Әлеуметтік лингвистика



Кіріспе
1 ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА. ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Гендерлік лигвистиканың өзекті мәселелері
1.2 Ерлер тілінің жалпы сипаттамасы
2 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ерлер тілінің ерекшеліктері
2.1 Ерлер тіліндегі вербалды амалдар
2.2 Ерлер тіліндегі бейвербалды амалдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тақырыптың өзектілігі. Қай ел, қай қоғам болмасын, әйел мен еркектің бір ерекшелігі – олардың сөз саптауы. Бұл ерекшелік алдымен олардың қоғамдағы әлеуметтік орнымен белгіленеді. Сондықтан да ол әлеуметтік лингвистика нысаны болады.
Әлеуметтік тіл білімінің ГЕНДЕРЛІК БАҒЫТЫН дамыту үшін алдымен, ерлер мен әйелдер тілінің өзіндік ерекшелігін белгілеп, айырмашылығын ажыратып, олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз қолдануы, сөйлеу әдебін (этикет речи) зерделеу қажет.
Өйткені «Ерлер – Марстан, әйелдер – Венерадан» кітабының авторы Калифорниялық жазушы Джон Грей ерлер мен әйелдер түбімен түрлі планетадан пайда болған. Жерге қонған соң-ақ олар өз планеталарын ұмытқан.
«Соғыс құдайының есімімен аталатын марсиандықтар іспен айналысқан, қолөнерге жақын болған, сапқа тұрып соғысқан. Махаббат планетасы есімімен аталған венералықтар айналып отырып алып, сезім туралы қызық әңгімелер айтатын болған» 1. 16. деген секілді тұжырымдарға сүйенсек, қазіргі қазақ қоғамындағы жыныстар арасындағы тілдік ерекшелік сонау ата-бабаларымыздың сөз саптауларында-ақ қалыптасқан.
Гендер факторы ең ежелгі заманнан көрініс береді. Алла тағала адамды жаратқанда гендерлік табиғат сыйлаған – адам ата мен Хауа ананы екі жыныстың өкілі етіп жаратқан. Сондықтан да гендер ұғымы бұл жалғанда адамзат жаралған тұста, еркек, әйел ұғымдарымен бірге пайда болған. Бертін келе сол «биологиялық» жыныс (аталық, аналық) негізінде «әлеуметтік» жыныс (еркек, әйел) туралы түсінік пайда болып, ГЕНДЕРОЛОГИЯ (әлеуметтік жыныстану) ғылымы қалыптасты 2. 43.. Гендерлік лингвистика дегеніміз – адамдар арасындағы тілдік еркшеліктерді жынысқа қатысты зерттейтін тіл білімінің саласы 4. 13..
Зерттеу нысаны: Қазақ тіл біліміндегі гендерлік ерекшеліктердің теориялық негіздері, ерлер тіліндегі вербалды және бейвербалды амалдардың қолданылуы, ұлттық этикеттің жыныстар арасындағы көрінісі – жұмыстың негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Жалпы тіл біліміндегі социолингвистика, психолингвистика, этнолингвистика және паралингвистика салаларына сүйене отырып, ерлер тіліндегі ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу әдістері: Жұмыс социолингвистикалық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық және паралингвистикалық бағытта ауыз әдебиеті материалдары негізінде жазылғандықтан, бұл еңбекті жазуда сипаттамалы және салыстырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеу тәсілдері: бақылау, есепке алу, салыстыру.
Зерттеу міндеті: Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ерлер тілінің ерекшеліктерін анықтау.
1. Митрохина Е.В. Бессарабенко А.В. Проблема гендера в истории языка, Интернет.
2. Хасанұлы Б. Қазақ тіл білімінде гендерлік бағытты қалыптастырудың өзекті мәселелері. //”Психолингвистика және әлеуметтік тіл білімі: қазіргі күйі және болашағы” халықаралық конференция материалдары. Алматы, 2003.
3. Жұмағалиева Н.Е.қазақ ауыз әдебиетіндегі ерлер тілінің бейнесі, ерекшеліктері: гендерлік ізденістер. //”Психолингвистика және әлеуметтік тіл білімі: қазіргі күйі және болашағы” халықаралық конференция материалдары. Алматы, 2003.
4. Сүлейменова Э.Д.Шәймерденова Н.Ж. Словарь социалингвистических терминов. Алматы, 2002.
5. Словарь гендерных терминов, Интернет.
6. Мамаева Г.Б.Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктер: Филология ғылымдарының кандидаты. , дисс. Алматы, 2003.
7. Веселова И.С. Рассказчики и рассказчицы: Наблюдения над типами речевого поведения, Интернет.
8. Гордон А., Мужское и женское в языке, Интернет.
9. Қордабаев Т.Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.
10. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, ІДК ред.баспа, 1988.
11. Кириллина А.В.Дискуссионные вопросы лингвистической гендерологии: био и социодетерименизм, Интернет.
12. Қоңыратов О.Түркістан //Қазақстан әйелдері. Алматы, 1998, № 5.
13. Алтынсарин Ы.Таңдалмалы шығармалар. Алматы, 1955.
14. Жұбанов Қ.Қ, Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, Ғылым, 1999.
15. Хасанұлы Б.Х. Концепция Х.К. Жұбанова в контексте гендерной лингвистики //”Жұбанов тағлымы” V Респуб. Ғыл.теор.конф.матер. –Ақтөбе, 2002.
16. Ахметов Ә.Түркі тілдеріндегі табу мен эвферизмдер. Алматы, Ғылым., 1995.
17. Сейсенова А.Д.Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларын салыстырмалы талдау. Автореферат. Филол.ғыл. канд. Алматы, 1998.
18. Гендерные исследование в Казахстане. Алматы, мальвина, 2005.
19. Чисто женские изъяны, многословие. //Время, 9.01.2003.
20. Ильин Е.П.Дифференциальная психофизиология мужчины. Москва, 2002.
21. Кон И.С. Мужская и женская сексуальность, Интернет.
22. Кенжеахметұлы С.Ұлттық әдет-ғұрытптың беймәлім 220 түрі Алматы, Санат. 1998.
23. Лингвистический энциклопедический словарь. Гл.ред.В.Н.Ярцева. Москва, 2002.
24. Момынова Б.Қ., Бейсембаева С.Б.қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. Алматы, 2003.
25. Лоханов А.С. Жест и его отношение к художественной речи. //Национально-культурная, Специфика речевого поведения. Москва, Наука, 1977.
26. Нуржанова З.М.Казахские средства общения: гендерная дифференция //”Психолингвистика және әлеуметтік тіл білімі: қазіргі күйі және болашағы” халықаралық конф. Матери. Алматы, 2003.
27. Мечковская Н.Б.Социальная лингвистика. Москва, 1996.
28. Брагина М.А.Гендер: сожержание и исследование феномена. // Русский язык и культура. Сборник. Москва, ЭКОН, 2000.
29. Тіл білімі сөздігі (жалпы ред.проф.Сүлейменова Э.Д.). Алматы, Ғылым, 1998.
30. Омиралиева Ж.К. Национально-культурная специфика конвециональных фразеологизмов с соматизмами: Дисс.канд.филол.наук. Алматы, 1999.
31. Бейсембаева С.Б.Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке: Дисс.канд.филол.наук. Алматы, 2002.
32. Ешимов М.П.Ым семантикасы: Универсалды және ұлттық табиғаты: Филол.ғылым. канд. Алматы, 2004.
33. Негимов С.Шешендік өнер. Ана тілі, 1997.
34. Қажығалиева К.Ш. национально-культурная специфика фатической речевой коммуникации в казахском языке: Дисс канд.филол. наук. Алматы, 1991.
35. Ғабдуллин М.Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1993.
36. Садырбаев С.Қазақ халық әдебиеті. Алматы. Рауан, 1990.
37. Асыл қазына тағлымы. //Ұлағат, 1994, № 1.
38. Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, Рауан, 1994.
39. Шоқым Г. Көркем әдебиетіндегі гендер көріністері. //ҚазҰУ, Хабаршысы, 2004, № 5.
40. Жанұзақов Ә.Қазақ тіліндегі кісі аттары. Автореферат. Филол.ғыл.канд. Алматы, 1960.
