Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1.Семей аймағындағы экологиялық жағдай.
2.Жер қойнауы.
3.Улы қалдықтар полигоны.
4.ТҚҚ полигонының жағдайы.
5.Тарихи ластанулар мен иесіз қалған қалдықтар.
6.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы.
7.Шығыс Қазақстан обылысында экологияға тәуелді арулардың даму қауіпі.

III. Қортынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Биыл – елiмiздегi ядролық сынақтардың тоқтатылғанына 21 жыл. Ресми деректерге көз тіксек, Семей полигонында 1949 – 1989 жылдар бедерінде 468 мәрте ядролық бомба сынақтан өткiзiлген. Бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына ену жөніндегі стратегияда мемлекет басшы¬мыз Н.Ә. Назарбаев: «Шетелдіктер қатысатын ғылыми орталықтарды дамыту жөн. Шетелдік мем-лекет¬терді, корпорациялар мен академиялық орта¬лықтарды Қазақстанда жаңа ғылыми орта¬лықтар құру үдерісіне тарту керек», - дейді. Бұл да уақыт талабы және еліміздің жаңа тынысын ашатын шара.Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылуда. 2004-жылға арналған республикалық бюджетте ақталған азаматтарға өтемақы төлеуге 854,1 млн. теңге, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектерге біржолғы төлемге - 197,1 млн. теңге көзделген.2012 жыл бойынша атмосфералық ауаны «жоғары ластану» жағдайлары тіркелген жоқ. 2012 жылдың бірінші жартысында аумақтың ірі кәсіпорындарының жұмыс талдауы бойынша, ірі кәсіпорындарының стационарлық көздерінің шығарындыларының соммалық көрсеткіш деңгейі 2011 ж. көп өзгешелігі жоқ.
Семей қ. 2011ж. бойынша стационарлық көздердің ластаушы шығарындыларының 80% «Теплокоммунэнерго» МҚК пайдалануындағы коммуналдық жылыту қазандықтарына тиесілі, сонымен қатар, құрылыс өнеркәсіп мекемелері де қаладағы атмосыералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі кездегі жағдай Шығыс Қазақстан облысында өлім деңгейінің жоғарылығымен және өмір сүру ұзақтығының төмендігімен, жүрек тамыр жүйесінің, онкологиялық аурулардың жоғарылауы, репродуктивті денсаулықтың көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады. Тұрғындардың жалпы аурушылдығы соңғы 2 жылда 3%-ға, ал біріншілік аурушылдық 5,2%-ға жоғарылады. Ауру деңгейінің өсуі тұрғындардың барлық топтарында байқалды балаларда 4,5%, жасөспірім-дерде 7,2%, ересектерде 2,2% жоғарылаған.
1. Сидоренко Г.И. Проблемы гигиенической диагностики на современном этапе. - М., 1995.-165с.
2. Измеров Н.Ф. Индустриализация и ее последствия для здоровья работающих // Гигиена и санитария. -1992.-№4.-С.11-13.
3. Онищенко Г.Г. Критерии опасности загрязнения окружающей среды // Гигиена и санитария. -2003.- №6.-С.3-4.
4. Агаджанян Н.А. Экологическая физиология человека -М. :Изд. «КРУК», 2003.-416с.
5. Ахметов С.Р. Ретроспективная реконструкция внутреннего облучения населения ВКО за счет долгоживущих продуктов деления в костной ткани зубов // Тезисы. VI межд. н-п. конф. «Экология. Радиация. Здоровье», Семей, 2009 г., С.18.
6. Киргизбаева А.А., Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С., Абдрахманова Р.М. Радионуклидное и химическое загрязнение отдельных территорий СИЯП. // Тезисы VI межд. н-п. конф. «Экология. Радиация. Здоровье», Семей, 2009 г., С.29.
7. Сергазина Г.М. Особенности последствий деятельности Семипалатинского испытательного ядерного полигона. // Тезисы VI межд. н-п. конф. «Экология. Радиация. Здоровье», Семей, 2009 г., С.46.

МЕЕБМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕСИТЕТІ

Базалық пәндер департаменті
Жалпы гигиена және экология курсы

Экология және тұрақты даму пәні

СОӨЖ
Тақырыбы: Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы

Орындаған: Тілебеков А. Т.
Тобы:103Б
Факультет: жалпы медицина
Тексерген: Айтжаеова Г. М.

Алматы 2015

Жоспар:
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1.Семей аймағындағы экологиялық жағдай.
2.Жер қойнауы.
3.Улы қалдықтар полигоны.
4.ТҚҚ полигонының жағдайы.
5.Тарихи ластанулар мен иесіз қалған қалдықтар.
6.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы.
7.Шығыс Қазақстан обылысында экологияға тәуелді арулардың даму қауіпі.

III. Қортынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Биыл - елiмiздегi ядролық сынақтардың тоқтатылғанына 21 жыл. Ресми деректерге көз тіксек, Семей полигонында 1949 - 1989 жылдар бедерінде 468 мәрте ядролық бомба сынақтан өткiзiлген. Бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына ену жөніндегі стратегияда мемлекет басшы - мыз Н.Ә. Назарбаев: Шетелдіктер қатысатын ғылыми орталықтарды дамыту жөн. Шетелдік мем - лекет - терді, корпорациялар мен академиялық орта - лықтарды Қазақстанда жаңа ғылыми орта - лықтар құру үдерісіне тарту керек, - дейді. Бұл да уақыт талабы және еліміздің жаңа тынысын ашатын шара.Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылуда. 2004-жылға арналған республикалық бюджетте ақталған азаматтарға өтемақы төлеуге 854,1 млн. теңге, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектерге біржолғы төлемге - 197,1 млн. теңге көзделген.2012 жыл бойынша атмосфералық ауаны жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ. 2012 жылдың бірінші жартысында аумақтың ірі кәсіпорындарының жұмыс талдауы бойынша, ірі кәсіпорындарының стационарлық көздерінің шығарындыларының соммалық көрсеткіш деңгейі 2011 ж. көп өзгешелігі жоқ.
Семей қ. 2011ж. бойынша стационарлық көздердің ластаушы шығарындыларының 80% Теплокоммунэнерго МҚК пайдалануындағы коммуналдық жылыту қазандықтарына тиесілі, сонымен қатар, құрылыс өнеркәсіп мекемелері де қаладағы атмосыералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі кездегі жағдай Шығыс Қазақстан облысында өлім деңгейінің жоғарылығымен және өмір сүру ұзақтығының төмендігімен, жүрек тамыр жүйесінің, онкологиялық аурулардың жоғарылауы, репродуктивті денсаулықтың көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады. Тұрғындардың жалпы аурушылдығы соңғы 2 жылда 3%-ға, ал біріншілік аурушылдық 5,2%-ға жоғарылады. Ауру деңгейінің өсуі тұрғындардың барлық топтарында байқалды балаларда 4,5%, жасөспірім-дерде 7,2%, ересектерде 2,2% жоғарылаған.

1.1 Семей аймағындағы экологиялық жағдай.

