ал қарым-қатынас кезіндегі паратілдік құралдарға не жатады дегенде,
адамның бет-жүзі арқылы жасалатын түрлі ым түрлерін, қол-аяқ қимылын я
болмаса дене қимылын, просодикалық амалдарды, жанасу арқылы ақпарат алуға
не ақпарат жеткізуге болатын такесикалық амалдарды атауға болады.
Адамдардың қарым-қатынасы кезіндегі дыбыстық тілмен қатар қолданылатын
паратілдік амалдар арқылы да коммуниканттар бір-бірін еркін түсінісе
беретіндігі бүгінгі таңда дәлелдеуді қажет етпейді. Өйткені вербальды
тілмен астарласып жатқан
бейвербальды амалдардың тарихы әріден басталады. Ал оларды зерттеудің
қажеттілігінің туындауы адам арқылы тілді тану идеясының лингвистикада
белсенділігі артуының нәтижесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Паратілдік амалдарды зерттеу қазақ тіл
білімінде енді ғана қолға алынуда. Сондықтан бейвербалды амалдарды қай
тұрғыдан болмасын алып қарастыру өзекті болып табылады.
Бейвербалды амалдардың әдеби тілдің қай функционалдық стилінде жиі
кездесетіндігі зерттеу барысында алғаш рет анықталуы жұмыстың өзектілігін
білдіреді. Бейвербальды амалдар қазақ әдеби тілінің көркем әдеби стилінде
аса жиілікпен қолданылып, кейпкер мінезі-құлқын, кейіпкер психологиясын,
кейіпкер портретін жасауда маңызды қызмет атқарады. Сонымен бірге
бейвербальды амалдарды сөйлетуіне қарап, жазушының сөздік қорды меңгеру
дәрежесін байқап, қаламгердің тілдің табиғатын қаншалықты түсінгендігінің
межесін белгілеуге болады.
Бейвербальды амалдардың жасалу жағынан ұқсастықтары болғанымен,
мағыналық жақтан сараланып кетуі, бір ғана амалдың әлденеше мағынаны
білдіре алатындығы, көпмағыналылығы туралы қазақ тілінде алғаш рет жеке
зерттеу нысаны түрінде талданып отыр. Сонымен бірге бір мағынаны бірнеше
бейвербальды құралмен жеткізудің мәселелері қазақ тіл білімінде әлі күнге
арнайы зерттелу деңгейінде көтерілмегендігі тақырыптың өзектілігін нақтылай
түседі. Зерттеу жұмысында кинесикалық, такесикалық, проксемикалық
амалдардың көп мағыналылығы жеке-жеке талданып, бұрын-соңды зерттеу
жұмысының арқауы болмаған проблемалар алғаш рет сөз болуы жұмыстың
өзектілігін дәлелдей түседі.
Сондай-ақ бейвербальды амалдардың универсалды түрлерімен қатар, бір
ұлтқа ғана тән түрлері, осы түрлерге лайық бір ұлт өкілдері ғана түсінетін
түрлі мағыналары болады. Осы тұрғыдан да зерттеу жүргізу, олардың
мағыналарын саралау қазақ тіл білімі үшін маңызды деп білеміз.
Жалпы лингвистикада бейвербальды тілдік элементтерді зерттеген еңбектер
жоқ емес, бар, зерттеушілердің тобы айқындалып келеді. Ол зерттеушілер тобы
әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған.
Е.В. Красильникова, Т.М. Николаева, Г.В. Колшанский, Г.Е. Крейдлин, И.Н.
Горелов, А.А. Акишина, т.б. – орыс тіліндегі, ТТ. Железанова – неміс
тіліндегі, А.Н. Нурманов, М.М. Сайдханов, Д.А. Абдуазизова - өзбек
тіліндегі, М.М. Мұқанов, С.С. Татубаев, Қ.Ш. Қажығалиева, А.Д. Сейсенова,
Ж.Қ. Өмірәлиева, С.Б. Бейсембаева, М.П. Ешимов – қазақ тіліндегі
бейвербалды тілдік құралдарды әр түрлі тілдік аспектіден қарастырған
зерттеушілер болып табылады. Бұл жұмыстарда, негізінен, бейвербалды
амалдардың жалпы тілдік сипаттары талданғандықтан, сөйленістің көмекші
құралдарының мағыналық ерекшеліктері жеке-дара зерттеу нысаны болмаған
еді. Зерттеу жұмысымыздың ерекшелігінің өзі бейвербалды амалдарды мағыналық
жақтан саралау, бір амалдың қаншалықты мағына беретіндігін анықтау, оны
мысалдармен дәйектеу, ұлттық сипатын нақтылау болғандықтан, бұрын-соңды
бейвербалды амалдардың нақты осы сипаты қарастырылмағандықтан көтеріліп
отырған проблема өзекті деп білеміз.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ халқының коммуникация кезінде бейвербалды
амалдарға жүгінетіндігін айта отырып, сөйленістің бейвербалды көмекші
құралдарының ұлттық сипатын анықтап, көпмағыналылығын ашып көрсету.
Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жүктелді:
– паралингвистиканың классификациялық жіктелісін жасау;
– коммуникация кезіндегі просодикалық, проксемикалық, кинесикалық
амалдардың қызметін көрсету;
– бейвербальды амалдардың стилистикалық бояуын айқындау;
мәтін және мәнмәтін (контекст) мен бейвербальды амалдар арасындағы қарым-
қатынасты, байланысты анықтау;
– көпмағыналылықтың тілдік сипатын ашу арқылы тілдегі көпмағыналылық
категориясы мен бейвербальды амалдардың көпмағыналылығы арасындағы тілдік
байланысты көрсету;
– көпмағыналы паралингвистикалық амалдарды, жинақтау, лексика-
семантикалық топтарға бөлу;
– көпмағынаны білдіретін бейвербальды амалдарды жүйелеу, мағыналарына
қарай жіктеу;
– көпмағыналы бейвербальды амалдарды соматикалық жіктеліске салу;
– көпмағыналы амалдардың кешенділігінің сипатын ашып көрсету, ойды
жеткізу үрдісіне, тілдесімге бейвербальды элементтердің қатысу деңгейін
анықтау;
Зерттеу нысаны болып коммуникация кезінде қолданылатын кейбір
бейвербалды амалдардың көпмағынаны білдіру қызметі алынды.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Бейвербальды амалдардың жалпы тілдік
сипатын белгілеу үшін сипаттамалы тәсіл, түрлі амалдардың мағыналық жақтан
айырмасы болатындығын көрсету үшін салыстырмалы тәсіл, материалдарды
жинақтау тәсілі, кей жағдайда басқа ұлттардағы паралингвистикалық
амалдармен, сондай-ақ ішінара кәсіби, функционалдық стильдік тармақтардағы
параамалдардың қолданысы салыстыра қарастырылатындықтан және өзге
тілдердегі такесикалық, кинесикалық амалдармен салыстырылатындықтан,
салғастырмалы тәсілдер қолданылды.