41. Хасанұлы Б.Қыздың сөйлеу әдебі — ана тілінің ажары. //Қазақ қызы: өткені, бүгіні, ертеңі. Халықаралық ғыл-практикалық конф. Матер. 1-том, Алматы, 2003.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қай ел, қай қоғам болмасын, әйел мен еркектің
бір ерекшелігі – олардың сөз саптауы. Бұл ерекшелік алдымен олардың
қоғамдағы әлеуметтік орнымен белгіленеді. Сондықтан да ол әлеуметтік
лингвистика нысаны болады.
Әлеуметтік тіл білімінің ГЕНДЕРЛІК БАҒЫТЫН дамыту үшін алдымен, ерлер
мен әйелдер тілінің өзіндік ерекшелігін белгілеп, айырмашылығын ажыратып,
олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз қолдануы, сөйлеу әдебін
(этикет речи) зерделеу қажет.
Өйткені Ерлер – Марстан, әйелдер – Венерадан кітабының авторы
Калифорниялық жазушы Джон Грей ерлер мен әйелдер түбімен түрлі планетадан
пайда болған. Жерге қонған соң-ақ олар өз планеталарын ұмытқан.
Соғыс құдайының есімімен аталатын марсиандықтар іспен айналысқан,
қолөнерге жақын болған, сапқа тұрып соғысқан. Махаббат планетасы есімімен
аталған венералықтар айналып отырып алып, сезім туралы қызық әңгімелер
айтатын болған (1. 16.( деген секілді тұжырымдарға сүйенсек, қазіргі қазақ
қоғамындағы жыныстар арасындағы тілдік ерекшелік сонау ата-бабаларымыздың
сөз саптауларында-ақ қалыптасқан.
Гендер факторы ең ежелгі заманнан көрініс береді. Алла тағала адамды
жаратқанда гендерлік табиғат сыйлаған – адам ата мен Хауа ананы екі
жыныстың өкілі етіп жаратқан. Сондықтан да гендер ұғымы бұл жалғанда
адамзат жаралған тұста, еркек, әйел ұғымдарымен бірге пайда болған. Бертін
келе сол биологиялық жыныс (аталық, аналық) негізінде әлеуметтік жыныс
(еркек, әйел) туралы түсінік пайда болып, ГЕНДЕРОЛОГИЯ (әлеуметтік
жыныстану) ғылымы қалыптасты (2. 43.(. Гендерлік лингвистика дегеніміз –
адамдар арасындағы тілдік еркшеліктерді жынысқа қатысты зерттейтін тіл
білімінің саласы (4. 13.(.
Зерттеу нысаны: Қазақ тіл біліміндегі гендерлік ерекшеліктердің
теориялық негіздері, ерлер тіліндегі вербалды және бейвербалды амалдардың
қолданылуы, ұлттық этикеттің жыныстар арасындағы көрінісі – жұмыстың
негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Жалпы тіл біліміндегі социолингвистика,
психолингвистика, этнолингвистика және паралингвистика салаларына сүйене
отырып, ерлер тіліндегі ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу әдістері: Жұмыс социолингвистикалық, этнолингвистикалық,
психолингвистикалық және паралингвистикалық бағытта ауыз әдебиеті
материалдары негізінде жазылғандықтан, бұл еңбекті жазуда сипаттамалы және
салыстырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеу тәсілдері: бақылау, есепке алу, салыстыру.
Зерттеу міндеті: Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ерлер тілінің
ерекшеліктерін анықтау.

1. ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА. ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Гендерлік лингвистика деп сөйлеушінің жынысына қарай ЛЕКСИКАЛЫҚ
атаулардың шартты қолдануы мен басқа да ерекшелігінің болуын айтамыз.
Ғалымдар ХVIІ ғасырда жаңа тайпалардың тілін зерттеу барысында жыныстардың
сөйлеу әрекетіндегі айрықша көзге көрінетін айырмашылықтарды байқайды.
Алдымен бұл әйелдерге қатысты. Себебі олардың сөйлеу әрекеті ерлердікіне
қарағанда белгілі бір тәртіпке бағынған, сондықтан ғылыми зерттеуде алдымен
әйел тілі сөз болған (5. 9.(.
ХVIІІ ғасырдың аяғына дейін лингвистикада алдымен род категориялары
ғалымдардың негізгі зерттеу объектісі болады.
1900-1960 жылдардың аяғына дейін Грейдің классификациясына сәйкес
тілдегі гендерлік зерттеу жұмысы келесі бағытпен жүрді: ерлер мен
әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі ерекшеліктер туралы гипотеза; жаңа
сөзформаларының айтылу мәселесі; жақсыз есімдіктердің дамуы және т.б.
талқыланды. (1. 23(.
Гендерлік зерттеулердің нақты зерттеу объектісіне айналған жаңа
кезеңі 1970 жылдардан басталды. Бұл жылдардағы зерттеулер гендер
түсінігінің лингвистикаға енуімен байланысты.
Грамматикалық род категориясын білдіретін ағылшын термині gender
лингвистикалық контекстен алынып, басқа ғылым салаларының әлеуметтік
философия, әлеуметтану, тарих ғылымдарының, сонымен қатар саясаттануда
ғылыми зерттеу аймағына айналған. “Гендер” термині гендерлік зерттеулер
пәнаралық бағыттағы статусын алғаннан кейін ғана тіл біліміне жаңа мағынада
ғылым ретінде енді. Жаңа терминнің пайда болуына дейінгі SEXUS (жыныс)
түсінігі лингвистикалық семантикада назардан тыс қалған жоқ. Себебі, жыныс
семантикасы көптеген лексикалық единицалар мағыналарының құралына (ер,
әйел, ана, әке және т.б) кіреді. Бүгінде бұл мәселені шешуде ғалымдар жыныс
түсінігіне сүйенеді (6. 36.(.
Гендерлік ерекшеліктерді зерттейтін ғылымдардың көбі жыныс сөзін
пайдаланса, ағылшын тілдес еңбектерде екі термин де қатар жүреді. Кейде
гендер терминінің қасына жыныс сөзі жақшаға алынып, түсінік ретінде
беріледі. Мұның бәрі гендерлік зерттеулерде терминедік түсініктердің
шатасуына әкеп соғады.
Гендерлік зерттеу термині тұрақты деп есептеуге болады және ол
пәнаралық ғылыми бағытқа сай келеді. Гендерлік лингвистика өкілі
А.В.Кирилина гендер терминінің орыс тілдік лингвистикада қолданылуы жайлы
кең түсінік береді. А.В.Кирилина гендер және жыныс терминдерінің
белгілерін ажыратуға тырысады. Гендер тіл феноменінің үлкен маңызды
бөлігін зерттеуде терең түсінік береді, жыныс тіл феноменінің тек
единицасын ғана қарастырады. Гендер адамның ғылыми элементі жыныспен
байланысты тіл құрылысын зерттеуде лингвистер бүгін оның тек табиғи
байланыстылығын ғана емес, әлеуметтілігі мен мәденилігін қарастырады. Бірақ
тілдің лексикалық мазмұнында жыныс жатыр. Жыныс терминін гендермен,
әсіресе, лексикалық мағына компоненті ретінде ауыстыруға болмайды. Бұл
жағдай қалыптасқан лингвистикалық тәртіпті бұзады.
Е.В.Митрохина, А.В.Бессарабенко тіл тарихындағы гендер мәселесін
қарастыра келе, гендерлік зерттеулер өзінің мазмұнын 1970 жылдарда ғана
тауып, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ғылым ретінде қабылданғанын жазады [1.25.] Ондағы
гендерлік лингвистиканың негізгі аспектілерінің бірі болып сөйлеу
әрекетіндегі әйелдердің қарым-қатынасы мен ерлердің бақталастығы
теориясы қарама-қарсы қойылады.
1980 жылдардан кейін гендерлік зерттеулер жайлы ғылыми жұмыстар
пайда болды: социолингвистика, психолингвистика, лингвистика,
паралингвистика аспектілері қарастырылды. Тіл білімінде ғылыми бағыттар
пайда болып, олар тілдегі сексизм, социум, жыныстардыңбір-біріне әсер етуі
және сөйлеу компетенциясы (жыныстар арасындағы түсініспеушілік), әйел жазба
тілінің ерекшеліктері мәселелерін қарастырды. Бұл лингвистикалық кезең
интенционализмнің өмір сүруіне себеп болады, яғни, ерлердің сөйлеу әрекеті
арқылы басымдылығын көрсетуі – сөзді айтудың жиілігі, серілігімен бір
уақытта қатарласа сөйлеуі және т.б.
