Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары



Кіріспе
1.Оқушылардың сөздік қорын байыту және жиілік сөздік жұмысы
2.Лексика оқытуға байланысты оқушылардың тілін дамыту
3.Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстары.
Қорытынды
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп, өз ішінде түрлі-түрлі салаларға бөлінетін күрделі де, бай тіл. Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы фонетика, лексика, сөз жасау, морфология, синтаксис және пунктуация тіл дамыту яғни, тіл ұстарту, тіл мәдениеті сияқты салаларға бөлініп оқытылады.
Қазақ тілі пәнінің мазмұны мен мақсаты мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылатын талап-міндеттерімен ұштасып жатады. Жас өспірімдерді ғылыми дүниетанымы мол саналы, білімді етіп, адамгершілік, еңбексүйгіштік рухында тәрбиелеу ісі ана тілінде асырылады. Мектептегі қазақ тілі пәні-оқушы бойында осындай қасиеттерді қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі. Сол себептен қазақ тілі сабақтарының мазмұны тәрбие жұмыстарымен тығыз байланысты.
Тіл ұстарту оқушы тілін ширатудың, сауатты жазудың негізі болып саналады. Бұдан басқа кісінің тілін дамыту да, әркімнің өзінің тілінің дамуы да жатқызылады. Ал мектептегі қазақ тілі сабақтарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, ой-өрісін дамыту және өз ойын анық, дұрыс етіп, ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу, үйрету, дағдыландыру мақсатыкездеседі. Оқушы тілін дамыту, қазақ әдеби тілі нормасында жатық, әдепті сөйлеуге дағдыландыру, бастауыш сыныптарында басталады да, 5-9 сыныптарда одан әрі дамытылады. Тіл дамыту жұмысы мектептегі басқа пәндер бойынша да жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны лайық, тіл фактілері негізінде оқушыны сөздерді өзара біріктіріп, қиюластырып байланыстырып, белгілі бір стиль түрінде сөйлеуге дағдыландыру керек. Тіл дамыту әрқашан да тілді оқыту әдістемесінде, оның тарихында арнайы қарастырылады. Оның маңызы, қажеттілігі - анықталған мәселе. Бірақ ол әдістеме теориясында арнайы тарау ретінде енді ғана қалыптасып келеді. Әсіресе тіл дамыту методикасының негізгі атаулары және категориялары тіл дамыту жұмысының мазмұны мен жұмыс түрлері, көлемі, оқушылардың тіл байлығын бағалау нормалары әлі де толық анықталмаған.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп,
өз ішінде түрлі-түрлі салаларға бөлінетін күрделі де, бай тіл. Мектептегі
қазақ тілінің жүйелі курсы фонетика, лексика, сөз жасау, морфология,
синтаксис және пунктуация тіл дамыту яғни, тіл ұстарту, тіл мәдениеті
сияқты салаларға бөлініп оқытылады.
Қазақ тілі пәнінің мазмұны мен мақсаты мектептегі оқу-тәрбие жұмысына
қойылатын талап-міндеттерімен ұштасып жатады. Жас өспірімдерді ғылыми
дүниетанымы мол саналы, білімді етіп, адамгершілік, еңбексүйгіштік рухында
тәрбиелеу ісі ана тілінде асырылады. Мектептегі қазақ тілі пәні-оқушы
бойында осындай қасиеттерді қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі. Сол
себептен қазақ тілі сабақтарының мазмұны тәрбие жұмыстарымен тығыз
байланысты.
Тіл ұстарту оқушы тілін ширатудың, сауатты жазудың негізі болып
саналады. Бұдан басқа кісінің тілін дамыту да, әркімнің өзінің тілінің
дамуы да жатқызылады. Ал мектептегі қазақ тілі сабақтарында оқушының сөздік
қорын, сөз байлығын толықтыру, ой-өрісін дамыту және өз ойын анық, дұрыс
етіп, ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу, үйрету, дағдыландыру
мақсатыкездеседі. Оқушы тілін дамыту, қазақ әдеби тілі нормасында жатық,
әдепті сөйлеуге дағдыландыру, бастауыш сыныптарында басталады да, 5-9
сыныптарда одан әрі дамытылады. Тіл дамыту жұмысы мектептегі басқа пәндер
бойынша да жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны лайық, тіл
фактілері негізінде оқушыны сөздерді өзара біріктіріп, қиюластырып
байланыстырып, белгілі бір стиль түрінде сөйлеуге дағдыландыру керек. Тіл
дамыту әрқашан да тілді оқыту әдістемесінде, оның тарихында арнайы
қарастырылады. Оның маңызы, қажеттілігі - анықталған мәселе. Бірақ ол
әдістеме теориясында арнайы тарау ретінде енді ғана қалыптасып келеді.
Әсіресе тіл дамыту методикасының негізгі атаулары және категориялары тіл
дамыту жұмысының мазмұны мен жұмыс түрлері, көлемі, оқушылардың тіл
байлығын бағалау нормалары әлі де толық анықталмаған.
Мұғалім оқушыларға тіл фактілерін үйреткенде, олардың логикалық ойын
дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Сондықтан тіл дамыту мәселесі қазіргі
кезеңдегі өзекті тақырыптың бірі болып есептеледі.
Сондықтан біз диплом жұмысын тіл дамыту мәселесіне қазақ тілін оқыту
әдістемесінің әлі де терең зерттелмеген бөліміне диплом жұмысының міндеті –
тіл дамыту 6-шы сыныптағы оқушылардың жиілік сөздігіне байланысты жүргізу
болып есептеледі.
Олар:
- 6-шы сыныптағы оқулық мәтіндерін құрастырудың теориялық әдіснамалық
негіздерін анықтау;
- мәтіндердің лексикалық байлығымен ондағы сөз қолданыста негізінде тіл
табиғаты жөніндегі теориялық мәселелерді қарастыру;
- мәтін мазмұнын формалық жүйеге келтіру:
- бала тіліндегі жиі және сирек қолданыстағы сөздік қорын байыту.
- бақылау, талдау, жинақтау, статистикалық және зерттеу әдебиеттерін
жинақтау және қорыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту мәселелерінің
зерттелуі.
Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми – зерттеу әдістері пайдаланылады:

1. Тіл дамытуға арналған ғылыми - әдістемелік еңбектерге талдау жасау
және қорытындылау;
2. Озат ұстаздардың іс – тәжірибелерін жинақтау;
3. Бақылау, анкета, тест, әңгіме әдістерін пайдалану.
4. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ғылым және Білім
Министрлігінің қаулы – қарарларын басшылыққа алу;
5. Эксперимент жүргізу;
Диплом жұмысының құрылысы.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбектің кіріспе бөлімінде диплом жұмысының таңдау себебі, оны жазудың
мақсат – міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу объектілері туралы сөз
етіледі. Негізгі бөлімінде тіл дамытудың зерттелуі, теориялық мәселелері,
оны жүзеге асырудың жолдары, тиімді әдіс – тәсілдері баяндалады. Қорытынды
бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесіне негіздей отырып тіл дамытудың
мәселелері тұжырымдалады.
