Коммерциялық банктер туралы



1.Коммерциялық банктердің даму тарихы ,олардың қажеттілігі ,мәні,мазмұны ,құрылымы ,қызметтері
1.1 Коммерциялық банктердің даму тарихы,олардың қажеттілігі
1.2 Коммерциялық банктердің мәні, мазмұны, құрылымы, қызметтері және атқаратын операциялары
1.3 Қ.Р. коммерциялық банктерінің қазіргі даму жағдайлары

2.Коммерциялық банктердің экономикалық қызметіне талдау (БанкЦентрКредит мысалында)
2.1 БанкЦентрКредиттің пассивтік операцияларына экономикалық талдау
2.2 БанкЦентрКредиттің депозиттік операциялары

3.Пассивті операциялардың қазіргі жағдайы және даму перспективалары
3.1 Қазақстан Республикасының депозит нарығы және ондағы салымдарды сақтандырудың мәселелері
3.2 Қ.Р. банктерінің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары мен басқару критерийлері
Соңғы жылдары Қазақстанның банкі жүйесі – ТМД елдерінің ішінде ең динамикалық түрде дамып келе жатқан жүйелердің бірі. Еліміздің екінші деңгейлі банктері сенімділік және тұрақтылық дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы стратегияларды жүзеге асыруда.
Әйгілі экономист К.Маркстің айтуынша: « Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақталуына жауап беретін ұйым».
Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Қаржы және несие сөздігінде: «Пассивті операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциясы»,- делінеді.
Пассивтік операциялардың 80-90 пайызын тартылған қаражаттар құраса, оның 60-70 пайызын депозиттер құрайды.Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың және депозит шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Қазіргі кезде банктің пассивті операцияларын тиімді басқару, яғни банк ресурстарын қалыптастырудағы негізгі проблемалар, капиталдың халықаралық стандарттарына сәйкес банк капиталының негізгі көздерінің классификациясын жасау, банк пайдасын бөлудің эффективті тәсілдерін қолдану, жаңа клиентураны тарту үшін депозиттердің жаңа түрлерін ұсыну, депозиттік операциялар есебін дұрыс ұйымдастыру банк ісіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсат – тақырыпты ашу, яғни банктердің пассивтік операцияларын жан-жақты қарастыру, зерттеу, оның проблемалары мен даму перспективаларын анықтау. Ал міндеті- көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, пассивтік операцияларға толық сипттама беріп, олардың қазіргі кезде еліміздегі даму жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, пассивтік операцияларға жалпы сипаттама берілген, олардың маңызы, банктердегі рөлі қарастырылған; екінші бөлімде, яғни практикалық бөлімде пассивтік операциялардың банк мысалында талдауы, қазіргі даму жағдайлары қарастырылған; үшінші бөлімде, пассивті операцияларды жетілдіру жолдары, проблемалары және даму перспективалары қарастырылған.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Соңғы жылдары Қазақстанның банкі жүйесі – ТМД елдерінің ішінде ең
динамикалық түрде дамып келе жатқан жүйелердің бірі. Еліміздің екінші
деңгейлі банктері сенімділік және тұрақтылық дәрежесін арттыру үшін барлық
шараларды қолданып, арнайы стратегияларды жүзеге асыруда.
Әйгілі экономист К.Маркстің айтуынша: Банктер біреуге несие беріп
қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және
солардың сақталуына жауап беретін ұйым.
Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары
жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер
қызметіндегі ролі жоғары. Қаржы және несие сөздігінде: Пассивті
операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциясы,- делінеді.
Пассивтік операциялардың 80-90 пайызын тартылған қаражаттар құраса,
оның 60-70 пайызын депозиттер құрайды.Сондықтан банктердің депозиттерін
дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі
болып табылады.
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың және депозит шоттарының әр түрі
кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне
деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың
қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына
жағдай жасайды.
Қазіргі кезде банктің пассивті операцияларын тиімді басқару, яғни банк
ресурстарын қалыптастырудағы негізгі проблемалар, капиталдың халықаралық
стандарттарына сәйкес банк капиталының негізгі көздерінің классификациясын
жасау, банк пайдасын бөлудің эффективті тәсілдерін қолдану, жаңа
клиентураны тарту үшін депозиттердің жаңа түрлерін ұсыну, депозиттік
операциялар есебін дұрыс ұйымдастыру банк ісіндегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудағы басты мақсат – тақырыпты ашу, яғни
банктердің пассивтік операцияларын жан-жақты қарастыру, зерттеу, оның
проблемалары мен даму перспективаларын анықтау. Ал міндеті- көздеген
мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып,
пассивтік операцияларға толық сипттама беріп, олардың қазіргі кезде
еліміздегі даму жағдайын талдау.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, пассивтік
операцияларға жалпы сипаттама берілген, олардың маңызы, банктердегі рөлі
қарастырылған; екінші бөлімде, яғни практикалық бөлімде пассивтік
операциялардың банк мысалында талдауы, қазіргі даму жағдайлары
қарастырылған; үшінші бөлімде, пассивті операцияларды жетілдіру жолдары,
проблемалары және даму перспективалары қарастырылған.

