Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Қазақстанның экологиялық аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. А аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. В аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. С аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Қазақстандағы радиациялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Семей ядролық полигоны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар ... ... ... .
2.3 Радиоактивті қалдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қазақстанның су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Каспий аймағының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. Кіші өзендерді қорғау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.
1. Ж.Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият», 2003 ж.-212 бет.
2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы: «Бастау» баспасы. 2003.-292 бет.
3. З.М. Молдағалиев, А.М. Ғазалиева, С.Д. Фазылов. Экология негіздері. Оқулық. Қарағанды: ҚРУ баспасы, 2002 ж.-255 бет.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Қазақстанның экологиялық
аймақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
1.1. А
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. В
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. С
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.Қазақстандағы радиациялық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
2.1. Семей ядролық
полигоны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.2. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық
кәсіпорындар ... ... ... .
2.3 Радиоактивті
қалдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
3. Қазақстанның су
ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
3.1. Каспий аймағының экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Арал теңізінің экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. Балқаш көлінің экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4. Кіші өзендерді қорғау
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .

Кіріспе

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-
байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі
мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1,
600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань
таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн.
шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін
алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%).
Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр.
Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан
экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.

1.Қазақстанның экологиялық аймақтары
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты
бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады. (1-сурет).

1-сурет
1.1. А аймағы — Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына
маманданған облыстар кіреді (1-суретті қараңыз). Бұл аймақтағы приоритетті
мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын
Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам,
немесе халықтың 9%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-
ын береді. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы
жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры — 3-3,5 млрд.
тонна және газдың — 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1%
құрайды. Жылда елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізіледі, жақында
одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырыңтың
95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс
аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді.
Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген
технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған
ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен
ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену
процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу
жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны
облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің
концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің
басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас
балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш
еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт
пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш
органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м3
серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп
соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен,
парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы
температураның жоғарылауына әкеледі.
1.2. В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан
Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы (1-суретті қараңыз). Ірі
түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл
аймақтағы мәселелер — қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы,
урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың
деградациясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жет-кіліксіздігі
В аймағына солтүстік-шығыс облыстар — Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-
кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып
табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік
және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4
млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50%-
ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс — Нұра — Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары — негізгі
су көзі.
Републикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді Ертіс және
Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі
өнеркәспітік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су
беруді жоспар-лау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру
мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәспі
қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мыңға жерді алып
жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері
сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мгкг
құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы
керосиннің төгілуі қауіпі төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен,
формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып,
300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің
ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл
биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300
млн. доллар, ауаның ластануы — 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен
ауыру деңгейі ең жоғары.
1.3. С аймағына - оңтүстік аймақтар жатады (1-суретті қараңыз). Тұрақты
сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады.
Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер — су ресурстарының
жетіспеуі, су көздерінің шайынды су-лармен ластануы, жайылымдардың
деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бүзылуы. С аймағына
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық
саны шамамен 5 млн, негізгі ңызметі — ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал
және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз
бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығының үлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы мал
шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімінің 61%-ын құраса, ал 1996 жылы бұл
көрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 млн га жерді алып
жатыр (Қазақстандағы суармалы жерлердің 70%-ы). Бірақ оның көлемі түздану
мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз
пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990—1996 жылдар аралығыңда 10 млн га-
дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер
өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал
теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50—70 мың
тоннадан астам түз көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар
арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне
байланысты Балқаш көлінде де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су
ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметгік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен
тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың
ауруға шалдығу деңгейі соңғы жылдарда 2—3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға
шаққанда 15,3-ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4
құрайды. Негізгі себеп — суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді.

2. Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі — радиациялық ластану болып
қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана
болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де
жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға)
радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам
ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы
мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс,
оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінін радиациялық ластануына
әкелді. Шығыс Қазақстан түрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан
кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге
байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып
келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс
болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядролық иолигонында жасалған жарылыстардың салдары,
радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары,
ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті
қалдықтар.
2.1. Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының
Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, шектрографиялық суреттер жер
бетіндегі цезий — 137 активтілігі 65—100 мкмсағ. болғанын көрсетті.
Кейбір жерлерде 120-500 мкмсағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік
Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120—150 мкмсағ. құраған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да
қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы
мен Мүржық тауының етегінде Мұржық және Дегелең аймағында байқалған
және (а - 3 белсенділіктің жоғары деңгейі) Семей облысының Қайнар
селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында
анықталған.
Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су
алмасу белсенді жүретін аймақта — а және р белсенділік салыстырмалы түрде
төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық
жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан
тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық
шаруашылық міндетте-рін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық
зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін
жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер
асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жүмыстар
жүргізілмеген.
2.2. Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар.
Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы
уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар,
полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу
жүмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының
элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғары болуымен сипатталады.
Республикамызда 80000-нан астам иондаушы сәулелер көзін пайдаланатын 800-
ден астам кәсіпорындар жүмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі
250 мың кюриден астам. Аталған иондаушы сәулелер көздерінің жалпы
санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.
Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар
аномалиялар анықталған. Үлбі комбинатының өнеркәсіптік
территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері табылып, оның 13-і
жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін металл қалдықтарының
радиоактивті ластануы анықталды. Жамбыл облысында Нодорос АҚ-да 1995 жылы
ылғал өлшегіштің нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорында комиссия
құрылып, бұл жағдайдың себептерін анықтау мақсатында тергеу жүмыстары
жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының территориясында Смирнов
поселкесінің элеваторынан қуаты 200—3000 мкрсағ. иондаушы сәулелер
шығаратын қүралдар табылған. Павлодар облысының құрылыс кәсіпорындарында
кейбір құрылыс материалдарының түрлерінің радиациялық сапа сер-тификаты
жоқ. Қарағанды облысында кәсіпорындар иондаушы сәулелердің көздерінде
кезінде жоюға арналған приборлары мен аппаратураларымен қамтамасыз
етілмеген. Семей облысында кедендік бақылау жүйесімен бірлесе отырып
жүргізілген тексеру нәти-жесінде Қазақстан территориясынан сыртқа
радиоактивті ластанған сым кабельдерінің шығарылуының 3 фак-тісі тіркелген.
2.3 Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи
радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктің түзілуімен
генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының
элементтерімен және космостық сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтік
фон әр түрлі болуы мүмкін: Ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий,
Арал теңіздері, Балңаш көлі) 6—8 мкрсағ болса, граниттік массадан тұратыы
территорияларда 50—60 мкрсағ. ңұрайды.
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фоы
18—22 мкрсағ., ал күшті қазіргі тұнбалық түзілістердің табиғи радиациялық
фоны 10—18 мкрсағ. құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3—8
мкрсаг. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық жәые
Сарытүбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының экологиясының ластануы
Ауру түрлері
Қазақстанның табиғат жағдайы
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Пәндер