Бұл кезеңнің гендерлік лингвистиканың даму тарихы ағылшынша
сөйлейтін елдердің феминистік (әйел) қозғалыстарының мәселесін қоғам
алдында алға қоюмен және гендерлік мәдениет негізі ғылыми түрде пайда
болуымен ерекшеленеді. Бұл Гамперцтің жұмысында, қарым-қатынастық
мәдениаралық зерттелуі бойынша Мальц, Боркер еңбектерінде мәдениаралық
коммуникация гендерлік қарым-қатынаста белгілі болған [5.18.].
Орыс тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы
ерекшеліктеріне Т.Б.Крючкова лингвистикалық тәжірибе жүргізеді. Бір сөздің
немесе бір мағынаның жыныстық-психологиялық айырмашылыққа қарай түрлі
қолданылуына назар аударады. Осы мақсатта ғалым екі түрлі эксперимент
жүргізеді: 1) сөзбен эксперимент, 2) мәтінмен эксперимент. Бірінші
эксперименттен мынадай қорытынды шығарады: а) белгілі бір уақыттың ішінде
ерлерге қарағанда әйелдер сөз қолданысында бірдей сөздер жиі кездеседі, б)
ерлер лексиканың жаңа түрін қолдануға бейім келеді. Екінші экспериментте
әйелдердің сөз қолданысында есімдік, көмекші сөздер, күшейткіш шырайлар,
зат есімдер жиі кездеседі деп қорытынды жасайды.
Ресей тіл біліміндегі гендерология мәселесін шешіп, негізін қалауда
еңбек еткен А.В.Кирилина болды. Ол Гендер: лингвистикалық аспектілері
(1999) атты еңбегінде жаңа ғылыми пәннің орнығуын ескеріп, гендердің
кейінгі теориялық жағы мен тіл біліміндегі гендер мәселесін шешудің
әдістемелік жүйесін қарастырды. Ғалым феминистік бағыттар мен
гендерологияның қызмет ету аймағына тоқталып, гендер мәселесінің Батыс және
орыс тіл білімінде зерттелу тарихына сипаттама береді. Біз аталмыш ғылыми
жұмысымызда негізінен А.В.Кирилинаның теориялық негіздеріне сүйендік.
А.Гордон тілдегі ерлер мен әйелдердің қызметін анықтау жұмысында
(8. 19( гендерлік ерекшеліктердің тілдегі көрінісіне тоқталады. Ондағы
гендерлік ассимиляция түсінігіне анықтама береді. Еуропа тілдерінде
жыныстар арасында бір-біріне сай емес, лексика мен грамматикада көрініс
табатын ассиметриялар (басымдылық) болады. Адам туралы немесе бір зат, жан-
жануарлар туралы айтқанда алдымен мужской родтағы ер жынысын білдіретін
сөздер айтылады: человек, тап, адам. Басқа да құбылыстар кейде ер мен әйел
тілдерінің тең емес екенін және ерлердің тілдік жағынан басымдылығын
(доминациясын) анықтайды. Лингвистикада тілдегі гендерлік асимметрияны
зерттейтін, суреттейтін, түсіндіретін бағыт – феминистік лингвистика болып
табылады. А.Гордон феминистік лингвистикаға (әйел тілі) толық түсінік
береді.
Гендерлік зерттеулерде Батыс елдерінің лингвистері (Дж. Лакофф,
Д.Спендер, М. Блок, Д.Камерон, О.Есперсон т.б.) орыс гендерлік
лингвистикасының негізін салушы ғалымдар (А.В.Кирилина, А.П.Мартынюк,
Е.А.Земская, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова т.б.) жалпы тіл біліміндегі
гендер мәселесін, гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін, феминистік
теориясының себеп-салдарын т.б. гендерология ғылымының басын ашудаүлкен
еңбек сіңірді. Дегенмен, гендерлік зерттеулердің бұл тек бастамасы ғана деп
түсіну керек. Әлі де зерттелетін, талас тудыратын мәселелер ғалымдар
алдында шешімін таппай жатыр. Гендерлік зерттеулердің жалпы тіл біліміндегі
теориялық орнығуы – алда талас тудыратын мәселе болып қала бермек.
Гендерлік лингвистика психофизиологияда да зерттелінген проблема
болып табылады. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы жөніндегі мәселе
психологиялық зерттеулерде көрнекті орын алады. Бұл салада психологияның
ерекше мән беретін мәселесі – сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы,
сөйлеудің түрлері, оның адам психикасымен байланысы, сөйлеу процесіндегі
сөйлеу органдарының қызметіне тигізетін зиянды әсерлері. Осы мәселелерді
шешуде психология тіл біліміне, тілі білімі психологияға қол ұшын беріп,
екі жақты байланысқа, қарым-қатынасқа түседі. Сөйлеу, сөйлегенді қабылдау,
түсіну жағдайларын психологияның қатысынсыз ұғыну мүмкін емес (9. 5(.
Тілдегі гендерлік ерекшеліктер психология мен тіл білімінің ортақ зерттеу
объектісі ретінде қарастырылады. Яғни, тіл білімінде лексикалық,
грамматикалық ерекшеліктер түрінде зерттелінсе, тіл – қарым-қатынас
жасаудың негізгі амалы ретінде психологияда зерттеу объектісіне айналады.
Психология ғылымының докторы, профессор Е.П.Ильин ерлер мен
әйелдердің психофизиологиялық ерекшеліктерін, жынысаралық айырмашылықтарын
кең көлемде зерттей отырып, ғалым ерлер мен әйелдердің қарым-қатынас
жасаудағы ерекшеліктеріне назар аударады. Қарым-қатынастың ерлер мен
әйелдер үшін маңыздылығы, қарым-қатынас процесіндегі адамның әлеуметтік
ролі, қарама-қарсы жыныстардың бір-біріне қатынасы, жыныстардың ұлтаралық
қарым-қатынасқа қатысы, жыныстардыңқарым-қатынас жасау ортасы, жыныс пен
қарым-қатынас тығыздылығы, еркектік және әйелдік сөйлеу стилі т.б.
мәселелер қарастырылады.
Психологтар С.М.Петрова, А.А.Бодалев ерлердің қарым-қатынас жасауда
қолданатын сөз көлемі, сөйлеу уақыты әйелдердікінен бір жарым есе кем
екенін анықтайды [6.19.].
Психологиялық құбылыстар (сүйетін, қабылдау, сезім) сөйлеу процесіне
тікелей қатысады. Қарым-қатынаста тіл ойды ғана емес, сонымен қатар адамның
жан дүниесін, сезімін білдіреді (10. 13(. Психологиялық құбылыстармен қатар
тілдің адам санасындағы орын зерттейтін психология ғылымының да тілдегі
гендерлік ерекшеліктерде алатын өзіндік орны бар. Яғни гендерлік
лингвистика тек тіл білімі саласында ғана емес, психологияның да үлесіне
тиетін мәселе болып табылады. Сондықтан тіл біліміндегі көптеген
мәселелердің шешу барысында біз психофизиолог ғалымдардың ғылыми
тұжырымдарын негізге аламыз.
Қазақ ғылымында жынысқа қатысты психологиялық және сөйлеу
ерекшеліктері толық зерттелмеген проблема. Журнал беттеріндегі кейбір
мақалалардан қазақ ерлерінің психикасына қарапайым тілмен берілген кейбір
сипаттамаларды кездестіруге болады. Қазақ ерлері тұрмысынан батыл,
еркіндікке құштар. олар досқа адал, қонақжай, жатқа да, сыйластығы мол. Өте
әсершіл, жағдайдың ауысуына қарай көңіл-күйлері тез өзгереді. бірақ олар ер
көңілді, қиын сәттің өзінде де әзілге сылтау таба біледі. Шектен тыс
балажан, әкелік сезімдері жоғары. олардың кейбіреулері мақтаншыл,
өркөкірек. олар тойшыл, мейрамшыл, жалқаулыққа біртабан жақын, дегенмен,
қажет кезінде қандай істе болмасын өздерін лайықты деңгейде көрсете біледі.
Бұл қасиеттер дәстүр мен тәрбиенің ортақ нәтижесі (12. 56(.
