Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.1 Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесінің қойылуы,
зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқытудың лингвистикалық негiз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
1.3 Жан қуаттарын дамыту . дамыта оқытудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ..34
1.4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн
дамыта оқытудың педагогикалық негiздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
1.4.1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тәрбиелiк мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ
тiлiн дамыта оқытудың әдiстемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

2.1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытуға арналған жаттығулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
2.2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ
тiлiн дамыта оқытуда қолданылатын әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84
2.3 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиімді амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 101
2.4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиiмдiлiгiн эксперимент
жүзінде дәлелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 117
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..129 Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..133
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..140
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. Соңғы кездерi қоғамдық өмiр мен ғылыми-техникалық прогрестегi болып жатқан өзгерiстер мен жаңарулар, олардың қарқынды дамуы халыққа бiлiм беру ісінің заман талабына сай болуын міндеттейді. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық құжатында [1], 2006 жылғы жылғы наурыз айындағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында [2] және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [3] нақты айтылады.
Елiмiздiң егемендiк алып, өркениеттi, дамыған елдер қатарына қосылуы – қоғамның әрбiр азаматының шығармашылық тұлға болуын талап етедi. Бiлiмi мен мәдениетi жоғары XXI ғасыр адамын қалыптастыру қажеттiгi барлық бiлiм беру мекемелерi мен қоғам алдына жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен сауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту»,- деп көрсетiлуi көтерілiп отырған мәселенiң заман талабынан туындап отырғандығын көрсетедi [4].
Егемен елiмiздiң жарқын болашағы, елдегi болып жатқан проблемалар мен олардың шешу жолдарын табу, қиындықтарды жеңе бiлу, мемлекетiмiздiң келешегiн жоспарлау – тек шығармашыл адамдар қолынан келетiн iс. Шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту жоғары оқу орындарында дамыта оқыту идеясымен ұштастырыла жүргізгенде тиімді болатынын оқу процесі дәлелдеп отыр.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан меңгертумен қатар, студенттердiң мамандығын ескере отырып оқыту мәселесi де маңызды. Өйткенi, бүгiнгi күнгi студент – ертеңгi күнi маман. Олар мемлекеттiк тiлдi өз дәрежесiнде жетiк меңгерумен қатар, өз мамандығына байланысты лексиканы игерiп, iс-қағаздарын сауатты жүргiзудi үйренуi қажет. Басқаша айтқанда, тiл үйренушi алған бiлiмiн өзiнiң күнделiктi кәсiби қызметiнде пайдалана алатындай дәрежеге ие болуы керек. Өйткенi қазақ тiлiн жетiк бiлуге деген талап - өмiрдiң өзi тудырып отырған маңызды мәселе.
Өнеркәсіп пен экономиканың қарқындап дамуы, халық санының қарқындап өсуі экологияның нашарлап кетуіне әсерін тигізуде. Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің біржолата құрып кетуі, атмосфералық ауаның шектен тыс ластану қаупі арта түсті. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, көркем табиғаттың бұзылуына қарсы қоғам аландаушылық білдіруде. Экология – қазіргі кезде дүние жүзінде тұратын әрбір адам мен қоғамның басты проблемасына айналды. Бұл жөнінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді негізгі басымдықтардың
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім. 1997, 256 б.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауы // «Казахстанская правда». -2006. -№ 45-46.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңы. Алматы.Жетi жарғы. 1999. 96 б
5. Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т.2. Проблемы общей психологии. Под редакцией В.В.Давыдова. М. Педагогика. 1982. 504 с.
6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы.Ғылым. 1973. 446 б
7. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. М. Учпедиз. 1939. -/.
8.Ушинский К.Д. Собр. Сочинении. Т.6. -М.-Л., Изд. АПН РСФСР. 1949. 488 с.
9. Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения. В 7 томах. Т.5. М.АПН РСФСР. 1957. 510 с.
10. Алтынсарин Ы. Өнер-бiлiм бар жұрттар. Алматы. Жалын, 1991. 240 б.
11. Абай. Қара сөз. Книга слов. Семей. Международный клуб Абая. 2001. 260 с.
12. Аймауытұлы Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Том 4. Психология. Алматы. Ғылым. 1998. 447 б.
13. Венгер А.А. Восприятие и обучение. М. Просвещение. 1969. 365 с.
14. Обухова Л.Ф. Этапы развитие детского мышления. М.Изд., МГУ. 1972. 152 с.
15. Калмыкова З.И. //Особенности генезиса продуктивного мышления детей с задержками психического развития. Дефектология. 1978, №3. стр. 3-8.
16. Махмутов М.И. Проблемное обучение. М. Педагогика. 1975. 367 с.
17. Якиманская И.С. Развивающее обучение. М.Педагогика. 1979. 144 с.
18. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. М. Педагогика, 1986. 240 с.
19. Занков Л.В. Обучение и развитие: Экспериментально педагогическое исследование. М.Педагогика. 1975. 440 с.
20. Калмыкова З.И. Психологические принципы развивающего обучения. М.Знание. 1979. 48 с.
21. Кабанова-Меллер Е.Н. Учебная деятельность и развивающее обучение. М. Знание. 1981. 96 с.
22. Кириллова Г.Д. Особенности урока в условиях развивающего обучения:Учебное пособие. Л. ЛГПИ. 1976. 147с.
23. Власенков А.И. Развивающее обучение русскому языку. (IV-VIII кл.) Пособие для учителей. М. Просвещение. 1982. 208 с.
24. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. М.Педагогика. 1990. 424 с.
25. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального исследования. М. Педагогика. 1986. 240 с.
26. Донская Т.К. Методические основы развивающего обучения русскому языку, д.п.н. М.1990. 416 с.
27. Мильруд Р.П. Развивающее обучение средствами иностранного языка в средней школе. Автореф. дис. на соискание д.п.н. М. 1992. 32 с.
28. Жұбанов Қ. Қазақ тiлi грамматикасы. Алматы.Қазақстан. 1936.
29. Сарыбаев
30. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тiлi методикасының мәселелерi. Алматы. ОҚБ. 1950. 192 б.
31. Рахметова С. Қазақ тiлiн оқыту методикасы. А.Мектеп. 1975. 184 б.
32. Өмiрбаева К.О. Оқу орыс тiлiнде жүретiн мектептердiң 5-сынып оқушыларының сөйлеу тiлiн деңгейлiк тапсырмалар арқылы оқыту. П.қ.к. атағын алу үшiн дайындалған диссертация. Алматы. 2001. 190 б.
33. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының әдістемелік негіздері: педагогика ғыл. докторы... дисс: 13.00.02. -Алматы, 13.00.02. -Алматы: ҚазМемҚызПи, 2004. -365 б.
34. Нұржанова Ж. Қазақ тiлiн тиiмдi оқыту жолдары. Әдiстемелiк құрал. Алматы. Ғылым. 2001. 129 б.
35. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Оқу-әдiстемелiк құрал. Алматы. 2000. 90 б.
36. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш сатысында бiлiм мазмұны тұжырымдамасы. //Қазақстан мектебi. 1997. № 9-10, 3-11 б.
37. Головин Б.Н. Введение в языкознание. Изд. 4-е. М.Высшая школа. 1983. 231с.
38. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы. РБК. 2000. 207 б.
39. Қазақ тiлiн оқыту методикасы. Ред. Басқарған Б.Құлмағамбетова. А. Мектеп. 1988. 240 б.
40. Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi. Жалпы редакциясын басқарған А.Ы.Ысқақов. 6-том. Алматы. Ғылым. 1974.-624 б.
41. Болғанбаев Ә. Қазақ тiлiнiң синонимдер сөздiгi. Алматы. Қазақ мем.оқу.пед.бас. 1962. 420 б.