2012 жыл бойынша атмосфералық ауаны жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ. 2012 жылдың бірінші жартысында аумақтың ірі кәсіпорындарының жұмыс талдауы бойынша, ірі кәсіпорындарының стационарлық көздерінің шығарындыларының соммалық көрсеткіш деңгейі 2011 ж. көп өзгешелігі жоқ.
Семей қ. 2011ж. бойынша стационарлық көздердің ластаушы шығарындыларының 80% Теплокоммунэнерго МҚК пайдалануындағы коммуналдық жылыту қазандықтарына тиесілі, сонымен қатар, құрылыс өнеркәсіп мекемелері де қаладағы атмосыералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып келеді.
2012 жылдың өткен жылмен салыстырғанда тау-кен өндіру кәсіпорындарында алтын кенін өндіру бойынша тауда қазба жұмыстарының көлемі төмендеуінен, шығарындылардың төмендеуі де байқалды (Данк ЖШС, Андас-Алтын ЖШС, Жерек ЖШС). 2011 жылдың қараша айыннан бастап Данк ЖШС, Андас-Алтын ЖШС қызметтері тоқтатылған.
Семей қаласында жол полициясының есебі бойынша барлығы 50 мың автокөлік бар, олардың шығарындыларының соммалық көрсеткіші, қаладағы стацианарлық көздердің шығарындыларына пара-пар.
Аймаққа тасымалданатын автокөліктерінің жанармай сапасының төмендігіннен, қаладағы көліктерді пайдаланылатын парктердің тозуы, өңделген газдардың улылық жағының нормасын сақтау бойынша бақылау жабдықтары туралы сауалдар, қазіргі кезде айшықты мәселелердің бірі.
Семей қ. радиациялық жағдайы қанағаттанарлық.
Шығыс-Қазақстан облысының Семей қалалық метеостанциясында күнделікті гамма- фон (экспозиционды мөлшер) өлшемі жүргізіледі.
2012 ж. аймақтың тұрғылықты жерлерінде атмосфераның жер беттік қабатында радиациялық гамма-фонның орташа бағамы 0,11 мкЗвсағ құрайды, яғни табиғи фонынан аспайды. 2011 жылмен салыстырғанда радиациялық фонның деңгейі өзгермеген.
Біздің қаламыздағы азық-түлік, шикізат, құрылыс жабдықтарына радиациялық бақылау жүргізіледі. Көрсетілген қадағалауды Семей стандартизациялау мен метрология орталығы, Семей ұн-құрама жем комбинаты (түсетін дәндер) ААҚ , қалалық мал зертханасы (ет өнімдері) жүргізеді. Қадағалауды жүргізу үшін аталған мекемелерде қажетті мамандар, жабдықтар, өлшеу құралдары бар. Қадағалау нәтижесі бойынша азақ-түліктердің, шикізаттардың, құрылыс жабдықтардың радиациялық ластануы байқалмаған
Санитарлы-эпидемиялогиялық сараптаманың Семей қалалық орталығы (СЭССО) мекемелердің сұраныстары бойынша экспортқа жіберілетін метал сынықтарына дозиметрлиялық бақылау жүргізеді. 2012 ж. жарты жылдығында метал сынықтарының радиоактивті ШРД асырылуы байқалмады.
Су қоры. Семей аймағының Шығыс-Қазақстан мен Павлодар облыстары арқылы ағып өтетін ең ірі өзен, әрі бассейннің аумағы жағыннан да ірі - Ертіс өзені. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4248 шм., олардың 1700 шм. біздің республикамызға тиесілі.
Ертіс өзенінің суы қаладан жоғары және төмен (алдындағы талдаулар бойынша) ШРК бір реттік асқандары болмаса, негізіннен ШРК аспайды.
ШҚО бойынша экология департаменті ММ филиалында 5 қайтарымды, шаруашылық - тұрмыстық, өндірістік пайдаланған суды Ертіс өзеніне ағызатын ор бар. Олар Семей-Водоканал ЖШС, Эко-Семей ЖШС. 2 шығарым Курчатов көп салалы кәсіпорын МҚК тиесілі.
Аумақтағы жер қорының жалпы аумағы (бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон аумағымен бірге) 18,2 млн. га құрайды . Әкімшілік қарауындағы қала шеттік ауылдық округтерді қоса есептегенде Семей қаласының аймағы 2,78 млн. га жер ресурстарын құрайды.
Аймақтың агроклиматтық жағдайы құрғақ жазықтық және шөлейтті жазықтық топырақты - географиялық аймаққа негізделген. Бақылаулы аймақтағы топырақтың негізгі типтері: қоңырқай сарғылт, сарғылт және ашық сарғылт топырақтар.
Бақылаулы аймақтағы топырақтың жел эрозиясына шалдығу жерлері - 3,0, млн. га, су эрозиясына - 0,24 млн.га.
Жер қатынастар бөлімінің мәліметтері бойынша бұзылған жерлердің жалпы алаңы 5,367 мың га. құрайды. Бұзылған жерлердің негізін, аймақтағы тау-кен кәсіпорындарының карьерлері тудырады.
2012 ж. есеп беру мерзімінде рекультивация бойынша жұмыстар негізінен, жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру карьераларында жасалынды.
Әрекеттегі жылда құмды өндіру бойынша карьері Силикат ЖШС 1,5 га. жерді техникалық қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалынды.
Табиғат пайдаланушылардан алынған ақпаратқа сәйкес - айналымннан 986,494 га жер шығарылған (2011ж. - 133,31 га). Айналымнан шығарылған жерлер әрекеттегі карьерлерді ұлғайту үшін, аймақтағы тау-кен кәсіпорындарының басқа да нысаналары мен орлар үшін шығарылған.

