Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту



Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми.теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..

12

1.1 Өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

38
1.3 Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі (үлгісі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..



68
2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

89

2.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

89
2.2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... .


135
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 158

Қолданылған деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 162

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 172
Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып саналатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектеп оқушыларын экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «…білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз [2].
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өлкетану жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». – Алматы: Білім, 1997. – 176 б.
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі – Алматы, 1999. – № 4. – Б. 1– 8.
3 Құнанбаев А. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1968. – Б.123– 216.
4 Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 259 б.
5 Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 461 б.
6 Құдайбердиев Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
7 Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жалын, 1989. – 318 б.
8 Аганина Қ.Ж. Оқушыларға экономикалық білім берудің дидактикалық негіздері. – Алматы: КазНГУ, 2004. – 29 б.
9 Айтмамбетова Б. Қазақ педагогикалық энцеклoпедия сөздігі. – Алматы, 1995. – 185 б.
10 Арынғазин М.Қ. Развитие педагогики путем совершенствования теоретико методологической смысловой основы: автореф... .док. пед.наук. – Алматы, 2001. – 45 с.
11 Әбдікәрімұлы Б. Теория и практика развития профессионального технического развития. – Алматы: Ғылым, 1996. – 120 с.
12. Әбдіраман Ш.Ә. Жоғары техникалық оқу орны студенттеріне кәсіби техникалық бағыттылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері: автореф... пед.ғыл.докт. – Алматы: АМУ, 2000. – 49 б.
12 Әділгазинов Ғ.З. Подготовка будущего учителя к управлении процессом обучении в малокомплектной школе. – Алматы: Ғылым, 1993. – 156 с.
13 Бейсенбаева А.А. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы: Ғылым, 2004, – 328 б.
14 Жампейсов Қ.К. Формирование основ политической культуры старше класнивов: автореф... док. пед.наук. – Алматы, 1993. – 46c.
15 Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях примения компьютерной технологии обучения: автореф. ... док. пед. наук. – Алматы, 1994. – 56 с.
16 Каргин С.Т. Влияние профессионального взаймодействия в вузов– ском педагогическом процессе на качество подготовки будущих учителей: автореф. .... док. пед. наук.– Алматы. 2000.– 45 с,
17 Кертаева Қ.М. Дидактические основы развития методического мастерства учителя физики. – Алматы: Қазақ мектебі, 1994. – 157 с.
18 Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Астана: Л.Н.Гумилев атын. ЕАУ, 1998, – 378 б.
19 Құнантаева Қ.Қ. Развитие образования в Казахстане 1917– 2000 годы. – Алматы: КазГосПИ, 2001. – 207с.
20 Мынжанов Н.Ә. Сущность функции стили педагогического общения // Вестник КарГУ. – 2002. – №2. – С. 32– 38.
21 Намазбаева Ж.Ы. Развитие личности у учащегося вспомогательной школе. – М: Наука, 1988. – 230 с.
22 Нұрғалиева Д.Қ. Оқыту әдістері – Алматы: Қазақ мектебі, 1993. – 23 б.
23 Нугманов И.Н. Язык химии и дидактические основы его функционирования в процессе обучения. – Алматы: Ғылым, – 1993. – 230 с.
24 Сабыров Т.С Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактика жүйесінде тиімді қолдануға мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері. – Алматы: Ғылым, 1996. – 320 с.
25 Таубаева Ш.Т. Развитие методологии педагогики как динамический процесс совершествования научного познания в педагогике и этнопедагогике // Тез. докл. Междунар. Научно-пед. конф. Этнопедагогика и проблемы одаренных детей в системе образования. – Алматы, 2000. – С. 35– 43.
26 Төлемісова Е.К. Оқушылардың экологиялық іс әрекеттерін бел– сендендірудегі танымдық жолдары. – Қарағанды: КарГУ, 2005. – 37 б.
28 Уманов Г.А. История создания тенденции развития профес– сионального технического образования в Казахстане. – Алматы: Ғылым, 1970. – 254 с.
29 Шыныбекова Э.И. Исползование средств искусства литературы индивидуализированной работе с трудными подростками. – Алматы: Наука, 1967. – 134 с.
30 Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс //Аударған Успанов Қ.С. – Алматы: Ғылым, 2002. – 170 б.
31 Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. – Алматы: Нұрлы әлем, 1998. – 200 б.
32. Дүйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру: – Алматы: Ғылым. 1999. – 354 б .
32 Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі: – Алматы; Қазақстан. 1980. 120 б.
33 Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.– Алматы: Білім, 2003. – 208 б.
34 Қожахметова Қ.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998. – 317 с.
35 Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.
36 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасын оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы: Әл– Фараби атын. ҚҰУ, 2004. – 267 б.
37 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
38 Айтжанова Р.М. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында этнос субектісінің қалыптастырудың педагогикалық шарттары: п.ғ.к. …… автореф. – Қарағанды: 2005.– 24 с.
39 Әбділдина С.Қ. Халық қазынасының тәлімдік тағылымы – Жезқаз– ған: ЖезУ. 2000. – 154 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 171 бет
Таңдаулыға:   
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

ӘОЖ 37.013:908:[574+008] Қолжазба құқығында

ШАУШЕКОВА БАЯН ҚЫРЫҚБАЙҚЫЗЫ

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

13.00.01 –Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Б.Әбдікәрімұлы

Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
МАЗМҰНЫ

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... . 12
1.1 Өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру педагогикалық мәселе 12
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.3 Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
моделі
(үлгісі) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68
... ..
2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 89
... ...
2.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 89
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.2 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
бойынша тәжірибелік жұмыстың нәтижелері ... ... ... ... ... . 135
Қорытынды 158
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған деректер 162
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 172
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

АНЫҚТАМАЛАР
ДИССЕРТАЦИЯДА ҚОЛДАНЫЛҒАН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