42. Жороқпаева М. Ет-сүт биотехнология бөлiм студенттерiне қазақ тiлiн тыңдалым әрекетi арқылы оқыту әдiстемесi (жоғары оқу орындарының орыс бөлiмдерiне арналған). Алматы .2002. 156 б.
43. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздiгi. Алматы. Сөздiк-словарь. 2002. 192 б.
44. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тiлiндегi мектептерде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi. А. Ана тiлi. 1996. 208 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 378.147:811.512.122.504 Қолжазба құқығында

Үрістенбекова Гүлбану Қауасқызы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (ОРЫС БӨЛІМІНІҢ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ ТОПТАРЫ ҮШІН)

13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi
(бастауыш, орта және жоғары бiлiм беру жүйесiндегi қазақ тiлi)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн
дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшi: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор Ф. Ш. Оразбаева

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне

қазақ тiлiн дамыта оқытудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 8

1.1 Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесінің қойылуы,

зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8

1.2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін
дамыта оқытудың лингвистикалық
негiз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 23
1.3 Жан қуаттарын дамыту - дамыта оқытудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . .34
1.4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн
дамыта оқытудың педагогикалық
негiздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .48
1.4.1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тәрбиелiк
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ
тiлiн дамыта оқытудың
әдiстемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 70

2.1 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тiлiн
дамыта оқытуға арналған
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..70
2.2 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ
тiлiн дамыта оқытуда қолданылатын
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 84
2.3 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиімді
амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101
2.4 Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне
қазақ тiлiн дамыта оқытудың тиiмдiлiгiн эксперимент
жүзінде
дәлелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 117
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 129
Пайдаланылған әдебиеттер
тiзiмі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .13 3
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..140

КIРIСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. Соңғы кездерi қоғамдық өмiр мен ғылыми-
техникалық прогрестегi болып жатқан өзгерiстер мен жаңарулар, олардың
қарқынды дамуы халыққа бiлiм беру ісінің заман талабына сай болуын
міндеттейді. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиялық құжатында [1], 2006 жылғы
жылғы наурыз айындағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында [2] және
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында [3] нақты айтылады.

Елiмiздiң егемендiк алып, өркениеттi, дамыған елдер қатарына қосылуы –
қоғамның әрбiр азаматының шығармашылық тұлға болуын талап етедi. Бiлiмi мен
мәдениетi жоғары XXI ғасыр адамын қалыптастыру қажеттiгi барлық бiлiм беру
мекемелерi мен қоғам алдына жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Бұл туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы Заңында: Бiлiм беру жүйесiнiң басты
мiндетi – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн
дамыту, адамгершiлiк пен сауатты өмiр салтының берiк негiздерiн
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн
байыту,- деп көрсетiлуi көтерілiп отырған мәселенiң заман талабынан
туындап отырғандығын көрсетедi [4].
Егемен елiмiздiң жарқын болашағы, елдегi болып жатқан проблемалар мен
олардың шешу жолдарын табу, қиындықтарды жеңе бiлу, мемлекетiмiздiң
келешегiн жоспарлау – тек шығармашыл адамдар қолынан келетiн iс. Шығармашыл
жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту жоғары оқу орындарында дамыта оқыту
идеясымен ұштастырыла жүргізгенде тиімді болатынын оқу процесі дәлелдеп
отыр.
Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан
меңгертумен қатар, студенттердiң мамандығын ескере отырып оқыту мәселесi
де маңызды. Өйткенi, бүгiнгi күнгi студент – ертеңгi күнi маман. Олар
мемлекеттiк тiлдi өз дәрежесiнде жетiк меңгерумен қатар, өз мамандығына
байланысты лексиканы игерiп, iс-қағаздарын сауатты жүргiзудi үйренуi қажет.
Басқаша айтқанда, тiл үйренушi алған бiлiмiн өзiнiң күнделiктi кәсiби
қызметiнде пайдалана алатындай дәрежеге ие болуы керек. Өйткенi қазақ тiлiн
жетiк бiлуге деген талап - өмiрдiң өзi тудырып отырған маңызды мәселе.
Өнеркәсіп пен экономиканың қарқындап дамуы, халық санының қарқындап
өсуі экологияның нашарлап кетуіне әсерін тигізуде. Соңғы жылдары пайдалы
қазба қорларының азаюы, жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың кейбір
түрлерінің біржолата құрып кетуі, атмосфералық ауаның шектен тыс ластану
қаупі арта түсті. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануына, көркем табиғаттың
бұзылуына қарсы қоғам аландаушылық білдіруде. Экология – қазіргі кезде
дүние жүзінде тұратын әрбір адам мен қоғамның басты проблемасына айналды.
Бұл жөнінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық стандарттарға сәйкес
қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді
негізгі басымдықтардың бірі ретінде санап, бүгінгі күннің кезек күттірмес
өзекті мәселесі екенін атап өтті [2].
Экологиялық мәселелер, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлардың
әсерінен туындайды. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жеке тұлғалардың, жалпы
халықтың табиғат пен қоршаған ортаға қарым-қатынасы мен мінез-құлқын
өзгерту арқылы шешімін табуы тиіс. Адамзат өзі өмір сүріп отырған қоғамның
экологиялық қауіпсіз дамуына үлес қосып, экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселелеріне ерекше көңіл аударуы қажет.
Табиғат жанашырлары – эколог-мамандардың еліміздің көркем табиғатын
қорғап, экологиясын сақтауға үйретуде және олардың терең білім алып,
мамандықтары бойынша шығармашылықпен жұмыс істеуіне қазақ тілін дамыта
оқытудың маңызы үлкен. Қазақ тілін дамыта оқытудың мақсаты – білім алу,
білік, дағдыға қол жеткізу ғана емес, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
ұтымды пайдалануға дағдыландыру.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ
тiлiн дамыта оқытудың бүгiнге дейiн әдiстеме ғылымында жеткiлiктi шешiмiн
таппағандығы, оның қатысымдық тұрғыдан теориялық та, тәжiрибелiк те
зерттелмеуi зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Жалпы дамыта оқыту технологиясы өз бастауын Я.А.Коменский, А.Дистервег,
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастайды. Ал оны
ғылыми негізде теориясын жазған, дамытқан Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
Л.В.Занков, В.В.Давыдов, В.П.Беспалько, М.Монахов, М.М.Мұқанов болды. Осы
мәселе бойынша Т.К.Донская, Р.П.Мильруд, С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева,
Қ.Қадашева, Н.Ж.Құрманова, К.Жақсылықова, А.Жапбаров, Н.Тойбазарова,
А.К.Жанабилова, Б.Т.Қабатайдың ғылыми-зерттеу еңбектері бар.
Зерттеу пәнi - жоғары оқу орындары экология бөлімі жалғастырушы топ
студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқыту әдістемесі.
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орындары экология бөлімінің жалғастырушы
топ студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқыту үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – экология бөлімінде оқитын жеке тұлғаның
қатысымдық тұрғыдан дамытуға бағытталған қазақ тiлiн үйретудің әдістемесін
жасау; студенттердің танымдық әрекетін дамытуда тиімді әдістемелік амал-
тәсілдерді іздестіру.
Зерттеу жұмысының мiндеттерi:
- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн
дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негiздерiн айқындау;
- экология мамандығына қатысты қазақ тiлiн негiзiнде дамыта оқытудың
тұжырымдамасын анықтау, талдау;
- қазақ тiлiн дамыта оқытудың жалпы және арнайы мақсаттарын зерттеу,
студенттердiң жеке тұлғалық белсендiлiгiн, қатысымдық- танымдық әрекетi
дамуын қарастыру;
- жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан дамыта
оқытудың ұстанымдары мен амал-тәсiлдерiн қарастыру;
- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн
дамыта оқыту барысында жүргiзiлетiн жұмыс, тапсырма, жаттығу түрлерiн
анықтау;
- жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқытудың әдiстемелік
жүйесін эксперименттiк тексеруден өткiзу.
