IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы



Кіріспе
1. IX.XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының тарихи.әлеуметтiк негiздерi
2. IX.XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының ғылыми.әдіснамалық негiздерi
3. IX . XII ғасырлардағы отбасы тәрбиесі туралы ой.пікірлердің бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесіндегі сабақтастығы
Қорытындыда
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу" деген еңбегінде қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемінің әлі де жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние екендігін атап көрсетуі педагог-ғалымдар қауымына өткен тарихымызға көз жібере отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, озық тұстарын бүгінгі күн қажетіне пайдалануды жүктейді. Осы орайда Қазақстан Республикасының соңғы он бес жылдық өзгермелі қоғам жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат. Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен отбасы тәрбиесі арқылы бастау алуы тиіс. Себебі, отбасы тәрбиесі тұлғаны әлеуметтендірудің жетекші және айқындаушы көзі болып табылады.
Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттың дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.
Өткен өмір сабақтарын ой елегінен өткізудің қажеттілігін ескеретін болсақ, тарихи тәжірибеміздегі көп аспектілі де көпқырлы отбасы тәрбиесінің жетістігін оның кемшілігімен қоса қоғамның диалектикалық үрдісі ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Осы тұста біз ертедегі қазақ отбасы тәрбиесі мәселесіне қатынасты, оның қажеттілігіне, сондай-ақ, адамзаттың жарқын болашағы үшін тарихи күресте қосқан үлесіне сәйкес баға беруді де ұмытпауымыз қажет.
Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты бүгiнгi күнi рухани салада жүрiп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістерi нәтижесiнде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң қалыптасуы туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына еткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.
Біз сөз еткелі отырған қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму мәселелері тарихи кезеңнің IX-XII ғасырларына сәйкес келеді. Осы кезеңдерде қазақ халқының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М.Қашқари, Кейкаус, Қ.Йассауи еңбектерінен бастау алған. Арадан он ғасырды артқа салып, қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерiнде, қазақ зиялылары Ш.Құдайбердиев,
1. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастырудың жолдары. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2002, - 58 б.
2. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі. Оқу құралы. - Алматы: Ғылым, 2002. - 118 б.
3. Педагогика тарихы. Оқу - әдістемелік кешен. - Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. 2005. - 48 б.
4. Қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу тарихы. Арнайы курс бағдарламасы. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. – Астана, 2007. -22 б.
5. IX-XII ғасырдағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой- пікірлері. Оқу құралы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. – Астана, 2007. – 74 б.
6. Қазақ отбасы тәрбиесінің даму тарихы. Монография. – Алматы: «Қазақ университеті» баспаханасы, 2007. – 326 б.

Ғылыми әдістемелік мақалалар, тезистер:
7. Гумандық қасиеттер туралы ойлардың ұлы ғұламалар еңбектерінде орын алу сабақтастығы //Наука и образование Южного Казахстана. Серия педагогические науки. - Шымкент, 1999. -№9 (16). - 49-51 б.б.
8. Қазақ мақал - мәтелдерінің педагогикалық астары //Қазақстан мектебі, -Алматы, 2000. - №9. - 68- 69 б.б. (Г.Т. Атемовамен авторлық бірлестікте)
9. Қазақ ырымдарындағы ұғымдардың тәрбиелік мәні // Проблемы начального обучения. Учебно - методический сборник. - Шымкент, 2000. - 34 – 42 б.б.
10. Педагогика курсын оқытуда халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану //«Этнопедагогика и проблемы одаренных детей в системе образования» материалы международной научно - практической конференций. материалдары. - Алматы, 2000. -Б.162-166.
11.Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі гумандық ойлардың ұлттық негізі //«Білім беру жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика» халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Жетісай, 2001. -86-89 б.б.
12. Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі жеке тұлға теориясы //«Проблемы духовности и место религии в современном обществе» халықаралық ғылыми - теориялық конференция материалдары. - Шымкент, 2001.-171-172 б.б.
13. Дін және жастар тәрбиесі // Х.Бердак атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми - теориялық конференция материалдары. - Нөкіс, 2001. 2-том. -143-144 б.б. (Ш.Пірмат, У.Әлеуовпен авторлық бірлестікте)
14. Жеке тұлғаны тәрбиелеу проблемасының халықтық педагогикадағы көрінісі // Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, «педагогика ғылымдары» сериясы. - Алматы, 2002.- №2 (9) -54-56 б.б.
15. Әуезов еңбектеріне үңілсек //Қазақстан мектебі, - Алматы, 2002. - №8. -59 б. (С.Пернебековамен авторлық бірлестікте)
16. Отбасындағы бала тәрбиесінің қазақ - мақал мәтелдеріндегі көрінісі // «Интеграция науки и практики в условиях мирового образовательного пространства» халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2003. Б.-214-216.
17. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы жар таңдау мәселесі отбасы тәрбиесінің алғы шарты ретінде // Ізденіс,Поиск. - Алматы, 2005. -171-174 б.б.
18. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы отбасы тәрбиесі мәселелері // «Қазақстандағы және онымен шектес аумақтағы инновациялық білім беру мен әлеуметтік-мәдени саясат: тәжірибе, мәселелер мен перспективалар» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана, 2005. – 460 - 461 б.б.
19. Отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі үрпақ тәрбиесінің негізгі міндеті ретінде //«Салауатты өмір салты: әлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде» республикалық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары.- Астана, 2005. 11-12 мамыр. -32-36 б.б.
20. Әл-Фараби трактаттарындағы отбасы тәрбиесі мәселелері / Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ - нің Хабаршысы ғылыми журналы, - Астана, 2005. №3 (43). -24-30 б.б.
21. XI ғасыр туындысы «Қабуснама» мазмұнындағы отбасы тәрбиесі мәселелері. «Түркі халықтарының әдебиеті: бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференция материалдары. - Тараз, 2005.-49-51 б.б.
22. IX – XII ғасырдағы шығыс ғұламалары еңбектеріндегі отбасы тәрбиесі мәселелерінің Абай көзқарасындағы сабақтастығы //«Абай мұрасы - тілдік өрістің негізі» Халықаралық ғылыми - теориялық конференция материалдары. - Астана: «Информ-А», 2005. -295-300 б.б.
23. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы қыз бала тәрбиесі //Қазақстан жоғары мектебі. - Алматы, 2006. №1. Б. -85-88.
24. Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2006. №1. - 48-52 б.б..
25. Тәрбие ерекшеліктерінің хадистердегі көрінісі // Қазақстан мектебі,- Алматы, 2006. №2. -20-22 б.б.
26. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы ұл бала тәрбиесі // «Қазақстан мен Қырғызстан жас ғалымдарының этнопсихология және этнопедагогика саласындағы ізденістері» атты 2-ші мемлекетаралық ғылыми - теориялық конференция материалдары. Сәуір. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. Б. -133-135.
27. IX – XII ғасырлардағы еңбектерде отбасы тәрбиесіндегі әйелдің рөлі туралы көзқарастар // «XXI ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты Республикалық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары. - Алматы, 2006. - 23-29 б.б.
28. Шығыстың ұлы ғұламалары еңбектеріндегі жастарды отбасын құруға дайындау мәселелері //«Жаңа формация педагогын кәсіби даярлау: өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар» республикалық ғылыми - әдістемелік конференция материалдары. - Көкшетау, 2006. 26-27 мамыр. - 87- 90 б.б.
29. Мектеп пен ата - аналар ынтымақтастығы // Қазақстан мектебі, -Алматы, 2006. №8. - 65-70 б.б.
30. Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі тәлім - тәрбие мәселелері мен Ахмет Байтұрсынов көзқарасының сабақтастығы // «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты I-ші ғылыми–теориялық конференция материалдары. - Астана, 2006. -278-283 б.б.
31. Қазақ отбасы тәрбиесінің діни түсініктердегі жүйесі //Ұлт тағылымы, -Алматы, 2007. №3. -19-25 б.б.
32.Қазақ халқының отбасы тәрбиесін ұйымдастырудағы негізгі қағидалары // «Қазақстан қоғамының модернизациялану жағдайындағы педагогикалық білім: мәселелері мен болашағы» атты Республикалық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Астана, ЕҰУ, 2007. -182-187 б.б.
33.М.Қашқари еңбектеріндегі отбасы тәрбиесі мәселелері //«Қазақстан қоғамының модернизациялану жағдайындағы педагогикалық білім: мәселелері мен болашағы» атты Республикалық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2007. -115-121 б.б. (М.Мырзахметов, А.А.Бейсенбаевамен авторлық бірлестікте)
34. Отбасы тәрбиесі жағдайында тұлғаның жеке басын қалыптастыру туралы ұлы ғұламалар еңбектеріндегі негізгі идеялар //Ұлт тағылымы. -Алматы, 2007, №3(1). -7-12 б.б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
  ӘОЖ    37.081.1(09)(574)=943.42 Қолжазба
құқығында
 