Экология - қоршаған ортаның шарттары мен тірі организмдерінің қарым-
қатынастарының әр түрлі аспектілерін зерттейтін ғылымдар кешені. Қазіргі
кезде терминнің қолданылу аумағы айтарлықтай кеңейді, ол өзінің бастапқы
мағынасында жиі қолданылмайды.
Табиғи қоршаған ортаны қорғау - адамды қоршаған ортаның сапасын
жақсарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және табиғи байлықтарды
қалпына келтіру, табиғатты сақтау негізінде қоғамның үйлесімді өзара қарым-
қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық және мемлекеттік шаралар
жүйесі.
Табиғатты пайдалану - этикалық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық
сипаттағы шектеулері бар табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының алуан
түрін қолдану арқылы қоғам қажеттілігін қанағаттандыру.
Табиғатты пайдалану экономикасы - табиғи ортаның ластанудан зиян шегуі
мен табиғи ресурстарды экономикалық бағалау мәселелерін зерттейтін
экономиканың бөлімі.
Жүйе - белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста
және қарым-қатынаста тұрған элементтердің басымдығы.
Орнықты даму - адам өмірінің жағдайы жақсаратын қоғамның дамуы, ал
қоршаған ортаға әсер ету биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде
қалады, өйткені адамзат тіршілігінің табиғи негізі бұзылмайды. Орнықты
дамуда қажеттіліктерді қанағаттандыру болашақ ұрпақтарға зиян келтірілмей
жүзеге асырылады. Осыған сәйкес орнықты даму тұжырымдамасы қоршаған ортаны
қайталанбас құлдырау жағдайына өту мүмкіндігінен сақтандыратын шектеулі
сыртқы қолдаумен өзін-өзі ұйымдастыру арқылы өлкенің дамуын ескереді.
Экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның
жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен
іскерлікті, білімді меңгеру нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс.
Экологиялық тәрбие - адамдардың санасына, көзқарасына және түсініктеріне
әсер ету арқылы ұйымдастырылған, қоршаған ортаға түйсікті және жүйелі түрде
үздіксіз көтеру процесі.
Экологиялық білім беру жүйесі - білім беру мен тәрбиелеудің жалпы
жүйесінде үздіксіз экономикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін
жүзеге асыратын өзара әрекет етуші қажетті ұйымдық құрылымдар жиынтығы.
Экологиялық білім беру стратегиясы - адам-табиғат, қоғам-табиғат
салаларың өзара әсер етуі қоғамдық санада ғана емес, керекті өзгерістерді
терең түсіну қажеттілігі, экологиялық мәдениеттің қалыптасуы, адам тұрмысын
экологияға бейімдеу, оны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтаушы және
экологиялық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын
басымды идеялар, қағидалар, мақсаттар жүйесі, сондай-ақ келешекте елдің
техника-технологиялық даму жолдарын таңдау жүйесі.
Экологиялық мәдениет - табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам
тіршілігінің мұра болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік,
экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық қауіпсіздігіне
әсер ететін тәжірибе.
Оқу пәндерін экологияға бейімдеу - сабақ беру тәжірибесінде, ең алдымен,
организмдердің, соның ішінде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын
көрсететін зерттеулерге бағытталған түрлі әдістермен қамтамасыз етілген әр
түрлі пәндерді енгізу.
Экологиялық хабардар ету немесе экологиялық насихаттау - адамда
экологиялық сананы қалыптастыру және ағарту мақсатында (экологиялық
мәдениетті көтеру), табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау идеяларын, экологиялық мәселелер, жағдайлар, болжаулар туралы
ақпаратты тарату.
Экология саласында білім беруді мемлекеттік реттеу - экология және
табиғатты пайдалану саласында үздіксіз білім беруді дамыту үшін жағдайлар
жасау жөнінде жергілікті өзін-өзі баскару органдары және мемлекеттік өкімет
органдарың қызметін реттеу, сондай-ақ ұйымдар қызметін үйлестіру, қоғамдық
бірлестіктерің және азаматтардың санасында жаңа экологиялық жүйені
қалыптастыру, оның адам мен жалпы қоғам үшін тұрмыс сапасын жақсарту
барысындағы іс-әрекеттер жүйесі.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі
дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық
мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық
дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып
саналатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда
антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын
ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті Қазақстан – 2030 бағдарламасында табиғат жағдайының қиын
кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: ...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам
өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға
берік тосқауыл қойылу қажет, - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі
мектеп оқушыларын экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ...білім беру жүйесі
міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды
тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз
білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру
мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған
жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар
рөлі зор екені даусыз [2].
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы
жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауға,
рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру
арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар
жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы арқылы
қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол. Өлкетану жұмыстары
оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара
байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге
деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға
тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның
байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық
түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие
процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында пайдалану
арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің
біртұтастығы мен әр түрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен
әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып,
олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа
заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу
ұзақ әрі күрделі процесі болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда
өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде
көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4],
Ш.Уәлиханов [5], Ш.Құдайбердиев [6], А.Байтұрсынов [7] еңбектерінде табиғат
пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін
біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-
жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби
білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті
ғалымдардың Қ.Ж.Аганина [8], Б.Р.Айтмамбетова [9], Қ.М.Арынғазин [10],
Б.Әбдікәрімұлы [11], Ш.Ә.Әбдіраман [12], Ғ.З.Әділғазинов [13],
А.А.Бейсенбаева [14], Қ.Қ.Жампейсов [15], Ж.А.Караев [16], С.Т.Каргин [17],
Қ.М.Кертаева [18], Р.М.Қоянбаев [19], К.Қ.Құнантаева [20], Н.Ә.Мыңжанов
[21], Ж.Ы.Намазбаева [22], Д.Қ.Нұрғалиева [23], И.Н.Нұғыманов [24],
Т.С.Сабыров [25], Ш.Т.Таубаева [26], Е.К.Төлемісов [27], Г.А.Уманов [28],
Э.И.Шыныбекова [29], Н.Д.Хмель [30] т.б. еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын
пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев [31], Р.Қ.Дүйсембінова [32],
Қ.Жарықбаев [33], С.К.Қалиев [34], К.Ж.Қожахметова [35], Ж.Ж.Наурызбай
[36], Ә.Табылдиев [37], С.А.Ұзақбаевалардың [38], қолданбалы салалары
Р.М.Айтжанова [39], С.Қ.Әбілдина [40], Ш.М.Мұхтарова [41], Қ.А.Сарбасова
[42], Л.С.Сырымбетовалардың [43] және т.б. ғылыми зерттеулерінде
қарастырылды.
Сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде
Ж.И.Балтағұлова [44], Ә.С.Бейсенова [45], Н.А.Бәкірова [46], Ж.Бұламбаев
[47], Ж.Ж. Жатқанбаев [48], Ғ.Қ.Ділімбетова [49], Конурова [50], М.А.Лигай
[51], Г.Мұқышева [52], Д.К.Өмірәлиев [53], Ә.А.Саипов [54], К.Сарманова
[55], Қ.Н.Сарыбеков [56], М.Н.Сарыбеков [57], Г.М.Смирнова [58],
Н.М.Стукаленко [59], С.Т.Шалғынбаев [60], Ж.Б.Шілдебаев [61], Ш.Ш.Хамзина
[62], В.И.Фурсов [63], Г.А. Ягодин [64], А.В. Чигаркин [65] және т.б.
ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.
1970 жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе табиғат қорғау мен
экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға,
оқушылардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габев [66],
С.Д.Дерябо [67], Т.В.Кучер [68], В.Г.Иоганзен [69], Э.А.Тұрдықұлов [70]
т.б.).
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың [71], И.Д.Зверевтің
[72], И.Т.Суравегинаның [73] және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса,
табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин [74], Н.А.Рыков [75] т.б.
дәлелдеген.
Экологиялық білім мәселесін мәдениеттану ғылымы тұрғысынан Э.В.Гирусов [
76] Ж.Тлепов [77] және т.б. ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев [79],
Д.А.Урсул [80], Е.В. Никонорова [81] , және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық
тұрғыдан негізделсе, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың жолдары А.В.Миронов[82], Г.А.Иванов [83], И.П.Сафронов
[84], С.В Алексеев [85] және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-практикалық
тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары
(М.К.Жайлауова [86], О.А. Иванова [87 ], Н.Д. Киселева [88], Л.В. Моисеева
[89, 83], О.В. Попова [90], Константинова Т.В. [91] және т.б.). Ғалымдар
жергілікті қауымдастықта экологиялық білім кеңістігін қалыптастырудағы
негізгі рөлді аймақтық университет атқаратынын атап көрсетеді.
Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғышарттары Г.М.Сәбденәлиева
[92], Ф.Н.Жұмабекова [93], А.Е.Манкеш [94], А.Қ.Егенисова [95] еңбектерінде
қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да
көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті
Ө.Танабаев [96], А.Құрманбаева [97], Ә.Дайырова [98], Бұзаубақова К.Ж
[99],. химия Қ.Шайхислямова [100], физика Р.С.Басекеева [101], математика
Қ.Н.Сарыбекова [102], табиғаттану Д.І.Жангелдина [103], ағылшын тілі
Ж.Базарбекова [104], Ж.Тілешова [105] пәндерін оқытуда экологиялық білім
беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда И.К.Исламовның [106],
агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыру Ш.М.Абеуованың [107], ауызекі
шығармашылық арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру Ж.Р.Жексембинованың
[108] және т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие
беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылана түсті.
Дегенмен педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін
өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс
қалып келгендігін көрсетеді.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары
барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен
олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен
пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық
педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын
өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау,
педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және
тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемімізді айқындауға
және тақырыпты Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары
арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін
теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.
Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
процесі.
Зерттеу пәні: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық
педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың
экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл
жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық
құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.
Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану
жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына
жанашыр көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуіне
негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық
негіздерін анықтау;
– оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы
қалыптастырудың моделін құрастыру;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;

– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесінің
тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Адам мен қоршаған ортаның өзара
қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен
этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке
тұлғаның іс-әрекет теориясы, табиғат пен оқушының өзара қатынасы туралы
тұжырымдамалар, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер, экологиялық білім
беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар, тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік
тұғырлары.
Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды
талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын
қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу,
шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық моделдеу, педагогикалық
эксперимент, математикалық және статистикалық өңдеу.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдары
классиктерінің еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары
(заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар т.б.), жалпыға
міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары,
оқулықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің
тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1994-1999) зерттеу тақырыбы таңдалып алынып, осы
проблема бойынша философиялық, ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік
жұмыстарға талдау жасалды, зерттеудің теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде (1999-2005) өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық
педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру жүйесі құрастырылып, арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2005-2006) тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық
және статистикалық тұрғыдан өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық
мәліметтер талданды, әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
– экологиялық мәдениеттің түсінігі педагогикалық тұрғыдан
талданып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегінде нақтыланды
және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қазақ
халық педагогикасының мүмкіндіктері анықталды;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері ашылды;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу өлшемдері,
көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделі
құрастырылды;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі
құрастырылып, нәтижелілігі дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірілді:
Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны атты
мұғалімдерге арналған ғылыми-әдістемелік семинардың және Экологиялық
өлкетануда халық педагогикасының алатын орны атты ата-аналар
университетінің бағдарламасына қосымшалар; Қасиетті қазыналы өлке атты
оқушылар үйірмесінің бағдарламасы мен іске асыру шараларының жоспары; Өлке
қорықтары атты факультатив курсының бағдарламасы мен оның әдістемелік
кешені; Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану атты
жазғы өлкетану экспедициясының бағдарламасы; Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық
табиғат саябағы атты экологиялық соқпақтар бағдарламасы; Табиғаттың
тарылтпайық тынысын, пәк табиғат, жүректің ән-жырысың атты оқу-танымдық
экологиялық-мәдени апталықтар бағдарламасы мен өткізу іс-шаралары;
Табиғатым – тағдырым атты экологиялық олимпиада бағдарламасы және
әдістемелік нұсқауы.
Жоғары оқу орындарының оқу процесіне Педагогика, Педагогика
негіздері, Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі атты оқу-әдістемелік
құралдар және Педагогикаға кіріспе атты электронды оқулық енгізілген.
Алынған ғылыми нәтижелерді мұғалімдер мен болашақ мамандар дайындаудағы
білім беру мекемелері басшылыққа алып, пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық
негіздері;
– педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын
өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың моделі;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен
көрсеткіштері;
– өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша
жүргізілген эксперименттің нәтижелері.
Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының № 68 мектеп-интернат балабақша
кешені, С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейі, Қарқаралы қаласының Мәди
Бәпиұлы атындағы № 44 мектебі, Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы
т.б. білім беретін мекемелер.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері
әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған
теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар
нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен,
зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында
қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп,
нәтижесі әдістемелік нұсқау, бағдарламалар арқылы дәлелденуімен,
ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне
енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыруымен
қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық (Алматы, 2000; Көкшетау,
2001; Қарағанды, 2005, 2006, 2007), республикалық (Қарағанды, 2004, 2006,
2007), аймақтық (Қарағанды, 1996, 1998, 1999, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005,
2007) ғылыми-практикалық конференцияларда, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
педагогика факультетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында баяндалды;
Ізденіс (2005), Білім берудегі менеджмент (2005), География және
табиғат (2006), Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы (2007),
Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы (2007) журналдарында
жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздері және қосымшалардан тұрады.
1 ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе
ретінде