Адамның жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін факторлардың бірі -
тіл. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін жеткізеді. Сондай-ақ
тіл - адамдарды қауымдастыратын, біріктіретін құрал. Адамдар арасындағы
қарым-қатынас қызметін атқаратындықтан, тіл арқылы адамдар бір-бірімен
қатынасқа түсіп, пікірлесіп, түсінісе алады, А.Байтұрсынов: "Тіл-адамның
адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі, - деп, оның тек адамдарға
тән құбылыс екендігін көрсетеді [6.173 ]. Тіл адамдық белгісі
болғандықтан, ол арқылы қарым-қатынасқа түсу тек адамдардың меншігі.
Сонымен қатар, тіл – мәдениеттің негізі. Қандай халық болмасын, өз
мәдениетін ана тілінде қалап, дамытады. Ана тілінде жазылған түрлі өнер
туындылары, әдебиет мұралары сол халық мәдениетінің жетістігі. Бұл жөнінде
Х.Досмұхамедовтың: "Мәдениеттің негізі-білім. Білімге тіл арқылы жетеді.
Білімді жұрттардың тілі бай болады", -деген пікірі бүгінгі күннің шындығына
айналып отыр.[ 12.3].
Мектепте тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл арқылы
балаға барлық ғылымның негіздері үйретіледі. Ә.Садуақасовтың: "Адамды бір-
бірімен қоғамдастыратын басты құралдың бірі - тіл. Оқушылардың білімді
болуының басы айтушының сөзін тындай білуден, дұрыс сөйлей алудан
басталады. Әрбір пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты", -деуі де
сондықтан.[ 26.26].
Тілді оқыту баланың мектепке келген күнінен бастап жүргізіледі. 6-
сыныпта балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері,
грамматикалық заңдылықтары үйретіледі. Мұнда қазақ тілін оқытуда мұғалімнің
алдында екі міндет тұрады. Бірі - оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс
жазылуын үйрету, екіншісі - сөздік қорын молайту, сөздерді дұрыс
тіркестіріп қолдандыра білдіру. Ш.Уйықбаев: Сөздік қорын молайту, сөздерді
өз орнында қолдана білуге жаттығу, оларды өзара байланыстырып сөйлем
құрастыруға төселдіру, орфографиялық ережелерді меңгеріп, сауатты жазуға
төселту 6-сыныпта оқытылатын ана тілі және қазақ тілі сабақтарының негізгі
мақсаты-екендігін нақтылай отырып. Баланың сөз қоры мектепке келісімен-ақ
бірден байып, дамып кетпейді. Бұл өте ұзақ, күрделі процесс. Оқушының
неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе білімді терең
де тез үйренеді - деп, осы мақсаттарға жетудің бір жолы балалардың сөздік
қорының мол болуына байланысты екендігін шегелеп көрсетеді [ 29.81].
Мектепке келген бала тілдің тек фонетикалық, грамматикалық жақтарын
ғана білмейді, сонымен қатар ол тілдің сөздің құрамын, сөздердің
мағыналарын, яғни лексикасын біледі. Ғалымдардың пікірлері бойынша мектепке
алғаш келген баланың сөз қоры 3-7 мың аралығанда. Осындай сөздік қормен
келген балалардың сөздік қорын одан әрі дамытып, жетілдіретін - мектеп. 6-
сыныптар да лексиканы оқытуға арнайы уақыт бөлінбегенімен, балаларға
лексикалық ұғымдарды үйрету, сөздік қорын дамыту үнемі жүріп жатады. Бұл
туралы Г.Уайсова: 6-сыныптарда лексиканы оқытуға арнайы уақыт бөлінбеген,
сондықтан лексика жеке тақырып ретінде өтілмейді. Алайда программада
көрсетілген міндеттер мен оқулықта берілген материалдардың өзі-ақ
оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында алғашқы лексикалық
ұғымдар берудің қажеттілігін анық байқатады",- дейді [30.81].
Сондықтан да, сөздік қорды молайту мәселесі қазақ тілін оқыту
әдістемесін зерттеуші ғалымдардың назарынан еш уақытта тыс қалған емес.
Сөздік қорды дамыту мәселесіне: А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Ғ.Бегалиев,
Ә.Садуақасов, С.Жиенбаев, Р.Әміров, Ш.Сарыбаев, К.Бозжанова, С.Рахметова,
И.Ұйықбаев, Г.Уайсова, Б.Құлмағамбетова, Б.Кәтембаева К.Ақбаева, Қ.Молдабек
т.б. ғалымдар өз пікірлерін білдіріп, көптеген қырларын ашып көрсетті.
Қазақ тілін оқыту ісі XX ғасырдың басында қолға алына бастады. Осы
кезеңде қазақ зиялылары қазақ тілін оқыту жөнінде келелі еңбектер жазып,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі - Ахмет
Байтұрсынұлы. Оның оқыту әдістемесіне арналған еңбектері: "Қай әдіс
жақсы?", "Жалқылау (айырыңқы) әдіс, "Жалқылаулы-жалпылау әдіс",
"Дыбыстарды жіктеу туралы", "Баяншы" т.б.
А.Байтұрсынұлы 1920 жылы шыкқан "Баяншы" еңбегінде "Оқу үйренгендегі
бас міндет- керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу. Сөз - дыбыстың
мағыналық болып тізілгені. Сөз айту - дыбысты ауызбен тізу" -сөздердің
қабыршағы - дыбыс екендігін айтса, "Жалқылаулы-жалпылау әдісі" мақаласында:
"Сөз деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір нәрсені ататады. Оның
атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып неше сөзбен айтып тұрғанын
сұрайды", -деп сөзді оқыту әдісін нақтылай көрсетеді [6.329,370 ].
1912 жылы шыкқан "Оқу құралы" еңбегінде балаларға дыбыстарды үйрете
отырып, жазуға, оқуға үйрету жөнінде айтылған. Онда сөздерді ұғымдық-
тақырыптық топтарға бөліп, әрбір топқа бірнеше сөздер жазып көрсетеді. Ол
сөздерді мынадай ұжымдық-тақырыптық топтарға бөледі:
1. Туысқан - туған, іліктес
2. Киімдер
3. Ойын-ойыншықтар
4. Дене мүшелері
5. Тамақтар -сусындар
6. Үй саймандары
7. Ыдыс-аяқ
8. Мал аттары
9. Малдан басқа төрт аяқтылар
10. Құстар.
11. Бақа-шаян
12. Құрт-құмырсқа
13. Жер түгінің аттары
14. Жер жүзінің аттары
15. Сан
А.Байтұрсынұлы оқушыға сапалы білім беру үшін оның сөздік қорын
дамытуды көздеді. Балаларға сөздерді ұғымдық-тақырыптық топтарға бөліп бере
отырып, балалардың таным жүйесін, ойлау қабілеттерін жетілдіруді мақсат
тұтты.
