Қазақстан метрологиясының дамуы



Кіріспе4
1. Метрология дамуының келешектегі жолы5
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялық қызметі8
2.1 Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі 8
2.2 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау15
3. Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері22
Қорытынды24
Қолданылған әдебиеттер
Метрология - бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылағанда «метрология» - өлшемдер туралы ілім.
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасындағы экономиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен экономикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етті. Халықаралық экономикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысушы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік экономиканы жетілдіру керек.
Стандартизация, сертификация және метрологияның халықтық жүйесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжірибелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.
Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ВТО-ға(Всемирная торговая организация) кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»,
«Стандартизация туралы», «Өнім мен қызметті сертификациялау туралы»,
«Өлшеу бірліктерін қамтамасыз етутуралы» заңдары, экономика саласының әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады.
Стандартизация және сертификация жұмыстарды жүргізудің негізі — өлшем дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрология болып табылады.Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң, құқықтық-экономикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы, метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтармен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.
1. Р.Қ. Ниязбекова, В.Н. Михалченко, Г.Қ. Бектұрғанова, В.А. Донбаева,
К.У. Тоғызбаева, Л.А. Байбосынова «Метрология» - Алматы,2012.
2.Т.М. Мендебаев, Е.С. Асқаров, Ә.Ө.Ермекбаева, И.Ж.Жаханова «Метрология» - Алматы, 2012.
3. А.Ш.Жүнісова, Г.С. Жетесова «Стандарттау» - Қарағанды, 2009.
4. Г.Мутанов, Р. Умырзаг «Основы стандартизаций, метрологий, сертификации» - Астана, 2003.
5.А.А. Дегтяров «Метрология» - Москва, 2006.
6. А.С. Аскаров «Стандартизация, метрология, сертификация» - Алматы, 2005
7.«Метрология саласындағы нормативтік құжаттар нұсқаулығы»-Астана, 2011
8.А.А. Дегтяров, В.А. Летягин, А.И. Погалов, С.В. Угольников «Метрология» - Академиялық жоба, 2006.
9. И.М. Лифиц «Стандартизация, метрология және сертификация» - Учебник,2002.
10. М.Б. Самсаев, И.М. Самсаев, Б.Ж. Жүнісбаев, Х.М. Ильямов, А.Е. Сафарғалиев «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау негіздері және метрология» - Алматы, 2008.
11. Т.М.Мендібаев, Е.С. Асқаров, Ә.Ө. Ермекова, «стандарттау, метрология және сапаны бағалау негіздері» - Алматы, 2011.
12. Г.М. Күзембаева, И.И.Ерахтина«Жалпы өлшеу теориясы»-Қарағанды, 2005.
13. И.Ф. Шишкин «Теориялық метрология»- Санкт-Петербург, 2008

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Қазақстан метрологиясының дамуы
Кіріспе 4
1. Метрология дамуының келешектегі жолы 5
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялық қызметі 8
2.1 Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі 8
2.2 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау 15
3. Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері 22
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25

Кіріспе

Метрология - бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылағанда метрология - өлшемдер туралы ілім.
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасындағы экономиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен экономикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етті. Халықаралық экономикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысушы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік экономиканы жетілдіру керек.
Стандартизация, сертификация және метрологияның халықтық жүйесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжірибелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.
Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ВТО-ға(Всемирная торговая организация) кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды.
Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы,
Стандартизация туралы, Өнім мен қызметті сертификациялау туралы,
Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету туралы заңдары, экономика саласының әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады.
Стандартизация және сертификация жұмыстарды жүргізудің негізі -- өлшем дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрология болып табылады. Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң, құқықтық-экономикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы, метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтармен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.

1 Метрология дамуының келешектегі жолы.

