Ғали Орманов



Ғали Орманов - туындылары арқылы өз заманының шынайы көрінісін айшық бейнелей білген дарын. Сонымен бірге оның есімі Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің бірқатар шығармалары мен Толстойдың «Анна Каренина» романын аударуымен танылған.
Қазақтың белгілі ақыны Ғали Орманов 1907 жылы Алматы облысы Қапал ауданындағы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері 1928 жылдан бастап жариялана бастады. Білім беру саласында, «Социалистік Қазақстан» газеті мен «Әдебиет және Өнер» журналының редакциясында бірнеше жыл жұмыс істеді. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар Одағында хатшылық қызмет атқарды. 1939-1945 жылдары Жамбылдың әдеби хатшысы болды. Тұңғыш жинағы «Шеңбер» деген атпен 1934 жылы басылып шықты. Бұдан кейін «Көтерме» (1935) әңгімелері мен очерктерінің жинағы, «Абысын сыры» прозалық жинағы жарық көрді. Ұлы Отан соғысы жылдары «Халық қаһарман», «Емен» өлеңдер жинағын шығарды. Ақынның поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолдану шеберлігімен ерекшеленеді. «Өмір дастаны», «Бөбек жүрегі», «Сәт сапарда», «Ой қанаты», «От өзен», «Жер қазығы», «Жыр қанаты», «Жылдары жыры», т.б, өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаларды суреттеуде ақындық шеберлік танытты. 1950 жылы «Таңдамалар шығармалар» жинағын ұсынды. Ғ. Орманов шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығы. Ақын жырлары өткірлігімен, образдарының көркемдігімен әрі үйлесімділігімен өзгешеленеді.
Ақын әлем әдебиетінің көптеген таңдаулы үлгілерін қазақ тіліне аударды. Ол Ленин, Еңбек Қызыл ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Ғ.Ормановтың алғашқы өлендері 1928 жылдан баспа жүзінде шыға бастады. Тұңғыш өлендер жинағы «Шеңбер» деген атпен 1934 жылы жарық қөреді. «Шәуілдір» (1934), «Алынған қамал» (1935) поэмалары, «Абысын сыры» (1936) жыр кітабы, «Көтерме», атты прозалық жинағы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ғали Орманов
Ғали Орманов - туындылары арқылы өз заманының шынайы көрінісін айшық
бейнелей білген дарын. Сонымен бірге оның есімі Пушкиннің, Лермонтовтың,
Маяковскийдің бірқатар шығармалары мен Толстойдың Анна Каренина романын
аударуымен танылған.  
Қазақтың белгілі ақыны Ғали Орманов 1907 жылы Алматы облысы Қапал
ауданындағы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері 1928 жылдан
бастап жариялана бастады. Білім беру саласында, Социалистік Қазақстан
газеті мен Әдебиет және Өнер журналының редакциясында бірнеше жыл жұмыс
істеді. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар Одағында хатшылық қызмет атқарды.
1939-1945 жылдары Жамбылдың әдеби хатшысы болды. Тұңғыш жинағы Шеңбер
деген атпен 1934 жылы басылып шықты. Бұдан кейін Көтерме (1935)
әңгімелері мен очерктерінің жинағы, Абысын сыры прозалық жинағы жарық
көрді. Ұлы Отан соғысы жылдары Халық қаһарман, Емен өлеңдер жинағын
шығарды. Ақынның поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын
қолдану шеберлігімен ерекшеленеді. Өмір дастаны, Бөбек жүрегі, Сәт
сапарда, Ой қанаты, От өзен, Жер қазығы, Жыр қанаты, Жылдары
жыры, т.б, өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаларды суреттеуде ақындық
шеберлік танытты. 1950 жылы Таңдамалар шығармалар жинағын ұсынды. Ғ.
Орманов шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығы. Ақын жырлары
өткірлігімен, образдарының көркемдігімен әрі үйлесімділігімен өзгешеленеді.