Зерттеу материалдары болып көркем әдеби шығармалардан алынған тілдік
деректер саналады. Сонымен бірге қазақ, орыс тілдерінде жазылған әр түрлі
сөздіктерден жинастырылған тілдік деректер пайдаланылды, атап айтқанда:
Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі (Б.Қ
Момынова, С. Бейсембаева); Словарь русских жестов и мимики (А.А. Акишина,
Х. Кано); Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі (жалпы ред.басқарған
А. Ысқақов); Қазақ тілінің синонимдер сөздігі (Ә. Болғанбаев); Қазақ
тілінің омонимдер сөздігі (М. Белбаева); Омонимдер сөздігі (А. Жұмабекова),
т.б.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздемесі. Зерттеу жұмысына теориялық
негіз ретінде Г.В. Колшанский, Н.Н. Горелов, Т.М. Николаева, Г.Е. Смирнова,
А. Пиз, С.С. Татубаев, Б.Қ. Момынова, Г.Н. Смағұлова, т.б. ғалымдар мен
М.М. Мұқанов, Ж. Сейсенова, Ж.Қ. Өмірәлиева, С.Б. Бейсембаева, М.П. Ешимов,
т.б. зерттеушілерінің еңбектері алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында сөйленістің көмекші
құралдары деп аталып жүрген қазақ тіліндегі бейвербальды амалдар алғаш рет
мағыналық жақтан сарапқа салынды, олардың көп мағыналылығының сипаты мәтін
аясында қарастырылып, ашылды.
Бейвербальды амалдардың семантикалық қырлары анықталды және ұлттық
сипаты нақтылана түсті. Паралингвистикалық мәтіннің тілдік жағдаятпен
байланысы көрсетілді, мәнмәтіндегі бейвербальды амалдардың қоршауының
қызметі көрсетіліп, олардың мағынаны нақтылаудағы рөлі айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін
жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде лексикология,
фразеология, коммуникативтік грамматикаға байланысты оқу құралдарын
толықтыруға көмектеседі деп санаймыз. Қазақ сөздерінің мағынасын, ұлттық
мәдени болмысын танытуға, түсінуге жол ашады деп есептейміз. Арнаулы
курстар мен тәжірибелік сабақтар жүргізуде, өзге тілді аудиторияларда қазақ
тілін оқытуда қосымша материал ретінде пайдалануға болады және екі тілді,
түсіндірмелі сөздіктерді құрастыруға пайдалануға болады.
Жұмыстың жарияланымы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері республикалық ғылыми басылымдарда 7 мақала жарияланды,
халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференцияларда баяндалды. Академик Р. Сыздықованың мерейтойына арналған
республикалық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2004 ж.); 2005 жылы
қазан айында Орал қаласында өткен Мемлекеттік тілдің аймақтық даму
стратегиясы атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция; 2006 жылы
Алматы қаласында өткен Ө. Айтбайұлына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық
конференция, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология
факультеті қазақ филологиясы кафедрасының лингвистикалық семинарында
талқыланды.
1 Қазақ тіліндегі ым-ишараттардың вербальдылығы жайында ҚазҰУ Хабаршысы.
– 2004. – №5. – 74-75 бб.
2 Паралингвистикалық мәнмәтін және көпмағыналылық Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдарының жинағы. Орал қаласы (28-29 қазан,
2005 ж.), 158-160 бб.
3 Тілдегі бейвербальды амалдардың түрлері туралы. Тілтаным. – Алматы. –
2005. – №3. – 45-55 бб.
4 Сөздердің көпмағыналылығы мен бейвербальды элементтердің
көпмағыналылығы арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар. Тілтаным. –
Алматы. – 2005. – №4. – 168 -172 бб.
5 Тілдегі көп мағынаны білдіретін бейвербальды амалдар туралы. ҚазҰУ
Хабаршысы: Филол.сериясы. – Алматы. – 2006. – №4. – 81-83 бб.
6 Қазақ тіліндегі көп мағыналы проксемикалық және такесикалық
параамалдар. Акад. Ө. Айтбайұлына арналған конференция материалдарының
жинағы. – Алматы. – 2006. – 244-248 бб.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қазақ
филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және
қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер мен көркем әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 Тілдегі параамалдардың тҮрлері жӘне бейвербалды элементтердің тіл
білімінде зерттелуі

Көркем әдебиеттегі бейвербальды амалдарға алғаш көңіл аударған Ж.
Аймауытов болды. Ол ым мен ишараға байланысты ойларын адам психологиясымен
байланысты қарастырып, Псиқология атты еңбегінде өз көзқарасын пікір
ретінде білдіреді [1].
Ал түркологияда ым мен ишарат, қимыл тілі жөніндегі пікірлерді қарастыра
келіп, ым мен ишараттың түсіндірме сөздігінің авторлары мынадай ақпарат
береді: Кезінде академик Н.К. Дмитриев “Строй тюркских языков” [2] атты
еңбегінің “К изучению турецкой мимологии” деген тарауында түркі
тілдеріндегі құбылыстардың ерекше тобына тоқталған, – дейді [3, 3 б.].
Академиктің сөзін келтіре отырып, авторлар өзінше тұжырым жасайды:
Изучение тюркской мимологии начинается, по существу, с работы проф. Н.И.
Ашмарина, опубликованной в Казани в 1918 г. под названием Основы чувашской
мимологии. Понятие к мимемам впервые было определено в названном труде Н.И.
Ашмарина. Наряду с теоретическими основами здесь дается также практическая
классификация мимем. И когда, занимаясь грамматикой турецкого языка, я
столкнулся с вопросом о подражательных словах и их образовании, то принял
классификацию и терминологию Н.И. Ашмарина и для своих самостоятельных
исследований [2, с. 59]. Бірақ терминологияны қабылдағанмен, академик
айтқан мимемалардың еліктеуіш сөздер екенін аңғарудың қиынға түспейтіндігін
[3, 3 б.], мимемаларды категорияға бөлгенде, топтастырғанда анық
көрінетіндігін [3, 4 б.] де сөздік авторлары айтып өтеді.
Лингвистикадағы бейвербальды амалдарға арналған алғашқы арнайы зерттеу
еңбегі Ч. Дарвиннің Выражение эмоций человеком и животными [4] деп
аталады. Енді бір атауға тиісті еңбек А. Пиздің ағылшын тілінен аударылған
Язык теледвижении: Как читать мысли других людей по их жестам кітабы
[17].