Қазіргі таңда ҚР-ның Ұлттық метрология институты ретінде Техникалық реттеу және метрология комитеті Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚазМетрИн болып табылады.
ҚР-ның Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан метрология институты(ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекет кәсіпорны ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1342 қаулысымен құрылды және ҚР-ндағы метрология бойынша жалғыз институт болып табылады.
Ең басты мақсаттары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, және ҚР-ның экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған болып негізделеді.
Сонымен қатар Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚазМетрИн мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық та болып есептеледі. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚазМетрИн мемлекеттік эталондар мен эталон құрылғыларын жабдықтау және қарастыруға қатысты ғылыми зерттеулерге қатысады, өлшем бірлігін қамтамассыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жасайды, өлшем құралдарының түрін бекіту мақсатында сынау және халықаралық стандарттарды енгізуге атсалысады, метрология саласы кадрларын даярлайды.
Қазақстанның ауқымды аймағында климатикалық шарттары бойынша әртүрлі өнеркәсіп салаларының орналасуына байланысты Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚазМетрИн құрылымы келесідей болып бөлінген: бас мекеме мемлекеттің астанасы Астана қаласында орналасқан және 5 филиал: Ақтөбе филиалы (Ақтөбе қаласы), Шығыс Қазақстан филиалы (Өскемен қаласы), Батыс Қазақстан (Орал қаласы), Қарағанды филиалы (Қарағанды қаласы) және Оңтүстік Қазақстан филиалы бар және мәдениет орталығы болып табылатын біреуі Алматы қаласында да орналасқан.
70 жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамбыл т.б. облыстарда 2 және 3 дәрежелі өте жаңа жабдықтармен жарықтанған зертханалар құрылды.
ҚР-лық стандарттармен және өлшеу техникасын мемқадағалаудың зертханасы 1975 жылы Қазақ Республикалық метрология және стандартизация орталығы болып ұйымдастырылды.
80 және 90 жылдары қоса алғанда республиканың метрологиялық қызметі: ҚР-лық басқарудан, 7 Стандартизация және метрология орталықтарынан 13 мемлекеттік қадағалаудың зертханаларынан, сонымен бірге 27 министрліктер және мекемеелерден тұрды. 40 негізгі метрологиялық қызмет
700 кәсіпорындар мен ұйымдардың метрологиялық қызмттерін жетекшілікке алды.
1991 жылы Республиканың Мемстандартының аймақтық органдарының

5
шаруашылық есепке өтуімен 19 облыстық стандартизация, сертификация және метрология орталықтары ұйымдастырылып, ҚР-лық Мемстандартының басқаруы басқаруы атқарушы орган болып ҚР үкіметінің құрылымына кірді.
1992 жылы ҚР-ның егемендік алуымен, Кеңес одағының бұрынғы Республикаларымен байланыстарының үзілуімен халық шаруашылық салаларын басқаруды орталықтандыруға қатысты Республиканың экономикасына және Мемстандарттың жүйесіне түбегейлі құрылымдық өзгерістер енгізілді.
Қазіргі таңда ҚР-ның метрологиялық қызметі мемлекеттік метрологиялық қызметі мемлекеттік метрологиялық қызметті, заңды және жеке тұлғаларды метрологиялық қызметімен және бірнеше мың адамды штатпен қамтамассыз етеді.
Еліміздің Мемстандарттарының алдында Республикадағы өлшемдердің шекті деңгейін сақтау, Қазақстан ұлттық эталон базасын құру және дамыту, ұлттық нормативтік құжаттарды өңдеу және гармонизациялау, оларды халықаралық талаптарға сәйкестендіру сияқты күрделі мәселелер тұрды.
Метролгиялық қызметтің үйлестірушісі уәкілетті орган ҚазМетрИн
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып табылады, ол мемлекеттік жүйенің өлшем бірлігін қамтамассыз етеді. Салалар мен кәсіпорындарда метрологиялық жұмыстар министрлердің, ведомсволардың, мекемелер және олардың бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерімен немесе осы функцияларға жауапты тұлғалармен іске асады.
Республикадағы метрологиялық қызмет 2000 жылы 7 маусымда метрологиялық қызметтердің атқару талаптарымен, нормаларын анықтайтын метрологиялық нормативті құжаттар мен ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған ҚР Өлшем бірлігін қамтамассыз ету туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Республикада халықаралық бірліктердің жүйесін қолдануы заңдастырылған.
ҚР Үкіметінің 1996 жылы 1 қарашасында № 1342 қабылданған Қаулысымен құрылған ҚазМетрИн он жыл жұмыс ішінде түбегейлі жетістіктерге жетті. ҚазМетрИн Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
елдегі метрологиялық қызметі үйлестіреді және стандарттау мен метрология
бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдардың қызметінде қатысып, Қазақстанның мүддесін қорғайды.
1994 жылдан бастап Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының
толық мүшесі, 1998 жылдан бастап мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азия ұйымының мүшесі болды, 1992 жылы мемлекетаралық стандартизация, метрология және сертификация кеңесіне, 1992 жылы Өлкеаралық стандартизация қауымдастығын, 2003 жылдан бастап Орта Азиялық метрология, тіркеу, стандартизация және сапа қауымдастығына - кірді, 2005 жылдың қыркүйегінде шама және салмақ бас конференциясының

