Ақтөбе облысының бидай өнімділігінің құрылуының агрометеорологиялық және синоптикалық жағдайы



КІРІСПЕ .
1ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстан ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет жасау
1.2 Агроклиматтық аудандастырудың климаттық негізі
1.3 Жаздық бидайдың агроклиматтық факторларға шарттары
1.4 Синоптикалық жағдайлардың ауылшаруашылығына әсері
2 БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2. 1 Ақтөбе облысы физико.географиялық сипаттамасы
2. 2 Бидай өнімділігін көп жылдық динаметикалық талдау
2. 3 Бидай өнімділігінің агрометеорологиялық факторларға
бағыныштылығы
3 БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА СИНОПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ӘСЕРІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қазақстан Республикасы аграрлы ел және негізгі алынатын ауылшаруашылық астығы дәнді-дақылдар болып табылады. Кезкелген елдің экономикалық жағдайы кейбір дәрежеде ауылшаруашылығы дамуының денгейімен анықталады. Шаруашылық тіршілік әрекетінің әртүрлі дәрежесі қоршаған ортамен тығыз байланыста бола отырып атмосфералық құбылыстармен прецестер ауа-райы өзгеруінің тұрақтылығымен оның көпжылдық сипаттамаларымен қамтамасыз етеді. Мұның барлығы әртүрлі сипаттағы салдарға алып келеді. Табиғи жағдайлар және ауа-райымен климаттың агроблоценоздардың тіршілік ету ортасының пайда болуына әсері олардың жеке компоненттеріне әртүрлі ықпал жасауы мүмкін.
Барлық есептеулер жалпы уақыт пен кеңістік бойынша айтарлықтай маңызды агроэелменттердің таралуын сипаттайтын алғашқы метеорологиялық мәліметтерді өндеу негізінде жүргізіледі. Мәліметтерді өңдеу статистикалық сипаттамалармен параметрлерді табу сонымен қатар корреляциялық байланыстарды табумен бағалау жолдарымен іске асырылады. Жаздық мәлімет өнімінің қалыптасуына негізінен ауаның температурасымен ылғалдылығы әсерін тигізеді. Бұл әсердің дәрежесі бірдей емес. Бұдан басқа да болмашы факторлардың әсері байқалады.
Бұл жұмыста Ақтөбе облысында дәнді дақылдарды егудің агроклиматтық жағдайлары, шаруашылықтарға байланысты Қазақстанның батыс облыстарының агроклиматтық сипаттамалары қарастырылып талданған.
Қазақстан үстіндегі атмосфералық циркуляция ерекшеліктеріне шамамен суық жарты жылдағы оның маңындағы орташа ендік зонасын жатқызуға болады. Әдетте, Азор максимумы шығыс саласының өсімен жиі жалғасатын Сібір максимумы батыс сілемінің өсі өтеді. Қазақстанды батысынан шығысына қарай кесіп өтетін жоғары қысымның тұтас жолағы.
Дәнді дақылдардың өнімділігін болжауымен жұмыс істеп жүрген көптеген авторлармен күздік бидай өнімділігі, оның вегетация кезеңінде және циркуляциялық ерекшеліктерімен сипатталатын ауарайының жағдайлары арасындағы тұрақты байланыстар алынды.
Жазда құрғақшылық жағдайлар Қазақстан үстінде ауарайының антициклондардың режимі және батыстан жоғары қысым ядросының (Азор) периоттық басып-кіруі кезінде болады. Құрғақшылық жаз жайылым шөптері өнімділігін төмендетіп және малды жайылымға шығару үшін қолайсыз тұрақты ыстық ауарайы бар периодты жоғарлатып, малшаруашылғы өнімділігін айтарлықтай төмендетеді.
1. Кожахметов П. Ж., Карабкина Н. Н. Об агрометеорологическом обслуживании сельского хазяйства Казахстана // Гидрометеорология и экология: -1997. -№2.- Б. 81-87.
2. Полевой А. Н. Сельскохозяйственная метеорология. -С-Пб.: Гидрометеоиздат, 1992. – 424 б.
3. Лебедь Л. В., Беленкова З. С. Метод агрометеорологической оцекки и прогноза урожайностей основных зерновых и зернобобовых культур // Тр. КазНИГМИ, 1961. -Вып. 110.,-Б. 115-120.
4. Чичасов Г. Н. Технология долгосрочных прогнозов погоды. С–Пб.: Гидрометеоиздат, 1991.–Б. 241-245.
5. Госсен Э. Ф., Мизина С. В., Joel B. Smith. Некоторые аспекты стратегии развития зернового хозяйства Казахстана с учетом возможного изменения климата. // Гидрометеорология и экология: 1997. -№3.- Б. 50-64.
6. Чичасов Г. Н., Шамен А. М. Долгопериодные изменния климата и их последствия для зернового хозяйства Казахстана // Гидрометеорология и экология: 1997. -№3. -Б. 29-41.
7. Мизина С. В., Есеркепова И. Б., Сутюшев В. Г. Оценка уязвимости урожайности пшеницы в северном Казахсатане при возможных изменениях климата // Гидрометеорология и экология: 1997. -№3. –Б. 64-73.
8. Воронина Л. А. Влияние изменения климата на уражайность озимой пшеницы в Казахстане // Гидрометеорология и экология: 1997. -№3. -Б. 73-79.
9. Шульгин А. М. Агрометеорология и агроклиматология. –Л.: Гидрометеоиздат, 1978. – 200 б.
10. Серякова Л. П. Агрометеорология. –Л.: Гидрометеоиздат, 1978. – 180 б.
11. Мищенко З. А. Биоклимат дня и ночи. –Л.: Гидрометеоиздат, 1984.–279 б.
12. Байшоланов.С. С. О проблемах агрометеорологического прогнозирования в Казакстане. Вестник КазНУ. Серия географическая: Алматы. №1 2001. (11). – С. 34-35.
13. Мухитдинова. Р. А., Байшоланов.С. С. Агроклиматические условия возделывания зерновых культур в западном Казакстане. Вестник КазНУ. Серия географическая: Алматы. №2 2002. (15). – С. 20-26.
14. Байшоланов. С.С., Кожахметов. П.Ж., Смаилова. Л.Ж. Особенности циркуляций атмосферы в благоприятные для овцеводства годы в Казахстане // Приредние и аридных территорий. Алматы. “Қазақ университеті” 2001. – С. 188-195.
15. Воронина. Л. А. О синоптических условиях формирования урожайности пшеницы на юге и юго-востоке Казахстана // Гидрометеорология и экология. 1995. №2. – С. 113-123.
16. Агроклиматический справочник по Западно-Казахстанской области. Алма-Ата: Казгосиздат, 1960. -127 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометерорологиялық
қызмет жасау

Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады
және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болды 1. Климат пен ауа-
райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман – агрометеорологтер
ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық
шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен. Мұнда тек ауа-райының жағдайын
ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетацялық кезеңдердегі орта
факторларына дақылдардың қажеттілктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына
қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтермен
бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне,
далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топрақтағы өнімді ылғал қоры
анықталады.
Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет
жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954) сәйкес келеді.
Дәнді – дақылдар алқабының ауданы үлкеюмен метеорологиялық станциялар мен
посттардың саны көбейді. 1978 жылы агрометеорологиялық бақылаулар 240
пункттерде жүргізілді 1. Бірақ, бұл жеткіліксіз болды. Сондықтан 1960
жылдан бастап вегетация кезеңі мен өнімді қалыптастыруда далалар мен
жайылымдарға жер үсті және авиациялық зерттеулер жүргізіле бастады.
Агрометеорологияның маңызды міндеттері мыналар 2:
1) ауылшаруашылық өндірісінің процестері мен обьектілеріне ауа-райы
мен климаттың әсер ететін кеңістіктік – уақыттық заңдылықтарын
зерттеу;
2) метеорологиялық факторлардың топырақ жағдайына,
агрофитоценоздардың өнімінің дамуына, өсуіне және қалыптасуына
ауылшаруашылық дақылдарында ауру мен зиянкестердің дамуы мен
таралуына әсерін мөлшерлік бағалау әдістерін өңдеу;
3) агрометеорологиялық болжамдар әдістерін және ауылшаруашылық
өндірісін агрометеорологиялық қамтамасыздандыру формаларын
жетілдіруді өңдеу;
4) агроклиматтық аудандастыру, ауылшаруашылық дақылдарының жаңа
сорттары мен шибридтерін орналастыру, өсімдік өсіру өнімділігін
жоғарылату үшін климаттық ресурстарын толық және ұтымды
пайдалану тәсілдерінің агроклиматтық дәйектемесі;
5) жерді мелиорациялау және далалардың микроклиматының өзгеру
тәсілдерінің агроклиматтық дәйектемесі;
6) ауыл шаруашылығына қолайсыз және қауіпті гидрометеорологиялық
құбылыстармен күресу әдістерін сонымен бірге осы құбылыстарға
белсенді әсер ету әдістерін өңдеу.
Бұл тапсырмалар агрометеорологиялық ғылымымен және ауылшаруашылық
өндірісін агрометеорологиялық ақпараттармен шұғыл қамтамасыз жасау
мақсатындағы практика мен шешіледі. Нарықтық экономика жағдайында
агрометеорологиялық болжамдарға, әсіресе өнімділік болжамдарына
агробиржалар, бизнесмендер, ауылшаруашылық өнеркәсіптер құштар. Гидромет
қызметінің беретін негізгі ақпараттары мыналар болып табылады:
1) астықтың және бұршақ дәнді-дақылдардың өнімділіктің орташа
облыстық және астықтың ең көп жиналуы туралы болжамдар;
2) көктемдік – далалық жұмыстардың басталуы қарсаңында топырақтағы
ылғалдылық қорына болжам жасау:
3) күзде дәнді – дақылдарды себу мерзімін болжау;
4) республика территориясы бойынша декадалық агрометеорологиялық
бюллетень және т. б.
КазНИГМИ-де (қазіргі КазНИИМОСК) аэрофотометриялық ақпараттар
негізінде өңделген әдістемелер үлкен аудандарда далалар мен жайылымдар күйі
жөнінде шұғыл түрде қысқа мерізідерде ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның агрометеорологиялық жүйесі 1986 жылмен
салыстырғанда 50 пайызға қысқарды, астық себетін облыстарда екі есеге дейін
азайды. Территорияның агрометеорологиялық жүйелермен жеткіліксіз
қамтамасыздығы агрометболжаушылардың жұмысын қиындатады. Бұл тағы да
мынамен байланысты: соңғы жылдары ауылшаруашылық дақылдарын өндіру
технологиясы әлсіреп кетті. Арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы
егістіктерді өңдеу, өнімді жинау уақытымен жиналмай жүр, күзде айдалған
жердің көлемі кенеттен қысқарды. Осының салдарынан күшті технология бойынша
ауылшаруашылық дақылдарын өндіруге 80-жылдары бағдарланған әдістемелер
тиімділігі әлсіз болып қалды. Бірақ, агрометоболжаушылардың көпжылдық
