«Таныстыру бюросы» мәліметтер қорын өңдеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Техникалық тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. «Таныстыру бюросы» мәліметтер қорын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Өңдеу ортасын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Мәліметтер қоймасын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3. «Таныстыру бюросы» мәліметтер қорының интерфейсін өңдеу ... ... ... ... ... ..14
4. Қолданылатын процедураларды және функцияларды сипаттау ... ... ... ... ... .15
5. Қолданушыға басшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарламалық қамтамасыздандыру персоналды компьютерлерде көп уақыттан бері қолданылып жатыр.
Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады. Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр бойынша іздуді орындайды. Сонымен қатар, мәліметтер қоймалары өте көп орын алмайды, мысалы, бірнеше мың жазулардан тұрытын мәліметтер қоймасы бір дискетаға сыйуы да мүмкін.
«Таныстыру бюросы» мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарлама бюро жұмыскерлерінің еңбегін жеңілдету үшін тағайындалған. Мысалы, олар әр адам туралы мәліметті сақтауды қағазда емес, мәлімет қоймасында сақтай алады, және танысқысы келетін адамдардың талаптары бір –бірімен сәйкес келсе, олар осы адамдардың талаптарын қанағаттандырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай мақсат қойылды: мәліметтер қоймасымен жұмыс істеу үшін қолданушыға бағытталған көптерезелі, ыңғайлы қосымшаны жасау (өңдеу). Таныстыру бюросы арқылы бір – бірімен танысқылары келетін адамдарды іздеуді және таңдауды жеңілдету. Бағдарлама Delphi тілінде жазылған. Бұл бағдарламалау тілі Windows – тың жеке қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде, Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді құруды қамтамасыздандырады.
1. Куправа Т.А. Создание и программирование баз данных. – М: Мир, 1991.
2. Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Би-ном-пресс», 2004. – 1152 с.
3. Ульман Дж. Основы систем баз данных. – М: Финансы и статистика, 1983.
4. Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 912 с.
5. Сухарев М.В. Основы Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 932 с.: ил.
6. П.Дарахвелидзе, Е.Марков, О.Котенок Программирование в Delphi 5.-СПб.:БХВ – Санкт-Петербург, 2000.-784 с.
7. Шумаков П.В., Фаронов В.В. Delphi4. Руководство разработчика баз данных. – М: Норидж, 1999.
8. Гусева Т.И., Башин Ю.Б. Проектирование баз данных в примерах и задачах. – М: Радио и связь., 1992.
9. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi5. – СПб.: БХВ – Петербург, 1999.
10. Дейта К. Введение в системы баз данных. – М: Наука, 1980.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Техникалық
тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Таныстыру бюросы мәліметтер қорын
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
Өңдеу ортасын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
Мәліметтер қоймасын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Таныстыру бюросы мәліметтер қорының интерфейсін
өңдеу ... ... ... ... ... ..14
4. Қолданылатын процедураларды және функцияларды
сипаттау ... ... ... ... ... .15
5. Қолданушыға
басшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

КІРІСПЕ

Мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарламалық қамтамасыздандыру
персоналды компьютерлерде көп уақыттан бері қолданылып жатыр.
Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен
боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады.
Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр
бойынша іздуді орындайды. Сонымен қатар, мәліметтер қоймалары өте көп орын
алмайды, мысалы, бірнеше мың жазулардан тұрытын мәліметтер қоймасы бір
дискетаға сыйуы да мүмкін.
Таныстыру бюросы мәліметтер қоймасымен жұмыс істейтін бағдарлама бюро
жұмыскерлерінің еңбегін жеңілдету үшін тағайындалған. Мысалы, олар әр адам
туралы мәліметті сақтауды қағазда емес, мәлімет қоймасында сақтай алады,
және танысқысы келетін адамдардың талаптары бір –бірімен сәйкес келсе, олар
осы адамдардың талаптарын қанағаттандырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай мақсат қойылды:
мәліметтер қоймасымен жұмыс істеу үшін қолданушыға бағытталған көптерезелі,
ыңғайлы қосымшаны жасау (өңдеу). Таныстыру бюросы арқылы бір – бірімен
танысқылары келетін адамдарды іздеуді және таңдауды жеңілдету. Бағдарлама
Delphi тілінде жазылған. Бұл бағдарламалау тілі Windows – тың жеке
қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде,
Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді
құруды қамтамасыздандырады.

