Экологияның өзекті мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
а) Экологиялық мәселелердің әлеуметтік рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ә) Экологиялық сана және экологиялық мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
б) Қазақстандағы экологиялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды мәселелердің ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының 2004- 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы.
2. Егемен Қазақстан газеті. «Алматының экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары» №24(39). 30 маусым 2006 жыл. Ақерке Аппарова.
3 .Аралым-арым, Балқашым-бағым / Құрастырушы Н.Жүнiсбаев.-Алматы: Қайнар, 1988.-264 бет.
4. Бейсенбаева А.А., Исламова К.И. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері, Алматы, 2001, 63б.
5. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының халықтық тұғырнамасы. Астана, 2007 шілде.
6. Қазақстан Республикасының Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы.
7. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2007.
2007 жылғы Экологиялық кодекс.
8. К. Сарманов, Н.К.Перкас «Экологиялық білім беру бағдарламасы». Қазақстан мектебі № 8. 1993 жыл.

Экологияның өзекті мәселелері

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
а) Экологиялық мәселелердің әлеуметтік
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...4
ә) Экологиялық сана және экологиялық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
б) Қазақстандағы экологиялық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15

Кіріспе

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының
барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен
демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің
нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні –
табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде
қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі
кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап
қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін
адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына
негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы
үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік
дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін
адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы
өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы Біздің
жалпы болашағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда
экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды.
Тұрақты даму дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете
отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп
туғызбайтын даму деп түсіну керек. Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға
алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық (БҰҰ
материалынан).
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның
қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы Тұрақты даму
концепциясын және ХХІ ғасырдың күн тәртібіне атты ауқымды бағдарламасын
қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз
ететін жалпы мәселелер қарастырылған.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар
ауқымды мәселелердің ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей,
күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін
іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім
беру процесінде балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін
күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын
сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа
технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.
Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол
жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.
Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің
негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда
бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған
ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және
ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда
екінші табиғат деп атайды.
1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан
табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты
қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне БҰҰ
назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада экологиялық білім
мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негізін қалыптастыру
бағытында табиғат қорғауға оқыту термині кең қолданылды. 1970 жылдың
ортасында бұл терминді табиғат қорғауға тәрбиелеу термині ауыстырып,
соңғы жылдары уақыт талабына сай экологиялық тәрбие, экологиялық білім
терминдері пайдаланылуда.
Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде
айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің
барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа
жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден
бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен
жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының Экологиялық
білім беру жылы деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық
өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы
да дәлелдеп берді.
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ
ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп,
биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға
бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:
- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу
орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
- басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;
- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің,
конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының
мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары
Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық
бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан
қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға
жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты
қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-
білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр
алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның
ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қара сөздерінде табиғат туралы философиялық ой-
пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын
адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете
келе, Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, –
деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан
олардың экологиялық тәрбие беруді экологиялық таным, экологиялық қарым-
қатынас; экологиялық іс-әрекет; экологиялық сезім; экологиялық қызығушылық;
экологиялық мәдениет; экологиялық көзқарас ұғымдарымен бірлікте
қарастырғанын байқаймыз. Егер, табиғатты қорғау – әлеуметтік табиғи түзілім
десек, оның құрылымын құрайтын экологиялық ұғымдарға зерттеуіміздің
мазмұнына сай, мен төмендегідей мазмұндық сипаттама беруді жөн көрдім:
Экологиялық таным - ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты
қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше
ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу
барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын
білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді.
Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың
білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны
қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің
маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас адам мен табиғат,
табиғат–қоғам жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз
арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен,
меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника
саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың
төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы -
табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада -
экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын
меңгерту.
Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі
рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына
сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға
бастайды.
Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген
ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның
заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы
мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан
тұрады.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап,
объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған
шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен
көзқарастар жүйесі.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи
процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие
сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау
талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму
процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған
категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс
түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың
сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты,
өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның
арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады.
Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен
ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те
өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды.
Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.

