Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі



Кіріспе 3
1 Шәкәрім және Гете поэзиясындағы көркемдік
үндестіктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .
14

1.1 Табиғатты жырлаудағы үндестіктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14

1.2 Махаббат, өмір, өлім тақырыптарының жырлануындағы
үндестіктер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
37

1.3 Гетенің «Фауст» трагедиясы және Шәкәрім өлеңдеріндегі
гуманистік идея . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
62

2 Шәкәрім және Гете поэзиясындағы дүниетанымдық
үндестіктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
81

2.1 Ой, сөз, іс бірлігі идеясының қос ақын
шығармашылығында үндесу ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . .
81

2.2 Дін, ғылым, өнер тақырыбына арналған
шығармаларындағы дүниетанымдық үндестіктер . . . . . . . .
98

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1376

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 141
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ поэзиясының батыс-еуропалық үлгідегі ақындық мектеппен өзара байланысын зерттеу және олардың арасындағы сабақтастықты саралау әдебиеттану саласындағы аса зәру тақырыптың бірі болып табылады. Соның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Иоганн Вольфганг Гете поэзиясының әлем құбылысын көркем оймен қабылдаудағы және оны жеткізудегі көркемдік танымы мен көркемдік әлемінде тереңнен тамырласып жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму жолдары, стильдік, тілдік бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу-қазақ әдебиеттену ғылымындағы көкейкесті мәселенің бірі. Әсіресе, Шәкәрім поэзиясындағы «әлемдік тұтас көзқарасты» қамтитын идеялық өрістерінің ашылмаған қырларын Гете шығармашылығымен біріктіре қарастырудың маңызы айрықша.
Екі ақынның поэзиясын ұйытқан көркемдік-эстетикалық мәйек - әдебиеттегі ұлттық және жалпыадамзаттық идеялар тоғысының тамаша үлгісі болып табылады. Еуропа әдебиетіне тұңғыш жол ашқан Абай поэзиясының неміс әдебиетінің өкілі Гетенің шығармашылығымен рухани үндесіп жатуы тың пікір түюге негіз қалайды. Сондықтан да, ұлы Абайдың шәкірті, ақын Шәкәрімнің шығармашылық, көркемдік әлемінің Гете туындыларымен тамырластығы, олардың арасындағы үйлесім мен ерекшеліктерін анықтау, философиялық-эстетикалық бағытын тану-арнайы зерттеудің негізгі арқауы болып отыр. Соның негізінде екі әдебиеттің аса ірі екі өкілінің шығармашылығын таным мен көркемдік тұрғысынан диссертациялық деңгейде зерттеу – жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Шәкәрiмнiң поэзиясы ақынның өз болмыс-бiтiмiндей ешбiр ұлтты жатсынбайтын әмбебап үлгi екенiн оның әрбiр жыр шумағы да айғақтайды:
Тамам жан өзiн-өзi «мен» деседi,
Өзгелердi жатырқап «сен» деседi.
«Бiз» дейтұғын бiр елдi таба алмайсың,
Бұл қайтiп әдiлетпен теңдеседi? /1, 179/
Әдебиеттану ғылымында осындай екi дара авторлардың шығарма-ларындағы типологиялық ортақ мәселелерi жөнiнде орыс ғалымдары М. Бахтиннiң /2/ мәтіндердегі диалогизмдiк қатынастардың мәнiн ашатын еңбектерi мен құрылымдық поэтиканың негiзiн салушы Ю.Лотманның /3/, В.Жирмунскийдiң салыстырмалы әдебиеттануға байланысты зерттеулерiнiң маңызы ерекше /4/.
1. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. М.Жармұхамедов, С.Дәуiтов, (А.Құдайбердиев). –Алматы: Жазушы. 1988. – 560 б.
2. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. -М.: Искусство, 1979.-424 с.
3. Лотман Ю. Анализ поэтического текста. -Л.:Просвещение, 1972.–272 с.
4. Жирмунский В. Сравнительное литературоведение. Восток и Запад. -Л.: Наука, 1979. –494 с.
5. Шәкәрiмұлы А. Менiң әкем халық ұлы - Шәкәрiм. Жұлдыз. 1992. -№11.
6. Құдайбердiұлы Ш. Үш анық. –Алматы: Қазақстан және Ғақлия ғылыми-әдеби орталығы, 1991. –80 б.
7. Аветисян В. Гете и проблемы мировой литературы. –Саратов: Изд. Саратов.университета. 1988. –255 с.
8. Бөкейханов Ә. Түрiк, қазақ қырғыз һәм хандар шежiресi. Оқшау сөз// Абай, 1994. -№9. – 38-39 áá.
9. Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан// Айқап, 1915.- №6. – 95 á.
10. Әуезов М. Абай ақындығының айналасы// Әдебиет майданы, 1934, -№11. – 20 á.
11. Шәкәрiм Қ. Ләйлi-Мәжнүн. –Алматы: 1936. – 49 á.
12. Сатпаева Ш. Шакарим Кударбердиев. –Алматы: Ғылым, 1993.-63 с.
13. Нұрғалиев Р. Ш.Құдайбердиев: ақын, тарихшы, философ, композитор// Арай, 1988. -№8.
14. Елеукенов Ш. Қайтып оралған қазына//Социалистiк Қазақстан, 1988, 15 сәуiр.
15. Базарбаев М. Шәкәрiм ақын// Жұлдыз, 1989. -№12. – 192-197 áá.
16. Сүйiншәлиев Х. Ақынның оралуы// Алматы ақшамы, 1988, 12, 13, 14 шiлде.
17. Бердiбаев Р. Елеулi рухани олжа// Қазақстан мұғалiмi, 1988, 12 август.
18. Мырзахметов М. Ғашық жар деген кiм едi? //Түркiстан, 1999, 28 апрель, 4 мамыр.
19. Мағауин М. Ақын, тарихшы, философ// Кiтапта: Бес арыс. Естелiктер, эсселер және зерттеу мақалалар/ Құраст. Д.Әшiмханов. –Алматы: Жалын, 1992.
20. Мұқаметқанов Қ. Шәкәрiм Құдайбердиевтiң творчествосы// Қазақ әдебиетi, 1998, 15 апрель.-5-10áá.
21. Тлеуханова А. Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк пен таным бiрлiгi. Канд.диссерт. -Алматы, 1995. –175 б.
22. Үсенова А. Шәкәрiм өлеңдерiнiң құрылысы. Канд.диссерт. -Алматы, 1999. – 138 б.
23. Аюпова Г. Этическое наследие Ш.Кудайбердиева в свете казахских литературных связей и традиций. Канд.диссерт. -Алматы, 1997. – 137 с.
24. Кусакпаева Р. Проблема нраственности и нравственного совершенствования в творчестве Шакарима. Канд.диссерт. -Алматы, 1994. –174 с.
25. Ахметова Ж. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетiндегi фольклорлық дәстүр. (Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров шығармаларының негiзiнде) Канд.диссерт. -Алматы, 1999. – 139 б.
26. Iзтiлеуова С. Шәкәрiм поэзиясындағы тұлға мәселесi. Канд.диссерт.автореф. -Алматы. 2000. – 25 б.
27. Әбдiғазиұлы Б. Шәкәрiм шығармашылығының дәстүрлiк және көркемдiк негiздерi. Докт.диссерт. -Алматы, 2001. –338 б.
28. Бейбытова К.Д. Эволюция Абаевских традиций в казахской поэзии начала ХХ века. Автореф.докт.дисс.- Алматы, 1997.-50 с.
29. Мамраев Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. Докт.диссерт. -Алматы, 1998. – 271 с.
30. Жаксылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. (Типология, эстетика, генезис). Докт.диссерт. -Алматы, 1999. – 348 с.
31. Калижанұлы У. Қазақ әдебиетiндегi дiни-ағартушылық ағым (XIX ғасырдың екiншi жартысы мен XX ғасырдың басы). Дикт.диссерт. автореф. -Алматы, 1999. - 50 б.
32. Сабирова А. Абай и Шакарим: музыкальная эстетика и песенный стиль. Канд.диссерт. -Алматы, 1999. – 138 с.
33. Абдырасылова Г.Шәкәрiм Құдайбердыұлы философиясындағы адам мәселесi. Канд.диссерт. -Алматы, 1998. – 148 б.
34. Амребаев А. Мировоззрение Шакарима Кудайбердыулы в культурно-историческом контексте. Канд.диссерт. -Алматы, 1994. –157 с.
35. Айтпаева А. Шәкәрiм Құдайбердiұлының шығармашылығындағы дiни және дүниетанымдық мәселелер. Канд.диссерт. -Алматы, 1997. – 120 б.
36. Гете И.В. Фауст. Немiс тiлiнен аударған М.Құрманов. –Алматы: Жазушы, 1982. – 200 б.
37. Вильмонт Н. Гете. История его жизни и творчества. -М.: Гос.изд.худ.лит., 1959. –324 с.
38. Жирмунский В. Гете в русской литературе. -Л.: Наука, 1982. – 559 с.
39. Аникст А. “Фауст” Гете. Лит.коммент. -М.: Просвещение, 1979. –240 с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей университеті

