Эпидемиялық процестің құрамы



Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады (1941,1949,1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. «Эпидемиялық процесс» деген терминді де бірінші рет енгізген Л.В.Громашевский болды, «Эпидемия» деген ұғымды тар мағынада «Эпидемия» деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс» деп екіге бөледі.
Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші ,ең қажет жағдай,инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі).
Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін үшінші міндетті щарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.
Осы көрсетілген үш алғы шарттың ( инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,қабылдаушы халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың,яғни эпидемиялық процестің пайда болу мумкіндігі туады. Керісінше, осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру ,яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.В.Громашевскийдің осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады. Ол заңның тұжырымы былай: «Эпидемиялық процестің пайда болуы және үзілмеуі үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,осы ауруды қабылдағыш халық. Осы элементтер болмаса немесе

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Эпидемиялық процестің құрамы
Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский
болып саналады (1941,1949,1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі
заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекцияның берілу механизмінің
теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады.
Эпидемиялық процесс деген терминді де бірінші рет енгізген
Л.В.Громашевский болды, Эпидемия деген ұғымды тар мағынада Эпидемия
деп, кең мағынада эпидемиялық процесс деп екіге бөледі.
Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау
кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл
аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші ,ең қажет жағдай,инфекция
қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия
да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір
қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік
факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің
болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде қоздырғыштың
жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу
механизмі).
Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін үшінші міндетті щарт осы аурудың
қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.
Осы көрсетілген үш алғы шарттың ( инфекция қоздырғышының көзі, берілу
механизмі,қабылдаушы халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы
аурудың,яғни эпидемиялық процестің пайда болу мумкіндігі туады. Керісінше,
осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру
,яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.В.Громашевскийдің осы
теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады.
Ол заңның тұжырымы былай: Эпидемиялық процестің пайда болуы және үзілмеуі
үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция
қоздырғышының көзі, берілу механизмі,осы ауруды қабылдағыш халық. Осы
элементтер болмаса немесе олардың өзара әрекетін үзсе,онда эпидемиялық
процесс тоқтайды.
Л.В.Громашевский эпидемиялық процестің үш құрамдас бөлігін оның тұрақты
(ішкі) тікелей қозғаушы күштері деп атады. Олардың маңызы толық бірдей
емес.Бірінші бөлік инфекция қоздырғышының көзі-жұқпаның сақтаушысы болып
есептелінеді,онда қоздырғыш өсіп-өніп, көбейеді,қоздырғышты сыртқы ортаға
шығаратын да сол болып саналады. Эпидемиялық процесте ол басты роль
атқарады. Екінші бөлік –қоздырғыш факторын тасымалдау (берілу механизмі) -
оның қоздырғыштың таралу процесінде белсенді ,шешуші маңызы бар. Үшінші
бөлік – қабылдағыш халық. Оның ролі елеусіз болады. Бұл бөлік белгілі
дәрежеде сұрыптаушылық роль атқарады: организмнің қабылдаушылық қабілеті
болса, қоздырғыш жұғады және ауру пайда болады., ал ол жоқ болса.яғни
қабылдаушылық қабілеті болмаса (мысалы иммунды организм), ауру пайда
болмайды. Л.В.Громашевскийдің бейнелеп айтуынша, қабылдамаушылық фактор,
эпидемиялық роцестің барысында, тежеуші сияқты роль атқарады:
қабылдамаушылық болғанда эпидемиялық процестің маңызы тоқтайды, ал
қабылдағыш халықтың барлығы өз бетінше эпидемиялық процестің пайда болуын
тудырмайды.
Осы жерде эпидемиялық процестіңәр бір бөлігнің эпидемияға қарсы
шараларды қолданған кезде өзінше ерекше маңызы бар екендігін айта кеткен
жөн. Мысалы, қызылша, дифтерия, полиомиелит және басқа ауруларда
эпидемиялық процестің үшінші бөлігіне әсер еткенде (алдын- ала иммундау)
өте тиімді нәтижеге жетуге болады; кейбір вирусты гепетиттерде
(А,Етүрлері), жедел ішек ауруларында (дизентерия, іш сүзегі,
сальманеллездер), безгек және т.б ауруларда эпидемиялық процетің екінші
бөлігіне (берілу механизмі), кейде бірінші бөлігіне (инфекция қоздырғышының
көзі) әсер ету өте тиімді; мерезде, созда, трахомода, бруцеллезде, т.б.
Эпидемиялық процестің табиғатын , мәнін талдау алдында оның дәстүрлі
анықтамасына тоқталайық. Эпидемиялық процесс-тізбекті заңдылықтармен
бірінен соң бірі ізінше біріншісінен келесісі пайда болатын өзіндік
инфекциялық жағдай (ауру немесе тасымалдаушы) немесе эпидемиялық ошақтар
(Л.В.Громашевский, 1965; И.И.Елкин, 1973).
Эпидемиялық процестің мұндай қырып толық түсіну үшін осы түсініктің
жұқпалы аурулардыңпаразиттілігі деген түсінікпен тығыз байланысты екенін
еске сала кеткен жөн.
Алдыңғы тарауда айтылғандай , паразитизинің үш түрі-облигатты (нағыз),
факультативті (арадағы), кездейсоқ (жалған) болатынын ескерсек ,
қоздырғыштардың паразиттігі оның қай түріне жататындығына байланысты
эпидемиялық процестің табиғатының да ерекше болатыны аңғаруға болады
Эпидемиялық процеске жоғарыда берілген анықтама тек нағыз паразиттер
тудыратын ауруларды сипаттай алады.