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым
үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі
қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен
табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында (бағытында)
жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның
табиғатқа үстемдігі арта түседі, екіншіден, бұл екеуінің арасында
үйлесімділік туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат құбылыстарының
алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-
қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де егер адам табиғат
құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол
сонымен іштей байланысты басқа жақтарының тынышын бұзуы мүмкін.
Сондықтан табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп
отыру, оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен абыройлы
міндеті болып саналады.
Теңіздің тұнық болуы – бұлақтардан дегендей, табиғатты қорғау, қалпына
келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің
өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың,
жасөспірімдердің санасына салып, экологиялық мәдениетпен, тәрбиені бесіктен
бастау керектігі – бүгінгі күннің өмір талабы.
Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды
пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы ортаның зиянды қалдықтарымен,
тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде
қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, құқық қорғау ұйымдарының
ережелері мен нұсқаулары, нормативтік актілер жиынтығы, халықаралық және
мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар кіреді.
Мысалы; БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода өткен (1992) қоршаған орта және даму
туралы конференциясының және Орхусс конвенциясының (1998) шешімдері,
Қазақстан Республикасының (1995) Конституциясы [109], Қазақстан
Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы [1], Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы (1997) [110],
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы (1992), Қазақстан Республикасы
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналган мемлекеттік
бағдарламасы (2004), [111, 112], Қазақстан Республикасының экологиялық
білім беру тұжырымдамасы (2003) [113] жатады. Аталған мемлекеттік ресми
құжаттардың қарастыратын ортақ мәселесі болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін
қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін
белгілейді және экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биология-
лық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру-ға
бағытталған.
Экология өрісіндегі алғашқы Халықаралық ғылыми бағдарлама, халықаралық
биологиялық бағдарлама 60-жылдарда пайда болып, жүзеге асырылды. Ол
–адамзаттың білім беру жүйесіндегі оқу процесінде экологиялық тәрбие
элементтерін белсенді ендіруге бағытталып, жан-жақты дамуына ықпал етті.
Ол – адамзаттың ғылыми, қоғамдық қауіптің таяу арада қалпына келмейтін
ресурстарды тұтынумен мүмкін болатын шектеулердің жойылуына жақындап келе
жатқанын ұғынуына байланысты, барлық білім берудің оқу процесінде
экологиялық тәрбие элементтерін енгізуді жөн көрді. Экологиялық жай-күйдің
ғаламдық, аймақтық және жергілікті қырларын бір-бірімен ашып көрсету –
үйренушінің сезімін, сондай-ақ парасатын қозғалысқа келтіруге, ғылыми ой
қорытып, нақты әрекет жасауға, қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беретін
жеке тұлға мәдениеті.
Жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу мәселесі терең және
ғылыми дәлелденуі мақсатында басты түсініктерінің анықтамасын беруді қажет
етеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасында ерекше маңызға ие.
Бұл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жалпы
білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет
бағдарламасы мен тұжырымдамасында анықталған болатын.
Экологиялық білім беру жеке адамның ғылыми білімдер жүйесі мен
практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар
алатын игіліктерін, қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапкершіліктірін
қалыптастыратын үздіксіз білім беру, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз
процесі, - деп көрсетілген [113].
Ал Қазақстан Республикасының Білім беру заңында: Экологиялық
тәрбие - алған экологиялық білімдер негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы
мен табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану, – деп анықтама берілген [113].
Ал бұл болса оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып,
теориялық білімдері мен практикалық іс-әрекеттерін байланыстыра отырып,
олардың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялату болып табылады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және
тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көз-қарасын
қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілігін қарайтын құндылықты, мінез-
құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету. Аталмыш негізгі ресми құжаттардағы
экологиялық білім беру туралы мәселелер назардан тыс қалмағаны
байқалғанымен, ол – бір немес екі адамның атқаратын ісі емес, бұл бүкіл
дүниежүзілік ғаламдық мақсат, міндеттерді бірігіп атқаруды көздейді.
Экологиялық білім беру және тәрбие беру тұжырымдамасының қажеттігі бұған
дейінгі аралықта Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін көптеген
пікірталастардағы өзекті мәселелердің бірі болып жүргені белгілі. Атап