 
 
Атемова Қалипа Тұрсынқызы
 
 
IX-XII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ  ТӘРБИЕСІНІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ  МЕН 
ДАМУЫ
 
 
 
13.00.01- жалпы педагогика, педагогика және білім
тарихы, этнопедагогика
 

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған  диссертацияның
а в т о р е ф е р а т ы
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
 Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
орындалды

Ғылыми кеңесшілері: педагогика
ғылымдарының докторы,

профессор Бейсенбаева А.А.

филология ғылымдарының докторы,
профессор
Мырзахметов М.

Ресми оппоненттері: педагогика
ғылымдарының докторы,

профессор Табылдиев Ә.Т.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Халитова І.Р.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Омар Е.О.

Жетекші ұйым: С.Торайғыров
атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті

Диссертация 2007 ж. 24 қазан сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс
залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы; 050010, Алматы қаласы, Қазыбек-
би, 30, 3-қабат.

Автореферат _____жылы ______________таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы:
Ш.Ж.Колумбаева
КІРІСПЕ
 Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Менің арманым да,
мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу" деген еңбегінде қазақтардың
қайталанбас этикалық, психологиялық әлемінің әлі де жете зерттелмей,
зерделенбей жатқан тылсым дүние екендігін атап көрсетуі педагог-ғалымдар
қауымына өткен тарихымызға көз жібере отырып, ұлттық құндылықтарымызды
жаңаша зерделеп, озық тұстарын бүгінгі күн қажетіне пайдалануды жүктейді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының соңғы он бес жылдық өзгермелі қоғам
жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру
саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды
қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен
ғаламдық талаптардың  біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі
қоғамға әлеуметтендірудегі   уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат. 
Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен
отбасы тәрбиесі арқылы бастау алуы тиіс. Себебі, отбасы тәрбиесі тұлғаны
әлеуметтендірудің жетекші және айқындаушы көзі болып табылады.
Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде
қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта
жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттың
дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау
арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.
Өткен өмір сабақтарын ой елегінен өткізудің қажеттілігін ескеретін
болсақ, тарихи тәжірибеміздегі көп аспектілі де көпқырлы отбасы
тәрбиесінің жетістігін оның кемшілігімен қоса қоғамның диалектикалық
үрдісі ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Осы тұста біз ертедегі қазақ
отбасы тәрбиесі мәселесіне қатынасты, оның қажеттілігіне, сондай-ақ,
адамзаттың жарқын болашағы үшін тарихи күресте қосқан үлесіне сәйкес баға
беруді де ұмытпауымыз қажет.
Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің
қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі.
Осыған байланысты бүгiнгi күнi рухани салада жүрiп жатқан сананың жаңаруы,
адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістерi нәтижесiнде ғасырлар бойы
жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол
мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай
отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң қалыптасуы туралы
педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ
санасына еткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу
өзектi мәселелердiң бiрi деп  санаймыз.
Біз сөз еткелі отырған қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму
мәселелері тарихи кезеңнің IX-XII ғасырларына сәйкес келеді. Осы
кезеңдерде қазақ халқының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар
Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М.Қашқари, Кейкаус, Қ.Йассауи
еңбектерінен бастау алған. Арадан он ғасырды артқа салып, қазақ
ағартушылары  Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерiнде, қазақ
зиялылары Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
 М.Әуезов және т.б. еңбектерiнде жалғасын тапқан.
Осы тұста ертедегі қазақ отбасы тәрбиесінің сипаты туралы сөз етуде
біз бірқатар дерек көздерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат
материалдары, қолжазбалар, мамандар зерттеулері және т.б.). Арнайы ғылыми-
педагогикалық еңбектерді зерделей келе отбасы тәрбиесінің жекелеген
мәселелері қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық
институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс
шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын тапқандығына
көзіміз жетті.
Нақтылап айтқанда, түркі тектес халықтардың  отбасы тәрбиесі туралы ой-
пікірлерінің даму тарихы бүгінге дейін қырғызстандық ғалымдар Н.Имаева, А.
Измаилов және т.б.,   өзбекстандық ғалымдар Х.Тллашев, Н.Сафаров,
З.Нуритдинова, Ө.Әлеуов және т.б, әзербайжандық ғалымдар  Г. Ахмедов,
А.Сеидов, А.Гашимов және т.б., түркменстандық ғалымдар К.Пирлиев,
А.Құрбанов, Г.Чарыев және т.б. тарапынан  зерделенсе, қазақстандағы
педагогикалық ой-пікірлердің және ағарту ісінің даму тарихын отандық
ғалымдар  Қ.Бержанов, Г.Уманов,  Қ.Сейталиев, И.Мадин, Қ.Жарықбаев,
Ш.Жұматаева, А.Ильясова, Г.Храпченков, В.Храпченков, Е.Омар, А.Тұрсынова,
А.Құдиярова, Э.Урунбасарова, Ж.Ибраимова, Ш.Беркімбаева, Ж.Макатова,
Н.Қойшыбаева, Ж.Баймағамбетова және т.б. зерттеген, оның ішінде қазақ
қыздарының тәрбиесi мен оларға бiлiм беру мәселелерiн тарихи-педагогикалық
тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар К.Құнантаева, Ш.Жалғасова,
А.Дайрабаева, Ж.Сарыбековалар және т.б. болды.
Қазақстанда халықтық педагогика негiзiнде отбасындағы тәрбиенi
ұйымдастыру мәселелерiн ғалымдар С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева,
Б.Айтмамбетова, А. Бейсенбаева  Р.Төлеубекова, К.Қожахметова, С.Ғаббасов,
З.Әбілова және т.б. зерттеген; отбасы тәрбиесiн жетiлдiрудегi мектеппен
байланыс жасау жұмыстары Г.Байдельдинова, Н.Тригубова, И.Лысенко,
Б.Мұқанова, А.Капенова, және т.б. зерттеулерінде; отбасы тәрбиесі
жағдайында балаларды болашақ отбасылық  өмірге даярлау мәселелерін
А.Жұмадiллаева, А.Шарафадин, Д. Сакенов және т.б. қарастырған.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді арнайы шолу жасау барысында IX-XII
ғасырларда өмір сүрген жеке тұлғалардың еңбектері көптеген жылдар
көлемінде бірқатар қазақстандық ғалымдар зерттеулерінің негізгі обьектісі
болып келгендігін көрсетті. Атап айтқанда, әл-Фарабидің педагогикалық ой-
пікірлерін А.Көбесов, Ж.Баласағұнның педагогикалық идеяларының даму тарихын
А.Көшербаева,  Т.Ахметов, М.Қашғаридің педагогикалық идеяларының қалыптасу
тарихын К.Қалиева, М.Х.Дулатидің педагогикалық идеяларының тарихи
құндылығын Д.Алиева, VI-VIII ғасырлардағы педагогикалық ой-пікірлердің даму
тарихын А.Жұмабеков, XV-XVIII  ғасырдағы тәлім-тәрбиелік ойлардың даму
тарихын Т.Әлсатов және т.б. зерттеген. Дегенмен, бұл жұмыстарда ұлы
ғұламалар еңбектеріндегі тәлім-тәрбие мәселелері жалпылама қарастырылып,
отбасы тәрбиесі мәселелері оның құрамдас бөлігі ретінде баяндалады.
Сонымен бірге, қазіргі таңда отбасы тәрбиесінің көп аспектілі
мәселелері мемлекет тарапынан қолдау тауып, елбасының тікелей бастамасымен
бірқатар игілікті істер атқарылды. Оған әрбір туылған нәресте үшін
берілетін жөргекпұлдың пайыздық өсуін, балалар ауруханаларының саны мен
сапасының артып, балалардың тегін емделуін, балабақшалар мен мектептердің
көптеп салына бастауын жатқызуға болады. Бұл фактілер халықтың әлеуметтік-
экономикалық және демографиялық (бала туу санының арта түсуі яғни 2006 жылы
бір ғана Алматының өзінде бала туу көрсеткіші 7 пайызға өскен. Бұл соңғы 30
жылдағы ең жоғары көрсеткіш) өсуге деген ынтасын біршама арттырып
отырғандығын көрсетеді. Өкінішке орай, қазіргі нарықтық қоғам жағдайында
кездесетін қиыншылықтардың шешімін табуға арналған көптеген педагогикалық