ӘОЖ 809.1
Қолжазба құқында

Сейсекенова Айнаш Байкенжеқызы

ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ГЕТЕ:
ПОЭЗИЯДАҒЫ КӨРКЕМДІК ПЕН ТАНЫМ ҮНДЕСТІГІ

10.01.07-салыстырмалы әдебиеттану

Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
филология ғылымдарының докторы,
профессор А.С. Еспенбетов

Семей

2003
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Шәкәрім және Гете поэзиясындағы көркемдік
үндестіктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .14
. . .
1.1 Табиғатты жырлаудағы үндестіктер. . . . . . . . . . . . . .14
. . . . . . .
1.2 Махаббат, өмір, өлім тақырыптарының жырлануындағы
үндестіктер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37
. . . . . . . . . . . . .
1.3 Гетенің Фауст трагедиясы және Шәкәрім өлеңдеріндегі
гуманистік идея . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .62
. . . . . . . . . . .
2 Шәкәрім және Гете поэзиясындағы дүниетанымдық
үндестіктер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 81
. . . . . . . . . . . . .
2.1 Ой, сөз, іс бірлігі идеясының қос ақын
шығармашылығында үндесу ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . 81
2.2 Дін, ғылым, өнер тақырыбына арналған
шығармаларындағы дүниетанымдық үндестіктер . . . . . . . . 98
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1376
. . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . .141
. . . . . . . . . .

