Өрт сөндіруді ұйымдастыру



Кіріспе
1 ОПЕРАТИВТІ.ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Резино техникалық бұйым бөлімшесі
2 ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
3 КҮШТЕР ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР
4 ӨРТТІ БАРЛАУ
5 ЖАУЫНГЕРЛІК ӨРІСТЕТУ
6 ЭВАКУАЦИЯ
6.1 Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
7 ӨРТТІ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
7.1 Өртке жүру және сапар кезінде
7.2 Жауынгерлік өрістету кезінде
7.3 Адамдарды құтқару және барлау кезінде
8 ӨРТ СӨНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
8.1 Өрт сөндіру жетекшісіне кепілдемелер
8.2 Өрт сөндіру кезінде тыл бастығына
8.3 Өрт сөндіру штабының лауазымды адамдарға
8.4 Штаб бастығына
9 МЕДИЦИНА
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1941 жылы Қарағанды шахтастрой тресінде жөндеу-прокат базасы ұйымдастырылды. Осы базаның негізінде зауыт құрастырылды. Бұл зауыт Қарағанды тау-кен шахтысы жабдықтарын жөндеу зауыты деп аталды.
2000 жылы зауыт «Қазақмыс» Корпорациясы құрамына еніп, Қарағанды құю-машина жасау зауыты деп аталды.
Қарағанды құю-машина жасау зауытының негізгі өндірістік әрекеті – тау-кен шахтысы жабдықтарын даярлау мен жөндеу. «Қазақмыс» Корпорациясының құрылым бөлімшелерінің жөндеу базасы болып табылады.
Қарағанды құю-машина жасау зауытының негізгі міндеті – корпорацияның кәсіпорындарын қосалқы бөлшектермен және машина жасау бағытындағы құралдармен қамтамасыз ету.
Зауыт 3000 астам өнім номенклатурасын әзірлеп шығарады. Атап айтсақ,
1) құрылысты толық жабдықтайтын құралдар мен шахты стволдарын әзірлейді, шахтыға қажетті проходка сөрелерінен бастап, адамдарды жеткізу мен кендерді тасымалдауды жүзеге асыратын түрлі бөлшек заттарды даярлайды. 2010 жылы КП-1 проходка кешені жасалды, бұл Екатеринбург қаласында шығарылатын КПВ-4А кешеніне сәйкес келеді;
2) әр түрлі металлконструкциялар әзірлейді, бұл құрылғылар өндірістің 30%-ын құрайды. Атап айтсақ, теміржол көпірлері, резервуарлар, ресиверлер, т.б. Сондай-ақ зауыт өндірістік ғимараттарға металлконструкциялар шығарады. Корпорацияның құрылыс объектілерін толық аяқтау үшін Сэндвич типіндегі жылытылған қабырғалар мен шатырлар кешенін әзірлейді.
3) тау кен орындарының бекiтуiнiң әр түрлерiн, сондай-ақ қақпалы металл бекiткiштерiн жасайды, бұрандалы және түтiк тәрiздi қарнақтар, сонымен бiрге бетон - толтырмалық кешендер жабдықтарын жасайды.
4) ЦНС-60, 180, 300 типіндегі шахталық су төгу жүйесі үшiн сорғыларды шығарады.
5) самосвалдар, тиегiштер, бұрғылық қондырғылар, су балғалары,
1. Закон Республики Казахстан «О пожарной безопасности». От 27
ноября 1997 г.
2. Справочник руководителя тушения пожара. В.П. Иванников,П.П.Клюс. Москва Стройиздат 1987г.
3. Пожарная тактика Я.С. Повзик, П.П.Клюс, А.М. Матвейкин Москва
Стройиздат 1990г.
4. Пожары - Катастрофы. П.С.Савельев. Москва Стройиздат I983 г.
5. Боевой Устав противопожарной службы. Алматы 2002 г.
6. Правила по техники безопасности в противопожарной службе.
7. Противопожарное водоснабжение. Под. Ред.А.А Качалова. Москва
Стройиздат 1985г.
8. Пожарно-строевая подготовка В.А. Бушмин, В.И. Плеханов. Москва
Стройиздат 1985г.
ПЩС1705002