ғылыми-зерттеу жұмыстарының көпшілік назарына ұсынылып отырғанына
қарамастан, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктердің көрсеткіштері керісінше
төмендемей отыр.
Өйткені, бүгінгі қоғамда отбасына деген көзқарастарда өте маңызды
өзгерістер орын алды. Нарықтық қатынастар экономикалық фактордың мәнін
күшейте түсті, бұл ата-аналар мен педагогтардың бүкіл қызметінің тұлғалық -
педагогикалық, құндылық-адамгершілік факторына қайта бағдар жасау
керектігін туғызды. Қазіргі кезде психологиялық қорғаудың және оңды
әсерленушлікті қалыптастырудың отбасы қайнар көзі деген көзқарас бұзылды.
Отбасындағы ата-аналар өз балаларының тәрбиесін мектеп міндетіне жүктесе,
көпшілік әлеуметтік ортаның ықпалын көлденең тартады. Соған қарамай, әр
адамның жеке басының бақытын қамтамасыз ету отбасының міндеті болып
саналады және әлеуметтік құндылықтар болып табылатын мақсаттарды жүзеге
асыру, жас ұрпақты әлеуметтендіру бұрынғысынша отбасының жауапкершілігінде
қала береді.
Педагогикалық зерттеулер бойынша осы заманғы отбасының әлеуметтік,
рухани және құндылық ахуалының төмендігі салдарынан  адамдар арасындағы
адамгершілік қарым - қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты
аналардың, әкесіз, анасыз және тастанды балалардың саны жыл сайын көбейе
түскен (жыл сайын 90 мыңнан астам бала тастанды аталады, сонымен қатар
бүгінге дейін 5591 бала шетелге сатылған), жастардың отбасылық өмiрге жеңiл
қарауы немесе отбасын құруға деген ынта-ықыласының төмендiгiнен асықпауы,
тiптi ажырасу фактiлерiнiң көптiгi (жыл сайын үйленуге арыз берушілердің
40% қайта ажырасады ) орын алып келеді.
Сондай - ақ, некеге тұрмай бала табу бүгiнде үйреншiктi жағдайға
айналып барады (2004 жылғы санақ бойынша 68004 қыз некесіз бала тапқан).
Мұндай жағдай әсiресе қара көз қазақ қыздары арасында басым болып
отырғандығы өкiнiштi-ақ (соның ішінде 39177-сі қазақ қыздары). Бұл келеңсiз
жағдайлардың пайда болуы, біріншіден, табиғатымызға жат батыс мәдениетiнiң
жастарға терiс ықпал етуi болса, екіншіден, жастарды отбасылық өмiрге
дайындаудың жеткiлiксiздiгi  дер едік.
Осы тұста халқымыздың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ғаламдық
талаптарды ескере отырып, ұлттық негiзiмiздi сақтап қалу, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар негiзiнде отбасы тәрбиесiн дамыту мiндеттерiн
шешуде қазақ халқының отбасылық өмiрін ұйымдастыру дәстүрлерiне сүйену
жоғары тиiмдiлiк берерi даусыз деп ойлаймыз. Ол қазақ халқының тарихындағы
отбасы тәрбиесi тәжiрибелерiн зерделеп, бүгiнгi күн тәжірибесінде озық
тұстарын енгізу арқылы жүзеге асырылмақ.
Жоғарыда талдауға алынған ғалымдар еңбектері қазақ отбасындағы тәрбие
мәселелерiнің көптеген педагогикалық ой-пiкiрлердiң тарихына арналған
зерттеулер мазмұнында қарастырылып келгенiмен, қазақ отбасындағы
тәрбиенiң  біз қарастырып отырған тарихи кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының
мәселелері жеке зерттеу обьектісіне алынбағандығын айқындайды.
Сондықтан, отбасы тәрбиесі мәселелерінің қалыптасуы мен дамуын бақылап
отыру және бұл мәліметтерді тек теориялық-педагогикалық тұрғыда ғана емес,
көне дерек көздері мен мұрағат материалдарын тереңдете отырып тарихи -
педагогикалық мақсатта пайдаланудың қажет екендігіне көзіміз жетеді.
Демек, біздің зерттеу саласында жарық көрген көне дәуірден сақталған
тарихи деректерге, арнайы ғылыми еңбектерге жасалған талдау нәтижесінде IX-
XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-
педагогикалық тұрғыда зерттелмеуі мен бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін
ұйымдастыруда оның қажеттілігі арасында; отбасы тәрбиесі тәжірибелерін
пайдаланудың мүмкіндіктері мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік
нұсқаулардың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі анық
байқалды. Осы қайшылықтарды шешуге байланысты IX-XII ғасырлардағы тарихи
- педагогикалық мұраларды жүйелі талдау негізінде бүгінгі қазақ отбасы
тәрбиесін жетілдірудің мүмкіндіктерін көрсету біздің зерттеу проблемамызды
айқындауға және зерттеу тақырыбын IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы
тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің обьектісі: қазақ отбасы тәрбиесі.
Зерттеудің пәнi: IX–XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінiң
қалыптасуы мен даму үрдісі.
Зерттеудiң мақсаты: Қазақ отбасы тәрбиесiнің IX–XII ғасырлар
шеңберіндегі қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін айқындап, ғылыми-
педагогикалық тұрғыда негіздеу және жүйелеу.
Зерттеудің мiндеттерi:
- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесi туралы ой-пiкiрлердiң
дамуына ықпал еткен әлеуметтiк-педагогикалық алғы шарттарын анықтау;
- зерттеу проблемасы аясында қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен
даму генезисін айқындау;
- орта ғасырлардағы ұлы ғұламалар еңбектерін жүйелеу негізінде қазақ
отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оған ықпал еткен
факторларды, тұжырымдамалық идеялар мен принциптерді анықтау;
- аталған кезеңдегі қазақ отбасы тәрбиесін тарихи дамуымен байланыстыра
отырып Кемел адам тұлғасын қалыптастыру үлгісін ғылыми - педагогикалық
тұрғыда негіздеу;
- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұны мен әдіс-
тәсілдерін айқындау, оларға сипаттама беру;
- аталмыш ғасырлардағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ халықтық
педагогикасындағы сабақтастығын көрсету;
- отбасы тәрбиесі бойынша зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалануға ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.
Жетекшi идея. Отбасы тәрбиесінiң IX–XII ғасырлардағы тарихи даму
үрдісінде жинақталған тағылымдық тәжiрибелерiн жүйелі, біртұтастық
негізінде қарастыру - бүгінгі қазақ отбасы тәрбиесін тиімді жетілдірудің
жетекші факторы.
Зерттеу жұмысының әдiснамалық және теориялық негiзiне философия,
әлеуметтану, педагогика және психология ғылымдарының жеке тұлғаны дамыту
туралы iлiмдерi, іс-әрекет теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық-мәдени
құндылықтардың диалектикалық өзара бiрлiгiне байланысты iлiмдерi, тарихи-
педагогикалық құбылыстарды зерттеудегi обьективтiлік, құрылымдық-жүйелiлiк,
тұтастық, кешенділік, тарихи-салыстырмалылық тұжырымдамалары, сондай-ақ,
орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың, қазақ ағартушылары мен зиялыларының және
қазақстандық ғалымдардың зерттеу кезеңінің аясындағы отбасы тәрбиесi
туралы зерттеулері, гендерлік теорияның идеялары, ғылым мен тәжірибені
интеграциялау теориясы алынды.
Зерттеу көздерiне IX-XII ғасырлар аралығында жазылған ұлы ғұламалардың
құнды мұралары, философия, педагогика, психология, этнография,
әдебиеттану, тарих, әлеуметтану және т.б. ғылымдары саласындағы отбасы
тәрбиесi туралы зерттеулер, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Бiлiм
министрлiгiнiң ресми-құқықтық құжаттары (ҚР Конституциясы, Қазақстан
Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының
Бiлiм беру туралы Заңы, Баланың құқығы туралы Қазақстан Республикасының
Конвенциясы, Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы
және т.б.), Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, Өзбекстан
Республикасының және Қазақстан Республикасының орталық мұрағаттарының
материалдары, Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасының, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң сирек кiтаптар мен қолжазбалар
қорының материалдары, зерттеу мәселесіне байланысты ұлттық
энциклопедиясындағы материалдар жатады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты сирек кездесетін
кітаптар қорларындағы еңбектерді, тарихи-педагогикалық арнайы әдебиеттерді,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат материалдарын талдау;
диссертацияда диалектикалық абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи-
салыстырмалылық, жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью
алу, сұхбат, сауалнама жүргізу, студенттердің зерттеу мәселесіне қатысты
жазба жұмыстарына талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара
байланысты үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (1999-2003 жж.) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми-
педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде қарастырылған отбасы тәрбиесі
мәселелері бойынша материалдар жинақталды; зерттеудің ғылыми аппараты
айқындалып, мақсат-міндеттер нақтыланды; проблема төңірегінде қарастырылған
философиялық, педагогикалық, филологиялық, тарихи–педагогикалық тұрғыдан
және әлеуметтанушылық, мәдениеттану салаларындағы еңбектерге теориялық
талдау жасалып, жүйеленді.
Екінші кезеңде (2003-2005жж.) қазақ отбасы тәрбиесінің генезисі
айқындалды. IX-XII ғасырлар аралығында өмір сүрген шығыстың ұлы
ғұламаларының құнды педагогикалық ой-пікірлері талданып, өзіндік
ұстанымдары анықталды. Зерттеу аясындағы тарихи кезеңдегі отбасы тәрбиесі
туралы жинақталған деректерге қазіргі педагогика ғылымының теориясы
тұрғысында талдау жасалынды. Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі көзқарастары
бойынша қазақ отбасы тәрбиесінің факторлары, негізгі тұжырымдамалық
идеялары, принциптері, тәлім-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері мен
ерекшеліктері жүйеленіп көрсетілді. Аталмыш кезеңдегі отбасы тәрбиесінің
қалыптасуы мен даму үрдісіндегі дәстүрлерінің кейінгі ұрпақ еңбектерінде
және халықтық педагогика материалдарында сабақтастығы дәледеніп көрсетілді.
Үшінші кезеңде (2005-2007жж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, арнайы курстың мазмұны
бойынша IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына
байланысты бағдарлама, оқу құралдары мен монография дайындалды. Зерттеу
нәтижелері бойынша туындаған тұжырымдар қорытындыланып, әдістемелік
ұсыныстар әзiрленді, диссертация өңделіп, рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының
алғышарттары айқындалып, оларға тарихи-педагогикалық сипаттама берiлдi;
- зерттеу проблемасы шеңберінде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы
мен дамуының генезисі анықталды;
- орта ғасырдағы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесi қалыптасуы
мен дамуының факторлары, тұжырымдамалық идеялары, принциптері және
ерекшеліктері айқындалды;
- IX-XII ғасырдағы ғұламалардың педагогикалық мұраларына талдау
негізінде қазақ отбасы тәрбиесінің баланың даму ерекшеліктеріне сай
құралдары арқылы Кемел адам тұлғасын қалыптастырудың үлгісі ғылыми –
педагогикалық тұрғыда негізделді;
- IX-XII ғасыр аясындағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң ерекшеліктерін
ескере келіп, оның мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдері жүйеленді;
- орта ғасырдағы отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ халықтық
педагогикасындағы сабақтастығы көрсетілді;
- IX-XII ғасыр ойшылдарының отбасы тәрбиесі жөніндегі педагогикалық
идеяларын жоғары оқу орны және басқа да тәрбие мекемелерінің оқу-тәрбие
үрдісінде пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- зерттеу проблемасы бойынша Қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасу
тарихы (2007) атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ, „Педагогика және психология“ мамандығының оқу жоспарына енгізілді және
Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі
(2002), IX-XII ғасырлардағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-
пікірлері (2007) оқу құралдары, Қазақ отбасы тәрбиесінің даму тарихы
атты монография дайындалды;
- зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен деректі материалдарын,
ғылыми негізделген ұсыныстарын жалпы білім беретін орта мектептер мен
жоғары оқу орындарындағы және мұғалімдердің білімін жетілдіру
институттарындағы оқу үрдісі мазмұнында, сонымен бірге, отбасы тәрбиесін
жетілдіру жұмыстарында пайдалануға болады;
- зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық оқу орындарындағы
студенттер үшін "Педагогика тарихы", "Этнопедагогика", "Педагогика",
“Тәрбие жұмысының әдістемесі” және т.б. пәндер мазмұнын жетілдіруде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылады:
- IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуының сол
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен және Қазақстанға ислам
дінінің келуімен байланыстылығы;
- IX-XII ғасырдағы отбасы тәрбиесінің қалыптасу генезисі;
- аталмыш ғасырдағы педагогикалық туындылар мазмұнындағы қазақ отбасы
тәрбиесінің ерекшеліктерінің ғылыми-педагогикалық сипаттамасы;
- орта ғасырлардағы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің
тұжырымдамалық идеялары негізінде жасалған „Кемел адам“ үлгісі;
- зерттеу кезеңдерінде қалыптасқан қазақ отбасындағы бала
тәрбиесінің ерекшеліктері ескерілген жүйесі;
- ұлы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесі дәстүрлерінің қазақ
халықтық педагогикасындағы сабақтастығы;
- IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің дәстүрлерін бүгінгі күн
тәжірибесінде пайдалануға байланысты жасалған "IX-XII ғасырлардағы ұлы
ғұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері" оқу құралы мен "Қазақ
отбасы тәрбиесiнiң қалыптасу тарихы" атты арнайы курс бағдарламасы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі диссертациялық зерттеу
жұмысында алынған нәтижелердің теориялық-әдіснамалық негізде дәлелденуімен,
IX-XII ғасыр аралығындағы педагогикалық ойлардың, соның ішінде қазақ
отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлердің қалыптасуы мен даму тенденцияларын
сипаттайтын тарихи-педагогикалық, сирек кездесетiн кiтаптар қоры
деректемелерi, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, Астана
қаласының орталық мұрағаты, Өзбекстан Республикасының және Қазақстан
Республикасының мұрағаты материалдары теориялық тұрғыдан талдау жасалып,
зерттеу жұмысының нәтижелері мен әдістемелік ұсыныстарының жалпы білім
беретін орта мектеп пен жоғары білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие
үрдісінде пайдалануға енгізілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу
нәтижелерін тәжірибеге ендіру - Халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияларда: (Алматы, 2000, 2003, 2006, Жетісай, 2001, Шымкент, 2001,
Астана, 2005, Тараз, 2005), Республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда
(Алматы, 2000, Нөкіс, 2001, Шымкент, 2001, Астана, 2004, 2005, Көкшетау,
2006) жоғары оқу орындарының педагог-профессорларының ғылыми-теориялық,
әдістемелік, практикалық конференцияларында (Шымкент, 2001, Астана, 2004,
2005, 2007), мұғалімдер біліктілігін арттыру және білім жетілдіру
институттарындағы курстарда (Шымкент, Астана), жоғары оқу орнындағы дәріс
және семинар сабақтарының мазмұнында (М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ( Шымкент),
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана)), Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің педагогика кафедрасындағы „Этнопедагогика“
ғылыми-әдістемелік кешені мәжілісінде (2006, 2007), басылым көрген арнайы
курс бағдарламасында, оқу құралдары мен монографияда, сондай-ақ, Астана
қаласындағы қазақ радиосының "Шаңырақ", "Мирас" бағдарламалары барысында,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласында қадағалау және
аттестаттау комитеті ұсынған мерзімді басылымдарда яғни жалпы саны 34
еңбектің мазмұнында баяндалды.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кiрiспеден, негiзгi үш тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты:
зерттеудің мақсаты, обьектісі, пәні, міндеттері, теориялық-әдіснамалық
негіздері, жетекші идеясы, зерттеу кезеңдері, әдістері мен көздері,
зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға
ұсынылатын қағидалар баяндалды.
IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының
тарихи-әлеуметтiк негiздерi деп аталатын бірінші тарауда аталмыш
кезеңдердегі елдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар баяндалып, оның тәлім-
тәрбиеге, ғылым мен білімнің өркендеуіне, соның ішінде отбасы тәрбиесі
талаптарына әсері қарастырылды. Сондай-ақ, тәңiрлiк табынушылықпен қоса
ислам дінінің Қазақстанға таралуы, оның отбасы тәрбиесіне ықпал еткендігі
туралы сөз болды.
Қазақ халқының сенімдері мен дүниетанымдарынан туындап, қалыптасқан
бала тәрбиесіндегі дәстүрлері, отбасы тәрбиесінің қалыптасу генезисі