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ поэзиясының батыс-еуропалық үлгідегі
ақындық мектеппен өзара байланысын зерттеу және олардың арасындағы
сабақтастықты саралау әдебиеттану саласындағы аса зәру тақырыптың бірі
болып табылады. Соның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Иоганн Вольфганг
Гете поэзиясының әлем құбылысын көркем оймен қабылдаудағы және оны
жеткізудегі көркемдік танымы мен көркемдік әлемінде тереңнен тамырласып
жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму
жолдары, стильдік, тілдік бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің
қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу-қазақ әдебиеттену ғылымындағы көкейкесті
мәселенің бірі. Әсіресе, Шәкәрім поэзиясындағы әлемдік тұтас көзқарасты
қамтитын идеялық өрістерінің ашылмаған қырларын Гете шығармашылығымен
біріктіре қарастырудың маңызы айрықша.
Екі ақынның поэзиясын ұйытқан көркемдік-эстетикалық мәйек - әдебиеттегі
ұлттық және жалпыадамзаттық идеялар тоғысының тамаша үлгісі болып табылады.
Еуропа әдебиетіне тұңғыш жол ашқан Абай поэзиясының неміс әдебиетінің өкілі
Гетенің шығармашылығымен рухани үндесіп жатуы тың пікір түюге негіз
қалайды. Сондықтан да, ұлы Абайдың шәкірті, ақын Шәкәрімнің шығармашылық,
көркемдік әлемінің Гете туындыларымен тамырластығы, олардың арасындағы
үйлесім мен ерекшеліктерін анықтау, философиялық-эстетикалық бағытын тану-
арнайы зерттеудің негізгі арқауы болып отыр. Соның негізінде екі әдебиеттің
аса ірі екі өкілінің шығармашылығын таным мен көркемдік тұрғысынан
диссертациялық деңгейде зерттеу – жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Шәкәрiмнiң поэзиясы ақынның өз болмыс-бiтiмiндей ешбiр ұлтты
жатсынбайтын әмбебап үлгi екенiн оның әрбiр жыр шумағы да айғақтайды:
Тамам жан өзiн-өзi мен деседi,
Өзгелердi жатырқап сен деседi.
Бiз дейтұғын бiр елдi таба алмайсың,
Бұл қайтiп әдiлетпен теңдеседi? 1, 179
Әдебиеттану ғылымында осындай екi дара авторлардың шығарма-ларындағы
типологиялық ортақ мәселелерi жөнiнде орыс ғалымдары М.
Бахтиннiң 2 мәтіндердегі диалогизмдiк қатынастардың мәнiн ашатын
еңбектерi мен құрылымдық поэтиканың негiзiн салушы Ю.Лотманның 3,
В.Жирмунскийдiң салыстырмалы әдебиеттануға байланысты зерттеулерiнiң маңызы
ерекше 4.
М. Бахтин өз еңбектерiнде кез-келген мәтiнге, әсiресе, көркем шығармалар
мәтiнiне ашық құрылым ретiнде мән бере отырып, ең бiрiншi мәтiндердiң бiр-
бiрiмен белгiлi бiр ұлт тiлiнiң жүйелi iшкi заңдылығын бұзып-жарып
қатынасқа түсе алатын металингвистикалық, интермәтiндiлiк қабiлетiн алға
тартады. Мысалы ол Лингвистика, филология және басқа гуманитарлық
ғылымдардағы мәтiн мәселесi. Философиялық анализ тәжiрибесi атты
еңбегiнде: Тiптi бiр-бiрi туралы ештеңе бiлмейтiн, бөгде адамдардың қатар
қойылған сөздерi бiр тақырыпқа (ойға) титтей де болса қатысып тұрса, бiр-
бiрiмен ерiксiз диалогтық қатынасқа түседi,-деген ғылыми тұжырымын айтады
2, 293. Шәкәрiм мен Гете поэзиясының үндесуi – М.Бахтин концепциясы
бойынша оның герменевтикасына тиесiлi үлкен уақыт iшiндегi ұлттар,
мәдениеттер арасындағы диалогтық қатынастың бар екенiн дәлелдейтiн
үндестiк. Осыған байланысты Шәкәрiм мен Гетенiң екi түрлi ұлт тiлiндегi
шығармалары бiр-бiрiмен көркемдiк ойлау жүйесi, таным түрiнде
трансформацияланып қатынасқа түсуi тұрғысынан қарастыруға мүмкiндiк беретiн
нысандар болып табылады. Сонымен қатар, бұндай мәселеде мәтiннiң көркем
шығарманың маңызды компонентi бола тұра, күрделi идеялық-эстетикалық
бүтiндiктiң iшiнде қатар қойып немесе салыстырып қарағанда ғана шығарманың
көркемдiк тұтас мәнiн аша алатын бөлшектiк жағдайы ескерусiз қала алмайды.
Ю.М.Лотман мәтiннiң басқа мәтiндерге қатынасын мәтiннiң сол қалпындағы
жағдайға қатынасы емес, бүкiләлемдiк жан немесе қоғамдық күштердiң дамуы
ретiндегi қатынасы деп түсiндiредi 3, 15-16. Гете заманының өзiнде-ақ
классикалық немiс философиясы мәдениеттi мәтiндердiң жиынтығы емес, рухтың
қозғалыстағы көрiнiсi ретiнде түсiнуге шақырған болатын.
В.Жирмунский екi мәдениеттiк әдеби мұралардың салыстырмалы әдебиеттану
проблемасы бола алатын себептерiн тарихи-типологиялық белгiлерiне
байланысты қарастырады 4. Бұл тұрғыдан алғанда да Шәкәрiм мен Гете
поэзиясындағы типологиялық ортақ белгiлердiң болуы – олар өмiр сүрген
уақыттағы тарихи, саяси, әлеуметтiк жағдайлардың ұқсастығымен растала
түседi.
Шәкәрiм де, Гете де ғасырлар тоғысында өмiр сүрген ақындар. ХIХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқының басындағы Шәкәрiм сөзiмен айтсақ,
орнықпаған қалқыма уақыт болатын. Ел iшiндегi саяси тұрақсыздық,
бодандыққа қарсы күрес, феодалдық көшпелi тұрмыстан қоғамдық - экономикалық
жаңа сатыға көтерiлу қиыншылығы қазақ халқының ұлттық ояну және бiрiгу
идеалдарын туғызуға әкелдi. Сөйтiп, бұл уақыт Шәкәрiм, Ахмет, Мағжан,
Жүсiпбек, Мiржақып, Сұлтанмахмұттардың елдiң мәдениетiн көтеруге қосқан
үлесiмен тарихқа енді десек, Гете өмiр сүрген ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ
ғасырдың басында Германияның саяси - экономикалық артта қалушылығы немiс
әдебиетiнiң ұлы дәуiрiнiң басталуына себеп болды. Өйткенi, жүздеген
князьдықтар мен уақ мемлекеттерге бөлiнiп, берекесi кеткен құлдыраушы
феодалдық қатынастар кезеңiнiң немiстердi рухани бiрiктiру үшiн ұлтқа ұлы
ойшылдарды сыйлауы – дәуiр сұранысы едi. Бұл тұста Лессинг, Гердер, Кант,
Шиллер, Гете, Фихте және Гегельдер немiстiң ұлттық санасының қалыптасуына
ерекше ықпал етті. Осы өліара шақта өмір сүріп, халық мұңын басынан
кешкен Абайдай ойшыл ақынға бір ғасыр бұрын туған Гете рухының жат болмауы
да жоғарыдағы мысалдармен анықталады. Шәкәрім Гете поэзиясымен ең бірінші
Абай арқылы таныс бола отырып, Шығыс поэзиясының білгірі ретінде де неміс
ақынының есіміне қанық болған. Ахат Шәкәрiмұлы әкесi туралы естелiгiнде
Шәкәрiмнiң Батыстың белгiлi ақындарының Хафиз туралы айтқан пiкiрлерiн
келтiретiн тұсы бар. Естелiкте Ахат Шәкәрiмұлы М.Әуезовтың Шәкәрiмдi Шығыс
әдебиетiн игерудегi ұстазы санағанын айта келiп, мынаны еске түсiредi:
Бiр күнi Мұхтар: Сол Шығыс ақындарының iшiнде ең күштiсi қайсысы?,-деп
сұрағанда әкей: Олардың бәрi де шебер, нәзiк – көркем жырдың иелерi, шешен
тiлдi ақындар, маңызды әңгiмелердi жазушылар. Бұларды Батыстың ойшыл –
ақындары да мақтаған, бiрiнен-бiрi артық-кем деу қиын. Солардың iшiнде
Ғафиз (Хафиз) – Ниссан-ил-ғайып атанған: Оның тiлi ғайыптан келген, -
деген мағынада...5, 20.
Бұларды Батыстың ойшыл-ақындары мақтаған деп Шәкәрiм айтып отырған
Батыс ақындарының iшiнде маңдай алдысы Гетенiң, әсiресе, Хафизге табынып,
Хафиз кiтабы өлеңдер топтамасын арнағаны белгiлi. Шәкәрiм Гетенiң
Шығыста жетi шайыр бар, солардың ең сорлысы менен мықты деген әйгiлi
сөзiн бiлмесе бұлай айтпаған болар едi. Батыста Гетеден өзге Шығыс
сарындарын пайдаланып, шығарма жазған авторлар көп болды, бiрақ олар
Шығыстың сыртқы әшекейiн көрсеткенi болмаса, Гетедей Шығыстың рухани жан-
дүниесiне ене бiлгенi, Гетеден жоғары пiкiр айтқаны болған жоқ.
Шәкәрiм Батыс ақын-жазушыларынан Гетенiң шығармаларымен ғана емес,
антика дәуiрiнде өмiр сүрген Гомердiң шығармашылығымен таныс болған,
Байронды оқып, Бичер - Стоу Гарриеттен Том ағайдың балағанын аударған.
Өз өлеңдерiнде Батыста Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов бар деп ақын
олардың аттарын келтiрiп отырады.
Шәкәрiмнiң Үш анық философиялық еңбегiнде алпысқа жуық Батыс-Еуропа
ғалымдарының аты аталады.
Әлбетте, Шәкәрiм де, Гете де - өз туған халқының ұлттық мәдени
дәстүрлерiнiң мектебiнен шыққан жұлдыздар.
Шәкәрiмнiң рухани әлемi қазақ халқының ауыз әдебиетi мен Қорқыт, Асан
Қайғы, Сыпыра жырау, Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай, Үмбетей, Марабай және
әсiресе, Абайдың ақындық мектебiнiң дәстүрiнде қалыптасқан болатын. Кейiн
орыс, Шығыс, Еуропа әдебиетiнiң үлгiлерiн өз бетiнше оқып, игердi. Шәкәрiм