Кез келген тілдік бірлік өзге бір бірліктер мен формалармен тығыз қарым-
қатынаста, байланыста болғанда мән-мағынамен толығады. Жалпы сөйленістің
екі жағы болады, біріншісі – коммуникация кезінде коммуниканттардың
арасында қандай байланыс болатындығына негізделген практикалық мәнмәтін
(контекст) болса, екіншісі, лингвистикалық контекст көлеміндегі
семантикалық бірліктердің мәні басқа тілдік бірліктермен тығыз байланыста
алып қарауға болатын қыры, бұл - екінші жағы. Өйткені, тіл дегеніміз ең
алдымен жай ғана тілдік бірліктердің жиынтығы емес, ол - жүйе, жүйе
әлденеше сөйленістердің топтамасынан, фразалық құрылымдардың жиынтығына
тұрады. Яғни белгілі бір хабарды жеткізу мақсаты көзделген кезде нақты бір
тілдік бірлік коммуникациялық актінің құрамына қосылады. Коммуникациялық
акт - не туралы айтылады, не жеткізілетіндігі туралы ақпарат жеткізуші
құрама бөлшектерден тұратын хабарлама. Ол - күрделі бірлік. Осы күрделі
бірлік адамдардың бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз етеді де, тілдік
ұжымның, ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасқа түсуін, өзара байланысын
іске асырады.
Тілдік орта қарым-қатынасты іске асыру үшін сөйленіс кезінде ойды
жеткізу мақсатымен түрлі-түрлі тілдік және тілден тыс, тілдік емес, тіл
айналасындағы құралдарды пайдалану дағдысын қалыптастырған. Осы тіл
айналасындағы құралдарға ольфакторлық, тактильдік, көзбен көретін, құлақпен
еститін тілдік және тілдік емес құралдар жатады. Тілдік құралдарды ғылым
тілінде вербалды элементтер деп атасақ, тілдік емес құралдар бейвербалды
элементтер деп аталады. Коммуникацияның осы аталған екі элементінің ара
қатынасы қандай межеде танылуы керек деген мәселеге байланысты бүгінгі
таңда қалыптасқан ғылыми пікірлердің өзіндік жүйесі бар. Вербальды және
бейвербальдылықты тереңінен қозғап зерттеген белгілі ғалым Г.В. Колшанский
осы меже турасында былай дейді:
“Вообще паралингвистический аспект релевантен только в сочетании с
изучением вербального общения. Случаи так называемого неязыкового общения
лежат вне сферы паралингвистики, на стыке психологии с физиологией и
этнографией” [5, с. 7]. Бұл пікірде тілдік емес, тілден тысқары
элементтердің паралингвистикалық құралдарға ұқсастығы болатынын, бірақ
оларды параамалдармен шатастыруға келмейтінін, олардың адамның
физиологиялық ерекшелігі ретінде ғылымның өзге салалары қарастыруға
тиістігі жөнінде айтылған пікірді оқимыз.
Орыс тіліндегі “невербальные элементы” деген терминнің бейвербальды
элементтер деген терминдік атауы филология ғылымдарының докторы, профессор
Э.Д. Сүлейменованың басшылығымен жарыққа шыққан сөздікте де ұсынылады [6].
Бейвербалды сөзі -бей префиксінің (сөзалды жұрнақ) түбірге жалғануының
нәтижесінде жасалған. Қазақ тіліндегі төл тілдік қосымшалардың қатарына
префикстер жатқызылмайды, табиғатында ондай қосымша түрі жоқ. Мұндай
қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осын секілді кірме сөз алды
қосымшалардың қатарына -бей, -авто, - агро, -аван, т.б. префикстерін
жатқызуға болады.
Ал -бей сөзалды жұрнағы арқылы жасалған сөздер қазақ тілінде көп емес,
санаулы ғана, солардың бірі – бейвербальды сөзі, білдіретін мағынасына
қарай вербальдылыққа қатысы жоқ, вербальдылыққа жатпайды, вербальды емес
дегенді білдіреді.
Бейвербальды тілдік коммуникация құралдарына қатысты терминдер
бейвербальды амалдар, бейвербальды элементтер, қатынастың бейвербальды
құралдары деп түрліше аталып жүр, яғни олардың аталуында бірізділік жоқ,
толық тұрақталмаған. Тілдік қатынастың осындай элементтерін дене тілі, тән
тілі деп те атап жүргенін [3, 3 б.] еске сала кетеміз. Бұл атау
бейвербальды элементтердің табиғатына сай, олар туралы толық түсінінік бере
алатын атау деп санаймыз.
Ал оның нағыз ғылыми зерттелуі жолға қойылып келеді. Осы саланың
зерттелуі туралы тілші-ғалым Б. Момынова: Кең ауқымдағы танымдық
(когнитивтік) тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу – тілдің
әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін
салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске асатынын, теориялық тұғыры
әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт екенін айтады [8, 16 б.].
Халық психологиясы ғасырлар бойы қалыптасады, онда көңіл аударуға
тұрарлық түрлі жайттар, құбаластар көп кездеседі. Соның ішінде кейбір
сезімді, іс-әрекетті сөзбен айтпай-ақ, ыммен, қимылмен, ишарамен сездіретін
түрлі іс-әрекеттер бар. Ымдау немесе ым көзбен, ауызбен, бет пішінмен
берілетін дыбыссыз ишаралардан тұрады. Қазақ халқы іспен, күшпен, іс-
қимылмен немесе пәтуалы бір ауыз сөзбен ғана емес, бет-пішіннің түрлі
қозғалысқа түсуі арқылы, дене қимылдарымен-ақ ойын сездіріп, пікірін, ойын
жеткізе білген. Тіпті, кей тұстарда, кей жағдайларда ым мен ишарат тиімді
болып кететін жағдайлар да болады. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, өзге
тілдерде де қалыптасқан қызық жағдай. Сондықтан да: “Более того,
установлено, что для выполнения некоторых функций параязык более пригоден,
чем язык) сравнить: в обычном диалоге главное бремя фатической и конативной
функции возлагается на кинетическую коммуникацию, что позволяет в один и
тот же отрезок времени передать большую информацию, в виду большей
лаконичности жестов по сравнению с речевыми элементами”, – деген пікірдің
өзінен біраз жағдайды аңғаруға болады [7].
Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, Байсалға
қадала қарады (М. Әуезов) дегенде, сөзбен жеткізуден гөрі қатты, алқымды
алған ашу мен ашынуды отты көздің жарқ етуі мен қадала қарау арқылы жеткізу
әлдеқайда оңтайлы, өте өтімді болып тұрғанын байқау қиын емес. Мұндайда
ауызша сөйлесу кезінде сөздің артық көрінетіні, қажеті жоқтығы байқалатыны
бар. Келтірілген мысалда бүкіл айтылар ой, айтайын деген сөз бір ғана
көзқараспен-ақ жеткізіліп тұр. Бұл көзқараста қаншама экспрессия мен сезім
жатқанын қара сөзбен айту дәл мұндай әсерлі шықпас еді.
Сондықтан да, әсіресе, түрлі эмоцияны, әрқилы сезім-күйді жеткізу
кезінде ауыздан шығатын сөзбен бірге түрлі қимылдар, бет-пішін өзгерісі
қызметке кірісетін болған. Айталық, ашулану, қатты қуану, шаттану, ренжу,
өкпелеу, ризалық таныту, мақұлдау, қарсыласу т.б. эмоцияның жасалуына
бейвербалды амалдар еркін қатыса береді. Осы аталған сезім күйлері сияқты
түрлі әрекеттер ақпарат жеткізудің, қарым-қатынастық хабарлама жеткізудің
тілдік емес амалдары, олар тілімізде көптеп кездеседі. Ондай амалдардың
адам өз ойын, айтайын дегенін тілдік құралдармен жеткізу жетімсіздеу
көрінгенде, болмаса сөйлеуші экспрессия үстемелегісі келгенде, жеткізілетін
ақпаратының эмоциялық бояу-реңкін үстемелей түсу мен қоюлату мақсат еткенде
кірістіріледі, дәл осындай кезде сөйленіспен қатар ым мен ишарат жарыстыра
орындалады. Көбінесе ұлттық, жеке бір ұлтқа тән ым мен ишараттың
сөйленіспен қатар өрілуі тілдік қарым-қатынас үстінде заңды, тіпті қажетті
көрніс болып саналады. Сондықтан болар бейвербалды амалдардың жалпы
адамзатқа ортақ түрлерінен гөрі ұлттық сипатпен қаныққан түрде болып
келетін ым-ишарттардың мөлшері көп те, олардың салмағы алдыңғыларыға
қарағанда көп болып, басым түсіп жатады.
Ым мен ишараттардың бірнеше ұлтқа ортақ болып келетін түрлері бар, ал,
керісінше, ұқсас ым мен ишараттардың әр түрлі ұлттар тілінде мағыналары
жағынан қарама-қарсы, мүлдем ұқсамайтын болып келетіндері кездеседі. Яғни,
сөзге тән белгілердің бәрі, атап айтқанда, синонимділік, антонимділік,
омонимділік құбылыстар, олардың қатарында көп мағыналылық бар, бәрі де -
бейвербалды элементтерге де жат болмайтынын айту жөн. Ал қазақ тіл
білімінде бейвербалды элементтердің мұндай мағыналық ерекшеліктері мен
қырлары осы күнге дейін арнайы зерттеу нысаны болмай келгені белгілі.
Бір ғана ымның я болмаса ишараның бірнеше мағынаны білдіретін кездері
жиі ұшырасады. Бейвербалды амалдардың, оның ішінде ишара, ымның саны
шектеулі, аз болатындықтан, семантикалық жақтан мағыналары нақтылықтан гөрі
жайылыңқы болып отырады, нәтижесінде ым мен ишараттардың басым көпшілігі
көп мағыналы болып келетіні сондықтан болар деп ойлаймыз. Бірақ ым мен
ишараттардың көп мағыналығы коммуникацияның өту жылдамдығын шабандатпайды
және де тілдесім актісіне қатысушы тараптардың бір-бірімен түсінісуін
қиындатпайды.
Айталық, қарсылықты, келіспеушілікті бірнеше бейвербалды элементпен
жеткізуге болады. Мысалы, қол сермеу, бас шайқау, орнынан үнсіз тұрып кету,
қырын қарап отырып алу, төмен қарап көзімен жер шұқу, кісіге тура қарамау,
жек көре қарау, т.б. Осы санамаланған ым мен ишараттардың әрқайсысы
карсылықтан өзге де мағыналарды жеткізе алады. Орнынан тұрып кету
қарсыласумен бірге сөзді тыңдағысы келмеуді, шыдамсыздықты,
менсінбеушілікті де білдіреді. Сес, айбат көрсеткісі келген адамның
тістенуі, тісін қайрауы, саусағын шығаруы, саусағын безеуі, шірене түсуі,
т.б. мүмкін.

1.1 Бейвербальды элементтердің тілдік жүйедегі алатын орны мен маңызы,
зерттелуі
Қазақ мәдениетінде бейвербалды амалдарды тіл мен әдебиетте зерттеу
қашаннан қолға алынғаны туралы мәліметтердің саны аз, олардың мөлшері көп
емес.
Айталық, әдебиеттанудағы бейвербалды амалдарға алғаш көңіл аударған Ж.
Аймауытов саналады. “Псиқолоғия” атты еңбегінде келбет ілімі, беттің ымы
туралы алғаш рет сөз қозғаған [1]. Ж. Аймауытов мимика мен ишараға жататын
тілсіз амалдарды өз түсінігіне қарай жіктеп көрсеткен. Ол мимикаға: бет
құбылысын, маңдайдың қатпарын, маңдайдағы сызықтарды, көз қарасын, танау,
мұрынның желбіреуін, еріннің жымырылуын, т.б. жатқызады.
Ал ишараны ымдасу сөзімен бөліп атайды да, оған: көкірегін керу, иығын
қозғау, төмен түсіру сияқты қимылдарды жатқызады. Оның 1926 жылы жарық
көрген “Психология”, “Жан жүйесі және өнер таңдау” атты ғылыми еңбектерінде
ғалым Г. Пірәлиеваның айтуынша: “Адамның сыртқы сезімдік құбылыстары,
эмоция мен сезім, сондай-ақ түрлі мәнердегі келбет ілімі, көз әлпеті,
беттің ым-ишарасы, басқа дене құбылыстарының психологиялық ерекшеліктері
қазақ өмірінен алынған қызғылықты, нақты материалдар арқылы зерттелген” [9,
157 б.].
Академик Қ. Жұмалиев “Абай – қазақтың бірінші психолог ақыны” атты
мақаласында ым, ымдау, ишара мен емеурінге көңіл бөліп, өз тарапынан арнайы
сөз еткен. Сондықтан да Қ. Жұмалиев ым мен ишаратты әдебиеттануда
айрықшалап, ерекше қарастырған ғалымдардың бірі болып табылады [10, 303
б.].