тұжырымдалды.
IX-XII ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесiнiң қалыптасуы мен дамуының
ғылыми-әдіснамалық негiздерi деп аталатын екiншi тарауда біз зерттеу
барысында негізге алатын ғылыми-әдіснамалық принциптеріміз бен
әдістерімізді анықтай отырып, көне қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен
дамуын тарихилық, жүйелілік тұрғысында талдаймыз. IX – XII ғасырларда өмір
сүрген ұлы ғұламалар Қорқыт, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари,
Кейкаус, Қожа Ахмет Йассауи еңбектеріндегі отбасы тәрбиесі мәселелері
қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу негізіне алынатын көзқарастар ретінде
тарихи-педагогикалық тұрғыда мәні ашып көрсетілді. Орта ғасырдағы ұлы
ғұламалар еңбектеріндегі педагогикалық көзқарастар ортақ жүйеге келтіріліп,
қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуына ықпал еткен факторлары,
тұжырымдамалық идеялары мен принциптері айқындалды. Сол кездегі қоғамдық
талаптарға сай жеке тұлғаны қалыптастыру көзқарастары негізінде Кемел
адам тұлғасының үлгісі жасалып, ғылыми - педагогикалық тұрғыда негізделуі
арқылы IX–XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің жүйесі жасалды.
IX - XII ғасырлардағы отбасы тәрбиесі туралы ой–пікірлердің бүгінгі
қазақ отбасы тәрбиесіндегі сабақтастығы атты үшінші тарауда аталмыш
ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесін ұйымдастыру туралы көзқарастар мен
өсиеттердің келер ұрпақ еңбектеріндегі сабақтастығы мен қазақ отбасы
тәрбиесінің дәстүрлеріндегі көрінісі баяндалды. Сонымен қатар, ғұламалардың
отбасы тәрбиесі туралы қалдырған педагогикалық өсиеттерін отбасы
тәрбиесінде, орта мектептерде, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінде
және көпшiлiк ақпарат құралдарында пайдаланудың жолдары қарастырылды.
Қазақ отбасы тәрбиесі мәселелерінің оқу құралдары мен арнайы курс
бағдарламасындағы орны белгіленіп, тәжірибеде қолдану үшін тиімді ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар жасалып, мәселенің алдағы уақытта зерттеуді керек ететін
перспективалары көрсетілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны белгілі.
Сондықтан, отбасы одан әрі адамның жеке басының негізгі қасиеттерін
қалыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді.
Біз сөз еткелі отырған қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына
қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ертеден бастау алған.
Осы орайда қазақ халқының психологиялық-педагогикалық ой-пікіріне сай
қалыптасқан отбасылық тәрбие дәстүрін оның өткен өмірімен, салт-санасымен,
тұрмыс-тіршілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста қарастырғанды жөн
көрдік.
Сондықтан, біз ең алдымен зерттеуіміздің философиялық-әдіснамалық
негіздерінің бастау көздерін, яғни қазақ отбасы тәрбиесін зерттеу
үрдісінде шешуші принциптердің рөлін атқарушы теориялық білімдер жүйесін
айқындап алуды міндет еттік. Сөйтіп, зерттеуіміздің ғылыми-әдіснамалық
негіздерін айқындауда және зерттеуге ғылыми, жүйелі талдау жасауда мәселені
танып білудегі тарихилық, обьективтілік принциптеріне сүйендік. Осы
тұрғыдан алғанда біз өткен ғасырлардағы отбасы тәрбиесінің теориясы мен
тәжірибесінің дамуын танып біле отырып, бүгінгі күннің және болашақтағы
отбасы тәрбиесінің мәселелеріне байланыстылығын анықтауға тырыстық. Өйткені
зерттеу барысында бұл әдіснамалық принциптер бізге бүгінгі өркениеттілік
пен ондағы мәдениетті қалыптастыруда адамзат қоғамында жинақталған
тәжірибеден бас тартпай, керісінше, бізге оның құнды идеяларын бүгінгі
күннің қажетіне жаратуды міндеттейді. Сонымен қатар, зерттеуге алынып
отырған кезеңдегі педагогикалық мұралардағы отбасы тәрбиесінде баланы
әлеуметтендіру тұлғалылық тұрғысынан қарастырылып келгендігін айқын
көреміз. Бұл бізге қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуындағы
тарихи сатыларда тұлғаның жеке басының толысып, кемелдену үрдісінің
заңдылықтары мен шарттарын бақылап отыруға мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысы IX-XII ғасырлардағы қоғамдық даму процесі барысында
қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу дәстүрлерінің динамикасын айқын көруде
оны тұтастықта және жүйелілікте қарастыруды міндеттеді. Осы орайда
жалпығылымдық әдіснамаға сүйену (жүйелілік, ұзақ мерзімділік, құндылық -
бағдарлық, тұлғалық, мәдениеттанушылық) мәселенің ғылыми негізділігін,
өткен ғасырларда жинақталған тәжірибелердегі отбасы тәрбиесінің мазмұнының,
формалары мен әдіс-тәсілдерінің тұжырымдамалық идеяларын келер ұрпақ
тәжірибесінде қолдануға сыни тұрғыдан қарап, оны шығармашылықпен
пайдалануды көздейді. Бұл бізге отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен
дамуындағы тарихи-педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, үрдістерді IX-XII
ғасырдағы қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтап, саралап, жан-
жақты жүйелі талдауға, оның педагогикалық теория мен тәжірибедегі орнын
белгілеуге, зерттеу мәселесінің кешегісі мен бүгінгісін ескеріп, біртұтас
үрдісі ретінде конструктивті түрде қарастыруға мүмкіндік туғызды.
Сондықтан, біз IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесі мәселелерін
ғұламалар Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Иассауи, Кейкаус
және т.б. бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық өзегі болып
табылатын педагогикалық мұраларын тарихи-педагогикалық тұрғысында айқындай
отырып, жүйелі, біртұтас, кешенді негізде қарастырдық.
Зерттеуіміздің аталмыш кезеңіне дейінгі құбылыстың мән жайын елестету
үшін оның тарихи қалыптасу сатысын білу маңызды. Осы тұста дүние жүзі
халықтары тәрізді, қазақ халқының да өзіне тән отбасы тарихына тоқталуды
жөн деп таптық. Тарихи-педагогикалық еңбектер деректеріне жүгінсек,
ғасырлар қойнауында жинақталған отбасы тәрбиесінің тәжірибесіндегі бала
тәрбиесіне, оны өмірге даярлаудағы отбасының рөлі, жастарды еңбекке және
нақтылы қоғамдық қатынастарға бейімдеу туралы көзқарастар стихиялы түрде
қалыптасқандығын байқаймыз.
Сондықтан, адам баласы басынан өткізген сан-алуан қоғамдық-
экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен
тығыз байланысты болған. Тарихи деректерге жүгінсек, отбасы тәрбиесінің
қалыптасуы мен дамуы алғашқы қоғамдық құрылыстан бастау алғандығын көреміз.
Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен - бірі туыстас ұрпақтар жігімен
бөлінетін бола тұра некелес болды.
Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы топтық некенің ішінде жұп
отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу
ғұрпына тыйым салынуына байланысты қалыптасты. Осының нәтижесінде алғашқы
қауым ішінде туыстардың бiрімен бipi некелеспейтін жұп отбасы дүниеге
келді.
Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің
шығуына байланысты қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы
моногамиялық отбасының шығуына әкеліп соқты. Моногамияның тарихи формасы
болып табылатын патриархалдық отбасының негізгі функциясы ұрпақ жалғастыру
болды. Ол бала тәрбиесін, ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені беру,
білімді хабарлай отырып, еңбек дағдыларын қалыптастыруды қамтыды.
Моногамиялық отбасының мұндай функциялары көптеген мыңдаған жылдар
көлемінде өзгеріссіз қалып отырды.
Қоғамның өркениеттенуі отбасы сипатын түбегейлі өзгертті. Онда қоғамдық
тәрбие жүйесі отбасына қарағанда бала тәрбиесінде белсенді рөл атқара
бастады, соның нәтижесінде ата-аналар тұлғаны әлеуметтендірудің бірден бір
факторы болудан қалды, ал отбасында бала ең басты құндылық ретінде танылып,
тұлғалық қалыптасуының маңызы артты. Соған қарамастан қоғамның әртүрлі
даму кезеңдерінде отбасы тәрбиесі мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ол
қоғамдық категория ретінде онымен бірге дамып, өзгеріп отырды. Сондықтан,
адам тәрбиесі отбасы мәселесімен бірлікте қатар қарастырылып келді.
Осылайша отбасы тәрбиесінің тәжірибесі алғашқы педагогикалық теориялардың
бастау көзі болды. Әйтсе де, алғашқы жалпы педагогикалық тұжырымдар жасауда
отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері педагогика тарихында бөліп қарастырылмады.