шығармашылығында жер шарының көптеген халықтарының аңыздарының сюжеттерi,
Христостың дiни және тарихи бейнесiне қатысты шумақтардың болуы,
Заратуштра, Будда, Мұхамед пайғамбар есiмдерiнiң кездесуi де көптеген дiни
таным жүйелерiн бiрiктiрген толысты суреткерлiгiн танытады. Осының
нәтижесiнде, ол қазақтың ұлттық әдеби қорына жанрлық мазмұнға бай бiрнеше
дастандар ұсынды, қазақ прозасының дамуына үлкен үлес қосты, ең бастысы –
Абайдан кейiнгi қазақтың рухани мәдениетiнiң көкжиегiн кеңейткен
Лукрецийдiң Заттар табиғаты сынды ғылыми поэзияның қайталанбас үлгiсiн
әкелдi.
Шәкәрiм мен Гете арасындағы диалог – тар мағынадағы мәтiн сәйкестiгiн
бiлдiрмейдi, әдебиеттiң жоғарғы қатарындағы тұтас мағыналы авторлық сөздiң
ақиқатқа, сұлулыққа қатынасын бiлдiретiн ерекше үндестiк. Олардың
шығармаларындағы күрделi семантикалық салмаққа ие болатын доминанттық сөз-
ұғымдарға: құдай, ақиқат, махаббат, болмыс, рух, жан, жар, шарап, өмiр,
өлiм жатады. Бұлар – бiр ұлтқа ғана қатысты емес, халықаралық маңызы бар,
жалпыадамзаттық мәңгiлiк сұрақтардың жауабын iздейтiн аксиологиялық сөз-
үлгiлер мен мәнi мүлде басқаша поэтикалық құрылымдағы ұйтқы мәтiндердiң
мәйегi болып табылады.
Шәкәрiм поэзиясын Гете поэзиясымен салыстыру – екi түрлi әдеби
құбылыстардың заңдылықтарын жалпы типологиялық ұқсастық тұрғысынан
қарастыру үшiн ғана қажеттi нысандар емес, бұл - Шәкәрiм ақынның әдеби
мұраларының әлемдiк әдебиетке қатысын, Батыс әдебиетiнiң өкiлдерiмен
байланысын анықтауға себi тиер бастама болары сөзсiз.
Шәкәрiм мен Гете поэзиясындағы ең бiрiншi ұқсастық – олардың ұлттық
әдебиеттi дамыту үстiнде Шығыс пен Батыстың да рухын тоғыстырған жаңаша
жырдың үлгiсiн салу, түйiндеу ерекшелiктерi. Мұны бiз олардың көркемдiк
ойлау жүйелерiнiң әлемдi тұтас қамти алатын идеялық-эстетикалық
ерекшелiгiнен деп бiлемiз. Екiншiден, бұл - қос ақынның да Батыс пен
Шығыстың дүниетанымдық негiздерiн жетiк бiлулерiнiң нәтижесi. Шығыс
әдебиетiне бала кезiнен жүйрiк Шәкәрiм, Батыстың Гете бойына сiңiрiп өскен
сонау антика дәуiрiнен бергi ойшыл, ғалым, философтары: Фалес, Эпикур,
Пифагор, Сократ, Платон, Аристотель, Декарт, Ньютон тағы басқалардың
iлiмдерiн де араб, парсы, түрiк және орыс тiлi арқылы бiр кiсiдей бiлгенiне
Үш анық атты философиялық трактаты дәлел болады. Шәкәрiмнiң өзi бұл
еңбегi туралы айтқанда: Осы кiтаптың аяқ жағында менiң қай қорытындым
болса да көбiнесе Европа ғалымдарының таласты сөздерi болады, - деп
түсiндiредi 6, 33. Бұны ақынның өлең мәтiндерiндегi батыстық ғылыми –
философиялық лексика мен семантикалық байланыстардың жеткiлiктi болуы да
айғақтайды. Шәкәрiм өлеңдерiнде Конт, Дарвин теориясы туралы айтылуы, Батыс
ғалымдарының аттары, батыстық дiни – мистикалық жүйелерiндегi лунатик,
спирт, гипноз, телепат сияқты теософиялық терминдердiң кездесiп
отыруы оның поэзиясының көптеген жүйелерден қорытылып шыққан күрделi
поэтикалық құрылымға жататынын танытады. Дегенмен, Шәкәрiм поэзиясының
идеялық әлемi-өз рухани дамуының нәтижесi. Ал оның шығармаларында орын
алған басқа мәдениеттiк белгiлер өз ой жүйесiнде қалыптасқандарды нығайту
мен анықтаушы факторлар ғана болып табылады.
Гете болса, өз поэтикалық интерпретациясындағы Батыс-Шығыс диуандарына
енген 235 өлеңiнде Шығыстың атақты шайырлары – Хафиз, Сағди, Жәми,
Фирдоусилердiң поэзиясынан жеткен сюжеттiк үлгiлердi үнемi пайдаланып,
шығармаларының шырайын кiргiзiп отырған.
Гетенiң ақын болып қалыптасуына немiстiң халық поэзиясы, халық аңыздары
мен дiни өсиеттерi, немiстiң орта ғасырлық және Қайта Өрлеу дәуiрiндегi
әдебиетi, немiс ағартушылары мен романтиктерiнiң, немiс классикалық
философиясының үлкен әсерi болды.
Гете Ағартушылық дәуiрдiң әмбебап ақыны болғандығынан әр түрлi ұлттар
әдебиеттерiн шығармашылық ерекше қуатпен бойына сiңiре отырып жетiлдi. Ол
өзiне дейiнгi немiстiң ұлттық әдебиетiн, антикалық және Таяу Шығыс
поэзиясын шығармашылық тұрғыдан жаңа қалыпқа құйып, Шекспир, Байрон, Расин,
Вольтер және француз романтиктерi, парсы және қытай лирикасы, серб эпосының
қуатынан нәр алды. Әлемдiк дiндердiң қасиетiн тани бiлiп, Авеста,
Бһагавадатгита, Таурат, Iнжiл мен Құранның құпиясы мен Еуропа
халықтарын мұсылмандық - мистикалық суфизм iлiмiмен таныстырды.
Сөйтiп, Гете өз поэзиясындағы философиялық - эстетикалық терең
дүниетаныммен ғылым, дiн, өнердiң ортақ адамзаттық моделiндегi әлемдiк
әдебиет концепциясын жасап кеттi.
Сұлулықтың адамнан адамға ұлт, дiн талғамай тiкелей жетуi - Гете
пiкiрiнде әрбiр ұлттың қадiр-қасиетiне түсiне отырып, ортақ мүддеге биiктеу
мұратында болуда жатыр. Гетенiң әлемдiк әдебиет дәуiрiне ерекше мән берiп
зерттеген В.А.Аветисян оның негiзгi қағидасын былай тұжырымдайды: Әрбiр
жеке адам және әрбiр ұлтқа өз ерекшелiгiн сақтауға мүмкiндiк бергенде ғана,
бiр-бiрiне жалпылама нағыз сыйласымдылыққа қол жеткiзуге болады, алайда,
шынайы абыройдың өзгешелiгi барлық адамзатқа тиесiлiлiгiнде7, 27.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Шәкәрiм мұраларын зерттеу тарихы ХХ
ғасырдың алғашқы жылдарынан басталады. Ең бірінші болып Шәкәрiмнiң қазақ
мәдениетiне, тарихына қосқан үлесi жайлы алаштың ардақты қайраткер ұлы
Әлихан Бөкейханов (Қыр баласы) Оқшау сөз. Түрiк, Қырғыз, Қазақ һәм
хандар шежiресi атты мақаласын 1913 жылы Қазақ газетiне жариялады 8.
Қазақтың аяулы ақыны С.Торайғыров өзiнiң Таныстыру поэмасында Шәкәрiмнiң
әлемге ортақ әдеби портретiн өлеңмен сомдады. Белгiлi қоғам қайраткерi,
жазушы, журналист әрi тарихшы С.Ғаббасов Тарих қазақ жайынан 9 атты
Айқап журналына 1915 жылы жариялаған еңбегiнде Шәкәрiмнiң қазақ халқына
үлгi, мақтаныш екенiн зор құрметпен атап, пiкiр бiлдiрген.
Шәкәрiмнiң қазақ әдебиетi тарихынан алатын орны, оның Абай дәстүрiн
жалғастырушы шәкiртi, iзбасары ретiндегi тұлғасы туралы зерттелуiн
шәкәрiмтанушылар қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезов есiмiнен бастайды. ХХ-
ғасырдың 30-жылдары Әдебиет майданы журналында жарық көрген Абай
ақындығының айналасы мақаласында жазушының Шәкәрiм жайлы ғылыми пiкiрi
берiлген. Жазушы Абайдың өз дәуiрiнде өмiр сүрген iзбасар шәкiрттерiнiң
төртеуiн атап: Оның екеуi - Ақылбай, Мағауия; Абайдың өз балалары...
Қалған екеуi - Көкбай, Шәкәрiм. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық
мағынадағы шәкiрттерi, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан
басқа, оның өлеңi мен қара сөздерiн оқушы әрi таратушы, бағалаушы, тұтынушы
болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған...
10, 20,-деген пiкiрiн алғашқылардың бiрi болып жарыққа шығарады.
Шәкәрiмнiң 1936 жылы Алматыда басылып шыққан Ләйлi-Мәжнүн поэмасына ақын
Сәкен Сейфуллин алғы сөз жазып, Шәкәрiмнiң туындыларына әдеби көзқарасын
бiлдiредi 11.
Шәкәрiмтанудың осыдан кейінгі кезеңі кеңес үкiметi тарапынан ақынға
жабылған нақақ жалалардың кесiрiнен күрт үзiлген болатын. Араға жылдар
салып барып қана қоғамымызда болған үлкен саяси -–мәдени өзгерiстер Шәкәрім
шығармашылығына жаңаша көзқарас қалыптастырып, оның есiмiн ортамызға қайта
әкелдi. Осының нәтижесінде 1980-жылдардың соңынан бастап Шәкәрiм
шығармашылығын көпшiлiкке жеткiзу мақсатында қазақтың көптеген белгiлi
ғалым, жазушылары: Ә.Тәжiбаев 1,24, Ш.Сәтпаева 12, Р.Нұрғалиев 13,
Ш.Елеукенов 14, М.Базарбаев 15, Х.Сүйiншәлиев 16, Р.Бердiбаев 17,
М.Мырзахметов 18, М.Мағауин 19, Қ.Мұхаметхановтар 20 республикалық
баспасөз беттерiнде мақалалар жариялады. Соңғы он шақты жылдар көлемiнде
қазақ әдебиетi ғылымында Шәкәрiмнiң өмiрi мен шығармашылығына байланысты
тақырыптар бойынша бiрнеше ғылыми диссертациялар қорғалды. Атап айтсақ,
А.Тiлеуханова Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк пен таным бiрлiгi 21,
А.Үсенова Шәкәрiм өлеңдерiнiң құрылысы 22, Г.Аюпова Қазақ әдеби
байланыстары мен дәстүрлерi шеңберiндегi Шәкәрiмнiң эпикалық мұралары
23, Р.Қосақпаева Шәкәрiм шығармашылығындағы адамгершiлiк және кемелдiлiк