жинаған тәжірибелерінің және мұқият талдау жүргізуінің арқасында шығарылған
өнімнің көлемі және болжамдардың дұрыстығы жоғары деңгейде сақталып жұр.
Сәйкесінше соңғы жылдары Казгидромет пен КазНИИМОСК агрометеорологтарымен
бар агроболжамдар кемелденіп, жаңа әдістер жасалуда, олардың алдын ала
болжамдары артуда 3, 4.
Аграрлы бөлімдегі агрометеорологиялық қызметтің эффективтілігінің
жоғарылауының бір көзі болып аэрокосмостық ақпаратты пайдалану болып
табылады 4. Ауылшаруашылық егістерін аэро және космостық суретке түсіру
бір уақытта үлкен территория бойынша вегетациялық кезеңде динамикада егіс
жағдайы жөнінде тікелей мәліметтердің бірнеше түрлерін алуға мүмкіндік
жүрген NOAA сериялы (AVHRR-3 радиометрі) жаңа сондық ақпарат жергілікті
жердің ені бойынша 2700 км алатын суретке түсіруді орындайды.
5 жұмыста акдемик Э. Ф. Госсен аграрлыэкономикалық кезеңдердің
бірнеше түрін ажыратады:
Бірінші кезең (1954 – 1964-ж ж) –тың және тыңайған жерлерді игеру.
Қазақстанда 25млн. гектар жер жыртылған. Астық дақылдарының егістік жерлері
игерілгеннен кейін 7 млн. гектардан 24,6 млн. Гектарға дейін өсті.
Сәйкесінше өнімділік 5,6 дан 7,0 цга дейін жоғарлады, ал жалпы жиналған
астық 3,9 дан 17,2 млн. –ға дейін, яғни топырақтың табиғи құнарлылығына
байланысты жерлерді экстенсивті пайдалану жүріп жатты.
Екінші кезең (1965 – 1986 ж. ж.) топрақ сақтау егін шаруашылығын
игерудің басы және өңдеумен сипатталаты. Өнімділік 8,9 цга-ға дейін
жоғарлады, ал жалпы жиналғаны 24 млн. тоннаға дейін. Топрақтың желдік
эрозияға (мүжілу) ұшырауы толығымен тоқтатылды.
Үшінші кезең (1986 – 1990 ж. ж.) – минералды тыңайтқыштарды жаздық
бидайдың жаңа сорттары және өсімдіктерді қорғау тәсілдері астық дақылдарын
өндірудегі күшті басталуымен сипатталады. Ол Қазақстан бойынша орташа
өнімділікті 9–10 цга деңгейінде сақтап қалуға себеп болады.
Төртінші кезең (1991 – 1996 ж ж) – терең экономикалық кризис пен
интенсивтендіру көлемінің апатты төмендеуіне сәйкес келеді. Ауыспалы
егістер және астық дақылдарының тұқым шаруашылық жүйесі бұзылды.
Нәтижесінде өнімділік 6,5 цга дейін төмендеді.
Мұнымен қатар Э. Ф. Госсен 5 климаттың глобольдық жылуымен
байланысты астықтық өндірістің күдікті мәселесіне көңіл бөлді. GFDL (АҚШ.
1989ж) UKMO (Біріккен Патшалық) моделінің нәтижесі бойынша алынған мүмкін
болатын және төтенше құрғақ сценарші кезіндегі республикалық егін
шаруашылығының бейімделуін қарастыра отырып, мындай тұжырым анықталған,
яғни атмосферада СО2 концентрациясының екі есе көбеюінен Қазақстан
территориясында егіс далаларының азаюына алып келетін жаздық бидайдың
солтүстүк ендік бағытында өңдеу зонасының қозғалуы байқалу мүмкін. Алайда
толық интенсивтендіру (бұлар, пестицидтер, жаңа сорттардың тұқымдары және
т. б.) нәтижесінде жалпы жинау 20-25 мли. гектар деңгейінде тұрақтануы
мүмкін.
Г. Н. Чичасовтың 6 зерттеуі бойынша жақын арада, яғни 30-35 жылда
Солтүстік Қазақстанда температураның глобальды жоғарлауы әсерінен жаздық
бидайдың өнімділігінің төмендеу мүмкіндігі аз. Тағы да 2010 –жылдан кейін
Қазақстанның солтүстігінде температуралық – ылғалды жағдайдың оңтайлығымен
байланысты өнімділіктің кейбір артуымен белгіленеді.
7 авторлары атмосферадағы СО2 концентрациясының екі есе көбеюінің
сәтінде жаздық және күздік бидайдың нашарлығына баға берді. Былай қорытынды
жасалған, жаздық бидайдың өнімділігі едәуір түрде шамамен 25-ден 30% дейін
төмендейді. Ал, күздік бидайдың өнімділігі бірнеше облыстарда артуы мүмкін,
алайда оны территорияның шектелген бөлігінде ғана жинау мүмкін болады.
Л. А. Воронинаның 8 зерттеуі көрсеткендей, континентке ылғал және
жылы ауа массаларын мұхиттан, әсіресе жылдың суық уақытында, өте тереңірек
кіруіне алып келетін ауа массаларының зоналық тасымалдануы күшейеді және
ендік процестердің қайталанушылығы артады. Соның әсерінен жылы және ылғалды
қыстардың қайталанушылығы артады. Жазғы кезеңде құрғақшылықтың белең алу
мүмкіндігі өседі. Осыған байланысты ол күздік бидайға жерді үлкейтуді және
республиканың солтүстік обылыстарына жылжи отырып, жыртылған аудандарды
кеңейтуді көрсетеді.