Т.Шонанов - қазақ тілін оқыту әдістемесіне өз үлесін, қолтаңбасын
қалдырған ғалым. Оның қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналып жазылған
еңбектері: "Тіл дамыту (2-кітап)", "Тіл дамыту (III бөлім)", "Ересектерді
сауаттандыру әдісі", "Дауыстап оқытудың әдісі", С.Жиенбаев,
Ғ.Бегалиевтермен бірге жазған Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі,
Учебник казахского языка для русской школы т.б.
Т.Шонановтың "Учебник казахского языка для русской школы" еңбегінде
сөздік қорды дамыту мәселесі қозғалған. Еңбектің төртінші бөлімінде
оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында арнайы сөздік берілген.[32.12].
Ғ.Бегалиев-сөздік қорды дамыту жұмыстарын саралаған, оқыту жолдары мен
әдістерінің негізін қалаған ғалым.
Ғ.Бегалиев Әріп, дыбыс, буын еңбегінде сөздік қорды молайту
жұмыстарын:
Оқушылардың тілдерін байыту үшін істелетін жұмыстар үшке бөлінеді:
1. Сөз запасын көбейту;
2. Өз пікірін дұрыс айтуға жаттықтыру;
3. Өз пікірін жазып түсіндіруге жаттықтыру-деп, олардың әрқайсысына
жеке-жеке тоқталып, мынадай құнды кеңестер береді:
1. Оқушылардың запас сөздерін көбейту мына жолдармен барады:
а) Оқылатын мақалада түсініксіз боларлық сөздерді оқуға кірісудін бұрын
оқушыларға түсіндіру;
в) Оқушы бір әңгімені бастағанда сөз арасында өз пікірін түсінікті
айтып беруге сөзі жетпей қалады, міне мүндайда оқытушы керекті сөзді
оқушының аузына салып жіберсін;
с) Әліппеден соңғы кезеңде оқушыларға саяси, қоғамдық, техникалық
атаулардың тізімін жаздыру. Бұл тізіммен оқушылар әр уақыт пайдаланады
[7.10-11].
Ол оқушылардың сөздік қорын молайту жолдарын айта келе, балалардың өз
бойларына сіңірген сөздерін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы қолдану
дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру жолдарын да атаған.
Екінші, үшінші жұмыстарында оқушылардың сөздік қорындағы сөздерді
сөйлеу кезінде, жазу процесінде қолдану жолдарына тоқтаған.
2. Оқушылардың өз пікірін дүрыс айтуға үйрету мақсатында дұрыс жауап
алу:
а) Оқылған мақала бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, қысқа, дұрыс жауап
алу.
в) Оқыған мақаланы, көрген-білгенін, істегенін, сөйлегендерін байқап
отырып, қате айтқандарын соңынан түзету, дүрыс былай болады деп айтып беру;
с) Оқылған мақала туралы өз ара пікір алысуға оқушыларды үйрету,
сұрауларды қалай беру, толықтыру, қарсы пікірін білдіру жолдарын үйрету;
д) Жиналыстарда шығып сөйлеуге үйрету.
3. Біткен ойды жазуға үйрету үшін:
1) Бүкіл бөлім болып қысқа ұрандар қарау, сұрау-жауаптар айтып, оларды
жазып алу;
2) Тіл ширату немесе әңгіме істеу жұмыстарында айтылғандарды жазып алу,
соңынан оның дұрыс-бұрысын анықтау;
3) Анкет, мәлімдеме, әдіс, тіл-хат, куәлік, қағаз жаздыру т.б.[ 7.10-
11]. Атап өтерлік бір нәрсе Ғ Бегалиев осы еңбегінде алғаш рет
статистикалық әдіс қолданған.
Ғ. Бегалиев Сауат мектептерінде өтілетін қазақ тілінің пырағырамы
бөлімінде сөздік қорды байыту мәселесі және балалардың сөздік қордағы
сөздерді түрлі өмір құбылыстарында пайдалану жолдарын көрсеткен:
1. Түсініксіз сөздерді жазу. Оны түсіндіру арқылы сөздік қорды байыту;
2. Сөйлемді дұрыс түзуді білдіру;
3. Біріккен түрде, жеке түрде, әдріс, өтініш хат, мәлімдеме, сенім хат,
тізім жаздырып, оларды отырып үйрету және анкет толтырып, пылакат, ұран
жаздыру;
4. Өз ойларын анықтап, толық айтып шығуға дағдыландыру, оқығанын анық,
қысқаша толық жазып, айта алуға дағдыландыру;
5. Сөзді (перебет) арқылы, әліппемен пайдалануды үйрету;
6. Жаңа сөздерден сөздік (жат сөздерді түсіндіру) жауап алуды ұғындыру
[7.14-15].
Ол бүл еңбегінде мектепке алғаш келген балаға тек әріптерді, буындарды
ғана үйретумен қатар баланың сөздік қорын дамыту мәселесін де қолға алу
қажеттілігін, түсініксіз сөздерді балаларға ұғындыру, сөздерді әр түрлі
жаттығулар, тапсырмалар арқылы баланың актив сөздік қорына қосу
қажеттілігін тұжырымдаған.
Ғ.Бегалиев 1950 жылы шыққан Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
мәселелері атты еңбегінде сөздік қорды мәтіндеті түсініксіз сөздерді
түсіндіру арқылы дамыту қажеттігін атаған.
Ғ.Бегалиев: "Соншалық түрлі-түрлі материал ішінде оқушыларға таныс емес
я шала таныс сөздер болуы табиғи нәрсе. Текстіде түсініксіз сөздер
кездессе, оның мазмұнын түгел ұғынып алуға кедергі болуы даусыз. Түсініксіз
сөздерді текст ішінде сөйлемге қатыстыра отырып түсіндіру қажет. Оқушылар
әр сөздің мағынасын сонда ғана саналы түрде түсінеді", -деп оқушыларға
түсініксіз сөздерді түсіндіргенде мынадай әдістерді қолдану қажет деп
есептейді .[7.85].
1. Балаларға таныс емес сөздер белгілі бір затты білдіретін болса, сол
заттың өзін көрсету керек, егер дерексіз ұғым болса, анықтау жолымен
түсіңдіру керек;
2. Текстіде аталып отырған затты балалар білгенмен, сирек қолданылатын
атымен білетін болса, сол сөздерді түсіндіргенде балаларға осыны ескеріп,
затты оларға таныс атымен айтып түсіндіру қажет;
3. Текстіде кездескен сөз білдіріп тұрған заттың не екенін балалар дәл
білмегенмен, жалпы түрін білетін болса, сол білгенімен-ақ қанағаттану
керек;
4. Түбір сөзге жалғанып, оған қосымша мән беретін жұрнақтардың
мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтың мағынасын білдіретін екі-
үш сөз келтіру керек;
5. Бірсыпыра сөздердің мағынасын түсіндіргенде сол сөздердің түбірінің
мағынасын талдап барып түсіндіру қажет;
6. Дерексіз сөздердің мағынасын (мысалы, ашкөздік, жамандық, қулық
т.б.) түсіндіргенде, оқылып кеткен шығармаларды пайдалана отырып, нақтылы
мысалдар келтіру қажет;
7. Бейнелі сөздер мен сөйлемдерді және бұрма мағынадағы сөздерді
түсіндіргенде, сол сөздер мен сөйлемдердің орнына оқушыларға таныс,
түсініктірек сөздер келтіру керек .[ 7.61-62 ].