Ақын әлем әдебиетінің көптеген таңдаулы үлгілерін қазақ тіліне аударды.
Ол Ленин, Еңбек Қызыл ту, Қызыл жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен
марапатталған.
Ғ.Ормановтың алғашқы өлендері 1928 жылдан баспа жүзінде шыға бастады.
Тұңғыш өлендер жинағы Шеңбер деген атпен 1934 жылы жарық қөреді.
Шәуілдір (1934), Алынған қамал (1935) поэмалары,  Абысын сыры (1936)
жыр кітабы, Көтерме, атты прозалық жинағы  (1935)  жарыққа шықты. Өмір
дастаны (1948), Бөбек жүрегі (1949), Сәт сапарда (1957), Ой қанаты
(1961),  От өзен (1965), Жер қазығы (1972), Жыр қанаты (1975),
 Жылдар жыры (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде
ақындық шеберлік танытты.
    Ұлы Отан соғысы жылдары ақын Халық - қаһарман (1941), Емен (1944)
деген өлеңдер жинағын ұсынды. Ақынның шұрайлы өлеңдері 1950 жылы шыққан
Таңдамалы шығармалар жинағына енді. 1957 жылы Ғ.Ормановтың таңдамалы
шығармалары жеке кітап болып шықты.  
   Өмірінің соңғы жылдарында Ғ.Ормановтың қаламынан тағы да бірқатар
өлеңдер мен поэмалар туды.
   Ғ.Орманов, А.С.Пушкинің, М.Ю.Лермонтовтың, В.В.Маяковскийдің,
Л.Соболевтің, Н.Тихоновтың, Ян Райнистің бірқатар шығармаларын,
Л.Н.Толстойдың Анна Каренина, романын, Н.В.Гогольдің Нева проспектісі,
А.П.Чеховтың бірінеше әңгімелерін, М.Бубенцовтың Ақ қайың романын,
М.Тұрсын-Заденің Үндістан балладалары өлең кітабын қазақ тіліне аударды.
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі тұлғаларының бірі Ғали
Орманов екендігі әлдеқашан мойындалған ақиқат. Сонау Ешкіөлместен сол бір
қилы заманда Алматыға жеткен бозбала жігіт жылдар өте келе ел таныған
ақынға айналған. Маңдайына бұйырған керемет бір бақыты – жыр алыбы Жамбыл
тәтесі ерекше жақсы көрген екен. “Бұл Ілияс Жансүгіровтың құйыршығы, құрту
керек!” деп қызылкөздер отыз сегізінші жылы қоймай соңына түскенде де абыз
Жәкеңнің қызыл жолбарысының аруағы қолдап, ғайыптан ұлы жыраудың әдеби
хатшысы боп кетіп, Алаштың аймаңдай ақыны аман қалып еді-ау. Мұхтар Әуезов
пен Ғабит Мүсіреповтен бастап әдебиетіміздің алыптары ішінде Ғалекеңнің
ғажайып ақындығын құрметтемеген жан болмады десек те қылдан таймаймыз.
Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өткен ақын
мерейтойына арналған салтанатты кеш сол құрмет-сүйіспеншіліктің бәз-баяғы
қалпында екенін тағы да айғақтады. Сахна төріне ілінген көрнекті ақынның
көркем суреті күлімсірей түсіп, зал толы жұртқа, бүгінгі ұрпағына:
Өмірдің сыйын кем көрсең,
Өзіңді, достым, абайла.
Еріне тиіп жерге өкшең
Жүрмедің бе екен, соны ойла! – деп өсиет айта, шуақты әзілмен жырлап
тұрғандай болды бір сәт.
Қазақ тілінің мәйегіне бөленген, майын тамызған, нәзік иірімді, қысқа
қай-ырылатын бейнелі де сыршыл жырлары “жер бетінде шырағым сөнбесінші” деп
тілеген Ғали ақын арманының орындалғанын паш еткендей. 1934 жылы шыққан
алғашқы жыр жинағы “Шеңберден” бастап ондаған жыр кітаптары ел-жұртын әркез
қуантып отырды. Ақын өлеңімен бірге қайнаған өмірдің де бел ортасында
жүрді. Қазіргі журналистер қауымы оның “Социалистік Қазақстан” газетінде
қызмет атқарғанын мақтан етсе керек. “Майдан” альманағында, “Әдебиет және
искусство” журналында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бас
редактор, Жазушылар одағының хатшысы болған жылдарында Ғали аға талай
таланттарға қамқорлық жасап, қазақ әдебиетінің кемелденіп, өркендеп-өсуіне
де аз еңбек сіңірген жоқ.
Әуелі Ғалекеңнің өмір жолы деректі фильмнен елес беріп өтті. Ақын
туралы алғашқы сөзді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин айтса, Қазақстанның халық
жазушысы Тұманбай Молдағалиев өз баяндамасында Ғ.Орманов шығармашылығы
жайында ерекше бір тебіреніспен толғанды.
Ғалекеңе деген халық сүйіспеншілігінің белгісіндей, ән мен күйі қатар
әуелеген кеште бұдан соң Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдуманов,
Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Е.Бабақұмаров, Білім
және ғылым министрінің орынбасары К.Шәмшиденова, белгілі ақындар
М.Айтхожина мен С.Иманасов, Астана қаласындағы Ғали Орманов атындағы №7
орта мектеп директорының орынбасары Г.Асылбекқызы, “Ғали ғибраты” кітабының
авторы Г.Серғазы және басқалар заңғар ақынға деген қалтқысыз ілтипат
сезімдерін білдірді. Ақынның қызы Жәмиға апай әке туралы сөзін айтып, оның
ақындық бақытын көргеніне қуанышты екенін жасыра алмай, көздеріне жас алды.
Ғали ақынның бақыты да өз өлеңімен халқына қуаныш сыйлауында емес пе.