1.2 Агроклиматтық аудандастырудың климаттық негізі

Климаттық ресурстар ауыл шаруашылығының даму жағдайын анықтайтын
негізгі табиғи факторлардың бірі болып табылады. Агроклиматологияның
міндетінің бірі территорияның агроклиматтық ресурстары мен агроклиматтық
аудандастыруын бағалау болып табылады. Агроклиматтық аудандастыру ауыл
шаруашылығының географиялық таралуы мен мамандануы үшін нағыз маңызды
болатын өз шекарасының ішінде жеткілікті біртекті және аудандастыру
көрсеткіштерінің негізінде қойылған қатынаста бір-бірімен жеткілікті өзгеше
территориялардың белгілі жүйе бойынша әртүрлі аудандарға бөлінуі
қарастырылады 9 .
Біздің елімізде ауыл шаруашылығының дамуы территория бойынша оның жеке
салаларының қолайлы орналасуын, мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын жаңа
аудандараға ауыстыруды, ауыл шаруашылығы өнімінің көбін алу мақсатында
климат ресурстарын және оның жоғары сапалы жақсы пайдалануды қажет етеді.
Агроклиматтық ресурстар түсінігіне мыналар кіреді: күн радияциясы,
ылғалдылық, жылу, жел, күндізгі күннің ұзақтығы және т. б.
Агроклиматтық ресурстарды ауыл шаруашылығы мақсаты үшін уақыт және
кеңістік бойынша бағалау мен оқып білу агроклиматологияның маңызды
мәселесін құрайды. Климат мәдени өсімдіктер мен жануарлардың географиялық
таралуына әсер етеді. Соңғы уақыт үшін мәдени өсімдіктердің солтүстік
ендіктерге қарай жылжуы тән. Солтүстікке кең түрде арпа және көкөніс
дақылдары өседі. Тропиктік белдеудің өсімдігі – жүгері қоңыржай белдеудің
едәуір ауданын алады. Сонымен қатар күріш те солтүстікке енді, Сібірде
солтүстік бау шаруашылығы құрылады. Европаның өсімдігі бидай АҚШ та, Канада
мен Аргентинада көп жерлерді алып жатыр.
Радиациялық ресурстар. Егін шаруашылығының энергетикалық негізі болып
жиынтық күн радияциясы әсіресе, фотосинтетикалық активті радияция (ФАР)
болып табылады. өсімдіктің дамуы үшін вегетациялық кезеңде күндізгі күннің
ұзақтығының, күн шұғыласының сағаттар санының маңызды мәні бар. Полиярлы
егін шаруашылығының (650) солтүстік шекарасында жазда күндізгі күннің
ұзақтығы 22 сағатқа тең, сол уақытта экваторлық ендіктерде 12 сағат. Күн
ұзақтығына өсімдіктің реакциясы фотопериодизм деп аталады, және өсмдіктер
қысқа күн (12 сағаттан аз), ұзақ күн (12 сағаттан көп) және бейтарап болып
бөлінеді.
9 мәліметтері бойынша “плюс”10 0С жоғары температурада вегетациялық
кезеңде ФАР шамасы Қазақстан территориясы бойынша 24,5 МВтм2 тан (35 ккал
см2) солтүстікте, 31,5 МВтм2 (45 ккал см2) дейін оңтүстікте.