1.2 Жер қойнауы.

Семей аймағында 83 қазба пайдаланушылары шаруашылық әрекетін атқаруда. Көрсетілген кәсіпорындар алтын кендерді, көмірді, флюориттерді, молибденді-мыс кендерін шығару және өңдеу кәсіпорындары, кен орындарда марганец кен орындарын өңдейтін және тағы да басқа пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындар. Есеп беру уақытында кәсіпорынның тең жартысы өндірістік қызметін қаржыландыру көзі болмау себебінен қызметін уақытша тоқтатты.
Пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын жүргізу барысында және жер қойнауын пайдалану нысаналарын салу кезінде, ҚР Экологиялық кодексінің 220 б. талаптарына сәйкес бұзылған жерлерді қалпына келтіріп, кейіннен пайдалану үшін, жердің үстіңгі қабатын сыдырып алынады. Жүргізілген тексерістер нәтижесі бойынша жер қабатын сыдырып алу және сақтау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тау-кен өндіріс қалдықтарын табиғи ортада орналастыру көлемін төмендету үшін, аймақтың жер қойнауын пайдаланушылар өңделген карьердің бос орнын толтыру үшін, аршынды қалдықтарды пайдаланады.
Қазақмыс Корпорациясы ЖШС филиалы Жезкент ТБК өңделген шахта орындарын толықтыру үшін, өндіріс қалдықтарын пайдаланады
Алдындағы ақпаратта көрсетілгендей карьер орындарын аршынды қалдықтармен толықтыру жұмыстарын аттас көмір кенін қазумен айналысатын Қаражыра ЛТД ЖШС атқарады. Көрсетілген кәсіпорында тау жұмыстары кезінде пайда болатын аршынды қалдықтар, өңделген карьердің (ішкі отвал) жіберіледі, осылайынан жерді қалпына келтірудің техникалық этабы орындалады. Ішкі отвалдың қалыптасуынан бастап, оның алатын аумағы 326,4 га. Жерді құрады, аршынды қалдықтармен өңделгені 90,02 млн.м3. Есеп беру мерзімінде Қаражыра ЛТД ЖШС ішкі отвалға 16,7753 м3 аршынды қалдықтар жіберілген.

1.3 Улы қалдықтар полигоны.

Семей қ. аумағында улы қалдықтарды көму полигоны жоқ.Ұсынылған улы қалдықтар, көбі негізінен, құрамында сынап бар өнім не жабдықтар ретінде келеді, олар келісім шарт бойынша ШҚ Аймақтық Экологиялық Демеркуризация Орталығы ММ жойылады.Құрамында сынап бар шамдар мен жабдықтарды уақытша сақтау қоймасы Семей қ. Семей Ақ-Жол ЖШС аумағында орналастырылған. Сақтауға арналған қойма бөлек тұрғызылған кірпішті ғимарат, едені бетонды. Қазіргі таңда жиналған құрамында сынап бар құралдар мен жабдықтар Семей қ. Табиғат-Өскемен ЖШС өңделуге жіберіледі.ШҚО табиғат пайдаланушыларды реттеу мен табиғи қорды басқару ММ мәліметіне сәйкес Семей қ. құрамында сынап бар құралдарды жою учаскесінің қызмет атқаруын қамтамасыздандыруға 36,465 млн. теңге, олардың 1 қараша 2012 ж. 29,460 млн. теңгесінің пайдаланған.

1.4 ТҚҚ полигонының жағдайы.

Семей қаласының жалпы қалалық тұрмыстық қатты және қауіпті емес қалдықтарды көму полигоны Семей Қайнар көлік жолының бойында, қаладан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Полигон иесі - Хазипов Р.С. Жеке сектор үйлерден, шағын кәсіпкерлік нысаналар мен мекемелерден қалдықтарды жинау қызмет көрсетушілермен келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Өндірістік кәсіпорындар ТҚҚ полигонына қалдықтарды өз күштерімен шығарады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.
Қазіргі таңда полигонға 19,5 млн. метр кубтан артық қалдықтар жиналған.ТҚК полигонына жинақталған қалдықтардың нақты көлемі:2012 ж. Хазипов Р С ЖК мәліметі бойынша 34,6 мың тонна.
Тарихи ластанулар мен иесіз қалған қалдықтар.