Мектептердің пайда болуымен байланысты өскелең ұрпақты тәрбиелеу
процесінде мектеп пен отбасының өзара ара қатынасын айқындау мәселелері
туындады. Ол үстемдік етуші қоғамдық құрылысқа, сол қоғамдағы ойшылдар мен
педагогтардың философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарына байланысты әр
түрлі шешілді.
Бүгінгі күні Отбасы ұғымының мәніне, мазмұны мен тарихына үңілсек,
философиялық, педагогикалық, психологиялық және т.б. ғылым салалары
тарапынан берілген анықтамалар оның қоғамның бір бөлігі ретінде дамуын
қамтамасыз ететін негізгі буын екендігін айғақтайды. Мысалы, Отбасы
ұғымына Р.Н. Нұрғалиев өзiнiң философиялық сөздiгiнде "отбасы - әлеуметтiк
қауымдастықтың түрi, яғни ерлi-зайыпты одаққа және ері мен әйелінің, ата -
аналар мен апа – қарындастардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін
туыстардың арасындағы сан-алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты
ұйымдастырудың маңызды формасы"- деп сипаттама береді, ал ғалымдар
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерiнде: "Отбасы
- ол бiрге тұратын некеге негiзделген қандас туыстар тобы",- деп анықтама
берген.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан отбасы қоғамдық құбылыс ретінде
әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдар тобынан тұратын қауымдастықтың
іс-әрекеті барысында өздерінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін
мемлекеттің кішкене құрамдас бөлігі қызметін атқаратындығын түсінеміз.
Мұндай көзқарасты француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо: „Барлық қоғамдардың ең
көнесі және жалғызы - ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси
қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға
ұқсайды“, - деп айтқан сөзі арқылы отбасы мен қоғамның әлеуметтік
қызметінің егіз екендігін дәлелдейді.
Ал, ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби Отбасы ұғымына мынадай анықтама
береді: "Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында
гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен
қызметшісі; әке - шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде - кім бұл
бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі
болады. Оны "қожайын" деп атайды", - деп отбасын оның құрылымдық бөліктері
тұрғысынан сипаттайды.
Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай қазақ отбасының
өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын
болжағандай.
Көпқызметті отбасының бірден бір міндеті ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз
ете отырып, оны қоғам талабына сай қалыптастыру болса, отбасы тәрбиесі -
қоғамға өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтының бірі ретінде ата-аналардың
күнделікті отбасылық-тұрмыстық обьективті ықпалымен үйлесетін мақсатты
бағытталған педагогикалық әрекеттері болып табылады.
Отбасы тәрбиесінің мұндай қызметі сонау қазақ халқының қалыптасуының
бастау кезеңінен келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік. Алайда, біз зерттеуге
алып отырған IX-XII ғасырлар аралығындағы қазақ отбасы тәрбиесінің
қалыптасуы мен дамуын сөз етуде алдымен қазақ сөзінің және қазақ отбасы
тәрбиесінің қалыптасу генезисіне тоқталу қажет деп ұйғардық. Өйткені қазақ
отбасы тәрбиесінің қалыптасу бастаулары сол кезеңдерге сәйкес келеді.
Қазақ сөзінің шығуы туралы деректерге сүйенсек, Қазақстан
Республикасының ұлттық энциклопедаясында қазақтардың бастапқы қалыптасуы
Шығыс Дешті Қыпшақта таралған деп көрсетілген, оны уақыты жағынан XI
ғасырға жатқызады (А.Н.Самойлович). Египет мемлекетінің қыпшақтары
ортасында жасалған араб – қыпшақ сөздігінде қазақ сөзіне еркін, кезбе
деген мән беріледі. Бұл өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып,
тіршілік ететін адамдарды білдірген.
Ал, осы бағытта жарияланған тарихи деректерде XI-XII ғасырларда
Қазақстанның далалы аймағын мекендеген түрік тайпаларының отырықшылық
жағдайда егіншілігі дамыған аудандармен экономикалық мәдени қарым - қатынас
жасауының жақсаруы Қазақ халқының қалыптасу процесінің елеулі кезеңі
болғандығын мәлімдейді.
Сондай-ақ, түркі халықтарының ішіндегі қазақ тайпаларының өмір сүру
дәстүрлерінің өзіндік ерекшелігін араб миссионерлері де кезінде бірден
байқаған. Онда Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізе бастағанда кең далада
емін - еркін көшіп - қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түрік
тайпалары арасында қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін исламға көп
жағынан кереғар еместей болып көрінді. Сол себепті де олар бұл тайпаларды
"һаза хақ" - "һазақ" (бұл арабша сөздің мағынасы - "бұл дұрыс, жолы дұрыс")
деп атады. Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-
ғұрыптарын ығыстыра алмады, қайта олармен санасуларына тура келді. Оның
бір көрінісі ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасындағы әдет-
ғұрыптардың қоғамның заң нормаларының бірден-бір реттегіші рөлін атқарып
келгендігі. Бұның себебі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына
байланысты басқа халықтарға қарағанда томаға - тұйық өмір сүрді. Сол
себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет -
ғұрып заң нормалары жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды.
Өйткені, туыс - туыстарымен ру - ру болып көшіп - қонған қазақтарда "ру
намысы" күштірек болды.
Әйтсе де, ислам дiнінiң Қазақстанға біртіндеп енуі қазақ отбасы
тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына жаңаша ықпал етті. Ислам дінінің
талаптары мен өз ата-баба дәстүрлерін қатар ұстанған қазақтарда әйел
баласына деген құрмет, ата-ана алдындағы парыз бен олар тарапынан балаларын
тәрбиелеудегi мiндеттерi отбасында орындалуы мiндеттi заң немесе тәрбие
талаптарына арналған кодекс ретiнде басшылыққа алынып отырды. Кодекс -
нақты қоғамдық қатынастарды реттейтiн, құқықтық талаптары бiрiктiрiлiп
жүйелендiрiлген заңдар жинағы. Сондықтан, қоғамдық қатынастарды реттеуде