Зерттеу жұмысының болжамы. Жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта
оқыту, бiрiншiден, олардың теориялық ойлауы мен сөйлеуін дамытуға ықпал
жасайды. Екiншiден, студенттердiң шығармашылық қабiлетiн жетілдіреді.
Үшiншiден, емiн-еркiн тiлдiк қатынас жасауға негiз болады. Зерттеу
жұмысында енгiзiлген дамытушылық жаттығулар мен тапсырмалардың түрлерi
жоғары оқу орындарының орыс білiм студенттерiнiң қазақ тiлiнде бiлiм
деңгейi мен сапасын жақсартуға көмектеседi.
Зерттеудің жетекшi идеясы. Дамытушылық тапсырмалар мен жаттығуларды
кешенді түрде қолдану студенттердің теориялық ойлауын дамытып,
материалдарды жеңіл меңгеруіне жол ашады, танымын кеңейтеді.
Зерттеу жұмысының әдiстанымдық негiзi. Зерттеуде лингвистика,
педагогика, психология, тiлдi үйрету әдiстемесiндегi дамыта оқытуға қатысты
зерттелiнген еңбектер мен зерттеу жұмыстары басшылыққа алынды. Сондай-ақ
жоғары оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқытуға байланысты тiлдiк қатынас
теориясы мен оның негiзгi ұстанымдары басты нысанаға алынды.
Зерттеу әдiстерi:
- мемлекеттiк заңдарды, бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, оқулықтарды
тақырып тұрғысынан жүйелей, сараптай, жинақтай отырып салыстырмалы талдау
жасау;
- дамыта оқыту туралы педагогикалық, психологиялық еңбектер мен
зерттеулердi iрiктеу, тұжырымдау және озық тәжiрибелердi жинақтап қорыту;
- студенттердiң iс-әрекет нәтижесiне бақылау, талдау жасау,
эксперименттiк сараптау, қорытындылау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:
- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде дамыта оқытудың
ғылыми әдiстемелiк негiзi айқындалды;
- қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан дамыта оқытуға байланысты ғылыми-
әдістемелік сипаттама беріліп, оның негiзгi белгiлерi анықталды;
- дамытушылық тапсырмалар мен жаттығуларға қойылатын талаптар
анықталып, жұмыс түрлері енгізілді;
- экология бөлім студенттеріне қазақ тіліне дамыта оқытуда жүргізілетін
жұмыс түрлері жүйеленді, оны жүзеге асырудың амал-тәсілдері көрсетілді;
- жоғары оқу орындарында экология мамандығы негiзiнде дамыта оқытуда
жаттығу түрлері фонетикалық-дамытушылық, лексикалық-дамытушылық,
грамматикалық дамытушылық болып жіктеліп, оны игертудің амал-тәсілдері
ұсынылды.
Зерттеудiң теориялық маңызы. Бiрiншi рет жоғары оқу орындарының орыс
топтарында экология мамандығы негiзiнде қазақ тiлiн дамыта оқыту мәселесi
зерттелдi. Болашақ эколог мамандарға қазақ тiлiн дамыта оқытуда дамытушылық
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі жасалынды. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі
әдістемелік құралдардың бүгінгі күннің талабына сай келе бермейтіндігі
ескеріліп, оны дамыта оқыту арқылы жүзеге асыру мүмкін екендігі
дәлелденді.
Зерттеудiң тәжiрибедегi маңызы:
- диссертацияда ұсынылған дамыта оқытуға қатысты жұмыстар мен
жаттығулар жүйесiн орта, арнаулы оқу орындарында қазақ тiлi пәнiн оқытуда
пайдалануға болады.
- зерттеу жұмысында қол жеткізген нәтижелер болашақта тілді оқыту
әдістемесі саласы бойынша оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын жазуда
қажетті мәлімет болып табылады.
- зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен
арнайы курстар түрінде ұсынуға болады.
Зерттеу жұмысының көздерi:
- Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы Заңы, Мемлекеттiк бiлiм
стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қаулы-қарарлары, тұжырымдамалары, жаңа технологиялар туралы
қағидалар;
- дамыта оқыту мәселелерiне байланысты әр кезеңдегi педагог,
психологтардың, әдiскерлердiң ғылыми-әдiстемелiк еңбектерi, зерттеулерi.
Зерттеудің жұмысының кезеңдерi.
Зерттеу үш кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.
Бiрiншi кезеңде 1999-2001 зерттеу тақырыбына байланысты
педагогикалық, лингвистикалық, психологиялық, әдiстемелiк еңбектер
қарастырылды. Студенттердiң тiлдiк, ойлау қабiлетiн, сөйлеу дағдыларын
анықтау мақсатында анкеталық сұрақтар алынып, бақылау жұмыстары жүргiзiлдi.
Экология мамандығы студенттеріне қазақ тiлiн дамыта оқытуға қатысты
жұмыстар жүйесi талданды.
Екiншi кезеңде 2002-2004 қазақ, орыс, шет тiлiн оқыту саласындағы
озық тәжiрибелерге сүйене отырып, дамыта оқытудың тиiмдi жолдары
сұрыпталынып алынды. Қазақ тiлiн дамыта оқытуға қатысты жұмыстар жүйесi
жүргізілді.
Үшiншi кезеңде 2004-2006 жинақталған тәжiрибе материалдары
тексеруден өткiзiлiп, алынған нәтижелер студенттердiң тiлдi үйрену
деңгейлерiн салыстыру әдiсiмен сарапталды. Сондай-ақ теориялық, тәжiрибелiк
тексеру жұмыстарының нәтижелерi жинақталып, зерттеу жұмысының ғылыми-
әдістемелік негізі бойынша қорытынды шығарылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттерiне қазақ тілін
дамыта оқыту олардың жеке тұлғасын қалыптастыруға, шығармашылық қабілетін
жетілдіруге игі әсерін тигізеді;
- қазақ тілін дамыта оқытуда қолданылатын қатысымдық дамытушылық
жаттығулар мен тапсырма түрлерін дұрыс iрiктеу арқылы студенттердің тіл
байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін жан-жақты жетілдіруге болады;
- экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқытуда қатысым
әдiсiн негiзге ала отырып оқыту қазақша тілдік қатынасты еркін меңгеріп,
жеке тұлғаның ой-пікірін жүйелі, шебер, дәлелді жеткізуге мүмкіндік
береді;
- қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан дамыта оқыту студенттердің берілген
материалды қызығушылықпен қабылдауына ықпал етеді;
-экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту олардың
экологиялық санасының оянуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.