Облыста бұрындары өткен жоюлар, кәсіпорынның банкротқа ұшырауы, жекелендіру, реорганизация салдарынан соң, тарихи ластауларды, сонымен қоса, зақымдалған және ластанған жерлерді, өндіріс пен тұрмыстық қатты тарихи қалдықтарды алпына келтіру мен жою мәселесі туындады.
Тарихи ластануларға Семей ядролық қаруды сынау полигон қызметінің әсерін жатқызу қажет, онда радиоактивті ластанулар салдарын реабилитацияланған мен жойылғаныннан басқа, радиациялық қауіптілікті жоюын кешенді түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Нақты осы іс туралы атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат қоршаған ортаның ластануы тарауындағы - радиациялық жағдай бөлімінде көрсетілген.
Басқа тарихи ластанулардың қатарынан Семей қ. бұрынғы Түріксіб совхоз маңында орналасқан төмен белсенді радиоактивті қалдықтар уақытша орналастырылған орынды айтуға болады.
Төмен белсенді РАҚ уақытша орналастыру орны бұрынғы Туріксіб совхозының оңтүстік-батыс 6,8 шм., Семей - Шаған жол бойының 17 шм., Жалпақ ст. 3,5 шм. теміржол тупигінде орналастырылған. Учаскіде салынған нысандар жоқ, төмен деңгейдегі тасты сулар бар. Төмен белсенді РАҚ жалпы көлемі 1000 куб м. құрайды.
Радиоактивті қалдықтардың (РАҚ) уақытша орналастыруы Облыстық СЭС нұсқаулығына сәйкес траншея құмсазды негізіндегі, тереңдігі 3 метр, ені 4 м. жерде 1990 ж. маусым айында атқарылған болатын. Траншеяның беткі қабаты құмсазды құлыппен бекітіліп, таза құмтас себілген. Орналастыру кезінде үдеріске облыстық АҚ пен СЭС мамандары шақыртылған болатын, кейіннен пункт иесі анықталған жоқ.
Тарихи ластануларға Семей қ. ескі әуежай ауданы маңындағы жер асты суларының авиакеросинмен ластануы да жатады.
Рұқсат етілмеген қоқсықтар және иесіз қалған қалдықтар
Семей қ. рұқсат етілмеген қоқсықтар қала ішінде тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқсықтардың жиналуынан пайда болған. Семей қ. ТҮКШ мен МСЭБДБ мамандарымен жыл сайын өткізілетін зерттеулер нәтижесі бойынша қалада 70 рұқсат етілмеген ТҚҚ орны бар.
ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ-нің мәліметтері бойынша Семей қаласының қалалық бюджетінен рұқсат етілмеген қоқсықтарды жоюға 4,107498 теңге бөлінген.
Қалдықтармен жұмыс атқарудағы аймақ бойынша мәселелі сауалдар.
Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) мәселесі, әсіресе жою мен қайта өңдеу мәселесі экологиялық маңызды мәселенің бірі болып келеді. Сондықтанда бұрыннан Семей қ. қалдықтарды өңдеу зауытын салу қажеттілігі туралы сауал туындаған.
ҚР АШМ аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша, белгіденген санитарлық норма мен бекітілген санитарлық паспортқа сай қадағалау аймағында пестицидтер қоймасы жоқ.
Аймаққа химизация құралары бір реттік келісім шарт бойынша мамандандырыған ұйыммен әкелінеді, мысалы Сингента Казахстан. Келісім шартта пайдаланылған тара тасымалдаушыға тапсыруы туралы келіскен.
Семей Орманы Мемелекеттік орман табиғи резерваты ММ.
Семей орманы мемлекеттік табиғи орман резерваты ММ ҚР Үкіметінің 22.01.2003 жылы № 75 Қаулысына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың бір бөлігі болып құрылды, мемлекеттік маңызы бар және ҚР АШМ қарасты орман және аң шаруашылық Комитетіне бағынышты.
Семей орманы мемлекеттік табиғи орман резерваты ММ жалпы алаңы 01.11.2011 жылдық жағдайда 664,2 мың га., оның ішінде 393,7 мың га орман алқабы, қосымаған орманды алқап 13,4 мың га. Өрттенген алаңдар 126,5 мың теңгені құрайды.Мекеменің құрамына 10 филиал кіреді.
Резерваттың негізгі қызметі табиғат ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру, қорғау саласында ландшафтық және биологиялық әр түрлікті тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.
Семей орманы МТОР ММ қаржыландыру республикалық бюджет есебінен және шектелген шаруашылық әрекеттен ақылы қызметтер есебінен жүргізіледі.
2012 жылдың көктемінде Семей орманы МТОР ММ филиалдарымен 2830 га. алаңда (жоспар бойынша 2800 га.) орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, күзде -12 га, барлығы -2842 га. Резерват құрылғаннан бері барлығы, 2004 ж. бастап 2012 ж. дейін орманды алқапты ұлғайту үшін 17167 га. аумақта 14,97 га. алаңда питомниктер отырғызылды.
01.12.2012ж. 26789 куб м. көлемінде 1602,8 га. жерде кесу жұмыстары жүргізілді, олардың ішінде орманды күту үшін кесулер 3489 куб м. көлемде - 109,1 га. аумағында, просекті кесу және өртке қарсы шаралары 12620 куб м. көлемінде 151,6 га. аумағында, қалдықтармен шашылған егістерді тазалау 2811 куб м. 458,6 га., санитарлы кесулер - 7869 куб м. 883,5 га. жұмыстары атқарылды.
Экологиялық тәрбие мен білім. ШҚО бойынша экология департаменті ММ Семей қ. мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі Экологиялық Кодексті, ҚР 2004-2015 жж. экологиялық қауіпсіздігі концепциясы басшылыққа ала отырып, экологиялық тәрбие мен білім бойынша, экологиялық мәдениетті көтеру, мақсатты түрде жұмыстар жүргізеді.
Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынастар жалғасуда: Невада Семей Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысы, Исток ОО, Семей мой дом ОО, Молодежь за здоровый образ жизни СФ, балалар биологиялық орталығы, кітапханалар. Бірлесе отырып қаладағы жоғары оқу орындарында және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде экологиялық тәрбие бойынша жобалар іске асырылады.
Бүкіл ақпараттық құралдарда экологиялық білімді насихаттау үшін (газеттер, радио, теледидар) аймақтағы қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелер айтылып отырады.
ШҚО бойынша экология департаменті ММ Семей қ. мем. экологиялық бақылау бөлімінің мамандары айшықты экологиялық мәселелер бойынша тікелей эфирлерге қатысып, журналистерге сұхбат береді.