Ғали Ормановтың артында сөз қалды. Анығы өлеңi мен жырлары. Ол бiр
өлеңiнде:
Ұқсас ақын емеспiн ешкiмге мен,
Сырым осы сақтаған iшiмде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын Сахарама,
Өстiм сонда ұдайы естiп өлең...
Айта берем сырымды әркiмге мен,
Аз сөйлейдi, көп меңзеп сабырлы өлең.
Түбiнде тек тұтқиыл өкiнбе өзiң,
Етпегенмен сөзiмдi қазiр елең, — деген.
Иә, ол ешкiмге ұқсамайтын ақын. Оған өлеңдерi дәлел. Өзiнше жырлайтын,
өзгеше ақын. Оны тағдыры ақын еттi. Абайдан оқып-үйренiп, Жамбылдан тәлiм
алды. Оның әр жылдарда жарық көрген: Шеңбер, Сәт сапар, Ой қанаты,
От өзен, Жер қызығы, Жан қанаты атты жыр-жинақтары сырға толы.
Оқырмандардың жан-дүниесiн өзiнше баурап алады.
Ол туралы қаламдастары не дейдi?
Ғали – жақсы жыр жазуды өмiр бойы армандап өткен және сол арманына
жетiп кеткен ақын. — Ғабит Мүсiрепов.
Ғали ақынның тағы бiр ерекшелiгi ол айтайын дегенiн құлағына емес,
жүрегiне айтатын едi. Сөзбен емес, бейнелеу-суреттеумен айтатын. — Ғабит
Мүсiрепов.
Ғали – Абайдан көп үйренген ақындарымыздың бiрi. Бәрiмiз де Абайдың
шәкiртiмiз, әрине. Ал, Ғали ақын — ұлы Абайдың ең озық шәкiртi секiлдi. —
Тұманбай Молдағалиев.
Ғали лирикасынан мен әрдайым биiк парасатты аңғаратынмын. — Сәкен
Иманасов.
Ақынның басқа тiлдерден аударғандары да өз алдына бiр бөлек дүниелер.
А.Пушкиннiң, М.Лермонтовтың, В.Маяковскийдiң, Мақтымқұлының, Мырза
Тұрсынзаданың, А.Тоқомбаевтың өлеңдерi мен поэмаларын Абайша, қазақ
ұғымында, қазақ болмысында жырлатқан. Бұл аудармашының тапқырлығын,
шеберлiгiн көрсеттi.
Ғали Орманов проза саласында да қомақты шығармалар жазған. Қалың
оқырман бұл еңбектерiн де жылы қабылдады. Ал Л.Толстойдың Анна Каренина
романы, Ги де Мопасанның әңгiмелерi, Н.Гогольдiң повестерi, М.Шолоховтың
Адам тағдыры әңгiмесi, М.Бубеновтың Ақ қайың романдары Ғали Ормановтың
аудармасымен қазақ оқырмандарына таныстырылды.
Жуырда Талдықорған қаласында Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, ақын Ғали
Ормановтың 100 жылдығына арналған Ақын-ғұмыр атты ғылыми-танымдық
конференция болды. Конференцияны Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары Серiк
Мұқпыров ашып, құттықтау сөз облыс әкiмi Серiк Үмбетовке берiлдi.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ақын Ғали
Ормановтың қазақ әдебиетiндегi орны туралы терең мазмұнды ойларын ортаға
салды.
Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың Ғали Ормановтың
өмiрi мен шығармашылығы туралы жасаған баяндамасы жұрттың көкейiнен шықты.
Сондай-ақ, I.Жансүгiров атындағы Жетiсу мемлекеттiк университетiнiң
оқытушысы, профессор Т.Сыдықовтың Ғали Орманов поэзиясы деген тақырыптағы
баяндамасын да залдағы көрермендер жылы қабылдады.
Белгiлi ақындар – Мыңбай Рәш, Қажытай Iлиясов, Рафаэл Ниязбековтiң
естелiктерi мен арнау өлеңдерiне қалың қауым дүркiн-дүркiн қол соқты.