Ол мектепке дейінгі балалардың сөздік қорлары дұрыс дамымайтынын,
сөздік қорды дамытатын бірден-бір мекеме-мектеп деп дұрыс есептейді:
Мектепке бірінші рет аяқ басып отыран баланың бірқатар көрген-білгені
болғанмен, кейде онысының өзі жаңылыс, көмескі болуы мүмкін. Сөз қоры да
соған сәйкес аз болады.
Мектептің міндеті-аз уақыт ішінде баланың білім көлемін кеңейтіп, сөз
қорын молайту. Баланы өз бетімен ізденіп білім алуға үйрету.[7.164].
Ғ.Бегалиев бастауыш оқушыларының сөздік қорын дамыту жұмыстарын екіге
бөліп қарастырады. Біріншісі- 1,2 сынып оқушыларының сөз қорын дамыту
жұмыстары, екіншісі-3,4 сынып оқушыларының сөз қорын дамыту жұмыстары. 1,2
сынып оқушыларының сөз қорын дамыту жұмыстарын жетіге, 3,4 сынып
оқушыларының сөз қорын дамыту жұмыстарын беске бөледі.[ 7.165-170].
Ғ.Бегалиев 6-сынып оқушыларының сөз қорын дамыту жолдарын тек мәтінді
түсініп оқу әдістемесімен ғана байланыстырып қоймай, балалардың тілдік
қатынас арқылы қарым-қатынасқа түсу, радио тыңдатып, түрлі қоғамдық
жұмыстарға араластыру арқылы дамыту жолдарын да қарастырған.
Ғалым алғаш рет әр сыныптардағы оқушылардың сөздік қорын молайту
жолдарын ажыратып, әр сыныпта бөлек әдіс-тәсілдер арқылы сөздік қорды
молайту жолдарын көрсеткен.
Ғ.Бегалиев балалардың сөз қорын дамыту мынадай басты жолдармен жүзеге
асады деп есептейді:
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру, оны.
1. Қатысым процесінде (әңгімелесу, түсіндіру, сөйлесу, т.б.).
2. Қоршаған ортаға байланысты әсерін айтқызу .
С.Жиенбаев - қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында өз орны, өз
қолтаңбасы бар ғалым. С.Жиенбаевтың еңбектерінде 6-сынып оқушыларына қазақ
тілін оқыту мәселесінің екі үлкен тармақтары жөнінде сөз болған:
1) Грамматиканы оқыту методикасы.
2) Кітап оқыту методикасы.
С.Жиенбаев 6- сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту мәселесін кітап
оқыту әдістемесімен байланыстырады. Мәтінде кездескен түсініксіз сөздерді
түсіндіру арқылы баланың сөздік қорын молайтуға, сол арқылы мәтінді түсініп
оқуына ықпал жасауға болады дейді.
С.Жиенбаев: Бала мектепке бірқатар сөз запасын ала келеді. Мектептегі
жұмыстың қай-қайсысы да, оның ішінде кітап оқыту жұмысы да баланың сол
үйден ала келген сөз запасына сүйенеді. Бала оқитын текст негізінде
түсінікті
сөздерден құралады да, арасына бұрын есітпеген сөздері, не есіткенмен,
мағынасын түсінбейтін, я шала түсінетін сөздер қосылып отырады. Оқуда сол
жаңа сөздер түсіндіріледі. Оқыған материалды бала түсінген-түсінбегенін
сұрау арқылы білінеді"- деп, кітап оқыту методикасы баланың үйден ала
келген сөздік қорына сүйенетіндігін айтады.[15.9].
С.Жиенбаев баланың мектепке келген күнінен бастап сөз мағынасына жете
түсінуі қажеттілігін атаған. Ол: Бала екі-үш әріптің басын қосып, түтас
бір сөзді оқып шыға алатын болған күннен-ақ оқыған сөзінің мағынасына
түсінетін болсын. Сөздің мағынасына түсіну оқушының жалпы білім көлеміне
байланысты - деп, сөз мағынасын түсіну оқушының білім дәрежесіне әсер
ететіндігін орынды көрсеткен .[ 15.48 ].
Ол егер оқушы сөз мағынасын дұрыс түсінбесе мәтінді түсініп оқымай, тек
салдырлатып оқиды: "Тілімізде көп кездесетін жалпыға түсінікті деген сөздер
де бәрі бірдей жас балаға түсінікті бола бермейді. Мұны ескермей оқушының
ойы жетпейтін сөздер, ұғымдар берілсе, түсініп оқу дағдысына зор кедергі
жасалады, мағынасына қарамай кұр салдырлатып оқып беруге әдеттену де
осындайдан болады" .[15.48 ],- деген қорытынды жасаған.
С.Жиенбаев оқушылардың сөздік қорын дамыту мәселесін мәтінді дүрыс оқу,
мәтінде кездескен түсініксіз сөздерді түсіндіру, ұғындыру мәселелерімен
байланыстыра қарастырған.
Ә.Садуақасов 6-сынып оқушыларының сөз байлығын молайту мәселесіне
қатысты пікірлер айтып, саралаған, қандай әдістермен оқыту тиімді екендігін
тұжырымдаған ғалым. Ол: Оқушылардың сөз байлығын молайту жұмысын бөлек
сабақ етіп те, кітап оқу, грамматика, емле және жазу сабағында
байланыстырып та жүргізуге болады-деп, сөз байлығын молайту әрбір сабақта
жүргізу қажеттілігін атай отырып, ондай сабақтарда:
1. Оқығанын, көрген суретінің мазмұнын айтып беру жұмысында оқушылардың
сөйлеуге төселу дағдысы түзу бағытта, әдебиеттік тілдің арнасына салынып
отырылады. Оқушылардың тіл дұрысының грамматика жағынан дұрыс болуы
қадағаланады. Мысалы, сосын, нетіп, анау, бір жақсы жері, әлгі деген сияқты
қайта-қайта айтылатын ортақ сөздерді, әдет-ғұрыптық, діни сөздерді (құт,
албасты, пері, алла т.б.) сөйлеген сөзден ығыстырып отырады;
2. Оқушылар көп сөздердің (шынашақ, үрпек, еп т.б.) мағынасын анық біле
алмайтын ол сөздер, олардың есінде күдікті қатарда тұрады. Ондай сөздерді
текст ішінде не сөйлем құрау ретімен мысалдар келтіріп, түсіндіріп отыру
керек;
3. Кітап оқуда оқушыларға бұрын таныс емес, жаңа сөздер көп кездеседі.
