Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының түсінігі мен құқықтық мәні; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының элементтері; ... 7
1.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының мазмұны; ... ... 12
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын орындау және шарт бойынша жауапкершілік мәселелері; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын орындау және тоқтату; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты бойынша жауапкершілік; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты азаматтық құқықтың жаңа институттарының бірі болып табылады.
Бұл шарт англо-саксондық және континентальдық жүйелерде тұрақты түрде қалыптасқан және де азаматтық айналымда тәжербиеден өткен міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Сонымен бірге кешенді қәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Франчайзинг шарты нарықтық қатынастардың белгілі бір даму кезеңінде пайда болған шарт деп айтуға болады. Мәселен, АҚШ-та франчайзинг шарты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқындап дами бастады. Себебі, соғыс аяқталғаннан кейін бейбіт еңбекке оралған осы елдің көп деген азаматтары кәсіпкерлік пен айналысып өзінің жеке істерін жаңадан жандандыруға мүдделі болды.
Франчайзинг шартының дамуының келесі кезеңі 1957-1958 жылдар аралығында орын алған экономикалық құлдыраумен тұспа-тұс келді. Себебі, осы бір экономикалық құлдырау барысында көп деген кәсіпкерлер өз істерін тоқтатуға мәжбүр болып, жұмыс орындары көптеп жабыла бастады. Міне, осындай экономикалық құлдырау кезеңдерінде белсенділік байқатқан кейбір кәсіпкерлер өз кәсіпкерлігін басқаша ұйымдастырудың жолын ойластыра бастады. Соның нәтежиесінде франчайзинг шарты пайда болды дегенге негіз бар.
Қазақстар Республикасындағы қазіргі қолданыстағы азаматтық заңнамада қарастырылған кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты азаматтық құқық саласының жаңа институның бірі болып табылғанымен, алайда бүкіл әлемдік деңгейде франчайзинг шартының айтарлықтай ұзақ өзіндік пайда болуы, даму тарихы бар ежелгі институттардың бірі деп қарастыруға болады. Оның үстіне франчайзинг шарты талай уақыт сындарынан сүрінбей өтіп, өзінің өміршілдігімен дәл бүгінгі күнге дейін азаматтық айналымда қолданыс тауып отыр.
1999 жылға дейін франчайзинг шарты елімізде кең қолданыс тапқан жоқ. Франчайзинг шартының даму кезеңі Қазақстнда 1999 жылдан, яғни Азаматтық қодекстің ерекше бөлімінің қабылданып , күшіне енген кезінен бастау алады деп айтуға болады. Алайда, оған дейінгі кезеңдерде әрине, кешенді әсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты туралы келісім арнайы
Нормативтік құқықтық актілер:
1.Қазақстан Республткасының Азаматтық кодексі 27 желтоқсан 1994 ж. (жалпы бөлім)
2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 жыл. 1 шілде (ерекше бөлім) // «Заң» газеті 1999 жыл. 3 шілде
3.Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы 24 маусым 2002 ж.
4.«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атауалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-І
5. Қазақстан Республикасының «Патенттік заңы» 1999 жылғы 16 шілде.


Негізгі әдебиеттер:
1. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. 2 том.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003,-378б.
2. Хамзин Ұ.М., Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері. Оқу құралы.-Қарағанды:Болашақ баспа, 2006,-316 б.
3. Жанайдаров И.У. гл. 53. Коплексная прдпринимательская лицензия (франчайзинг). // Гражданское право. Том ІІ. Ученбик для вузов (академический курс). Отв. ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, 2002.-522 б.
4.Досжанов Ж.Б., Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы(ерекше бөлім) дәрістер курсы, Алматы 2010ж., 179-180б.
5. Гражданское прав. Т.2: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп./ под ред.: А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. Москва, 2001. – 720 бет.
6. Климкин С.И. Договор франчайзинга в Гражданском кодексе Республики Казахстан./ Гражданское законодательством. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 21. Алматы., 2005-340 бет.
7. А.Ш. Тулеубаева мақаласы, Қаржы Полиция Академиясының жаршысы журналы – 2009ж., №8863 тіркеу куәлігі.
8. Сихымбаева Е.Д. Франчайзинга в инвестиционной сфере.//Алматы: 2000.
9. Бекнұр Сейітжанұлы «Қазақстандағы франчайзинг» Монография ,. А., 2005ж.
10. Багиев Г.Л., Маисеева Н.К.,Никифорова С.В. Международный маркетинг.-Санкт-Петербург, 2001.-460 б.