Термикалық ресурстар көрсеткіші ретінде агроклиматологияда
вегетациялық кезең үшінші территориялардың активті және эффективті жинағы,
орташа айлық температуралардың орташа және экстремальды мәндері, белгілі
температура шектері арқылы өтетін даталар (биологиялық минимум 50, 100,
150С) және т. б. қолданылады.

Активті температура жиынтығы жердің ендігіне және теңіз деңгейінен
биіктікке байланысты өзгереді. Ал жағалау аудандарда тағы да мұхиттар мен
теңіз ағындарына байланысты. ТМД территориясында ол “плюс”300-ден
“плюс”50000С дейін, ал Қазақстан территориясында “плюс”2500-тен
“плюс”40000С-қа дейін жоғарылайды.
“плюс” 100С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасы мен
кезеңінің ұзақтығы ТМД-да 60 күннен солтүстікте, 240 күнге дейін орта
Азияның оңтүстігінде тербеледі. Бұл кезең қоңыржай ендіктерде
ауылшаруашылық астықтары көпшілігінің вегетациялық кезеңіне сәйкес келеді.
Мұнда шектейтін фактор үсік болып табылады.
Агрометеорологияда астықтың пісу немесе даму фазасының кезекті түсуі
негізнде эффективті температуралардың жиналған жиынтығы (астықтың
биологиялық минимум шамасына дейін төмендеген орташа тәуліктік температура
жиынтығы) бойынша анықталады. Мысалы, ылғалданудың қалыпты жағдайында
жаздық бидай сорттарының әр түрлері үшін трубкаға шығу – масақтану
кезеңінің өтуі үшін “плюс” 283тен-“плюс”400 0С-қа дейін эффективті
температуралар (50С жоғары) жиынтығы, ал масақтанудан дәннің сарғаюына
дейін “плюс” 450ден-“плюс”540 0С дейін қажет.
Өсімдіктер сонымен қатар ауа температурасының күндіз және түнде
өзгеруіне әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бұл реакциясы термопериодизм деп
аталады 10. Вегетациялық кезеңде неғұрлым тәуліктік амплитуда жоғары
болса, өсімдік соғұрлым өсе береді. Бұл фотосинтез процесі мен дем алудың
температураға бағыныштылығы салдарынан болады. Термопериодизмнің салдары
болып өсімдіктің химиялық құрамының өзгеруі болады. Өсімдіктің химиялық
құрамы мен климаттық континенттілігі арасында тікелей байланыс бар 11.
Континенттік климат жағдайында жемістер мен тамыр жемістерінің қанттылығы,
дәнді дақылдардың ақуыздылығы жоғарылайды. Теңіздік климат жағдайында дәнді
дақылдарда крахмалдық мөлшері жоғарылап, ақуыздың заттар мөлшері азаяды.
Ылғал ресурстары. Су өсімдік өмірінде үлкен роль атқарады. Ол
топырақта құнарлы заттарды ерітеді және оларды өсімдіктің тканьдарына
жеткізеді. Өсімдік жасушасында пайда болған көміртегі ретінде қабылдайды.
Ақырғысы ол өсімдіктің ішкі бөлігінен буланып және олардың температурасын
төмендетіп, салқындатқыш рольін атқарады.
Өсімдіктің ылғалы мен қамтамасыздығын бағалау үшін олардың ылғалда
пайдалануы туралы мәлімет және ылғалдық топырақта болуы қажет. Сонымен,
ылғал қамтамасыздықтың тікелей көрсеткіштері болып топырақтағы, өнімді
ылғал қоры мен вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын жиынтығы болып табылады.
Өсімдіктің ылғал қамтамасыздығы тағы да жанама көрсеткіштермен, яғни Н. В.
Бов пен Н. Г. Грибкованың сулану коэффиценті (К) мен Г. Т. Селянинованың
гидротермикалық коэффициенті мен (ГТК) және т. б. мына формулалармен
анықталады 2, 9, 10: (1,2,3)