Жұмыстың негiзгi мәселелерi бойынша Қазақ тiлi қазiргi жағдайда:
өткенi, бүгiнгiсi, болашағы, Қазiргi қазақ әдеби тiлi: бүгiнi және
болашағы, Жас ғалымдардың екiншi халықаралық ғылыми тәжiрибелiк
конференциясының еңбектерi, Жаратылыстану – гуманитарлық ғылымдары және
олардың инженер мамандарды дайындаудағы маңызы, ХХI ғасырда орта бiлiм
беру; жайы және даму болашағы, Қазақстан филологиясы: мәселелерi мен
болашағы, Мәдениетаралық коммуникация: бүгiнi және болашағы, Ғылым және
жастар атты халықаралық, республикалық конференцияларда баяндамалар
жасалынды. Бұдан басқа ғылыми – әдiстемелiк журналдарда тақырыпқа қатысты
он мақала жарияланды. Зерттеу жұмысының негiзгi идеялары Ш.Есенов атындағы
Ақтау мемлекеттiк университетінің қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының
мәжілісінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнің
қазiргi қазақ тiлi мен оқыту әдiстемесi кафедрасының отырысында және
әдістемелік семинарда талқыланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кiрiспеден, екi
тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚ ТIЛIН
ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1. Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесінің қойылуы, зерттелу жайы

Ғасыр аяғында болған елiмiздегi саяси-әлеуметтiк жаңарулар, адам
санасындағы өзгерiстер бiлiм беру жүйесiнде де әсер етпей қоймады. Заман
талабына сай бiлiм беру мен оқыту және тәрбиелеудiң әдiстерiн, түрлерiн
жетiлдiрудi талап еттi. Осы орайда бiрқатар маңызды iс-шаралар iске асты,
көптеген жаңа буын оқулықтар, мемлекеттiк бағдарламалар, базалық оқу
жоспарлары жарық көрдi.
Бiлiм туралы қабылданған мемлекеттiк құжаттарда балаларды мектепке
дейiнгi жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудiң барлық кезеңiнде жеке тұлға
ретiнде жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесi болды.
Елiмiздегi бұған дейiнгi дәстүрлi бiлiм беру жүйесi балаларға тек
пәндiк бiлiм, дағдыларды игертуге бағытталып, олардың жеке басы
қабiлеттерiнiң қалыптасуына аз көңіл бөлдi.
Кейiнгi қабылданған Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңында:
"Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн
қажеттi жағдайлар жасау", - деп нақты атап көрсеттi [4,10].
Қоғам бала-бақшаның, орта және арнаулы мектептер мен жоғары оқу
орындарының алдына балалардың таным, шығармашылық, ойлау т.б. қабiлеттерiн
дамыта отырып оқыту мiндетiн қойды.
Баланың дамуы оқытуға байланысты екендiгi ғылымда ертеден белгiлi.
Балалар мен студенттердiң ой-өрiсi мен танымын тiл арқылы кеңейтуде, тiлдi
қарым-қатынас құралы ретiнде үйретуде дамыта оқыту жүйесi маңызды орын
алады. Көрнектi психолог Л.С.Выготский: "Баланың психологиялық дамуы табиғи
пiсiп жетiлуге негiзделедi, ал оқыту дайын дамуға негiзделедi" деген
пiкiрдi терiске шығарды. Ол даму мен оқытудың арасында байланыс бар
екендiгiн және дұрыс ұйымдастырылған оқыту дамуға негiз болатынын, оқыту
дамудың алдында жүруi керектiгiн ғылыми түрде дәлелдедi [5,230].
Л.С.Выготский еңбегiнде бала психикасы дамуының екi сатысын көрсетедi:
бірiншiсi – дамудың актуальдi аймағы. Бұл кезеңде бала өз бетiнше жұмыс
жүргiзуге мүмкiндiгi бар, оған дайындығы да жетедi; екiншiсi – дамудың
жақын арадағы аймағы. Бұл кезеңде баланың өздiгiнен жұмыс жүргiзуге
дайындығы жеткiлiксiз, бiрақ оқытушының көмегi арқасында, ертеңгi күнi өз
бетiнше жұмыс жүргiзе алады. Демек, сол кезеңде дамудың жақын арадағы
аймағынан актуальды аймағына өтедi [5,246-247].
Кеңестiк психология, педагогика ғылымында осы пiкiрдi негiзге ала
отырып, психикалық мәселелердi түрлiше талдайтын, олардың шешу жолдарын
ұсынған бiрнеше ғылыми мектептер пайда болды. Бұл мектептiң өкiлдерi
көптеген мәселелер бойынша өздерiнiң ғылыми көзқарастарын да анықтады.
Мұндай мектептер қатарында көрнектi кеңес психологi Л.С.Выготскийдiң
ғылыми мектебi ерекше орын алды. Бұл мектептiң өркендеп өсiп, қанат жаюына
оның шәкiрттерi мен iзбасарлары А.Р.Лурия, В.В.Давыдов, Л.В.Занков,
П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев т.б. көп үлес
қосты.
Бұл ғалымдардың дамыта оқыту туралы түрлiше көзқарастары бола тұра,
олар ғалым Л.С.Выготский негiзiн қалаған психологиялық теория қағидаларына
сүйенедi. Кейiнгi ғалымдардың психологиялық мәселелерге, оның iшiнде,
дамыта оқыту мәселелерiне ендеп кiруi осы мектептiң ұстанымдарына тiкелей
байланысты.
Ғалымдардың пiкiрi бойынша, дамыта оқыту күрделi құрылымды, бiр тұтас
педагогикалық жүйе. Дамыта оқытудың нәтижесiнде әр бала өзiн-өзi өзгертушi
субъект дәрежесiне көтерiлуi басты назарға алынады және оқыту барысында
соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлi оқытудан
айырмашылығы оның көздеген мақсатынан, мәнi мен мазмұнынан, оқытушының рөлi
мен атқаратын қызметiнен, әдiс-тәсiлiнен, баланың бiлiм алу және игеру
белсендiлiгiнiң түрiнен, оқытушы мен баланың арасындағы қарым-қатынасынан
байқалады.
Қазiргi кезде әлемдiк педагогиканың көбiнесе жүгiнетiнi –
Л.С.Выготскийдiң идеяларына негiзделген В.В.Давыдов пен Д.Б.Эльконин,
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелерi. Қазiргi кезде Л.С.Выготскийдiң
идеялары батыс елдерiнiң көптеген университеттерiнiң педагогика
факультеттерiнде оқытылады.
Баланың жеке тұлға ретiнде жан-жақты, физикалық, ақыл-ой және
эстетикалық дамуы туралы Ежелгi Египет пен Грецияның философтары мен
педагогтары шығармаларында да айтылып кеткен. Ежелгi грек ғалымы әрi
философы Сократ өзiнiң оқушыларына ешқандай дайын ереже бермей сұрақтың
жауаптарын өз бетiнше табуға жетелеген. Ойшылдың сол кезде қолданған
әдiстерi қазiр айтылып жатқан дамыта оқыту немесе проблемалық оқыту дегенге
келедi. Бұл әңгiме әдiсi "сократтық" деп аталған.
Қазiргi кезде айтылып жүрген және кең өрiс жая бастаған дамыта оқыту
идеясы кезiнде шығыстың ұлы ғұламалары Әбу-Насыр-әл-Фараби, Абдуали-Ибн-
Синаның да шығармаларында көрiнiс тапқан. Әл-Фараби "Философиялық
трактаттарында" интелект, тұлға ұғымдарына түсiнiктемелер бередi [6,219-
217].
Көптеген педагог – ойшылдардың еңбектерiнде дамыта оқыту идеясы анық
жазылады. ХVII ғасырдағы педагогикалық ғылымның негiзiн салушы
Я.А.Коменский балалардың танымдық қабiлеттерiн дамыту, бiлiмге деген
құлшынысын ояту мәселесiне тоқтала келiп: "Мен өз оқушыларымды әрқашан да
бақылауға, сөйлеуге, оны тәжiрибеде қолдануға дамытамын", - дейдi [7,121].