А. Байтұрсынұлының 1926 жылы жарық көрген “Әдебиет танытқыш” еңбегінде
көптеген әдебиетке қатысты теориялық мәселелермен қатар кескін, бет әлпет
жөнінде айтылған өзіндік ерекше пікірлері кездеседі. Онда айтыс үстінде
айтысушы, сөз сайысына түсуші ақындардың дене ишараттарына көңіл аударып,
ерекше мән берген, айтыскерлердің бет-әлпеттерінің өзгерісіне,
психологиялық ерекшеліктеріне тоқталған [11].
Сондай-ақ М. Жұмабаевтың “Педагогика”, “Жан көріністері мен дене
көріністері арасындағы байлам” [14], “Жан көріністерін үйрету жолдары” [15]
еңбектерінде, сондай-ақ заманымыздың ұлы суреткері, академик-жазушы М.
Әуезовтің “Әдебиет тарихында” [12], академик З. Қабдоловтың “Жебе” [13]
атты еңбектерінде, жалпы әдебиеттегі психологизм проблемасы сөз болған
жерлерде, зерттеулерде ым мен ишараттың адам портретін, адам психологиясын
жасаудағы қызметтеріне орай бейвербалды амалдар әрқилы деңгейде сөз болып,
осы бір күрделі мәселе ғалымдардың назарынан тыс қалып көрмегенін
байқаймыз.
Ал М. Жұмабаев – бейвербалды амалдар мен адам психологиясы арасында
терең байланыс барын алғаш аңғарғандардың бірі. Ол: “Адамның жан сыры дене
арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді”, – дей келе, дененің жанға байлаулы
болатынын, соған байланысты ішкі жан-дүниенің дене қимылдарының жасалуына
әсер ететінін айтады [16, 156 б.].
Яғни дене қимылдары мен бет-әлпет, ишараттар зертеушілердің көңілін
бұрып, ойларын қозғап, ойларына ой қосып отырған. Бұл, түптеп келгенде,
заңды үдеріс.
Ал енді тілдің қатысынсыз, былайша айтқанда, сөзсіз, тек соматикамен,
дене мүшелерінің қатысымен ғана орындалатын тілсіз амалдардың қандай
себептермен лингвистиканың нысаны болатыны көпті толғандырып келгені, әлі
толғандырып жүргені рас. Сондықтан да дене қимылдары мен ым, ишараттардың
лингвистикалық зерттеулердің нысанына қалай айналатынын анықтап алу қажет
деп білеміз. Ол үшін, параамалдарды өзінен ұқсас ұғымдардан ажыратып алып,
бөліп қарастырып, жеке тану керек және таныту қажет.
Ең алдымен, өнер саласындағы пантомимика мен параамалдардың екі түрлі,
бөлек-бөлек құбылыстар екенін түсініп алу жөн.
Біріншіден, кемтар адамдардың тілі, атап айтқанда, мылқаулар тілі,
саусақпен істелетін, саусақпен оқылатын оқу жүйесінің тілі ғылым тілімен
айтқанда дактильді сөйлеу тілінің ым мен ишаратқа қатысы жоқтығын осы жерде
бірден басын ашып айту керек.
Дактильді сөйлеу тілі - мылқау жандардың, яғни қоғамдағы саны шектеулі
әлеуметтік топтың ғана өз ішінде қолданатын қарым-қатынас құралы. Ал
бейвербалды амалдардың мән-мағынасы жалпыға түсінікті, көпке ортақ болып
келеді, олардың ауқымы тілдік ұжымға (ұжым деп тұтас ұлтты, ұлт өкілдерін
айтып отырмыз – М.С.) түгел түсінікті, универсалды сипаты бар. Дегенмен,
мылқаулар тіліне қатысты ғылыми ортада өзгеше де пікірлердің бар екенін
еске сала кету керек: “Язык глухонемых, где сущность жестов и символов
может трактоваться двояко – и как первичная (собственно языковая) система,
и как вторичная (код-заместитель); язык жестов у некоторых народов, который
однако, может рассматриваться как символическая система вторичного
происхождения, существующая на базе естественного языка” [5, с. 17].
Жалпы тіл мен сөйленістің толыққанды, мейлінше актив, жанды болуындағы
кейбір жағдаяттардың әсері мен ықпалы, рөлі мен қызметі турасында, олардың
семантикалық-мағыналық қырларына байланысты Г.В. Колшанскийдің ойлары ден
қоярлық дәрежедегі ерекше айтылған пікірлер болып келетінін мойындау керек.
Ғалым имманетті-тілдік және тілден тыс факторлардың қосылуы, бірігуі және
олардың информацияны нақты жеткізудегі табиғи процестердің жүруінің екі
түрлі себеп-салдары бар екенін атап көрсетеді:
а) біріншісі – вербалды құралдарды таңдау еркіндігі бар екені; олардың
көптігі мен мол болып келетіндігі, тіпті ондай мүмкіндіктің әр коммуникант
үшін жеткіліктілігі, тіпті мейлінше көптігі мен артылып түсетіні болса;
ә) екіншісі – коммуникативті процестің материалды жақтан нақтылығы. “По
естественный необходимости эти два фактора должны были быть объединены в
процессе развития языка. Характер этого объединения, однако, весьма
своеобразен, так как он не образует некоторого органического соединения
интра и экстралингвистических факторов, а является по существу своему
объединением, лежащим на поверхности языка. Экстралингвистический фактор
не включен и не может быть включен в структуру языка, так как система
языка функционирует имманентно и в принципе не нуждается в каких-либо
дополнительных средствах для выявления коммуникативного содержания” [5, с.
17].
Дегенмен де қандайда бір болмасын мазмұнның барынша толық жеткізілуі
үшін кей жағдайларда таза тілдік құралдардың элиминация құбылысына
ұшырайтындығы байқалады, мұндай сәттерде дәл сол элиминациялық процесс іске
асқан мезеттен бастап экстралингвистикалық құралдар іске қосылады. Бұл
кезде белгілі бір іске асуға тиісті тілдік актінің нақтылығы артып,
тиісінше айқындала түседі. Ал лингвокреативтік ойлау жүйесіне сәйкес сөз –
ұғыммен бірге формалар да жасалады. Әрбір сөйлеушінің тілінде, сөзінде
нақты бір сөздің көмегінсіз тыңдаушыға жететін, практикалық үшін
практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру барысында жасалатын қимылдар, бет-
пішін өзгерістері болады. Мүмкін мұны практикалық ойдың көрінісі деуге де
болатын шығар. Өйткені, ым мен ишарат та, дене қимылдары да – ойлаудың
жемісі. Ал ойлау мен тіл тығыз байланысып жатқан категориялар.
“Практическое мышление, т.е. мышление непосредственно, включенное в
практическую деятельность и направленное непосредственно на решение частных
задач, принимает форму наглядно-действенного мышления. Наглядно-действенное
мышление – это элементарная форма практического мышления, направленная на
разрешение элементарных практических задач” [18, с. 194-195].