Ал еуропалық әйелдерге қарағанда қазақ әйелдеріне тән қасиет –
сыпайылық, ибалық, имену, ұялшақтық, ұяңдық. олар үлкен кісілер мен ер
адамдарды қадірлеп, сыйлап, өзінен жоғары сатыға қояды. Әйелдердің
психологиясына қатысты осы қасиеттерді, ерекшеліктерді біз көркем әдебиет
беттерінен, тарихи шығармалардағы авторлардың үзінділерінен байқаймыз.
– Қазақ әйелдерінің басым көпшілігіне тән бірнеше қасиет бар, – деп
отырушы еді Бабахан, – олар ақыл мен ажар, мейірім мен төзім, имандылық пен
инабаттылық, елі мен ерін пір тұту, олар табиғатқа жақын, содан да таза
(С.Сматаев) .
–Білуін біледі. Бірақ әйел затының көңілі көлдей ашық, жүрегі нәзік,
елжірегіш келеді. Өтірік қылымсығандышын көріп, сене қалады (Қ.Тоқмырзин).
Ер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріндегі ұлттық тәрбиенің
орнын қаламгерлеріміз оқырмандарын баулу мақсатында көркем шығармалап
суреттейді.
Қазақ әйелдерінің еріне деген сыйластығы, сыпайылығы, әдептілігі әйел
мінезін ерлердің психологиясынан ерекшелендіреді. Сондықтан да, ертедегі
ата-аналарымыздың арасында ажырасу, некені бұзу сияқты теріс қылықтар
болмаған.
Бірде еліне барғанда сыр қылып осы әңгіменің бәрін шешесіне бір түнде
айтып, ағыл-тегіл жылады.
– Қой, қызым, – деді анасы басу айтып, – еркекпен шаужайласып абырой
таппайсың. нәсілінде артық жаратылған жанмен деңгейлесемін деуің де
әбестік. Рас, әйел ақша табатын шығар, жұмыс істейтін шығар, тіпті шылым
тартып арақ ішсін дейін, одан ол еркек боп кетпейді. Өз жаратылысын
өзгертпейді. Өзін өзі алдап құр босқа әуре тірлік жасайды. Ал еркектің аты
– еркек! Ол өзі еркекпін демесе де, табиғат оны солай жаратқан. Ол тіпті
арақ ішіп, құлап жатса да, қатын жіберсе де, құр қарақан басы қалса да
еркек! Оны әйел деп дәлелдеп көр күшің жетсе! бір күні арағын тастайды да,
әп-әдемі боп шыға келеді. Қатын жіберсе тағы бір қатьын алады. Еркектің не
құдірет екенін білгің келсе, жұбайыңсыз жалғыз үйде жатып көр. еркек деген
ырыс-несібесі артық жаратылған жандар ғой (Л.Омарова).
Ер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріндегі ұлттық тәрбиенің
орнын қаламгерлеріміз оқырмандарын баулу мақсатында көркем шығармаларында
суреттейді. Қазақ ғылымында жыныстар арасындағы психологиялық ерекшеліктер
арнайы зерттелінбесе де қаламгерлеріміз әйелдер мен ерлер өміріне, олардың
психологиялық ерекшеліктеріне терең үңіліп, оқырманына деректі етіп
жеткізіп отырған.
Профессор Қ.Қ.Жұбанов әйел тілінің спецификалық ерекшеліктерін
көрсетеді. Ғалымның айтуынша, әр ұлт әйелдерінің өз ым тілі болады. Қазақ
әйелдері тілінің ерекшелігітуралы былай дейді: Жаңа түскен келіншек қай
жерде бір айға, қай жерде бір жылға шейін ата-енесімен дыбыстап
сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар нашнауар дейді. Нашнауар
сондай бай, сондай ұшталған тіл, мұнымен әйелдер сумаңдап ала жөнелгенде
дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ сияқты. Мұндай әйелдерге ғана болатын ерін
шығару (кеміткенде), бетін шымшу (ұятсынғанда), аузын шылп еткізу
(таңданғанда), аузын бырпылдату (кекеткенде). Соңғы екі жағдайда ым-
шараны ғана емес, дыбысты да қолданады (14. 56.( .
Қазірде тілдегі гендерлік ерекшеліктер жөнінде Б.Х.Хасанұлы
зерттеулер жүргізіп келеді. Өз зерттеулерінде профессор: казахской
лингвистике ХХІ века, мы убеждены, суждено изучить деление людского рода на
две части – мужчин и женщин и особенности их речи, речевого поведения. Дело
не столько в делении, а в оценке роли женщин и мужчин в системе гендерных
отношении, когда женщине отводится пассивная, зависимая роль, а мужчине –
активная, в отождествлении человека и подлинно человеческих качеств с
мужчиной и мужскими качествами... И это дает свое отражение в лингвистике и
на родном сознании, в пословицах и поговорках – представление мужской речи
как нормы, а женской – как отклонение от нормы. Это представление
составляет, по мнению специалистов, определенную и важную часть оценочных
мнений, характеризующих женщину в том или ином социуме (15. 47.( – деп
келтіреді.
Сондай-ақ, этнолингвистикалық тұрғыдан әйел тіліне Ә.Қ.Ахметов
Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерді ала отырып, бұл тыйым түрлерінің
әйел тіліндегі көрінісін береді (16. 20.( .
Қазақ тіл білімінде ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарында
ерекшеліктер болуы мүмкін деген жорамалды А.Д.Сейсенова Лингвистикалық
мәдениеттану: этикет формаларын салыстырмалы талдау (1998) атты ғылыми
жұмысында айтып кетеді (17. 53.( .
Қазақ тіл біліміндегі гендерологияның алға жылжуына бірден-бір үлес
қосқан еңбек деп Г.Мамаеваның Ерлер мен әйелдердің сөз қолданыс
ерекшеліктері атты кандидаттық диссертациясын атауға болады. Зерттеуші бұл
жұмысын гендерлік ерекшелік тұрғысынан жазып шыққан [6.46.].
Гендерлік ерекшеліктер мәселесі соңғы жылдары Қазақстандағы тілші,
әдебиетші мамандарды ғана емес, әсіресе психолог, социологтарды да
қызықтырып жүр.
Қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі мәселесіне байланысты өткен
конференция негізінде 2005 жылы Гендерные исследования в Казахстане атты
жинақ жарыққа шықты (18. 37.( .
Психолингвистика және әлеуметтік тіл білімі: қазіргі күйі және
болашағы 2003 ж. атты тақырыпта болып өткен халықаралық конференцияның бір
секциясы түгелімен гендерлік зерттеулерге арналып, онда көптеген ізденуші-
ғалымдр осы тақырып аясында баяндамалар жасады.
Қазақ тіл білімінде гендерлік бағытты қалыптастырушылардың бірі әрі
бірегейі – профессор Бақытжан Хасанұлы. Жұбанов тағылымы атты V
Республикалық ғылыми-теориялық конференцияда жасаған Концепция
Х.К.Жубанова в контексте гендерной лингвистики деген мақаласында ғалым :
Казахской лингвистике ХХІ века, мы убеждены, суждено изучить деление
людского рода на две части – мужчин и женщин и особенности их речи,
речевого поведения. Дело не столько в делении, а в оценке роли женщин и
мужчин в системе гендерных отношений, когда женщине отводится пассивная,
зависимая роль, а мужчине – активная, в отождествлении человека и подлинно
человеческих качеств с мужчиной и мужскими качествами [5.13.].

1.1 Гендерлік лигвистиканың өзекті мәселелері

Коммуникация (латынша communicatio – ортақ қылам, байланыстырам, қарым-
қатынас орнатам) – адамдардың өзара қарым-қатынасының формасы, ой бөлісу
түрі. Жануарлардың өзара қатынасына қарағанда адамдардың коммуникациясында
тіл өте маңызды, себебі, ол қарым-қатынас құралы болып табылады.
Қарым-қатынас барысында қолданылатын сөйлеу этикетінің бірліктері
жалаң түрде болмайды, көбіне сөйлеу әрекетінде олар қатынастың өту жағдайы
мен орны, әңгімелесушілердің орналасуы мен дене қалыптары, кеңістікте
алатын орны, т.б. экстралингвистикалық факторларға тәуелді. Демек,
коммуникация семиотикалық амалдар арқылы іс жүзіне асады. Сондықтан да
бейвербалды компоненттерге ерекше көңіл аудару қажет.