айтатын болсақ; ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты адам мен
табиғат туралы ғылыми дамудың тенденциялары барлық ғылыми деректерді жеке
–дара зерттеп аша алмайтындықтан, басқа ғылымдардың теориялық қағидаларына
сүйенеді. Осыған орай, педагогика ғылымы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру мәселелерін зерттеуде экология, мәдениеттану ғылымдарының
негізгі ұғымдары мен түсініктеріне жүгінеді. 1866 жылы ең алғаш "экология"
деген сөзді ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі,
дәрігер, аса дарынды неміс биолог ғалымы Э. Геккель. Ол да ғылымға көптеген
жаңа сөздер, ұғымдар қосты. экология термині гректің ойкос – үй, тұрақ,
мекен және логос – ғылым деген сөзінен шыққан. Тұрақ, мекен туралы ғылым
деген мағананы білдіреді. Яғни, ол тірі организмдердің бір-бірімен қарым-
қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен
байланыстыра отырып зерттейтін ғылым [45]
Ал қазақ кеңес энциклопедия сөздігінде мынадай анықтама беріледі:
Экологияі – өсімдіктер мен жан-жануар организмдерінің қарым-қатынасы мен
олардың құрылу қоғамдастығының өзара және қоршаған ортамен байланысы [114].
Экология-биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология
ғылымының қалыптасуын Ә.Бейсенова, А.Самакова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаевтар өз
еңбектерінде негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болатының айтады. Олар:
Бірінші кезең – биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат кезеңі. Бұл
кезең ХVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Екінші кезең – экология ғылымының
жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Ол – ХIХ ғасырдың басы мен
XX ғасырдың 70 – 80 – жылдарын қамтиды. Үшінші кезең – экология ғылымының
өрлеу кезеңі [45].
Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада өмір сүрген
адамзаттың да бет-бейнесін ашып отырады. Жиырмасыншы ғасырдың 60 –
жылдарның аяғынан бастап Табиғатты қорғау шаралары, одан кейін 70 –
жылдарыдың соңы мен 80 – жылдарда экологиялық білім мен тәрбие беру
ұғымына ауысты. Қазіргі уақытта экология сөзінің мәні биологиялық
сипатта ғана қалып қоймай, бұл ұғымның биологиялық жағы адам өмірінің
физиологиялық, экологиялық және технологиялық, педагогикалық аспектілерін
бірлікте қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.
Экологиялының ғылымдар жүйесіндегі орны этноэкология, әлеуметтік
экология, адам экологиясы, нооэкология, ғаламдық экология т.б. салаларында
көрінеді. Ауыл экологиясы – ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі
халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру,
көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық
мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық
құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу болып
табылады. Ғаламдық экология табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын
биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен
құбылыстарды зерттейді. Нооэкология адам, табиғат, қоғам арасындағы адами,
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды
бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның
парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді.
Авторлар экология ғылымына неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде
бірін бірі толықтыра отырды, ол толық анықтаманы Э. Геккель берді:
Экология деп табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді жануардың,
оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның
өзімен, тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен, өсімдіктермен өзара
ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу, – деп
түсінеміз [45].
Қазақстандық ғалымдардың да бұл салаға қосып жатқан үлестері,
зерттеулері аз емес, дегенмен де бұл сала – зерттелуі бітпейтін, анықтауы
таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан талап қоя білетін мәселе. Қазіргі кезде
көптеген ғалымдардың қолданып жүрген, нақтыланған анықтама – мынау:
экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің
өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынасын табиғи ортамен байланыстарын
зерттейтін ғылым.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас
ұрпақтарды тәрбиелеу А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4], Ш.Уәлиханов [5],
шығармаларында табиғат пен адам өмірін ажырамайтын біртұтас дүние ретінде
қарастырылған. Табиғат құбылыстарының өзгеріп отыруы заңдылық екенін айта
келіп, табиғатқа сипаттамалар беріп, болашақтың бұрын-соңды болмаған жаңа
дәстүрінің туып, орнығуына жол салды.
Осыған сәйкес оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды
меңгертумен қоса табиғат, қоршаған орта, өлкесі туралы түсініктерін кеңейте
отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту қажеттігі туындайды.
Экологияны педагогика тұрғысынан қарастыратын болсақ, Кеңес педагогикасының
алғашқы даму кезеңдерін оқушыларды табиғатты белсенді түрде оқып үйренуі
негізінде тәрбиелеудің формасы мен әдістері Н.К.Крупская [1115], С.Т.Щацкий
[116], А.В.Луначарский [117], А.С.Макаренко [118] еңбек-терінде орын алған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-
жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби
білікті жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті
ғалымдардың Қ.Ж.Аганина [8], Б.Р.Айтмамбетова [9], Қ.М.Арынғазин [10],
Б.Әбдікәрімұлы [11], Ш.Ә.Әбдіраман [12], Ғ.З.Әділғазинов [13],
А.А.Бейсенбаева [14], Қ.Қ.Жампейсова [15], Ж.А.Караев [16], С.Т.Каргин