6
ассоцияланған мүшесі болды.
2007 жылғы 6 қыркүйекте Францияның Париж қаласында 50 ҚазМетрИн Республикалық мемлекеттік кәсіпорын өлшемдерінің халықаралық конфедерацияның бас кеңесі мәжілісіндегі отырыста ҚазМетрИн Республикалық мемлекеттік кәсіпорын 38 ретінде қабылданды.
2007 жылдың 2 қарашасында Австралияның Сидней қаласында өткен Азия-Тынықмұхиттық Бас Ассамблеяның метрологиялық ұйымының 23 мәжілісінде ҚР-нан ҚазМетрИн Республикалық мемлекеттік кәсіпорын АРМР-дың ассоциацияланған мүшесі ретінде қабылданды.
ҚР 2008 жылдың 31 қаңтарында Метрлік конвенциясының толық құқылы
52 мүшесі болып қосылды және ассоциацияланған мүшеліктен толық
құқықты мүшелікке өткен бірінші ел болды.
Кешенді жоспарды бекіту туралы техникалық ретте және метрологияның жүйесінің жетілдірілуі 2020 жылға дейін созылады.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- диалогті алаңшықтың жаралғаны үшін негізгі ойыншының тартуы үшін ара шеңбер техникалық ретте, мемлекеттік органның өкілдерінің, бизнестің және азаматтың қоғамының ішіне алады;
- техникалық ретте - жүйесінің дамуының жобасының сарабы 2014-2020 жылға Қазақстанда созылады;
- әзірле - тұжырымдаманың өрлеуі.

7
2 ҚР-ның мемлекеттік метрологиялық қызметі.

2.1 Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі.

ҚР өлшем бірлігін қамтамассыз ету заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамассыз етудің мемлекеттік жүйесінің құрылымына:
1) ұйымдық негізді құратын ҚР-ның метрологиялық қызметі;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шама бірліктерінің эталондары және техникалық негізді құрайтын өлшем құралдары;
3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем өлшем бірлігін қамтамассыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
Метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамассыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы.
ҚР-ның метрологиялық қызмет:
1) Мемлекеттік метрологиялық қызметтен;
2) Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметтерінен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен; заттар мен материалдардың қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамассыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтерінен;
3) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінен;
4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан;
5) өлшем бірлігін қамтамассыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардан тұрады.
Метрологиялық қызмет өз қызметтерінде:
-ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамассыз ету туралы заңын;
-заң шығарушы және ҚР-ның нормативтік құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлікті қамтамассыз ету бойынша:
-мемлекетаралық нормативтік құжаттаарын;
-стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органның бұйрықтарын;
-метрологиялық қызмет туралы жағдайымен, игерілген уәкілетті органның ұсыныстарының негізінде:
-басқаруды мемлекеттік құрылым және заңды тұлғаның бұйрық - жарлықтарын негізге алады.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне:
-бірлік және тиісті өлшеу дәлдігін қамтамассыз ету;
-ғылыми зерттеулердің деңгейі, өндірістің тиімділігі, техникалық деңгей