Тіл – жүріс-тұрыс формасы, организмнің қоршаған ортаға реакциясы, сөз
оның бір бөлшегі ғана, ол ЫМ, ДЕНЕ ҚИМЫЛЫ және қалыбы (поза) сияқты
элементтерді қамтиды (24.63.(. Кез келген тілде болатын сөйлеу белгілі бір
фонациялық, ым және дене қимылы, көз әлпеті сияқты компоненттермен бірге
қызмет етеді. Осындай бейвербалды амал-тәсілдер тілдік қатынаспен қатар
мағыналық реңк береді. Паралингвистика тіл білімінде тілдік емес, демек,
бейвербалды амалдарды қарастыратын сала.
Ал осы паратілдік құралдар арқылы қарым-қатынас жасауды гендерлік
аспектіде зерттей аламыз ба? Бұл сауалға маман-тілшілердің тұжырымдарына
сүйене отырып жауап берсек. Ізденуші-ғалым З.М.Нұржанова өз зерттеулерінде.
“Мужской и женский язык – это не только вербальные, но и невербальные
средства общения. К тому же, по мнению А.С.Лоханова, “жесты несут огромную
информацию: подсчитано, что в бытовом разговоре слова несут 7 % информации,
интонация - 35%, а оставшиеся 58% - жесты и мимика. Кроме того, жесты
свидетельствуют о возрастных, национальных, социальных особенностях их
носителя, об отношении его с окружающими, психологическом состоянии,
вкусах, привычках (25.45.(.
В каждой культуре имеется набор вербальных и невербальных средств,
характеризующих как мужчину, так и женщину, и в каждом лтдельно взятом
обществе они носят специфический, культурно-традиционный характер.
Казахский язык обладает богатым арсеналом невербальных средств
коммуникации, особенностью которых являетсяих уникальность и гендерная
принадлежность”, - деп келтіреді де, отандық лингвистикада бұл саланың әлі
зерттелмегендігін айтады (26.47.(.
Гендерлік паралингвистиканы лингвистикалық гендерологияның бір саласы
ретінде қарастыру туралы профессор Б.Хасанұлы өзінің ғалымдар алдында
ұсынған тұжырымдарында айтқан болатын. Ғалым: “Тіл біліміндегі гендерлік
бағытты қалыптастыру жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
1.Гендер және тіл: тарихи байланыс тегі.
Гендер факторы ең ежелгі заманнан көрініс береді. Алла тағала адамды
жаратқанда гендерлік табиғат сыйлаған – адам ата мен Хауа Ананы екі
жыныстың өкілі ретінде жаратқан. Сондықтан да гендер ұғымы бұл жалғанда
адамзат жаралған тұста, ерккек, әйел ұғымдарымен бірге пайда болған дейміз.
Бертін келе сол “биологиялық” жыныс негізінде “әлеуметтік” жыныс туралы
түсінік пайда болып, гендерология (әлеуметтік жыныстану) ғылымы қалыптасты.
Алғашқы қауымда әйел мен еркек тің, қыздар мен жігіттердің топтық
өзіндік тілі болған. Еңбек бөлісі биологиялық айырмашылыққа құрылған.
Қазақтың “Ер адам – түздікі, әйел – үйдікі” деген сөзі де ертеде пайда
болса керек. Әр жыныс өкілінің айырма сөздігі пайда болған. Аңшылық пен
құрылыс лексикасын еркектер қалыптастырған, ал үй шаруашылығы лексикасын
тек әйелдер түзген.
Келе-келе әйел мен еркектің әлеуметтік қызметі жақындай түсті, бірақ
олардың кейбір тілдік айырмашылығы сақталды. Әйел тілінде эмоционалды –
бағалаушы сөздер көп, олардың сөзінде жіңішке дауыссызда жиі кездеседі.
Стилистикалық тұрғыдан ерлер сөзінде, әйелдер сөзіне қарағанда, кітабилық
басым, синтаксисі күрделірек, зияттылық (интеллектуалдық) тұрғыдан қаныққан
болып келеді (бірақ эмоционалдық кемдеу болады) (27.46.(.
Әйелдер мен ерлердің әр заманда әр түрлі мәдени-лингвистикалық
кеңістікте өмір сүре отырып, қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық т.с.с
өзгерістерді өздерінше қабылдап, сол қабылдағанын тіл арқылы әр түрлі
белгілеген реттері анық байқалады (28.73.(.
Ғалымдарымыз ойлаудың қоғамымызға тән “патриархаттық” парадигмасын
анықтау барысында ер мен әйел затына тән менталитеттердің мәдени-символдық
қатар құрайтынын айтып келеді. Мысалы, еркекке ұтымдылық (рациональное),
руханилық, құдайшылдық, ал әйелге сезімталдық, денелік (телесное), күнәлік
(греховное), табиғилық тән деп есептеледі.
Құндылық, нұсқамалар (установки) қатарында “ер адамдық” (мужское)
деген сөз жүретін жерде жағымды (позитивті), мәнді, басым мәнінде
түсінімді, ал бағынышты мәнінде ұғынылады (27.69.(.
2.Қазақ тіліндегі гендерлік факторлардың көрінісі.
Гендерлік зерттеу – отандық ғылымда өз орнын ала бастағандай, қазақ
тіл білімінде гендерлік факторлар бұрын да назарға іліккен, бірақ қазіргі
кезде ғана арнайы зерттеу нысаны бола бастады. Ана, апа, төрайым деп
әйелге, әке, көке, мырза деп еркекке айтамыз. Ереке пен әйелдің амандасуы
екі басқа. Ерлерге қазағың “Ассалаумағалейкум!” дейді, әйелдерге сызылтып
“сәләматсыздар ма?” десе керек. Ертеректе алыстан келген қонақтарға үй
олардың жынысына қарай тігілген: қызы барға қызыл үй, ұлы барға ақ үй
тігілетін болған. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің жүзеге асуына
гендерлік фактордың тілге әсерін әлеуметтік лингвистикалық,
психолингвистикалық және когнитивтік лингвистикалық тұрғыдан зерттемек
керек.
2.1.Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипат алуы тиіс.
2.2. Қазақ тіліндегі гендерлік фактордың көрінісі фонетика, лексика,
морфология, синтаксис және стилистика деңгейінде зерттелуі шарт. Тіл
ғылымында қазақы гендерлік бағытты қалыптастыру қазақ тілінде ауызша,
жазбаша тараған мұралардың негізінде толық іске асары хақ.
Алғашқы қадамды қазақтың мақал-мәтелдері негізінде, нақыл сөздер
арқылы да жасауға болар еді.
Қазақ халқының менталитеті гендерлік тұрғыда дараланады: қызын ар деп,
ұлын нар деп білген. Өз кезегінде қыздар “Ер азаматтың табанына кірген
шөңге менің маңдайыма кірсін” деген. Ал ерлер болса, қарындас пен жесірдің
намысын қолдан бермес үшін бес қаруын асынып атқа қонған.
3.Салыстырмалы және салғастырмалы гендерлік лингвистика. Бұл бағыт тілдің
барлық деңгейінде анықталуы тиіс. Мысалы, морфология деңгейінде адамның
есімі мен тегіне, әкесінің атына белгілі бір жұрнақтың, жалпы жұрнақ
атаулының бір түрінің қолданылу – қолданылмауына қарай жеке лингвистиканың
даралануы анықталады. Сол сияқты род категориясының қазіргі тілде, оның
тарихында болу-болмау белгісі салыстырмалы, салғастырмалы гендерлік
лингвистикаға негіз болар еді.
4.Гендерлік паралингвистика. Бұл бағыт қазақ тіліндегі ым, ишара
белгілері негізінде қалыптьасуы тиіс. Қазақы гендерлік парлингвистика
тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің өмірдің көптеген салаларын (өнер,
көпшілік алдындағы сөз т.б.)дамытуға септігі тиер еді.
5.Гендерлік лексикография. Бұл бағыт қазақ тілі мен өзге тілдердің
негізінде жүзеге асуы тиіс. Нақты айтар болсақ. Қазақша-орысша, орысша-
қазақша гендер терминдері сөздіктерін түзу міндет.
6.Гендер және тіл игеру. Бұл бағыттағы зерттеулер тілдік жоспарлау
ісіне аса қажет [2.13.].