Жоспар
1.Коммерциялық банктердің даму тарихы ,олардың қажеттілігі ,мәні,мазмұны
,құрылымы ,қызметтері
1.1 Коммерциялық банктердің даму тарихы,олардың қажеттілігі
1.2 Коммерциялық банктердің мәні, мазмұны, құрылымы, қызметтері және
атқаратын операциялары
1.3 Қ.Р. коммерциялық банктерінің қазіргі даму жағдайлары

2.Коммерциялық банктердің экономикалық қызметіне талдау (БанкЦентрКредит
мысалында)
2.1 БанкЦентрКредиттің пассивтік операцияларына экономикалық талдау
2.2 БанкЦентрКредиттің депозиттік операциялары

3.Пассивті операциялардың қазіргі жағдайы және даму перспективалары
3.1 Қазақстан Республикасының депозит нарығы және ондағы салымдарды
сақтандырудың мәселелері
3.2 Қ.Р. банктерінің пассивті операцияларын жетілдіру жолдары мен басқару
критерийлері

1.Коммерцялық банктердің даму тарихы, олардың қажеттілігі

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне : Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік банктер
кірді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады.Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк
құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО
Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп
құрылыс банкі (Промстройбанк) , Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде:
Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты.Ол
елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен
мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды.
Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, неселендіріп отырды, көбіне осы
кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен
пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік
кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын, Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіпбанк – Қазақстан Республикасы акционерлік- коммерциялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік –коммерциялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта
өзгерді, ал Жинақ банкі ҚР Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас,
кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк
КРАМДС банк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды.
1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің
қаулысымен бекітілген, 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені
реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер
болды. 1995 жылдың қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру
тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің
көлемі және мерзімі қысқырды.Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық
банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын , халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен
қамтамасыз етуге бейімделеді.
1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші
және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді.
1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген
жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылдың сәуірінде Ұлттық банктің алтын валюта
резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
1995 жылы екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды.
Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған ұлттық банк
тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың
капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде , бір жыл
ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы
да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін ),
шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін ) өсті.
Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды.
Егер жыл басында 60 % банктерде жарғылық қор 5 млн. теңгеге дейін болса,
1996 жылы олардың саны 35% кем болды. 80 млн. теңге және одан да көп
жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.
Екінші деңгейлі банктердің қаражаттарын тиімді пайдалану әрі олардың
өтімділігін арттыру үшін ҚР Ұлттық банктің жанынан Алматы клирингтік
палатасы және Ұлттық банктің Павлодар , Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстық
басқармаларында да клирингтік палаталар құрылды.
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің
дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:
1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін банк беретін қайта
қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру
несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін
анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы
интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы
қағаздармен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты
классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін
басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық
валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін
теңгенің валюталық бағамына және экономикалық бәсекелестік
қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруімен басқа да факторларға
қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын.
3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін
түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын
талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарды қолдану
банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге
бейімделуіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің
акционерлері мен жетекшілік және екінші деңгейдегі банктермен қарым-
қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген
шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.
4. Банк жүйесінің бүхгалтерлік есебі мен статистикасын реформалауды
аяқтау. 1995 жылдың орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан
Респупликасының банктері мен басқа да несиелік мекемелердегі
бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік
саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің
реформалануы аяқталды.
5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары.Орта
мерзімдік кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша
мән беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық
банктің облыстық басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері.
1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі –
ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтік
фирмалар, клирингтік палаталар тағы басқа түрлерінде көрініс табатын
банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және
екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.
Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі тиіс
және корпаративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар бойынша
дилерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері жүзеге
асырылатын болады.
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік
қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болады және олардың
қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылады.
Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге: Экспортты-импорттық
банк, Тұрғын-үй құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктер қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол халыққа
қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болады. 1998
жылдан бері, оның салымшыларымен акционерлеу басталды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Екінші деңгейдегі
банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы ережесін қабылдады.
Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді.Әрі
олар 1998 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға өтуі тиіс, ал
қалған отыз банк екінші топқа кіреді, оларға 2000 жылға дейін халықаралық
стандарттарға өту жүктеледі. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге,
не олар ірі банктермен қосылуына болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудугерлер болған.Бірақ
өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де
сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер
мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық
банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы
жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғаның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде
іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін
емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады.Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады.
Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының
көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде
оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанақаттандырады,
яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы
30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31 тамызында
қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын
басшылыққа алады .
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар.
Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдық сандық құрамы 1-кестеде
көрсетілген:

ҚР-дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы
Банк түрлері
Несиелік Ревизиялық
комитет комиссия


Бақылау
кеңесі

Басқарма

Басқарма
төрағасы

Төраға орынбасары

Департаменттер,
бөлімдер

Басқару Қызметтер
бөлімдері

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
1. банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
2. банктің жарғылық капиталын өзгерту;
3. банктің Кеңесін сайлау;
4. банктің жылдық есебін бекіту;
5. банктің табысын бөлу;
6. банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынандай
міндеттерді атқарады:
1.нормативтік актілерді бекітеді;
2.Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк
кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
1.банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
2.банктің саясаттарын жасау;
3.жетекшілік қызметке кадрлар даярлау;
4.комитеттерді құру;
5.ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер
жүктеледі:
1. банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
2. барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша
өкілеттілікті жүзеге асыру;
3. банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
4.банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту,
5.еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
(контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынандай міндеттерді орындайды:
1. несие алуға клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру
туралы қорытындысын қарайды;
2. несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
3.несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
4. несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
5. несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
6. несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
7. берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
8. банктің несиелік стратегиясын жасайды;
9. несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
10. несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабін жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және тағы басқалар кіреді.
Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер
жатады.
Жалпы коммерциялық банктердің операциялары екіге бөлінеді: активтік
операциялар және пассивтік операциялар.
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай
әртүрлі болып келеді.Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған
түрлеріне мыналар жатады:
1. ссудалық операциялар (несиелік) ;
2. инвестициялық операциялар;
3. депозиттік операциялар;
4. қаржылық операциялар;
5.басқа да операциялар;
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
(ссудулық) операциялары негізінде алады. Банктің ссудулық операциялары
негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және
жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің банктің басты
пайда ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің
активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуығын ) құрайды.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары
негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс
әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы
корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік
шоттары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік
операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда, жалға
беру дегенді білдіреді. Лизинг – бұл лизинг берушінің ( жалға берушінің)
өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру
техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды
лизинг алушыларға ( жалгерге ) лизингтің төлем төлеу шартымен, белгіленген
мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық
өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен
немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі –
факторинг.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын
кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде
рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг – клиенттің
айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының
бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін
төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің – мақсаты кез келген несиелік
операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін
шешуге бағытталады.
Факторинг операциясы - жабдықтаушының ( банк клиентінің ) жабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын ( шот-
фактурасын ) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания ( банктің фактор бөлімі ) - өздерінің
клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші ) – факторинг
компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда
фирмасы.
3. Кәсіпорын ( қарыз алушы ) - тауарды сатып алушы фирма.
Форфейтинг сөзі француз тілінде “ a forfeit ” , аударғанда,
құқықтан бас тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау
немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда
өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын
термин.
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе
арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем
құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты
құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар
жатады:
1. еуровалюталар нарығындағы несиенің құны ( ЛИБОР – Лондондық
банкаралық пайыз мөлшерлемесі );
2. импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты
тәуекел құны 0,5-тен 6 %-ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
3. несиені басқаруға форфейтордың шығындары ( 0,5%-ға дейін жылдық
);
4. міндеттеме үшін алынатын комиссия ( 1-1,5% жылдық ).
Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі доғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған
анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде : пассивті операциялар
– бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің
өз ресурсын құру операциялары ,- делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активтік –пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін,
яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
1. коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
2. банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және
құру;
3. басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
4. депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары
құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе
тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
1. банктің меншікті қаражаттары;
2. банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммециялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен
шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда
өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық
қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті
және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы
болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда
маңызы зор. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары
алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын
шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау
мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер
құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар ( капиталдар )
мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар
құрайды:
1. жарғылық капитал;
2. резервтік капитал;
3. қосымша капиталдар;
4. банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған
қорлар ( резервтер );
5. бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстанның Ұлттық банкінің пруденциалдық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қоқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
1. акционерлік банк формасында;
2. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және
пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда,
акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша
акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын
өсіреді.
меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы қағаз
( акция ) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акция
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің
акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын,
дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді.
Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
1. меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және
бөлінбеген пайдадан тұрады,
2. банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды
жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға
арналады;
3. банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі ( ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары ).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің
келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген
тізім бойынша немесе құрылған құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иемденушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып
отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және
акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иемденушілер тұрақты пайыз түрінде
табыс алып отыруға,и бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды
шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден
тұрады:
1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны
сараптамадан өткізу;
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін
тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды мынадай жағдайларда шығарылады:
1. банкті акционерлік формада құру;
2. банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор
– банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік
қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда
болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары
бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервиер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиатлын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
1. банк пайдасы;
2. акциялар шығару;
3. құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
4. облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның
қаржылық тұрақтылығына кепіл болады жәнебанктің басынан кешетін әр
алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып
табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер
атқарады:
1. қорғаныс қызметі;
2. шұғыл қызмет;
3. реттегіштік қызмет;
4. айналым қызметі;
5. резервтік қызмет.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының
шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы
төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің
банкротқа ұшырауына жол беріледі. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең
басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші
дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі, жер, ғимарат,
құрал-жабдықтар алуға қажетті меншіктік қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ
көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды.
Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін
маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге
және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа
банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет
қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға
мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне
қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен
активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстанның Ұлттық банкі бекіткен
пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен
байланысты болғандықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін
есепке алатын активтік айналымды аванстаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл
қызметті меншікті капиталдың айналым
қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым
капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік
операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға
және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін
зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес,
сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік
операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылған
қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін
құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын
резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын
толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі –
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметіне тәуекел активтерінің болуына
байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертеді.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
1. депозиттік қаражаттар;
2. депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер
құрайды.Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартатын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық
банктің несиелері, банктің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау
нәтижесінде тартқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Сыртық экономикалық банкі
Ұлттық Банктің қызметі мен негізгі міндеттері туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің қызметі
Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктер
Коммерциялық банктердің жұмысын талдау жүргізу
Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Банктердің дамуы
Пәндер