мәселелерi 24, Ж.Ахметова ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетiндегi
фольклорлық дәстүр (Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров шығармаларының негiзiнде)
25, С.Iзтiлеуова Шәкәрiм поэзиясындағы тұлға мәселесi 26 атты
тақырыптар бойынша кандидаттық диссертациялар қорғады.
Шәкәрiмтанудағы айтулы жетiстiк - тұңғыш рет Б.Әбдiғазиұлының Шәкәрiм
шығармашылығының дәстүрлiк және көркемдiк негiздерi деген тақырыпта
қорғалған докторлық диссертациясы болды 27. К.Бейбiтова 28, Б.Мамыраев
29, А.Жақсылықов 30, У.Қалижанұлы 31 докторлық диссертацияларында
Шәкәрiмнiң өмiрi мен шығармашылығына тоқталып өтедi.
Өнертану ғылымы саласы бойынша А.Сабированың Абай және Шәкәрiм:
музыкалық эстетика және ән стилi деген тақырыпта қорғалған диссертациясы
бар 32.
Философия тарихы саласы бойынша Шәкәрiм шығармашылығының дүниетанымдық
мәселелерiне байланысты Г.Әбдiрасылова Шәкәрiм Құдайбердiұлы
философиясындағы адам мәселесi 33, А.Әміребаев Шәкәрiм Құдайбердiұлының
мәдени-тарихи тұрғыдағы дүниетанымы 34, А.Айтбаева Шәкәрiм
Құдайбердiұлының шығармашылығындағы дiни және дүниетанымдық мәселелер атты
тақырыпта 35 кандидаттық диссертация қорғады.
Бүгiнде Шәкәрiмдi толық танып болдық деп айту қиын. Бұл тек үлкен iстiң
бастамасы ғана. Ақынның күрделi шығармашылығы әдебиетшiлер үшiн екi
ғасырдан астам уақыт бойында күн тәртiбiнен түспей келе жатқан Гетенiң
шығармашылығы сынды ғасырлар бойы жалғасын таба бермек.
Гетенiң шығармаларынан негiзгi пайдаланғанымыз-лирикалық өлеңдерi мен 2-
бөлiмнен тұратын Фауст трагедиясының қазақ тiлiне неміс тілінің маманы,
ақын М.Құрманов аударған нұсқасы 36. Гетенiң бұл көлемдi еңбегi оның
шығармашылық идеясының бүкiл болмыс бiтiмiн танытады. Бiздiң қолымыздағы
сүйенетiн негiзгi материалдар-ТМД көлемiндегi зерттеушiлердiң еңбегi.
Алайда заман талаптарына сай Гетенiң бұл шығармасындағы негiзгi идеялық
тұғыры әр қилы қарастырылып келдi. Оған себеп-ғылымға кеңес дәуiрiндегi
саяси жүйенiң араласуы. Осыған байланысты, орыс ғалымы Н.Вильмонт 37
Фауст трагедиясын ең бiрiншi әлеуметтiк күрестi бейнелеушi шығарма
ретiнде қарастырады.
Орыс әдебиетiндегi Гетенiң шығармашылығын қабылдау тарихы мен теориялық
түсiнiктемелерi шын мәнiнде әр түрлi деңгейде бүкiл орыс әдебиетiнiң
тарихынан мәлiмет бередi. Мысалы, ХХ ғасырдағы iрi филолог, кеңестiк
дәуiрдегi атақты германист, академик В.М.Жирмунскийдiң Гете орыс
әдебиетiнде 38, 6 атты еңбегiнде орыс гететанушылары жан-жақты
қарастырылады.
Гете шығармашылығын зерттеушi iрi қайраткердiң бiрi - орыс кеңес
әдебиет, театр зерттеушiсi, сыншы, өнертану ғылымының докторы А.А.Аникст.
А.А.Аникстiң Гетенiң Фаусты 39 атты әдеби түсiнiктемелерi 1979 жылы
Москвада жарық көрдi, 1982 жылы Фауст - Гетенiң ұлы шығармасы атты
Фаустың дүниеге келуiне 150 жыл толуына байланысты зерттеу еңбегi 40,
1983 жылы Гете және Фауст ойға алғаннан бастап аяқталғанға дейiн 41
еңбегi, тағы басқа көптеген мақалалары жарияланды.
Гетенiң өмiрi мен шығармашылығы жөнiнде Н.А.Холодковский 42,
Н.И.Бухарин 43, М.Шагинян 44, С.Д.Артамонов 45, Б.Пуришев 46,
С.В.Тураев 47, Л.Копелевтiң 48 зерттеу еңбектері бар.
Гете және әлемдiк әдебиет мәселесiн зерттеген ғалым В.А.Аветисянның
Гете және Данте 49, Гете және Байрон 50, атты зерттеу еңбектерi,
әсiресе, Гетенiң Әлемдiк әдебиет концепциясын өзектi тақырыпқа
айналдырып, соның iшiнде Гете дүниетанымын Батыс-Шығыс синтезiнде
қарастыратын ойлары ерекше мән берудi қажет етедi.
Гетенiң дүниетанымына байланысты Л.М.Кессель 51, И.С.Брагинский 52,
А.В.Гулыга 53, В.Г.Белинский 54, Л.М.Тетруашвили 55, Ф.П.Федоров
56 сияқты зерттеушiлердiң еңбектерi бар.
Гетенiң өмiрi мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты, әрi толық зерттеудi
немiстiң белгiлi әдебиет зерттеушiсi, профессор К.О.Конради Гете. Өмiрi
мен шығармашылығы атты 1982 және 1985 жылдары Германия федерациялық
республикасында басылып шыққан 2 томдық еңбегiнде жариялады 57 .
А.В.Смирнов 80-жылдардағы Гете драматургиясы (Веймар классицизмiне
қатысты) 58 деген тақырыпта кандидаттық диссертация, Г.В.Страдников
Лессинг, Гете, Гейне шығармашылық жүйесiндегi әдеби сын 59 деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Гетенiң Фауст трагедиясындағы
жанрлық типологиясы, жанрлық құрылымы, көркемдiк әдiстерi жөнiнде
Н.С.Лейтестiң Фауст: жанрлық типологиясы 60 атты еңбегi бар.
И.В.Волковтың Гетенiң Фауст шығармасы және көркемдiк әдiстер мәселесi
61 деп аталатын монографиялық еңбегiнде Фауст трагедиясының идеялық,
образдық, сюжеттiк жүйесi қарастырылған.
Гетенiң шығармашылығына тән жаратылыстанушы ерекшелiгiн басты назарда
ұстап, зерттеу еңбектерiн жазған бiр топ ғалымдардың iшінде В.Вернадский
62, И.Золотоусский 63, К.Свасьян 64, И.Гузардың 65 гететануға
қосқан үлесi атап айтарлық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты –салыстырмалы
- типологиялық талдау жасау арқылы Ш.Құдайбердіұлы мен И.В.Гете
поэзиясындағы үндестіктің кілтін ашу; поэтикалық үлгілерінің үндесу
белгілерін анықтау; Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы негізгі басшылыққа
алынатын гуманизм принципімен генетикалық байланыстағы маңызды белгілерге
тоқталу; көркемдік ойлау жүйесіндегі терең де күрделі ойлардың өзара
тоғысуының себептері мен негіздерін жүйелеу; сол арқылы әлем поэзиясына тың
жарасым әкелген рухани ізденістерінің үндестігін ашып көрсету. Осы мақсатты
жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысына мынадай міндеттер қойылды. Шәкәрім мен
Гете поэзиясындағы:
- типологиялық белгілерді анықтап, жүйелеу;
- адам мен табиғат бірлігінің үндесу ерекшеліктеріне салыстырмалы –
типологиялық талдау жасау;
- махаббат, ақиқат, адамгершілік, өмір, өлім тақырыптарына арналған
шығармаларындағы сопылық поэзияның сарындары мен оны қолданудағы әдіс-
тәсілдеріне, өзіндік өрнектеріне тоқталу ;
- дүниетанымдық ортақ негіздерін анықтау;
- өмірбаяндық деректерін тарихи-типологиялық тұрғыдан салыстыру;
- философиялық лирикаларын Шығыс және Батыс әдеби байланыстарының
тоғысуы тұрғысынан зерделеу;
- поэзияларындағы жар идеясының ой, сөз, іс бірлігі идеясымен
үндестігін ғылыми сараптау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертацияда – Шәкәрім Құдайбердіұлы мен
Иоганн Вольфганг Гетенің әдеби үндестігі бірінші рет дербес қарастырылады.
Осы бағытта ғылыми жұмыстың мазмұнын ашатын бірнеше арналар анықталды,
олардың идеялық нысандарының тереңдігі мен күрделілігіне орай зерттеу
шеңбері кеңейтіле жүргізілді. Әрбір тарауда қос ақынның шығармашылығындағы
типологиялық белгілері салыстырыла талданды.
Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы болмыс пен құбылысты көркемдік қабылдауы
құдай – табиғат - адам шеңберінде тоғысып отыратын өзара сарындас үлгілер
екені анықталды. Осыған сай олардың поэзиясында қолданылған көркемдік әдіс
- тәсілдерінің, сарындарының ұқсас тұстары ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы дүниетанымдық көзқарастарын, көркемдік
үндестіктерін жүйелеу, зерттеу арқылы олардың өзара рухани байланысын
дәлелдеу еңбектің түпкі нәтижесі ретінде қарастырылды.
Олардың шығармашылық нысаны – әлемдік біртұтас дүниетаным ретінде
көрініс тауып отыратыны, Батыс пен Шығыс мәдениетін тоғыстыра білген
суреткерлер екендігі нақты дәлелдермен тұжырымдалды. Бұл ретте Гетенің
Батыс – Шығыс диуанындағы сопылық дүниетанымның Еуропа әдебиетіне
тигізген әсерінің мол екені сараланып өтті. Әлемді құдай мен табиғаттың
пантеистік тұтастықтағы өзгерісі деп қарастырған Шәкәрім мен Гете – ой,
сөз, іс бірлігін мәндес мағынадағы мәңгілік қозғалыстағы құбылыстар
тізбегі ретінде түсіндіреді. Олардың шығармаларындағы ағартушылық идеясы
адам санасын өзгертуге бағытталған Шәкәрімнің ар ілімі мен Гетенің
фаустық ар - ұят мәселесінің төңірегіндегі рухтас ой үндестігі ретінде
барынша кеңінен талданды.