кодекстiң өзіндік әлеуметтік-педагогикалық маңызы зор. Ата-бабалар діни
тұжырымдар мазмұнында баяндалған ислам талаптарын, шариғат нормаларын және
ата-бабалар дәстүрлерін отбасындағы бала тәрбиесiнде қолдануда талап
етiлетiн отбасы тәрбиесінің кодексi  ретiнде  басшылыққа алып отырды. Бұл
қазақ отбасы тәрбиесінің ұйымдастырылуына өзіндік ерекшелік берді.
Мұндай кодекстің орындалуы қазақ отбасының жаңа мәртебесін анықтап,
отбасындағы ең басты құндылық бала деп табылатын және тәрбиеде тұлғалық-
бағыттылықты ұстанатын, ондағы өмір сүру дәстүрі жәуәнмәртлік идеясы
негізінде іске асырылып, әйел, қыз балаларына деген теңдік қатынас орнаған
жаңа сатыға көтерді.
Бұл тұста отбасы мәртебесі – ондағы мүшелердің міндеттері мен
құқықтарының жүйелендірілген тәртібі негізінде отбасылық қарым-қатынасты
реттейтін дәстүрлер болғандығын анықтадық. Осы жағдайда отбасы мәртебесінен
тұлға мәртебесі келіп туындайды. Мүнда тұлға мәртебесінің ұғымын
Тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі адамның орны және топ мүшелеріне
ықпал ету шегі деп түсінуге болады. Отбасы мәртебесінің мұндай сипат
алуына сол орта ғасырлардағы ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесіне және ондағы
тұлғаға деген қатынастары мен ұсыныстары ықпалын тигізетіндігін байқадық.
Ерте дәуірден-ақ, қазақ отбасы тәрбиесінде әрбір өскелең ұрпаққа жеке
дербес тұлға деп қарау, оған құрмет көрсету, қоғамдық әлеуметтік маңызы зор
істерге араластыру көзделген. Сол кездегі баланың жеке тұлғасының дамуы мен
мінез-құлқында кездесетін ауытқуларды түзетуде қоғамдық және отбасылық
тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету үнемі қарастырылып отырған. Мүндай
тәрбиелік мүдделер дін талаптарынан туындап отырған.
IX–XII ғасырлардағы діннің тәрбиедегі құдіреттілігі мен жемісі
бүгінгі күні де өзінің өміршеңдігін көрсетіп, баршаның назарын аударып
келгенінің бүгінде куәсі болып отырмыз. Оған дәлел қазақстандағы “Дін,
қоғам және халықаралық қауіпсіздік” тақырыбындағы әлемдік және дәстүрлі
діндердің лидерлерінің жыл сайынғы сьезінің өтуі болып отыр. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың: ...әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті, олар
адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып
келеді. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі – жүздеген
жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған құтқарушы сүзгі сынды.
Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып
білген”,– деп атап көрсетуі бүгінгі жаһандану жағдайындағы отбасы тәрбиесі
саласында жастарды өз болмысының түпкі өзегінен айырмайтын діннің, сенімнің
қажетін тағы бір нақтылай түседі.
Сондықтан да, қазақ халқының әдет-ғұрпын сөз еткенде ислам дінінің заңы
мен талаптарына соқпай кету мүмкін емес. Өйткені, дін талаптары халқымыздың
өмір сүру дәстүрі мен ұрпақ тәрбиесіне ғасырлар бойы әсер етіп келген.
Бұлай деуімізге IX–XII ғасырлардағы ғылыми-педагогикалық еңбектерге
талдау нәтижесінің тәлiмдiк пiкiрлердің түпкi негiзi діни түсініктерден
бастау алғандығын дәлелдей түсетіндігі себепкер болды. Ислам талаптарында
отбасындағы ата-аналардың жеке басының өнегесi, сондай-ақ, ерлi-
зайыптылардың өзара қарым - қатынасы мен бiр - бiрiнiң алдындағы сыйластық
жарасымдылығы қазақ отбасындағы өскелең ұрпақ тәрбиесіне әсер етті.
Отбасында тәрбие мәселесiмен әйел-ана айналысқанымен, жалпы тәрбиенің
нәтижесi отағасының жауапкершiлiгiнде болды. Отбасы тәрбиесінің міндеттері
балаға білім, өнер үйрету, тәрбие берумен байланыстырылды. Оны Мұхаммед
пайғамбардың: "Тiптi, Қытайда болса да бiлiм алуға ұмтылыңдар" – деген
өсиетінен отбасы тәрбиесінің бір міндеті балаға білім үйрету, сауатын ашу
екендігін ата - аналарға ескертуінен көреміз.
Салауатты да татулығы жарасқан отбасыларында өнегелi ұрпақтың өсетiнi
айқын. Оларды ата-ана өнегесiмен қатар ата-аналық парыздар негiзiнде
кемелдендiре түсемiз. Бұл жөнiнде ислам шарттары ата-аналарға мынадай
мiндеттердi (парыздарды) жүктейдi. Олар: өмiр есiгiн жаңа ашқан нәрестеге
жақсы ат қою; балаға жақсы тәрбие беру; баланы еркелетiп сүю, оларға
мейiрiмдi болу; солай бола тұрса да баланы шектен тыс еркелетпеу; қыз
балаға жақсы тәрбие беру; баланың тәрбиесi мен бiлiм алуы үшiн мал-мүлiктi
аямау; бала шыр етiп жарық дүниеге келген күннен бастап бiрiнен кейiн бiрi
ретiмен келiп жататын үлкендi-кiшiлi той-томалақтар жасау; балалардың
арасын бөліп алаламау, яғни бәрiне бiрдей қарап, әдiл болу; балаларын денi
сау етiп өсiру, оның тәнi мен жан саулығын қорғау; балаларына арам
нәрселердi жегiзбеу; балаларын оқытып, мамандық иесi етiп қалдыру; ата-
ананың өз отбасын нығайта отырып, жасы жеткен балаларын үй болуға, өз
шаңырағын көтеруге әзiрлеу. Бұл талаптардың бәрі де қазақ отбасы
тәрбиесінде ескеріліп, салт- дәстүрлерінде көрініс тапқан.
Біз осы тұста зерттеуімізге жақын діни еңбектерді талдап, жүйелей
отырып, ондағы қазақ отбасы тәрбиесінің бағыттары біріншіден, баланы
отбасындағы негізгі құндылық деп қарайтындығын, екіншіден, өзара қарым-
қатынастағы төзімділік пен мейірімділікті, үшіншіден, жақсы мінез-құлық пен
әрекеттерді қалыптастыруды, төртіншіден, білім алуға үйретуді,
бесіншіден, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуді,
алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауды қамтитындығын айқындадық.
Аталмыш кезеңде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуына діннің ықпалымен
қоса сол ғасырлардағы ірі-ірі педагогикалық туындылар негіз болды.
Сондықтан, біз өз зерттеуімізде орта ғасыр ғұламаларының педагогикалық
мұраларындағы отбасы тәрбиесі туралы негізгі ойларын үнемі басшылыққа алып
отырамыз.
Ұлы ғұламалардың педагогикалық мұраларын талдау олардың отбасы
тәрбиесінің бастауы және оның беріктігі жар таңдауға байланысты деген
көзқарасты көрсетті. Мұндай ойлардың алғашқы көздері Қорқыт ата жырларынан
бастау алады. Қорқыт жырларын зерделеу бізге біріншіден, отбасы тәрбиесінің