Оның жайлауында жайқалған сан түрлі гүлдер алыстан көз тартып,
жолаушыны өзіне шақырып тұратын. Сарқыраған өзені, биік-биік кезеңі,
қарағайы, қайыңы, аршасы мен шыршасы таласа өскен табиғат арасында дүниеге
келген Ғали ақын өз өмірінің елу жылын Алматы қаласында өткізгенмен, туған
даласын, өскен тауларын, бесігін тербеген жерді, балалығын көрген елді
еміреніп жақсы көретін. Сол елдің арасында жылында бірнеше рет болмаса оның
көңілі көншімейтін.
“Аттанып ауыл анадан
Оқуға кеттім қалаға.
Жабыла маған қараған
Жаутаңдап кеттім далаға.

Жарбиған жаман тон-тұмақ
Жабысып кеттім үстімде.
Жанайын деген бір шырақ
Жалтылдап кетті ішімде”, –
деген өлеңін Ғалекең жиырма жасында жазған екен. Бір ғана рет оқып,
жаттап алатын өлең. Ғалекеңнің 1967 жылы “Жазушы” баспасынан таңдамалы
өлеңдері деген атпен шыққан бір томдығының алғашқы беттеріне ақынның жиырма
жасында жазған бір топ өлеңі беріліпті. Бас-аяғы жинақы, ойлары терең
лирикаларын қайта-қайта оқып таңғалдым. Мысалы, “Қысқы күн” деген өлеңді
оқып көрейік.
“Үй кірпігі қимылдап
Қарайды әрең омбыдан.
Айыққанша күн бірақ
Жалғаспайды жол бұған.

Үйден ұзап шықпаймыз
Өзіміз де ондайда.

Ондайда тым ұқсаймыз
Үрпиіскен торғайға.