11. Сүлейменов М.К., Покровский Б.В., Худяков А.И., Жакенов В.А. Право и предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы, Жеті Жарғы, 1994ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының түсінігі мен құқықтық мәні; ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының элементтері; ... 7
1.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының мазмұны; ... ... 12
2. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын орындау және шарт бойынша жауапкершілік мәселелері; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын орындау және тоқтату; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты бойынша жауапкершілік; ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты азаматтық құқықтың жаңа институттарының бірі болып табылады.
Бұл шарт англо-саксондық және континентальдық жүйелерде тұрақты түрде қалыптасқан және де азаматтық айналымда тәжербиеден өткен міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Сонымен бірге кешенді қәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді.
Франчайзинг шарты нарықтық қатынастардың белгілі бір даму кезеңінде пайда болған шарт деп айтуға болады. Мәселен, АҚШ-та франчайзинг шарты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқындап дами бастады. Себебі, соғыс аяқталғаннан кейін бейбіт еңбекке оралған осы елдің көп деген азаматтары кәсіпкерлік пен айналысып өзінің жеке істерін жаңадан жандандыруға мүдделі болды.
Франчайзинг шартының дамуының келесі кезеңі 1957-1958 жылдар аралығында орын алған экономикалық құлдыраумен тұспа-тұс келді. Себебі, осы бір экономикалық құлдырау барысында көп деген кәсіпкерлер өз істерін тоқтатуға мәжбүр болып, жұмыс орындары көптеп жабыла бастады. Міне, осындай экономикалық құлдырау кезеңдерінде белсенділік байқатқан кейбір кәсіпкерлер өз кәсіпкерлігін басқаша ұйымдастырудың жолын ойластыра бастады. Соның нәтежиесінде франчайзинг шарты пайда болды дегенге негіз бар.
Қазақстар Республикасындағы қазіргі қолданыстағы азаматтық заңнамада қарастырылған кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты азаматтық құқық саласының жаңа институның бірі болып табылғанымен, алайда бүкіл әлемдік деңгейде франчайзинг шартының айтарлықтай ұзақ өзіндік пайда болуы, даму тарихы бар ежелгі институттардың бірі деп қарастыруға болады. Оның үстіне франчайзинг шарты талай уақыт сындарынан сүрінбей өтіп, өзінің өміршілдігімен дәл бүгінгі күнге дейін азаматтық айналымда қолданыс тауып отыр.
1999 жылға дейін франчайзинг шарты елімізде кең қолданыс тапқан жоқ. Франчайзинг шартының даму кезеңі Қазақстнда 1999 жылдан, яғни Азаматтық қодекстің ерекше бөлімінің қабылданып , күшіне енген кезінен бастау алады деп айтуға болады. Алайда, оған дейінгі кезеңдерде әрине, кешенді әсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты туралы келісім арнайы қарастырылмағанына қарамастан мұндай мүмкіндіктерді пайдалануға тікелей тыйым салынған жоқ. Елімізде франчайзинг шартынаң азамтттық заңнамада арнайы қарастырылып кетуі заңдылық еді. Себебі, франчайзинг нарықтық экономика жағдайындағы әлемдік деңгейде сыннан өткен сенімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың бір ұтымды құқықтық амалы болып саналатын.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты өзекті әрі аз зерттелген тақырыптарының бірі болып табылады. Сондықтан да мен қурстық жұмысты осы тақырыпта жазғым келді.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Мен бұл жұмыс барысында франчайзинг институтының жалпы ережелері мен ерекшеліктерін және оның кейбір құқықтық-теориялық аспектілерін жете қарастырып кетуді басты мақсат етіп белгілеп отырмын.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартына қатысты курстық жұмысымда басты мақсат болып мыналар табылады.
* франчайзинг институтының құқықтық мәнін, мазмұнын және де маңызын құқықтық-теориялық тұрғыдан кең және кешенді түрде ашып көрсету;
* кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының азаматтық құқықтық шарттар арасындағы өзіндік орны мен ерекшелігін айқындап осы шарттың еліміздің аумағында қолданысқа алғаш енуінің барысын саралау;
* кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қалыптасуы мен дамуына және де осы шартты қолдану және де осы шартты қолдану барысында орын алатын кейбір тәжербиелік мәселелердің құқықтық-теориялық аспектілерін саралау арқыла осы институттың өзекті мәселелерін ашып көрсету болып табылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер белгілеп отырмын:
* Франчайзингтік қатынастардың пайда болу тарихын зерттеу;
* Отандық және халықаралық франчайзингтің дамуын саралау;
* Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының элементтермен мен мазмұнына толықтай тоқталу.