Орыстың ұлы педагогi К.Д.Ушинский оқытудың дамытушылық сипаты болуына
ерекше назар аударған. Ол өз уақытының сауат ашудың жаңа әдiстемесiн
жасады. Бұл жөнiнде: "Я не потому предпочитаю звуковую методику, что дети
по ней выучиваются скорее читать и писать, но потому, что достигая успешно
своей специальной цели, метода это в то же время дает самодеятельность
ребенку, беспрестанно упражняет внимание, память и рассудок дитяты, и,
когда перед ним потом расскрывается книга, оно уже значительно подготовлено
к пониманию того, что читает, и главное, в нем не подавлены, а возбуждены
интересы к учению", - дейдi [8,272].
Педагог Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұраларында оқу процесiн
ұйымдастыру оқушыларды тек бiлiммен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бiрге
олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасулары тиiс екендiгi айтылады.
Ал А.С.Макаренко педагогикалық еңбектерiнде дамыта оқыта отырып
тәрбиелеу мәселесiн көтередi. Ол баланың тұлғалық дамуын болжағанда, оған
тәрбие процесiнiң қандай сапасы керек болатындығы ескерiледi дейдi. Педагог
жаңа адамды тәрбиелеуде ұжымның негізгі орын алатындығына баса көңіл
аударады [9,163].
Қазақтың педагог-ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлихановтар
баланың жеке тұлға, азамат ретiнде қалыптасу мәселесiне көп көңiл бөлген.
Ыбырай өзiнiң әйгiлi "Қазақ хрестоматиясы" оқулығын жазғанда "Қазақ
балаларының ойына ой қосатын әңгiмелер, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар
қажеттiгiн..., және балаларды әр нәрсеге ақыл-оймен қарай бiлетiн етiп
шығаруы керектiгiн" баса айтады [10,165]. Ыбырай Алтынсарин бала
интеллектiсiн қалыптастыру үшiн олардың ойлау қабiлетiн дамыту керек деп
есептеген. Баланы дұрыс ойлауға төселдіру арқылы оны дамытуға болатындығын
педагог сол кездің өзінде білген.
Халқымыздың ұлы ақыны А.Құнанбаев бала тәрбиесі, ұрпақ мәселесіне көп
көңіл бөлген. Данышпан Абай 19-қара сөзiнде: “Адам ата-анадан туғанда естi
болып тумайды: естiп, көрiп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегi жақсы, жаманды
таниды-дағы, сондайдан бiлгенi, көргенi көп болған адам бiлiмдi болады.
Естiлердiң айтқан сөздерiн ескерiп жүрген кiсi өзi де естi болады” деген
құнды пiкiрi осы күнi айтылып жүрген дамыта оқыту идеясымен үндес келедi
[11,87]. Дамыта оқыту идеясын зерттеушi ғалымдардың да негiзгi ұстанған
пiкiрi осы. Өйткенi дамыта оқыту бойынша дайын бiлiм берiлмейдi. Бала
бiлiмдi өзi iзденуi арқылы табады.
Ж.Аймауытұлы өзiнiң педагогикалық, психологиялық мұраларында баланың
ойлау қабiлетiн жетiлдiру, дамыту керектiгiн негiзгi орында ұстады. Ол
“Мұғалiмнiң өзi айтып бергенiн қайталап айтқызудың пайдасы шамалы.
Мұғалiмнiң айтып берген сабағын қайта қарап отырғаннан басқа балалардың өз
бетiмен ойлап табары жоқ қой. Өзi ойлап, өзi iстеп таппаған бiлiм жан
қуаттарын жетiлдiре алмайды” деп, баланың үнемі ізденіс үстінде болуы
өздігінен білімін толықтыруы керектігі жөнінде оң пікір айтқан [12,330].
Ж.Аймауытовтың өткен ғасырдың басында ұсынған осы тұжырымы әлi де өз
құндылығын жойған жоқ. Қайта керiсiнше, жаңғырып, толығып, дамып, жаңа
мәнге ие болуда.
Кеңес дәуiрiнiң психологтары мен педагогтары дамыта оқыту мен тәрбиелеу
мәселесiн 1920-1950 жылдар аралығында жасалынып жатқан эксперименттiк әдiс
негiздерi қалана бастаған кезде қарастырды.
Дамыта оқытудың, әсiресе 60-жылдардан кейiн бастауыш сынып оқушыларын
оқытуды жетiлдiру қажеттiгiне байланысты қарқынды зерттеле бастағанын
байқауға болады.
1960-1980 жылдар аралығында кеңестік мектепте дамыта оқытудың әртүрлi
аспектiлерi мектепке дейiнгi тәрбие, бастауыш, орта бiлiм беру мен ақыл-есi
психикалық жетiлмеген балаларға бiлiм беру төңiрегiнде кеңiнен
қарастырылды. Дамыта оқытуға байланысты А.А.Венгер [13], Л.Ф.Обухова [14],
мектепке дейiнгi кезеңде дамыта оқыту мәселесiне, ақыл-есi жетiлмеген
балаларды дамыта оқытуды З.И.Калмыкова [15], бастауыш және орта мектепте
дамыта оқыту мәселесiн М.И.Махмутов[16] И.С.Якиманская [17], В.В.Давыдов
[18], Л.В.Занков [19], З.И.Калмыкова [20], Е.Н.Кабанова-Меллер [21] т.б.
еңбектерi бар.
Бұл ғалымдардың еңбектерi дамыта оқытудың педагогикалық, психологиялық
нақты шарттары мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
1976 жылы жарық көрген Г.Д.Кириллованың “Особенности урока в условиях
развивающего обучения” деген оқу құралында ғалым түсiндiрмелi-иллюстративтi
оқытудың баланы тұлға дәрежесiнде қалыптастыра алмайтындығын, оқушылардың
шығармашылығын дамытуға дәрменсiз екендiгiн айта келе, ондай талаптарға тек
дамыта оқыту ғана сәйкес келетiндiгiн және дамыта оқыту негiзiндегi
сабақтың ерекшелiктерiн атап өтеді [22, 20]. Ғалым бастауыш сыныпта дамыта
оқыту сабағының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, өзіндік тұжырым жасайды.

Мектеп алдында тұрған өзектi мiндеттердiң бiрi – оқушыларға бiлiм беру
процесiндегi ақыл-ой қызметiнiң дамуы И.С.Якиманскаяның "Развивающее
обучение" деген еңбегiнде қарастырылады. Ол дамыта оқытуға: "Обучение,
которое обеспечевая полноценное усвоение знании формирует учебную
деятельность и тем самым непосредственно влияет на умственное развитие и
есть развивающее обучение" деп анықтама бередi [17, 5]. Ғалым дамыта
оқытуды iске асыру үшiн оқу процесiн арнайы ұйымдастыру талап етілетiнiн,
әрбiр оқушының соған жетуге талаптанатынын, бiрақ кез-келген педагогтiң
оқытудың ондай түрiн қалай ұйымдастыруды бiлмейтiндiгiн айта келiп: "Для
этого необходимо не только хорошо знать содержание школьных программ,
видеть современными методами обучения, но и обладать психологическими
знаниями, позволяющими целенаправленно формировать учебную деятельность с
учетом закономерностей умственного развития, возрастных и индивидуальных
особенностей учащихся" [17, 5].
И.С.Якиманская еңбегiнде дамыта оқытудың негiзгi мазмұнын ашуға, оның
ұстанымдарын, оқу қызметiнiң қалыптасу жолдарын көрсетуге талпыныс жасады
және дамыта оқытудың бiлiм берудi қамтамасыз ететiн аспектiлерiн
қарастырды.
Әдiскер-ғалым А.И.Власенковтың "Развивающее обучения русскому языку"
деген мектеп мұғалiмдерiне арналған әдістемелік оқу құралы VI-VIII сынып
оқушыларын орыс тiлiне дамыта оқыту мәселесіне арналған. Әдістемелік
еңбекте оқушылардың танымдық қабiлеттерiн дамытуда жұмыстар жүйесi
берiледi. Еңбек үш бөлiмнен тұрады:
I бөлiм. Орыс тiлiн дамыта оқытудың психологиялық- педагогикалық
негiздерi. Автор IV-VIII сынып оқушыларының тұлғалық дамуының
ерекшелiктерi, даму мен оқудың өзара байланысы, орыс тiлiн оқытуда жеке
тұлғаны дамытудың жұмыс мазмұнын қарастырады.