Тілдік сана вербалды түрде көрінеді. Тілдік сананың нысаны бүтін
универсум болса, тілдік өзін өзі танып-білудің нысаны тіл және тілдік
элементтерден тұрады, оның түпкі жемісі – мәтін. Өзін-өзі тілдік танымды
жүзеге асыратын екі жол бар: бірі – вербалды, екіншісі – бейвербалды.
Бірінші жол тілдің метатілдік функциясымен байланысты. Бірақ “...сознание
может выражаться и невербальными способами. Так, определенные языковые
выражения люди квалифицируют как ругательство и реагируют на них
поведением, далеко не всегда вербальным (например, брезгливым или
возмущенным взглядом, жестом и т.д.)” [19, с. 35]. Бұл бейвербалдылықтың
тілге қатысты бір жағын ғана, оның ішінде, тыңдаушының, ақпаратты
қабылдайтын адамның реакциясын көрсетеді.
Коммуникация кезіндегі паралингвистикалық құралдардың тілдік актіге
қатысының екі түрлі сипаты (характері) бар: біріншіден, тек қана
коммуникацияның жеткізілуінде паралингвистикалық байлаулы тұйықталған
құралдардың болуы (свернутый) нақты бір жағдаяттарда сөз фразаларының
қолданыс табуына мүмкіндік береді; екіншіден, паралингвистикалық құралдар
сөйленісті толықтыратын (компенсациялық) фактор болып сияқты қарастырылып,
тілдік жақтан кеткен қателіктің, дұрысы кемістіктің, жетіспеушіліктің орнын
толықтырып, қажет жерінде жабатын құрал қызметін атқарады. Ол құралдың өз
алдына атқаратын қызметі бар, оның қызметінің сөйлеу тілі үшін маңыздылығы
зор. Сөйлеу жүйесіндегі функционалдық қызметі жоғары бағаланады. Сондықтан
да: “Паралингвистика – не есть остаток, вычитаемый из языковой системы, а
функциональный компонент речевой системы, релевантный по-особенному в
каждом конкретном речевом общении” [5, с. 19].
Бұл айтылған мәселелер – паратілдік құбылыстардың ерекшелігін көрсететін
жиынтық түсініктің бір ғана деталін құрайды. Параэлементтердің тілдегі орны
мен маңызы, нысан ретіндегі ерекшелігін жеткізу үшін бұл дәлеліміз аздық
етеді. Ендеше, өз тарапымыздан, әлемдік лингвистикада осыған дейінгі бар,
қалыптасқан көзарастарға арқа сүйей отырып, паратілдік амалдардың тілдік
жүйедегі орнын анықтау мен тілге қатысын белгілеуге байланысты кейбір
өзіндік пікірлерімізді айтып, оларға тоқталып өткен дұрыс деп санаймыз.
Коммуникативтік жүйедегі тілдік емес коммуникативтік амалдардың
екіншілік дәрежедегі қызметте болатындығы даусыз мәселе. Бірақ, тілдік емес
элементтерді түсіндіруде міндетті түрде адамның ырқына тәуелсіз түрде
вербалды амалдар (ғылым тілімен сөйлетсек), тілдік амалдар іске қосылады.
“Несмотря на самое разнообразное их происхождения, они по своей функции
лишь примыкают к языку, используются языком и декодируются с помощью языка”
[5, с. 19]. Сондықтан да барлық паралингвистикалық құралдар өздерінің
материалдық тегі немесе жасалу жолына қарай емес, коммуникативтік актідегі
атқаратын қызметі мен актіге қатысуы тұрғысынан келгенде ақпаратты, ойды
жеткізуіне қарай, коммуникативтік акті кезіндегі функциясына сай
алғашқылық, негізгі қызмет атқаратын тілдік құралдарға өте ұқсас. Олар
тілдік біліктермен тепе-тең дәрежеде зерттеліп, тілдік зерттеулердің
нысанына айналады, вербалды элементтермен қатарласа келіп, иық тиістіре
тұрып, тілдік элементтер секілді ортақ тілдік қасиеті байқалып тұратын,
тілдік сапаға ие элементтерге айналады, Бұлай деуіміздің тағы бір себебі
бар. Ол себептің ең негізгісі және маңыздысы – ишараттардың пайда болуымен
байланысты. Және жасалуы жағынан түрліше болуында жасырынып жатыр. Мұның
өзі ишараттарды шығу тегіне қарай, тектік жағынан бір-біріне орайластыра
отыра:
– биологиялық;
– мәдени-тарихи;
– этнографиялық;
– паралингвистикалық қырларынан зерттелеуіне жағдай туғызатынын көреміз.
Біз, тілді зерттеушілер, бейвербалды құралдарды паралингвистикалық
жақтан, олардың тілдік сипатын басшылыққа ала отырып қарастырамыз. Өйткені,
экстралингвистикалық факторлардың арасынан, тілдік қатысымға (речевое
общение) қатысатын тілден тыс фактор ғана паралингвистикаға енетіндігін
ғалымдар көптен айтып, жүйелеп қойған [5, 18 б.]. Және бір айта кететін
жайт бар. Ол жайт шынында да назар аударуға тұратын басты нәрсе: вербалды
коммуникация кезінде байқалатын кейбір олқылықтардың орнын бейвербалды
элементтер толықтырып отырады.
Тілдік қатынастың ауызша немесе жазбаша орындалуының шартына орай
паралингвистикалық амалдар екі түрге ажыратылады:
– қолмен жасалатын қимылдар, иық-қол, саусақтардың қатысы - қозғалыстағы
(динамикадағы) амалдар;
– қозғалыссыз (динамикалық емес) амалдар, атап айтқанда,
мультипликациялық тип деп айтуға ыңғай тудыратын белгілердің көрінуі,
заттардың орналасуы, мәтін ішіндегі әр түрлі таңбалық белгілер, символдар,
т.б. жатқызылады.
Параамалдар нақты бір сәттегі немесе сол сәтіндегі тілдесім үшін маңызды
болғандықтан, мезеттік (сәттік) тілдік қатынастың маңызды компоненті болып
табылады. Мұның өзі коммуникацияға қатысатын тілден тыс құралдарды тілге
әсер етуші экстралингвистикалық факторлардан ерекше бір белгісіне қарай
ажыратуға жағдай жасайды: “Внеязыковые средства, участвующие в
коммуникации, и есть те паралингвистические условия, которые вплетатся в
языковое общение. В этом смысле паралингвистический аспект отличается от
просто экстралингвистических факторов тем, что он определяет языковое
общение каждый данный раз на конкретный момент коммуникативного акта, т.е.
он имеет силу в чисто синхронном срезе” [5, с. 18].