K = R E0 (1)

немесе,
K = WB + R E0 (2)

мұндағы:
WB – көктемде топырақтың бір литрлік қабатындағы өнімді ылғалдылық
қоры;
R – вегетациялық кезеңдегі немесе жыл бойындағы жауын-шашын жиынтығы;
E0 – вегетациялық кезеңдегі немесе жыл бойындағы буланушылықтың
жиынтығы:

ГТК = R0.1 (3)
мұндағы:
R – температура жиынтығы “плюс” 100С жоғары кезеңдегі жауын-шашын
жиынтығы;
– температурасы “плюс” 100С жоғары кезеңдегі ауа
температурасының жиынтығы.
ГТК бойынша бағалау мына шкалалармен жүргізіледі: 0,3-тен аз – өте
құрғақ; 0,3тен-0,5 дейін – құрғақ; 0,6 дан 0,7 дейін– құрғақтау; 0,8-ден
1,0 дейін – жеткіліксіз ылғал; 1,0 – ылғалдың келуі мен шығыны тең; 1,0-ден
1,5 дейін – жеткілікті ылғал; 1,5-тен көп – мол ылғал; 2,0-ден көп –
тропиктер үшін мол ылғал 9.
Басқа зерттеушілер (Колосков, Иванов, Шашко, Будыко, Федосеев)
өздерінің ылғалқамтамасыздық көрсеткіштерін ұсынды.
Д. И. Шашконың атмосфералық ылғалдылық коэффиценті (Md) келесі түрде
анықталады(4):
Md = R (4)
мұндағы:
R – жауын-шашын жиынтығы:
– орташа тәуліктік су буы қысымы тапшылығының жиынтығы.
Өсімдіктердің таралуы мен дамуына мынадай географиялық факторлар әсер
етеді: рельеф, теңіз деңгейінен биіктік, ендік, су қоймаларының жақындығы.

1.3 Жаздық бидайдың агроклиматтық факторларға шарттары

Жаздық бидай – жер бетіндегі негізгі азық-түлік дақылдарының бірі.
Жаздық бидайдың мықты тамырлы жүйесін дамыту мүмкіндігі оның Қазақстан мен
Сібірдің құрғақ аудандарында кеңінен таралуына қамтамасыз етеді, яғни
жоғары температура жағдайында және жиі аңызақ желдермен ылғал
қамтамасыздықтың жеткіліксіздігімен сипатталатын аудандарда. Жаздық бидай
өнімділігі бойынша күздік бидайға ғана жол береді, оны тек күздік бидайды
өңдеуге қатты қыстың жол бермейтін аудандар ғана алмастырады. Жұмсақ
бидайдың тез пісетін сорттарының солтүстік шекарасы “плюс”1350-ден
“плюс”1400 0С дейін температура жиынтығының изолиниясына өтеді, ал қатты
бидай сорттары “плюс”1600-дан 1700 0С дейін изолиниядан.
Жаздық бидайдың тұқымдары “плюс” 1-тан 20Сдейін температура да өсе
бастайды, ол көктеу “плюс”4-тен “плюс”50С дейін кезінде басталады 2.
Топырақтың өңделген тереңдігінде тұқымның “плюс” 5 0С температурада өнуі
жиырмасыншы күні байқалады, ал “плюс” 100С тоғызыншы күні. Бидайдың
көктеуін үсік “минус” 6-дан “минус” 80С дейін басқа уақытқа қалдырады.
Өсімдіктің бірінші даму сатысында ылғалдылықтың қолайлы жағдайы
топырақтың жыртылатын қабатының 30-дан 40 мм-дейін өнімді ылғалдылық
қорында қалыптасады.
Топырақтың қолайлы ылғалы кезінде жаздық бидай бұтақтануының басталуы
көктеуден кейін “плюс” 670С эффективті температуралар жиынтығы
жинақталғанда байқалады және оптимальді болып “плюс”13-тен 180С дейін ауа
температурасы саналады.
Турбкаға шығудан кейін топырақтағы ылғалдылықтың жетіспеуі дамыған
масақтардың мөлшерінің азаюына және ұрықсыздардың көбюіне алып келеді.
Тіпті жауған мол жауын-шашын да жағдайды жақсарта алмайды. Топырақтың бір
метрлік қабатындағы 80 мм өнімді ылғал қоры бұл кезеңде өсімдіктің қалыпты
дамуын қамтамасыз етпейді.
Жаздық бидай ұзақ күндік өсімдік. Жаздық бидай трубкаға шығудан кейін
жылуға талабы бойынша сортты түрлерін шығара бастайды. Содан, трубкаға шығу
– масақтану кезінен өту үшін әртүрлі сорттарға “плюс” 283-тен “плюс” 4000С
дейін тең эффективті температуралар жиынтығы қажет, ал масақтанудан дәннің
сарғаюына дейін “плюс”450-ден “плюс”5400С.дейін Масақтану – дәннің сарғаю
кезеңі үшін қолайлы ауа температурасы “плюс”16-дан “плюс”23 0Сдейін және
топырақтағы өнімді ылғал қоры ең аз ылғал сиымдылықтың 70-75% аралығында
қажет. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 10-12 % төмендеген кезінде және
“плюс”40-тан “плюс”420С дейін температурада тіпті астық суармалы егістерде
де мезгілсіз пісуі және солғын болуы мүмкін.
Даму кезеңінің басында интенсивтілігі “минус” 5 –тен “минус” 7 0С үсік
өнімді 10-13 % төмендеуіне және вегетация кезеңін 2-8 тәуілкке дейін
ұзаруына алып келді 2.
Жаздық бидай гулдену мен дәннің пісуі кезеңінде интенсивтілігі “минус”
1-тан “минус” 2 0С дейін үсікте зақымдалады. Дәннің сарғаюы басталғаннан
кейін тұқымның сапасы “минус” 5-тен “минус” 7 0С дейін үсікте де сақталады.