КІРІСПЕ
1941 жылы Қарағанды шахтастрой тресінде жөндеу-прокат базасы ұйымдастырылды. Осы базаның негізінде зауыт құрастырылды. Бұл зауыт Қарағанды тау-кен шахтысы жабдықтарын жөндеу зауыты деп аталды.
2000 жылы зауыт Қазақмыс Корпорациясы құрамына еніп, Қарағанды құю-машина жасау зауыты деп аталды.
Қарағанды құю-машина жасау зауытының негізгі өндірістік әрекеті - тау-кен шахтысы жабдықтарын даярлау мен жөндеу. Қазақмыс Корпорациясының құрылым бөлімшелерінің жөндеу базасы болып табылады.
Қарағанды құю-машина жасау зауытының негізгі міндеті - корпорацияның кәсіпорындарын қосалқы бөлшектермен және машина жасау бағытындағы құралдармен қамтамасыз ету.
Зауыт 3000 астам өнім номенклатурасын әзірлеп шығарады. Атап айтсақ,
1) құрылысты толық жабдықтайтын құралдар мен шахты стволдарын әзірлейді, шахтыға қажетті проходка сөрелерінен бастап, адамдарды жеткізу мен кендерді тасымалдауды жүзеге асыратын түрлі бөлшек заттарды даярлайды. 2010 жылы КП-1 проходка кешені жасалды, бұл Екатеринбург қаласында шығарылатын КПВ-4А кешеніне сәйкес келеді;
2) әр түрлі металлконструкциялар әзірлейді, бұл құрылғылар өндірістің 30%-ын құрайды. Атап айтсақ, теміржол көпірлері, резервуарлар, ресиверлер, т.б. Сондай-ақ зауыт өндірістік ғимараттарға металлконструкциялар шығарады. Корпорацияның құрылыс объектілерін толық аяқтау үшін Сэндвич типіндегі жылытылған қабырғалар мен шатырлар кешенін әзірлейді.
3) тау кен орындарының бекiтуiнiң әр түрлерiн, сондай-ақ қақпалы металл бекiткiштерiн жасайды, бұрандалы және түтiк тәрiздi қарнақтар, сонымен бiрге бетон - толтырмалық кешендер жабдықтарын жасайды.
4) ЦНС-60, 180, 300 типіндегі шахталық су төгу жүйесі үшiн сорғыларды шығарады.
5) самосвалдар, тиегiштер, бұрғылық қондырғылар, су балғалары,
экскаваторлар сияқты импорттық техникаға қосалқы бөлшектердi шығару жолға қойылған. Мәселен, қауға және жебе, диск және су цилиндрлардың толық кешені және жоғары қысымды будың жеңдерi. 2009 жылдары зауыт Экономос фирмасы (Австрия өндiрiсі) шығарған станогi алынып өндіріске пайдалануға енгiзілді. Бұл станок жоғары сапалы полиуретан шикiзатын тығыздау өндірісіне арналған.
6) зауыт кен тасымалдау үшiн жабдықтарды өндiредi, әр түрлi тiзбектi тасымал, сонымен бiрге вагонетканың (барабан және роликтер) тiзбектi тасымалдарының қосалқы бөлшектерiн жасап шығарады.
7) зауыт кен байыту фабрикалары үшiн кенді өндірудің барлық кезеңдерi үшiн, қордағы бөлшектердiң көлемдi номенклатурасын жасайды, флотациялық машиналарды шығару да жолға қойылған.
8) зауыт кен байыту фабрикалары мен металлургиялық зауыттарда
әр түрлi мақсатта қолданылатын қоректендiргiш ленталарын, тарту шынжырларын жасап шығарады.
9) зауыт металлургиялық кешен тұрғысында Ванюков пеші үшін стандартты емес жабдық жасайды, күкiрт қышқыл өндiрiсіне стандартты емес жабдықтар мен металлоконструкциялар даярлайды.
10) бiрнеше жыл бұрын 5 тоннадан бастап 50 тоннаға дейін әр түрлi жүк көтергiш көпiр крандарын шығару басталды. Бүгiнгi күнге дейін әр түрлi мақсатқа арналған 28 кранды зауыт жасап шығарған. шүмектерiн жасалған зауытпен.
11) зауыттың дамуының басым бағыттарының бірі - қосалқы жүрiстi техниканы шығару. Жер асты АП автобусы, сондай - ПМЗШ шпуралары үшін машина, қалдықтарды тиеуге арналған машина. Өздігінен жүретін техника МАЗ шасси базасында (Белоруссия) шығарылды, қазіргі уақытта FADROMA шасси базасында (Польша ), таяу уақытта БЕЛАЗ және МоАЗ шасси базасында жабдық шығару көзделген. .
12) (TORO, CAT) қалдықты жеткізу машиналарын күрделi жөндеу, су цилиндрларын, бұрғылау қондырғыларының қосалқы бөлшектерiн, диiрмен кешенінің жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу.
1 ОПЕРАТИВТІ - ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
ААҚ Казахмыс корпорациясы зауыты Қарағанды құю-машина жасау зауыты филиалы Орлов көшесі жағынан 2 шығу қақпасы бар; Орлов 103 көшесінің бойындағы Одежда дүкенінің ауданында; ауданы 5 гектар еркін территорияда орналасқан. Фабриканың территориясы периметрі бойынша бетон дуалмен қоршалған.
Зауыттың территориясында 25 үй мен құрылыстар бар:
№ 1 цех.
№ 2 цех.
Гидравлика цехі.
№ 4 цех.
№ 7 цех.
Ұсталық бөлімше
Жөндеу бөлімшесі
РТБ бөлімшесі
Аспаптық бөлімше , КПУ.
Гальваникалық және термиялық бөлімшелер
Құрылыс бөлімшесі
Оттек бөлімшесі
Орталық зертхана.
№ 1 жабық тұрағы бар автокөліктік мекеме.
№ 2 жабық тұрағы бар автокөліктік мекеме.
Орталық материалдық қойма.
Қойма.
ГО объектісі.
ГСМ қоймасы.
Котельная.
ПДО қоймасы.

Зауытпен басқару.
Здравпункт.
Асхана.
Трансформаторлық станция

1.1 Резино техникалық бұйым бөлімшесі
Автокөлік мекемесі - бір қабатты, подвалы жоқ үй, жобамен 46м. х 60 м. х 6,9 м. өлшемді, отқа төзімділіктің екінші дәрежелі үйі (бокс).
Қабырғалары темір бетонды панельдермен, далдалары - кірпіштен, битум бойынша рубероидпен жабылған жабын - жұмсақ, жабулары - темір бетонды фермалардан жасалған. Шығу саны - 2.
От жағу - жергілікті, территоряда орналасқан бу қазаны. Желдеткіш - табиғи.
Жарықтандыру - электрлік, кернеу 220380 В.
Қоймада әртүрлі сипаттағы тауарлар (мойынтіректер, бөліктер қоры, электр сымдары, ауыр және жеңіл автокөліктер, құрал-саймандар және т.б.) сақталады.
Жарықпен жабдықтау.
Зауыттың территориясындағы барлық үйлер мен құрылыстардағы және де материалдық қоймадағы жарықты сөндіру әрбір сызықтың нұсқауларымен белгіленген, бір-бірінен жеке трансформаторлық станциялармен жүргізіледі.
Қоймада жарықтандырғыш жүйесін өшіру үшін электр ажыратқыш орнатылған.

2 ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Өрт сөндіргіш затқа - су, ертінділер, ұнтақ қоспалар, эмульсиялар, инертті газдар, көмір қышқыл газы, көбік, құм жатады. Бұл заттардың қолданылуына қарай төмендегі топтарға жіктеледі:
- Өрт ошағын суытушалар (су, ертінділер, ұнтақтар, қатты көмір қышқыл газы);
- Сұйылтқыштар, яғни жану ошағындағы оттек мөлшерін азайтушылар (газдар, су буы);
- Ингибитрлар, яғни химиялық реакцияны бәсеңдетушілер (галогенді сутекті құрамдар)
Өрт сөндіргіш заттар сонымен қатар токсикологиялық, аз токсикологиялық, токсикологиялық еместер болып жіктеледі. Адамға оңай табылатын, өрт ошағына оңай тасымалданатын, токсикологиялық еместігі суды негі өрт сөндіргіш ретінде қолданылады.
Өрт сөндіргіш қондырғыларына төмендегілер жатады:
1. Өрт сөндіргіш машиналары;
2. Көбік генараторлары (ПГ-30, ГПС-200, ГВП-600);
3. Өрт сөндіргіштер (қолмен қолданылатын және жылжымалы);
4. стационарлы ауа көбікті, автоматты және жартылай автоматты қондырғылар, өрт насостары;
5. Өрт сатылары.
Өрт сөндіргіштердің қасиеттеріне қарай өрт сөндіргіштерді химиялық көбікті (ОХП-10), ауа қоспалы (ОВП-5, ОВП-10, ОСП-4), көмір қышқыл газды (ОУ-1, 2, 3, 5, 6, 8), көмір қышқыл бром этилді ( ОУВ-3, ОУВ-7), ұнтақты (ОП-1, ОПС-6, ОПС-10, ОППС-100), аирозольды (АО-1, АО-2), хлоданды (ОБХ-3).
Өрт шыққан жағдайда оқытушының және лабараториялық қызметкерлердің іс-қимылы
Өрттерден мерт болған адамдардың саны, автокөлік транспортында да қайтыс болғандар санынан екінші орынды алады, мұның негізгі себептерінің