Зерттеу жұмысының теориялық және метологиялық негіздері.

Диссертацияға салыстырмалы әдебиеттану ғылымы, әдебиет теориясы, әдебиет
сыны және қазақ және шетел әдебиетінің тарихы салалары өзек болып, осы
саладағы З.Ахметов, С.Қирабаев, Р.Нұрғали, Ғ.Есім, М.Мырзахметов,
О.Сегізбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Ө.Күмісбаев, Қ.Мұхаметқанов т.б. зерттеуші
ғалымдардың еңбектері жұмысқа теориялық негіз ретінде қолданылды. Сонымен
қатар, тәуелсіз мемлекеттер достастығына енетін елдер ғалымдарының, атап
айтқанда, М.Бахтин, Ю.Лотман, В.Жирмунский, М.Шагинян, А.Аникст,
С.Артамонов, В.Аветисян, Н.Холодковский, И.Волков, И.Тронский, А.Михайлов,
Б.Пуришев, Л.Копелев т.б. еңбектеріндегі теориялық пікірлер де
ізденісімізге үлкен септігін тигізді.

Зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың
алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Жұмыста
объективті-аналитикалық, салыстырмалы- типологиялық, тарихи-салыстырмалы
талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу нысанын Ш.Құдайбердіұлының өлеңдері, қара сөздері, аудармалары,
мақалалары мен И.В.Гетенің өлеңдері, Фауст трагедиясы және Батыс-Шығыс
диуандарына енген өлеңдері құрайды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасалынды:
- Шәкәрім мен Гете поэзиясының үндесуі-ұлттар, мәдениеттер арасындағы
диалогтық қатынастағы үндестік болып табылады.
- Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы типологиялық ортақ белгілердің болуы
олар өмір сүрген тарихи, саяси, әлеуметтік жағдайлардың тарихи-типологиялық
ұқсастығына байланысты.
- Олардың екі түрлі ұлт тіліндегі шығармаларының үндесуі мәтіндердің
көркемдік ойлау жүйесі, таным түрінде трансформацияланған
металингвистикалық қатынасын білдіреді.
- Шәкәрім мен Гете шығармаларындағы диалог-әлемдік әдебиетке тән тұтас
мағыналы авторлық сөздің сұлулыққа, ақиқатқа қатынасын білдіретін ерекше
үндестіктің үлгісін көрсетеді.
- Шәкәрімнің көркемдік әлемі – Шәкәрімнің өз рухани кемелденуінің
нәтижесі. Оның шығармашылығындағы басқа мәдениеттік белгілер ақынның өз ой
жүйесінде қалыптасқандарды нығайту мен анықтаушы факторлар болып табылады.
- Шәкәрімнің көркемдік әлемінің Гете поэзиясына қатысы ұлттық және
батыстық, шығыстық мәдениеттердің тоғысындағы, көп жүйелі күрделі
поэтикалық құрылым тұтастығы шеңберіндегі үндестікке жатады.
- Екі ақын дүниетанымы ғылым, дін, өнер, философияның бірлігіндегі көп
қырлы көзқарастар жиынтығынан тұратын ұқсас белгілері бойынша үндеседі.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелерін қазақ әдебиеті
тарихына қатысты еңбектерде, филология факультетінде оқылатын дәрістерде,
шәкәрімтану, абайтану, шетел әдебиетінің тарихы, гететану сынды арнаулы
курстарда қолдануға болады.
Жұмыстың басқа да ғылыми-зерттеу еңбектермен байланысы. Бұл зерттеу
жұмысы шәкәрімтану, гететану саласындағы еңбектерді толықтыра түседі.
Қазақ әдебиетіндегі, шәкәрімтанудағы дәстүр жалғастығын, поэзиялық
шығармалар генезисін, даму динамикасын, эволюциясын айқындайтын іргелі
еңбектердің жалғасы.
Ш.Құдайбердіұлы мұраларын И.В.Гете поэзиясымен салыстыра зерттеу ақынның
шығармашылық даму бағыттарын, оның философ, теософ ретінде қалыптасу
кезеңдері мен суреткерлік шеберлігін айқындап, қарастыруда маңызы зор.
Зерттеу көздері. Жұмыста Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Орталық ғылыми
кітапханасындағы, ҚР Ұлттық кітапханасының қолжазбалар мен
сирек кездесетін кітаптар қорындағы, М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорындағы, Қазақстан
Мемлекеттік Орталық мұрағатындағы Ш.Құдайбердіұлының
ғұмырнамасы мен әдеби мұрасына қатысты деректер пайдаланылды.
Ш.Құдайбердіұлы мен И.В.Гете шығармашылығы туралы әр жылдары пікір айтқан
зерттеуші ғалымдардың еңбектері басты назарда болды.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы.
Зерттеудің өзекті түйіндері мен негізгі қорытындылары 3 халықаралық
ғылыми теориялық конференцияда баяндалып, сыннан өтті. Диссертацияның
негізгі мазмұны бойынша 8 мақала жарық көрді. Жұмыс Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ және шетел әдебиеті
кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ШӘКӘРIМ ЖӘНЕ ГЕТЕ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ
КӨРКЕМДIК ҮНДЕСТIКТЕР