8
және өнім сапасының жоғарлатуына, жұмыстар және қызмет бағытталған әдістер тәжірибесіне енгізу;
-зерттеулердің метрологиялық қамтамассыз етуі бойынша қызметтің негізгі бағыттарын анықтауы, өндірулер, сынаулар, өнімнің пайдалануы және басқа да жұмыстар;
-қолданыстағы заң, қойылған метрологиялық ережелердің дер кезінде енгізу және орындалуы жатады.
Метрологиялық қызметтің негізгі қызметтері:
1 Мемлекеттік басқару органдары метрологиялық қызметінің негізгі қызметтерінде:
-бірыңғай техникалық саясат жүргізу,біртұтастықты қамтамасыздандыра- тын және қажетті дәлдіктік өлшемдер жұмыстарына жалпы басшылықты іске асыру;
-метрологиялық бақылауды жүргізу;
-метрологиялық қамтамассыз етуді жетілдіру негізінде жұмыстар мен қызметтердің және өндірістің тиімділігін жоғарылату;
-біртұтастықты қамтамассыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті органмен және осы мекемеге қарасты бөлімшелермен өзара байланысын жүзеге асыру;
-мекеменің метрологиялық қамтамассыз етуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
-ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша өлшемдердің жағдайы, бақылау мен талдау;
-мекеменің метрологиялық қамтамассыз етуінің бағдарламалары, мекемеге қарасты бөлімшелерді ұйымдастыру және орындау бойынша жұмыстар басқару;
-мекеменің бөлімшелерімен дайындалған нормативтік құжаттардың метрологиялық сараптамасы;
-өлшеулер жүргізуге арналған әдістемені дайындаудың жұмыстарын ұйымдастыру;
-өлшеу құралдары үшін сызбанұсқаларды дайындау және оны енгізу жұмыстарын ұйымдатыру;
-өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын өткізуге қатысу;
-сертификаттау сынақтарын өткізу бойынша сынақтық, аналитикалық зертханалардың аккредитациясына қатысу;
-ҚР 50.2.2 басшылығына сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеу зертханаларындағы өлшеу жағдайларының бағалауына қатысу және жұмысты ұйымдастыру;
-метрология саласындағы кадрлардың квалификасиясын арттыру, дайындық және дайындық алдындағы жұмыстарды ұйымдастыру түрлері;
-біртұтастық өлшемдерін қамтамассыз ету сұрақтары бойынша уәкілетті
органмен, оның бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру;