Боран соқса дүрілдеп
Жер тар бала байғұсқа.
Торғайлар да дірілдеп
Қонақтайды қуыста”.
Өзіміздің бала күнімізде көрген қысымыз осы қыс. Ғалекең оның суретін
айнытпай өлеңмен өріп, көз алдымызға әкеліп тұр. Бала күнін Ғалидай
тебіреніп, рахаттана жырлаған қазақ ақындары бірен-саран.
Қанша бақсаң, қозының
Қызығына тоймайсың.
Қимасыңдай өзіңнің
Қырда бірге ойнайсың”, – деген жолдарда да ауылда өскен қазақ
балаларының өмірінің бір бөлшегі жатқандай. Жаның жадырайды, жүрегің
қуанады. Өзің де талай белдің астында қалған сүйкімді балалығыңмен
ұшырасып, көңілің жай табады. Ғали ақынның балалық әуендері соншалық нәзік,
сұлу. Ескі күндерімен қайта табысқан кәрі жүрек кеудеңнен құс боп ұшып
шығып, аспанға қанат қаққысы келеді. Ғалекең жас кезінде, кейін егде
тартқан кезінде де табиғат жыршысы боп дүниеге тіл қатқандай.
Ғали ағаның жастық, махаббат жайлы өлеңдері де өзінше бөлек, Ғалекең
жырлары сол махаббаттай нәзік, сол махаббаттай ұяң.
“Сондағы кескініңді білем анық,
Алыстан ау жайыңды тұрдым бағып.
Көзіме көзің түссе, балғын жүзің
Құбылды бір қызарып, бір бозарып.

Жалт еткен жанарыңнан күндей ыстық
Кеудеме түсті менің бір шоқ ыршып.

Шарпымай өн бойыңды күндіз-түні
Ондайда қалай жатсын жүрек тыншып.

Сөнген жоқ әлі табы сол бір оттың,
Маздайды көңілімде оқтын-оқтын.
Үмітпен өміріңді асыраған
Дүниеде мұндай бақыт көрген жоқпын.

Жүрсем де кейде шалғай, жайың білмей,
Көремін келбетіңді кәдімгідей.
Әлі сол қарақұрым топ ішінде
Көзіме елестейсің жалғыз гүлдей”.
Бұл жыр бір оқығанда сылбыр, қарабайыр көрінгенмен, “Көзіме елестейсің
жалғыз гүлдей” деген жолдан кейін сенің де жаныңа сол бір ғашықтық оты
алыстан тіл қатқандай болады. Таң шығындай бала жігіт шағыңмен кезігіп,
керемет бір сезімдерге бөленесің. Ақынның көзіне, көңіліне сүйінесің. Үміт
қайығына мініп алыс бір теңіз өріне сапар шегесің. Махаббат желіне кеуде
тосасың. Жігіттің үмітіне үміт қосасың.
Ғали аға өлеңді тым қысқа жазды, бірақ сол өлеңнің бойына терең ой
сыйғызды. Оның өлеңдеріндегі тәтті қиял, асыл ой, жылы сезім оқырманын
өзіне тартып, еркіңе қоймай шаттық ауылына, жігіттік шағыңа жетелейді.
Кейде үш шумақ жырдың бойындағы ой мен сезімді қара сөзбен қайталап айту
мүмкін де емес сияқты. Сол үшін де оянам десең, ойланам десең Ғали ағаны
жатта, сонда ғана жарылқанасың, іздеген жақсылығыңа жетесің. Өлеңді кісі
көңіліме азық алсам деп оқиды. Өлең кәріге сергектік әкелсе, жасқа қуаныш,
бақыт әкеледі. Бір ауыз өлеңді жатқа айтпайтын қазақ жоқ.
“Сылдыраған жас бұлақ
Көрдім таудан қайнаған.

Жағасында жапырақ
Суын сипап ойнаған.

Көрінді ыстық ол маған
Жас күнгі бір кезімдей.
Жас жігітке қараған
Жас сұлудың көзіндей.