1. Техникалық тапсырма

Адамдар таныстыру бюросына тіркелуге ғана емес, қоймадағы
тіркелгендердің ішінен өзіне жақын адамын іздеу үшін келеді. Осындай
қызметтерде үлкен құжаттар жүргізілді, бұл құжаттарда клиентер туралы
мәліметтер (суреттері, мекен –жайлары, телефондары және т.б.) сақталды.
Мысалы біреуді табу үшін жүздеген, не мыңдаған қағаздарды қарап шығу қажет
болды.
Бұл жұмыстың есебі – таныстыру бюросы арқылы танысқысы келетін
адамдарды іздеуді және таңдауды жеңілдету.
Бұл бағдарлама адмдар туралы мәліметтерді сақтайды, яғни аты- жөнін,
жынысын, тіркелу күнін, әр түрлі сипаттамаларын, сонымен қатар танысқысы
келетін клиенттің (жігіттің немесе қыздың) талабын қанағаттандыратын
талаптарын. Сонымен қатар тіркелу нөмірі бойынша іздеу өңделген, бұл
таныстыру бюросының жұмыскері және клиенттер үшін өте ыңғайлы. Мысалы
клиент таныстыру бюросына анкетасын беріп тіркеледі, ол автоматты түрде
тіркелу нөмірін алады, бұл нөмір мысалы газетте хабарлама беру үшін қажет.
Егер осы мәліметтер қоймасына нөмірді еңгізсек, бұл бағдарлама осы адам
(клиент) туралы барлық ақпаратты шығарады.

2. Таныстыру бюросы мәліметтер қорын өңдеу

2.1 Өңдеу ортасын сипаттау

Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың жиынтығы:
• Машиналық кодқа келтіретін жоғары өндіруші компилятор;
• Компоненттердің объектті – бағытталған моделі;
• Бағдарламалық прототиптерден қосымшаларды визуалды құру;
• Мәліметтер қоймаларын құру үшін масштабталған құралдар.
Delphi ортасы қолданушылық интерфейсті өңдеуді және корпоративті
мәліметтер қоймаларына қосуды қамтамасыздандыратын қосымшаларды жылдам
өңдеу үшін визуалдық құралдардың (RAD - rapid application development)
толық жиынтығынан тұрады.
Delphi – ең күрделі жүйелердің бірі, бұл бағдарламалау тілі Windows –
тың жеке қолданбалы бағдарламаларын, сонымен қатар корпоративті желілерде,
Интернетте жұмыс істеу үшін тағайындалған әр түрлі тармақты комплекстерді
құруды қамтамасыздандырады.
Delphi тілі Object Pascal тілінде жасалған. Borland (Turbo Pascal 1.0
бастап) фирмасының Паскаль тілінің компиляторлары ең жылдам
компиляторларының бірі болды. Қазіргі кезде Object Pascal – бұл жақсы
компилятор түріндегі объектті- бағытталған тіл.
Объектті бағыттау принциптерінен жасалған қосымша – бұл кез келген
операторлардың тізбегі емес, қатты алгоритм да емес. Объектті – бағытталған
бағдарлама – бұл объекттердің және олардың қарым- қатынастарының жиынтығы.
Мұндай жағдайларда жеке (басты) объект болып бағдарламаның қолданушысы
болады. Ол негізгі, бірақ жалғыз емес қосымшаларды басқаратын жағдайлардың
қайнар көзі болады.