біреуі адам өрт хаупы туғанда стресс салдарынан логикалық ойлау қаблетінің төмендеуі өзін аман сақтау инстинкті бойынша әрекет етуі. Өрт кезінде адамның мінез құлқы көптеген факторларға байланысты болады. Біріншіден, өртті байқаған кездегі өрттің жайылу интенсивтілігіне жақындағандағы түтіннің жинақталуы, шығатын жолдардың түтінмен толтырылуы. Екіншіден, бөлмедегі адам санына, адамдардағы қорқыныш эффектілігінен өте үлкен зиян болады. Әсіресе эвакуация жасау қиындалған немесе болмаған жағдайда. Естері шыққан адамдар жол бермей, бір-бірін таптауға барады, ал кейде жарақат сол соқтығысудан алынады, тіпті өлімге себеп болады. Сондықтан оқытушы қауіпсіздік ережелері бақылаулары арасында оқушыларды өрт болған жағдайда қорықпай, саспай оқытушылардың нұсқауларына құлақ салып, оның айтқандарын мүлтіксіз орындау қажет екенін үнемі қайталау керек.
Өрттің сипаттамалары
1.Жарқ ету температурасы;
2. тұтану температурасы;
3. Өздігінен тұтану температурасы;
4. Жалынның таралуының концентрациялық шектері.
Пероксидтерді қолданудың қауіпсіздік ережелері
Ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізгенде пероксидтер көп мөлшерде қолданылады. Перооксидтердің реакциялық қабылеті өте жоғары. Олардың қолданылуы: поливинил хлорид синтезінде, лактар, поли эфирлік шайырларында, полиэтиленді синтездегенде органикалық пероксидтер өртке және жарылысқа қаупі жоғары заттар болып табылады. Құрамында оттегі көп болған жағдайда жарылысқа және ыдрауға пероксидтердің сезімталдығы жоғары. Мысалы, бензол пероксидінде димерлік ацетон пероксидінде кейбір жарылғыш заттардың соққыға сезімталдығымен салыстырғанда бірдей. Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бұзылғанда перокситтермен жұмыс барысында өрт, жарылыс болуы мүмкін. Көптеген сұйық органикалық пероксидтердің жарқ ету температуралары төмен.

Лабароторияда органикалық пероксидтердің сақтау ережесі бойынша бір тәулікте қолданатын көлемнен аспау керек. Металдан жасалған қораптарда қоршаған ортаның температурасы олардың ыдырау температурасынан төмен болу керек. Сұйық органикалық пероксидтерді сақтағанда полиэтиленнен немесе қарар шыныдан жасалғна сиымдылықтар пайдаланылады.
Химиялық шыныларды жуу әдіс-тәсілдері
Зерттеу жұмыстарын өткізгенде химиялық шыны тазалығына назар аудару керек. Химиялық жуу әдістері химиялық реактивтердің қолданылуына байланысты. Кей жағдайларда шыны шайырмен және маймен ластанғанда шыныны су немесе ыстық сумен жуады, басқа жағдайларда органикалық еріткіштер пайдаланылады. Диэтил эфирі, спирт, ацетон эфирлерді пайдаланғанда өрт қаупі туады. Химиялық лабароторияларда көптеген жағдайлар өртке қауіпсіз препараттармен ерітіледі. Мысалы шыныны жуғанда 10%-қ тринатрий фосфаты ертіндісін пайдаланады. Тағы да жуу қасиеті жақсы сабындарды қолдануға болады. Жуу сапасын жоғарлату үшін фильтрлі қағаздар қолданылады.
Бюретка, пиаеткаларды жуғанда хром қышқылы пайдаланылады. Оны қалай аламыз? Ертіндіге күкірт қышқылы қосылады. Ертіндінің құрамына хромқышқылды натрий қышқылы сумен араластырылады. Шыны жууға арналған тағы бір ертінді 1Л күкірт қышқылына бихромат натрий қосылады. Бұл ертінді шыны қатты ластанғанда пайдаланылады.
Тоңазытқыштарды қолданғандағы өрт қауіпсіздігі
Химиялық лабораторияларда зерттеу жұмыстарын өткізгенде кейбір химиялық реактивтерді бір қалыпты температурада сақтауға мәжбүрлік туады. Бұл мақсат үшін тек жай тоңазытқыштармен қатар электір тоңазытқыштар қолданылады. Электр тоңазытқыштар химиялық реактивтерді сақтауға арналған емес. Бұған мән бермей көптеген химиялық лабораторияларда тоңазытқыштарда тез тұтанатын және жанатын сұйықтар, өртке қауіпті реактивтер сақталады. Осы уақытқа дейін көптеген химиялық лабораториялардың тоңазытқыштары тоқ көзіне қосу реті стандартқа сәйкес

қосылады. Бұл жағдайда олар тәулік бойы тоққа қосылып тұрады. Өртке және жарылысқа қауіпті химиялық реактивтерді бір қалыпты температурада сақтау үшін арнаулы техникалық тоңазытқыштар пайдаланылуы керек. Бұл тоңазытқыштардың ішінде жарық көздері болмауы керек.
Химиялық лабораториялырдың вентиляция жүйесіндегі өрт қауіпсіздік шаралары
Химиялық лабораторияларда вентиляция жүйелері және ауа алмастыру еңбек өткізу ретімен қамтамасыз етіледі. Бірақ кейбір жағдайларда вентилияция қондырғылары өрт қаупін туғызыады және оттың таралуынан ауа жүретін құбырлармен басқа аудиторияларға әсерін тигізеді. Вентиляция қондырғыларда (кабинеттегі ауа мен газдарды тартатын) жарылысқа қауіпті заттар пайда болуы мүмкін. Бұл аппараттардың филтірларында жарылғыш заттар жиналуы мүмкін. Бір уақытта жандырғыш көзі пайда болғанда жанғыш газдар мен заттар жануы мүмкін. Бұл өртке қауіп жүйесін көтереді. Кейбір вентиляция жүйелері винилпласт және жанғыш материялардан жасалуы мүмкін. Өрт кезінде жоғары температура әсерінен винилпласт балқып жанады және басқа аудиторияларға кедергісіз таралады.

3 КҮШТЕР ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР
Сумен жабдықтау -- сақиналы, су кұбырының диаметрі - 150 мм,
Жүйедегі судың тегеуріні Н - 20 м.
1. Жақын:
:: ГСМ учаскесінің территориясында 50 метр ара-қашықтықта ГТГ № 3
(К-200) орналасқан.
2. Алыс:
ПГ № 4, 6 (К-200) - РТБ учаскесіне дейін 90 метр.
ПГ № 5 (К-200) - РТБ учаскесіне дейін 120 метр.
ПГ № 2 (К-200) - РТБ учаскесіне дейін 100 метр.
:: ПВ - объем 500 м - РТБ учаскесіне дейін 300 метр.
Курстық жобаны орындау кезінде таңдап алынған нұсқа бойынша әдістемелік нұсқауға сәйкес сумен қамтамасыз ету мәліметтері қолданылады.
Күштер мен құралдарды есептеу. Бұрыштық даму:
1. Бірінші 10 минуттағы өрттің ауданын 81 анықтаймыз.