9
-уәкілетті органды мемлекеттік қадағалау бойынша аймақтық бөлімшелерге жәрдемдесу және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
-метрология саласындағы халықаралық байланыстар негізіндегі жұмыстарға атсалысу;
-метрологиялық ведомстваларды қамтамассыз ету сұрақтары бойынша
жиналыс, семинар, конференция мен көрмелер ұйымдастыру;
-метрологиялық қамтамассыз ету сұрақтары бойынша салааралық, аймақтық және халықаралық жиналыстар, семинарлар, конференциялар мен көрмелер ұйымдастыру кіреді.
2 Метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары немесе олардың бөлімшелерінің негізгі қызметтеріне:
-метрологиялық қамтамассыз етуді жетілдіру мақсатында барлық өнім түрлерінің өндірісі мен дайындау алдындағы сатылардың өлшеу жағдайларын талдау анализі жұмыстары мен қызметтерін іске асыру.
-метрологиялық қамтамассыз етуді жетілдіру негізінде болашақта
өндірістің тиімділігін арттыру іс-шараларының жоспарын дайындау;
-өлшенетін өлшемдер мен өлшеу дәлдігі нормаларының номенклатурасының сәйкестігі, шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерінің өлшеу дәлдігінің талаптарға және нормаларына сай өлшеу құралы, шамалардың бірлік эталондары, жұмыстары мен қызметтері қолданылатын өлшеулерді орындау әдістемелері, өнімділік және технологиялық жабдықтың дәлдік, ең төменгі қиындық және бақылаудың ақиқаттығының материалдары мен сипаттармаларын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу;
-өнімді сертификаттауға дайындауға қатысу, қызметтері мен сапа жүйелері;
-қойылған талаптарға сәйкес технологиялық жабдықты тексеруде, технологиялық үрдістер мен жұмыстарды, қызметтерді және жаңа өнім
түрлерін дайындауға қатысу;
-метрологиялық қызмет және оның іс-әрекетін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу;
-метрологиялық қамтамассыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
-өлшеу құралы мен сынақтарға қажетті заттарды, шамалардың бірлік эталондарын, құрамы стандартты үлгілер, заттар және материалдардың қасиеттері; оларды өңдеу және алу туралы ұсыныстарды әзірлеу; тағы басқа жабдықтың өлшеу құралдарының алуға мәлімдемелерін құрастыру және зерттеу;
-техникалық жағдайларды даярлау және оларды енгізу мен тіркеуге алынуына қатысу;
-өлшеудің құралдары мен әдістері және уәкілетті органмен тағайындалған күйде енгізу;

10
-сынақ аралық кезеңдерінің анықтауы бойынша өлшеу құралдарының өңделуіне, техникалық тапсырмаларын анықтауға, жұмыстардың сынақтарын өткізуге араласу;
-физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызығушылықтарын, метрологиялық қамтамассыз ету үшін дайындалатын және шығарылып жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысу;
-өлшеу құралдарының түрін тағайындау мақсатымен өлшеу құралдарының сынаққа уақытылы таныстырылуын бақылау;
-метрологиялық аттестация үшін өлшеу құралының уақытылы таныстырылуын бақылау;
-бастапқы және бағыныңқылы эталондарды өлшеу құралдарының тексерісі мен калибрлеуін ұйымдастыру кезінде анықтау;
-материалдарды дайындау мен өлшеу құралдары импортының мәлімдемелерін келістіруге қатысу;
-өлшеу құралдарының тексерісі мен калибрлеу бойынша жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, тексеріске арналған өлшеу құралдары жайлы уақытылы түсінікті қамтамассыз ету;
-ішкі бақылау сапасы тексерісі мен өлшеу құралдарын калибрлеу салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу;
-қолданыстағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
-шамлардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға
кіріспе, өлшеу құрылғыларын қолдануға жағдай жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен калбрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау;
-нормативтік және техникалық құжатқа сай міндеттемелерге сәйкес өлшеу құрылғыларының пайдалану жағдайын қамтамассыз ету жұмыстарын жүргізу;
-стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру, зертхана аралық зерттеулерге қатысу;
-әзірлемелерді дайындау кезіндегі жұмыстар мен өлшеуді жүргізу әдістемесінің аттестациясын жүргізу;
-өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеудің барынша дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің тиімді рационалды номеклатурасын тағайындауға қатысу;
-метрологиялық қамтамассыз ету жұмыстарына байланысты өндірістің дайындығын жүргізу;
-өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу;