Объектті кез келген мәліметтердің және олармен жұмыс істейтін
әдістердің жиынтығы түрінде анықтауға болады. Мәліметтерді жазулардың
өрістері түрінде қарастыруға болады. Бұл объекттердің сипаттамалары.
Бағдарлама қолданушысында және объекттерінде бұл объекттерді оқудың
мүмкіндігі болу керек, сонымен қатар оларды кез келген түрде өңдеу және
объектке жаңа мәліметтерді жазулары керек. Мұнда инкапсуляция принциптері
маңызды болады. Осындай жағдай бойынша 2 мәселені қарастыруға болады.
Біріншіден, объект сенімді түрде жұмыс істеу үшін оның мәліметтерінің
бүтінділігін және қайшылықсыздығын ескеру керек. Егер біз бұны ескермесек,
онда сыртқы объект немесе қолданушы объектке дұрыс емес мәліметтерді
еңгізеді.
Екіншіден, сыртқы объекттерді мәліметтердің ішкі жүзеге асыруының
ерекшеліктерінен бөлу(айыру) керек. Мәліметтердің сыртқы тұтынушылары үшін
тек қана қолданушылық интерфейс қолайлы болады – ол қандай мәліметтер,
функциялар бар екендігін және оларды қалай қолдану екендігін сипаттайды.
Ал ішкі жүзеге асыру - бұл объектті өңдеушінің ісі. Мұндай келуде өңдеуші
кез келген уақытта объектті модернизациялайды, мәліметтерді сақтаудың
құрылымын және көрсету формасын өзгерте алады. Мұндай принципті қолдану
үшін көп жағдайда объектте мәліметтерге жасалатын қажет операцияларды
қамтамасыздандыратын (мысалы: оқу, жазу, түрлендіру) процедуралар және
функциялар анықталады. Бұл функциялар және процедуралар әдістер деп
аталады. Мәліметтер және оларды оқу әдістерінің жиынтығы қасиет деп
аталады. Қасиеттерді жобалау кезінде орнатуға болады. Оларды қолданбалы
бағдарламаны орындаған кезде де өзгертуге болады.
Жеке мәліметтермен жұмыс істейтін әдістермен қатар объектте барлық
жиынтықпен жұмыс істейтін және оның құрылымын өзгертетін әдістер бар.
Сондықтан, объект қасиеттердің және әдістердің жиынтығы болады.
Объекттердің кейбір жиынтығы туралы немесе бағдарлама туралы көрініс
толық болмайды. Көп жағдайда күрделі бағдарлама – бұл объекттердің алдын
ала анықталған жиынтығы ғана емес. Жұмыс істеу кезінде объекттер құрылып
жойылулары мүмкін. Сондықтан бағдарлама құрылысы орындалу кезінде өзгеретін
динамикалық құрылым болып табылады. Объекттерді құру және жоюдың мақсаты –
компьютер және жад ресурстарын экономдау. Есептеу техникасының дамуына
қарамастан жад қашан да күрделі қосымшалардың мүмкіндігі болады. Бұл
бағдарламалық жобалар күрделігінің, сонымен қатар техникалық
қамтамасыздандыруының өсуімен байланысты. Сондықтан бағдарламаны орындаған
кезде керек емес объекттерді жою керек. Бұл кезде онымен белгіленген жадтың
облыстары да босатылады. Жадты динамикалық үлестіру мақсатымен барлық
объекттерге оларды құру әдістері – конструкторлар және жою – деструкторлар
жатады. Алғаш рет қосымшада (қолданбалы бағдарламада) болатын сол
объекттердің конструкторлары бағдарламаны жүзеге асыру кезінде орындалады.
Бұл уақытта қосымшада болатын барлық объекттердің деструкторлары қосымшаның
жұмысы аяқталған кезде орындалады. Бірақ орындау кезінде әр түрлі жаңа
объекттер (мысалы, құжаттардың жаңа терезелері) олардың конструкторлары мен
деструкторларының көмегімен динамикалық түрде құрылады және жойылады.