Sl= PI (0,5Vl:: J)2= 3,14(0,5-0,9 -6)2= 23 м2

2. 10 минуттан бірінші оқпанына дейінгі өрттің ауданын 82
анықтаймыз
S2 = PI (V2 :: J 2)2 =8=3,14(0,5 -7)2= 38 м2
3. Бірінші оқпаннан таралғанға дейінгі өрттің аудынын 83
анықтаймыз.
S3 = PI (0,5Vл :: J3)2 = (0,5 -0,9-4)2= 10м2

4. Өрттің жалпы ауданын есептейміз

Sобщ=S1+S2+S3 =21+ 38 + 10=71м2

5. Өртті сөндіруге кеткен қажетті судың шығынын (Зтр7лс) анықтаймыз
ОфТ = 8„-і = 71 -0,2= 14,2 лс



Қорғауға кеткен қажетті шығындарды есептейміз

Озаштр = SП :: 0,251 = 71 :: 0,25 :: 0,2 = 3,5лс
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз
QKPжол= Oт+ 0защ =14,2+3,5= 17,7 лс

Объектідегі бар судың қорын Оф есептейміз
ОФ = К-200мм, Н-20м= 150лс

Қажетті және бар шығындарды салыстырамыз

Ф= 150лс ртр17,7лс

10.Өртті сөндіруге қажетті оқпан мөлшерін анықтаймыз

Нсгвт = Vі = 71-0,27 =2 РС-70
Ясп
11. Қорғауға оқпан мөлшерін анықтаймыз.

71-0,2-0,253,5=1 РСЖ-50

Ясп
Оф Отр - өртті сөндіру үшін шарт орындалды
12. Өртті сөндіруге қажетті жалпы оқпан мөлшерін анықтаймыз

j=Н7+1Мзашсг=4+=5РСК-5
13. Су көзіне ортану үшін қажетті АЦ мөлшерін анықтаймыз

Мад= qV = 17,70,8 -40 = 2 АЦ ӨГ

14. Олардың тактикалық мүмкіндіктеріне байланысты АЦ мөлшерін анықтаймыз

17,714 =2АЦ

15. АЦ үшін жеңдер мөлшерін анықтаймыз:
Мр = Vп = 50-1,220 =3 рук.

16. АЦ-40 ПГ насостарындағы қажетті тегеурінді анықтаймыз.
Н
=3-0,000046 :: 17,72+20 = 20,43 м ПГ-З-да 1пр= (20,43-20) 0,00046 -17,7[2] -20 =61,4 м 50
(шарт орындалды)
18. Өртті сөндіру үшін өз құрамының мөлшерін анықтаймыз Млс = Мст-плс+пмл+п;іс+Мпб+10%

лс=5+3+2+2+3+2+3=20
19. АЦ-дағы бөлімшелер мөлшерін анықтаймыз

V= 205=4 бөлім 5
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
* қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
* [[Өрт сөндіру жүйесіөртке қарсы жүйелер]] (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.
Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