Бұл сөздермен оқушылардың сөз байлығын молайту да басты міндеттің бірі
болып саналады;
4. Оқушылардың сөз байлығын молайту кітап оқу, грамматика, емлеге
байланыстырып жүргізіледі;
5. Жеке сөздердің сөйлем ішінде екінші түрде айтылу мағынасын түсінуге
үйрету оқушылардың сөз байлығын молайтудың негізі мына айтылғандардан
құралады:
а) Сөз байлығын молайту жұмысында оқушылар өзінің тілін сан және сапа
жағынан молайта түседі;
б) Бұрын жете біле алмай келе жатқан сөздерін тиянақты және баянды етіп
білуге төселеді;
в) Кітап оқу, грамматика, емле, жазу сабақтарына байланысты жаңа
сөздермен ойын байытып отырады;
г) Жеке сөздердің таптасу мағынасы және сөйлем ішіндегі жалпы мағынасын
түсінеді;
д) Кей сөздердің бұрма, екінші түрдегі мағынасын түсінеді.[ 26.29 ]-
дейді. Ә.Садуақасов сөз байлығын дамыту сабағын өтудің әдісін: "Сөз
байлығын
молайту жұмысының әдісі түсіндірме айтудан, сөйлегенде оқылып өтілген
сөздерді, сөйлем құрамына көбірек орналастырудан кұралады",-деп
тұжырымдайды. .[ 26.32].
Р.Әміров 1957 жылы шыққан Бірінші класта оқушылардың тілін дамыту үшін
істелетін жұмыстар" атты еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының сөз байлығын
дамыту мәселесіне аса маңызды роль береді. Ол оқушылардың тіліне 5 түрлі
талап қойған, оның біріншісі- оқушылардың сөз байлығының мол болуы.
"Окушының тіліне мынадай талаптар қойылады:
1) "Оқушылардың сөздік қоры мол бай болуға тиіс. Сөздік қоры мол
оқушының ұғымы да кеңейе береді, әрі тілі орамды болып, пікірін толық
жеткізе алады" .[ 5.4-56 ].
Р.Әміров оқушылардың тіліне осындай талаптар қоя отырып, оның сөздік
қорын молайту үшін мынадай жұмыстар жүргізу керек дейді:
1. Оқу сабағыңда шығармаларды оқып, оның тілін талдау;
2. Сөздікжасау;
3. Тақпақтар жаттау;
4. Әкскурсия жасау;
5. Табиғат календарын жүргізу;
6. Суреттер көріп ондағы зат, құбылыстардың атауын білу;
7. Заттарды топтастыру;
8. Қарсы мағыналы сөздерді келтіру;
9. Мысал сөйлемдерде жаңа сөздер келтіріп отыру;
10. Сөйлемде орны бос қалған сөздерді тауып жазу;
11.Түрлі логикалық жаттығулар жүргізу .[ 5.8 ].
Сонымен қатар 6-сынып оқушыларының сөз байлығын молайту жұмыстарын
жоспарлы жүйелі түрде жұргізуді ұғынады. "Оқушылардың сөздік қорын молайту
жоспарлы, белгілі бір жүйемен іске асыруға тиіс. Әр жаңа сөз қажетке
жұмсалынып отырмаса, ол ерте ұмытылады. Сондықтан оқушыға үйретілетін
сөздердің саны біртіндеп ұлғайтылып, қажетіне қарай, оқушылардың жасына, ой
дәрежесіне қарай іріктелініп алынуға тиіс".[ 5.7].
Р.Әміров - сөз байлығын молайтуда сөздің мағынасын жете, терең
түсіндіруді талап етеді және ондай талапты үздіксіз ескертіп отыруды қажет
деп есептейді. Оқушылардың сөздік қорын молайту үшін істелетін жұмыс
үстінде үздіксіз ескеріп отыратын бір жағдай-олардың әр сөздің мағынасын
жете біліп отыруға, түсінбеген сөздерін өз тараптарынан сүрап алуға
дағдыландыру.
Оқушының сөз мағынасын шала біліп, өзі оған бейқам қарауы бұған дағды
алып кетуі оны үлкен шалағайлыққа әкеліп соғады.[5.7],- деп, сөз байлығын
молайтуда сөздің мағынасын жете түсінуге айрықша мән береді.
Р.Әміров - оқушылардың сөз байлығын кез-келген тақырыптарды өту кезінде
де молайтуға болатынын, "Қандай емлелік -грамматикалық тақырып өтілмесін,
мұғалім мүмкіншілігі болғанша оқушының тіл байлығын байытуға себін тиетін
жағдайды қарастырып отыруға тиіс" екенін баса айтады.[ 5.19 ].
К.Бозжанова мен Р.Әміровтің "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту"
еңбегінде балалардың сөз байлығын дамыту мәселесін мәтіндегі түсініксіз
сөздерді түсіндіру арқылы дамытуды ұсынады. "Баланың мектепке шейінгі
сөздік қоры өзі көрген-білген дүниесіне байланысты ғана. Өмір тәжірибесінің
аздығынан сөздік қоры да көп емес. Сондықтан әрбір текстің оқылуында бала
өзіне таныс емес, таныс болғанмен көптеген түсініксіз сөздерді
кездестіреді. Текстегі сөздердің әрқайсысының мазмұның анық жете
түсінбейінше түгелдей тексті саналы түрде түсінуге де болмайды".
Р.Әміров пен Асқарбаеваның 2,3 класс Қазақ тілі оқулығына
методикалық нұсқау атты еңбегіңде де бастауыш сынып оқушыларының сөз
байлығын молайтуды мәтін ішінде кездесетін жаңа сөздерді түсіндіру,
ұғындыру тұрғысынан қарастырады. "Тіл үйретудің негізі-оқушылардың сөздік
қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сондықтан қазақ
тіл сабағында бұл жұмысқа баса көңіл аударылуға тиіс. Оқушылардың сөздік
қорына текст арқылы жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіріп беру-істің
бастапқы қадамы ғана"- деп, сөздердің оқушылардың есінде берік сақталуы
үшін түрлі тапсырмалар беріп, жаттығулар жүргізіп, сөйлемдер құратқызып,
байланыстыра сөйлеуге үйрету қажет екендігін айтады.
И.Қ.Ұйықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" атты еңбегінде
балалардың сөз байлығын дамыту мәселесін қосымшалар арқылы сөз мағынасын
өзгертіп, сөз байлығын дамытуға болады деп есептейді. Ол: "Балалардың сөз
байлығын көбейтіп, тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан
жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөздер жасатып, осы сөздердің кейбіреулерін
келтіре, сөйлемдер құрау керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін
іс жүзінде айқын байқайды". Мысалы: сызу сызушы сызушы Сызыл-у сызылу Ық-
ша сызықша ғыш сызғыш -деп қорытады..[ 28.27 ].
Қазақ тілінің әдістемесінде, соның ішінде 6-сыныпта қазақ тілін оқыту
әдістемесінде елеулі еңбектері бар, бастауыш мектеп оқушыларының тілін
дамыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым- С.Рахметқызы бастауыш
мектепке қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты докторлық диссертациясын
қорғаған бір-ақ адам. С.Рахметқызының еңбектеріңде бастауыш мектеп
оқушылырының тілін дамыту мәселесінің ғылыми негіздері анықталынып,
әдістемелік жақтары айқындалған С.Рахметқызы Бастауыш сынып оқушыларының
тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (ауызша және жазбаша тіл
дамыту әдістемесі) атты докторлық диссертациясында бастауыш мектеп
оқушыларының тілін дамыту үшін олардың алдымен сөздік қорлары мол болуы
қажет екендігін дұрыс тұжырымдаған. Ғалым тәжірибе жүргізе отырып,
оқушылардың сөздік қоры мен білімінің арасындағы ара-қатынасты анықтаған.