Delphi ортасында жұмыс Delphi Өңдеудің Интегралданған Ортасында (ӨИО
немесе Integrated development environment — IDE) жүргізіледі. Орта
компоненттер орналасатын формаларды (қосымшада олар бірнеше болулары
мүмкін) көрсетеді (береді). Әдетте бұл терезелік форма, бірақ олар
көрінбейтін формалар болулары да мүмкін. Формаға тышқанның көмегімен Delphi
кітапханасында бар компоненттердің пиктограммаларын орналастырады.
Қарапайым манипуляциялардың көмегімен бұл компоненттердің өлшемін және
орналасуын өзгертуге болады. Бұл кезде жобалау кезінде нәтижені көруге
болады – форманың түрін және онда орналасқан компонеттердің. Жобалау
нәтижесін қандай да тышқанмен орындаған операцияны орындағаннан кейін
көруге болады.
Delphi ортасында бағдарламалау екі үрдістің тығыз қарым – қатынасында
құрылады: бағдарламаның визуалды көрінісін құру үрдісі (яғни Windows -
терезелер) және кодты жазу үрдісі. Кодты жазу үшін бір терезе қолданылады,
бағдарламаны құру үшін – Delphi – дің қалған терезелері, яғни форманың
терезесі.
Формалар терезелерінде және кодта бар мәліметтер арасында тығыз
байланыс бар. Бұл байланысты Delphi байқайды. Бұл формада компонентті
орналастыру, бағдарламаның кодын автоматты түрде өзгертуге әкелетінін
білдіреді, және керісінше кодтың автоматты түрде қойылған фрагменттерін жою
сәкес компоненттерді жоюға әкелуі мүмкін. Осыны есте сақтап программистер
ең алдымен форманы құрып, оған компоненттерді орналастырады, ал содан кейін
қажет болса жұмыс істейтін бағдарламада компонеттің қажет тәртібін
қамтамасыздандыратын кодтың фрагментін жазады. Жаңа бағдарламамен жұмыс
істеуді бастағанда Delphi оның Windows – та дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыздандыратын минималды қажет кодты құрады. Сондықтан қарапайым
бағдарлама File New Application опциясын таңдағаннан кейін дайын
болады.
Модуль жаңа форманы құрған кезде құрылады (бағдарламада бір емес,
бірнеше, ондай формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін).
Бағдарламаны компиляциялау кезінде Delphi pas, dfm кеңейтілуі бар файлдарды
және әр модуль үшін өстерді құрады: pas – файл бағдарлама кодының
терезесінен алынған мәтіннің көшірмесінен тұрады, , dfm кеңейтілуі бар
файлда форма терезесінде болатын мәліметтер сақталынады, ал өс – файылында
екі файлдан алынған мәтіндерді машиналық инструкцияларға түрлендіру
нәтижелері. Dcu файлдарын компиляторлар құрады және компоновщиктың жұмысы
үшін қажет базаны береді. Ол бұл базаны ехе кеңейтілуі бар бір файлға
түрлендіреді. .
Алғаш рет терезенің тақырыпшасы форманың тақырыбына сәйкес келеді:
Formi. Тақырыпты өзгертуді Объекттер Инспекторының терезесінде жасау керек.

Procedure сөзі компиляторды бағдарлама – процедураның басталуы туралы
ескертеді (Delphi – де бағдарламалар – функциялар қолданылуы мүмкін, бұл
жағдайда procedure (процедура) орнына function (функция) сөзін қолданады).
Одан кейін TFormi.ButtonlClick процедурасының аты жазылады. Бұл ат -
құрмалас: ол TForm1 классының атынан және Button1Click процедураның атынан
тұрады.