Паралингвистика (гректің para – маңында және лингвистика) – а) сөйлеу
хабарламасына ене отырып, вербалды амалдармен бірге мазмұнды ақпарат
беретін бейвербалды амалдарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі; ә) сөйлеу
коммуникациясына қатысатын тілдік емес (бейвербалды) амалдардың
бірлігі(29.54.(.
Паралингвистика ғылыми ағым ретінде Э.Холл, Т.Себеон, Л.Вест, Дж.
Трейгер сынды Америка ғалымдарының еңбектерінде салыстырмалы түрде жаңадан
(ХХғ. 50-жылдарында) бастама алды.
Паратілдік амалдар ойды жеткізуге байланысты өзіндік
паралингвистикалық (ойдың, сөйлеудің өзінен шығатын), бүркеншікті
паратілдік (ой білдіруге байланысты тұрақты) және аралық (эмоциялық қалыпты
сипаттайтын) болып үшке бөлінеді.
Паралингвистика шеңберінде универсалдық, этнолингвистикалық,
идиолектілік құрамдас бөліктері ажыратылады. Сондықтан паратілдік амалдар
вербалды ақпараттың мазмұнын толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге
сөйлеуші жайында, оның әлеуметтік, жастық ерекшеліктері, мінез-қасиеттері
туралы хабар береді.
Паратілдік амалдар тіл жүйесіне кірмегенімен, сөйлеу, яғни тіл
бірліктері болғанымен, тілдік ақпарат паратілдің сүйемелдеуінсіз қарым-
қатынас фактісі бола алмайды. Сондықтан паратілдік амалдар қандай да болсын
белгілі бір дәрежеде әр сөйлеу бірлігінің құрамында жүреді.
Сөйлеудің вербалдығына байланысты паратілдік амалдар үш түрлі қызмет
атқарады:
1.қосымша ақпарат жеткізеді. Мысалы, позитивті вербалды мәтін
қайшылықты қатынастағы негативті семантикалық қимылдың фонациялық сипатынан
көрініс табады;
2. түсіп қалған вербалды құрамдас бөліктің орнына жұмсалады. Мысалы,
Бізбен бірге барғың келе ме? сұрағына келіспеушілік қимылын көрсетеді.
3. вербалды амалдардағы сол мағынаны нақтылай түсу үшін қолданылады;
Осылайша, тілдік және паратілдік амалдардың арақатынасы сөзсіз тілдік
формалардың қызметін, стилистикалық реңктерін және т.б. барынша аша түседі.
Қазақ тіліндегі бейвербалды зерттеген ғалымдар: А.Д.Сейсенова,
Ж.Қ.Өміралиева, С.Б.Бейсембаева, М.П.Ешимов т.б.. атап айтар болсақ,
А.Д.Сейсенова бейвербалды амалдарды лингвомәдениеттану тарапынан зерттеп,
зерделеген. Ол қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардың берілуін, ұлттық
түрін, қазақ тіліндегі паратілдік амалдардың орыс тіліне аударылу жолын,
оның әдеп ұғымымен сай келуін қарастырған[17.43]. Ал Ж.Қ.Өміралиева қарым-
қатынас актісінде жүріп отыратын ым-шараларды соматизмдермен байланыстыра
қарайды. Ғалым бейвербалды құралдарды қазақ тілімен қоса, ағылшын, орыс
тілдеріндегі ым-ишараларды да салғастыру әдісі арқылы зерттеп, бас, қол,
көз т.б. дене мүшелері арқылы берілетін бейвербалды амалдарды жеке-жеке
алып қарайды (30.26.(. Осы аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстары мен ғылыми
тұжырымдарына сүйене отырып С.Б.Бейсембаева коммуникациядағы паратілдік
құралдарды тек қана қазақ тілі негізінде зерттейді. Зерттеуші бевербалды
амалдардың мән-мағынасын ашумен қатар, олардың фразеологизмдермен қатысын
және ым-ишаралардың қазақ тілінен орыс тіліне аударылуындағы сәйкестігін,
қарым-қатынас актісінде табу қимылдарының болатындығы жайлы айтады
(31.38.(. Осы жұмыстың негізінде Б.Қ.Момынова мен С.Б.Бейсембаева қазақ
тіліндегі ым-ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігін шығарды. Онда
авторлар алдымен қазақ тіліндегі ым-ишараттың берілуін, содан соң оның орыс
тіліне аударылуындағы ерекшеліктерді түсіндіріп жазады (24.12(.
Лингвистика саласындағы ғылыми зерттеулер адамдардың сөздік қоры мен
әлеуметтік мәртебесінің, билігінің арасында тікелей байланыс бар екендігін
көрсетті. Адамның әлеуметтік немесе мамандық қалпы, жағдайы неғұрлым жоғары
болса, оның сөздер мен фразалар қолдану қабілеті соғұрлым жақсы болады.
Бейвербалды амалдарды зерттегендер адамның шешендігі мен өз ойының мазмұнын
жеткізудегі жасалған дене қимылдарының арасында байланыс бар екендігін
көрсетті. Бұл адамдардың әлеуметтік жағдайы, оның беделі мен олар
пайдаланатын дене қимылдары санының бір-бірімен тікелей байланысты
болатындығын байқатады.

Тіл білімі, этнография, антропология, педагогика салаларында ғалым-
мамандарының зерттеулерінде Латын америкасы мемлеккеттері, Италия, Испания
үшін дене қимылдары қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылатындығын
көрсетті. Солтүстік халықтары дене қимылдарын азырақ, ал Жапонияда тіпті аз
қолданады(32.18.(.
Кейбір ғалымдар ым тілін адамдардың қатынас құралының алғашқы түрі
деп, бастапқы тіл – ым тілі болған, дыбыс тілі ым тілінен кейін шыққан, ым
тілі адамдар қатынасы дамуының дербес бір сатысы дегендерді айтады. Мұндай
пікірді тіл білімінде Я.Марр да жақтады.
Ым тілінің қызметі жағынан басқа семиотикалық таңбалардан елеулі
өзгешеліктері бар. Ым тілі ең алдымен жасанды емес, ол ұрпақтан ұрпаққа
ауысып, мұра ретінде беріліп отыратын табиғи құбылыс. Шарттылық тілінде тым
елеусіз, сондықтан ол негізінде интернационалдық құрал, онымен бірінің
тілін бірі білмейтін адамдар да түсінісе алады.
Бейвербалды қатынас құралдарын зерттейтін ғылым 3 саладан тұрады.
фонация, кинесика және графемика. Олардың өзіндік зерттейтін нысандары бар.
Осы үш саланың ішіндегі біздің жұмысымызға тікелей қатысы бары – КИНЕСИКА.
Оның зерттеу нысаны жоғарыдағы кестеде көрсетілген:

Кинесика (kinesis) — грек тілінен аударғанда “қозғалыс” деген

мағынасы береді. Тіл білімінде кинесика коммуникацияға енетін және қарым-
қатынас барысында қолданылатын кинемаоар, мимикалық және пантомимикалық
қозғалыстар, дене қимылдары сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде анықталады
[23].
Ым мен дене қимылдары тек қана коммуникативтік мақсатқа жету кезінде
әлеуметтік мотивацияға ие болады. Бұл ерекшелігіне байланысты кинемаларды
ұлттық-мәдени нышаны бар құбылыстар деп анықтауға болады.
Паралингвистикалық амалдардың этно-мәдени белгісі ретінде олардың ұлттық
мәдениетіне, соның ішінде салт-дәстүр мен әдет-ғұрпына байланысты туған
ерекшеліктерін атауға болады.
Американдық антрополог Э.Холл қарым-қатынастың ара-қашықтығын
зерттеудің негізін қалаушыларының бірі. 60-шы жылдардың өзінде-ақ ол
“Проксемика” терминін енгізген. Проксемика “proximity” — жақындық деген
мағына білдіреді.
Проксемикалық ара-қашықтықты білдіретін қарым-қатынас барысындағы
бейвербалды амалдары тік және көлденең деп бөліп қарастыруға болады.
Біріншісіне асимметриялық мәртебелік қатынастағы білдіретін “жоғарғы-төмен”
(төр-босаға), екінші түріне симметриялық қатынасты білдіретін “оң-сол”
мысал бола алады. Бұлар әлеуметтік жіктер арасында ең маңызды рөл атқарады.
Егер сыйлы, бұзғандық болып табылады.