II бөлiм. Орыс тiлiн оқытуда оқушылардың танымдық қабiлеттерiнiң дамуы.
Бұл бөлiмде оқушыларды лингвистикалық материалдарды үйретуде танымдық
әрекетке ынталандыру мен тiл дамытудың байланысы, сауатты жазуға баулу
мәселесі, ақыл-ой, танымдық қабiлеттерiнiң даму критерийi туралы айтылады.
III бөлiм. Орыс тiлiн оқытуда оқушылардың идеялық-адамгершiлiктiк
сапасының дамуы. Жеке тұлғаның қалыптасуында тiлдiк-дидактикалық
материалдарды пайдалану, дамыту қызметiнiң тәсiлдерi, әдiстерi мен түрлерi
берiледi [23].
Ғалым дамыта оқытуды жеке тұлғаның жан-жақты дамуы (ойлау, танымдық
қабiлеттерi, ерiк-жiгерi, адамгершiлiк қасиеттерi, саяси – идеялық
көзқарасы, т.б.) деп түсiнгенiмен дамыта оқытудың өзi қойған мiндетiн
толығымен шеше алмады.
Қазiргi кезде кеңiнен тараған Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесi елуiншi
жылдары дүниеге келдi. Оның жасаған жүйесiн жеке тұлғаны жан-жақты,
жеделдете, қарқынды, дамыту жүйесi деп те атауға болады. Ғалым 60-80 жылдар
аралығында созылған зерттеулерiнде бiлiм беру мен дамытудың жолдарына
талдау жасады. Ол ұзақ жылдар бойы жүргiзiлген эксперименттiк
зерттеулерiнiң нәтижесiнде “Обучение и развитие” деген еңбек жазады.
Л.В.Занков пен оның ұжымы бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың жаңа
дидактикалық жүйесiн жасады. Бұл зерттеулер нәтижесiнде оқытудың
дамытушылық мәнiн көрсететiн құнды мәлiметтер алынды. Алғашқы еңбекте
Л.В.Занков дамыта оқыту жүйесiне негiз болатын төрт дидактикалық ұстаным
көрсетедi. Олар:
1) жоғары қиындықта оқыту;
2) теориялық бiлiмiнiң жетекшi рөлi;
3) оқу материалын жылдам қарқынмен игеру;
4) оқушылардың оқу үрдiсiн саналы түрде меңгеруi.
Кейiнiрек бұл төрт ұстанымды “оқытушының сыныптың барлық оқушыларының,
оның iшiнде, үлгерiмi төмен оқушылардың да жалпы дамуына жүйелi, мақсатты
жұмыс жүргiзуi талап етiледi” деген бесiншi ұстаныммен толығады [24,18].
Л.В.Занков жүйесiнде баланың дамуы тек оның жеке қасиеттерiн дамыту
емес, жалпы дамуы ретiнде түсiндiрiледi. Ғалымның дамыта оқыту жүйесiнiң
негiзгi мақсаты – баланы күштеп дамыту емес, баланың өздiгiнен iзденiп,
бiлiм алуына икемделуi, оларды оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау.
Яғни оқытушы мен оқушы және оқушы мен оқушы арасында өзара ынтымақтастық
жағдай туындауы тиiс. Ынтымақтастық бұл өзара көмектесу, бiр-бiрiне
қиындық жағдайдан шығуына жәрдемдесу болып саналады.
Л.В.Занковтың дамыта оқытуды негiздеген ұстанымдары көп уақытқа дейiн
кең көлемде қолданылмай келдi. Себебi ол кезде бiлiм беру бiрыңғай дәстүрлi
бiлiм беруге негiзделдi және бұл ұстанымдар негізінде оқытатын оқытушылар
да аз болған едi. Соңғы кездерi бiздiң елiмiзде де бұл жүйе кең өрiс жаюда.
Кейбiр қалалардағы мектептерде дамыта оқыту сыныптары жұмыс iстесе, кейбiр
мектептер тұтастай дамыта оқыту жүйесiне көшiрiлдi.
Қазақ тілін экология мамандығы бойынша дамыта оқытуда ғалымның ұстанған
ұстанымдары негізгі басшылыққа алынды. Әсіресе жоғары қиындықта оқыту
ұстанымынын қолданғанда студенттердің үйренуге, білуге деген құлшынысы,
талпынысы оянғандығы байқалды. Сонымен бірге студенттердің білім дәрежесін
алаламай, барлығына бірдей тапсырма бергенде, үлгерімі төмен студенттердің
үлгерім дәрежесінің артқандығы анықталды.
Дамыта оқыту мәселесi туралы кеңiрек мәлiметтер мен түсiнiктер беретiн
еңбек – ғалым В.В.Давыдовтың “Проблемы развивающего обучения” деген
монографиясы. Монография бес тараудан тұрады.
Бiрiншi тарауда – жалпы психологиялық әрекеттерге, сана ұғымына талдау
жасайды. Дамыта оқыту проблемаларын қарастыруда осы психологиялық
түсiнiктерге дұрыс жолмен келудi көрсетедi.
Екiншi тарауда – дамыта оқыту мен тәрбиелеуге қатысты балалардың жалпы
психикалық және тұлғалық дамуы мәселелерi қарастырылады.
Үшiншi тарауда – бiлiм беру, дидактика, педагогикалық психология
тарихында балалардың ой-өрiсiн, ақыл-ойын дамыту және оқыту проблемаларын
дұрыс шешудiң жалпы түсiнiктерiн нақтылайды.
Төртiншi тарауда – адамзаттық ойлау табиғатын ашушы дидактикалық ойдың
негiзгi ережелерi, эмпирикалық, теоретикалық ойлау ерекшелiктерiне
түсiнiктер берiледi.
Бесiншi тарауда – мектептiң төменгi сынып жасындағы бала санасының,
оның ойлау жүйесiнiң, жалпы, жеке тұлға ретiнде дамуын анықтайтын оқу iс-
әрекетiнiң тарихы және мазмұны баяндалады.
Алтыншы тарауда – төменгi сынып балаларының оқу пәндерiн меңгеру
процесiнiң оқу iс-әрекетi талаптарымен байланысы, эксперименттiк оқыту
процесiндегi психикалық дамуына тоқталады.
Ғалым мектеп практикасында дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық
негiзiн жасады. В.В.Давыдов еңбегiнде балалардың жеке тұлға ретiнде
қалыптасуындағы оқыту мен тәрбиелеудi дамыту рөлiн есепке алатын, олардың
жалпы психикалық дамуымен қатар, арнайы қабiлеттерiн дамытуға елеулi әсерiн
тигiзе алатын психологиялық-педагогикалық құралдарды iздестiруге
бағытталатын теория ғана сәйкес келетiндiгiн және оған тек дамыта оқыту
ғана сәйкес келетiндiгiн айтады [25, 6]. Сонда, ғалымның пiкiрiнше,
дәстүрлi оқытудың мазмұны мен формасы қазiргi кезең талаптарын
қанағаттандыра алмайды, тек теориялық ойлау ұстанымы негiзiнде құрылған
оқыту ғана өскелең ұрпақтың қоғамдық өмiр мен қоғамдық өндiрiсте тұлғаның
жан-жақты, үйлесiмдi дамуы мiндетiне сәйкес келедi.