Еске түсіп бала кез
Жудым судан бетімді.
Талай мөлдір қара көз
Қарап тұрған секілді”.
Осыдан алпыс жыл бұрын жазылған осы өлеңнің бойынан сол бұлақтай
тазалық, сол бұлақтай мейірім, сол бұлақтай қуаныш таптым мен. Қанша заман
өтсе де Ғали “Бұлағы” сарқылмайды. Жетемін деген жеріне жетеді. Ұрпақпен
бірге алыс замандарға кетеді. Ғалекеңнің осы мазмұндас “Орамал” әні бар,
әні композитор Мұқан Төлебаевтікі, қос дарын иесінің бір әнге, бір өлеңге
иелік етуі де көңілге қуаныш әкеледі. Ғали ағаның бар өлеңі адамдықты,
азаматтықты, батырлықты, елдікті, еркіндікті марапаттаған маңдайы ашық,
өмірге ғашық өлеңдер.
“Әлемнің ашып пердесін
Әуелі назар саласың.
Әуес қып көрген әрнесін
Кіршіксіз сәби баласың.

Теңбілсіз көктің жүзінен
Сәскеде жайнап қарайсың.
Жайдары жаздай көзіңді
Тамылжып жерге қадайсың.

Жалынды жақсы жардай сол
Толықсып түсте қызасың.
Төбеден қиыс ауған соң
Түсіңді қайта бұзасың.

Көлеңке шалып өңірді
Жиекке жылжып ұзайсың.
Қыздырып құшқан жеріңді
Қиюға қалай шыдайсың”.
КазГУ-де лекция тыңдап жүргенімізде араб тілінен дәріс оқитын
Пайғамбари дейтін жас жігіт Ғали ағаның өлеңдерін тақтаға жазып араб
әріптерін үйрететін. Ол кезде жас мұғалім Зейнолла Қабдолов ағамыз:
“Аунағым да келеді,
Ойнағым да келеді.
Ыстық көріп қараймын
Мұндағы әрбір төбені.

Өзге жердің суынан
Суы да өзге секілді.
Қайта-қайта жуынам
Бұлағына бетімді”, деген өлең жолдарын қайта-қайта айта беруші еді.
Қарапайым сөздердің күннің сәулесіндей ойнауын-ай, сенің қара сөзбен
жеткізе алмайтын ойыңды Ғали ақын екі-ақ шумақпен қалай жеткізе білген.
“Азат жер” аталатын осы өлеңді де қазақ өлеңдерінің ішіндегі бір әдемісі,
бір көріктісі шығар деп ойлап ем сол кезде. Өзімнің де өлең жазуға талпынып
жүрген кезім. Зейнолла ағаның Әбділда, Тайыр, Ғали, Дихан, Жұмағали,
Қалижан, Хамит, Жұбан, Қуандық, Сырбай өлеңдерінен келтірген үзінділерін
тыңдап отырып “Мына өлең деген ауылға бармаған дұрыс шығар. Сөз сиқырының
кілтін табу оңай емес сияқты” деген қорқыныш кіретін көңіліме. Содан кейін
айлап өлең жазбай кететін едім.
Ғали аға жаз айларында өзінің туған өлкесі Талдықорғанға жиі-жиі барып,
жерлестерімен кездесіп, елдің халін, тұрмыс-тіршілігін барлайтын. Жүрген
жолынан жыр алып қайтатын.
1955 жылы Ғали аға мен бала кезімде қозы баққан Асы жайлауына барыпты.
Қасында атақты жазушы Тәкен Әлімқұлов інісі бар. Бұл өте жомарт сапар
болды. Ғалекең біздің Асыдан неше бір маржан өлеңдер жазып қайтты. Менің
тісім батпай жүрген жайлардың бәрін жырға айналдырып, жүрген жерін жыр
шуағына бөлеп қайтты.
Аяулы менің Тәкенім
Адырлар кезбе, асығып.
Арнаулы жанға әкелдім
Алатау белін асырып.