Сөздік қорлары 900-1000 сөз аралығында оқушылар 30-40 қате жіберген болса
(4 оқушы), 400-700 сөз аралығында оқушылар 60-75 қате жіберген (8 оқушы ),
ал сөздік қорлары 300-500 сөз аралығында оқушылыр 60-70 қате жіберсе (6
оқушы), сөздік қорлары 150-300 сөз аралығыңда оқушылыр 50-60 қате жіберді
(3 оқушы), Сөздік қорлары өте аз оқушылар сөйлем құрастыра алмайды. (3
оқушы) деген қорытындыға келеді. Мұндай қорытындыдан С.Рахметқызы мынадай
тұжырым жасайды. "6-сынып алғашқы кездерінде жүргізілетін сабақтар
балалардың даму дәрежесіне- сөздік қоры 800-900 сөзден тұратын балаларға
арналуы керек. Бірақ мұның өзі өте аз. Орыс мектептеріндегі оқушылар тілін
зерттеушілер 6-7 жастағы балалардың сөздік қоры 3-7 мыңға дейін
дамитындығын көрсетеді. Ал 10 жасқа жеткенде 12 мыңға дейін дамитындығын
көрсетеді.
Ендеше қазақ мектептеріндегі мұндай сүреңсіздікке бұдан былай
немқұрайлы қарауға болмайды. Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау
үшін күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйретуге тиіспіз [24.171-172].
Ғалым оқушылардың сөздік қорын мол не аз болуы оқушылардың біліміне,
тілінің дамуына, ой-пікірін жекізуіне әсер ететіндігін ашып көрсеткен.
Ғалым тіл дамытудың маңызын, мазмұнын анықтай отырып, балалардың тілін
дамыту жұмыстары олардың сөздік қорын молайтусыз жүрмейтіндігін атап
көрсетеді: "Себебі... сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып
сөйлеу үшін де негіз болады: ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен
сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес [ 24.165].
Сондай-ақ, 6-сынып оқушыларының тілін дамытудың мазмұны нені қамтуы
қажет деген сұраққа былай жауап береді: "Мұнда біз мына сияқты негізгі
мәселелерді үйретуіміз қажет, яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып,
баланың сөздік қорын дамыту сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын
формаларды меңгерту барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз
тіркесіне, сондай-ақ ойларын ауызша жазбаша сауатты, жүйелі дүрыс
жеткізуге, сөйлей білуге мақсат етеді. Сонда осы үшеуі сөздік жұмысы сөз
тіркесі мен сөйлем құрау және байланыстрып сөйлеуге үйрету күнделікті
өтілетін сауат ашу, грамматика,оқу сабақтарымен байланысты, біртұтас
жүргізіліп отырса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге
болады. [ 24.165].
Ғалым оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары олардың тілін
дамытудың бір бағыты екендігін дұрыс тұжырымдаған. Мұндай тұжырым
оқушылардың тілін дамыту үшін олардың сөздік қорын молайту қажеті екендігін
анық көрсетеді. С.Рахметқызының жоғарыда аталған докторлық диссертациясы
бастауыш мектеп қазақ тілін оқыту әдістемесіне ғана емес, жалпы қазақ тілін
оқыту әдістемесіне де қосылған қомақты үлес. Ғалым еңбегінде оқушылардың
тілін дамыту мақсатында олардың сөздік қорын анықтау қажеттілігін тек
теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибе тұрғысынан да анықтап
көрсеткен. Балалардың сөздік қорының сандық тұрғысынан жоғары болуы,
олардың сөйлеу сапасына әсер ететіндігін айтқан.
С.Рахметқызының аталған диссертациясындағы жаңалығы бастауыш мектеп
оқушыларының тілін дамыту үшін сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен сөйлем құрау,
байланыстырып сөйлеуді біріктіре отырып, қатар жүргізу қажеттілігін, сондай-
ақ балалардың мектепке алғаш келген күнінен бастап тілін дамытудың дұрыс
екендігін дәлелдеуі. Балалардың үйренген сөздерін күнделікті тілдік қатысым
әрекетінде ғана емес олардың шығармашылық жұмыстарында да дұрыс қолдануға
үйрету әдіс-тәсілдерін ажыратып көрсетуі. С.Рахметқызынан бұрын бастауыш
мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамыту әдістемесін қазақ
тілін оқыту әдістемесінде болмаған, соңдықтан бұл жұмыс іргелі де үлкен
проблемалық мәселені шешіп берді.
С.Рахметқызы "Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту" атты
еңбегінде сөз байлығын молайту мәселесін оушылардың тілін дамыту тұрғысынан
қарастыра келе, оны тіл дамыту жұмыстарының бір бөлігі ретінде
тұжырымдайды. Ол тіл дамыту жұмыстарын үшке бөледі:
1) Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
2) Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.
3) Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын дамыту жұмыстарында мынадай жұмыстар орындалуы
қажет дейді:
І.Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда:
а) Жаңа сөздер үйрету жөне осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ
балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету;
ә) Көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету;
б) Синонимдермен, антонимдермен жұмыс;
в) Омонимдермен жұмыс;
г) Көп мағыналы сөздермен жұмыс;
д) Қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
е) Мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету;
ж) Оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру
мәселелерін қамту. [24.23-25 ].
С.Рахметқызы "Кіші жастағы оқушылардың жазу тілін дамыту" атты
еңбегінде жазбаша жұмыстарында оқушылардың сөздік қорының мол болуы, оның
біліміне әсер ететін факторлардың бірі ретінде қарастырып: 6-сынып
оқушыларының көрген — білгені де, оқыған материалдары да аз, ой өрісі де
тар, демек сөздік қоры мен ұғым дәрежесі де шағын болды" — деп оқушылардың
сөздік қоры мен ой-өрісінің бір-біріне байланысты екендігін көрсетеді [
24.15].