Курстық жұмыс барлығы 25 беттен тұрады. Құрылымы жағынан 4 бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер.

1. КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты рента, лизинг, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдерi ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал құқықтың англосаксондық жəне континентальдық жүйелерiнде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрi. Сонымен бiрге оның үш ғасырлық тарихы бар жəне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн толық дəлелдедi.
Франшиздiк келiсiм деп - лицензиар белгiлi бiр iскерлiк операцияларды (бизнестi) лицензарға тиесiлi атаумен жүргiзуге жəне оның кəсiпкерлiк қызметiнiң əдiсiн пайдалануға лицензия беретiн шартты түсiнемiз. Əдетте, франшиздiк келiсiм лицензиарға рұқсат етiлген iскерлiк белсендiлiкке лицензияның əрекет ету мерзiмi iшiнде қатал бақылау жасау мүмкiндiгiн бередi.
Франзайчинг шарты əртүрлi салаларда қолданылады. Патенттердiң тауар белгiлерi мен интеллектуалдық меншiктiң басқа да нысандарының иелерi оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиi пайдаланады.
Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық - жеке құқықтық институттардың бiрi болып табылады. Қазiргi заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтiк қатынастардың шынайы жайкүйi туралы айту оңай емес. Оның себептерi алуан түрлi. Қазақстанда өндiрiстiк сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сiрə, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсендi қолданысқа ие болады. Өндiрiстiң ұлғаюы жəне франчайзингтi тиiсiнше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бiрi ретiнде ауылшаруашылық өндiрiсi бола алады, лицензиялық келiсiмдердi басқа да салалар үшiн қолдану жоққа шығарылмайды. Интеллектуалды меншiктi импорттардың кəдiмгi шектеулерi болып республиканың өзiндегi интеллектуалдық нəтижелердiң көлемi мен деңгейi табылуы мүмкiн. Əрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бiздiң экономика үшiн интеллектуалды меншiктiң iшкi нарығын қорғауға бағытталған белгiлi бiр саясатты жасап шығару қажет. Бiрақ қарсы тұру түпкi мақсатқа айналмау керек. Өз нəтижелерiмiздi олардың көп шығындылығынан ұзақ уақыттылығына, тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне байланысты, пайдалану тиiмсiз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық нəтижелердi шеттен алу мүмкiндiгiн белсендi түрде пайдалану керек.
Франчайзинг термины - француздың franchise деген сөзінен шыққан. Ол жеңілдік артықшылық деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырда франшиза сөзі корольдің немесе мелекеттің атынан қандай да бір рұқсат беру деген мағынаны білдіртін (мысалы, жәрменке өткізу, көпір салуға базар ұстуға рұқсат беру т.б). алайда соңғы кезеңдерде бұл терминннің мағынасы өзгерді. ХІХ - ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Америкада франчайзинг кең әрі нақты құқықтық мағынаға ие болды, яғни ол қандай да бір айрықша кешенді құқықтарды пайдалануға беру деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ франчайзинг шарты бойынша тауар өндірудің және қызмет көрсетудің тәсілдері ақылы негізде пайдалануға беріледі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасында франчайзинг шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және 2002 жылғы 24 маусымдағы № 330-ІІ Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген. Сонымен қатар, аталған шарт басқа да нормативтік құқықтық актілермен де реттеледі, соның ішінде 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-І Қазақстан Республикасының Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атауалары туралы Қазақстан Республикасының Заңы мен 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патенттік заңы, корпоративтік заңнама актілері және тағы басқалары.

Құқықтық классификация тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты мен кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты, синонимдер бола отырып, Азаматтық кодекстiң 966- бабының мағынасы бойынша лицензиялық шарттың бiр түрi болып табылады.
Кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарты азаматтық кодексте, дəл сол атаумен, 45 тарау 896-909 баптардың нормаларымен реттелген. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиялар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиардың фирмалық атауын жəне қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондайақ лицензиаттың кəсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент жəне т.б.) беруге мiндеттенедi.(АК-тің896-б. 1-т.)
Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi бiр көлемде лицензиялық кешендi лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тəжiрибесiн (атап айтқанда, пайдаланудың мейлiнше аз жəне (немесе) мейлiнше кең көлемiн белгiлей отырып) белгiлi бiр қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетiп немесе көрсетпей пайдалануды көздейдi.
Франчайзинг туралы заң кешендік кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) келесі негізгі түрлерін көздейді.
1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, оған сәйкес лицензиар әзірлеген жұмыс орнын құрайды және оны лицензиялық кешенмен қоса жеке кәсіпкер лицензиатқа береді;
2) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) - кәсіпорын, бұл ретте лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса лицензиатқа берді;
3) конверсиялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл ретте тараптар құрылымық бөлімшелерді дербес кәсіпорындар етіп қайта құру негізінде қайта шарт жасасады;
4) көп кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), оның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорын құрады;
5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл ретте кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) кешенді лицензиар жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін щикізатты, материалдарды, технология мен жабдықты пайдалана отырып, өзінің тауар таңбасымен не өзге де даралау құрылымын өндіруге немесе өндіру мен өткізуге құқық береді;
6) тауарлық кешенді кәсіпкерлік лицензия (фрнчайзинг), бұл ретте кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кешенді лицензиар беретін не онымен келісу арқылы белгіленетін маркетинг технолгиясын пайдала отырып, өзінің тауар таңбасы мен не өзге де даралау құралымен өткізуге (сақтауға) құқық береді;
7) кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де түрлері.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты консенсуалды, өзара және ақылы болып табылады.
Қазақсатндаық ғалым Б.Пакровский, франчайзинкке негізделген кәсіпкерлікті дамытудың міндетті түрдегі 5 шарты бар деп түсіндіреді.Даму барысында, яғни нарықтық экономиканың айтарлықтай дамып франчайзингке негізделген кәсіпкерліктің нығайған кезінде бұл шарттардың кейбірінің қойылуы мүмкін, ал кейбіреулеріне баса назар аудару қажет боалды. Енді сол міндетті қарастырып түрдегі шарттарды (жайларды) көрейік.
1.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының лицензия (франчайзинг) шартының элементтері;
Франчайзинг шарты кəсiпкерлiк болғандықтан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Осы тұста интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтарды беру сол объектiлердiң өзiн жəне берiлетiн құқықтардың шарттағы көлемiн нақтыламайынша мүмкiн емес екенiн атап өткен жөн. Сондықтан осы шарттың елеулi талаптар ретiнде мерзiм жəне берiлген лицензияның əрекетi таралатын аумақ танылатын болады. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының елеулi талабы болып баға, яғни, лицензиатпен лицензиялауға төленуге тиiс сыйақы табылады. Бұл сол бiр немесе өзге жағдайларда рынокта төленуге тиесiлi сыйақының кəдiмгi (орташаландырылған) ставкаларына сүйене отырып, оның (оның жекелеген бөлiктерiнiң) құндылығын анықтауға келмейтiн шарт пəнiнiң ерекшелiктерiмен байланысты. Осы айтылғанның негiздiлiгi франчайзинг шартының пəнiн қарастырумен расталатын болады.
Тараптардың келiсiмi бойынша елеулiлiк маңыздылығы шарттың өзге де талаптарға берiлуi мүмкiн. Лицензиялық кешеннiң кейбiр бөлiктерiне құқықтарды беру (атап айтқанда өнер тапқыштыққа, пайдалы модельдерге жəне т.б. деген құқық) олармен (оларға деген құқықтармен) мəмiле бекiтудiң заңнамамен көзделген арнайы тəртiбiн талап ететiн болады. Бiрақ, басым жағдайларда, кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартындағы тараптар тауарлардың жұмыстарды жəне қызмет көрсетулердi дараландыратын құқықтарды берумен шектелетiндiгiн ескерген жөн. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты мерзiмдi шарт жəне мерзiмсiз шарт (оның əрекет ету мерзiмiн көрсетусiз) ретiнде де бекiтiле алады.
Франчайзингке негізделген шағын кәсіпкерлік жөніндегі саясат аумақтық әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту этаптарына қосыла отырып жүргізілінуіне нысалануы қажет. Бұл жерде бірінші кезекте назар аударылатын жайлар мына төмендегідей болып келеді:
1. шағын кәсіпкерліктің орны мен атқаратын рөлін айқындау және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік заказды қалыптастыру;
2. шағын кәсіпкерліктің концепциясын әзірлеу;
3. шағын кәсіпкерлікті дамырудың республикалық бағдарламасын әзірлеу;
4. шағын кәсіпкерлікті өзіндік басқару жүйесін құру;
5. шағын кәсіпкерлікті республика аумағында басқару жэәне реттеудің ұйымдастырушысы құрылымының жүйесін құру;
6. шағын кәсіпкерлікке жергілікті әкімшілік тарапынан тигізілетін басқарушы ықпалдың нысандары мен әдістерінің жүйсін қолдану;
7. шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және бизнес жоспарларды қалыптастыру.