[17], Қ.М.Кертаева [18], Р.М.Қоянбаев [19], К.Қ.Құнантаева [20],
Н.Ә.Мыңжанов [21], Ж.Ы.Намазбаева [22], Г.Қ.Нұрғалиева [23], И.Н.Нұғыманов
[24], Т.С.Сабыров [25], Ш.Т.Таубаева [26], Е.К.Төлемісов [27], Г.А.Уманов
[28], Э.И.Шыныбекова [29], Н.Д.Хмель [30] т.б. еңбектеріне арқау болды.
Қ.Ж.Аганина оқушыларға экономикалық білім берудің дидактикалық
негіздерін қарастыра келіп, экономика мен экологияның сабақтастығын, жалпы
білім беру мектептерінің оқыту процесінде балаларға экономикалық негізгі
ұғымдар, түсініктерді, қағидаларды білу және оны өмірде қолдану қажеттігі
туралы баяндайды. Б.Әбдікәрімұлы кәсіптік білім берудің теориясы мен
практикасы, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік экономикалық даму кезеніңде
қоғамға білімді, білікті маман даярлау күн тәртібіндегі басты мәселе екені,
оларды жан-жақты дамытып, қалыптастыру өмірде өз орынын таба білуге жоғары
мектептің орнын ерекше атап өтеді [11]. Жас ұрпаққа тәрбие берудегі
құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері
Қ.Бөлеев [31], Р.Қ.Дүйсембінова [32], Қ.Жарықбаев [33], С.Қалиев [34],
К.Ж.Қожахметова [35], Ж.Ж.Наурызбай [36], Ә.Табылдиев [37], С.А.Ұзақбаева
[38], қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова [39], С.Қ.Әбілдина [40],
Ш.М.Мұхтарова [41], Қ.А.Сарбасова [42], Л.С.Сырымбетова [43] т.б. ғылыми
зерттеулерінде қарастырылды.
Қ.Бөлеев қазақ ұлттық мектебінің қажеттігі, оқушыларға ұлттық тәрбие
беруді жақсарту, мектеп мұғалімдерін және болашақ мұғалімдерді ұлттық
тәрбиеге дайындау проблемасы ағартушы педагогтерінің және ғалым
педагогтерінің этнопедагогикалық еңбектерінің мазмұндық талдауын арқау
еткен [31]. Р.Қ.Дүйсембінова қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу тәрбие
процесіне ендіру тұжырымдамасын құрып, мектеп практикасына қазақ
этнопедагогикасын білім беру сатыларына қарай ендіру жүйесін жасады. Мектеп
– озық тәжірибенің жинақталуы мен таратылуының алғашқы торабы, мұнда ғылыми
жетістіктер, мұғалімдердің тәжірибесі, олардың шығармашылығы мен еңбек ету
мәдениеті көрнекті байқалатыны жөнінде баяндайды [32].
Қазақ этнопедагогикасы материалдарына (халық шығармашылығы салт –
дәстүрлер мен әдет–ғұрып, ырым–жоралары, даналық ой–пікірлер мен
көзқарастары, идеялары, халық ілімдері мен педагогикалық іс–әрекет
тәжірибесі) мазмұндық сипаттама беріп, олардың атқаратын міндеттері
жөніндегі танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік,
әлеуметтендіру, ақпараттық функцияларын мектептің оқу-тәрбие процесінде
жүзеге асыру мақсатындағы еңбектері бүгінгі күні құнды болып саналады.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиевтердің қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасы
салалары бойынша теориялық негіздері мен практикалық мәнділігі жоғары
ғылыми әдістемелік тұстары, қазіргі кезде өте жоғары бағаланып жүрген
еңбектердің бірі қорғау тақырыптарында әдістемелік зерттеулер мен
практикалық тәжірибелер туралы қарастырады. К.Ж.Қожахметова алғаш рет қазақ
этнопедагогикасының теориялық әдіснамалық негізін қалап, жоғары мектеп
студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдасын жасады. Қазақ этно-
педагогикасының әдістері, түрі, құралы, мазмұнының мәнін анықтады. Қазақ
этнопедагогикасының құрылымдық моделін құрды [35]. Ж.Ж. Наурызбай мәдени-
этникалық білім беру педагогикалық теориясы, мәдени-этникалық білім беру; –
педагогикалық тәжірибе, мәдени-этникалық білім беру өмірге ендіру
механизмі және этникалық мүддені жүзеге асырудың жайы, мәдени – этникалық
білім беру және педагогика ғылымының міндеттері, ұлттық тәлім тәрбиенің
ғылыми әдістемелік негізін қарастырды. С.А.Ұзақбаева қазақ халық
педагогикасында эстетикалық тәрбие беру туралы құнды еңбек жазды. Қазақ
халқының ұлттық мәдениетіне негізделген оқушылардың эстетикалық тәрбие
тұжырымдамасын жасады. С.Қ.Әбілдина Халық қазынасының тәлімдік тағылымы,
Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
туралы қарастырса, Ш.М.Мұхтарованың Жоғары оқу орнының оқу тәрбие
процесінде студенттердің ұлттық сана– сезімін қалыптастыру туралы ғылыми
жаңалығы, Қ.А.Сарбасованың Қазақ этнопедагогикасы материалдарын
математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану жөнінде еңбектері бар.
Л.С.Сырымбетованың Қазақ қыздар гимназиясы ерекшеліктері ұлттық тәрбие
жүйесі ретінде атты еңбектері тәжірибе жүзінде дәлелденуде.
Сол сияқты экологияның білім мен тәрбие беру проблемасын шешуде
Республикада Ә.Бейсенова [45], К.Н.Сарыбеков [56], М.Н.Сарыбеков [57],
Ж.Б.Шілдебаев [61] т.б. ғалымдар ғылыми жұмысты орындау барысында жас
–өспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие саласында көптеген ғылыми
зерттеулер жүргізген. 60-70 –жылдары оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу
идеясының пайда болу, қалыптасу кезеңі етек алды.
А.Н.Захлебный [71], И.Д.Зверев [72], И.В.Иванов [119], экологиялық
білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын қалыптастырды, мазмұнын
анықтады. Яғни оқыту мен тәрбиені ұштастыру негізінде татымды нәтиже
берілетіні анықталды.
Теориялық және ғылыми ізденуде зерттеу мәселесіне сай жазылған еңбектер
мен ғылыми зерттеу жұмыстарын көптеп кездестірдік. Әрбір қоғамда
материалдық-экономикалық формасының алмасуымен одан туындайтын оқыту мен
тәрбиенің мәні, мазмұны, жүйесі өзгеріп отыратыны белгілі, олай болса,
адамзатты тұтас педагогикалық процеске жетелейтін – мәдениет ғылымның әр
саласында көрініс табады. Өлкетану жұмыстарында экологиялық білім беру