Алдыңда жатқан кең алқап
Атақты біздің Асымыз.
Айнала биік, өр, шалқақ
Бауыры балғын, басы мұз”, – деп басталатын жыр жолдарын осыдан жарты
ғасыр бұрын “Әдебиет және искусство” журналынан оқып ертең ержетіп өзімнің
туған Асыма осындай өлең жазар ма екем деп ойлап ем. Ғали ағаның басқа
өлеңдеріндей осы бір топтамасы да менің жанымды бір тербеп кетіп еді,
шіркін.
Ғали ақын бұдан кейін де көп өлеңдер жазды. Көп кітаптар шығарды.
Көз алдымда бір сурет қалып қойыпты. 1956 жылы қыркүйек айында
Жазушылар одағының үлкен залында менің тұңғыш өлеңдер жинағым “Студент
дәптері” талқыланды. Мәжілісті ол күнде атағы жер жарған Хамит Ерғалиев
басқарды. Жазушылар одағының кең залында мен танымайтын бір топ адаммен
қатар Қаратаев Мұхаметжан, Молдағалиев Жұбан, Мәуленов Сырбай ағалар отыр.
Тағдырымның не боларын білмей, есік жақта бұрышта мен отырмын. Хамит аға
жиналысты ашты да баяндама жасау үшін сөзді Ғали Ормановқа берді. Өзім
өлеңін сүйіп оқитын Ғали ағам. Шашы аппақ, өңі жылы, көзі нұрлы ақын аға
мінбеге көтеріліп, менің жинағым туралы жазғанын оқи бастады. Сыны аз,
қолпаштауы көп. “Біздің ауылда баяғыда тай жарысы өтетін. Тай да, тайға
мінген бала да аса бір сәнді киімдер киеді. Топ тайдың алдында әсем киінген
әдемі бала, күміс ер, күміс жүгенді тай да көз қуантады. Мына Тұманбай сол
тайға мініп, жарыс алаңында келе жатқан балаға ұқсап кетті. Әлі талай
жарысқа қатысар, мен мұны бәйгенің алдынан көрем”, – деп мен туралы сөзін
аяқтады Ғали ағам.
Сол күні, сол сағатта жиырмаға жасы жаңа толған Тұмашыңды азапты жыр
жолына аттандырып ең, Ғали аға. Бүгін жасы жетпістен асқан сол балаң сенің
жүз жасыңа арналған жиында сөз сөйлеп тұр. Мен сізді қазақ жырының мәңгі
жасайтын кереметінің бірі деп келешекке аттандырып тұрмын. Жолың болсын,
аға.
Теңесем де теңізге, дарияға,
Жарасатын сияқты Ғали аға.
Ұл боп кірдің еліңнің санасына,
Жыр боп кірдің жарқылдап әр ұяға.

Сен ерімсің шығарған елдің атын,
Ел аманда бітпейді әл қуатың.
Елу, алпыс, жетпісің желкілдеді.
Жүзіңді де тойлады енді халқың.

Жүзге жырың, жан аға, тірі келді,
Құшақтайсың қуанып күліп елді.
Жақсылыққа бастадың соңыңа ерген
Біз секілді өрімдей інілерді.

Ұмтылады от жүрек, көңіл де алға,
Алыстарға тартады өмірлі арба.
Сенің тойың өшпейтін өлең тойы,
Сенің тойың бітпейді елің барда
Қазақ поэзиясында от өлеңі қаулай өскен қара орманның дара тұрған алып
бір емені, айтары анық, жыр бояуы қанық, қайталанбас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғали Орманов туралы
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары
Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Л.Толстойдың "Анна Каренина" романының қазақ тіліндегі аудармасы жайында
60-70-жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар
Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау
Ғали ормановтың табиғат жайлы өлеңдеріне әдеби талдау
Тұщы су дефициті
Қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасуы
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Пәндер