4 ӨРТТІ БАРЛАУ
Өрт барлау бөлімшелердің өртке шығу уақытынан бастап оны сөндіруге дейін жүргізіледі. Өрт туралы ақпарат көзін қолдану болып өрттің сыртқы белгілері, радиобайланыс арқылы берілген ЦППС-тен қосымша мәліметтер, өртті сөндіру карточкасы және жоспары, объектінің оперативті-тактикалық туралы өртті сөндіру жетекшісінің жеке мәліметтері табылады.
Өртті барлау - өрт бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерінің маңызды бір түрлерінің бірі. Барлау мақсаты - ӨСБ адамдарға түсетін қауіп-қатер дәрежесін анықтай алатын, өрт кезінде дұрыс әрекет ету және сәйкес шешімдер қабылдау үшін мәліметтерді алу. Өртті барлаудың негізгі міндеттері:
адамдардың орналасу орнын табу, оларға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтау, және де оларды қорғау жолдары мен тәсілдері;
өрттің мөлшері мен орнын анықтау, және де өрттің таралу жылдамдығы мен жолдары;
сөндіру кезінде бөгет болатын жарылыс, улану, құлау және де тағы басқа әрекеттер қауіптілігін анықтау, мысалы, өрт зонасында оңай жанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, электр орнатулары мен электр желілерінің және т.б. болуы;
күштер мен құралдарды, тармақталуды, стволыңиктердің бағыттарын және т.б. енгізу бағыттары мен мүмкін жолдарын анықтау.
Жөндеу барлауы кезінде ӨСБ өртті тоқтату үшін, түтінмен күресу үшін, белгілі бір шекарадағы өрттің таралуын тоқтату үшін, эвакуациялау кезінде материалдық құндылықтардың, қажетті заттардың қажеттілігін, оларды судан, өрттен, түтіннен қорғау тәсілдерін және эвакуациялау тәсілдерін анықтайды., құрылысты ажырату және тінту жерлерін анықтайды.
Жақсы қойылған барлау дер кезінде адамдарға көмек беруге, өртті керекті бағытта және аз күштермен сөндіру үшін күштер мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді.
Барлау құрамы өрт бөлімшелеріне келгендерге байланысты, жану объектісінің ерекшеліктеріне және әрекеттерге байланысты анықталады. Егер де өртке бір бөлімше келсе, онда барлау құрамына ӨСБ және байланысшы, ал егерде екі бөлімше келсе - ӨСБ, бірінші бөлімше командирі және байланысшы кіреді. АП 98-К барлау тобы кем дегенде үш адамнан тұруы керек.
Егерде жұмыс барысында кұтқару керек болса, және де оның аз құрамы өртті сөндіру және адамдарды құтқару үшін күштер мен құралдары туралы шешім кабылдауды кешіктіретін болса, онда барлау кұрамын толықтырады.
Барлауды бірнеше бағытта жұргізу керек болса, онда бірнеше барлау топтарын құру қажет. Мұндай қажеттілік туады: егер жанып жатқан немесе тутін жерде қалып қойған адамдар туралы мәлімет бар болса; егер өрттің сыртқы белгілері жоқ болса, және де келген өрт бөлімшелерін ешкім қарсы алмаған жағдайда; көп қабатты үйлердегі өрт кезінде, өрт үлкен мөлшерлі болғанда, және де бірнеше жану ошақтары болса, қабаттар түтін және әр қабаттағы көп орындарды қарау керек қажет болғанда, көп адамдардың болуы кезінде. Барлау топтарын бөлімше командирі немесе үлкен бастық жетекшілік етеді. Ол кем дегенде екі адамды құрауы керек.
Барлау топтарының саны, олардың құрамы және орнын ӨСБ анықтайды. Ол барлау топтарының командирін тағайындайды, оларға міндеттер қояды, алынған мәліметтерге тәртіп орнатады және әр топ үшін өрт-техникалық карулану түрін анықтайды. Ең қиын және жауапкершілікті учаскедегі барлауға ӨСБ жетекшілік етеді. Өрт сөндірушілерде жарықтандыру құралдары, құтқару арқандары, ломдар және АП 98-К аппараттары болуы керек. Барлау мәліметтерін алудың негізгі тәсілдері болып қарау, мәлімет берушіден сұрау және құжатты меңгеру жатады.
Қарау - өртті барлауды бастау тәсілдерінің маңыздысы болып табылады. Ол өртті сыртқы белгілеріне түтіннің түсіне, шапағына қарау әрекетін қолдану жолдарынан басталады. Жанып жатқан объектіге жакындағанда бұл белгілерін байланысты оның орнын және мөлшерін анықтауға болады.
Үйдің сыртқы көрінісіне бойынша тағайындалуын (тұрғын үй, административті үй, дүкен, қойма), көрші объектілерге қауіптілік дәрежесін, өртке жақындау орнын (есіктер, терезелер, стационарлық сатылар және т.б.) анықтауға болады. Кейде сыртқы белгілері бойынша жауынгерлік әрекет (сатылар орнату, алдын ала немесе толық жауынгерлік барлау, адамдарды құтқару және т.б.) туралы шешімдер қабылдайды.
Толық мағлұматты жанып жатқан және көршілес жатқан мекемелерді анықтап карау барлауы кезінде алады. Анығырақ, жану ошақтарына кірулерді, жану зонасының шекарасын, жылулық әрекеттерді, түтінденуді; отқа бөгет болатын бөгеулерді, оттың таралу жолдарын және бағыттарын; сөндіру үшін күштер мен құралдарды енгізу орындарын анықтайды. Өрт туралы мағлұмат білетін, объектіні білетін адамдарды сұрау. Мекемені жоспарлау, өртке қауіпті материалдары бар құрылыстың отқа төзімділік дәрежесі, желдеткіш және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің ерекшеліктері бойынша консультация, және де өндіріс технологиясы бойынша бағалауда негізгі мәлімет болып саналады. Өрт болған объектінің жұмыскерлері, ереже бойына, оперативті штаб құрамына кіреді, жеке жағдайларда олар ӨСБ-мен бірге өртті барлауға тікелей қатыса алады. Бірақ толығымен жеке адамдарды сұрау кезінде алынған мәліметтердің дұрыстығына сенеді. Оларды қадағалау қажет, және де жақсылап тексеру керек.
Барлау тәсілі ретінде кұжатты зерттеуді өрт объектісінің жеке мәліметтерін анықтау үшін қолданады. Бірінші ретте өртке кезекші қарауыл апаратын жедел құжаттарды пайдаланады: су көздерінің анықтамалары мен планшеттер, өрт сөндірудің жоспары мен карточкалары. Күрделі жоспарланған объектілерде бөлмелердің жоспарлауын жылдамырақ түсінуге мүмкіндік беретін және барлау жолын белгілейтін құрылыс сызбаларын пайдаланады. Кейбір жағдайларда күрделі технологиялық процесс шарттарында өртті барлау үшін оның сызбалары мен технологиялық карталарын қолданған мақсатқа лайық.
Өрттегі жағдайлар әр алуан, өйткені өрттер пайда болатын шарттар да әр-түрлі (жыл-мезгілі, ауа-райының жайы, газ алмасу шарттары және т.с.с), сондай-ақ объектілердің өзі жоспарлануы, жұктелуі бойынша ерекшеленеді. Өрт сөндіру тәжірибесінде көптеген жағдайлар үшін жиһаға тәуелді белгіленген мәліметтерді шығару тәртібі таңдалған.