1.6 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы.
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы атты үшінші бөлімшеде Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек мәселелері қарастырылған.
Бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына ену жөніндегі стратегияда мемлекет басшы - мыз Н.Ә. Назарбаев: Шетелдіктер қатысатын ғылыми орталықтарды дамыту жөн. Шетелдік мем - лекет - терді, корпорациялар мен академиялық орта - лықтарды Қазақстанда жаңа ғылыми орта - лықтар құру үдерісіне тарту керек, - дейді. Бұл да уақыт талабы және еліміздің жаңа тынысын ашатын шара.Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға біржолғы өтемақы төлеу жалғастырылуда. 2004-жылға арналған республикалық бюджетте ақталған азаматтарға өтемақы төлеуге 854,1 млн. теңге, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Семей полигоны. Ядролық зерттеу полигоны
Семей полигонымен шекаралас елді мекендердегі ауыз су және табиғи судың сапалық көрсеткіштері
Қазақстанның экологиялық аймақтары
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Қазақстан Республикасындағы экологиялық жалпы жағдайы
Қоғамдағы экологиялық жағдай, оның Қазақстандағы көрінісі
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Табиғи ортаның жергілікті аймақтық және ғаламдық масштабтағы мәселелері
Радиэкология және биосфера
Пәндер