Дәннің пісуі кезенде ылғалды және жаңбырлы ауа-райында құйылу (дәннен
еритін органикалық және минералды заттардың жауын-шашын мен шайылуы)
байқалуы мүмкін. Бұл дәннің солуына алып келеді және өнімді елеулі
төмендетеді. Солу тағы да саңырауқұлақты аурулардың, әсіресе когерудің
әсерінен болу мүмкін.
Жаздық бидайдың даму фазасында ылғалды пайдалануы бойынша шамамен
былай реттеледі: көктеу кезеңінде 5-7 %, сабақтану фазасында 15-20 %,
өсімдіктің трбукаға шығу және масақтануында 50-60 %, сүттік пісуінде 20-30
% және толық пісу фазасында 3-5 %. Вегетациялық кезеңде ылғалды жалпы
пайдаланғанда, жаздық бидайдың вегетациялық кезеңдегі ұзақтығы 90-нан 120
тәулікке дейін ауытқиды, ол сорттарына және климаттық жағдайларға
байланысты.
Халық шаруашылығын агрометеорологиялық қамтамасыздау мәселелерін шешуі
үшін мыналарды жасау қажет: административті (әкімшілік) аудандар мен жеке
ірі шаруашылықтар үшін агрометеорологиялық болжауларды өңдеу. Мұнда тек
климаттық және ауа-райы факторлары ғана емес, топырақтың, биометриялық және
агротехникалық факторлар да ескрілу қажет. Ақпарат алу методикасын
агрометстанция жүйелерінің сиректелген жағдайында өңдеу 12.
Батыс Қазақстанда дәнді дақылдарды егудің агроклиматтық жағдайлары
деген мақалада дәнді дақылды шаруашылықтарға байланысты Қазақстанның батыс
облыстарының агроклиматтық сипаттамалары қарастырылып талданған 13.