Ысталған бөлмелерде дыбыстарды естуге тырысу керек, өйткені ол бойынша залал келтірілген адамдарды табуға болады. Егер адамдардың жатқан орны туралы мәлімет болса, бірақ өрт сөндірушілер оларды таппаса, барлық ғимаратты мұқият қарап, тексеріп шығуы қажет. Адамдардың жоқтығы туралы азаматтардың мәліметтерімен шектелуге тыйым салынады. Ғимаратты тексеруді кез келген жағдайда жүргізеді және де тек ұқыпты қарап, адамдардың жоқтығына көз жеткізгеннен кейін бұл жұмысты тоқтатады.
Өрт кезінде адамдарға еш қауіп төнбесе, онда барлық барлау назары өрттің ошағын табуға шоғырланады. Жанудың ашық ошақтары негізінен оңай табылады. Ашық жанудың шекараларын табу үшін өрттің орнын барлық жақтан қараған дұрыс. Өрт қабырғаның бос жерлерімен, бөлгішпен, желдеткіш қораппен, жылытылған бүркеумен т.б. таралатын құрылыс. Ішіндегі жанудың жасырын ошағын анықтау біршама күрделі. Бұл жағдайларда өрттің шекарасын анықтау бұдан да күрделі.
Жасырын жану ошағы бос жерлерде олардың бетінің темперетурасы, бағдарламасы, бояудың немесе сылақтың түсінің өзгеруі, есту бойынша, өрттің қоюдан немесе жарылудан шықпауы және оның температурасы бойынша табылады. Бірақ саңылаудан түтіннің шығу орны бойынша әрдайым өрттің жану ошағын анықтау мүмкін болмайды, өйткені түтін кейде бос жерлерде таралып, жану орнынан біршама кашыктыққа шығып кетеді, Жану орнын анықтау үшін құрылыстың бақылау бөлшектеуін жүргізеді. Құрылыс ішіндегі жану шекарасы мен оның таралу жолын бақылаушы ашуымен анықтайды. Өрт ошағын табу үшін құрылысты ашу өрт сөндіргіш құралдарды даярлағаннан кейін жүргізіледі. Кейбір жағдайда жану орнын түтіннің түсі мен иісі арқылы анықтауға болады. 200-300 м ара қашықтықты өтуді қажет ететін үлкен көлемді ғимараттардағы өртті барлаған кезде, өрт болған бөлмені бөліктерге бөліп және де әр қайсысына 4-5 адамнан тұратын барлаушы топты бағыттаған дұрыс. Бұл кезде ең қысқа жолды таңдап, олардың жүріс сапарын алдын ала ұғыну қажет. Барлау алдында барлаушы топтармен тұрақты байланысты ұстанатын қауіпсіздік күзет орындарын міндетті түрде қояды. Материалдық қоймада өрт кезіндегі барлау жүрісінде белгісіз құрамды заттарды табуға болады, оларды анықтау үшін өрт объектісіндегі мамандарға сүйену қажет. Егер ондайлар болмаса, онда ӨСБ ол заттардың құрамын ыдыстағы және бумадағы қызметтік белгілеу немесе кұжаттар бойынша, сондай ақ басқа да белгілер бойынша анықтайды. Бұл өрт сөндіру құралдарын таңдау үшін және сақтық шараларын бұзбау үшін қажетті. Түтіндеген бөлмелердегі жану орнын жалынның жарығы, жанудың шуы (шатырлау), түтіннің ысымау дәрежесі бойынша анықтайды. Түтіннің иісі бойынша не жанып жатқанын анықтауға болады.Ғимараттардағы өрт ошақтарына қысқа және неғұрлым жайлы жолдармен бару қажет: есік, сатылық тор, коридор арқылы. Егер бұл жолдар өртпен бөлінген немесе түтіндеген болса, терезе ойықтарын, өрт сатыларын, тізелік көтергіштерді қолданады. Кейбір жағдайларда ғимаратқа арнайы жасалған ойықтар мен бөліктер арқылы кіруге болады. Түтіндеген бөлмелерде қабырғаға сүйеніп терезені бойлап жүрген дұрыс - егер түтін астыдан шықса барлық бойға, ал түтін үстіден шықса -- еңкейіп немесе еңбектеп. Қозғалыс сапарын бұрылу саны, бөлменің жоспарлануы, жабдықталуы, ерекше заттар арқылы есте сақтау міндетті түрде қажет. Жолдық шпагатты немесе құтқару арқанын барлау тобының құрамына кіретін әр өрт сөндірушінің карабині арқылы өткізеді. Өрт сөндірушілер түтіндеген бөлмелерде немесе қараңғыда бір бірден колонна бойынша қозғалады. Ең болмаса бір барлаушы өзін нашар сезінсе топ жедел жұмысты тоқтатып, оған онда бірінші көмек көрсетілетін таза ауаға шығуға көмектеседі. Егер барлау ГДЗС бөлімшесімен жүргізілсе, онда бір бөлім зардап шеккенге көмектеседі, ал басқасы жауынгерлік тапсырманы орындауды жалғастырады. АП98-7К жұмыс кезінде барлау тобында байланыс құралдары, топтық және жеке электр шамдары болуы керек. Ысталған бөлмеге кірер алдында қауіпсіздік күзеттерін қояды. Күзетші барлаушы топпен тұрақты байланыста болуы керек және алынған мәліметтерді ӨСБ-ға, штаб бастығына немесе жауынгерлік бөлімшеге беруге міндетті. Күзетшінң күзет орнын тастауға құқығы жоқ. Кейде барлауға көп уақыт кетеді, сондықтан әрбір АП98-7К-да жұмыс істеуші қысылған ауаны кетіруді қадағалауы қажет. Қысылған ауаның қорын дұрыс есептеу үшін келесі тәртіпті ұстанған дұрыс: жұмыс орнына келгеннен кейін өрт сөндіруші балондағы қысымды қайтадан тексереді, қысылған ауаның шығынын есептейді және бөлімшенің (бөлімнің) басқарушыға мәлімдейді; басқарушы қысылған ауаның қорын оның шығыны ең көп өрт сөндіруші бойынша есептейді, және де бөлім (бөлімше) жұмысын тоқтатып, таза ауаға шығуды бастайтын балондағы қысылған ауаның ең аз қысымын хабарлайды. Дем алуға мүмкіндік жоқ ортадағы уакыт кезінде бөлім басқарушысы байланыс құралдарын (радио, телефон), байланыс құрылғысының сымын, жолдық шпагатты, жарық жабдықтарын, дыбысты, белгіленген белгілерді қолданып, ал тығыз түтін, әуелі-механикалық көбікте -- арқандардан сақтандыру құрылғыларын қолданып қауіпсіздік кезекшісімен және барлау құрамымен тұрақты байланысты ұстануы керек. Қозғалу жолын аяқпен кармалау арқылы, ломмен немесе басқа затпен тарсылдатып тиянақты қарайды. Сатылық торларда қабырғалардан ұстанады, өйткені шектеуші перила жұмыс істемейтін болуы мүмкін. Күйіп қалуды болдырмау үшін есіктерді есіктер кенепін паналап, ақырындап ашады. Өрт болып жатқан бөлмеге кіріп келгенде бағанды дайындап тұрып, есіктерде автоматты түрдегі құлыптың бар-жоғын тексереді, есікті ашық күйде қалдырады. Электрлік шамдардың жарық сәулесін бөлменің түбіне емес, қозғалыс жолын көру үшін аяқтың астына, төменге түсіреді. Әсіресе мұз басқан шатырлар мен сатылармен қозғалыс кезінде сақ болу керек. Қауіпсіздік үшін өрт балталарын, құтқару арқандарын қолданады, шатырдың тіп-тік ылдиларында ақырындап қозғалу керек. Жоғары қысымды электр қойылымдары, қысымдағы аппараттар, жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті заттар бар бөлмелерде барлауды объектінің қызметкерлері ұсынатын қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жүргізеді. Өртті барлау - жауынгерлік жұмыстың негізгі түрлерінің бірі. Оның қалай анық орындалғанына өртті сөндірудегі жетістік тәуелді болады. Кейбір объектілерде барлау кезінде-ақ, әсіресе барлау құрамы белсенділік, батырлық және тапқырлық танытқан кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, өрттің таралуын жоюға немесе оны толықтай ажыратуға қол жеткізуге болады. Өртке карсы қызметтің жауынгерлік жарлығы барлық құралдармен және тәсілдермен өшіруді және таралуын шектеуге шаралар қолдану қажет етеді. Барлау жүрісі кезінде өртті дер кезінде тоқтату үшін құрылыс конструкцияларын қорғау, бөлмедегі жоғарғы температурамен және түтінмен тиімді күрес тәсілдерін шешу қажет.