Шарт пəнi. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының пəнi болып лицензияларға тиесiлi айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң үлгiлiк тiзiмi АК - нің 961бабында келтiрiлген. Жоғарыда атап өткенiмiздей, лицензиялық кешеннiң негiзгi құрамдас бөлiгi болып азаматтық айналым қатысушыларын жəне олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерiн дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3 тармағына сəйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi) жатады. Объективтi себептерге байланысты лицензйялық кешеннiң құрамында тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларын (шығатын жерлерiн көрсету) беру бiрқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актiлермен тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулердi) дараландырудың басқа да құралдары көзелетiн болса, онда олар да лицензиялдық кешендердiң құрамына енгiзiлетiн болады. Заңнамада кешен деген ұғым қолданылғанымен, оның франчайзинг қатынастарына қатысты түсiнiгi басқаша болып табылатындығын атап өткен жөн. Құқықтар кешенiнiң бөлiнбейтiндiгi туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық құқықтардың өздерiнiң көңiлдерiнен шығатын "пакеттерiн" өз беттерiнше құрастыра алады. Оның барлығы тараптардың (ең алдымен кешендi лицензиаттың) iс жүзiндегi қажеттiлiктерiне, кешендi лицензиаттың төлем қабiлеттiлiгiне байланысты. Кəсiпорындарды иелiктен айыру мен байланысты мəмiлелерге қарағанда франчайзинг кезiнде материалдық ресурстарды беру орын алмайды, материалдық емес мүлiктiк ресурстарды беру орын алады, бұған конверциялық кешендi кəсiпкерлiк лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиалық кешендердi беру актiсiн iс жүзiнде шектеусiз "тираждауға"мүмкiндiк бередi. Шектеулер тек бастапқы кезде бекiтiлген франшизм келiсiмдерiнiң талаптарымен жəне нарықтағы осы тауар түрiне деген сұраныспен белгiленетiн болады. Осы айтылғанға сүйене отырып, бiз кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының пəнi болып айрықша тектi тауар (денесiз заттар немесе басқаша айтқанда мүлiктiк құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүлiктiк құқықтардың басқаларынан ерекшелiгi - олар оның иесiне кейiннен кiмне болса да қандай да бiр ақшаны немесе заттарды берудi талап етуге мүмкiндiк бермейдi. Олар өз алдына жеке бiр құндылық болып табылады. Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарларды жұмыстарды жəне қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарынан басқа лицензиалық кешен құрамына шығармашылық интеллектуалдық қызмет нəтижелерiне деген құқықтар кiруi мүмкiн. Лицензиялық кешеннiң мұндай құрамдас бөлiктерi əетте франчайзингтi өндiрiстiк аялар үшiн пайдалану кезiнде қажеттi болып табылады. Өндiрiс салаларына қарай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нəтижелерiне деген берiлетi құқықтар түрленетiн болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өндiрiс аясындағы франчайзинг селекциялық жетiстiктерге дегн құқықтарды компьютерлердi өндiру жөнiндегi технологияларды интегралды микросхемалардың топологияларына деген құқықтарды жəне т.б беруге себепшi болады. ҚР АК- 896 бабының 2т. сəйкес лицензиялық кешенмен қатар кəсiпкердiң (лицензиардың) iскелiк беделi мен коммерциялық тəжiрибесi сияқты интеллектуалдық меншiк сипатына ие емес игiлiктердi беру мүмкiндiгi көзделедi. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия пəнiнiң аясы берiлуге жатпайтын игiлiктер мен жəне əрекет етушi заңнамаға сəйкес оларға iскерлiк бедел жатпайтын кəсiпкер құқықтарымен шектелуге тиiс. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартын қолдану яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерiн беру (оларды шарт пəнiне енгiзу) бойынша шектеулер заңды актiлермен белгiленуi мүмкiн. Айрықша құқықтардың элементтері:
* фирмалық атауды;
* тауарлық белгіні;
* туындыны, пайдалы модельді, өндірістік үлгілерді;
* коммерциялық құпияны;
* авторлық құқығы және тағы басқаларды пайдалану құқықтары кіреді. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Тауарлық белгілері Заңының 4-бабына сәйкес, Тауар таңбаларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.
2. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
3. Тауар таңбасына құқық куәлiкпен куәландырылады.
4. Тауар таңбасының иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар таңбасын пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.
Кешенді кәсіпкерлік лицензиялау шарты патент ұғымымен тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстан Республикасының 199 жылғы 16 шілдедегі Патент заңына тоқтала кетейік. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға құқық беру:
1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.
2. Лицензиялықшарт лицензиатқа:
1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны пайдалану құқығын;
2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз;
3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын берудi көздеуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып табылады. (Патент заңы 14-бап, 1,2 т.)
Халықарлық және ұлттық құқықтықө актілерге сайкес франчайзинг кезінде міндетті түрде үшінші бір элемент редінде бизнесті ұйымдастыру барысында тұрақты түрде кеңес беріп тұру жағдайы қарстырылған. Қазақстанның заңнамасында бұл мәселе лицензиатқа айрықша құқықтарды пайдаланудың тәсілдері туралы мәліметтерді беру сипатында көрініс тапқан және де ол көп жағдайда оның бір мәрте сипатта болатындығы туралы айтылған.
1.2 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының мазмұны;
Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының тараптары болып кешендi лицензиар жəне кешендi лицензиат табылады. Шарттың екi тарабы да кəсiпкерлер болып табылады. Кешендi лицензиар - бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар кешенiн беретiн субъект. Бұл құқықтардың көлемi оларды шарт бойынша одан əрi беру үшiн жеткiлiктi болуға тиiс. Əдетте, лицензиялар ретiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (лицензиялық кешенге) құқықтардың бастапқы иесi болады. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рəсiмi жағынан кəсiпкерлiк қызмет болады жəне субъект оны жүзеге асыра отырып өзiн кəсiпкер ретiнде көрсететiндiгiн атап өту маңызды.
Лицензиардың міндеттері. Лицензиар шартта көзделегн мерзімдер мен көлемде лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжатнамаберуге және лицензиатқа шарт бойынша берілген құқықтарды іске асыру үшін оған қажетті зөге де ақпараттарды ұсынуға, сондай-ақ лицензиатты мұндай құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және консультация беруге міндетті. Шартта лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін (АК-тің 898 б.). Лицензиардың міндеттері императивтік түрде жазылғандығын және шарттың бастапқы сатысына, яғни лицензиат айрықша құқықтар кешенін енді ғана пайдалана бастаған кездеге арналғандығын көруге болады. Лицензиардың міндеттері туралы Қазақстан Республикасның Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы заңының 15-бабында да қарастырады:

Кешендi лицензиардың мiндеттерi:
1) кешендi лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттамаларды беруге және лицензиат кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн оған қажеттi өзге де ақпаратты табыс етуге;
2) осы құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша лицензиатты оқытуға және оған консультациялар беруге;
3) лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
Лицензиардың франчайзинг шарты бойынша құқықтарына келсек, олар АК-те ашылмаған, бірақ франчайзинг туралы заңда оларға жеке бап (14-б.) арналған. Осы бапта көзделген құқықтарға тоқталайық.
1) лицензиат кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) сапасын бақылауға;
2) лицензиат өз кәсiпорнын (кәсiпорындағы өз үлесiн) иелiктен айырған кезде артықшылықпен сатып алуға;
3) үшiншi тұлғалардың алдында лицензиатқа қатысты кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы болуға;
4) кешендi лицензиатпен өзге де шарттар жасасуға, атап айтқанда, оған қатысты лизинг берушi болуға;
Лицензиарға қатысты жаңда бір ғана шектеу талабы көрсетілген, дәлірек айтсақ: лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кәсіпкерлік лицензияларды бермеуі не осы аумақта тікелей дербес қызметі жүргізуден тартыну міндетті.
Бұл шектеу шарты лицензияттың оған бекітілген аумақта лицензиялардың айрықша құқықтар кешенін пайдалану монополичсын қамтамасыз етуге бағытталған. Ос орайда лицензиялардың кешенді қәсіпкерлік лицензияларына қатысты қолданылатынын ұқсас деген сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының құқықтық сипаттамасы
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы ақпарат
Франчайзинг шарты
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзинг
Қазақстандағы франчайзинг
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теориялық негіздері
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Пәндер