ретінде мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қазақ
халық педагогикасы материалдарын пайдалануда олардың қоршаған ортамен
байланысының әр түрлі әрекеттеріндегі педогогикалық процесті айтуға
болады.
Мектеп оқушыларына экологиялық білім беруде өлкетану түрінде қарау жалпы
негізде мойындалған. Оны іске асыру әдіс–тәсілдерінің көптеген түрлерін
отандық және шетелдік мамандар тілге тиек еткен. Өлкетануды танып–білуге
ұстанған бағыт 70 – жылдары экологиялық білім беру мәселесін шешуге
мүмкіндік берді және мектепте экологиялық білім беруді дамытты.
Өлке – дегеніміз аймақтық көлемдегі жер, ол әкімшілік түрде болады
(облыс, республика, өлке) [120]. Мектептегі экологиялық өлкетануда бұл
түсінік экологиялық проблемалардың локальды және аймақтық деңгейін қамтиды
және олардың арасындағы әрекеттестікті талап етеді. Әкімшілік шегінде
ғылыми зерттеулер жүргізіледі және табиғатты пайдалану бойынша нақты
бетбұрыстар қабылданады, ол-мектептегі экологиялық білім беруге қажетті
ақпараттар береді. Жергіліктілін – адамның өзі өмір сүріп жатқан жері және
табиғатпен әрекеттесу орны. Жергіліктілін оқыту ортасы ретінде қолданылуы
мүмкін, яғни оқушылардың тәжірибелік жұмысы болып табылатын іздену
жұмыстарын жүргізу орны болып табылады.
Өлкетану терминін алғаш рет 1914 жылы тарихшы-әдіскер В.Я.Уланов және
сібірлік мұғалім-географ B.Н.Мальков қолданды [121].
Өлкетану – елдің бір бөлігі, қаланың, ауылдың, басқа да поселкенің
тұрғылықты жердің тұрғындары үшін туған өлке болып табылатын территорияны
жан-жақты оқып үйренуі.
Мектептегі өлкетану – мектептегі оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу
міндеттерімен сәйкес келетін оқу процесінде, сабақ және сабақтан тыс
жұмыста оқушылардың туған өлкесін жүйелі, жан-жақты тануы [119]. Мектеп
өлкетануы теориясының дамуына И.В.Ивановтың Краеведение и системы учебной
и воспитательной работы средней общеобразовательной школы атты докторлық
диссертациясы және Педагогические основы школьного краеведение деген 1966
жылғы монографиясы үлкен үлес қосты.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын,
мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Кешенді өлке
осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастырады, салалық өлкетану
географиялық, тарихи, этнография, топоним т.б. болып бөлінеді. Өлкетанудың
негізгі міндеті – өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш
үлгілерін т.б. мәліметтер жинақтау [122]. Өлкетану – мұғалімнің
басшылығымен оқушылардың туған өлкесінің ( мектеп алаңы, ауыл, аудан, қала,
облыс, өлке, Қазақстан ) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи
жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен,
қоршаған дүниемен тығыз байланыста қарастырудан туады [119].
Өлкетану ұғымын түсіндіруде көптеген авторлар оның белгілі бір
территория туралы мағлұмат жинау ғана емес, сонымен қоса бір факторлардың
екінші факторларға әсерін анықтау, яғни сол жердегі өмірдің және табиғаттың
кешенді көрінісін беру екенін дәлелдеуге ұмтылады.
Өлкетану жұмыстарын мектептің экологиялық жүйесінің негізі мен
бірізділігі нақты іс-әрекеттер барысында іске асыруды қамтиды. Аталған
жұмыстарды жүргізу, яғни мектептегі экологиялық өлкетану ретінде пән-
аралық педагикалық процесс, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану,
оқушылардың бұрынғы және бүгінгі күнгі экожүйемен танысуға бағытталған
әрекеттерінің бірлігін ұйымдастыру, аймақтық проблемалармен байланысты
жергілікті экологиялық өлке проблемаларын анықтау, оларды шешудің жолдары
мен оқушыларға оны жетілдіруге болатын шешімдері мен жолдарын іздестіруден
тұрады.
Өлкетану жұмыстары педагогикалық феномен ретінде екі педогогикалық
саланың тоғысында тұр: ол – мектептегі өлкетану және оқушыларға
экологиялық білім беру. Сондықтан, бір жағынан, экологиялық бағыттағы
өлкетану мектеп балаларының экологиялық білім алу компоненті болса, екінші
жағынан, ол – мектепте өлкетану жұмысын жүргізудің бір бағыты, сондықтан
оның өзіндік ерекшелігі аталған саладағы білімге тән терминдерде
көрсетілген.
Өлкетануды мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің негізі (факторы)
ретіндегі рөлін қарастыру барысында екі мәселе анықталды:
1) ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мектепте өлкетанудың
және экологиялық білім беруді талдаудың алғы шарты; “өлкенің
экологиясы”, оның ішінде, “өлке”, “ жергілікті жер”;
2) өлкетану, “өлкетану принципі”, “өлкетану жұмысы”, “өлкетану
жұмыстары байланыстарының бірнеше түсініктері негізін анықтау.
Мектептегі экологиялық өлкетану проблемасын қарастырудың әдістемелік
негізіне кеңестік уақыттағы экологиялық проблема мен “тұрақты даму”
ерекшеліктері жатады.
Ғаламдық экологиялық жағдай мәселелеріне арналған зерттеулерде қазіргі
заманғы қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі сарапталады.
Оларға мыналар кіреді:а) антропогенді әсер ету орны болып жер шарының
барлық саласы – қатты, газдық, су, биотоптық, ғарыштық салалары саналады;
б) экологиялық қарама-қайшылықтар барлық жер шарын қамтиды; в) адамзат
әрекеті әлемдік көлемдегі көптеген табиғат тепе-теңдігіне әсер етеді.
Аталған проблемаларды жер бетінің экологиялық дағдарысқа қатыстылығын,
жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайларын теріске шығарудың қажеттігі
жоқ, алайда осы мәселелерді сөз ете отырып негізгі проблемаларды анықтап
алу мақсаты туындайды:
– қоғам мен табиғат – бір жүйе элементтері, адамзат қоғамы – табиғаттың
даму нәтижесі;