5 ЖАУЫНГЕРЛІК ӨРІСТЕТУ
Бөлімшенің өртке келуімен қоса барлаумен бірге жауынгерлік өрістету жүргізіледі, яғни жауынгерлік тапсырманы орындау үшін күш пен құралдарды дайындық жағдайына келтіру.
Жауынгерлік өрістету өрістетуге дайындық және толық өрістету сияқты кезекті этаптардан тұрады. Қандай да бір этаптың орындалуы өрт кезіндегі жағдай туралы мәліметтердің толықтығы мен бөлімше әрекеттерінің шешуші бағыттарына тәуелді болады. Жауынгерлік өрістетудің қабылданған этапы осы уақыт кезіндегі өрттегі жағдайды бағалау қорытындыларына сәйкес болуы керек, ұтымды және үнемді тәсілдермен орындалуы қажет. Толық жауынгерлік өрістендіру өрт орындарына өрт сөндіруші құралдарды беру үшін жеңдік жүйелерді салу мен стоволыңиктердің жауынгерлік бағытқа шығуын қарастырады.
Барлық этап БУПС-пен белгіленеді.
Жауынгерлік есептеулердің ең көп саны автоцистерналарда 5-6 адам, ал автонасостарда 7-9 адам.
Негізгі өрт сөндіруші автокөліктердің ырғақты-техникалық мәліметтері жауынгерлік есептерге қарағанда біршама көп, ал бөлімшелердің жауынгерлік өрістетуімен байланысты көп еңбекті жұмыстардың механизациясының деңгейі жеткіліксіз екенін ескеріп, гарнизондарда негізгі өрт сөндіруші автокөліктерді жауынгерлік пайдаланудың әр-түрі мен бөлімшелер мен олардың арасындағы жауынгерлік есептеулердің нөмірлері арасындағы байланысты қолданады.
Қойылған талапқа және қолдағы күш пен құралдарға байланысты өртті сөндіру процесі бір немесе бірнеше этаптан тұратын болғандықтан, оған жауынгерлік өрістету бойынша бір немесе бірнеше толықтай аяқталған және анық операциялар тиісті болуы керек.
Сондықтан, өртті сөндіруді басқарушы жауынгерлік өрістетуге бұйрықтар бере отырып, қандай да бір жұмысты орындау үшін қажетті алдағы жұмыс пен уақытты ескеріп, күш пен құралдарды дұрыстап қоюы керек.
Бірінші бөлімшені өрістетуден бастап ақырғысына дейін өрт кезіндегі бөлімшені жауынгерлік өрістету кезеңін өртті сөндіруге құралдар мен күшті енгізу құрайды.
Жауынгерлік өрістетудің жылдамдығы өрттегі жағдай мен шарттарға, физикалық дайындыққа, бөлімшенің жеке құрамының тактикалық және психикалық дайындығына, сондай-ақ жауынгерлік есептеудегі олардың санына, енгізілетін бағандардың түрлері мен типіне, оларды енгізу орнына, жауынгерлік өрістетудің әрекеттері мен тәсілдеріне байланысты болады, өрт сөндіруші бөлімшелердің тәжірибесінде жауынгерлік өрістетудің мынандай түрлері бар: колдан, механикаландырылған, киыстырылған. Ең нәтижелісі: өрістетудің механикаландырылған тәсілі болып табылады, бірақ олар жеткіліксіз жасалған. Көбінесе киыстырылған өрістету тәсілін қолданады. Жауынгерлік өрістетудің негізгі көрсеткіші еңістерден, гармошкадан қолмен жүйе салуға немесе көлденеңінен қолды катушкалар мен автокөліктердің көмегімен, сатылардың жүрісі бойынша, жоғарыдан төменге сырғанаудан, тігінен автосаты, тізелік көтергіш, құтқару арқаны бойынша жүйені көтеруге тәуелді болатын қолдан жүйелерді салудың жылдамдығы болып табылады. Жауынгерлік өрістетудің уақыты көбінесе оның сызбасының қолайлығынан тәуелді болады. Жауынгерлік өрістетудің негізінде үлкен қашықтықтарға немесе үлкен биіктікке аз уақыт ішінде өрт сөндіруші құралдарды беруді қамтамасыз ететін насосты-қол жүйелерін таңдау принципі жатуы мүмкін.Жауынгерлік өрістетуді іске асыру үшін, яғни өрт сөндіруші күш пен құралды енгізу тарапына көптеген факторлар әсер етеді; су көздерінің қашық орналасуы, сыртқы температураның төмендігі, қатты жел, кардың түсуі және де жауынгерлік әрекеттердің бұл этапын қиындататын басқа да жағдайлар. Мысалы, судың жетіспеушілігі кезінде бөлімшенің басқарушысы, қарауыл басшысы немесе бөлім басқарушысы шешуші бағытта өрт сөндіруші құралдарды беруге мүмкіндік беретін өрт сөндіруші жабдықтарды беру сызбасының біршама тиімді сызбасын таңдап, суды тасу немесе тербету көмегімен су көздерінің барлауын тұрақты жүргізуі керек. Төменгі температура жағдайында өрт сөндіруші құралдарды беру кезінде магистральді және жұмыс жүйелерін 77 немесе 66 мм диаметрлі тармақпен салу, А немесе лафетті бағанасын қолдану, суды берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, тармақтарды жылыту немесе оны ғимарат ішінде орналастыру қажет. Өрт сөндіруші тармақтарды жүйеде алмастыру кезінде су сорғыштағы судың қарқынын суды беруді толықтай тоқтатпай азайту керек, жабатын бағаналарды қолданбаған дұрыс. Тармақты жүйелерді жоғарыға салу кезінде оларды өрттік сатылар бойынша салынуын болдырмау керек немесе тармақты жүйелерді адамдарға шашпау үшін сатыларға жақын орналастыру қажет. Бөлімшенің басқарушысы ауыстыру немесе жүйенің салынған бағытын өзгерту жағдайына тармақтардың қосымшасын алдын ала қарастыруы керек. Тармақ жүйелерін жинауды судың тоқтауын болдырмай бастау қажет. Тармақтарды жинау кез келген өрт жағдайында көп еңбекті қажет ететін және ұзақ процесс болып табылады, әсіресе, ауа-райының қиын талаптарында оларды көп қолданған кезде жеке құрамның жетіспеушілігі кезінде және т.с.с. Тармақтарды жинаудың ұзақтығын азайту мен көп еңбек сіңіргіштікті төмендетуге тармақтау шаруашылығын жүргізудің орталықтандырылған жүйесін енгізу және қарқынды тармақтарды жинау мен салуды механикаландыру есебінен қол жеткізуге болады. Гарнизонда өрт сөндіруші тармақтарды пайдаланудың орталықтандырылған жүйесі бар болса (тармақ базасы), РТП тармақ базасынан құрғақ тармақ коры бар тармақты тасымалдаушы шақырып және дымқылдарды құрғаққа өрт кезінде ауыстыруға мүмкіндігі бар.