Delphi тілінде класса деп бағдарламалардың функционалды аяқталған
фрагменттерін атайды. Классты бір рет құрып программистке оның көшірмелерін
әр түрлі бағдарламаларға немесе бір бағдарламаның әр түрлі жерлеріне қосуға
болады. Осындай келу бұрын жазылған бағдарламалардың фрагменттерін қолдану
есебімен бағдарламалаудың максималды жоғары өнімділігіне әкеледі. Delphi
құрамына Borland корпорациясының программистерімен құрылыған бірнеше
жүздік класстар кіреді (оларды стандарттық класстар деп те атайды).
Стандарттық класстардың жиынтығы бұл бағдарламалау жүйесінің мүмкіндіктерін
анықтайды.
Әр компонент қатаң анықталған классқа жатады, ал формаға қойылатын
компоненттердің барлық түрлері қосылған сандық индексімен бірге класстың
атын алады. Delphi қолданылатын келісім бойынша барлық класстардың аттары
Т әріпінен басталады. Осыған орай, TFormi аты Tform стандарттық класының
үлгісі бойынша құрылған класстың атын білдіреді. Егер мәтіннің басын кодтың
терезесінен қарасақ, онда мынадай жолдарды көруге болады:
type
TFormi = class(TForm)
Button1: TButton;
Label1: TLabel;
procedure ButtonlClick(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
varForm1: TForm1;
Жол
TForm1 = class(TForm)
Tform1 жаңа класын анықтайды, ол TForm стандарттық класынан құрылған
Form1: Tform1; жолы Formi атты бұл кластың бір түрін құрады. TForm
стандарттық класы бос Windows – терезесін сипаттайды, бұл уақытта TFormI
қойылған компоненттері бар терезені сипаттайды. Осы компоненттерді сипаттау
мына жолдардан тұрады:
Button1: TButton;
Label 1: TLabel;
Олар Buttoni (Кнопка!) компоненті TButton стандарттық класының түрін
көрсететінін белгілейді, ал Label (Метка 1) компоненті - TLabel класының
бір түрін.
TFormi. Buttonicick процедурасының атынан кейін жақша түрінде
жазылған шақыру параметрінің сипаттамасы жазылады
Sender: TObject
(Sender атты параметр TObject класына жатады). Процедуралар бір емес
бірнеше шақыру параметрлерінен тұруы мүмкін немесе олардан тұрмауы да
мүмкін. Шақыру параметрлері (егер олар болса) процедурада жүзеге асырылған
алгоритмді баптау үшін қызмет етеді. Параметр Sender параметрінің көмегімен
Button1Click бағдарламасы қандай компонент OnClick процедурасын құрғанын
анықтайды. Барлық жол
procedure TFormI.Buttoniciick(Sender: TObject);
процедураның тақырыбы деп аталады. Оны “;” символы анықтайды. Бұл
символ Object Pascal - де маңызды ролді алады, өйткені ол компиляторға тіл
сөйлемінің соңын көрсетеді. Жеке сөйлемдерден бағдарламаның барлық мәтіні
құрылады. Әр сөйлемнен кейін нүкте мен үтір қою керек – бұл тіл
синтаксисінің міндетті талабы.
Келесі жолдар процедураны анықтайды:
begin
end;
Begin (басы) сөзі компиляторға процедураның жұмыс істеу алгоритмін
сипаттайтын сөйлемдер тізбектілігінің басын ескертеді, ал end (соңы) – бұл
тізбектілігінің соңы туралы.
Button1 кнопкасына басқан кезде басқару процедураға беріледі, бұл
begin мен end сөздерінің арасында бағдарламаның фрагментін жазуға болатынын
білдіреді.
Delphi-бағдарламасын құру үрдісі екі фазаға бөлінеді: форманы құру
фазасы және кодтау фазасы.
Форманы құру палитрадан компоненттерді таңдау және оларды формаға
орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Программист тышқанның көмегімен формада орналасқан әр компоненттін
орнын және оның өлшемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау жайлы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Метеорологиялық оқу орталығы
Геоақпараттық жүйелер
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
«П» стансасының жұмысы
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Туризмнің даму тарихы жайлы
Пәндер