Ә.Е.Жұмабаева 6-сыныпта сауат ашу кезеңіндегі жүргізілетін тіл дамыту
жұмыстарының әдістемесі" атты кандидаттық диссертациясында оқушылардың
сөздік қорын байыту жұмыстарын олардың сауат ашу кезеңінен бастап жүргізу
тиімді екендігін атап көрсетеді. "Ал, әліппе кезеңінде, яғни оқушылардың
нақтылы дыбыстарды оқуға және үйрету негізінде, сөздік жұмысының, балалар
күн сайын ұшырасатын жаңа сөздердің мағыналарын меңгеру ісінің бірінші
кезекке шығатыны белгілі. [14.80]. Ғылыми еңбегінде оқушылардың сөздік
қорын байыту жұмыстарын сауат ашу кезеңінің барлық кезеңдерінде жүргізу
қажеттілігін анықтайды. Әліппе дейінгі кезеңде жүргізілетін жұмыстардың
төрт бағытының бірі ретінде оқушылардың сөздік қорын байыту жұмысын атаса,
әліппе кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың төрт бағыттың бірі ретіңде
жүргізу қажет екендігін ашып көрсетеді. Сондай-ақ, оқушылардың белсеңді
сөздік қорының сандық жағына да аса назар аударады, Оқушылардың сөздік қоры
шектеулі. Егер 2 жастағы балалардың белсенді сөздік қорында 2500-300 сөз
болуға тиіс деген бағдарламалық талап тұрғысынан келсек, бұл талап
орындалмаған"- дейді. [14.28]. Ғалымның жоғарыда аталған пікірімен келісе
отырып, оның оқушылырдың сөздік қорын мектепке келгеннен бастау қажет деген
ой-пікіріне толық қосыламыз. Ғалым өз еңбегінде оқушылардың тілін дамыту
үшін оның сөздік қорының сандық, сапалық жағынан мол болып, мұның сауат ашу
кезеңінен бастаған дұрыс деп тұжырымдайды.
Ғалым еңбегінің 6-сынып оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесіндегі
маңыздылығы, оның оқушылардың сөздік қорын сауат ашу кезеңімен бастау қажет
деген пікірінде.
Т. Әбдікәрімова 6-сынып текст арқылы тіл дамыту" атты кандидаттық
диссертациясында оқушылардың сөздік қорын байыту мәселесін текстегі
түсініксіз сөздерді түсіндіру, ұғындыру тұрғысынан қарастырады. Ғалым
мәтінді дұрыс түсініп оқу үшін, осы мәтінде кездескен түсініксіз сөздер
арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту қажет екенін атап көрсетеді. "Адам
баласының әр кездегі өмір қадамдары оның тілін дамытуға өз үлесін қосып,
ізін қалдырады, былайша айтқанда адам тілі өмір бойы дамып отырады. Оның ең
негізгі маңыздысы — сөз байлығын көбейту, байыту. Ол балалар бақшасынан
және бастауыш мектептен басталады. Бала тілі халықтың салтымен, әдет-
ғұрпымен, тарихымен, дәстүрімен тығыз байланысты дамиды да, өйткені
оқулықтағы текстер оны қамтиды. Әр текст оқушының сан-алуан саласымен ғана
таныстырып, білім беріп қоймайды, сонымен байланысты сөздермен де
таныстырады. Ол сөздердің біразы оқушыға таныс емес, оқушы бүрын
кездеспеген сөздер болып келеді. Текстегі оқушыға таныс емес сөздерді
оқушының сөздік қорын қосу, сөз байлығына айналдыру — жұмыстың негізгі
міндеттерінің бірі.
Ғалым сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмегенімен, оның сабақтың өн
бойынан табылатындығын айта келе, бұл жұмыстарда тек түсініксіз сөздерді
ғана қамтымайтындығын, сонымен қатар түсінікті сөздердің мағыналық
реңктерін, қолданылу орнына, мағынасын ашып, көрсету қажет екендігін атай
келе, мұндай жұмыстар үш кезенде жүргізілетіндігін көрсетеді:
а) Тексті оқу алдында ә) Тексті оқу үстінде
б) Тексті оқып болған соң жүргізілетін сөздік жұмыстары. [ 4.104].
Сонымен қатар, оқушылардың бойында бірінші сыныптан бастап сөздік
жүргізу жұмысын, қалыптастыру керектігін, бұл оның жоғарғы сыныпқа барғанда
сөз байлығын саналы толықтырып отыруға дағдыландыру қажет дейді...:
Оқушыларды сөздік жүргізу жұмысы өте жақсы қалыптасса, ол кейін жоғары
сыныптарда сөздік жұмысын жүргізеді. Бұл оқушының сөз байлығын толықтырып
отыруға саналы түрде қарауын қалыптастырады [ 4.108].
Г.Уайсова "Қазақ мектептерінде ана тілінің лексикасын оқыту әдістемесі"
кандидаттық диссертациясында сөздік қорды байыту мәселесін қозғап, оны тек
сөздікпен ғана жүргізбей, сөздерді грамматикалық тәсілдермен ұғындыру
қажет, ол үшін: "Оқушылардың сөздік қорын байыту - әрбір сабақ барысында
бірте-бірте жүргізілетін күрделі процесс. Балалардың сауаттылығын жетілдіру
мақсатымен жүргізілетін маңызды іс тек сөздік толтыру жұмысымен ғана
шектеліп қалмауы керек. Сабақта түсіндірген әрбір жаңа сөздің мағынасын
шәкірттердің анық ұғынуынан бастап, ол сөзді өз беттерінше қолдана білуіне
дейінгі аралықта бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады:
а) Жаңа сөзді оқушылардың қабылдауы, дұрыс түсінуі;
ә) Ол сөздің барлық мағыналық реңктерімен, бояуларымен түсінікті болуы;
б) Арнаулы тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мұғалім
түсіндірген жаңа сөзді қолдана білу икемділігі;
в) Сөйлегенде, жазу жұмысында өз беттерімен еркін қолдануға
машықтанады" - деп, сөздік қорды молайту жолдарын көрсетеді [ 30.80-82].
Ғалымның кандидаттық диссертациясының 6-сынып оқушыларының сөздік қорын
молайту мәселесіне қосқан үлесі, оның мәтінде қолданылған сөздерді
балаларға жүйелі түрде үйретіп, меңгертуіңде.
Ғалым мектеп оқулықтарында берілетін материалдар жыл сайын күрделене
беретін принципке сай құрылғанын атай келе, мектеп оқушыларына лексикалық
дағдылар мен ұғымдарды беру жұмысын мынадай бес бағытқа бөледі:
1) Оқушылардың сөздік қорын байыту;
2) Көп мағыналы сөздер туралы хабар беру;
3) Антонимдер туралы ұғым беру;
4) Оқушыларға синонимдер мен антонимдердің ерекшеліктерін байқату;
5) Оқушылардың сөйлеу тілінде тұрақты сөз тіркесінің дұрыс орнығуын
қарастыру [30.104].
Оқушылардың сөздік қорын бойыту принциптері.
Ғалым еңбегінде оқушылардың сөздік қорын байыту жұмыстарын төрт
принципке сүйене отырып жүргізу қажет деп есептейді. (Т.А.Ладыженскаяның
пікіріне сүйене отырып)
1) Сөз мағынасын ол бейнелейтін болмыспен салыстыру принципі;
2) Сөздің лексикалық мағынасы мен гармматикалық мағынасын салыстыру;
3) Семантикалық принцип;
4) Диахроникалық принцип;
6-сыныпта бірінші принципті қолдану қажеттілігін, себебін, белгілі бір
ұғымға теліннген сөз есте сақталмайды, тез ұмытылады-деп атап көрсетеді.
[30.95-96].