11
-метрологиялық қамтамассыз ету бойынша өнімнің сынақтары мен сертификациясы жұмыстарн іске асыру;
-өлшеулерді жүргізу әдістемесінің метрологиялық аттестациясы мен өлшеу құрылғыларын тексеру мен калибрлеуге арналған тексеру мен калибрлеу зертханаларының аккредитациясына қатысу;
-сертификаттау сынауларын жүргізу үшін талдау, сынақтық аккредитацияға қатысу;
-өлшеу, сынау және талдау зертханаларында өлшеу жағдайының бағалау
жұмыстарын ұйымдастыру мен оған қатысу;
-жергілікті тексеріс сызбанұсқаларын дайындау және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келісу;
-шамалардың бірлік эталондарын, тексеру мен калибрлеу құрылғыларын қажетті деңгейде ұстау және сақтау;
-метрологиялық қамтамассыз етудің регламенттеуші сұрақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өлшеудің біртұтастығын қамтамассыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу;
-нормативті құжаттардың жобаларын, конструкторлық, жобалық, технологиялық құжаттамалардың және техникалық есептердің метрологиялық сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу;
-метрологиялық бақылауды іске асыру;
-метрологиялық қызметпен табылған біртұтастық өлшемдерін қамтамассыз етудің кемшіліктерін жою бақылауын жүзеге асыру;
-уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамассыз ету сұрақтары бойынша өзара байланысты орнату, мемлекеттік бақылау уәкілетті органдарына мемлекеттік метрологиялық бақылау жасауға аумақтық бөлімшелердің көмек көрсетуі;
-метрология саласындағы халықаралық қарым-қатынас жұмыстарына қатысу;
-метрология саласындағы кадрларды дайындау, квалификациясын арттыру және аттестациялауды ұйымдастыру;
-метрологиялық қамтамассыз етудегі сапа өнімінің кемшіліктер көзқарасынан арыздардың анализін жүргізуге қатысу жатады.
3 Метрологилық қызметтің физикалық тұлғаларының негізгі міндеттеріне:
-метрологиялық қамтамассыз етуді жетілдіру мақсатымен дайындау сатыларындағы өлшеу жағдайына және өндірістегі барлық өнім түрлерін талдау жүргізу жұмыстары мен қызметтері;
-сапа жүйелері мен қызметтерін және өнімнің сертификатталуын дайындауға қатысу;
-тағайындалған міндеттемелерге сәйкес технологиялық қондырғыларды
тексеру үшін жаңа өнім түрлерін және технологиялық үдерістерді дайындауға қатысу;
12
-физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызығушылықтарын, метрологиялық қамтамассыз ету үшін дайындалатын және щығаралап жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысты;
-метрологиялық қызмет пен оның іс-әрекеттерінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу;
-метрологиялық қамтамассыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
-өлшеу құрылғыларын сынақ жасауға уақытылы таныстыру мақсатымен өлшеу құрылғыларының түрлерін белгілеу;
-метрологиялық аттестацияға, тексеріске және калибрлеу үшін өлшеу құрылғыларын уақытылы таныстыру;
-пайдаланудағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу;
-нормативті және техникалық құжатқа сай міндеттемелерге сәйкес өлшеу құрылғыларының пайдаланылу жағдайын қамтамассыз ету жұмыстарын жүргізу;
-шамалардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға кіріспе, өлшеу құрылғыларының қолдану жағдайын жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен каллибрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау;
-стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру;
-өлшеуді жүргізу әдісімен дайындау;
-метрологиялық қамтамассыз етудің регламенттеуші сұрақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өлшеудің біртұтастығын қамтамассыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу;
-өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеудің тиімді дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің пайдалы номенклатурасын тағайындауға қатысу;
-өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу;
-метрологиялық бақылауды жүргізу;
-уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамассыз ету сұрақтары бойынша өзара байланыс орнату, мемлекеттік бақылау уәкілетті органдарына ММБ жасауға аумақтың бөлімшелердің көмек көрсетуі;
- Мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде анықталған ескертпелерді жою кіреді.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет:

13
1) стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органнан және оның аумақтық бөлімшелерінен;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамассыз етеді, өлшем бірлігін қамтамассыз ету жөіндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуді, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдары
Метролог ғалымдардың жасаған жұмыстарын талдау
XVIII - XX ғ. басындағы Орыс метрологиясы
Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау
Қазақтың тарихи метрологиясы
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Өлшеу құралдары және түрлері
Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
Метрологияның теориялық негізі.
Пәндер