1.1 Табиғатты жырлаудағы үндестiктер
Шәкәрiмнiң табиғатты жырлайтын өлеңдерi ұлы Абайдың ақындық дәстүрiнен
нәр алған сабақтастықты нақ айқындайтын көркемдiк пен танымдық өлшемдерi
қатар өрiлiп, бүкiл шығармашылығына сәуле шашып тұратын синкреттi
туындылар. Осыған байланысты ақынның табиғат лирикасы ғаламның тұтастық
идеясының көрiнiстерiн жаппай ашуға арналған мазмұндық байланысы бар
өлеңдерден тұрады. Сондай-ақ, Шәкәрiм табиғаты жеке-жеке пейзажды сурет
кескiндерi емес, барлығы да бiр құдайдан жаратылғанын паш етiп тұратын тiрi
бүтiндiк. Әсiресе, ақынның Әбден толып жарық ай, Ақыл құсы адаспай
аспандаса, Шам жардан жарықпын деп күнәлi боп, Тауық неге шақырар сағат
сайын, Тәңiрi мен жан сынды табиғатты жырлайтын көлемдi өлеңдерi
жоғарыдағы ойымызды айғақтай түседi. Мысал ретiнде Әбден толып жарық ай
өлеңiнiң бiрiншi шумағын алып қарастыралық:
Әбден толып жарық ай,
Жоғарылап өрледi.
Таласып жарға байқамай,
Нұры кемiн көрмедi 1,255.
Осы сынды Шәкәрiм өлеңдерiнде жиi ұшырасатын жар сөзi оның табиғат
лирикасында да өз мәнiсiн жоғалтпай, өлеңнiң идеясын ашуда шешушi рөл
атқарып тұрады. Ақынның рухани кеңiстiгiне бойлай отырып, оның
лирикасындағы әрбiр сөз қолданысының тылсым сырының астары бiр емес,
бiрнеше таным жүйесiнiң бүр жарған жемiсi екенiн мойындауға тура келедi.
Сол себептен, оның поэзиясы - Үш анық философиялық еңбегiнде
қарастырылатын негiзгi объектiлердiң ғылымға дейiнгi, ғылыми, ғылыми емес
саналатын таным жүйелерi тұрғысынан зерттелу нәтижелерiнiң поэтикалық
көркем жемiсi сынды.
Шәкәрiм философ, тарихшы, ғалым, ақын, фольклорист, күйшi, композитор
болумен қатар теософ, әлемдiк дiн және эзотериялық iлiмдердiң неше атасын
тексерген ойшыл ретiнде өлеңдерiндегi ғашық жар ұғымын ғаламдық жиынтық
образға, квинтэссенциялық мағынаға ие эстетикалық категорияға айналдырған.
Сондықтан, ғашық жар - әмбебап бейне, ғаламдық мәңгiлiк сұрақтардың ауыр
жүгiн белi қайыспай көтерiп тұрған барлықтың баламасы, жүрекпен сезiнудi
қажет ететiн символ. Шәкәрiм өлеңдерiндегi жар символы - метафизиканың
негiзгi предметi - ақиқаттың әр түрлi метафоралық атрибутикасы ретiнде: жар-
ақиқат менiң жарым қыз емес, хақиқаттың шын нұры, жар-нұр жар есiркеп,
берi қарап нұрына жүрек қанған күн, жар-құдай өмiр сырын көздесең, жарға
шоқын, жаннан без, жар-жан жарынан бөлек жаны жоқ деп жырлануы оның
шығармашылығындағы аксиологиялық құндылық болып табылады. Ол осы ғашық
жарды iздеудiң ауыр жолында (жардың жолы қиын жол) өзiне дейiнгi ғылымның
жетiстiктерiн, әлемдiк дiндер тарихын, мәдениетiн, спиритизм, телепатия,
фахризм, лунатизм, магнетизм сынды мистикалық тағы да басқа таным жолдарын
синтездей келе, әлемдi пантеистiк рухани және табиғи тұтастықта
қарастырады.
Әдебиетте шарттылық көп. Алайда суреткердiң жер бетiнен iздеп таба
алмаған, не жоғалтқан идеалының ғашық жар бейнесiнде берiлуi әлемдiк
әдебиетте ақиқаттың көркемдiк өлшемi ретiнде өз шешiмiн тауып келе жатқан
құбылыс. Осы ретте батыстағы классицизм, барокко, ренессанстық, сыни,
ағартушылық реализмдер мен романтизм, рококо, сентиментализм сынды жазба
әдебиетке бай бағыттардың мектебiнен шыққан Шиллердiң досы, Гегельдiң
замандасы Гете мен Шәкәрiмнiң қөркем объектiлерiнiң ұқсастығы уақыт пен
кеңiстiк сынды шартты ұғымдарды талғамайтын құбылыс екенiн байқатады.
Әлемдi бiртұтас жаратушы ие тұрғысынан қарастыру Гетенiң Фауст
трагедиясында толық көрiнiс бередi. Трагедиядағы iс-әрекеттер өтетiн
орындар: аспан жер, жұмақ, тозақ, ал кейiпкерлерi: құдай, аруақтар,
перiште, шайтан, албастылар болып келедi. Шығармада о дүние мен бұ
дүниенiң, адамдар мен аруақтардың, рух пен табиғаттың ара жiгiн ажырату
қиын. Фаустың I-шi бөлiмiнде шайтанның үйiне ит болып келгенiн сезген
Фауст Сүлеймен кiлтi атты еврейлердiң қасиеттi көне кiтабынан дұға оқитын
тұсы бар:
Фауст
Айуанды ауыздықтау үшiн мен
Сиынамын төрт ауыз сөз күшiне:
Саламандра, жалында!
Ундина, балқы да,
Сильф, жарқыра!
Кобольд, тез жет алқына!
Төрт қара күш
Дүниенi билеген
Шебер емес қасиетiн бiлмеген 36, 31.
Осындағы төрт қасиеттiң иесi: от, су, топырақ және ауа екенiн автор
табиғи күштердiң аңыздағы атаулары арқылы түсiндiрiп тұр. Саламандра – орта
ғасырлардағы Сүлеймен патша туралы аңыздар бойынша отқа жанбайтын жәндiк
болған соң от иесi атанған, Ундина - су иесi болса, Сильф - ауа рухы, ал
Кобольд - жер иесi 66, 234. Автор Фаустың шайтанды аластау тәсiлi ретiнде
қолданған осындай оккульттi элементтер трагедияның бас-аяғында үнемi
кездесiп отырады. Екiншi бiр назар аударатынымыз - осы көрiнiстегi
Мефистофельдiң есiкке қағылған пентаграммадан қорқу себебi. Еуропа
халықтарында есiктiң жоғарғы жағына магиялық бесжұлдыз таңбасын қағып қоюды
әр түрлi жын-перiлердiң рухын аластау үшiн қолданса керек. Бесжұлдыз креске
керiлген Христостың бейнет шегушi әулиелiк - символдық таңбасы болып
есептелiнген. Мистикалық негiздерде бас жағы жоғары қаратылған пентаграмма
құмарлықтарын еркiне бағындыра алатын күштi адам дегендi де бiлдiрген 67,
84. Гетенiң мысалында Фауст-шамадан тыс рухани күш иесi ретiнде табиғи
төрт стихияның қасиетiн игерушi адам. Ал Шәкәрiм өлеңдерiнде табиғаттың кез
келген құбылысының өзi тән, жан, рух үштiгiнiң бiрлiгi, алдымен жан мен тән
екi түрлi субстанция ретiнде қарастырылады:
Басында жан мен дене екi басқа
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа 1, 106.
Немесе: жан-өзiң, дене-киiм, ал Тiршiлiк, жан туралы өлеңiнде тәнге
байланысты былай айтады:
Дене сезiмiне нанба!
Сағым су ма екен?
Барып көрсең таяу сол маңға,
Бар дене, сезiм түгел алдайды,
Бұл сөзiмдi әбден аңда 1, 327.
Гете тәннiң тұрақты өзгерiсi жайлы табиғаттағы мәңгi қозғалысқа қарап,
дәл осы ойды өлеңмен түсiндiредi:
Только б час над ранним краем
Внешний трепет простоял!
Но уж белый дождь сдуваем
Теплым ветром, замелькал.
Надышаться не успеем
Влажной зеленью в бору,
Как глядишь, смятен Бореем,
Лист трепещет на ветру 68, 728.
немесе:
Пусть кануны и исходы
Свяжет крепче жизнь твоя!
Обгоняя бег природы,
Ты покинешь и себя 68, 728.
Бұрынғы бабамыз айтып өткен сағым судай бұлдыр дүние, материалды әлем
бiр күйден екiншi күйге өзгерiп отыратындықтан қолда ұстап қалу мүмкiн
емес, алдамшы екенiн жырлай отырып Шәкәрiм қозғалыс туралы: ..Егер
қозғалыс притяжение, отрицание өзiне тарту әрi итеру заңымен делiнсе, ол
қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек, және атом сияқты түп
негiзiнде ерлi-қатынды сипат бар,-деп түсiндiредi 6, 26. Мұнда дене
толықтығы тартылыс пен қозғалыс және үйлесiмге келтiрушi себеп үштiгi
делiнсе, жан өз кезегiнде өз қарама-қайшылығы өзiндегi үштiктiң бiрлiгi:
Жан мен дене - қосылған ерлi-қатын,
Екеуiнен шығады көңiлiмiз 1, 106.
Гетенiң поэзиясында табиғаттың Тәңiрмен тұтастығы дәл осындай шешiм
тапқан: табиғатты Гете Шәкәрiм сынды өзiне тарту, әрi итеру және қозғаушы
себеп немесе жоғары өрлеушi үштiк принциптiң өмiрi деп қарастырады. Ол
туралы Гетенiң дүниетанымдық негiздерiн зерттеген ғалым Л.М.Тетруашвили:
Гетенiң көзқарасы бойынша қарама-қайшылық және жоғары өрлеу -
табиғаттың екi ұлы қозғаушы күшiнiң мәнi. Бiрiншiсiнiң мәнi - мәңгi тартылу
мен керi итеру, екiншiсiнiкi - жоғары өрлеушi себеп,-деп Гетенiң
айтқандарынан мысал келтiредi 56, 59. Гетеде жан - демон немесе Эростың
тiршiлiк үшiн болатын систола мен дистолалық екi түрлi әрекетiнiң үйлесiмi
Шәкәрiмдегi жан мен дененiң ерлi-қатынды байланысындай. Гетенiң Демон
атты өлеңiне түсiнiктеме берген неміс гететанушысы К.О.Конради бұл өлеңiнде
ақынның жанды - өмiр, табиғат деп тануы анық байқалатынын айтады 69, 482:
Демон
Со дня, как звезд могучих сочетанье
Закон дало младенцу в колыбели,
За мигом миг твое существованье
Течет по руслу к прирожденной цели.

Себя избегнуть - тщетное старанье;
Об этом нам еще сивиллы пели.
Всему наперекор во век сохранен
Живой чекан, природой отчеканен 68, 733.
Жан мен дененi өзара ұлы тартылысқа әкелiп тұрған көңiлдi жүрек, тiлек,
махаббат, Шопенгауэр айтқан ерiктiң әлем ретiндегi көрiнiсi десек те,
бiржола үгiлiп кетпей ұсталып тұрған тастағы тартылыс - махаббат;
өсiмдiктегi, жан-жануардағы, адамдағы, өмiрге құштарлық та; бәрi де
жаратқанның жар бейнелi мәңгi арулық уыз дүниесiнiң жемiсi екенiн Шәкәрiм
өлеңмен былайша өрнектейдi:
Шын асықтың әрбiрi
Өлiп топырақ болды да,
Жаратылыстың тағдыры
Жаратты менi орнына.