6 ЭВАКУАЦИЯ
Өрт сөндіруші бөлімшелердің өрт кезіндегі негізгі тапсырмасы өміріне өрттің қауіпті факторлары төніп тұрған адамдарды құтқару болып табылады.
РТП өртке келген бойда жағдайды бағалап адамдарды құтқару немесе көшіру кажеттілігі туралы шешімді қабылдау керек.
Адамдарды құтқару - бұл адамдарға өрттің қауіпті факторлары (от, түтін, жоғарғы температура) әсер ететін ықтималдығы бар өрістен өздігінен шыға алмайтындарды құтқарудағы жауынгерлік әрекеттер.
Адамдарды көшіру - өрттің қауіпті факторлары бар өрістен өрт сөндірушілердің алып жұруімен өздігінен қозғалыстың амалсыз әрекеті.
Құтқару тәртібі мен тәсілдері РТП-мен және құтқаруды жүргізетін адамдармен адамдырдың жағдайы мен орнына тәуелді анықталады.
Адамдарды құтқару жолы ретінде құрылысында бар немесе өртке арнайы жасалған негізгі кірістер мен шығыстар, терезе ойықтары, шектеулердегі, жабылулардағы және қабырғалардағы ойықтар қызмет етеді.
Адамдарды құтқару үшін бірінші ретте ең қысқа және біршама қауіпсіз жолдарды таңдайды, өйткені бұл тек жұмысты тездетіп коймай, өртті сөндіруге жылдам кірісуге мүмкіндік береді.
Көбінесе негізгі шығу мен сатылық қораптарды қолданады, өйткені бұл жолдармен құтқару кезінде арнайы құралдар қажет емес. Егер барлық құтқару жолдары тығыз ысталған болса, онда ол жерден түтінді жоюдың шапшаң шараларын қолданады.
Терезе ойықтарын ішкі сатылар, коридорлар немесе басқа да ыңғайлы жолдар жалынмен жалындап жатса, тығыз түтін басса, ауа температурасы мен жану өнімдері олардағы мүмкін шектерден жоғары болса қолданады. Бұл жағдайларда құтқару жұмыстары үшін арнайы құрылғыларды қолданады: қол сатылары, құтқару құралдары, авто көтергіштер, авто сатылар және т.с.с.
Егер барлық басқа құтқару жолы отпен бөлінген болса қабырғаларда, шектеулерде, бөлгіштерде механикаландырылған құралдарды қолдана отырып ойықтар жасайды.
Адамдарды құтқару тәсілін өрттегі орынға және көмекті қажет ететін адамдар жағдайына байланысты анықтайды, негізгі адамдарды құтқару түрі адамдардың өздігінен шығуы, өрт сөндірушілердің бақылауымен адамдарды шығару, адамдарды тасымалдау, құтқарылатындарды жоғарыдан түсіру болып табылады. Көбінесе, адамдар қауіптілікті көріп, ғимараттан өрт сөндіруші бөлімшелер жеткенше шығады.
Егер ғимаратта адамдар қалып қойса, бірақ құтқару жолдары сақталса және құтқарылатындардың жағдайы олар өздері біреудің көмегінсіз кауіпті өрістен шыға алатын болса, онда қозғалыстың қауіпсіз бағыттарын (түтіндемеген сатылық қораптар, ашық негізгі және қосымша шығуды және көрсетіп немесе түсіндіріп, олардың өздерінің шығуын ұйымдастырады.
Құтқару жолдарын түтін басып кетсе немесе таныс емес болса, ал құтқарылатын адамдардың жасы, олардың қауіпті өрістен шығуына күмән келтірсе, ӨСБ кұтқарылатындардың шығарылуын ұйымдастырады. Оларды алып жүруге өрт сөндірушілерді бөледі. Егер олар өздігінен козғала алмаса, адамдарды қауіпті өрістен алып шығады (зардап шеккендерді).
Кейбір жағдайларда құтқару тәсілдерін қиыстырады. Мысалы, адамдарды шатырға шығарады және оларды жоғарыдан авто сатымен түсіреді немесе басқа құралдарды қолданады.
Шақыру орнына келгеннен кейін ӨСБ тез арада объектінің қызмет етуші қызметкерлерімен байланыс орнатады, жанып жатқан және маңындағы ғимараттарда адамдардың бар-жоғы туралы мәліметтерді алады, содан кейін БУПО - ға сәйкес түтіндеген ғимаратта мұқият барлау жүргізеді.
Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін. Бұл үшін іздеу топтары ұйымдастырылып, әр-түрлі ғимараттарға бағытталады.
Өртті барлау кезінде алынған мәліметтер негізінде ӨСБ шешім қабылдап және де адамдарды құтқару бойынша бұйрық береді. Бұл кезде бөлімшелер әрекетінің әр түрлі нұсқалары мүмкін болады:
егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе, ӨСБ жедел түрде адамдарды кұтқаруды ұйымдастырып және өзі құтқару жұмыстарын басқаруы керек; оның бұйрықтарымен бірге өртті сөндіру үшін құралдар мен күштерді жауынгерлік өрістетуді жұргізеді;
егер адамдарға от қауіп төндірсе және құтқару жолы кесілген немесе отпен кесілуі мүмкін болса, адамдарды құтқару үшін бағандарды беру міндетті;
келсе және адамдар өміріне тікелей қауіпсіздік болмаса, ал РТП өрт тез арада оттың таралу жолындағы күштер мен құралдармен тез арада өшірілетініне сенімді болса, бөлімшенің әрекеттері дүрбелеңді ескертуге және сонымен қоса өртті сөндіруге бағытталады;
егер өртті сөндіру мен адамдарды құтқаруға күш пен кұралдар жеткілікті болмаса онда келген өрт сөндіруші бөлімшелердің жеке құрамдары өртті сөндірумен жалғасатын құтқару жұмыстарына бағытталуы қажет;
адамдарға тікелей өрт кауіп төндіретін орындарда, және де өрттің таралу мүмкіндігі бар көшіру жолдарында бағаналарды беру міндетті.
Жағдайларға тәуелді өрт кезінде адамдарды құтқару бойынша басқа да әрекет түрлері қолданыла алады.
Құтқару кезегі адамдардың өміріне кауіптіліктің деңгейіне байланысты анықталады. Бірінші ретте, біршама қауіпті жерлердегі адамдарды құтқарады,
Егер адамдар дүрбелеңде болса, онда ӨСБ тез арада жою шараларын абыржыған адамдарды өз иелігіне бағынқы қылу керек. Сабырлық танытқан адамдарды дүрбелеңді көтерудің әрбір мүмкіндігін тез әрі жылдам өшіруге, көшіру бойынша жалпы тапсырмаларды орындауға тарту керек.
Егер көшірудің негізгі жолдарын қолдану мүмкін емес болса, онда сыртқы өрт сатыларын, жылжымалы штурмалық сатыларды және құтқару арқандарын қолданады. Сатыларды терезенің бір жағы сатыға өту үшін бос болатындай етіп орналастырады. Сатымен түсетін адамдарды құтқарушы ұстап тұрған арқанмен сақтандырады.
Кейде адамдарды құтқару жолы түтін басқан, жылулық әсерлі немесе жанып жатқан өрістерден өтеді. Бұл кезде, егер құтқарушыда артық противогаз болмаса, қауіпті жерден өткенше құтқарылатын адамды көрпемен, жапқышпен немесе жамылғымен, ал басын суға малынған тығыз матамен жабады. Адамдарды тыныштандыру үшін бір басқарушы бөледі, ол адамдардың әрекеттерін басқарады және сонымен бірге құтқару жұмыстарының кезектілігін толықтырады.
Құтқару жұмысы жүргізілетін барлық жағдайларда ӨСБ күштер мен құралдарды өрістетумен бірге жедел медициналық көмекті шақырады.
Өртке медицина қызметкерлері жеткенше зардап шеккендерге өрт сөндіруші бөлімшелердің жеке құрамдары көмек көрсетеді.
Түтінмен, уландырғыш газбен уланған жағдайда, тұншығу немесе есінен тану кезінде, біріншіден зардап шеккен адамның дем алу мүшелеріне таза немесе оттегімен байытылған ауа баратындай жағдай жасау керек: оқшаулайтын газқағар кигізеді және оттектік балонның бұрандасын ашады. Содан кейін зардап шеккенді таза ауаға шығарады немесе терезе мен есіктерді ашады және жасанды дем алуды жасайды.

6.1 Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік іс-әрекеті
Өртке қарсы қызметтің күштері
Өрт тактикасының міндеттері
Өртке қарсы қызмет құралдары
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының маңыздылығы
Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Өрт сөндіру тактикасы
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Өртке қарсы қызметтің гарнизондық қызметі
Пәндер