Әлеуметтік лингвистика, психология, антропология, мәдениеттану
пәндерінің қиылысында орналасқан сөйлеу әрекетінің шарттары проксемика
лакуна — “төр” ұғымы бар, ол халқымыздың өміріндегі кеңістікке орналасу
тәртібін анықтайды.
“Төр” — үйдегі ең қасиетті, жоғары орын. Құрметті ер адамға әр
уақытта орын сыйлайды, қай жерде отырса да оның отырған жері “төр” болып
саналады.
Демек, “төрдің” зор әлеуметтік, ұлттық мемлекеттік саяси мәні бар.
Сондықтан да халық ел билеушілерінің қасында құрметке бөленген, елге адал
еңбегімен танылмаған адамның отыруын қаламаған. Бір жағынан бұл
әділетсіздік саналған, екіншіден “төрде” отырған соң қылығы жаман адамның
әділетті пікір айтуы күмәнді жағдай болып саналған.
Осыған байланысты “төр” құрметті, әділ ел басқарушы адамның орны
болса, “төрде” отырған адамды ел басшысы деген әдет те бұрыннан қалған. Ал
қазақта елді тек ер адамдар ғана басқарғаны белгілі. Осы төр ұғымы мен оған
байланысты айтылған және әрекетті білдіретін сөз тізбектері қазақ халқының
ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындайды, себебі, құрметті ер адамды төрге
отырғызу салты ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан игі дәстүр болып
саналады. Қарым-қатынастағы бұл әрекет сөйлеу әдебінің формаларымен қатар
қолданылады (мысалы, амандасудан кейін), сондықтан да қарым-қатынастағы
бейвербалды элементтердің бірі. Халқымыздың осы этно-мәдени дәстүрі ауыз
әдебиетімізде көп көрініс табады (мысалы келесі тараулардан көре аламыз).
Қарым-қатынастық актіде төр ұғымынан басқа адамдардың дене қалыбы да
маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас кезінде ер адамдардың отырып, тұрып,
жантайып, малдас құрып отыруы қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінен хабар
береді. Осы аталған проксемикалық амалдар қарым-қатынасушының ойын,
әлеуметтік жағдайын суреттейді.
Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдардан тек қана қарым-қатынас
жасаушының не айтып, не мезгеп тұрғанын ғана емес, сонымен бірге олардың
жасаған әрбір қимылдары мен іс-әрекеттерін, яғни оның ашулы, қуанышты,
жақтырғандығы мен жақтырмағандығы, ұялғаннан, қайғылы екенін білуге болады.
Просодикалық амалдардың ішінде де қуануды, қорқуды, толқуды,
таңдануды т.б. білдіретін қимылдар бар. Адам ашуланғанда денесі дірілдеп,
көзі бақырайып, беті күреңденіп кетеді. Бұл — эмоцияны білдіретін
продсоксималық амалға жатады.
Қарым-қатынас жасау барысында семантикасы жағынан кең қолданылатын
кинеманың түрі — түкіру қандай да бір іс-әрекетке орай түкірудің бірнеше
түрі бар. Ер адамдар жұмысқа құлшына кіріскенде алақанына түкіріп алады.
Адамдардың қарым-қатынасында ым тілі — херемалар (грек. hejr hejros –
қол) көп, кездегі жалпы коммуникация барысында дене мүшелерінің ішінде қол
қимылдары жиі қолданылады, себебі оның беретін семантикалық сипаты ауқымды.
Қол соматизміне байланысты қол алысу, қол беру, қол қусыру, қол соғу, қол
сермеу, қол бұлғау, қол көтеру, т.б. кинемалар бар. Қол алысу — сәлемдесу
және қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау, танысу, келісімге келу, шартқа
отыру, растау, қолдау және бәстескен кездегі сияқты дене қимылдары әдеп
ұғымымен ұштасып жатады, сол себепті бұл кинема лексикалық элементке
қосымша мағына үстейді
Қол алысып танысу ерлерге тән, ал ресми жағдайларда ерлермен қоса,
әйелдер де қолданады. Кездесу кезіндегі ерлер арасындағы қол алысудың
өзіндік мағынасы бар. Жыныстар арасындағы бейресми жағдайларда қол алысу
күнделікті өмірде қолданылмайды. Тылақ шығару — Ресей мен Украина,
Өзбекстанда және Қазақстанда, Қырғыстанда “Сен ештеңе де алмайсың” немесе
“соған ештеңе де жоқ” деген мағынада жұмсалады. Бұл — тек ерлерге тән
кинема.
Енді қазақ халқының ерлеріне ғана тән бейвербалды амалдарға
тоқталайық.
Ортағасырлық мәдениет “қимыл мәдениеті” деген атқа ие болған. Бұл
ғасырда дене қимылы мен оның сипаты үлкен рөл атқарған. Әлеуметтік
жағдайдағы қимылдар адамдардың кез келген ұжымының немесе топтың, рудың
мүшесі екендігін білдіре алатын дәрежеде болған.
Бет қимылы, қимыл, дене қалабы — ұлттық ерекшеліктері сақтайтын дене
тілі. Ым дегеніміз — адамның бетінің бұлшық еттерінің оның ішкі сезімдеріне
байланысты өзгеруі. Кез келген адамның сол мезетте қандай көңіл-күйде
отырғанын және әңгімелесушісіне қандай ыңғайда болғанын бет пішінінен
білуге болады. Сонымен, бет бұлшық еттері белгілі бір информацияны беріп
отырады, осыған байланысты халық арасында М.Қашқаридің “Ым білсе ер жігіт
өлмес” деген аталы сөз сақталған.
Халқымыз “Ымды білмеген дымды білмейді” дейді. Көптеген ұлттық
қасиеттер тілде ғана сақталмайды, ол ең алдымен сезімде көрініс табады.
Адам тілмен айтып жеткізе алмаған ойын ишарамен, ыммен жеткізеді.
Туған халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-
дәстүрінде көңіл аударарлық психологиялық іс-әрекеттер көп кездеседі. Соның
ішінде сезімді, көңіл күйді, іс-қимылды сөз тауыспай-ақ ыммен, ишарамен
білдіретін және оның анық бейнелейтін қызықты ұғымдар бар. Бұл адам
тәрбиесіне де үлкен әсерін тигізеді. Ұлтымыздың осындай тәлім-тәрбиелік
әдет-ғұрпының мәніне терең үңіліп оның сырын ашатын болсақ, одан көптеген
ғибаратты істерге қанық боламыз [22].
Халқымыздың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілген жақсы қасиеті —
қонақ жайлылығы. Тәуліктің қай мезгілі екеніне қарамай, қысы-жазы ақ
дастарханын жайып, мейманын ақ-жарқын жүзбен қарсы алатын халқымыз қарым-
қатынас барысында этикет формаларының әр түрін қолданады. Ертеде салт атты
қонақты аттан түсіріп, жас жігіттен бірінші сәлем берген (ерлерге ғана
тән). Бұл әдеп ерекшеліктері туралы “Шешендік сөздерде: “Түсіңіз деп түс
беріп шылбырына оралсақ, екінші еткен қызметтің, есік ашып енгізіп, көрпе
төсеп құл алсаң үшінші еткен құрметтің” дейді [33].
Қазақ халқындағы сәлемдесу рәсімдері күрделі. Оның еленіп жататын
жүйелері бар.
Сәлемдесу-амандасудың түрлерін талғап, таңдай білу нақты жағдай мен
қалыпты қарым-қатынасқа тәуелді болады: бастық-бағынышты, жасы үлкен — жасы
кіші, ер адам — әйел адам.
Қазақ халқындағы сәлемдесу рәсімдерінің күрделілігі сол — жасқа,
жынысқа байланысты әр түрлі қатыстың ретпен амандасып, ізеттілік қимыл
жасайтындығы бір жағынан халқымыздың сыпайыгершілігін, екінші жағынан
тәрбиелілігін көрсететіні белгілі.
Қ.Ш.Қажығалиева бейвербалды амандасудың қол қусырып сәлемдесу, бас
иіп сәлем беру, түрегеліп, иіліп сәлем беру, тізе бүгу, құшақтасу сынды
қимылдардың мағыналарын ашып, олардың ерекшеліктерін көрсетеді. Зерттеуші
қоштасу барысында қолданылатын қимылдары да саралай өтеді. Сонымен бірге
бет сипау, бата беру кинемаларына да тоқталады [34.
Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамдарға алдымен ұштасып, қос қолын
ұсынады, ал сәлем алушы қария оң қолын ұсынады. Осы бейвербалды амалдармен
қосы “Ассалаумағалейкум және “Уағайкум ассалам” деген вербалды түрі де
қолданылады.
Ал егер жапон далада, түзде жүрген жас жігіттердің қасынан қария
адам, не жасы үлкен адам өтіп бара жатса, жастар қарияға бұрылып барып
сәлем береді. Бұл сіздің жасыңызды берсін дегені. Сәлем беруші жас адамның
үлкен кісіге екі қолын бірдей ұсынуы — ықыласымен сәлемімді беремін дегенге
мегзейді. Сәлемін беріп, оң қолын кеудесіне басып, басын июі — ілтипат
етемін дегенді білдіреді.
Қол алысып амандасу — көне заманнан келе жатқан салт. Әуелде мұндай
белгі қолымда қаруым жоқ деген мағынаны аңғартқан. Әдетте амандасушылар оң
қолын ұсынады. Мұның да өзіндік себебі бар: оң қол — қару ұстайтын қол,
жұмысқа бейім қол, қолғап шешіп амандасу да “қолымда қаруым жоқ дегенді
білдіреді. Ер адамдар қалпағын көтеріп амандасып, үйге кіргенде бас киімін
қолына алып кіреді. Мұндай белгінің түп-төркіні әуелде басындағы дулығасын
қолына шешіп алу — бір-біріне сенім артқандыққа барып тіреледі. Қазіргі
кезде мұндай этикеттік ұғым тек сыпайылықты білдіретін белгісі сақталған.
Көріспегелі көп жыл болған тұрғылас, замандас, құрдас, ағайын-туыс
адамдар қауышып амандасады. Қауышып амандасу (кеуде түйістіріп, төс
қағысып) үшін әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып
барып, бір-біріне төс қағысып, оңға бір, солға бір кеуде тоғыстырып,
қолдарын алақан айырмастап тағы соғысып, қос қолдап амандасады. Төс
түйістіріп, қолдасып жату — сағындық қой дегенді, қолдасу — бар ықыласыммен
сәлемімді алыңыз дегенді аңғартады.
Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына
әдейі іздеп келіп сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Егер сәлем ер
адамға қатысты болса “сәлем берді” деп те айтылады. “Төле би тоқсан жасқа
келгенде Қз дауысты Қазыбек би сәлем бере барыпты” — деген ел аузынан
тараған аңыз да бар. Осы жоғарыда айтылғанның дәлелі іспеттес.
Халқымызда өте ертеден келе жатқан ерлерге ғана тән ұлттық салт-
дәстүрдің бірі — бата беру, ізгі тілек білдіру деуге болады.
Ата-бабаларымыз “Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді” деген
ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата
беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған [32.
Бата сөзі бір жағынан халық шығармашылығына жататын тілі көркем,
мазмұны келісті сөз үлгісі болса, екіншіден, тәлім-тәрбиелік мәні айрықша
байырғы мұрағаттардың бірі. Халқымыздың бата беру, ізгі тілек білдіру
салты, үшіншіден, сөз әдебі деген аса мәнді ережеге жатады.
Бата берудің де өзіндік жүйесі, шарттары бар. Бата беру процесінде
үлкен кісілер қол жаю және бет сипау сияқты дене қимылдарын жасайды.
Бата беретін адамды “Батагөй” деп атайды. Ол ел-жұртқа қадірлі адам
болуға тиіс. Бата сұраушы адам ақсақалдың алдында бір тізесін бүгіп отырып,
бата сөзі қашан аяқталғанша екі қолын көтеріп, алақанын жайып тұрады.
Бата сөзінің мазмұны ақ тілек, жақсы ниет мегзейді. Мұны “ақ бата”
немесе “оң бата” деп атайды.
Қазақ халқында оң батамен бірге қазақ арасында туған баласының,
келіннің, ағайын-туысының теріс мінезіне налыған ата-ананың немесе ел
үлкендерінің беретін ТЕРІС (қарғыс) БАТАСЫ болады. Оны берерде қолдың
сыртын бетіне қаратып жайып (1-қосымша), құдай атынан: “ұрпағың өспесін,
“көсегің көгермесін”, “барғаныңнан қайтып келме”, т.б. сияқты қарғыс, теріс
тілек тілеу түрі де бар. Қаталдық әкеге тән болғандықтан, бұл батаны ерлер
берген.
Қазақтың ойын-тойы, жайылған дастарханы батасыз өтпеген. Батаның да
алуан түрі бейвербалды этикеттің түрі көп болып келеді. Бата-тілекті
дастархан жиналар кезде тек жолы үлкен ер адам ғана айтады. Сондай-ақ,
алақан жаю, бет сипау тәрізді іс-қимылдар болады.
Осы бейвербалды элемент Құран оқу немесе бата жасау кезінде болатын
қимылды аудармашы М.Симайко дәл көрсеткен, себебі осы кинема қазақ
ерлерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқын береді.
...Один из неродивых батыров, полузакрыв глаза, нараспев начал
произносить полузабытые с детства слова Корана ... Последним свек ладонями
по лицу: — Амин” [34].
Қазақ тіліндегі ұлттық нақышқа ие бата жасау дәстүрі кинемалардың әр
түрлі формаларымен қатар жүреді. Мәселен, жоғарыда атап өткен қол жайып,
бет сипау амалдары, сонымен қатар, қолын төбеге көтеріп, дұға оқу әрекетін
атауға болады. Соңғысы дене қимылдарының ішіндегі ең көнесі А.Байтурин мен
А.Топорнов оны “Жест адорации” (тәжім ету, бас ию қимылы) деп атайды [24].
“Алпамыс батыр” жырында кейіпкер псевдо адресатқа тіл қатқанда осы
кинеманы қолданады. Түпнұсқадағы бұл паратілдік амал аудармада еш
өзгеріссіз берілген.
— Да будет мне удача! — проговорил Алпамыс, садясь на чубараго. Он
простер руки к синему небу и принес создателю молитву. —О, Творец, не
оставь без милостей своего преданного раба! Ниспошли мне удачу!... [17].
Сонымен, қазақ тіліндегі ұлттық нақышқа ие бата жасау дәстүрлі
кинемалардың әр түрлі формаларымен қатар келіп отырады екен.
Ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасында қызмет ететін кинемалар
ұлттық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Жыныс арасындағы
кинемалардың қызметі ұлттық, мәдени, салт-дәстүрмен, олардың психологиялық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сол дәстүрге олардың психологиялық,
биологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, орай жеке әйелдерге тән және жеке
ерлерге тән әдет, дағды ым-ишара өмір сүреді. Бұлардың жыныстар арасында
орны ауысып келуі салт-дәстүр, тәртіптерге қайшы келіп отырған деген
тұжырым жасайды ерлер мен әйелдер сөз қолданыстарыңдағы ерекшеліктерді
зерттеуші Г.Б.Ммамаева [16].
Адам қайтыс болғандағы жерлеу кезіндегі топырақ салу мән-мағынасы
жағынан зор ғұрып. Негізінен жерлеуге қабір басына ер адамдар ғана барады.
Егер жақын адамдары қайтыс болғанда топырақ сала алмаса ол үлкен арманда
кеттім деп өкінетін болған. Қайтыс болған дәл уақытында келіп топырақ
салса, сол адамның көңілінің жақындығын, әруаққа ризалығын, қоштаудың
белгісі деп бағаланатын болған. Топырақ салушылар марқұмға “топырағың торқа
болсын”, “жатқан жерің жайлы болсын” деген вербалды түрін де қолданады.
Бетке түкіру де масқаралау мен қорлаудың бір түрі. Әдепсіз, тәртіпсіз
адамдардың бетіне түкіріп жазалайтын әдет бар. Бұның мағынасы “бетің
құрығыр”, “көргенсіз” т.б. білдіреді. Осы айтылған кинемаға байланысты
мысалды “Қыз Жібек” жырынан кездестіруімізді болады.
Қылышты маңдайына тигізіп, содан соң жүзінен сүю-ант етудің белгісі
болып саналады. Бұл кинема құран ұстаумен мағыналас, соның синонимі.
Бір-біріне өкпелеп, араздасқан ер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Лингвистиканың объектісі
Лингвистика - тіл туралы ғылым
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы
Фонемаларды түзету
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Тіл білімі тарихында
Пәндер