Бәрiнiң нұры қосылған
Мол керемет менде бар
Жалғыз жарға шоқынған
Қайда мендей пенде бар 1, 238.
Шәкәрiм жан мен тәнге бөлек-бөлек мiнездеме бере отырып, оларды
абстрактiлi бөлек өмiр сүредi демейдi, реалды, бiздi қоршаған объективтi
өмiрде жансыз тән болмайды, жан тәнсiз өмiр сүре алмайды деп түйiндейдi:
Түрлi жанда дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғылым байқаған 1,266.
Шәкәрiмше тән-терезесi болса, жан-иесi, жан алғашқы болса да оның
iшi-сырты деген болмайды. Шәкәрiмнiң бұл ойы Гегельдiң табиғат туралы
құбылыссыз мән болмайды, мәнсiз құбылыс жоқ деп бiрлiкте қарастыруына
жақын болса, сол сияқты тәндi о баста тiрi, жанды деп түсiндiрген ежелгi
гректердiң Иония мектебiнен шыққан философтар - Фалес, Анаксимандр,
Анаксимен, Диоген, Гераклит шығармаларымен таныс екендiгiн дәлелдейдi. Үш
анықта: Ескi заманның бiлiмдiлерi әр нәрсенiң түпкi негiзi неден
жаралғанын тексерiп, тамам нәрсенiң негiзi төрт нәрсе деп бiлген. Онысы -
от, су, топырақ, ауа 6, 8. Әрине, Шәкәрiм Иония гректерiнiң
көзқарастарымен таныс болмаса бұлай жазбас едi. Ақынның поэзиясы Спинозаның
өзiн христиандық теистке айналдырып жiберерлiктей сиқыры бар, кез-келген
тұрпайы материализм мен атеизмнiң өзiн тас-талқан ететiн Гете поэзиясымен
әбден үндестiкке түскен.
Гетенiң табиғат туралы поэзиясы гилозоизмның (рухани табиғат) нышаны
екенiн Н.И.Бухарин: Тұтастай алғанда Гете - көркемдiк интуиция мен
рационалдық таным, сезiмдiк тәжiрибе, ерекше күш пен мақсатқа ұмтылушылықты
бiрiктiрген пантеисттiк гилозоист,-деп сенiммен атайды 39, 244. Гете
табиғатты құдайды пенде көзiнен жасырушы емес, табиғаттың құдаймен
тұтастығының өзi оның адам көзiнен жасырынбай тұрып-ақ құпия бола бiлуiнде
деп түсiнген. Гетенiң табиғаттағы құдайылықты мойындауын былай түсiнуге
болады: Гете жоғарғы абсолюттi шексiз жаратушының бар екенiне жүрегiмен,
бар ынта-жiгерiмен сенген, бiрақ та оны тiкелей тану немесе оны белгiлi
бiр кейiпте қабылдау, ат беру мүмкiн емес деп есептеген. Бiр жағынан,
Гетенiң ғаламды мәңгi арулық жар бейнесiмен символдап беруi осыдан шықса
керек. Бұл - Шәкәрiмнiң құдайды белгiлi бiр есiмсiз жар деп атауына әбден
жақын ұғым. Гетенiң пiкiрiнше, адам құдайылықтың таңбасын барлық заттар
арқылы жекелiктен тұтастықтың белгiсi деп аңғаруы, ләззәт ала бiлуi тиiс.
Мысалы, оның Құдай және ғалам циклына енген Кiрiспе өлеңiнде өзiн-өзi
жаратқан шебер құдайды жүрегiнде сенiм, махаббат, ерiк - күшi бар адам
былай қабылдайды:
Докуда слух, докуда глаз достиг,
Лишь сходное отображает лик,
И пусть твой дух как пламя вознесен,
Подобьями довольствуется он;
Они влекут, они его дивят,
Забыты числа, и утрачен срок,
И каждый шаг как вечности поток 68, 726.
Гетенiң бұл өлеңiнде жаратқан өзiнiң құпиясын табиғат арқылы ашықтан-
ашық жайып салып тұр. Гете үшiн табиғатты зерттеу - оның iшiне ену деген
сөз. Егер құдайды табиғаттан бөлек қарастырса, ол ештеңенi жаратпайтын өз
бетiнше бөлек әлем, табиғатты селқос бақылаушы жансыз машина сынды елестер
едi. К.О.Конради Гетенiң құдайының табиғатқа қатысы туралы: Табиғаттың
тiрiлтушi қызметiнде үнемi құдайдың қайреткерлiк қатынасы бар. Бiрақ ол
табиғатты жаратып ап тағдырдың тәлкегiне тастап кететiн о дүниелiк құдай
емес. Жоқ, құдай табиғаттың өзiнде өзiн - өзi жүзеге асырып отырады,-деген
түсiнiктеме бередi 69, 477.
Шәкәрiм бұл әлемнiң құдайдан бөлек еш нәрсесi жоқ екенiн былайша жырға
қосады:

Бұл өмiрдiң әр түрлi
Бөлек емес ешбiрi,
Бәрi де жардың бiр сыры;
Не көлеңке, не нұры 1, 256.

Ақын құдайтануды тiкелей табиғаттан бастау, үйрену керектiгiн басты
назарға алады. Тауық неге шақырар сағат сайын деп басталатын өлеңiнде
тауықтың шақырғаны, иттiң ұлығаны, гүлдi көрiп бұлбұлдың сайрағаны,
бозторғайдың таң бозарса - ақ ән салатыны - олардың өз Тәңiрiн сипаттауы,
олардың құлшылық намазы мен иманы сол:
Олар деп тұр - ойға алып бiр құдайын,
Зор құдiретiн әлемге ұқтырайын.
Құлшылық намазы мен иманы сол, -
Күнде бiр, айында бiр, сағат сайын.

Демейдi босқа ұлып, тек сайрайын,
Деп тұр ол өз тәңiрiн сипаттайын.
Нәпсi көзiн байлаған адамзаттан
Айуан артық бiледi өмiр жайын 1, 263.
Гете Өсiмдiктер метаморфозасы өлеңiнде өсiмдiк пайда болмай тұрып,
әрбiр дәннiң өзiнде елеусiз ұйықтап жатқан құпия күш - өсiмдiктiң болашақ
бейнесi болатыны, рух пен ұрықтың бiрлiгiнен пайда болған мәңгiлiк
қозғалыстағы сәби-өмiр тамыр, сабақ, жапырақ болып тәй-тәй басып дүниеге
қалай келетiнi суреттеледi. Гүлдердiң сезiмталдығы соншалық, ол өзiн
жаратқан Тәңiрiн түйсiне бастайды:
Разнообразных встает, зыблясь на стебле цветка.
Роскошь, однако, хранит зарок творенье другого:
Да, окрашенный лист чует Всевышнего длань 68, 730.
Шәкәрiм табиғатта бәрiнiң себебi бар, саналы, тәртiптi, сезiмдi,
мақсатты әрекет екенiн таза ақылмен өлшеп сынау керектiгiн дәрiптейдi.
Тұңғиық қараңғы түн, жарық күндiз,
Қуалап бiрiн-бiрi жүр тынымсыз.
Бiржолата қараңғы болмасын деп,
Көмескi сәуле берер ай мен жұлдыз.
Жүрiсi шатаспайды, шаршамайды,
Дыбыс жоқ, кiдiрiс жоқ, не қылмайды iз 1, 199.
Гете болса Шәкәрiмнiң бұл ойын толықтыра түседi:
Каждый зверь - самоцель, совершенным из чрева Природы
Вышел он, и дитя породит, как сам, совершенным 68, 731.
Қос ақынның поэзиясында адам әлемдегi қозғалатынның бәрiнiң жаны бар
екенiн сезiнiп, табиғатты тамашалау қуанышын өзiне бақыт деп бiлуi тиiс,
айналаға қарап таңдана бiлудiң өзi үлкен мектеп:
Таң қаларсың, ойға салсаң,
Қар жасаған шытырасын.
Жаратылыстан ғибрат алсаң,
Болар едiң ойқұмар 1, 265.
Гете үшiн кiшi әлеммен ұлы жаралыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Қазақстан суретшілері шығармаларында түстердің көркемдік образын бейнелеудің сабақтастығы
Шәкәрім шығармалары
Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы
Орта мектепте шетел әдебиетін оқытудың жолдары
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Пәндер