діңгегі берік болуы үшін жар таңдауды әлеуметтік мәселе ретінде
қарастырғандығын, екіншіден, отбасы сыйластығында әйел - ананың рөлін
жоғары бағалағандығын, үшіншіден, әйел от басы - ошақ қасының ұйтқысы ғана
емес, ер азаматпен бірдей мемлекеттік, қоғамдық істерді атқаруға лайықты
азамат деп қарастырғандығын, төртіншіден, әйел қашан да отбасындағы ақылшы,
ер азаматтың сенімді жолдасы ретінде қарастырғандығын дәлелдейді.
Сондықтан да біз Қорқыт жырларында отбасы тәрбиесінің негізгі идеялары
ері мен әйелі қарым–қатынасындағы теңдікке негізделіп құрылған деп тұжырым
жасадық.
Өйткені, ғұлама өз жырларында ойдың негізгі идеясын адамдар арасындағы
теңдікке бағыттап отырады. Ол бай мен кедей, ер азамат пен әйел арасындағы
құқықтарын шектемей, бәріне бірдей адамгершілік тұғырынан сипаттама береді.
Олардың бәрін бақыт үшін еркін әрекет етуге, күресуге, өз дәрежесінде сый -
құрметке ие болуға лайықты деп бағалайды. Бұл қоғамның дәл бүгінгі әйел
мен ер қарым-қатынасындағы теңдік саясатымен астасып, өз сұранысын тауып
отыр.
Өйткені, соңғы жылдарда елімізде ғылыми танымның әр түрлі салаларындағы
гендерлік мәселелер белсенді түрде зерттеле бастағанын білеміз. Ал, қазақ
халқының қалыптасу тарихында пайда болып, жарық көрген мұралар мазмұны
сонау Томиристің (Тұмар), Қорқыттың заманынан келе жатқан өзіміздің
гендерлік саясатымыздың болғандығын дәлелдейді. Қазақ халқы оны Қыздың
жолы жіңішке деген айдар аясында орынды пайдаланып келді.
Қазақ халқының әйел баласына деген теңдік қатынасы туралы айтылған
шетел ғалымдары көзқарастарын біз мұрағат материалдарын зерттеу барысында
да жиі кездестірдік. Осы тұста біздің сөзімізді ғалым Ю.К.Малницкий растап:
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде әйел баласы ең алдымен отбасы
шаруашылығындағы басты құндылық болып табылған. Екіншіден, қыз балалары
түрік халықтарының мұсылман дінін қабылдаған басқа тайпаларынан тараған
халықтарға қарағанда анағұрлым еркін әрі үлкен құрметке ие. Оларды ең
құрметті, қонақ отыратын орын - төрге отырғызған. Сонымен қатар, қазақ
әйелдерінің көзқарасы мен пікірі отбасылық кеңесте шешуші дауысқа ие
болған. Сондай- ақ, қазақ әйелдері ат үстінде еркін шауып, қонақтарды
күтіп алуға және оларды қымыз, қымыранмен сусындандатуға қатысқан, тіпті
олармен сұхбатқа да түсетін болған, - деп қазақ әйелдерінің басқа халықтар
әйелдеріне қарағанда құқығының жоғарылығын ерекшелеп сипаттайды.
Мұндай қатынас әйел баласын өз кезегінде ел, ру, қауым көзқарасындағы
талапқа сай болуға міндеттеген. Сондықтан болар, сол кезден-ақ қазақ
қоғамындағы үйленуде әйел баласына талап жоғары қойылып, жар таңдау
отбасының әлеуметтік-саяси мәселесі ретінде қарастырылған.
Отбасын құруға байланысты көзқарас XI ғасырда жазылған Ж. Баласағұнның
"Құтты бiлiк" дастанында жалғасын тауып, онда үйленуге бел буған
жiгiттiң қыз таңдауда негiзгi төрт түрлi белгiсiне көңіл бөлуін ескертеді.
Сонымен бірге, қыздардың жігітті адастыратын ерекшеліктерін де сипаттайды.
Ол: Ер жiгiттi адастырар көп себеп: бiрi - күндей сұлулықты көксемек, ендi
бiрi даңқтысын қалайды, үшiншiсi - байлықты жар санайды, - деп, бұл
қыздарды таңдаған жiгiттiң отбасылық өмiрде жолының болмайтындығын
ескертсе, Төртiншiсi - бiрiн де ойға алмайды, ақ ниеттi, әдептiсiн
таңдайды, - деп қыздардың iшiндегi ең таңдаулысы қашан да тәрбиелiсi
болуға тиiстi екендiгiн айтады.
Үйлену, жекжат таңдауда XI ғасыр туындысы Қабуснама еңбегінің авторы
Кейкаус әйелдi жат жерден алуды дұрыс деп санайды. Өйткенi, өз
қарындастарың онсыз да ет пен сүйек, қан мен тамырдай жақын. Басқа ру,
тайпадан әйел алсаң, бiреуiң екеу болғаны әрi жат жұртты өзiңе жақын
еткенiң болып табылады деп санайды. Бұл кеңестің астарында қазақ халқының
жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрімен қоса ел татулығын ойлаған саяси
астар жатыр еді. Осылайша, дана ата-бабаларымыз ғасырдан ғасырға ұрпақ
тазалығын да қамтамасыз етіп келеді. Осы тұста Кейкаус отбасындағы әйел
теңдiгiн асыл бағалап, онымен санасып тұрмыс жарастығын бiрге бөлiсiп
отыруды "Бiлiмдi әйелдің iс - әрекетiне тыйым салушы болма, егер сен
қызғаншақтық жасамасаң, кемсiнбесең, әйелің саған ата-анаңнан да мейiрiмдi
болады", - деп әйел баласының тәрбиелiсi отбасындағы ынтымақ пен береке
қазынасы екендiгiн ескертедi.
Кейкаус отбасында татулық пен ынтымақтастықтың болуы үшiн жар таңдауда
үнемi адам өзiнен дәрежесi төмендеу жердiң қызына үйленуге немесе тұрмысқа
берудi дұрыс деп санайды. Оған: " Қызың iзет, үрмет, рақатпен өмiрiн
өткiзсiн. Сондықтан да күйеуден көп нәрсе талап етпе", - деген сөздерi
дәлел. Бұл ойлардан біз жарды дұрыс таңдай білудің болашақ ұрпақ
тәрбиесінің тірегі болғанына қазақтардың философиялық, педагогикалық мән
бергенін көреміз.
Жоғарыда қарастырылған ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесінің
тиімділігін қамтамасыз ететін жақсы жар отбасының ұйтқысы бола отырып,
бала тәрбиесінде де жоғары нәтижеге қол жеткізеді.
Көптеген тарихи - педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ
отбасы тәрбиесінің басты міндеті тұлғаны қоғам талабына сай әлеуметтендіру
деп анықталғандығын, ал оның қалыптасуы сол отбасының педагогикалық
мүмкіндіктеріне, оның құрылымы мен ондағы психологиялық ахуалға, отбасы
мүшелерінің өзара қарым-қатынасына яғни отбасы сипатына тікелей
байланыстылығын дәлелдейді. Сондықтан, жеке тұлғаның қалыптасуында отбасы
негізгі фактор деп қарастырылады.
Әйтсе де, отбасы ортасындағы тәрбиенің тиімділігі оның басшысының
ақылдылығына байланысты деп тұжырымдалады. Осы тұста ғұлама әл-Фараби
отбасы басшысының ақыл-парасатының жоғары болуы ондағы өмірді дұрыс
ұйымдастыруға және отбасы мүшелерін бақытты тұрмыс кешуге бастайтын
басшылығында өте маңызды орынды иеленетiнiн сипаттайды. Сөйтіп, оны
пайымдағыштық қасиетпен байланыстырады. Ол: Үйдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Түрік қағанатының ыдырауы
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Пәндер