– жүйедегі сабақтастырушы звено ретінде табиғатты пайдалану жүйесі
байланыстырушы болып табылады, мұның ішіне өндіру және пайдалану да кіреді,
табиғатты пайдалану процесі табиғат компоненттерін қайта өңдеумен
байланысты, адамдар қажетті тағамдарды қолдану және көп немесе аз көлемде
қалдықтар шығару арқылы қоршаған ортаны өзгертеді;
– биологиялық қорды көп алу және оны өндіруді арттыру, табиғи жүйені
жасанды және техногенді жүйемен алмастыру өмір сүрудің түрлілігін азайтады,
экологиялық жүйенің күрделілігін кемітеді;
– қандай да бір табиғи ортаның тұрақтылығы көбіне оның күрделілігіне
байланысты, сондықтан табиғи ортаның өзгеруі – теріс ықпал, оның ішінде
адам мен оның денсаулығына зардаптар әкелуі мүмкін.
Адамзаттың проблемасы болып табылатын экологиялық проблемалар әр
деңгейде қарастырылады. Әр автор ғаламшарлық, аймақтық, ұлттық,
мемлекеттік, локальды және жергілікті деңгейлерді көрсетеді. Аталған
мәселенің аумақтық-уақытша ерекшеліктері бұл мәселені қарастыру жолының
ерекшелігінен көрінеді. Жергілікті деңгей локальды деңгейішілік болады.
“Ұлттық” деген термин “халықаралық” деп есептеледі және ол проблема
көбінесе мемлекет тарапынан өзара әрекеттесу арқылы шешіледі. Бұл жерде де
“мемлекеттік” терминін көптеген көп ұлтты мемлекет тұрғысында қолдануға
болады мысалы : – локальды (жергілікті және оның маңайы), – аймақтық
(облыс, республика, өлке, елдің аймағы), – ғаламшарлық (жер шары,
биосфера, оның белгілі бөлігі).
Осы орайда тағы бір ерекшелікті атап өткен жөн. Экологиялық мәселені
таяу арада шешудің практикалық қадамы локальды деңгейде алдын алады, бірақ
жоспарлау барысында жоғары деңгейдегі өзекті проблеманы түсініп, біліп
алуды қажет етеді.
Өлкетанудың арақатынастарын айыру үшін мына түсініктердің ара –жігін
ашып алуымыз қажет: өлке, аймақ, жергілікті жер, ландшафт,
өлкетану.
Педагогикалық жұмыстарда кең мағынада мына терминдер көп қолданылады:
экологиялық өлкетану, экологиялық білім беруде өлкетану принциптері,
экологияға өлкетану тұрғысынан келу, экология-өлкетану іс-әрекеті,
экологиялық білім беруде аймақтық тұрғыда қарастыру. Аталған терминдердің
мазмұнын ашуға белгілі дереккөздердің жоқтығы себеп болды, көп жағдайда
синоним ретінде қолданылады. Педагогика негізін дерекнамалар мен
әдебиеттерді оқып үйрену бойынша мектеп өлкетануы және оқушыларға
экологиялық білім беруде аталмыш түсініктердің мағынасын ашуға мүмкіндік
берді.
Осыдан келіп өлке, кіші отан табиғатын қорғайтын тәрбиелі, тәртіпті,
мәдениетті тұлғаны дамытып, қалыптастырып алу міндеті жүктеледі. Сол
себепті бізде мәдениет дегеніміз не? және мәдениеттанудың қандай сұраққа
жауап беретінін талдау қажеттігі туындайды.
Мәдениеттану сөздігінде мәдениетке мынадай анықтама беріледі: Мәдениет
– адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және
осы қызметтің жемістері мен нәтижелері [122].
Философиялық сөздікте мәдениеттің – адамзаттың болмыс пен сананың
барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылық қызметелеу және
бұл қызметтің адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына
айналдыруға бағытталатыны көрсетілген [123]. Философиялық энциклопедиялық
сөздікте мәдениет ұғымы қайта өңдеу, тәрбиелеу, білім беру; материалдық
және рухани еңбектің нәтижесінде мекемелер мен әлеуметтік нормалар
жүйесінде, рухани құндылықтарда, адамның табиғатқа, бір-біріне және өзіне
деген қатынастарының жиынтығында көрініс беретін амал-жолы ретінде
сипатталғаң [124].
Мәдениет – ағартушышлық, білімділік, тәрбиелілік деген анықтама орыс
тілі сөздігінде берілген [125]. Педагогикалық тұрғыдан мәдениет –
адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық
құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Мәдениет түсініктемесіне екі аспекті кіреді: материалдық және рухани.
Материалдық мәдениетке адамның тұрмыста пайдалана алатын еңбек құралдары
(киім-кешек, жиһаз, ыдыс-аяқ) жатады. Рухани мәдениет –адамгершілік
саласында, шығармашылық өмірде, ғылымда, ізгілік аймағында адам іс-
әрекеттерінің нәтижелер жиынтығы.
Мәдениеттілік – әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі.
Ұлттық мәдениетті қастерлеу – мәдениеттіліктің белгісі. Әдеп сақтау,
әдеппен сөйлеу, көрегенділік белгісі, жан тазалығы, тән тазалығы
мәдениеттілік болып табылады [126]. Мәдениет ұғымына берілген
анықтамалардың қай-қайсысын алып қарастырсақ, адам баласының адам болып
дүниеге келгенінен бастап өмір бойғы азығы екені, оқу-тәрбие барысында
небір құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру, жан-жақты тұлғаны
қалыптастыру, осы мәдениеттілікке байланысты білім, ғылым меңгерту болып
табылады.
Ғалым Ж.Ж.Наурызбай: Көп мәдениет иесіне тән ерекшелік гео-графиялық
сана болуға тиіс. Шын мәнісінде мәдениетті адам болу үшін планеталық,
ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер,
туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау – парыз.
Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды.
Аталған пәндер этнос пен мәдениет проблемаларымен өрістес болғандықтан,
мәдени этникалық оқыту мен тәлім тәрбие ісінде ерекше маңызға ие. Бұл -
ғылым мен білім берудің мәдениет экологиясы, адам экологиясы, рухани дүние
экологиясы, имандылық экологиясы секілді жаңа бағыттары туралы әңгіменің
басы ғана, – дейді [36].
Ж.Ж.Наурызбай болашағының қамын ойлайтын жан-жақты дамыған, рухани
құндылықтарға бай, ұрпақ мәселесін жастардың кіндік қаны тамған жер-анаға
деген сүйіспеншіліктен басталуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Пәндер