Одақтық энциклопедияда сабақтастық – даму процесінде құбылыстар
арасындағы жаңаның ескіні ығыстыра отырып, оның кейбір элементтерін өзінде
сақтап қалатын байланыс деп берілсе, педагогикалық энциклопедияда
Оқытудағы сабақтастық – оқу пәнін оқып-үйренудің түрлі сатыларында оның
бөліктері арасында қажетті байланыстар мен дұрыс арақатынасты құрудан
тұрады деп көрсетілген. Олай болса, сабақтастық ұғымы оқытудың әрбір
сатысында оқушылардың білімдері мен біліктеріне, жаңа оқу материалын
түсіндіру формаларына, әдістері мен тәсілдеріне және оны бекітуге
бағытталған барлық жұмыстарға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Әлбетте, экологиялық тәрбие сабақтастығын тиімді жүзеге асыру кіші
жас балаларының өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты екені белгілі. Өйткені баланың бұл ерекшеліктерін ескермей
экологиялық тәрбиелілігін жүзеге асыру мүмкін емес. Біз өз зерттеуімізде
баланың әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктеріне, жеке басының мінез-құлқының
қалыптасуына, қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдауына, қоғамның оларға
қоятын талаптарына тоқталамыз.
Сол себепті экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын
материалда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық
қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп оны тәрбие процесінде тиімді пайдаланған
дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген
қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау,
өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға
ғана тән табиғат қорғау іс-әрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен
жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға
тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық
негізін айқындау мәдениет, экологиялық мәдениет ұғымдарының бірлігімен
ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Мәдениет – адамдардың өмірімен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен,
сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін
қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Қоғамның оку-білім, ғылым
мен өнер салаларындағы жеткен жетістігі десек те болады. Бір сөзбен
айтқанда, рухани байлықтың көзі – мәдениетте.
Мәдениет адамның табиғатқа қарым-қатынасынан көрінетіндіктен, тұлғаның
қоғамға қарым-қатынасын алдымен қарым-қатынас ұғымының мазмұны бойынша
ашып көрсетуді мақсат тұттық.
Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін
ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда адамның
экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.
Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қажеттілігі ХХ ғасырдың 70-ші
жылдарында айқындалды. Ол бір жағынан, орта мектептерде экологиялық
білімнің енгізілуімен байланысты болса, ал екінші жағынан, экологиялық
дағдарыстың тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы әсерін
тигізді.
Мәдениет экологиясы терминін ең алғаш рет академик Д.С. Лихачев 1980
жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам
тіршілігінің объективті негізі – мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет
экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет
экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани
жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті.
Сонымен, мәдениет саналы өзгерістің – адам мен табиғат арасындағы
өзара қатынастардың барлық жүйесін қайта құруға үлкен жаңалық жасайтын адам
тұрмысының сферасы болып есептеледі.
Экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасын И.П. Сафронов берді.
Ол экологиялық мәдениетті рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың
барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің
шеңберіндегі табиғатты танып – білумен, мәңгерумен және жаңартумен тікелей
байланысты адам іс-әрекетінің нәтижелерін көрсететін, адам, қоғам мен
табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипатымен саналық деңгейін
білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі ретінде анықтады.
Экологиялық мәдениет – әр бір адамның және елдің экологиялық
қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын
қалыптастыру, қоршаған табиғи ортамен адамның өмір қызметінің қарым-
қатынасының ежелден келе жатқан тәжірибесі.
Сонымен, экологиялық мәдениет салыстырмалы жаңа ұғым, ол
дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі. Экологиялық
мәдениет ұғымның пайда болуы экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған
табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен
тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Қорыта келгенде, экологиялық мәдениет - әлеуметтік табиғи түзілім,
оның құрылымы өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады:
экологиялық білімэкологиялық сана;
- экологиялық сенім;
- экологиялық қарым-қатынас;
- экологиялық іс-әрекет.
Экологиялық сана - экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен
адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді,
экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау
заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі
талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың
формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Ғалымдар И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, И.Т. Суравегина экологиялық
білім мен тәрбиенің міндеті табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ішкі
қажеттілік пен қызығушылыққа толығымен өзгерту деп айқындайды. Осыған
байланысты, біз табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ұғынуды білім,
сезім, сенім, іс-әрекет деңгейінде жүргізіп, деңгейлердің өзара
байланыстылығын жүзеге асыру қажет деп есептейміз.
Қазіргі кезеңде экологиялық зардаптардың қең көлемде таралуы оның
апатқа айналып кету қауіптілігі қоғам мен адамзат үшін экологиялық мәдениет
проблемасының көкейтестілігін айқындайды. Сондықтан экологиялық тәрбиенің
негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын және
табиғатқа парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Экологиялық мәдениет қоғам мен табиғат талаптарына адамзаттың білікті
берген жауабынан қалыптасып отыр.Экологиялық мәдениет адам мен табиғаттың
арасындағы еркін қатынастардан туындайды. Яғни, табиғат пен мәдениет
оппозиясының тек танымдық емес,сонымен бірге әлеуметтік мағынасы да бар.
Экологиялық мәдениет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологиялық информатика
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Есіл қалалық экологиясы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Пәндер