Тілдегі интралингвистика, экстралингвистика, паралингвистиканың бір-
бірінен айырмашылығын көрсету мақсаты алдыңғы орынға шығарылғанда
қатысымның тағы бір маңызды бөлігін есте ұстаған абзал. Ол коммуникациялық
акт процесі кезінде сөйлесімнен де, сөйленіспен байланысып жататын
ситуациядан да тыс тиісті ақпаратты жеткізуші туралы акт барысында анықтала
түсіп, белгілі болатын ақпарат болып табылады. Ол - сөйлесім актісіне
қатысушы субъектінің характеристикасы. Сөйлесім актісіне қатысушы
субъектінің тілден тыс, тілге жатпайтын характеристикасына дауыс
ерекшелігі (тембр, тон), артикуяциялық ерекшеліктер (кейбір дыбыстарды
дұрыс айтпау, тілін бұрап сөйлеу, т.б.) жатқанымен, олардың жеткізілуге
тиісті ақпараттың мазмұнына тигізетін әсері жоқ, тіпті еш уақытта да
ешқандай қатысы болмайды. Бұлар физикалық тұлға ретіндегі субъектінің таза
биологиялық ерекшеліктері ғана болып табылады. Олар тілдік параметрлерден
тысқары жатқан, тілдік жүйе мен құрылымға енбейтін, медицина, анатомия
сияқты ғылым салалары зерттейтін нысандардың қатарында жүреді. Сондықтан
паралингвистикалық құралдарға субъектінің жұмсалымдық жағынан пайдасы бар,
вербалды коммуникация кезінде ішінара кездесіп қалып жататын кейбір
ақауларды реттейтін, сезім-күйді жеткізуді байытып, толықтыратын құралдар
ғана жатқызылады. Осыған орайластыра келіп, параамалдарды А.И. Смирницкий
“сверхязыковой остаток” деп атауға дейін барған. Ал ғалым Г.В. Колшанский
бұл пікірге керісінше өз ойын білдіріп, былай дейді: “Паралингвистика не
есть “остаток”, вычитаемый из языковой системы, а функциональный компонент
речевой системы, релевантный по-особенному в каждом конкретном речевом
общении” [5, с. 19]. Біз диссертациялық жұмысымызда осы пікірді басшылыққа
алатынымызды айта кетеміз.
Сонымен, тіл мен паратілдің арасындағы қарым-қатынас тілдік не болмаса
негізгі (алғашқылық) және паралингвистикалық не болмаса қосалқы (екіншілік)
жүйелердің қатынасына негізделген. Бірақ жеткізілетін ақпарттың мазмұнына
қатысы жоқ сөйлеушінің тілін шайнап сөйлеуі, кейбір дыбыстарды айта алмауы,
сақаулығы, дауысының қырылдап шығуы, дауысының шіңкілдеп я болмаса
гүрілдеп шығуы, көз, мұрын, қас, қабақ, маңдайды жиыру әдеттері, беттің
қызылдығы, қансыздығы т.б. сияқты қарым-қатынас ұшін мәнсіз факторлардың
коммуникацияның мазмұнына тигізетін әсері жоқ. Бұл зерттеушілер білуі
қажетті өз алдына жай ғана нәрсе дер едік, олардың ақпаратқа да ешқандай
қатысы болмайды. Сондықтан олар паралингвистикалық элементтердің қатарынан
орын алмайды, тек қана сөйленіс процесіндегі адамның физикалық күйін
білдіреді. Олар, ең бастысы, тіл жүйесі мен паратіл жүйесінің
лингвистикалық өлшемдеріне (параметрлеріне) жауап бере алмайды. Сонымен
бірге ақпаратты қабылдау барысында жоғарыда келтірілген адамның физикалық
күйінің ақпараттың мазмұнына, мән-мағынасына әсері тимейді.
Ойымызды түйіндей келгенде, паралингвистика - функционалды ұғым, ол
лингвистика жүйесінде көмекшілік қызмет атқарады, өйткені паралингвистика
коммуникацияның басты, негізгі емес, екіншілік, қосалқылық дәрежелі тілдік
емес құралдардың нақты бір сөйленіс кезіндегі жұмсалымдық қызметін
зерттейді деп тұжырым жасаймыз.

1.2 Қазақ мәдениеті мен тіл білімінде паралингвистикаға қатысты
терминдердің қалыптасуы
Тіл – мәдениеттің негізі. Ұлт тілі мен оның мәдениеті өзара тығыз
байланысып жатады. Ұлтты, оның тілін толық танып-білу үшін экстра-, -интра,
паралингвистикалық амалдардың, бәрінің де ерекшеліктерін зерттеу қажет. Әр
саланың тілдік жүйедегі орнын саралап білу де аса қажетті. Соған орай
паралингвистикаға байланысты терминдердің қалай тілімізде қалыптасып
жатқанына тоқталып көрелік. Паралингвистикалық терминдердің ішінде ең жиі
қолданылатындары әрі оларды толық сипаттайтындары ым және ишарат сөздері
болып табылады деп білеміз. Біз соларға, ым және ишарат сөздеріне тоқталып
өтеміз.
Бейвербалды амалдар мимика – ым, жест – ишара, поза – дене қалыбы
терминдеріне тікелей тәуелді. Орыс тіл білімінде Г.В. Старикова осы
терминдердің ұғымына байланысты мынадай ойын ортаға салады: “Жест – это
значащее телодвижение (обычно рукой с помощью которого непроизвольно
выражается душевное состояние человека или обобщающиеся сознательно
передают друг другу информацию.
Мимика – это значащее движение человеческого лица.
Поза – значащее положения человеческого тела” [20, с. 188].
Бірақ осы ғалымның келтірілген пікірін өзге ғалымдардың бәрі бірдей
қолдамайды. Е.Я. Кедрова ишараға қолдың қимылымен бірге жалпы дене қимылын
да жатқызады [21, 29 б. ]. Біз, өз тарапымыздан, Н.И. Формановскаяның [22]
және Г.В. Колшанскийдің көзқарастарына қосылатынығымызды ескертеміз [23].
Олар ишараға дене мүшелерінің, оның ішінде қол, аяқ, бас секілді дене
мүшелерінің динамикалы қозғалысын жатқызады. Ал мимиканы бетпен, бет бұлшық
еттерінің қимыл-қозғалысымен байланыстырады.
Енді қазақ тіл білімінде осы терминдердің қалай қалыптасып келе
жатқанына көңіл аударып көрелік.