Ғалым, сондай-ақ, 1920 – 1950 жылдарда жүргiзiлген зерттеулер
нәтижесiнiң:
1) балалардың ақыл-ойын дамытудағы оқытудың жетекшi рөлi туралы ереженi
эксперименттi түрде негiздеуге;
2) кез-келген оқытудың дамытушылық маңыз бермейтiндiгiн көрсетуге;
3) оқушылардың оқу әрекетiн қалыптастыру бағытынан тыс дамыта оқытудың
болуы мүмкiн еместiгiн көрсетуге;
4) дамыта оқытуды жүзеге асырудың кейбiр нақты психологиялық-
педагогикалық жағдайларын анықтауға мүмкiндiк бергенiн айтады [26,198].
90-жылдар тұсында дамыта оқыту мәселесiне байланысты диссертациялық
енбектер қорғала бастады. Мектепте орыс тiлiн дамыта оқытуға қосылған
қомақты үлес – Т.К.Донскаяның “Методические основы развивающего обучения
русскому языку” деген докторлық диссертациясы. Ғалым орыс тiлiн ана тiлi
ретiнде дамыта оқыту арқылы қатысымдық тұрғыдан тiлдiк қабiлеттерiн дамыту
мәселесiн көтередi. Оқушылардың танымдық, тiлдiк қабiлеттерiн дамытуда
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесiн бередi. Ол басқа да ғалымдардың дамыта
оқыту туралы ойларын талдай келе орыс тiлiн дамыта оқыту туралы:
“Развивающее обучение русскому языку – это такой диалектический процесс
познания законов и правил родного языка, который обеспечивает более
интенсивное по сравнению с традиционным, интеллектуальное, естественное и
языковое развитие личности учащихся с поэзии системно – целостного подхода
к решению проблем обучения и развития”, - дейдi [26, 27].
Р.П.Мильруд докторлық диссертациясында орта мектепте шет тiлiн дамыта
оқыту мәселесiн қарастырады. Жұмыста дамыта оқытудың мақсаты мен мазмұнын
ашуға көп көңiл бөлiнедi. Автордың ойы бойынша, дамыта оқытудың мақсаты –
“психологиялық” болып табылады да, логикалық ойлау, бақылағыштық қасиет,
тiлдiк қабiлет және басқа қызметтерiн дамыту сөз етіледi.
Диссертацияда дамыта оқытудың мақсатын жалпы және арнайы дамыта оқыту
деп екiге бөледi. Дамыта оқытудың жалпы мақсатына – оқушының оқу-тәрбие
қызметiнің субьектiсi ретiнде тұлғалық белсендiлiгiнiң қалыптасуы болса,
арнайы мақсатына коммуникативтiк-танымдық қызметiнiң дамуын жатқызады.
Бұған оқушының ауызша және жазбаша тiлдiк ойлауға шеберлiгi, интеллектулдық
сыншылдығы, талаптылығы, зейiндiлiгi, тапқырлығы, зеректiлiгi т.б.
қасиеттерiн қосады.
Сондай-ақ, диссертацияда тiлдiк қабiлеттердi тiлдесiм, сөйлесiм, тiлдiк
қызметi аспектiсiнде зерттейдi. Ғалым шет тiлi құралы арқылы дамыта
оқытудың мақсатын шешуде оқушылардың өзiндiк жұмысы түрлерiн тиiмдi
ұйымдастырудың көп маңызы бар екендiгiне тоқталады [27].
Ғалымның зерттеу жұмысында орта мектепте шет тілін дамыта оқытуда
қолданған тақырыпты талдауға арналған пікірталастық қарым-қатынас әдісін,
іскерлік ойындарды қазақ тілін жоғары оқу орындарында экология мамандығы
негізінде дамыта оқытуда арқау еттік.
Сабақты дәстүрлi формада ұйымдастыру кезiнде студент оқытушы
түсiндiрген дайын бiлiмдi ғана қабылдайды. Негiзгi бiлiм оқытушының айтқан
сөзi мен көрсеткендерi ғана болады, яғни студент орындаушы сипатында ғана
болады. Мұндай жағдайда студенттiң өзiндiк танымы баяу дамиды. Осылайша
сабақ үстiнде студент пен оқытушы арасындағы байланыстың өзгешелiлiгi
байқалмайды, студенттердiң ойлау жүйесiн дамыту мүмкiндiгi шектелiп,
сабақта бiрсарындылық етек алады.
Көптеген ғалымдардың зерттеулерiнде дәстүрлi оқытуда студенттердiң
шығармашылық қабiлеттерi шектелiп, олардың табиғи мүмкiндiктерi ашылмай,
тiптен төмендеп кететiндiгi дәлелдендi. Ал мұның нәтижесiнде өздiгiнен өмiр
сүруге икемсiз, өз ойын ашық айтуға дәрменсiз адамдар қалыптасатындығы
ақиқат.
Ал дамыта оқыту жүйесiнiң ерекшелiгi студент пен оқытушы, студент пен
аудиторияның арасындағы байланыс үнемi өзгерiп отырады. Дамыта оқыту
кезiнде студенттердiң танымдық мүмкiндiгi кеңейе түседi. Дидактикалық
құралдар жүйесi iске қосылып, студенттердiң өз бетiнше iздену талабының
деңгейi көтерiледi, жаңа талапқа сай олардың танымдық әрекетi iзденушiлiк
және шығармашылық сипатқа ие болады. Сондай-ақ, оқу процесi табиғи қарым-
қатынасқа ауысады, студенттiң өз бетiнше iзденуге деген құлшынысы артып,
белсендiлiгi күшейе түседi. Оқытушы – аудитория, оқытушы – жеке студент –
аудитория жүйесi өзiндiк үйлесiмдi жүйеде құрылумен бiрге, жаңа сабақты
игеру үшiн студенттер өз бетiнше жұмыс iстеуге дағдыланады.
Дамыта оқыту жағдайында студент жаңа материалды өз бетiнше игерiп,
сабақтың басынан аяғына дейiн белсендiлiк танытады. Соның нәтижесiнде
сабаққа қатысушылар жаңа материалды игеруге бар күшiн салады да, әдеттегi
бiрсарындылыққа жол қалмайды.
Қазақ ғалымдарының iшiнде дамыта оқыту мәселесiн жете түсiнiп, сол
кездiң өзiнде оқулықтарын жаңа технология негiзiнде жаза бастаған –
профессор Қ.Жұбанов болды. Ол ғылым мен бiлiм жедел қарқынмен дами бастаған
жағдайда оқушылар өздiгiнен ғылым-бiлiмдi iзденiп оқитындай етiп
машықтандыратын оқыту мен тәрбие әдiсi керектiгiн сезе бiлдi. Ғалым
iзденгiш бала тәрбиелеу үшiн оған шығармашылықпен ойлай бiлудi үйретiп, ми
қызметiн барынша дамытуға күш салды. Ойшыл ғалым 1936 жылы жарық көрген
грамматикасын жаңа талаптар негiзiнде жазған. Ол бiлiмге сусап келген қазақ
елiне жаңа заманда iзденiп, ойланып оқитын, жаңа үлгiдегi оқулық қажет деп
шешкен. Оқулықтың алғашқы бетiнен бастап оқушыларға ойлану, iздену жолын
көрсетедi [28].
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi ғылымында дамыта оқыту мәселелеріне
байланысты көптеген әдiскер-ғалымдардың әдiстемелiк еңбектерiнде балалардың
ойлау қабiлетiн, ой-өрiсiн, тiлiн, шығармашылығын дамыту туралы көптеп
айтылады.
Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым
кандидаты атағын алған – Ш.Х.Сарыбаев болды. Оның Орыс мектептерінде қазақ
тілін оқыту методикасы атты ғылыми диссертациялық жұмысы әдістеме
ғылымында ең алғашқы қолғалған еңбек болып табылады. Ғалым қазақ тілін
оқытудың әдістемесін жасады, әдістемеге байланысты өзіндік қағидалар
ұсынды, қазақ тілін оқыту әдістерін жүйеледі, тіл дамыту туралы т.б.
мәселелер жөнінде бағалы пікірлерін қосты [29].
Әдiскер-ғалым Ғ.Бегалиев еңбегiнде қазақ тiлiн оқытуда оқушылардың
ойлау, тілін дамытуға қатысты көптеген әдістемелік еңбектер жазған. Ол:
“Қай тiл болмасын, соның iшiнде қазақ тiлiнде де ой туғызатын және сол ойды
тұлғалайтын құрал, анықтап айтқанда, оқушылардың ой-өрiсiн кеңейтумен
байланысты жұмыстар олардың тiлiн байытып, оқушылардың ой-өрiсiн кеңейтуге
себепшi болады”, - дейдi [30,3].
Ғалым тiл дамыту мен ой дамыту жұмысын тығыз байланысты екендiгiн айта
келе, балаланың сөздiк қорын дамыту жолдарын ұсынады Олар: төңiректегiнi,
табиғат құбылыстарын байқатып сөйлету; суреттер арқылы әңгiмелер құратқызу;
радиохабарын, мұғалiм әңгiмесiн, жолдастарының сөзiн тыңдатып, бiлгенiн
айтқызу; мектеп учаскесiнде, колхозда iстеген жұмыстары туралы сөйлету
[30,165].
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi ғылымында тiл дамыту мәселесiн қарастырған
ғалымдардың бiрi – С.Рахметова. Ол докторлық ғылыми зерттеу жұмысында
оқушылардың жазбаша және ауызша тiлiн дамытудың әдiстемелiк негiзiн жасады.
Ғалым қазақ тiлiн оқытуда тiл дамыту жұмыстарын жүргiзуде балалардың
ойлауын, танымын, сөз байлығын дамыту мәселесiн кең түрде қарастырады.
Ғалым мектепте жүргiзiлетiн тiл дамыту жұмысы негiзiнен мынандай
мақсаттарды көздейтiнiн айтады:
1) оқушылардың байқағыштық, ойлау қабiлеттерi мен тiлiн, дүниетанымын
дамыту, әр нәрсенi салыстыра талдап, салыстыру негiзiнде өз беттерiмен
қорытынды шығара бiлуге үйрету;
2) оқушыларға қазақ әдеби тiлi нормасына сай, өз сезiмiн, ойын дұрыс
жазып бере алатындай дағдылар беру;
3) оқушыларды ана тiлiн сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем
де нәзiк сөз байлығын қолдана бiлуге және оны сезiнiп, құрметтей бiлуге
тәрбиелеу;
4) қазақ тiлi ғылымы табысы негiзiнде оқушылардың жазу тiлiн дамытуға
септiгi тиетiн мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиiмдi түрлерiн
iрiктеп алып ұсыну;
5) шығарма және мазмұндама текстерi арқылы балаларды өз отанын сүюге,
белсендi еңбек ете бiлуге тәрбиелеу;
6) оқушылардың iскерлiк қабiлетiн арттыру; [31,149].
Ғалымның тіл дамытуда қойған мақсаттары қазақ тілін болашақ эколог
мамандарға дамыта оқытуда басты назарға алынды.
Дамыта оқытудың мәнiн ашуға талпыныс жасау, әсiресе, кейiнгi жылдары
қосылған ғалымдар легiнiң ғылыми-зерттеу жұмыстарынан көрiнедi. Ғалым
К.О.Өмiрбаева кандидаттық диссертациясында: “...оқушыны дамыта оқыту –
баланы жан-жақты дамытуға бағытталған оқу үрдiсi және ол негiзгi ерекше
белгiлермен сипатталады”, - дей келiп, “... деңгейлеп саралап оқыту да
дамыта оқытудың бiр саласы. Оқушының сөйлеу тiлiн дамыту барысында ол
педагогикалық әрекет әсерiнен танымдық субьектiге айналады”, - деп
түсiндiредi [32, 103].
Қазақ тілі әдістемесі саласында тұңғыш рет дамыта оқыту туралы ғылыми-
зерттеу еңбек жазған Н.Ж.Құрманова. Ғалым докторлық диссертациясында қазақ
мектептерінің 5-11 сыныптарында сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту
технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін қалады. Болашақ эколог
мамандарды қазақ тіліне дамыта оқытуда ғалымның құнды-құнды пікірлерін
арқау еттік. Н.Ж.Құрманова оқушының ойлауын дамыту туралы мүлде дерлік аз
айтылып келгенін, кей ретте әдіскер-ғалымдар оны таза психологиялық мәселе
деп санайтындығын және тіл мен ойлаудың табиғи байланысы туралы қазақ тіл
білімінде енді ғана тек салыстырмалы зерттеулер негізінде жолға қойылып
келе жатқандығын айтады [33,5].
Қазақ тiлiн дамыта оқыту мәселесi туралы өзiндiк пiкiр айтып, ойын
бiлдiрген – Ж.Нұржанова. Ол әдiстемелiк құралында дамыта оқытуды зерттеген
ғалымдардың баланың ойлау қабiлетiн дамытудағы ойларын негiзге ала отырып:
“Бұл кезде мұғалiм сабақ үстiнде бiлiмдi қабылдау қабiлетi, ақыл, ес,
сөйлеу, ойлау ерекшелiктерiне тiкелей әсер етiп, оқушыны дамыта оқытуға әр
түрлi әдiс – тәсiлмен жүргiзедi. Қазақ тiлiнен бiлiм беруде дамыта отырып
оқыту мәселесi болашақ ұрпақтың интелектуалдық мүмкiндiктерiн дамыту
арқылы дүниетанымын кеңейту, теориялық бiлiм берудiң жолдары практикада
дағдыландыруда жүзеге асады”,- деген мәндi пiкiр айтады [34,51].
Дамыта оқыту мәселесi жөнiнде қазақ тiлiнде жазылған еңбек –
Б.А.Тұрғынбаеваның “Дамыта оқыту технологиялары” деген оқу-әдiстемелiк
құралы. Ғалым дамыта оқытудың қазiргi кезде қолданылып жүрген
технологияларына сипаттама берiп, сабақ үлгiлерiн де көрсетедi. Еңбекте,
негiзiнен, бастауыш сыныпта дамыта оқыту мәселесiнiң ғылыми-теориялық
негiздерi қарастырылады.
Б.А.Тұрғынбаева мектеп мұғалiмдерiнiң арасында дамыта оқыту тек
бастауышқа ғана қолдануға тиiмдi деген жаңсақ пiкiр бар екендiгiн, мектеп
мұғалiмдерiнiң көпшiлiгiнiң дамыта оқыту теориясын толық
меңгермегендiктерiн және дамыта оқытуды топпен жұмыс жасау, оқушыға
еркiндiк беру, барлық ақпаратты баланың өзiне тапқызу, сабақты басқаша
ұйымдастыру сияқты түсiнiктермен шатастырып жүргендер де бар екендiгiн
айтады [35,3].
Ол дамыта оқыту идеясын зерттеушi ғалымдардың оқыту мен дамыту туралы
еңбектерiн саралай келе, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлетiн
дамыту туралы өзiнiң ойын қорытады: “Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалiм мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалiм бұл жағдайда
дайын бiлiмдi түсiндiрiп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық iс-
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ІРІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілін орыс тілді аудиторияларда жаңаша жаңғыртып оқыту мәселесі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Білікті маман дайарлау
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Пәндер