Ш. Уақбаев 6-сыныпта ғылым негіздерін оқытудың кейбір ерекшеліктері"
атты еңбегінде баланың білімді болуының алғышарты сөздік қорының мол
болуына байланысты дей келе, сөздік қорын молайту мәселесін тіл дамыту,
әдеби тіл нормасында сөйлеу мәдениеттерімен қатар қояды. Ол: "Баланың
сөздік қоры мектепке келісімен-ақ бірден байып, дамып кетпейді. Бұл -өте
ұзақ, күрделі процесс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау
қабілеті жақсы жетілсе, білімді терең де тез үйренеді", — әрі карай "Сабақ
кезінде жаңа материалдарды оқушыларға меңгертіп қана қоймай, белгілі бір
мөлшерде олардың сөздік қорын, тілін дамытып, әдеби тіл нормасында сөйлеуге
жаттықтыра беру қажет", — деп қорытады [ ].
Кейінгі кезеңде 6-сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінде жемісті
жұмыстар жүргізілуде. Бұл еңбектерде басстауыш мектепте қазақ тілін оқыту
әдістемесін жетілдіру жұмыстарының ғылыми негіздері ашылып, әдіс-тәсілдері
анықталды. Атап айтқанда: С. Рахметова докторлық диссертациясын қорғаса,
Т.Әбдікәрімова, Г.Уайісова, Ә.Жұмабаева, К.Ақбаева т.б. ғалымдар
кандидаттық диссертацияларын жемісті қорғады. Мұның барлығы ғылымға
қосылған құнды еңбектер. Осылардың ішінде сөздік қорды молайту мәселесіне
қатысты мына еңбектерді атап көрсетуге болады.
Б.Баймұратованың "Сәбилердің сөздік қорымен сөз игеру ерекшеліктері
жөнінде" атты кандидаттық диссертациясында мектепке дейінгі кезеңде
балалардың сөздік қорын молайту мәселесінің теориялық және әдістемелік
негіздері айтылған [8.35].
К. Ақбаеваның Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сынып оқушыларының
қазақша сөздік қорын молайту жолдары атты кандидаттық диссертациясында орыс
тілді оқушылардың қазақша сөздік қорын дамыту жолдарының теориялық және
әдістемелік негіздері айтылған [ 1.35].
Қорыта келгенде 6-сынып оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесін
зерттелу тарихы мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Сөздік қорды молайту ісін қолға алу кезеңі (А.Байтұрсынов,Т.Шонанов)
2) Сөздік қорды молайту мәселесінің анықталынып, әдіс-тәсілдері
қаланған кезеңі (Ғ.Бегалиев,С.Жиенбаев т.б.)
3) Сөздік қорды молайту мәселесін мәтінді дұрыс оқу әдістемесі
тұрғысынан қарастыру кезеңі (Ғ.Бегалиев,С.Жиенбаев Ә.Садуақасов т.б.)
4) Сөздік қорды молайту мәселесін тіл дамыту әдісстемесі тұрғысынан
қарастыру кезеңі (С.Рахметова, Р.Әміров, Б.Құлмағамбетова т.б.)
6-сынып оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесі 20-ғасырдың басынан
бері қарай айтылып келе жатыр. Бірақ шолудан көргеніміздей 6-сынып
оқушыларының сөздік қорын молайту мәселесі басқа мәселелер құрамында
айтылып, өз алды жеке мәселе болып қарастырылмаған. 6-сынып оқушыларының
сөздік қорын молайту мәселесінің ғылым негіздері қаланбаған, сөздік қорын
молайту ісіне лексикалық негіз ретінде неше сөз берілетіндігі, қандай
дидактикалық, әдістемелік әдіс-тәсілдер қолданылатындығы айтылмаған.
Сондықтан осы мәселені өзіміздің зерттеу тақырыбымыз етіп алдық.
Оқушылардың сөздік қорын байыту және жиілік сөздік жұмысы Оқушылардың
сөздік қорын байытып, тілін дамыту белгілі жүргізіледі. Ең алдымен
лексикалық минимум белгіленді. Ол туралы И.Р.Львов бұл мәселені ана тілін
оқытуға да қолдануға болатындығын: Третья сфера работы школы по развитию
речи - әто доведение речевых умений детей до какого-то минимума, ниже
которого не должен остаться ни один учащийся, повышение ее культуры, всех
ее выразительных возможностей, - деп көрсетеді. [ 18.35].
Әдістемеде тіл дамыту мақсатымен оқыту материалын таңдаудың жалпы
ұстанымдары бар. Ол туралы И.Молчанова: При отборе учебного материала
различаются два подхода, основывающийся на соответствии учебного материала
видами коммуникативной деятельности, т.е. отбор ведется с учетом
пригодности языкового материала для рецептивных видов речевой деятельности
и для продуктивных видов речевой деятельности,-деп анықтайды. [22.226].
Тіл дамыту жұмысы екі бағытта қарастырылады: немен дамыту және қай
деңгейде дамыту.
Немен дамыту дегенде баланы сөйлеуге үйрету үшін қандай материалдар
беру, нені оқытып қандай лексикалық дағдылар қалыптастыру қажет деген
мәселелер күн тәртібімен қайталады. Ол туралы Қ.Молдабеков: Определение
мер влияния частотных закономерностей слово употребление на усвоение
учащимися заданного материала и прогнозирование некоторых оптимальных
методов преодоления родного языка, - деп оқушылардың тілін дамыту
материалы ретінде сөзді қолдануына байланысты айтады. [21.75].
Оқушылардың тілін сөздік қорын зерттеуде Н.Рыбников, А.Гвоздев,
Қ.Жарықбаев, А.Люблинская, М.Львов т.б. еңбектерінде сөйлеуде белгілі
сөздер жиілікпен қолданылатын, ал оқушылардың жас ерекшелігі мен таным
ойлануына байланысты болатындығын айтады. Ол туралы М.Бородулина: Как
правило в учебных целях отбираться весь языковой материал, как
продуктивный, так и рецептивный, лексический языковой материал, подлежащий
продуктивному усвоению систематизируется в словарях - минимумах, - деген
пікір білдіреді. (9.19). Сондықтан біз оқушылардың тілін дамытуда сөздердің
қолданылуына байланысты 6-сынып оқушыларына лексикалық минимум белгілеп,
сол арқылы олардың сөздік қорын байытуды мақсат тұттық.
Сөздік жұмысын жүргізу, жоспарлы мақсатты жүргізіледі. Ол туралы М.Р.
Львов: Важно, чтобы усвоение слов проходило не стихийно, чтобы учитель
управлял әтми процессом и таким образом облегчая бы его для учащихся, делал
бы его әффективнее и обеспечивал правильность полноту усвоения, - деп
лексикалық минимум беру, тіл дамыту үрдісін жүйелі жүргізуге ықпал
ететіндігш айтады (18.204).
Лексикалық минимумды белгілеу көбінесе 6- сынып оқушылары мен басқа
тілді үйренушілерге байланысты қарастырылып жүр. Мәселен, Р.Ладо ағылшын
тілінде сөйлей білу үшін минимальды сөздік қоры 860 болса жеткілікті, ал
2000 сөзді игерсе, еркін жазып оқи алады деп көрсетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Әріптерден сөз жасау
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
Сауат ашу
Пәндер