Орыс тілі арқылы енген мимика сөзі көп жылдар бойы осы күйінде айтылып
та, жазылып та жүрді. Тек соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер жүргізіле
бастағаннан бері бұл терминді аударып айту үрдісі арнаулы әдебиеттерде іске
асырыла бастады. Енді мимика мен жест терминдерінің түрлі сөздіктерде
түсіндірілуі, аударылуы, балама табылуы қандай дәрежеде екеніне назар
аударайық.
“Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікте”: мимика –
мимика [24, 184 б.] , жест – ым, жестикулировать – ымдау, поза – кескін,
қалып, кейіп деп берілген.
Ал терминологиялық сөздіктің “Педагогика және психология” тараулары
бойынша [25]: жест – ым, ишара болса, жест вербальный – вербальдық ым [25,
178 б.], мимика – мимика [25, 208 б.], поза – кейіп [25,231 б.] түрінде, ал
дене тәрбиесі мен спортқа арналған томда [26]: жест – ым, [26, 170 б.] поза
- қалып, бейне [26, 221 б.] делініп жүр.
Сондай-ақ, Қ. Бектаев құрастырған “Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша
сөздікте” Ым – жест, мимика, знак, сигнал. Ым – ишарат, - жесты. Ым тілі –
язык жестов. Ымдасу – мимика, дать знак, подмигнуть: Жестикуляция,
жестикулировать түрінде келтірілген және түсінігі берілген [27, 491 б.].
Қазақ тарихындағы жеке ғылым саласы ретінде психология ғылымына арнап
алғаш жазылған Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығында: мимиканы беттің
ымы, келбет ілімі деп қазақшалап, сол кездің өзінде аударған. Мимикаға Ж.
Аймауытовтың берген түсінігі: Кісінің қылығын қимылына қарап сыйлаймыз,
көзге өте көп көрінетін қимыл беттікі, - дейді [28, 88 б.].
Ал мимика нені зерттейді деген сауалға Ж. Аймауытов мыналарды тізбелеп
көрсетеді:
- бет құбылысы;
- маңдайдың қатпары, сызығы;
- қастың қимылы;
- көздің қарасы;
- танаудың желбіреуі;
- еріннің, төменгі жақ сүйегінің қозғалыстары, т.б.
Жестке бастың, иықтың, еңсенің қозғалуын жатқызады [28, 88 б.].
М. Жұмабаев “Педагогика” еңбегінің “Психология” атты тарауында: “Адамның
жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді, дене де жанға
байлаулы, жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы,
дауысы, аяқ басуынан жанының қандай күйде екені көрініп-ақ тұрады”, – дейді
[29].
Байқап отырғанымыздай, мимика мен жест терминдері қазақ тіліне
аударылғанда әр түрлі аударылып келгенімен, түсініктері бір арнаға келіп
тіреледі екен. Сондықтан, бұл жерде біздің ойымызша, басын ашып айта
кететін бір нәрсе бар, ол - ымның бет-әлпетке қатысты қимыл екендігі, ал
ишараттың әрі бет-әлпет арқылы, әрі дене қимылдары арқылы жасалатын
бейвербалды амалға жатқызылып жүргені.
Ишарат сөзінің өзі көп жағдайда жеке бір қимылды білдірмегенмен, белгілі
бір қимыл, нақты ишаратпен қосарлана қолданылып отыруы көңіл аудартады.
Мұндайда, ишараттың өзі суреттеледі де, соны нақтылай түсу үшін ишарат
жасады, ишарат етті, ишарат білдірді, ишарат қылды тіркестерін қосарлана,
қабаттаса айтылады. Мұндайда ишарат сөзі нақты бір ишаратты білдірмейді,
тек өзге бір ишаратты нақтылайды. Мысалы:
Құнанбай сол қолын шүғыл көтеріп қап “Доғар” дегендей ишарат қылды [30].
Мұнда негізгі ойды білдіріп тұрған ишарат сол қолын шұғыл көтеру екені
белгілі. Ал ишарат сөзі осы сол қолын шұғыл көтерудің ишарат, қимыл екенін
білдіруші, нақтылай түсуші сөз ғана.
Құнанбай “Жетті, доғар” дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып
тастады [30].
Өмірде, көркем шығармаларда ым, ишара, емеурін, кескін ілімі, дене қалпы
(мимика, жест, поза) бір-біріне синоним ретінде бірінің орнына бірі ауысып
қолданыла бергенімен, психологияда, әдебиеттануда, әсіресе, лингвистикада
ғылыми талапқа сай, қалыптасқан тұрақты терминдік өз атауларына айналған.
Сондықтан біз мимиканы ым, ымдау деп әдеби тілде, өмірде қалыптасқан
қалпында қолдануға тиіспіз. Өйткені ғылым нақтылықты, дәлдікті қалайды. Ал
мимикаға мынадай кескін-келбеттегі қимыл-қозғалыстар жатады: көздің
қозғалысы (көзін алақтату, көзін қысу, т.б.), көзін жұму; еріннің
қозғалысына (ернін сылп еткізу, ернін шүйіру, ернін жымқыру, ернін шығару),
қабақтың қозғалысы - қабақтың түйілуі, жазылуы, қарс түйілуі, оң я сол
қабақтың көтерілуі, маңдайдың қозғалысы - маңдайдың қыртыстануы, маңдай
сызықтарының жиырылуы, маңдайға сызат жиналуы; қастың (қабақтың) қозғалысы
- қастың керілуі, қастың түйілуі, оң қасының көтерілуі, сол қасының
көтерілуі, қастың жазылуы, т.б. секілді мәнді, өзіндік мағынасы бар бет-
әлпет арқылы орындалатын қимылдар жатады.
Қас-қабақтың қимылында да мән бар (қабағын шыту, қас-қабағымен нұсқау,
қабағынан қар жауып, қас-қабағын қозғау, т.б.), тілге қатысты (тіл шығару,
тілін салаң еткізіп шығару,тілін жылт еткізу,тілін шығарып күлу, тілін
тістей ойлану, т.б.) өзге ишараттарға ұқсамайтын өзгеше мағынаға ие тағы
басқадай қимыл-қозғалыстар бар. Бұлардың бәрі де тек мимикаға қатысты,
мимика төңірегіндегі мәнді (выразительные) бейвербалды ишараттар.
Енді емеурін, ишара (жестке) келер болсақ, бұған тек дене мүшелерінің
араласуымен, кейде бет-әлпет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы арқылы
жасалатын іс-әрекеттер мен қимыл-қозғалыстар жатады. Және оның қазақша
әуелден қалыптасқан емеурін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвистикадағы бейвербалды амалдар
Қарым-қатынас үдерісіндегі кинесикалық амалдар
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіліндегі көпмағыналы фразеологизмдер табиғаты
Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа баяндамалар
Эмоционалды мәтін прагматикасы
Бейвербалды карым-катынастын ұлттық сипаты
Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған
Пәндер