1.4 Синоптикалық жағдайлардың ауылшаруашылығына әсері

Қазақстан териториясына қайталанушылығы әртүрлі дәрежеде қоңыржай
(полярлы массалар) және тропикалық ендіктердің арктикалық түрдегі ауа
массалары келеді. Қазақстан үстіндегі атмосфералық циркуляцияның негізгі
белгілері жалпы планетарлық циркуляция, радиацияның жергілікті жағдайлары
және төселме беткейдің ерекшеліктері әсерінен қалыптасады. Солтүстік жарты
шар циркуляциясы режимінің ірі ауытқулары, Қазақстан үстінде тікелей
дамитын циркуляцияларға елеулі әсер етеді. Зональді циркуляция кезінде
ауаның атлантикалық массалары аз трансформацияланып Қазақстан
территориясына жетуі мүмкін. Жазда батыстан келетін теңіз ауасының үлкен
ылғал қоры себебінен тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандарында
айтарлықтай ылғалдылық байқалуы мүмкін. Жылдың суық жартысында жақсы
көрсетілген батыс-шығыс циркуляцияның тұруы мен Қазақстаның барлық
территорясында жылылық байқалуы мүмкін. Меридиональді циркуляция кезінде
солтүстіктен суық арктикалық массалардың немесе оңтүстіктен жылы ауа
массаларының қарқынды адвекциясы байқалады. Антициклондардың ультрапалярлы
басып-кіріу кезінде атмосфераның зональды циркуляциясы қатты бұзылады және
ауарайы тез өзгереді. Биіктік жотасының батыс бөлігінде жылу адвекциясы
болады, ал шығыс яғни, әдетте төменгі суық ядро немесе антициклонның
ығысуымен байланысты. Суық адвекция қысқы кездерінде жотаның батысында
жылылық, шығысында қатты аяз пайда болады.
Қазақстан үстіндегі атмосфералық циркуляция ерекшеліктеріне шамамен
суық жарты жылдағы оның маңындағы орташа ендік зонасын жатқызуға болады.
Әдетте, Азор максимумы шығыс саласының өсімен жиі жалғасатын Сібір
максимумы батыс сілемінің өсі өтеді. Қазақстанды батысынан шығысына қарай
кесіп өтетін жоғары қысымның тұтас жолағы.
Дәнді дақылдардың өнімділігін болжауымен жұмыс істеп жүрген көптеген
авторлармен күздік бидай өнімділігі, оның вегетация кезеңінде және
циркуляциялық ерекшеліктерімен сипатталатын ауарайының жағдайлары
арасындағы тұрақты байланыстар алынды.
Қазақстан территориясы тәуекелді егін шаруашылығы зонасында
орналасқан, мұнымен байланысты жинап алынатын дақылдардың вегетация
кезеңіндегі ауарайы жағдайларын білу егістің тек оптимальді мерзімін болжау
мүмкіндігін ғана емес және өнім мөлшерін болжауды береді 15.
С. С. Байшоланов пен П. Ж. Қожахметовтің зерттеулері бойынша мал
жайлымы үшін қолайсыз қыстар меридианальді айтарлықтай кезінде, ал
қолайлысы атмосфераның зональді циркуляциясы күшті кезінде байқалады. Мал
жайлымы үшін қатал қыстар әдетте артикалық ауа массасының басып-кіруімен
және тұрақты Сібір антициклонының батыс жотасының дамуымен байланысты.
Сайкесінше жылы қыстар жылы ауаның Атлантикадан келіуімен және оңтүстік
циклондары шығатын белсенді циклондық әрекетінің дамуымен байланысты.
Жазда құрғақшылық жағдайлар Қазақстан үстінде ауарайының
антициклондардың режимі және батыстан жоғары қысым ядросының (Азор)
периоттық басып-кіруі кезінде болады. Құрғақшылық жаз жайылым шөптері
өнімділігін төмендетіп және малды жайылымға шығару үшін қолайсыз тұрақты
ыстық ауарайы бар периодты жоғарлатып, малшаруашылғы өнімділігін
айтарлықтай төмендетеді 16.

2. БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2.1 Ақтөбе облысына физика географиялық сипаттама

Актөбе облысы Қазақстан республикасының батыс тау бөктерінде
орналасқан. Мұғалжар тауының, шөл далада Іле Ембі ауданында Қазақстанның
солтүстік жерінде, қоршаған ортаның станцияссын жай толкынды жер деп
көрсетеді. 75км Шығысқа қарай биік емес Мұғалжар таулары, көлденең бағытта
созылған, 55км солтүстік. Солтүстік Шығысқа қарай оңтүстік тау
шеті Оралдың тау бөктеріне созылған.
Үлкен емес Жүруы өзені солтүстік Шығысқа қарай құяды Өзеннің ені
жазда 6-дан 8м дейін ірі өзендердің, көлдердің және балшықтардың сттанцияға
жаққыны жоқ. Метеорологиялық алаң ашық және тегіс жерде орналасқан.
Алаңның беті биік емес шөпті өсімдіктерімен жабылған .Сол аумактағы жерлер
егін егу үшін станция алынған Жауын жердегі арнайы құрылыстар Шығысқа қарай
40-тан 45м дейін қашықтыққа орналасқан. Облыстың топырақ жамылғысы әр түрлі
ашық, ашық қоңырлау. Жер бетін келесі кескінмен мінездеуге болады:
1) 0-40см-ашық қоңырлау;
2) 40-120см-ашық;
3) 120-140см-ашық құм;
4) 270-300-құм мен тас.
Жер асты суларының орналасуы тереңдікте. Облыстың жер игеруімен тегіс.
Мұндағы абсалюттік биіктік 350 метрден аспайды. Ақтөбе облысының
территориясының жазық жерлері және жартылай шөлді аумақтары оның
белгісінен. Солтүстік шеткі аймақарында шөптер көп өседі. Топырағы
негізінен қара сарғыш балшықты және сазды болып келеді. Тұзды жерлері
көбірек, Жазықта өсетін шөптердің негізін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазгидромет
Агроклиматтық ресурстар
Метеорологияның даму тарихымен, Қазақстандағы метеорологияның дамуымен танысу. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым туралы түсінік алу
Солтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурсы
Жылу энергетика және қоршаған орта
Ауа температурасының режимі
Қазақстанның солтүстік аймағындағы агроклиматтық көрсеткіштердің кеңістік - уақыттық таралуы
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Артық ылғалдану
Шаңды дауылдардың зерттелуі
Пәндер