Эпидемиялық процесс туралы осы анықтаманы зооноздар тобына жататын
ауруларға пайдалануға келмейді,өйткені оларлың қоздырғыштары хайуанаттарға
ғана нағыз паразит болып саналады да,ал адамдар ушін кездейсоқ паразит
болады. Зооноздар қоздырғыштарының тіршілік етуі ушін эпизоотиялық прцесс
қажет. Адамдардың осы аурулармен ауруы әдеттегідей бірінен соң бірі
болатын үзіліссіз тізбектен тумайды.Олбір аурудан екіншісіне берілмейтін
бір-бірімен байланысы жоқ , тек ауырған хайуанаттардың үзіліссіз
тізбегіне адамның қатысуының салдарынан болады және көпшілік зооноздардың
қоздырғыштары үшін адам организмі биологиялық тұйық болып саналады.
Дәл осындай жағдай сапроноздар тобында да байқалады. Осы инфекция
топтарында негізгі инфекция қоздырғышының көзі хайуанат та, адам да емес,
оның көзі сыртқы ортаның субстраттары ғана (су, топырақ, планктондар)
болады. Кейбір аурулардың (сапрозооноздардың) көзіне топырақ, су сияқты
абиотикалық обьектілермен қатар хайуанаттар да жатады (мысалы түйнемеде
топырақ және хайуанат, кейбір лептоспироздарда –су және кеміргіштер және
т.б.).
В.И.Покровскийдің , Б.Л.Черкаскийдің (1993) осы талапқа сәйкесиелген
анықтамасы мынадай : Эпидемиялық процесс дегеніміз ерекше инфекциялық
жағдайдың халық арасында пайда болуы мен таралуы ( аурудың клиникалық
белгілі түрі немесе тасымалдаушылық түрі);паразитарлық жүйе оның негізі
болып саналады. Осыған ұқсас анықтаманы В.Д.Беляков (1976) былай деп
келтіреді. Эпидемиялық процесс дегеніміз адамдар арасындағы жұқпалы
аурулардың пайда болуы мен таралуы ,. Дегенмен , осы анықтамалар
құбылыстың байқалуын ғана қамтиды, бірақ оның себептері мен пайда болу
жағдайларын анықтамайды, яғни оның мәнін ашпайды .
Эпидемиялық процестің мәнін түсіну үшін осы мәселенің кейбір жақтарына
тоқталайық.
Эпидемиялық процесті әлеуметтік биологиялық жағынан сипаттағанда оның
себебі мен даму жақтарын бірге талдаған жөн. Ол үшін бір-біріне қатынасы
бар бөлшектерін біртұтас зерттеген тиімді. Эпидемиялық процестің үштігі (
көзі , берілу механизмі,қабылдағыш) жұмыс істегенде әлеуметтік және табиғи
жағдайлар тікелей әсер етеді, олар эпидемиялық процестің қозғаушы күші
болады .
Л.В.Громашевский өзінің ілімін жасау үшін эпидемиялық процестіңосы
жақтарына ерекше көңіл аударған. Ол мынадай сұрақтарға жауап іздеген :
Қандай себептерге байланысты инфекция қоздырғышының көзі ,берілу
факторлары немесе қабылдағышхалықтың белсенділігі үдейді, басқаша айтқанда
,жеке-жеке аурулар тізбегі ( спорадикалық түрі) қандай себептердің әсерінен
жалпы эпидемияға айналады немесе бір деңгейде тұрады ?
Неліктен эпидемиялық процестің болуы мүмкін, кей жағдайда тоқтайды?
Оның пікірінше себеп екі түрлі фаторға байланысты: 1) табиғи процестер
; 2) әлеуметтік процестер;. Эпидемиялық процестің үштігі тұрғысынан
қарағанда , осы факторлар ол орташа немесе қосымша қозғаушы күш деп
саналады. Л.В. Громашевский осы факторларды эпидемиялық процестіңқосымша
қозғаушы күш болса да ,оларды аз мағыналы, бағынышты немесе болмашы деп
санамады.
Мысалы, безгек қоздырғышын бір адамнан бір адамға жұқтырушы маса
эпидемиялық процестің тікелей қозғаушы күші болып саналады.Бірақ , мысалы,
жыл маусымы бойынша маса популяциясының белсенділігі және санының көбеюі
эпидемиялық процеске өзгерістер енгізуі мүмкін. Бұл жағдай қосымша
қозғағыш күштің, яғни табиғи процестердің (маусымның жыл бойы өзгеруінің
жұқтырушы масаның өміріне әсері) маңызы зор екенін көрсетеді.
Табиғи және әлеуметтік факторлардың эпидемиялық процестегі маңызы
қаншалықты жоғары болғанымен ,олар өз бетімен эпидемиялық процестің пайда
болуына немесе тұраұталуына , оның тікелей үш бөлігі түгел болмаса , әсер
ете алмайды. Осыған орай эпидемиялық процестің тікелей қозғаушы күшінің
маңызын және тұрақты болатынын Л.В Громашевский ерекше атап өткен,өйткені
олар әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанасу инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы мен алдын алу шаралары
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Қауіп - қатерлі факторлар
Эпидемиологиялық процестің үш тізбегі
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Эпидемиологияның даму тарихы
Эпидемиялық процесс тізбектері
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Пәндер